Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университеті

Булбулбаева Гульсина

Диплом жұмысы

050116- «География»

Алматы 2012

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университеті

Диплом жұмысы

Тақырыбы : «Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі»

Норма-бақылаушы Орындаған: 050116-География

мамандығы «география-экономика»

мамандануының 4 курс студенті

Булбулбаева Гульсина

Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекшісі:

География ғылымдарының кандидаты,

доцент Г. Е. Бердыгулова

Оқытушы Н. М. Тургумбекова

Кафедра меңгерушісі:

К. Д. Каймулдинова

Алматы 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. .

  1. 1 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛЫ ЕЛДЕРДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ әлеуеті1. 1 Жаңа индустриалды елдердің қалыптасу тарихиы . . . 1. 2Жаңа индустриалды елдер және олардың жіктелуі. . .

1. 3Жаңа индустриалды елдердің табиғи - ресурстық әлеуеті . . .

2. ЖАҢА ИНДУСТРИАЛЫ ЕЛДЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

2. 1 Азияның жаңа индустриалы елдері . . . 2. 2Латын -Америкасының жаңа индустриалы елдері . . .

2. 3 Жаңа индустриалы елдерге салыстырмалы сипаттама . . . 2. 4Туристік индустрияның жаңа индустриалы елдер экономикасында алатын орны . . .

3 МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ЖАҢА ИНДУСТРИАЛЫ

ЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ 3. 1 География сабақтарында жаңа индустрия елдерін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері . . . 3. 2 Сыныптан тыс жұмыстар барысында жаңа индустриялы елдері материалдарын қолдану мүмкіндіктері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

  1. КІРІСПЕ

Әлемдік өнеркәсіптің даму барысында жалпы елдер тобынан Жаңа индустриалы елдер тобы айрықша көрініс тапты. Жаңа индустриалы елдер (ЖИЕ) - соңғы он жылдықта әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер бойынша сапалы да қарқынды секіріс жасаған елдер тобы.

«Әлемдік шаруашылықтағы жаңа индустриялы елдер» тақырыбы біздің дипломдық жұмысымыздың зерттеу нысаны болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбы келесі себептер бойынша өзекті: біріншіден, бірінші толқынның жаңа индустриялы елдері қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық дамудың ең жоғарғы кезеңінде тұр. Екіншіден, басқа жаңа индустриялы елдер саясатының қуып жету қыры әрқашан әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісін күшейтіп отырады. Үшіншіден, жаңа индустриялы елдердегі трансұлттық компаниялар ғылыми-құрастыру саласы мен автокөлік өндіру саласында әлем бойынша ең ірі компаниялар болып табылады. Міне осы басты мәселелерді талдап көрсету бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты - жаңа индустриялы елдер құрылымын оқып үйрену, күшті экономикалық алға жылжуларға алып келгкен жаңа индустриялы елдерге тән экономикалық үрдістерді қарастыру, оларға сипаттама беру.

Дипломдық жұмыс міндеттері:

1) Әлемдік шаруашылықтағы жаңа индустриялы елдерді топтарға жіктеу және осы елдердің экономикасының құрылуына жалпы сипаттама беру;

2) Әлемдік экономикадағы жаңа индустриялы елдердің қазіргі орнын қарастыру;

3) Жаңа индустриялы елдердің Шығысазиялық және латынамерикалық моделін қарастыру;

4) Жаңа индустриялы елдердің Шығысазиялық және латынамерикалық моделін салыстыру және сараптау.

Дипломдық жұмыс пәні болып жаңа индустриялы елдердің интенсивті экономикалық дамуы мен олардың әлемдегі саяси-экономикалық ықпалының өсуі табылады.

Дипломдық жұмыс объектісі - жаңа индустриялы елдер.

Дипломдық жұмыс негізіне әлемдік экономика, жоспарлау мен болжамдау, статистикалық сараптау және тағы да басқа салалар төңірегіндегі атақты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері салынды. Жұмыстың ақпараттық базасы болып соңғы 3 жыл ішіндегі экономикалық, географиялық нңбектер, газет-журналдардардағы мақалалар табылады. Сонымен қатар, зерттеу барысында статистикалық мәліметтерді қолдануда ғаламтор көздері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы 3 тараудан және оның бөлімдерінен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

  1. 1 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛЫ ЕЛДЕРДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ әлеуеті

1. 1 Жаңа индустриалды елдердің тарихи қалыптасуы

Жаңа индустриалы елдер (ЖИЕ) - соңғы он жылдықта әлеуеті әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер бойынша сапалы да қарқынды секіріс жасаған елдер тобы. Бұл елдер экономикасы қысқа мерзім ішінде артта қалған елдер статусын дамушы елдерге өзгертті. Әлемдік өнеркәсіптің даму барысында жалпы елдер тобынан Жаңа индустриалы елдер тобы айрықша көрініс тапты. XX ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық дамудың жоғарғы қарқыны тән болды. Олар басқа дамыған елдерден осы көрсеткіштер бойынша жоғары болды . Осыған сәйкес жаңа индустриалы елдерді мыны топтардың ешқайсысына жатқыза алмаймыз: дамыған, дамушы, өтпелі экономикалы елдер. Олар әлемдік шаруашылықта ерекше орын алып, өзіндік жаңа топ яғни Жаңа индустриалы елдерді құрды.

Жаңа индустриалы елдерге тән өзіндік белгілерімен ерекшеленеді (Сурет 1 қараңыз) :

  1. Экономикалық дамудың жоғары қарқыны;
  2. Өңдеуші өнеркәісіптің жетекші саласының болуы;
  3. Жоғары технологияларды пайдалану;
  4. Импорт алмастырушы экономика (Латынамерика елдері) ;
  5. Экспортқа бағдарланған экономика (Азия елдері) ;
  6. Ұлттық экономиканың ашықтығы;
  7. Ғылымға негізделген және тұтыну өнімдерін өндіру;
  8. Аймақтық интеграцияның дамуы;
  9. Ұлтаралық бірлестіктер тактикасын құру.

С урет 1. Жаңа индустриалық елдерге тән белгілер

Жаңа индустриялы елдерді топтарға жіктеудің ерекшеліктері

Дамушы елдердің жалпы қабылданған жіктеу және аймақ бойынша жаңа индустриялы елдерді 3 топқа бөлуге болады.

  • Даму деңгейі төмен елдер.
  • Даму деңгейі орташа елдер.
  • Экономикалық дамуға қолайлы жағдай бар елдер, олар жаңа индустриялы елдер (ЖИЕ) . [1]

Барлық жағдайда да елдер арасына нақты шекара қойып, оларда топтарға жіктеу қиын мәселе. Себебі әр ел өзіндік ерекшеліктерге ие. Жаңа индустриялы елдер тобына Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдері : Тайвань, Гонконг(Сянган), Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Таиланд; Латын Америкасының - Мексика, Бразилия, Аргентина және араб жаңа индустриялы елдері жатады (Сурет 2) .

Кесте 1. Жаңа индустриалы елдер

Жаңа индустриалы елдер: Жаңа индустриалы елдер
Жаңа индустриалы елдер: Азияның жаңа индустриалы елдері
Латын Америкасының жаңа индустриалы елдері
Жаңа индустриалы елдер: 1. Малайзия
1. Мексика
Жаңа индустриалы елдер: 2. Таиланд
2. Бразиля
Жаңа индустриалы елдер: 3. Тайвань,
3. Аргентина
Жаңа индустриалы елдер: 4. Гонконг, (Сянган)
4. Араб индустриалы елдері
Жаңа индустриалы елдер: 5. Оңтүстік Корея
Жаңа индустриалы елдер: 6. Сингапур

Сурет 2. Жаңа индустриалы елдер картасы

Жаңа индустриалық елдердің біріші легіне жататын Корея Республикасы, Сингапур және шартты түрде Қытайдың бөліктері деп есептелетін Сянган мен Тайвань өздерінін экономикалық көрсеткіштері бойынша және әлемдік экономикадағы орны жағынан «дамыған елдер» ұғымына сәйкес келеді. Бұл аумақта дүние жүзі халқының бар болғаны 1, 3%-ы ғана тұрғанымен, мұнда әлемдік ЖІӨ көлемінің 3, 3%-ы өндіріледі. Бұл елдер мен аумақтар кейбір әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштермен көзге түседі. Мысалы, Сянганда әлем бойынша сәбилер өлімінің ең төмен көрсеткіші (1, 7%) байқалады, бұл тұрғыда Сингапур әлем бойынша 3-орында (2, 2%) тұр. Адамның өмір жасының ұзақтығы жөнінен Сянган (83 жас), Сингапур (81 жас), Корея Республикасы (80 жас) мен Тайвань (79 жас) жоғары дамыған елдермен қатар тұрады. Сянган мен Сингапур халқы түгелімен қала тұрғындары болып табылады, бұл елдерде ауыл шаруашылығы жоққа тән. Корея Республикасында ЖІӨ құрлымында басқа салалармен салыстырғанда өнеркәсіп үлесі (40, 4%) басым болады. Бұл ел әсіресе әлемдік кеме өндірісінде айрықша көзге түседі, оның үлесіне әлемдік кеме өндірісі нарығының 45%-ы тиесілі болады. Қытайдың «қақпасы» қызметін атқарып отырған Сянганда қызмет көрсету саласы айқын басымдылыққа (ЖІӨ-нің 88, 6%-ы) ие. Сянганда 1891 жылы құрылын қазіргі кезде қаржы айналымы жөнініен әлемде 5-орын алатын Гонконг қор биржасының дүние жүзілік деңгейде айрықша орны бар. Жалпы алғанда, аталған елдердің батыстық үлгідегі дамыған елдерден басты айырмашылығы - барлық салада мемлекеттің жетекші рөл атқаруы. Жалпы алғанда, дамыған елдер Жер шары халқының 17%-ы ғана тұрады, соған қарамастан бұл елдің тұрғындары қазіргі дүниенің экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетінің негізгі бөлігін қалыптастырады.

Жаңа индустриалық елдердің екінші, үшінші легі (Малайзия, Аргентина, Чили, Индонезия, Филиппин) шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы тән болды. Ғалымдар экономикалық дамудың жоғары қарқынын жаңа индустриалы елдердің барлығына тән ортақ белгі ретінде айтады. Бұл елдер өте қысқы мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша сапалық секіріске қол жеткізді.

Дамыған елдер басшыларының Торонтодағы бас қосу жиналысында (1988 ж. ) Жаңа индустриялы елдер деген атаудың өзі олардың мазмұнын айқындамайды деп ескерілген болатын. Себебі алғашында азия «айдаһарлары» (Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур) туралы айтылған болатын. Жаңа индустриялы елдер терминін жекелеген елдерді бөліп қана емес, ал әлемдік экономикадағы бүкіл жүйені қамти отырып қолдану ұсынылған болатын.

Отыз жылдардың барысында (1960-1990 жж. ) Азиалық аймақтың экономикалық даму қарқыны жылына 5%-дан асты. Сол уақыттары Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш жылына - 2% болды. Осы кезеңдегі экономикалық өсу қарқыны жылына Тайванда 8, 7%, Оңтүстік Кореяда- 8%, Сингапурда-8%, Малайзияда-9%-дан асқан.

. Жаңа индустриялы елдердегі экономикалық өсудың жедел қарқынмен дамуы ЖІӨ абсалюттік көлем мен оның жан басына шаққандағы көлемімен анықталады. Бұл көрсеткіштер бойынша жаңа индустриялы елдер бостандық алған елдердің жалпы тобынан ерекшеленеді (Кесте 1 қараңыз) .

Кесте 2. Жаңа индустриалды елдердің жалпы ішкі өнімі, 2010 ж.

№:
Мемлекеттер: Мемлекеттер
ЖІӨ, млрд: ЖІӨ, млрд
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.
№: 1
Мемлекеттер: Мексика
ЖІӨ, млрд: 1, 191 трлн.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 10 186
№: 2
Мемлекеттер: Малайзия
ЖІӨ, млрд: 308, 8 млрд.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 12 700
№: 3
Мемлекеттер: Бразилия
ЖІӨ, млрд: 1, 616 трлн.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 8 600
№: 4
Мемлекеттер: Корея Республикасы
ЖІӨ, млрд: 1, 457 трлн.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 27 790
№: 5
Мемлекеттер: Сингапур
ЖІӨ, млрд: 161, 947 млрд.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 51 649
№: 6
Мемлекеттер: Гонконг(Сянган)
ЖІӨ, млрд: 254, 2 млн.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 37 400
№: 7
Мемлекеттер: Аргентина
ЖІӨ, млрд: 548, 754 млрд.
Жан басына шаққандағы мөлщері, долл.: 14, 838

Кесте бойынша жалпы ішкі өнім мен оның жан басына шаққандағы мөлшерін елдер бойынша сараптайтын болсақ ЖІӨ бойынша Бразилия, Мексика, Корея Республикасы алдыңғы орындарда болса, ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы мөлшері бойынша Ерекше орын Сингапур мен Гонконг мемлекеттеріне тиесілі. Саяси тұрақтылық пен экономикалық өсу шарттарында 3 онжылдықтың ішінде Сингапур кішігірім портты елден дамушы бай елге айналды. Жедел даму жылдарында жаңа индустриалды елдер арасында «ерекше экономикалық үлгі» қалыптаса бастады. Онда шаруашылық дамуының жетекші саласы болып өңдеуші сала қалыптасты. Оған жоғары технологияларды қолдану, ебектің жоғары өнімділігі және өндірістің салыстырмалы аз шығыны тән. [2]

Елдерді топтастыруда пайдаланылатын маңызды әлеумтттік көрсеткіштердің бірі - адам әлеуеті дамуының индексі (АӘДИ) . АӘДИ - үш құрамбөліктен тұратын кешенді көрсеткіш, оған табыс, тұрғын халықтың білімі мен денсаулық деңгейлері жатады.

АӘДИ көрсеткіші ЖІӨ көрсеткіштеріне қарағанда, елдердің даму деңгейі туралы нақты мәлімет бере алады. БҰҰ мәліметтері бойынша 2010 жылдағы жаңа индустриалды елдердің АӘДИ көрсеткіштері бойынша алатын орындары 2-кестеде берілген.

Кесте 3. Жаңа индустриалды елдердің адам әлеуеті дамуының индексі көрсеткіштері, БҰҰ 2010 ж. деректері

Орны: Орны
Ел: Ел
АӘДИ: АӘДИ
Орны: 12
Ел: Корея Республикасы
АӘДИ: 0. 877
Орны: 21
Ел: Сянган(Гонконг)
АӘДИ: 0. 862
Орны: 27
Ел: Сингапур
АӘДИ: 0. 846
Орны: 46
Ел: Чили
АӘДИ: 0. 783
Орны: 56
Ел: Мексика
АӘДИ: 0. 750
Орны: 57
Ел: Малайзия
АӘДИ: 0. 744
Орны: 92
Ел: Тайланд
АӘДИ: 0. 654

Кесте бойынша дүние жүзі бойынша жаңа индустриалды елдер ішінен 12 орында Корея Республикасы ғана кіреді. Онан кейінгі 30 елдің қатарынан Сянган мен Сингапур мемлекеттерін көре аламыз.

Жаңа индустриялы елдер экономикасының заманауи құрылымының қалыптасуына шетел инвестициясының ықпалы зор болды. Өнеркәсібі дамыған елдер арасынан тікелей инвестиция көлемі бойынша басты инвесторлар болып АҚШ пен Жапония табылады. 20-шы жылдың ішінде дамушы елдерге бағытталған қаржылық салымдардың 40%-ы жаңа индустриялы елдерге тиесілі болды. Бұл көптеген себептер мен жағадайлармен түсіндіріледі. Ең алдымен жаңа индустриялы елдер бастапқы кезден-ақ нарықтық қайта құру жолын таңдап алды. Жаңа индустриалы елдердің кейбір топтарында (мысалы Латынамерикалық үлгідегі елдер топтарында) айтарлықтай көп шикізат көздері, арзан жұмыс күші, едәуір дамыған ішкі нарығы бар елдер құрайды. Нәтижесінде жаңа индустриалы елдер үлкен державалардың экономикалық қана емес саяси да қызығушылығын тудырады. 70-80-ші жылдары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде «коммунистік ықпалға» қарсы үлкен экономикалық және әскери көмек көрсетілді. Ұлы сауда жолдарының қиылысында орналасқан бұл елдердің географиялық орны да көп ықпал еткен болатын. 80-ші жылдардан бастап жаңа индустриялы елдердің әлемдік сауда айналысы мен экспорттық, импорттық қызметтер жүйесіне ықпалы арта бастады. Олардың ішіндегі біршама дамығандары Азия-Тынықмұхиттық аймақта ірі серіктес бола алды. Жаңа индустриялы елдер ішінде ең алдымен «айдаһар» елдер ерекшеленеді. Барлық осы елдерде экономикалық саясаттың ортақ белгілеріне мыналар жатады:

  • Экономиканы дамытуды ұзақ мерзімді жоспарлау;
  • Ашық нарық пен жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету;
  • Нарықтық қатынастарға мемлекеттің тікелей және жанама араласуын ұтымды пайдалану.

Жедел қарқынмен даму Үндістанда, Қытайда, Түркияда, Египетте, Чилиде болжамдалуда. Өнеркәсіптік өнім құрылымында ғылымды қажетсінетін өнімдер үлкен орын алады. Әлемдік нарықта жоғары бәсекелестік қабілетке жаңа индустриялы елдердің өңдеуші өнеркәсібінің өнімдері ие. Олар киім, аяқ-киім, тоқыма өнімдері, ЭВМ, компьютерлер, автокөліктер және басқа да технология өнімдері болып табылады.

Жаңа индустриялы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақтық және ғаламдық ерекшеліктерін талдай отырып, бұл елдерде дамыған нарықтық экономикаға тән үрдістер жүріп жатқанын атап өткен жөн: өндіріс пен капитал концентрациясы, өнеркәсіптік және банк капиталының қосылуы, халықаралық монополиялардың пайда болуы.

Жаңа индустриялы елдер халықаралық еңбек бөлінісінде алдыңғы орындарға ие. Едәуір жақсы көрініс тапқан 2 негізгі ұстаным:

  • Ішкі экономикалық, шикізаттық, ғылыми және еңбек әлеуеттерменмен сыртқы инвестициялардың бір-бірімен тығыз қатынасы арқылы тұрақты даму;
  • Өзінің нақты экономикалық тұлғасы бар, ірі экономикалық аймақтарды қамтитын дамыған елдермен белсенді интеграция.

Әлемдік нарықта жаңа индустриалы елдер өндіретін өнімдері жеткілікті жоғары бәсекелестік қабілеттікке ие. Бұған қолданбалы техника мен технологияларды ұтымды нәтижелі қолдану, ҒТР жетістіктері, өндірісті ұйымдастырудың заманауи әдістерін қолдану арқылы қол жеткізіліп отыр. Бірақ сыртқы қарыз мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ, әсіресе латынамерикалық үлгі бойынша дамып келе жатқан жаңа индустриалы елдерде бұл мәселе шешімін таппай отыр.

1. 2Жаңа индустриалды елдер және олардың жіктелуі

Әлемдік экономикада жаңа индустриалды елдердің орнын анықтауда, әлем елдерінің экономикалық жіктелуін қарастыру керек. Бұл жіктеуді арқылы, жаңа индустриалы елдердің әлемдік экономикада алатын орынын айқындауға болады. Біздің ойымызша осындай жіктеуге А. И. Погорельскийдің елдерді жіктеуін жатқызуға болады [3] .

1. «Үлкен жетілік» елдері.

2. Дамыған капиталистік елдер.

3. Жаңа индустриялы елдер.

4. Орталық және Шығыс Еуропа елдері. .

5. Ресей Федерациясы және бұрыңғы КСРО құрамындағы елдер.

6. Қытай.

7. Үндістан мен Пәкістан.

8. Ауқатты мемлекеттер.

9. Классикалық дамып жатқан елдер.

10. Дамуы төмен елдер.

Бұл жіктеуде жаңа индустриалды елдер үшінші орында тұр. Жаңа индустриалы елдерге Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдерін (Малайзия, Индонезия, Таиланд, Филиппин) және Латын америкасының кейбір елдерін (Мексика, Бразилия, Аргенина және Чили) жатқызуға болады. Бір кездері бұл елдер ауыл шаруашылығының дамуы жағынан басым және өнеркәсіптің өндіруші саласы басым экономикасы төмен деңгейде дамыған ел ретінде көрінетін. Ал қазіргі кезде олардың әлемдік шаруашылықтағы маңызды ерекше болып отыр. Жаңа индустриалы елдер экономикасының дамуы 70-ші жылдардың соңына қарай басталды. Олардың ұзақмерзімді экономикалық стратегиясы капитализмнің батыстық үлгісін құруға бағытталған. Жаңа индустралы елдер жоғары деңгейде халықаралық саудаға бағытталған. Қазіргі кезде оларға өнімі экспортқа бағытталған ұлттық шаруашылықтардың дамуы тән. Қол жеткізілген экономикалық жетістіктерге қарамастан жаңа индустралы елдер дамушы елдерден асып кете алмады. Сондықтан оларды дамыған елдер қатарына жатқыза алмаймыз. Жіктеуді талдай отырып, автордың Қытайды жеке топқа жатқызуын да айтып өткеніміз жөн. Себебі бұл мемлекет еркін кәсіпкерлік элементтері бар, бірақ коммунистік партия басшылығындағы экономиканың әлеуметтік нарығы бар типін құру арқылы әлемдік экономикада ерекше орынға ие.

Жаңа индустриалық елдердің екі негізгі даму үлгісі белгілі:

- Азиялық үлгі ұлттық экомомиканы басым түрде сыртқы нарыққа бағыттау негізінде дамумен ерекшеленеді;

- Латынамерикалық үлгі ұлттық экономиканы импорт алмастырушы бағытта дамумен сипатталады. [4]

1. 3Жаңа индустриалды елдердің табиғи ресурстық әлеуеті

Бразилия Оңтүстік Америадағы ең үлкен мемлекет және континенттің жарты бөлігін алып жатыр. Бразилия өндірістік тәсілмен мына кендерді өндіру үстінде: тас көмір, темір рудасы, марганец, вольфрам, боксид, қорғасын, олово, алтын, ниоби, берилли, торфтық жыныс, уран, апатит, фосфорит, ас тұзы, тау хрустальі. т. б. Бразилия мемлекеті интенсивті жолмен дамитын бестік құрамына кіреді. Бразилия мемлекетінің тау - кен өндіру жұмыстарымен Жапония, Қытай, Аустралия, Канада, Ресей, Австрия, Франция, Бельгия, мемлекеттерінің компаниялары айналысуда. Бразилия темір кен өндіру өндірісінің ішінде ең ірісі болып Каражас провинциясындағы Квадрилатеро Ферриферокен орнысаналады. 2011 жылы мәлімет бойынша Бразилияда 768, 71 млн баррель мұнай өндірілген(1 баррель=158, 6 литр) немесе 122. 176. 869 метр куб. Бразилия мемлекеті өзінің мұнайының көбін (90%- ын) теңізде орналасқан мұнай платформалары арқылы өндіреді. Бразилия жағасында 133 мұнай платформасы орналасқан, оның ішінде 47 платформа қозғалмайтын ал, 86 платформа қозғалмалы платформалар болып табылады. 1986 жылдан бастап Бразилия мұнай компаниясы “Petrobras” мұнай өндірумен айналысып келді. Бұл компания Сержит штатының жағалауында мұнай өндірді. Бразилия мемлекетінің мұнай барлау және өндіру технологиялары жыл өткен сайын өзгере отырып теңіз түбінен алатын мұнай тереңдіктері тереңдей берді. Бұл көрсеткіш 1977 жылы бар болғаны 124 м тереңдік қана болса, 2003 жылы бұл көрсеткіш 1886 м. ді құраған. Жақын арада технологияның дамуына байланысты бұл көрсеткіш тағыда артпақ.

“ Petrobras ” мұнай компаниясының барлау жұмыстарының мәлімдеуі бойынша 7000 м тереңдікте мұнай қоры табылған. Бұл алдын ала есептеу бойынша егер Бразилия осы тереңдіктегі мұнайды өндіретін болса мұнай импорттау жағына кішкене серпіліс беріп, өзінің стратегиялық қорын жақсартуға және экспортқа жол ашылатын еді.

“Petrobras” мұнай компаниясының мәлімдеуі бойынша Санта - Катарина және Эспериту - Санту штатының арасындағы жағалаулардан табылған мұнай көлемі туралы дәл мәлімет жоқ. Ал Эспериту- Санту, Рио-де- Жанеиро, және Сан- Пауло штаттарының жағалауларындағы мұнай қоры 64 млрд барелді құрап отыр. Қазіргі кезде Рио -де- Жанейро штатының жағалауынан мұнай өндірілуде бұл жердің мұнай қоры 14 млрд барелді құрап отыр. Осы мұнайдан коптеген нәрселер алнады, соның бірі жағармай. Бразилияда жағармайдың 60%- дан астамын жеңіл автокөлік қолданады. Ал дизельді көбінесе ауылшаруашылық секторында, үлкен тонналық көліктеге және өндіріс саласында қолданады. Бұл салалардың Бразилия экономикасына тигізетін әсері мол. Әрине біз Бразилияның ең ірі мұнай компаниясы туралы мәлімет беріп кетуім керек.

“Petrobras”

“Petroleo Brasileiro S. A” мұнай - газ компаниясы. Мұнай - газ өндіру саласындағы көшбасшы компания болып табылады. Petrobras мұнай компаниясының басқару пакет акциясы Бразилия үкіметіне қарайды.

Petrobras мұнай компаниясы 1953 жылы Бразилия президенті Жетулиу Варгассаның ұсынысымен құрылған. Бразилия аймағында мұнаймен табиғи газды барлау мен өндіру осы Petrobras компаниясының құзырында болған.

Petrobras компаниясының арқасында Бразилия 1997 жылы күніне 1 млн баррель өндіретін 16 мемлекет қатарына енген. 2010 жылғы мәлімет бойынша Petrobras компаниясының мұнай мен газ қоры 16 млрд баррелді құраған. Бұл компонияға 64 мұнай кен орны тйесілі, соның 42- сі офшорлы болып табылады. Petrobras мұнай компаниясының қарамағына 14194 мұнай скважнасы, соның ішінде 1258-і офшорлы және 132 мұнай платформасы, 86- сы статционарлы қалған 46-сы жүзетін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайында
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Дағдарыстан кейінгі кезең
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Экономика пәнінен дәрістер
Аралас экономика мәні, маңызы
Аралас экономика жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz