Банктің қаржы жағдайы, оны бағалау және банк операцияларын басқару (АҚ «Нурбанк» Алматы қ.мысалында)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес Жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № « » 2013ж.
Кафедра меңгерушісі
міндетін атқарушы Мустафина А. Қ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Банктің қаржы жағдайы, оны бағалау және банк операцияларын басқару (АҚ «Нурбанк» Алматы қ. мысалында)
мамандығы 050509 - «Қаржы»
Орындаушы А. М. Полатбекова
Ғылыми жетекші Кукиев А. Ж
(қолы, күні)
Норма бақылаушы Д. А. Садыханова
(қолы, күні)
Алматы, 2013
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес Жоғары мектебі
мамандығы 050509 - «Қаржы»
Қаржы кафедрасы
дипломдық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студентке
Жұмыстың тақырыбы
№ «»бұйрықпен бекітілді
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі «»
Жұмыстың негізгі мәселелері
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша сипаттамасы:
a)
ә)
б)
дипломдық жұмысты дайындауға арналған
КЕСТЕ
Тапсырманы өткізу мерзімі 10. 01. 2013
Кафедра меңгерушісі А. Қ. Мустафина
міндетін атқарушы (қолы)
Жұмыстың жетекшісі Кукиев А. Ж.
(қолы)
Орындауға алған студент А. М. Полатбекова
(қолы)
МАЗМҰНЫ
БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ АҚ «НУРБАНК»
МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖҮРГІЗУ
БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТӘУЕКЕЛІН ДҰРЫС БАСҚАРУ - БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ КЕПІЛІ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан республикасының банк жүйесі - ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын салыстырмалы дербестігі бар қаржы секторы. Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
ҚР-ң қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Қарыз алушылар мен әріптес банктердегі қаржы қиыншылықтары, төлемеу дағдарыстары көптеген банктердің сенімділігіне қатер келтіреді, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттыққа ұшырайды. Сондықтанда банктің қаржы жағдайын дұрыс бағалау мен банк операцияларын басқарудың маңызы жоғары. Сол тұрғысынан алғанда өзекі болап табылады.
Диплом жұмысының мақсаты - әрбір банктің табыстылығын денгейінің жоғары болуының себепкері банктердің қаржы жағдайын бағалаудың мен банк операцияларын басқарудың маңыздылығын ашып көрсетету.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылып отыр:
- Банктің қаржы жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқарудың қажеттілігі мен экономикалық мәнін қарастыру;
- Банк қаржы жағдайын бағалаудың бағыттары мен әдістері қарастыру;
- Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларын басқару негіздеріне тоқталу;
- «Нурбанк »-тің қаржылық жағдайын талдау;
- «Нурбанк»-тің инвестициялық операцияларына талдау;
- АҚ «Нурбанк» -тің кассалық операцияларына талдау;
- Банктік операцияларды басқаруда туындайтын мәселелерді қарастыру;
- Банктік операциялардың тәуекелдерін төмендету жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының объектісі болып «Нұрбанк» АҚ табылады.
Диплом жұмысы негізгі бөлімі кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Диплом жұмысының бірінші бөлімінде Банктің қаржы жағдайы, оны бағалау және банк операцияларын басқарудың теориялық аспектілері қарастырылған. Сонымен қатар бұл бөлімде банктің қаржылық жағдайын бағалаудың қажеттілігі, маңызы мен ролі, бағыттары мен информациялық базасы, түрлері мен әдістері, банктің қаржылық операцияларын басқару қамтылған. Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы «Нұрбанк» АҚ мәліметтері негізінде банктің қаржылық жағдайына, инвистициялық операцияларына, кассалық операцияларына кешенді талдау жүргізілген. Үшінші бөлімде, коммерциялық банктердің операцияларды басқаруда туындайтын мәселелерді қарастырылып, оларды тәуекелдерін төмендету жолдарын ұсыныстар жасалған.
Диплом жұмысың орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері мен білікті банк мамандарының баспа бетінде жарияланған мақалалары, өзім өндірістік тәжірибеде болған «Нурбанк»АҚ-ның статистикалық материалдары мен жылдық есептері пайдаланылған.
I БАНКТІҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Банктің қаржы жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқарудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтыла отырып банк операцияларын дұрыс басқара отырып, банктің қаржылық жағдайын жақсартуға жол табуға тырысады.
Жалпы банк қызметтерін қаржылық жағдайын бағалау дегеніміз банктердің қаржылық нәтижесін зерттеумен, банк қызметтеріне және олардың тиімділігіне, әсер ететін факторларды анықтаумен, банктің қызмет ететін макроэкономикалық ортаны болжау мен және банктің қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындаумен байланысты арнайы ғылыми практикалық білімдер жүйесі.
Банк қызметтерінің қаржылық жағдайын бағалау обьектілеріне әрбір банк қызметтерінің және банктік операциялардың түрлері жатады. Ал қаржылық бағалау субьектілеріне коммерциялық банктер, Ұлттық банк, ресми қаржылық қадағалау агенттігі, клиенттертер, соның ішінде жеке, заңды тұлғалар кірістіріледі
Ұлттық банк: мемлекеттік бағалы қағаздар, Ұлттық нота, міндетті резервтік норма, корреспонденттік шот, резервтік шот арқылы әсер етеді.
Коммерциялық банктің қаржылық талдаудың ерекшеліктері мыналармен түсіндіріледі:
1) коммерциялық банктер саяси, экономикалық және әлеуметтік тәуекелдерге жиі ұшырап отыратын қаржы институты. Себебі коммерциялық банктің қызметі басқа да экономика секторымен өте тығыз байланысты. Атап айтқанда, өндірістік сектор, қаржы секторы, мемлекеттің экономикалық саясатымен, тіпті әлемдік валюта нарығымен, капитал нарығымен және ақша нарығымен тығыз байланысты.
2) Банк қызметтеріне кез келген мемлекетте сыртқы шектеулер де, ішкі шектеулер де бар. Сыртқы шектеулер базель стандартынан бастау алады, ал ішкі шектеулер арнайы монетарлық бақылау органдары мен қаржылық қадағалау органдары тарапынан қойылып отырады.
3) Коммерциялық банктердің қызметтерінің негізі болып табылатын ресурстардың 80 пайыздайы және одан көп бөлігі сырттан тартылатын қаражаттар. Олай болса коммерциялық банктер өз міндеттемелерін тез орындай алатындай клиенттердің талбын бірден қанағаттандыра алатындай деңгейде өтімділігін демеп және реттеп отыруы керек. Міне, сондықтан болса керек соңғы кезеңдерде коммерциялық банктердің өтімділігін реттеуге деген талап күшейе түсті, яғни өтімділік коэффициенттерінің қатары өсті.
4) Банктік операциялардың түрлері өте көп болғанымен, олардың барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланыста.
Банк секторы кез келген мемлекетте өте тез дамитын экономиканың дербес саласы немесе немесе сегменті. Банк секторындағы шұғыл және өте тез өзгерістер мына банктік қызметтерден көріністі табады:
1. Коммерциялық банктің менеджментінің сапасынан, яғни өзін өзі басқару процесінен;
2. Корпоративтік клиенттерге және жеке азаматтарға банктік қызметтерді көрсетуден, банктік тәуекелдерді басқарудан, банк қызметтерін макроэкономикалық деңгейде реттеуден;
3. Әрбір коммерциялық банктердің нарықтық ортаға бейімделу қабілетінен;
Қазіргі кезде кез келген мемлекетте банк қызметіне қатысты біраз шектеулер алынып банктік бизнеске үлкен мүмкіндік жасалды. Мұны мыналардан көруге болады:
а) территориялық экспансияға қойылатын шектеулердің алынып тастауы.
б) коммерциялық ьанктер үшін заң негізінде мемлекет тарапынан проценттік ставкалардың деңгейіне қойылатын ресми шектеулер жоқ.
Олай болса коммерциялық банктер клиентуралық нарықта өзара бәсекеге еркін түсе алады. Сонымен бірге қазіргі кезде банкаралық бәсекені асқындыра түсетін тағы да негізгі фактор бар. Ол банкке жатпайтын, бірақ лицензия негізінде банктік операциялардың кейбір түрлерімен айналыса алатын қаржы институттары пайда болды. Мысалы, несиелік серіктестіктер, ломбардтар, микронесиелеу қорлары, несиелік корпорациялар тағы басқалар болып табылады.
Банкаралық бәсекенің қатая түсуі банк қызметтерінің жаңа түрлерін ұсынуды мәжбүр етеді. Атап айтсақ, қаржылық инновация, қаржылық туынды инструменттер тағы басқалары. Қазіргі кезде коммерциялық банк қызметтерін қаржылық талдауды қажет ететін тағы бір үлкен процесс-нарықтық жаһандану. Бұл процесс коммерциялық банктер үшін сыртқы нарыққа экспансия жасауға үлкен мүмкіндік туғызды. Міне, осының нәтижесінде коммерциялық банктерде ішкі де, сыртқы да активтер портфелі пайда болды. Ал бұл процесс өз кезегінде коммерциалық банктердің қызметтерін алдын-ала талдап мүмкін болатын сыртқы және ішкі тәуекелдерді болжауға жағдай туғызды. Әдетте, коммерциялық банктерде шешім қабылдау интуицияға емес, керісінше өте салқын, қатаң логикаға негізделеді, үлкен математикалық есептеулерге негізделеді. Міне, осы аталып өткендердің барлығы банктің қаржылық жағдайын бағалаудың, банк операцияларын басқарудың маңызын сипаттайды.
Банктің қаржылық жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқарудың ролі мынамен сипатталады:
- банк қаржылық жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқарудың нәтижесінде өзінің экономикалық әлеуметін нарықтың сұранысымен салыстырады;
- қаржылық жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқарудың нәтижесінде клиенттерге әр түрлі қызметтің түрлерін қолайлы бағамен ұсынады;
- банк қаржылық жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқарудың нәтижесінде клиенттердің сұранысын зерттей отырып, оны қанағаттандырудың жолын анықтайды.
Банк қаржылық жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқару оның менеджментіне банктік операциялады дамытудың бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Банк қаржылық жағдайын бағалау мен банк операцияларын басқару банктің қаржылық жағдайын одан ары жақсарту жөнінде тиімді, экономикалық негізделген шешімдер қабылдауға жағдай жасайды. Сонымен қатар мақсатты нарықтық ортада коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын тұрақты ете отырып, бәсеке қабілетін артырады.
1. 2. Банк қаржы жағдайын бағалаудың бағыттары мен әдістері
Банк қызметтерін қаржылық жағдайын бағыттары мен информациялық базасына, сонымен қатар әдістеріне келетін келетін болсақ, ол ең алдымен коммерциялық банктердің қызметтерін талдаудың түрлерінен тұрады. Атап айтсақ оған келесілер жатады:
- толық талдау
- тематикалық талдау
- операциялық талдау
- алдын-ала талдау
- кейінгі талдау
- қорытынды талдау
- аралық талдау
- функционалдық талдау
- болжамдық талдау
Қаржылық талдаудың түрлерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін және бірыңғай болуы мүмкін. Қаржылық талдаудың әдістері:
- дәстүрлі
- статистикалық
- математикалық
Дәстүрлі әдістер:
- статистикалық
- салыстырмалы
- нормативтік
- құрылымдық
- графикалық
- кесте
Статистикалық әдістер:
- динамикалық
- индекстік
- регрессиялық
- корреляциялық
- баланстық
- коэффициенттер
Математикалық әдіс:
1. математикалық программа жасау
2. имитациялық модельдеу
3. сызықтық модельдеу
4. факторлық талдау
5. ықтималдар теориясы.
Қаржылық талдаудың бағыттары:
- клиенттің қаржылық жағдайын талдау
- банктың табыстылығын талдау
- банктың меншікті капиталының динамикасы мен құрылымын талдау
- банктың балансын талдау
- банк ресурстарын талдау
- өтімділігін талдау.
Сонымен қатар коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын бағалаудың бағыттары мен информациялық базасына келетін болсақ, ол келесідей жіктеуге болады.
Коммерциялық банк қаржылық талдаудың информациялық базасы:
а) сыртқы
б) ішкі
Сыртқы иформациялық база:
- сыртқы нарықтық ортаға баға беру.
- нарықтық бәсекелес туралы мәлімет алу.
- ОБ-тің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын білу.
- мемлекеттің өндірісті бағдарламасы мен фискалды саясатының негізгі бағыттарын білуге көмектеседі.
Сыртқы информациялық көздері:
1. БАҚ: а) мерзімді басылымдар
б) теледидар
в) радио
2. Банктердің жылдық қарыздық есептері.
3. Өндірістік статистикалық мәләмет.
4. Тұтыну нарығы туралы статистикалық мәліметтер.
5. Клиенттермен жеке сөйлесу.
6. Басқа банктің қызметтерімен сұхбаттасу.
Ішкі информациялық базаның банк қызметтерін талдауда мынандай маңызы бар:
- Банктің өзінің ішкі экономикасының жағдайы анықталады.
- Банктің ағымдағы жағдайы анықталады.
- Банктің қызметін сипаттайтын оперативтік мәліметтер анықталады.
Оперативтік мәліметтерге жататыгдар:
- Банктің валюталық позициясы туралы.
- Өтімділік коэффициенттері
- Банктің капиталының жеткіліктігі туралы.
- Банктің активтерінің сапасы туралы.
Көздері:
- бухгалтерлік есеп формалары
- статистикалық есеп формалары
- жылдық қаржылық есеп
а) бухгалтерлік есеп формалары
б) кірістер мен шығыстар туралы есеп
в) ақша ағыны туралы есеп
г) банктің резерві туралы есеп
д) банктің өтімділігі туралы есеп
е) несиелік портфель сапасы туралы есеп
1. 3 Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларын басқару
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент - банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнот пен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын) ;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру [ 1] .
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің өнім қатары өте кең және сәйкес өнім стратегиясын жоспарлау түсімді көбейтуге және қаржы операцияларын жүзеге асыру үрдісінде туындайтын тәуекелдіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, Қазақстандағы банк бизнесінің негізгі мәселелері жоғары заң шығарушылық деңгейде, еліміздің қаржы саласында қабылданған және әрекет ететін нормативті-құқықтық актілермен реттеледі.
Жалы банктің қаржылық операцияларына -лизинг, факторинг және форфейтинг, трасталық операциялар жатады. Ал енді оларды ашып қарастыратын болсақ:
Лизинг операцияларын жүргізу үшін жалдау келісім шарты жасалады, ол бойынша лизинг беруші (жалға беруші) өзіне тиесілі жабдықтарды, машиналарды және транспорттық құралдарды, ғимараттар мен үйлерді белгілі мерзімге, сыйақымен, яғни жалдау ақысымен лизинг алушыға (жалға алушыға) ұсынады.
Соңғысы пайыздық мөлшерлеме мен мүлік амортизациясын өз мойнына алады. Лизинг беруші мен лизинг алушы капиталды тек ақшалай нысанда емес, сондай ақ өндірістік нысанда да игереді, бұл лизингті инвестициялаумен байланыстырады.
Лизингтік мәмілелер несиелік операцияларға жатады. Алайда лизингтің несиелен айырмашылығы, лизинг келісім шартында көрсетілген барлық сомалар төленген соң және мерзім аяқталған соң лизинг объектісінің лизинг берушіде қалуында, егер келісім шартта лизинг объектісін қалдық құны бойынша сатып алу немесе лизинг алушының меншігіне беру туралы қарастырылмаса.
Ал несие ұсынк кезінде банк объектке құқығын тек қарыз кепілдігі ретінде қалдыра алады.
Лизингті қолдану, өндіріс бәсекеқабілеттілік пен өнімді қолданушыдағы қаражаттың болуымен байланысты болатын дайын өнім шығаратын салаларда неғұрлым тиімді.
Лизингтік мәмілелер екі түрлі болу мүмкін: оперативті лизинг және қаржылық лизинг. Оперативті лизинг - қысқа және орта мерзімге жасалатын келісім (әдетте амортизациялық кезеңнен қысқа), ол бойынша жалға алушы келісімді кез клеген уақытта тоқтатуға құқылы. Бұл мүлікті жалға алушылардың бір-бірін тез ауыстыруымен байланысты болады. Жалға беруші әдетте өздеріне жоғары тәуекелдік қабылдайды, ал жалға алушылар лизингтік компанияны лизинг затына аса қызығушылық тудыруға итермелейді.
Олар өздеріне лизинг объектісін техникалық қамсыздандыруды белгілейді, яғни жөндеу жүргізеді, сақтандыру жасайды. Осылайша олар сервистік лизингті жүзеге асырады.
Келісім мерзімі аяқталған соң лизинг заты иесіне қайтарылуы немесе қайтадан жалға берілуі мүмкін.
Қаржылық лизинг келісімнің ұзақ мерзімімен (5 жылдан 10 жылға дейін) және жабдықтың амортизациялық барлық құнымен ерекшеленеді.
Шын мәнісінде қаржылық лизинг сатып алуды ұзақ мерзімді несиелеуді білдіреді. Мерзім аяқталған соң жалға алушы объектті қайтара алады, келісімді ұзартып, жаңа келісімдер жасап, лизинг объектісін қалдық құнымен сатып ала алады.
Екі түрлі лизинг әрекет етеді: жаңа мүлік және қолданыста болған мүлік лизингі, бір сөзбен кәсіпкер өз меншігіндегі мүлікті сатып өткізеді.
Мәміле объектісіне сәйкес, жылжымалы (жол, әуе және теңіз транспорттары, вагондар, контейнерлер, байланыс техникалары) және жылжымайтын (сауда және кеңсе үйлері, өндірістік ғимараттар, қоймалар және т. б. ) мүлік лизингтері болады. Жылжымалы мүлік лизингін жүзеге асыруда коммерциялық және өндірістік мақсаттарда қолдануы үшін жалға алушының тапсырысы бойынша, жалға беруші жылжымалы мүлікті ұсынады.
Жылжымалы мүлікпен лизингті жүзеге асырудағы сыяқты, коммерциялық және өндірістік мақсаттарда қолдануы үшін жалға алушының тапсырысы бойынша жалға беруші жылжымайтын мүлікті ұсынады. Жылжымалы мүлік мәмілесіндегі сыяқты, лизинг бойынша келісім объекттің амортизациялық кезеңіне сәйкес немесе одан қысқа мерзімге жасалады, жалға алушы келісімнің әрекет ету уақытындағы шығындарды, салықтар мен тәуекелдерді өздеріне қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz