Жапондық коя балықтарын өсіру ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс 61 беттен, 3 кестеден, 24 суреттен, 56 пайдаланылған әдебиеттен, соның ішінде 10 шет тілі әдебиеттен тұрады .
Түйінді сөздер : Жапониялық коя, аквариум, Кохаку. Тайсе Сансеку, Сёва Сансёку, Уцуримоно, Бэкко, Тантё Асаги, Сюсуй, Коромоно, Кингинрин, Каваримоно, Огон, Хинори- моемоно, Госини, Кумонрю, Дойцу-гой, грунт, систематика, уылдырық, Алматы хайуанаттар бағы.
Зертеу объектісі ретінде Алматы хайуанаттар бағындағы жапониялық коя балығын аквариумдық жағдайда өсу ерекшеліктерін зерттеу негіз болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Алматы хайуанаттар бағындағы жапониялық коя балығын аквариумдық жағдайда өсу ерекшеліктерін зерттеу және коя балығының өсу ерекшеліктеріне сипаттама беру, алынған мәліметтерді әдебиет көздерімен салыстыру. Алматы хайуанаттар бағындағы жапониялық коя балығының өсу жағдайын бақылау.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
● Әдебиет көздерімен танысу, жапониялық коя балығының систематикалық орнына биологиясына, көбеюіне, өсуіне дамуына сипаттама беру;
● Алматы зообағындағы жапониялық коя балығының өсуі ерекшеліктерін бақылау, алынған мәліметтерді әдебиет көздерімен салыстыру;
● Коя балығының әсемдік объект ретінде алатын орны.
КІРІСПЕ
Таңдалған тақырыптың өзектілігі . Аквариумдық балық өсіру бағыты - ежелгі тарихы бар балық шаруашылығының бір саласы болып табылады. Қазақстан нарық жағдайында аквариумдық балық өсіру немесе әсемдік балық шаруашылығымен арнайы айналысатын кәсіпорындар жоқ десе де болады. Алайда, бұл жағдайға қарамастан, республикамызда әсемдік балықтарға қызығушылық пен сұраныс бар және ол жылдан жылға артып келеді. Қазақстан тұтынушыларының талабы бойынша, әсемдік балық түрлерінен көбінесе декоративті алтын балықтар, түрлі - түсті гуппилар мен коя балықтары үлкен сұранысқа ие. Аталған балықтар өзінің өсу әдістерінің қарапайымдылығымен, өсірудің аса қиын еместігімен ерекшеленеді. Бұл балық түрлерін үй жағдайында өсіру арқылы, адам өзіне тек оң эмоциялар алып, шаршаған жүйкесін тыныштандырады.
Аквариумдық балық өсіру мектеп оқушылары мен жасөспірім балалар үшін де, олардың сана - сезімінің қалыпты дамуына үлкен септігін тигізеді. Әсемдік балық өсірудің аталған ерекшеліктерін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбы декоративті болып табылатын коя балығын аквариум жағдайында өсіруді зерттеуге арналды.
Аквариумдық коя балығының аквариумдық жағдайда өсу ерекшелігі, және коя балығының әсемдік объект ретінде алатын орны. Коя балығы декаративтік әсемдік балық болып табылады. Қазіргі таңда аквариумда балық өсіру және де басқада су объектілерін өсіру қарқынды дамыған кәсіптің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы хайуанаттар бағындағы Жапониялық коя балығын аквариумдық жағдайда өсу ерекшеліктерін зерттеу, және коя балығының өсу ерекшеліктеріне сипаттама беру, алынған мәліметтерді әдебиет көздерімен салыстыру. Алматы хайуанаттар бағындағы Жапониялық коя балығының өсу жағдайын бақылау.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
● Әдебиет көздерімен танысу, жапониялық коя балығының систематикалық орнына биологиясына, көбеюіне, өсуіне дамуына сипаттама беру;
● Алматы хайуанаттар бағындағы Жапониялық коя балығының өсу ерекшеліктерін бақылау, алынған мәліметтерді әдебиет көздерімен салыстыру. Балықтардың өсу жағдайын күнделікті бақылау, өсу ортасының абиотикалық параметрлерін анықтап отыру, судың температуралық режимін бақылау, қоректендіру, балықтардың өсу қарқынын анықтау;
● Коя балығының әсемдік объект ретінде өсіруде алатын орны.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Жапониялық тұқының систематикалық орны және таралуы
Тип : Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Osteichthyes - Сүйекті балықтар
Отряд: Cypriniformes - Тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae - Тұқытектестер
Туыс: Cyprinus -тұқы
Түрше: Ciprinus carpio- жапониялық тұқы [1] .
1сурет-Жапониялық тұқы
Таралуы: Қытай, Жапония, Корея елдерінің табиғи сулары мен жасанды суқоймаларында кең таралған түр. Табиғи сулардағы жапондық кояның дене тұрқы, әдетте 80-120 см аралығында кездеседі, ал аквариумдық жағдайда өсірілген кояның қазірге белгілі дене тұрқы 30-40 см аралығында [2] .
1. 2 Жапониялық тұқының биологиялық және морфологиялық сипаттамасы
Коя балығы сазан балығының мәдени түрі. Коя балығын ең алғаш рет Жапония мемлекеті ұзақ селекция нәтижесінде шығарған .
Жапондық тұқы балығы ерекше әдемі балық. Бұл балық табиғатта кесдеспейді. Тек арнайы аквариумдардан және декоративтік суқоймалардан көруге болады. Тұқы коя өзінің әдемі түсімен танымал балық. Тарихы 2500жылды құрайды. Коя суық суда өмір сүретін Азиаттық тұқының мәдени түрі. Коя Ciprinus carpio түріне жатады, сондықтан алтын балықтың жақын туысы болып келеді [2] .
Коя балығын 2500 жыл бұрын Қытайға Каспий теңізінің териториясынан енген. Жапонияда тұқы балығы XIV-XV ғасырдан белгілі. Жапонияға тұқы балығы қытайдың басқыншыларымен келген деген дерек бар. Жапондықтар оны «Магой» «қара тұқы» деп атаған. Кейіннен Жапонияда жеке шаруашылықтарда балықты, қолдан жасалған суқаймада тағамдық қорек ретінде өсірді. Алыс таулы аудандарда мысалы, Нигата провинциясында жапондық тұқы балығы адамдардың негізгі тағамы болып қалыптасты [3] .
Кей кездері кейбір тұқы балығында түстерінде өзгерістер пайда бола бастады, қалыпты емес суреттері бар балықтар тағам ретінде өтпей үйде ұсталды. Түрлі түсті тұқыны өсіру шаруашылықтар арасында көбейді. Өз балықтарын шағылыстыру арқылы жаңа түстер вариациясын алып отырды. Бұлай өсіріп - көбейту кояға деген сұранысты арттыра түсті.
Токияның Тайсё көрмесінде 1914 жылы алғаш рет түсті кояны халыққа таныстырды. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде кояның клубы құрылып, көрмелер мен шоу ұйымдастыруда. « Коя» жапон тілінен аударғанда «тұқы» деп аударылады. Қазіргі кезде Жапондық тұқы тек өз отанына ғана емес бүкіл әлемге танымал балық. Жапондықтар «Жапондық тұқы коя әлемді жаулап алуға көмектеседі» деп әзілдеп қояды. Жапондық тұқы: қара, сары, қызғылт сары, қызыл ақ, көк, жасыл және дақты болып келеді. Ең танымал тұқымдары кохану (ақ тұқы қызыл суреттерімен), санке (ақ тұқы қызыл қара суреттері мен), және шова (қара тұқы қызыл ақ суреттері бар) [3] .
Коя балығы көп елдерде қазіргі кезде әсемдік мақсатта өсіріледі. Тұқы кояны күтіп бағу қиын емес, оны саяжайлардағы тоғандар да, сонымен бірге аквариумде ұстауға болады. Бірақ тұқы кояның шабағын арнайы таза өсірген питомниктерінен сатып алған жөн. Коя балығы қорек талғамайды, тәуіліктің кез - келген уақытында белсенді қоректене береді. Коя балығының тағы бір ерекшелігі басқа әсемдік мақсатта өсірілетін балықтарға қарағанда, аквариумде өсіруге ең қолайлы балық болып табылады. Коя балығы нағыз ұзақ өмір сүретін балық. Ең танымал Жапондық ханоко 226 жыл өмір сүрген [2, 3] .
1. 3 Кояның сапасына баға беру әдісі
Бағалау реті
Дене құрылысы. Кояның жалпы құрылысы - бас, дене, және жүзбе қанатттарының формасы, бір - біріне пропоциональді болуы керек. [3] .
Айырмашылығы койдың аналығының денесі мықты. Жүзбе қанаттарының мөлшерімен пішіні денесіне пропорциональді болуы керек. Басының пішіні көлемі қысқа, ұзын немесе бір жағына қисайған болмауы керек. Балықтың үстінен қарағанда денесі түзу және екі жағына пропорцианальді болуы тиіс
Түсі мен суреттері сыртқы көрінісі және терісі. Бірінші кезекте терісінің сапасы мен түстерінің ашық, болуымен бағаланады. Сонымен бірге түстерінің үйлесуіде бағаланады. Терісі жылтыр болуы керек. Түстерінің сапасы, суреті және суретінің шектері, суретінің үйлесімімен бағаланады. Түсті дақтар анық шектеулі көрінуі керек, таза шеттері ашық болуы керек. Үлкен дақтар денесінің алдында немесе ортасында немесе құйрық қанаттарында болмауы тиіс. Сурет балық денесіне пропорциональді болғаны жөн [3, 4] .
Сапасы. Әрбір породаға немесе породаның характеристикасына қарай сыртқа түріне талаптар болуы керек. Суда өзін өзі ұстауы және қалай жүзетініне және балықтың қоректену белсенділігіне сипаттама болуы керек [5] .
1. 4 Коя балығың селекция жолымен шығарылуының қысқаша сипаттамасы
Коя балығының 80 аса тұқымы бар. Оларды ыңғайына қарай 16 топқа бөлді. Қазіргі кезде Жапонияда, кояның бірнеше түрі бар, стандартқа тек 14 түрлі түсті формалар қабылданған. Коя балығы ұзақ селекция нәтижесінде шағарылған балық түрі болып табылады. Селекцияның 6 іріктеме жасау нәтижесінде шығарған [ 4] . Жүздеген жылдар бойы коя балығы Жапон хан сарайларында құпия күйінде сақталды. Жапон ихтиологтары тұқы балықтарын бір-бірімен шағылыстыру нәтижесінде коя балығын шығарған, және коя балықтарын бір бірімен будандастыру нәтижесінде көптеген түрлер алынған. Алынған түрлерге ғылыми тұрғыда арнайы атаулар берген Коя түрлерінің өндірістік классификациясы мен санының өсуі, жаңадан үйренуші коя әуесқойларын аты жағынан көп шатастырады [5] .
Аталуы жайлы айтатын болсақ, тұқының барлық атаулары Жапон тілінде, ағыншыл тілінде емес. Сондықтан жапон тіліне жақын айтқан ыңғайлы. Мысалы: Танцо немесе Тантё латынша Tancho деп жазылады, көпшілігі Танчо деп атайды Жапон тілінде ”ч„, анық айтсақ ”чо„ сөзі жоқ „ш” әріпімен де солай. Бәрі Суши деп атайды, бірақ Суси, бұлай атауға бізге батыстан емес шығыс елдерінен келсе керек. [5] .
2 сурет - Коя балығының селекция нәтижесінде алынған түрлері
1. Кохаку
2. Тайсе Сансеку
3. Сёва Сансёку
4. Уцуримоно
5. Бэкко
6. Тантё
7. Асаги
8. Сюсуй
9. Коромоно
10. Кингинрин
11. Каваримоно
12. Огон
13. Хинори- моемоно
14. Госини
15. Кумонрю
16. Дойцу-гой
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz