Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)


әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 327(430 : 574/575) қолжазба құқында
Германияның Орталық Азиядағы саясаты
(1992-2009 жж. )
Тарих ғылымдары саласында халықаралық қатынастар
мамандығы бойынша философия докторы (Ph. D. )
академиялық дәрежесін алуға арналған диссертация
Ғылыми жетекшілері:
саясаттану ғылымдарының
кандидаты, доц. Сапанов С. Ж.
Др. профессор : Прадетто А.
Қазақстан Республикасы
Алматы 2009
Жұмыс әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған.
Ғылыми жетекшілері: саясаттану ғылымдарының
кандидаты, доцент Сапанов С. Ж.
доктор, профессор Прадетто А.
Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының
кандидаты Галиев А. А.
тарих ғылымдарының
кандидаты Кушербаев Ж. Д.
Диссертацияны қорғау «»2009 жылы әлФараби атындағы ҚазҰУнің Мемлекеттік аттестациялық комиссияның мәжілісінде өтеді. Мекенжайы: 050040, Алматы қ., әлФараби даңғылы, 71, халықаралық қатынастар факультеті, 508-ші аудитория.
Диссертациямен әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің ғылыми кітапханасында танысуға болады
Докторант А. Б. Тұяқбаева
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ФЕДЕРАТИВТІ ГЕРМАНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ . . . 17
1. 1 Федеративті Германия Республикасының сыртқы саяси
ерекшеліктері: мақсаттары, негізгі бағыттары мен басымдылығы . . . 17
1. 2 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азияның
маңызы . . . 26
1. 3 Германияның ортаазиялық саясатының мақсаттары ,
мүдделері, бағыттары мен басымдылығы . . . 30
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚАТЫСУЫ . . . 46
2. 1 Неміс диаспорасы - Германияның Орталық Азиядағы
қатысуын белгілейтін фактор ретінде . . . 46
2. 2 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен
саясиқұқықтық байланыстары . . . 51
2. 3 Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық
қатынастары . . . 59
2. 4 Германияның Орталық Азия елдерімен дамыту саясаты
шеңберінде нтымақтасуы . . . 64
3 ГЕРМАНИЯ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 83
3. 1 Неміс саясаттануындағы Орталық Азияның қауіпсіздік және
тұрақтылық мәселелері . . . 83
3. 2 Орталық Азиядағы демократиялық және құқықтық
құрылымдарды қалыптастыру мәселелері . . . 96
3. 4 Аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері . . . 106
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 118
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 122
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В
ҚОСЫМША Г
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы диссертацияда төмендегідей шартты белгілер мен қысқартулар пайдаланылған:
АҚШ - Америка құрама штаттары
АӨСШК - Азиядағы Өзара Сенімділік Шаралары бойынша Кеңес
ӘСҰ Әлемдік Сауда Ұйымы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ГУУАМ - Грузия, Украина, Узбекистан, Армения және Молдова
ЕҚЫҰ - Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
ЕО - Еуропалық Одақ
ЕуразЭҚ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық
ЕЭҚ - Еуропалық Экономикалық Қауымдастық
ОАЫБ - Ортаазиялық ынтымақтастық бағдарламасы
САО - Солтүстік Атлантикалық Одақ
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы
ҮҚШҰ - Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы
ШЫҰ - Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста XX ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты саясатының мақсаттары, бағыттары мен басымдылықтары зерттелінген. Сонымен қатар, Германияның ортаазиялық аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне байланысты ұстанымы және саясиэкономикалық қатысуы қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауынан бастап посткеңестік Орталық Азия аймағының әрбір егеменді мемлекетінің стратегиялық мақсаттары халықаралық қатынастар жүйесінің субъектілері ретінде әлем мемлекеттерімен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен, тығыз байланыстарды орнату болды.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Каспий өңірімен қатар Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы арта түсті. Соның негізінде, аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынға иеленуде. Оның негізі мынадай факторлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, орта-азиялық аймақ ең алдымен табиғи бай ресурстарға, энергетикалық және минералды-шикізат көздеріне ие болуына байланысты тартымды;
Екіншіден, орта-азиялық аймақ шетелдік тауарларды өткізудің жаңа нарығы және инвестицияларды салу ортасы болып табылады, ал бұл фактордың маңызы ортаазиялық елдердің келешекте әлемдік саудаға тартылуы барысында тіптен арта түспек.
Үшіншіден, орта-азиялық аймақ қазіргі кезде энергетикалық фактордың есебінен тек қана экономикалық емес, сонымен қатар геосаяси маңызға ие, демек әлемдік державалар аймақтағы экономикалық қатысуларының нәтижесінде өз ұстанымдарын бекітуде.
Төртіншіден, Еуропа, Ресей және Азияның дәл ортасында орналасқан шағын ғана Орталық Азия аймағы түрлі тараптармен қатынастарын бекіту барысында транзиттік қуатқа ие.
Алайда, табиғи қазба байлықтарына ие болған орта-азиялық мемлекеттер оларды әлемдік нарыққа шығару мақсатында тасымалдау мәселесімен кездейсоқ болды. Осы мәселені шешу барысында, мұнай және газ құбырлары қандай жолдармен жеткізілуі қажет, қай елдердің территориялары арқылы құбырлар желісін құрастыру керек деген сияқты сауалдар тікелей геосаяси мүдделермен тығыз байланысты болып саналады. «Энергетикалық шикізаттарды тасымалдау маршруттары техникалық мүмкіндіктерден емес, транзиттік мемлекеттер мен әлемдік державалардың мемлекетаралық қатынастарына тәуелді болып қалды» [1] .
Қазіргі кезеңде орта-азиялық аймақта Ресей, АҚШ, Қытай сияқты өзге де негізгі акторлардың қатарында, Еуропалық Одақтың белді мүшесі Федеративті Германия Республикасы аймақтағы мүдделерін қарастырады.
Германия Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты сыртқы саясатында аймақтық тәсілді ұстанады. Демек, аймақ мемлекеттерімен жекежеке қатынастарды дамытудан қарағанда, байланысты бірыңғай тұтас аймақпен дамыту бағытын тиімді деп қарастырады. Алайда, аймақтық деңгейдегі қатынастарды қалыптастыру мақсатында Германия ортаазиялық мемлекеттермен бекітілген жеке дипломатиялық қатынастарын пайдаланады.
Германияның Орталық Азияға қатысты саясаты аймақтың бес елі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттеріне бағытталған.
Германия Орталық Азияны сыртқы саяси басымдықтарының ішінде ТМД елдері немесе «шығыс саясаты» шеңберінде бөліп қарастырады.
Германия Орталық Азия елдерінің еуропалық бағытында, әсіресе саудаэкономикалық, инвестиция және технология салаларында негізгі басымдықтағы мемлекет болып табылады. Еуропалық континентте өзінің экономикалық қуаты есебінен үстемдікті қалыптастыратын Германия ауыспалы экономикасы бар ортаазиялық мемлекеттер үшін тартымды күші бар серіктеске айналған.
«Неміс экономикалық кереметтігімен» танымал болған, нарықтық реформалар нәтижесінде тиімді жетістіктерге жеткен және қазіргі кезеңде әлемдік экономикада үшінші орынды иеленетін Федеративті Германия Республикасы ортаазиялық мемлекеттердің дамуында үлгілі мемлекет.
Мәселен, ҚР президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде Қазақстанның даму стратегиясындағы жоспарлы экономикадан нарыққа, тоталитарлықтан либералдық саясатқа көшуді белгілеуде Германияның экономика министрі, кейінде канцлері болған Людвиг Эрхардтың «жақсы тұрмыс - баршамыз үшін» деп аталатын қағидасын ұстанғандығын мәлімдейді [2, 19] .
XXшы ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, Германия ғылыми және саяси ортасында Орталық Азияның стратегиялық маңызын түсіне бастаған. Германияның ортаазиялық мемлекеттермен екіжақты деңгейдегі қатынастарының қарқынды даму динамикасы оның аймақтағы белсенді қатысуын көрсетеді. Дәлел ретінде, және басқа еуропалық елдермен салыстырғанда, Германияның дипломатиялық елшіліктері ортаазиялық мемлекеттердің барлығында да 1992 жылдың алғашқы айларынан бастап өкілетті. Нәтижесінде ортаазиялық мемлекеттердегі және аймақтағы саясиқауіпсіздік, жағдайлардың мәнісіне қанық болған Германия 20012002 жылдардан бастап, Орталық Азияға қатысты арнайы сыртқы саяси концепцияларын қабылдай бастады. Қабылданған концепцияларда көрсетілген мақсаттарды Германия еуропалық саясатта енгізуге ұмтылды. Ал, 2007 жылдың I-ші жартыжылдығында Еуропалық Кеңесте төрағалық қызметті атқарған Германияның ықпал етуінің нәтижесінде Орталық Азияға қатысты ЕОтың стратегиясы қабылданды.
ЕОтың идеясы бойынша, ортаазиялық территориясында мүдделері түйісетін сыртқы акторлармен стратегиялық қарымқатынастарын жүзеге асыру нәтижесінде Орталық Азия түрлі тараптар арасында транзиттік көпір бола алады, сол арқылы, халықаралық қатынастар жүйесінде аймақ келешекте өзіне тән салмақты меңгеруі қажет.
Германия ортаазиялық елдері арасында үлкен беделге ие және аймақ мемлекеттерімен өзара қарымқатынасы ілгерілеуде.
Осы орайда, Германияның Орталық Азиядағы саясатына арнайы ғылыми зерттеуді жүргізу қажеттігі қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін ашады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты XX ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы Германия Федеративті Республикасының Орталық Азия қатысында ұстанған саясатының даму үрдістерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді іс жүзіне асыру қажет болды:
Федеративті Германия Республикасының заңнамалық және сыртқы саяси құжаттарын сараптаудың негізінде оның сыртқы саяси ерекшеліктерін айқындау;
Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларын зерттеудің нәтижесінде Германияның ортаазиялық бағытының ерекшеліктерін анықтау;
Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде оның ортаазиялық бағыттарының негізгі басымдылығын көрсету;
Неміс зерттеу институттарының Орталық Азия елдеріне қатысты ғылыми еңбектерін сараптаудың негізінде Германияның Орталық Азиядағы мүдделерін нақтылау;
Федеративті Германия Республикасының Орталық Азия елдерімен екіжақты және көпжақты деңгейдегі келісімшарттарының негізінде оның аймақпен өзара қарымқатынасы мен ынтымақтасуының ерекшеліктерін сараптау;
Зерттеу жұмысының нысаны Германия Федеративті Үкіметінің Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саяси бағыты болып саналады.
Зерттеу жұмысының пәні Германия Федеративті Республикасының сыртқы саясаты және Орталық Азия.
Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығын қамтиды. Алайда кейбір жағдайларда мәселені жіті түсіндіру үшін алдыңғы кезеңдерге сүйену қажет болды.
зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмысының әдістемесі зерттеу пәні мен объектісі, сондайақ қойылған мақсат пен одан туындайтын міндеттердің сипатына байланысты таңдалынды. Осы зерттеу жұмысында қазіргі кездегі саясаттану және тарих ғылымдарындағы халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеуге арналған әдістер жинағы қолданылды. Халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру барысында тарихи және ғылыми объективтілік қағидасы басшылыққа алынып, белгілі бір елдің екінші бір елге, не болмаса белгілі бір аймаққа қатысты сыртқы саяси бағыты мен оның даму үрдісін зерттеуде кешенді типлогиялық тәсілдер пайдаланылды.
Берілген жұмыста автордың қолданған әдістеріне жүйелі, деңгейлі, секторалды талдаулар кіреді. Аталған әдістер екіжақты қарымқатынастар дамуының эволюциясы мен аймақты дамыту мәселелерін жанжақты сараптауда тиімді пайда берді. Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін неореализм, либерализм, либералды институционализм элементтері құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезде автордың белгілеуі бойынша қарастырылып отырған тақырыпта кешенді зерттеу жұмысы жүргізілмеген. Зерттеулер көбінесе Германияның Орталық Азия елдерімен қарымқатынасы, екіжақты және аймақтық ынтымақтастық түрлі аспектілері, Қазақстандағы неміс ұлттарының мәселесі тақырыптарына арналған жеке салалар шеңберінде жүргізілген. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша қарастырылып отырған диссертациялық жұмыс жаңа зерттеу жұмысы болып таабылады.
Кешенді зерттеулер барысында автор алғаш төмендегідей негізделген нәтижелерге жетті:
Қарастырылып отырған зерттеуде алғаш рет отандық тарихта Федеративті Германия Республикасының сыртқы саясаты еуропалық саясат сарынында жүргізілетіндігі айқындалды;
- Зерттеу жұмысында Федеративті Германия Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси бағыты аймақтық сипатта екендігі анықталды;
- Диссертациялық жұмыста Федеративті Германия Республикасының Орталық Азиямен қатынастарының басымдылығы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қолдау көрсету деп белгіленген;
- Зерттеу барысында Орталық Азияға қатысты Германияның сыртқы саяси бағыттары мен басымдылығын сараптаудың нәтижесінде неміс саясатының аймақтағы негізгі мүддесі ретінде экономикалық фактор нақтыланған;
- Федеративті Германия Республикасының Орталық Азия елдерімен екіжақты және аймақтық деңгейдегі қатынастарын, сонымен қатар көпжақты институттарының қатысуын жүйелеу арқылы неміс және еуропалық ұстанымның аймақтағы бекітілуі көрсетілген;
Қорғауға шығарылатын тұжырымдамалар. Германия Федеративті Республикасының Орталық Азия аймағына қатысты саясатын кешенді әдістәсілдермен зерттеудің нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдамалар шығарылады:
Сыртқы саяси салада ЕОтың ұлтүсті институты немесе оның орталықтандырылған сыртқы саяси механизмдері қалыптаспағандығына қарамастан, Германия сыртқы саясатын «еуропалық саясат» сарынында жүзеге асыруға мәжбүр.
Германияның ортаазиялық мемлекеттермен қарымқатынасы екіжақты деңгейде ерекшеленуіне қарамастан, және Орталық Азия саясиэкономикалық тұрғыда бірыңғай тұтас аймақ ретінде қалыптаспағандығына қарамастан, Германияның Орталық Азияға қатысты ұстанған саясаты аймақтық сипат алады.
Германияның Орталық Азия қатысындағы сыртқы саяси концепцияларына кешенді зерттеу жұмысын жүргізудің нәтижесінде оның негізгі басымдылығы ортаазиялық аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігі анықталды;
Орталық Азияның дамуына және аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсаттарына кешенді зерттеу жұмысын жүргізу барысында экономикалық фактор Германияның ортаазиялық аймақтағы негізгі мүддесі екендігі анықталды.
Зерттеу нәтижелері Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен болашақтағы қарымқатынастарын «ЕО және Орталық Азия серіктестігі» үлгісіндегі аймақаралық деңгейіне жеткізу ісі екіталай екендігін көрсетті, демек Германияның ортаазиялық саясаты келешекке бағытталған;
Зерттеу деректері. Зерттеу жұмысының дерек көздері сипаты жағынан түрлі құжаттар мен материалдар жатады және олар мына бейнеде тізбектелген:
Деректердің бірінші тобын Германия Федеративті Республикасының заңдары, ресми сыртқы саяси концепциялары, бағдарламалық құжаттары бундестаг құжаттары, ЕОтың стратегиялары құрайды. Бұл топтағы деректердің негізін Германия Федеративті Республикасының Негізгі заңы (Grundgesetz für die Bundesrepublik Deutschland) [3], Германияның социалДемократиялық партиясының «Еуропадағы Германияның рөлі» атты бағдарламасы (Deutschlands Rolle in Europa und der Welt Die Programmdebatte der SPD 23. März 2005) [4], Германияның социалдемократиялық партиясының ұстанымын білдіретін «Каспий теңізі болашақтың аймағы» атты ресми бағдарламасы (Zukunftsregion Kaspisches Meer. Positionspapier der SPD Bundestagsfraktion, Juni 1998) [5], Экономикалық ынтымақтастық және даму саласындағы Федеративті Министрліктің Орталық Азияға қатысты концепциясы (BMZ - Zentralasien-Konzept vom 18. 12. 2001) [6], Федеративті Германия Үкіметінің Орталық Азияға қатысты концепциясы (Zentralasienkonzept der Bundesregierung vom 18. 03. 2002) [7], Экономикалық ынтымақтастық және даму саласындағы Федеративті Министрлігінің Орталық Азияға қатысты концепциясы (Zentralasienkonzept des Bundesministeriums für wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwickliung 2005) [8], Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2002-2006 жж. арналған стратегиялық құжаты (Strategy Paper 2002-2006 & Indicative Programme 2002-2004 for Central Asia. 30 October 2002) [9], Еуропалық Одақтың «ЕО және Орталық Азия: жаңа серіктестік стратегиясы» [10], ЕОтың Орталық Азияға қатысты стратегиясын жүзеге асыруға байланысты неміс бундестагының ресми сұранысы (Zur Umsetzung der EU-Zentralasienstrategie. Deutscher Bundestag von 24. 10. 2008) [11] .
Көрсетілген деректер тобы Германияның Орталық Азия қатысындағы сыртқы саясатының құқықтық және концептуалдық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Деректердің екінші тобын Германия Федеративті Республикасы және Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты қарым-қатынастар негізін қалайтын және оларды реттеуші құқықтық келісімшарттар енеді. Еңбекте Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастарды реттейтін мынадай келісім шарттар зерттелінген: экономика, ғылым, өндіріс саласындағы кең көлемді ынтымақтастықты дамыту туралы [12], экономикалық ынтымақтастық негізі туралы [13], болашаққа арналған серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме (Gemeinsame Erklärung über eine Partnerschaft für die Zukunft zwischen der Bundesrepublik Deutschland und der Republik Kasachstan) [14], техникалық көмек көрсету туралы [15], қаржылай көмек көрсету туралы [16], Қазақстандағы неміс ұлтына қолдау көрсету ынтымақтастығы туралы [17], мәдени салада ынтымақтасу туралы [18], Қазақстандағы неміс мектептеріне Германиядан мамандарды жіберу туралы [19], Алматыдағы ҚазақстанНеміс университетін дамыту бойынша ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы [20], әуе жолдары қатынастарын қалыптастыру туралы [21], Германияның аймақтағы әскери қатысуына байланысты Қазақстан территориясынан бундесвер әскерлері мен қажетті жабдықтау жүктерін тасымалдау туралы [22], әскери саладағы ынтымақтастық туралы [23] келісімшарттар. Аймақтық деңгейдегі келісімшарттарға Еуропа мен Азия ортасындағы территориялық транспорттық тасымалдау жолдарын құру туралы [24] келісім қарастырылған.
Деректердің үшінші тобына Германия Федеративті Республикасы мен Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары, мемлекеттік қайраткерлері, белгілі бір ресми жауапкершілігі бар жеке адамдардың еңбектері, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жатады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдаулары, жобалары халықаралық форумдарда сөйлеген сөздерінің жинағы [25], Германияның бұрынғы бундесканцлері Г. Кольдің мемуары [26], Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі ГД. Геншердің «XXI ғасырдағы социалдемократиялық сыртқы саясат» атты кітаптың жарық көруіне байланысты сөйлеген сөзі [27] мен естеліктері [28], 1998-2005 Германияның бундесканцлер қызметін атқарған социалдемократ Г. Шрёдердің мемуары [29], Германияның жасылдар партиясынынан шыққан сыртқы істер министрі Й. Фишердің еңбегі [30], Федеративті Германия Республикасының қазіргі кездегі сыртқы істер министрі ФВ. Штайнмайердің «Кірігу мен интеграция. ЕО шығыс саясатының жаңа белесі» атты еңбегі [31], Германияның сыртқы істер министрлігінің штатс-министрі Г. Эрлердің «Орталық Азиямен адам құқықтары саласы бойынша диалог» атты еңбегі [32] мен ИНВЕНТ және БҰҰның Даму Бағдарламасының «Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа келешектері» атты форумында сөйлеген сөзі [33], ЕОтың сыртқы байланыстары мен «еуропалық көршілестік саясаты» мәселелері бойынша комиссары Бенита ФеррероВалднердің 2006 ж. 19-қазанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде сөйлеген сөзі [34], неміс бундестагының мүшесі Г. Лайбрехттің «Bündnis 90» партиясы тарапынан «ЕОтың Орталық Азияға қатысты стратегиясын жүзеге асыруға» қатысты түскен ұсынысталабына жауап ретінде сөйлеген сөзі (Leibrecht, H. Mitglied des Deutschen Bundestages. Rede vom 30. 03. 2007 Rede vor dem Deutschen Bundestag zur EU-Zentralasienstrategie Antrag von Bündnis 90/ Die Grünen "Die EU-Zentralasienstrategie mit Leben füllen") [35], неміс бундестагының мүшесі Х. Хайбахтың Орталық Азиядағы саяси жағдайларға қатысты бундестаг мәжілісінде сөйлеген сөзі (Rede von Mitglied des deutschen Bundestages H. Haibach zur politischen Situation in Zentralasien) [36], ЕҚЫҰдағы испандық өкілеттіліктің арнайы тобының басшысы, елші Хосе Анхель Лопес Хоррин мырзаның ЕҚЫҰжурналына берген сұхбаты [37] . Аталған деректер тобы Германия Федеративті Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің негізгі бағыттары мен басымдылықтары және олардың міндеттері жайында сараптама барысында нақты анықтамаларды береді. Сонымен бірге бұл құжаттарда жалпы Германия сыртқы саясатының стратегияларына қатысты, Орталық Азия аймағына бағытталған неміс саясатының мақсаттарына байланысты көзқарастарға және осы саяси бағыттардың халықаралық саясат ағымында бекітілу үдерістеріне бағалаулар берілген.
Деректердің төртінші тобына халықаралық саясаттағы теоретиктердің еңбектерін қамтиды. Оларда халықаралық аренадағы Германия Федеративті Республикасының ықпал ету ролі және Орталық Азия аймағының алатын орны мен маңыздылығын көрсету арқылы, Германияның сыртқы саясатын және Орталық Азия елдерімен қарымқатынасын зерттеу барысында түрлі концепциялар мен әдістәсілдер ұсынылған. Еңбекте мынадай теоретикалық зерттеулер қарастырылған: зерттеу жұмысының бағдарын анықтау барысында қазақстандық маман И. Черныхтың [38], Германия сыртқы саясаты туралы Х. Маулдің [39], Г. Шөлгеннің [40], К. Хаккенің [41], М. Рюленің [42], В. Мауердің [43], Р. Клементтің [44], О. Тренерттің [45], А. Прадеттоның [46] В. Линктің [47] және жаңа әлемдік жүйе мен геосаяси жағдайды зерттеуші З. Бжезинскийдің еңбектері [48] жатады.
Деректердің бесінші тобын Германияның Орталық Азиядағы қатысуын және аймақ мемлекеттерімен арасындағы саясиқұқықтық, қатынастарының негізін көрсететін статистикалық мәліметтер мен ресми ақпараттық анықтамалықтарды құрайды.
Статистикалық мәліметтер www. weltalmanach. de, www. tatsachen-ueber-deutschland. de сияқты арнайы неміс статистикалық сайттары мен халықаралық институттардың мониторингі берілген неміс зерттеу еңбектерінен алынған.
Ал ресми ақпараттық анықтамалықтар Федеративті Германия Республикасының сыртқы істер министрлігі, Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Өзбекстандағы елшіліктері, НемісТүрікменстан форумы, Берлин қаласындағы «ғылым және саясат қоры», Бонн қаласындағы дамыту институты, неміс техникалық ынтымақтастық қоғамдастығы, ауыспалы экономикалар үшін несие берумен айналысатын неміс дамыту банкі, неміс бундестагы, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі, ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, ҚР Бірінші Президенті жанындағы халықаралық экономика және саясат институты, Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрлігі, Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрлігі, Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлігі сияқты мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарынан алынған. Сонымен қатар, интернет желілеріндегі (www. wostok. de, www. deutsche-allgemeine-zeitung. de, www. akipress. org, www. expert. ru) кезеңді басылымдардың материалдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) мәліметтері де қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz