Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ТАРАУ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің өзіндік қаражаттары және олардың несиелік ресурстарды қалыптастырудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Банктің несиелік ресурстарының сырттан тартылған қаражаттар есебінен құрылу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ("АТФ" АҚ, мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын басқару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Экономикамыздың қазіргі даму жағдайындағы әр түрлі меншік формасындағы банктердің құрылуы олардың коммерциялық негізде жұмыс жасауы барысында, әр банктің өз ресурстарын құрау, оларды пайдалану және оларды басқару жағдайында біршама мәселелер туғызуда. Бұрынғы орталықтан несиелік ресурстарды бөлу уақытқа қайтып келмеске кетті десек, бүгінгі кез-келген коммерциялық банк өзі тәуекелге бара отырып, ресурстарды сатып алады және оны сатады. Соған сай бұрынғыдай клиенттерді қандай да бір банкке занды түрде бекітудің уақыты өтіп, бүгінгі клиенттер өз еркімен жақсы қызмет көрсете алатын банктерді таңдауға мүмкіндік алуда.
Бұл жердегі бүгінгі банктік ресурстар базасына еліміздің экономикалық жағдайы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, бюджет тапшылығы, инфляция деңгейі әсер ететіні сөзсіз. Бүгінгі банктердің ресурстары клиенттердің басты сұраныстарын қанағаттандыра алмауда. Қысқа мерзімді несие өндіріс мәселесін шеше алмайды десек, бүгінгі банктер үшін ең маңызды міндет бұл орта және ұзақ мерзімді қаражаттар тартуды шеше отырып, орта және ұзақ мерзімді несиелік жұмсалымдарының қатарын ұлғайту, яғни сол арқылы клиенттердің басты сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Банктер арасындағы несиелік ресурс үшін бәсекелестік күрес күннен-күнге күшейіп отыр. Қазіргі уақытта банктік ресурстарды қалыптастыру, оларды орналастыру және басқару өзекті мәселе ретінде, экономикалық реформаларды жүзеге асырудың басты міндеттерінің бірі болып отырғандығын айтуға болады. Сонымен қатар банктің пассивтік операциялары арқылы банк қызметінің ауқымдылығын да білеміз. Банктің пассивтік операциялары бүгінгі таңда несиелік нарықтың және онымен қатар бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына бірден-бір әсер етуші факторларға жатады.
Сондықтан да банктер ресурстарын қалыптастыра отырып, олардың өздеріне пайда әкелетіндей көздерге орналастыруға көңіл аударуға тиісті. Себебі бүгінгі банк ресурстарының қалыптасу барысы, банктік қызметінің тұрақтылығына толық жауап беруге тиіс. Сонымен қатар несиелік ресурстарды тиімді басқару несиелік жұмсалымдардың маңызды бағытқа жұмсалуына жол береді. Банктің несиелік ресурстарды қалыптастыру және орналастыру мәселелерін теориялық жағынан оқып-үйренумен қатар кейбір, нақты келтірілген материалдарды пайдалана отырып талдау барысы диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері анықталады.
Диплом жұмысының басты мақсаты нарықты экономика жағдайында банк қызметінің тұрақтылығына қол жеткізудегі мәселелерге, оларды шешу шараларына, банктік ресурстарды тиімді пайдалану және оларды басқару жұмыстарын ұйымдастырудағы ерекшеліктерге тоқтала отырып, терең талдау жасау болып табылады.
1. "ҚР-дағы банктер және банктік қызмет" туралы ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлығы. 30.08.95
2. Пруденциалдық нормативтер туралы ереже/Вестник НБРК 1-14 июля 2002
3. Айманова Л.Б., Урастаева Д. Собственный капитал коммерческого банка. Алматы,2000
4. Алпамысов А.А Управление депозитными ресурсами в РК. А, 1998
5. Ақша, несие, банктер/Г.С Сейткасымовтың жетекшілігімен. А,2001
6. Банковское дело/Под.ред. Г.С. Сейткасымова А, 1998
7. Банковское дело/ Под ред. О.И. Лаврушина-М, 2005
8. Банки и банковское операции /Под ред. Е.Ф. Жукова М, 2004
9. Банковский портфель-2. М, 2000
10. Банковское дело/ Под ред. В.И.Колесникова М, 2005
11. Деньги, кредит, банки/Под ред. О.И. Лаврушина М, 2005
12. Деньги, кредит, банки/ Под ред. Г.С. Сейткасымова А, 1999
13. Джерри М. Розенберг. Словарь банковских терминов М, 2006
14. Долан Э.Дж., Кэмпбелл К.Д. Деньги. Банковское дело и денежно-кредитная политика М, 1999
15. Давыдова Л.Банковское право РК А,2004
16. Калиева Г.Т.Кредитное дело А, 2005
17. Кисилев В.В. Управление банковским капиталом М, 2005
18. Макыш С.Б. Ақша айналысы және несие А,2000
19. Макыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары А,2002
20. Поляков В.П. Основы денежного обращения и кредита М, 2004
21. Рассказов Е.А. Управление свободными ресурсами банка М, 2005
22. Саниев М.С. Банковское система в условиях рыночной экономики А,1999
23. Сатова Р.К Проблемы финансовой устойчивости банка.
К, 2003
24. ҚР ҰБ-ң статистикалық бюллетені 01.01.2007
25. О ресурсной базе и стимулировании долгосрочного кредитования /Банки Казахстана 01.06.2005

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің өзіндік қаражаттары және олардың несиелік
ресурстарды қалыптастырудағы ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Банктің несиелік ресурстарының сырттан тартылған
қаражаттар есебінен құрылу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК
РЕСУРСТАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ("АТФ" АҚ, мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарының құрылымын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК
РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің
несиелік ресурстарын басқару тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 48
3.2 Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 7

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

КІРІСПЕ

Экономикамыздың қазіргі даму жағдайындағы әр түрлі меншік формасындағы
банктердің құрылуы олардың коммерциялық негізде жұмыс жасауы барысында, әр
банктің өз ресурстарын құрау, оларды пайдалану және оларды басқару
жағдайында біршама мәселелер туғызуда. Бұрынғы орталықтан несиелік
ресурстарды бөлу уақытқа қайтып келмеске кетті десек, бүгінгі кез-келген
коммерциялық банк өзі тәуекелге бара отырып, ресурстарды сатып алады және
оны сатады. Соған сай бұрынғыдай клиенттерді қандай да бір банкке занды
түрде бекітудің уақыты өтіп, бүгінгі клиенттер өз еркімен жақсы қызмет
көрсете алатын банктерді таңдауға мүмкіндік алуда.
Бұл жердегі бүгінгі банктік ресурстар базасына еліміздің экономикалық
жағдайы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, бюджет тапшылығы, инфляция
деңгейі әсер ететіні сөзсіз. Бүгінгі банктердің ресурстары клиенттердің
басты сұраныстарын қанағаттандыра алмауда. Қысқа мерзімді несие өндіріс
мәселесін шеше алмайды десек, бүгінгі банктер үшін ең маңызды міндет бұл
орта және ұзақ мерзімді қаражаттар тартуды шеше отырып, орта және ұзақ
мерзімді несиелік жұмсалымдарының қатарын ұлғайту, яғни сол арқылы
клиенттердің басты сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Банктер арасындағы несиелік ресурс үшін бәсекелестік күрес күннен-
күнге күшейіп отыр. Қазіргі уақытта банктік ресурстарды қалыптастыру,
оларды орналастыру және басқару өзекті мәселе ретінде, экономикалық
реформаларды жүзеге асырудың басты міндеттерінің бірі болып отырғандығын
айтуға болады. Сонымен қатар банктің пассивтік операциялары арқылы банк
қызметінің ауқымдылығын да білеміз. Банктің пассивтік операциялары бүгінгі
таңда несиелік нарықтың және онымен қатар бағалы қағаздар
нарығының қалыптасуына бірден-бір әсер етуші факторларға жатады.
Сондықтан да банктер ресурстарын қалыптастыра отырып, олардың өздеріне
пайда әкелетіндей көздерге орналастыруға көңіл аударуға тиісті. Себебі
бүгінгі банк ресурстарының қалыптасу барысы, банктік қызметінің
тұрақтылығына толық жауап беруге тиіс. Сонымен қатар несиелік ресурстарды
тиімді басқару несиелік жұмсалымдардың маңызды бағытқа жұмсалуына жол
береді. Банктің несиелік ресурстарды қалыптастыру және орналастыру
мәселелерін теориялық жағынан оқып-үйренумен қатар кейбір, нақты
келтірілген материалдарды пайдалана отырып талдау барысы диплом жұмысының
мақсаты мен міндеттері анықталады.
Диплом жұмысының басты мақсаты нарықты экономика жағдайында банк
қызметінің тұрақтылығына қол жеткізудегі мәселелерге, оларды шешу
шараларына, банктік ресурстарды тиімді пайдалану және оларды басқару
жұмыстарын ұйымдастырудағы ерекшеліктерге тоқтала отырып, терең талдау
жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
— Банктің несиелік ресурстардың жаңа теориялық аспектісін
танып білу;
— Банктің пассивтік операцияларын жекелеген формаларда
қарастыру;
— Нарықтық қатынастарға сай банктің несиелік ресурстарының қалыптасу
ерекшеліктеріне тоқталу;
— Коммерциялық банктердегі несиелік ресурстарды тиімді басқару
жолдарын қарастыру;
— Банктердің несиелік ресурстарын орналастыру мәселелеріне
тоқталу;
— Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық банктерінің бірі "АТФ"
Акционерлік Қоғамның несиелік ресурстарының құрылымына және оларды
орналастыру тәжірибесіне талдау жүргізу;
— Коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарын орналастырудағы негізгі мәселелерге тоқталу.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізіне, бүгінгі таңдағы отандық
және шетелдік экономистердің банк ісін ұйымдастыруға бағытталған еңбектері
пайдаланылды.
Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде, еліміздің екінші деңгейлі банктері
алынды.

1 ТАРАУ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктердің өзіндік қаражаттары және олардың несиелік
ресурстарды қалыптастырудағы ролі

Банктік ресурстарды қалыптастыру үшін жүргізілетін банктік
операцияларды банктің пассивті операциялары деп атаймыз. Пассивтік
операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі өте жоғары. Банк
ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде қалыптасатын болғандықтан,
оған толық анықтама беру қажет. "Қаржы және несие" сөздігінде "пассивтік
операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің ресурстарын қалыптастыру операциялары" делінген. Соңғы
кезде шығарылған оқулықтарға сүйенсек, банктің пассивті операциялары -
нәтижесінде пассивтік шоттардағы қаражаттардың өсуін сипаттайтын
операциялары.
Осы анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе де болады. Жалпы пассивтік
операциялардың мынандай формалары болады:
— коммерциялық банктердің құнды қағаздарды алғашқы
эмиссиялауы;
— банк пайдасы есебінен капиталдарды немесе қорларды құру және
ұлғайту;
— басқа занды тұлғалардан несиелер алу;
— депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Пассивтік операциялардың алғашқы екі формасы
негізінде, несиелік ресурстардың бірінші тобы, яғни, өзіндік ресурстар
құралады, соңғы екі формасының көмегімен екінші ірі топ, яғни сырттан
тартылған ресурстар қалыптасады. Банктің өзіндік ресурстары қатарына
өзіндік капиталы және оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық
банктердің өзіндік капиталының ролі мен мөлшері, басқа қызметтен
айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге
ие. Банктің өзіндік капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10% өтеледі. Шын мәнісінде, өзіндік және сырттан
тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекара
болады.
Банктің өзіндік қаражаттары оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
қажетті. Банктің бастапқы құрылуы барысында, оның өзіндік қаражаттары
жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалынатын бастапқы шығындарды
көтереді. Себебі, өзіндік қаражатсыз банк қызметін бастау мүмкін емес.
Осы қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Яғни,
банктің өзіндік қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалынатын
негізгі көз болып саналады.
Сонымен, банктің өзіндік қаражаттары деп банктің экономикалық
дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар
(капиталдар) мен бөлінбеген пайданың жиынтығын түсінуге болады.
Банктік меншікті капиталы басты бес қызмет атқарады:
1. Қорғаныс қызметі;
2. Оперативтік қызметі;
3.Реттегіш қызметі;
4. Айналым қызметі;
5. Резервтік қызмет.
Банктің өзіндік қаражаттарының мөлшері оның төлем қабілеттілігімен
тікелей байланысты және банк клиенттерінің тәуекелділігін азайту үшін
құрылады.
Қорғаныс қызметі - банктің зиян кешу немесе борыштық тұрақсыздыққа
ұшырау жағдайында салым иелері мен кредиторлардың мүддесін қорғауды
көрсетеді және құрылған резервтер есебінен банктің төлем
қабілеттігін сақтауға әсер етеді және банк қызметінің зиянға
байланыссыз жалғаса беруін білдіреді. Қорғаныс қызметі бұл өзіндік
капиталдың негізгі қызметі болып саналады. Басқа кәсіпорындармен
салыстырғанда коммерциялық банктердің төлем қабілеттілігін сақтауы
оның өзіндік қаражаттарының бір бөлігімен ғана қамтамасыз етіледі .
Банктің өзіндік капиталының қорғаныс қызметі банкте жоспарланбаған
шығындар пайда болған кезде банк операцияларын одан әрі
қарай жалғастыруға көмектеседі. Осындай шығындардың орнын
толтыру үшін коммерциялық банктерде өзіндік қаражаттарға
жататын резервтік капитал жұмыс істейді. Егер де
банктерде жалпы ресурс ретінде өзіндік қаражаттар көп
пайдаланылатын болса, онда сол банктің өтімділігі жоғары деп
атауға болады.
Оперативті қызметі - банк қызметінің қаржылық негізін қамтамасыз
етуге бағытталған. Бұл қызмет екінші дәрежелі қызмет
ретінде қарастырылады, өйткені активтік операцияларды
жүргізу үшін негізгі ресурстар ретінде банктің сырттан
тартылған қаражаттары маңызды рөл ойнайды. Банктің өзіндік
капиталының бұл қызметі активті операциялардың өсуінің
негізін, яғни банктің міндеттеріне сай келетін банктік
операциялардың көлемі мен сипатын қолдай отырып,
қамтамасыз етеді.
Реттегіш қызметі - қоғам банктердің жетістіктермен
қызмет етуіне мүдделілік танытуда, сол сияқгы коммерциялық
банктер мен басқадай несиелік мекемелердің қызметтеріне
орталық банк тарапынан зандар және ережелер бойынша бақылау
жасап отыруына байланысты сипатталады. Бұл ереже негізінен жарғылық
капитаддың ең төменгі мөлшерін сақтау, банк қызметі үшін
рұқсат қағаз алу, бірақ қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы
мөлшерін бұзбауға бағытталады.
Айналым қызметі бұл - коммерциялық банктер өзіндік
қаражаттарын шығындарының орнын толтыру үшін емес, ең алдымен
тиімді, табысты коммерциялық қызметті жүргізу үшін қалыптастырады.
Осы қызметтің тәуекелділігі өте жоғары және осы қызметті
орындай отырып банктер өзіндік капиталдарының бір бөлігін қолма-қол
ақша ретінде және несиелік, лизингтік операцияларға, сонымен
бірге құнды қағаздарды сатып алуға жұмсауы
мүмкін.
Резервтік қызмет – Бұл банктердің пассивті операциялары да
тәуекелділігі жоғары операцияларға жатады. Себебі, банк
клиенттері өздерінің мерзімді депозиттерін мерзімінен бұрын
талап етуі мүмкін. Осы жағдайда резерв ретіндегі ақша
қаражаттары пайдаланылады.
Сонымен коммерциялық банктердің өзіндік капиталы ғылыми тұрғыдан
алып қарағанда мынандай қызметтер атқарады:
1. өзіндік капитал банкроттылықтан қорғауға қызмет етеді;
2. өзіндік капитал жеткілікт түрде депозиттер тартылғанға
дейін банкті құру, ұйымдастыру және қызмет ету үшін
қажетті қаражаттармен қамтамасыз етеді;
3. өзіндік капитал клиенттің банкке деген сенімділігін
қолдайды;
4. өзіндік капитал көрсетілетін қызметтердің,
бағдарламалардың жаңа түрлерін қалыптастыру үшін қаражаттармен
қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, банктің өзіндік капитаддың мөлшері
және оларды басқару - бұл салымшылардың ақша
қаражаттарын тарту үшін негізгі көрсетілетін қызметтердің
бірі болып табылады. Коммерциялық банктердің өзіндік капиталын
қалыптастыру кезінде ең алдымен өзіндік капиталдың
ең төменгі мөлшерін және Ұлттық Банктің
белгілейтін нормативтерін ескеру қажет. Себебі, бұл
нормативтер банктің өзіндік капиталының олардың әр
түрлі активті операциялар жүргізу үшін база болып
табылатындығымен байланысты. Соған сәйкес егер банк активтерінің
мөлшерін көбейтуді немесе активтерінің құрылымындағы
тәуекелділігі неғұрлым жоғары активтердің үлесін көбейту
арқылы қайта бөлуді жоспарласа, онда Ұлттық Банктің
белгілеген нормативтерін сактау үшін банктің өзіндік
капиталының мөлшерін ұлғайту талап етіледі. Коммерциялық
банктердің өзіндік капиталының мөлшерін анықтау үшін
мынандай факторларға тоқталайық:
1. Өзіндік капиталдың мөлшері банктің активті операцияларының
шекті мөлшерін анықтайды;
2. Банкке қажетті өзіндік капиталының мөлшері
оның клиенттерінің сандық және сапалық құрылымына
байланысты. Яғни, банк несиелік ресурстарды көп мөлшерде талап
ететін клиенттермен жұмыс жасайтын болса, онда өзіндік
капиталдың мөлшерінің көп болуы талап етіледі;
3. Банкке қажетті өзіндік капитал мөлшері несиелік
ресурстар нарығының дамуына және Ұлттық банктің несиелік
саясатына тәуелді болады;
4. Банктің өзіндік капиталының мөлшері банктік реттеуді
жүргізетін мемлекеттік органдардың белгілейтін талаптарына
тәуелді болады.
Банктің өзіндік капиталын ұлғайту мынандай көздер есебінен
жүзеге асады:
1. ішкі көз;
2. сыртқы көз.
Осы екі көздің біреуін таңдау және олардың арақатынасын
белгілеу мынандай факторлармен анықталады:
— өзіндік капиталды ұлғайту көздерінің әрқайсысымен байланысты
шығындар мен тәуекелділік деңгейі;
— Ұлттық Банктің реттеу саясаты.
Соңғы жылдары барлық елдердің банктерінде өздерінің
қаржылық жағдайын көтеруді қолдау салымшылар үшін
тәуекелділік деңгейін азайтуға байланысты қосымша капиталдарды
тарту қажеттілігі артуда. Банктің өзіндік капиталын
ұлғатудың негізгі көздерінің бірі, банк пайдасы болып
табылады. Өзіндік капиталды ішкі көздер есебінен ұлғайтудың
бірнеше артықшылықтары бар:
— тез және үнемді түрде іске асады;
— ол жаңа ақшалар шығару бойынша ірі шығындарды
тудырмайды.
Сонымен бірге, өзіндік капиталды ішкі көздер есебінен қалыптастырудың
мынандай кемшіліктері де бар:
1. бұндай капиталға толығымен салық салынады;
2. банк пайдасына банк басқара алмайтын экономикалық
жағдайлар тез әсер етеді.
Банктің өзіндік капиталын сыртқы көздер есебінен
ұлғайтудың бірнеше әдістері бар:
1. Жай және артықшылығы бар акцияларды сату есебінен.
Бұл әдіс айналысқа шығарылған акцияларды орналастырудағы
жоғары шығындарға және акционерлердің табыстарына
байланысты жоғары тәуекелділігі бар неғұрлым қымбат әдіс
болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан қор биржасында ірі
банктердің акциялары ғана тіркелген. Көптеген банктердің
акциялары биржадан тыс жерлерде сатылады. Айналысқа
жаңа акциялар шығару банк пайдасын
жоғарылатпауы мүмкін, яғни жаңадан шығарылған акциялар
бұрынғы акционерлердің табысына кері әсер етуі
мүмкін. Банктің жалпы табысы көбейгенімен бір
акцияға деген табыс мөлшері азаюы мүмкін.
2. Айналысқа қарыздық құнды қағаздар шығару
(облигациялар).
Шетелдік банктік тәжірибеде өзіндік капиталды ұлғайту үшін
айналысқа облигациялар шығару кең түрде таралған. Банктерде
ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілік үнемі туып
отырады, бірақ бұндай тәжірибе Қазақстан банктерінде
әлі де болса кең түрде пайдаланылмай отыр.
3. Банк активтерін сату және қозғалмайтын мүліктерді жалға алу.
Кейбір жағдайларда банктер өздерінің қызметтерін қолдау үшін
өздерінің негізгі құрал - жабдықтарын толық немесе
жартылай сатады. Содан кейін қажетті негізгі құрал -
жабдықтарды жалға алу арқылы жұмыс істейді.
4. 90-жылдардың аяғында Қазақстандық банктік тәжірибеде
негізінен өзіндік капиталды ұлғайтудың тағы бір жолы
банктердің ерікті қосылуы болып табылады. Яғни, кіші
банктерді ірі банктердің сатып алуы.
Банктің өзіндік капиталы сол банктің жұмыс істеуінің және
дамуының қаржылық базасы болып табылады. Себебі, сырттан ақша
қаражаттарын тарту үшін және өзінің қаржылық тұрақтылығына клиенттерін
сендіру үшін оған ең алдымен өзіндік капитаддың қажет
екендігі белгілі.
Коммерциялық банктердің өзіндік капиталының мөлшері
кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысатын заңды
тұлғалардың өзіндік қаражаттарының мөлшерімен салыстырғанда
аз болады. Яғни, коммерциялық банктердің өзіндік капиталының
баланстағы үлес салмағы 10 – 15 % болса, ал басқа заңды
тұлғалардағы бұл қатынас 60-70% - ті құрайды. Коммерциялық банктердің
өзіндік капиталдарының бұл ерекшеліктері мынандай
себептерге байланысты:
1. Банктер қаржы нарығында өздерінің делдалдық кызметтері
атқара отырып жеке және заңцы тұлғалардың депозит
түрінде ірі сомадағы ақша қаражаттарын жинақтайды.
Банктер осы қызметті атқара отырып сырттан тартылған ақша
қаражаттарын тиімді түрде басқаруды және сақтауды
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге салымшыларға банкке
салған ақша қаражаттарынан табыс алуға мүмкіндік
береді.
2. Ақшалық талаптар мен міндеттемелер түріндегі
банктік активтер әдетте басқа заңды тұлғалардың активтеріне қарағанда
неғұрлым өтімді болады. Бұл банктерге ақша ресурстарын
неғұрлым тез жинақтауға мүмкіндік береді және соған
сәйкес олардың өзіндік капиталдарға деген қажеттіліктерін
азайтады.
Банктердің өзіндік капиталының неғұрлым тиімді
қызмет етуі оның құрамын құрайтын компонеттердің сапасына
байланысты. Банктердің өзіндік капиталының құрылымын мынандай
компоненттер құрайды:
1. Жарғылық капитал;
2. Қосымша капитал;
3. Резервтік капитал;
4. Өндірістік және әлеуметтік даму қоры;
5. Негізгі құралдарды қайта бағалау қоры;
6. Бөлінбеген таза табыс;
7. Субординарлық қарыз.
Демек, банктің меншікті капиталы оның жұмысының
тиімділігі және банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде бірінші
дәрежелік мәнге ие болады. Акционерлік капитал ол
банктің қызметінің бастапқы кезеңінде, яғни банктің әр
жұмысын бастау барысында бірінші кезектегі шығындар жұмсалу
үшін қажет.
Өзіндік қаражаттардың негізгі элементі - бұл банктің жарғылық капиталы
болып табылады.
Жарғылық капитал - бұл банктің ұйымдастырудағы бастапқы нүктесі болып
табылады. Банктің ұйымдастырылу формасына байланысты жарғылық капиталды
құру әр түрлі болады. Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын
болса, онда оның жарғылық капиталы ашық түрде жазылып таратылатын
акциялардың номиналдық құнының сомасында (банк егер ашық типтегі
акционерлік қоғам түрінде болса), кейде құрылтайшылардың арасында жарғылық
капиталдағы үлесіне байланысты барлық акциялар таратылады. Ал мемлекеттік
банктер мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған
болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі
құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе
құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне
жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасынан байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен
құрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету күралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының өзіндік қаражаты есебінен
ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға
тиым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен де
құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы,
құрылтайшылық кұжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50%
төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның
жарияланған сомасы толык төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы
зандылыктармен щектелмейді. Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленген.
Қазақстан Республикасында жаңадан құрылатын банктер үшін, Ұлттық банк
1.07.2001 жылы ең төменгі жарғылық капитал мөлшерін 2 млрд. тенге деп
белгіледі.
Жарғылық капиталға үлес қосқан акционерлер банктің таза пайдасы
есебінен дивиденд алып отырады. Дивидендтің мөлшері, кезектілігі және
есептелу тәртібі акцияның шығарылу тәртібіне және түріне байланысты
анықталады. Банктің пайдасы болмай қалған жағдайларда, артықшылығы бар
акциялар бойынша дивиденд резервтік қор есебінен төленеді.
Жарғылық капиталды ұлғайту көздеріне төмендегілер жатады:
— жаңадан акция шығару немесе айналыстағы акцияның
номиналдық құнын өсіру арқылы;
— жаңадан жарғылық капиталға үлес қосушылар есебінен;
— пайдадан аударымдар есебінен.
Жарғылық капиталдың азаюы акционерлердің жалпы шешімі бойынша
акцияларды сатып алып, оларды жою барысында, сол сияқгы жарғылық капиталға
үлес қосушылардың кетуіне байланысты болуы мүмкін.
Банктің жарғылық капиталдан басқа резервтік қор да құрады. Резервтік
қор - бұл активтік операциялардан туындайтын зияндардың орнын жабу үшін
тағайындалады және пайда жеткіліксіз болған жағдайларда, банктің акция және
облигациялары бойынша дивиденд (процент) төлеу барысында қызмет етеді.
Резервтік қор пайдаға салық салмағанға дейінгі сомада, яғни банктің
жарғылық капиталының төленген сомасының 25%-дан 100%-ға дейінгі сомасы
мөлшерінде құрылады. Пруденциялдық нормативтердегі меншікті капиталдың
жетікіліктілік коэффициентін есептегенде, халықаралық тәжірибеде де
резервтік капитал I деңгейлі капиталға жатады. Резервтік қор жарғылық
капиталдың төленген сомасының 100%-ға жеткен уақытта, ондағы сома жарғылық
капиталға толығымен аударылып, резервтік капитал жинақтала бастайды.
Өзіндік қаражаттың ең маңызды құрылымдық элементінің банктегі
бөлінбеген пайда жатады. Бөлінбеген пайда - бұл дивидендтерді төлегеннен
кейінгі банктің иелігінде қалатын пайданы білдіреді. Жылдың соңында банктің
барлық нәтижелі шоттарындағы сомалар пайда және зиян шотына аударылады, бұл
соманың бір бөлігі резервтік қорға, бір бөлігі дивидендтер төлеуге, бір
бөлігі салық төлеуге жұмсалады. Ал қалған бөлігі банктің несиелік
ресурстары үшін жинақталады, осы бөлікті банктің бөлінбеген пайдасы деп
атайды.
Банкте резервтік капиталмен бірге басқадай (арнайы) қорлар, өндірістік
және әлеуметтік даму үшін, ағымдағы пайдадан аударымдар есебінен құрылады.
Оларды құру және пайдалану барысы банктегі нұсқауларға сай ұйымдастырылады.
Банктің меншікті қаражатының ең негізгі кұрамдас бөлігіне белгілі бір
нақты операцияларды жүргізу барысында құрылатын сақтандыру қорлары жатады.
Оларға бірінші кезекте, бағалы қағаздарға жұмсалымдардың құнсыздану
жағдайына құрылған резервтер, сол сияқгы ссудалар бойынша мүмкін болар зиян
шегушілікке арналған резервтер кіреді. Бұл резервтердің тағайындалуы
банктің сатып алған бағалы қағаздарының нарықтық кұнының нақты
жағдайларда төмендеуіне байланысты және берілген ссудалардың қайтпай
қалуымен байланысты болады. Мұндай резервтерді құру Ұлттық банктің
тарапынан қадағалана отырып міндетті сипатқа иеленеді.
Банктің өзіндік қаражаттарының ең маңызды қызметі бұл
оның салым иелері алдындағы міндеттемесін қамтамасыз
ету болып табылады. Олар банктің өз міндеттемелері бойынша
беретін кепілдігінің шекті шамасын көрсетеді. Банктік
тәжірибеде, өзіндік қаражаттарды банктің зиян шегіп калуына
қарамай-ақ, банктің төлем қабілеттілігін сақтауға
мүмкіндік беретін ресурстарды резерві ретінде санайды.

1.2 Банктің несиелік ресурстарының сырттан тартылған қаражаттар
есебінен құрылу әдістері
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір
ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігін меншікті қаражаттармен қатар,
сырттан тартылған қаражаттар кұрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер
көлемі сырттан тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді.
Банкте сырттан тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді.
Олардың басты түріне банктің клиенттермен жұмыс процесі кезінде тартылған,
сол сияқты басқадай несиелік мекемелерден қарызға алған қаражаттары жатады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді: (схема)
1. Депозиттік қаражаттар.
2. Депозиттік емес қаражаттар.
Депозит (латын сөзінде "depositum"сақтауға берілген затты білдіреді) -
бұл бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға – банкке
(соның ішінде Ұлттық банкке) кайта қайтарылу шартында уақытша
пайдалануға беретін ақша.
Депозиттік операциялар банктің пассивтік операциялары болып табылады.
Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар
нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.
Депозиттік операциялар - бұл занды және жеке тұлғалардың қаражаттарын
белгілі бір мерзімдегі немесе сұранымды салымдарға тартуға байланысты
банктің операциялары болып табылады. Кеңес экономистері депозиттерге
мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік
банктік тәжірибеде сәйкес келмейді.
Депозиттер коммерциялық банктердің депозиттік операциялардың объектісі
болып табылады.
Банк қызметтеріне депозиттік операциялармен айналысудан бұрын, олардың
экономикалық мазмүнына байланысты жіктеуі қажет етіледі. Халықаралық
банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:
І-топ, мерзімдік депозиттер, олардың басқадай түрлері - депозиттік
сертификаттар;
II-топ, талап етілетін уақытқа дейінгі депозиттер;
III-топ, халықтың жинақ салымдары;
IV-топ, бағалы қағаздар.
Коммерциялық банктердің сырттан тартылған қаражаттарын келесі суреттен
көруге болады.

Сурет 1. Коммерциялық банктердің сырттан тартылған қаражаттарының
құрылымы

Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:
- 3 ай мерзімге дейінгі депозиттер;
- 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 9 айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
- бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
- депозиттік сертификаттар.
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк занды және
жеке тұлғалардан акщалай қаражаттар қабылдай отырып, оны олардың депозиттік
шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, "жасанды" депозиттер, яғни банк
клиентке чек арқылы есеп айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Көптеген елдерде депозиттік шоттардың жіктелуі келесідей екі жағдайды
ескере отырып жүзеге асады:
1. депозиттік мерзім;
2. салым иелерінің категориялары.
Қаражаттарды депозиттерге орналастыруды бірнеше себептермен
түсіндіруге болады. Банктер үлкен қаражат сомасының тұрақты сақталуын
қамтамасыз етеді. Одан кейін мерзімді салымдар банктен төленетін өсім ақы
түрінде табыс әкеледі, ал талап етуге дейінгі салымдар төлем құралы
қызметін атқарады.
Салым иелеріне байланысты шоттардың келесідей түрлері бар:
- жеке тұлғалардың шоттары;
- кәсіпорын, акционерлік қоғамның шоттары;
- үкімет ұйымдарының шоттары;
- қаржы мекемелерінің шоттары;
- шетелдік салым иелерінің шоттары.
Талап етілетін уақытқа дейінгі депозиттер - клиенттің алдын-ала
хабарлау етуінсіз кез-келген уақытта талап етуіне жататын қаражаттарды
білдіреді.
Талап етілетін уақытқа депозиттер шоттарда сақталуына байланысты
төмендегідей түрде жіктеледі:
- кәсіпорындардың, жеке ұйымдардың ағымдық немесе есеп айырысу
шоттарында сақталатын қаражат қалдықтары;
- әр түрлі қорларды сақтауға байланысты арнайы шоттардағы қаражат
қалдықтары;
- күрделі қаржы жүмсауына арналған кәсіпорындардың меншікті
қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдықтар;
шетелдік банк корреспонденттердің шоттарындағы қалдықтар.
Депозиттік шоттардың бұл түрін ашу үшін банкке қолма-қол немесе қолма-
қолсыз ақша түрінде акция қаражаттары аударылады. Алғашқы жарна салуды
немесе осы депозиттік шоттағы ақша қаражаттарын толықтыруды
салымшының өзі немесе кез келген басқа тұлға жүргізе алады. Ал, осы шоттан
ақша қаражаттарын алуды салымшының өзі немесе оның қолхаты негізінде басқа
тұлғалар жүргізе алады.
Талап етілген уақытқа дейінгі шоттардың оның иелері үшін артықшылығы -
осы шоттағы ақша қаражаттарының өтімділігінің жоғары болуы. Мұндай шоттағы
ақша қаражаттарымен ақша түрінде жүргізілетін барлық шаруашылық
операцияларын іске асыруға болады.
Талап етілген уақытқа дейінгі депозиттік шоттарға мынандай сипаттама
беруге болады:
1. осы шотқа ақша қаражаттарын салу немесе алу кез-келген
уақытта ешқандай шек қойылмай жүзеге асады;
2. осы шотқа ақша қаражаттарын сақтағаны үшін банк төмен
проценттік ставка төлейді немесе мүлдем төлемейді;
3. банк осы шоттағы ақша қаражаттарын несиелік ресурс ретінде
пайдалана алмайды;
4. клиент осы шоттағы ақша қаражаттарының көмегімен товарлар мен
көрсетілген қызметтерге төлем жүргізуді, коммуналдық төлемдерді
төлеуді жүзеге асыра алады.
Сұранымды депозиттерден басқа банктерде, сол сияқгы мерзімді салымдар
да ашылады.
Мерзімді салымдар - бұл белгілі бір мерзімге тартылған депозиттер
болып табылады. Мерзімді салымдар мен алдын ала хабарлау салымдары арасында
айырмашылықтар болады.
Мерзімді салымдар банктің иелігіне келісім шартқа сай
белгілі-бір мерзімге берілген және мерзімі өткен соң
иесінен кез келген уақытта алынатын қаражатты білдіреді.
Мерзімді салымдар бойынша клиентке төленетін процент
мөлшері оның мерзіміне, сомасына, шартты орындауына байланысты болып
келеді. Тәжірибеде мерзімді салымдар мерзімі 1, 3, 6, 9, 12 айларға
және ұзақ мерзімге салынады.
Алдын ала салымды алуды хабарлау салымы - бұл клиенттің
алдын ала салымды келісім шартта көрсетілген мерзімде
алуын білдіреді. Хабарлау ету мерзіміне байланысты процент
мөлшері анықталады.
Мерзімді салым сомасы келісім шарттағы мерзім
ішінде өзгермейді. Мерзімді салымдар банк пен клиент арасындағы
депозиттік келісім шарт негізінде толтырылады. Мерзімді депозиттер
мен талап етілетін уақытқа дейінгі депозиттер
арасындағы аралықты жинақ салымдары алады. Жинақ салымдары бойынша, осы
уақытқа дейін дәстүрлі түрде жинақ банкі айналысқан. Бірақ та,
бүгін несиелік ресурс үшін коммерциялық
банктерде бұл операцияны жүзеге асыра бастауда.
Жинақ салымдарына халықтың қорлану немесе ақшалай
қаражаттарды жинақтау мақсатында құралатын салымдары жатады.
Бұл салымдар бойынша мерзімді депозиттерде біршама төмен
процент төлейді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде
толтырылады. Кейде клиентке жеке шотының көшірмесі
беріледі.
Біздің банктік тәжірибеде жинақ салымдары салым
операцияларының мерзіміне және шартына байланысты келесідей
түрде жіктеледі:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосылатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- жастарға сый ақы салымдары;
- шартты салымдар;
- мәлімдеуші салымдар;
- депозиттік сертификаттар.
Банктің жеке тұлғалардың шоттары бойынша барлық банктік операциялар
құпия ретінде сақталу қажет.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша ақша қаражаттарының қалдықтары және
олардың қозғалысы туралы анықтамалар мынандай тұлғаларға беріледі:
1. салымшылардың өзіне;
2. оның заңды өкіддеріне;
3. сотқа;
4. тергеу органдарына;
5. салық органдарына.
Салымшылар өздерінің жинақ шоттарындағы ақша қаражаттарын мұраға
қалдыра алады.
Банкте жұмыс істейтін қызметкерлер, банк қызметіне тексеру жүргізетін
аудиторлар және клиенттің шоттарындағы ақша қаражаттарының
қозғалысын білетін басқа тұлғалар сол шоттағы ақша
қаражаттарының қалдықтары туралы үшінші
бір тұлғаға жеткізуіне рұқсат етілмейді. Жеке тұлғалардың
банктегі салымдарын басқару үшін бір немесе бірнеше
тұлғаларға сенімділік негізде рұқсат етіледі. Қолхат үш
жылдан жоғары мерзімге берілмейді.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың атына банктен
салымдық шоттар ашылған жағдайда 14 жасқа дейінгі
балалардың шоттарына олардың ата-аналары немесе занды
өкілдері басқару жүргізе алады. Ал, 14 жасқа толған
тұлғалар өз атына ашылған шоттарындағы ақша қаражаттарын
өз еркімен басқаруға толық құқығы бар.
Банктік депозиттердің тағы бір түрі - депозиттік сертификаттар болып
табылады.
Депозиттік сертификат бұл банккесақтауға берілген
ұлттық және шетел валютасындағы акща қаражаттарына салымшының
құқығын куәландыратын және белгілеген мерзім аяқгалғаннан
кейін ол бойынша проценттер алуға кұқық берілетін банктің
жазбаша куәлігі. Коммерциялық банктер Ұлттық банктің
арнайы лицензиясы негізінде депозиттік сертификаттар
шығаруға құқығы бар.
Депозиттік сертификат банктің салым үшін толтырылатын келісім шарттың
бір формасы болып саналады.
Депозиттік операциялардың басты мақсаты банктердің
коммерциялық мүддесін сақтау және банк балансының
өтімділігін қолдау болып табылады. Осыған байланысты
депозиттік операция негізіне жататын негізгі ережелерді білу
қажет.
Біріншіден, депозиттік операциялар банктердің табыс табуы мақсатында
ұйымдастырылады.
Екіншіден, ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялардың
субъектілерінің әр түрлі болуына және депозиттер формаларының
әр түрлі болып келуіне мән берілуте тиіс.
Үшіншіден, банктік операцияларды жүзеге асыру барысында
депозиттік операциялармен ссудалық операциялардмерзімдері және сомалары
сәйкес келуі қажет.
Төртіншіден, депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында
мерзімді депозиттердің көбірек болуына мән беру маңызды, себебі
банктердің баланс өтімділіктерін олдап отырады.
Бесіншіден, депозиттік операцияларды ұйымдастыруда банк,
депозиттік шоттардан бос резервтер сомасы, яғни активтік
операцияларға жұмсалмаған ең төменгі бөлігі қалуын қадағалауға тиіс.
Алтыншыдан, депозиттерді тартуға мүмкіндік беретін, банктің
қызметтерінің дамуына мүмкіндіктер жасау қажет.

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕЛІК
РЕСУРСТАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ
ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ("АТФ" АҚ мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің несиелік
ресурстарының құрылымын талдау

Біз 1-тарауда Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің
несиелік ресурстарының қалыптасу көздеріне тоқталдық. Енді осы несиелік
ресурстардың кұрылымына нақты мысалдар негізінде "АТФ" АҚ-ның
мәліметтерінің көмегімен талдау жасайық.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының 80-90% -ін банктік
депозиттер, ал 10-20%-ін өзіндік қаражаттар құрайтыны белгілі. Коммерциялық
банктердің активті операцияларының қанша проценті өзіндік қаражаттар
есебінен құралатындығын талдау үшін келесі кесте мәліметтерін пайдаланайық.

Кесте 1. ЕДБ-ң жиынтық балансына сипаттама

(млн. теңге)
2004 2005 2006
ЕДБ-ның меншікті капиталы 97552 122130 160104
ЕДБ-ның жиынтық активтері 527949 816626 1033941
Жіктелген активтер мен шартты
Міндеттемелер 399449 721100 941033
- несиелер 286428 516505 695967
- шартты міндеттемелер 44626 97036 154903

Кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің жиынтық
активтерінің 2004 жылы 18,4%, 2005 жылы 14.9%, ал 2006 жылы 15,5%
құраған. Бұдан біз коммерциялық банк қызметтерінің кәсіпкерліктің
басқа түрлерінен ерекшелігін көре аламыз.
Енді, коммерциялық банктердің депозиттерінің құрылымына талдау
жасайық.

Кесте 2. ЕДБ-ң сырттан тартқан депозиттері мен сыйақылары*
(млн.тенге)
2004 2005 2006
млн. теңге % млн. теңге
млн.теңге % млн. теңге
Халық салымдары, барлығы 257360 343268 459723
- теңгеде 67506 128685 262351
- ЕАВ 189796 214499 197251
- басқа валюталарда 58 84 121
* Талап ету салымдары 45247 59812 73454
- теңгеде 24531 36346 50160
-ЕАВ 20667 23407 23213
- басқа валюталарда 50 59 82
* Шартты салымдар - 494 10621
- теңгеде - 85 1655
- ЕАВ - 408 8966
- басқа валюталарда - - 0
* Мерзімді салымдар 212313 218962 375648
- теңгеде 42975 92254 210536
- ЕАВ 169129 190683 165073
- басқа валюталарда 8 25 39

* ҚР ҰБ-ң статистикалық бюллетені, 01-2007ж.

Кесте мәліметтері бойынша біз халықтың мерзімді салымдарының үлес
салмағының жоғарғы екендігін көреміз. Яғни, халықтың барлық салымдарының
2005 жылы 62%, 2006 жылы 69% -ін мерзімді салымдар құраған. Біз
коммерциялық банктердегі халық салымының жылдан жылға көбеюіне 1999 жылы
"Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру" қорының құрылуы әсер етті деп
ойлаймыз. Яғни, халықтың коммерциялық банктерге деген сенімділіктері жылдан-
жылға жоғарылауда.
Енді біз Қазақстанның ірі коммерциялық банктерінің бірі "АТФ"
акционерлік қоғамының несиелік ресурстарының құрылымына талдау және бағалау
жасайық.
АТФ акционерлік банк болып табылады.
АТФ бүгінгі күні бірден бір алдыңғы қатардағы әмбебап банк ретінде
экономиканың барлық салаларына қызмет көрсетіп отыр.
Банктің басты мақсаты клиенттердің банкте сақтаған қаражаттары бойынша
қызмет көрсете отырып, жаңадан клиенттер тартуда жаңаша қызметтер көрсету
болып табылады.
АТФ өзінің қызметі жағынан еліміздегі бірінші төрт банк қатарында,
яғни Халық банкі, Қазкоммерцбанк және БТА.
Банкті жоғарғы басқару ұйымы - акционерлердің жалпы жиналысы болып
табылады. Банктің акционерлері кез-келген заңды және жеке тұлғалар бола
алады.
Қазақстан Ұлттық банкінің "Екінші деңгейлі банктерді халықаралық
стандартқа өткізу туралы бағдарламасына" сәйкес, АТФ бірінші болып өткендер
қатарында. Соның негізінде, бұл банк өзінің капиталдану процесін басынан
кешірген.
Бүгінгі күнгі, банктің жарғылық капиталы - 8 870,2 млн.
теңгеніқұрайды. Ал банктің меншікті капитал сомасы - 9 468,5 млн. теңге
шамасында. Соңғы уақыттарда банк өзінің меншікті капиталын ұлғайту
мақсатында жұмыс жасап отыр десе болады.
АТФ жарғылық капиталы соңғы жылдары, ұлғая түскен. Жарғылық капитал
көлемі 01.01.05 жылы - 7420 млн. теңгені және 01.12. 2006 жылы 8870 млн.
теңгеніқұрайды, бірінші жылы, яғни 01.01.2001 жылмен 01.01.2002 жылғы
көрсеткішті салыстырғанда 5,6 есеге өссе, ал 01.01.2003 жылы бұл көрсеткіш
1,1 есе ғана өскендігін көреміз. Мұндағы, көрсеткіш банктің жарғылық
капиталының ұлғаюы және акционерлер қатарының көбеюіне байланысты деп
айтуға болады.
Ендігі жерде, АТФ несиелік ресурстарды құрайтын көз ретінде меншікті
капиталына талдау жасайық. Ол үшін келесі кестедегі мәліметтер
пайдаланылады.

Кесте 5. "АТФ" АҚ-ң меншікті капитал құрылымы

(млн. теңге)
Баланс 2005ж %-тік 2006 ж %-тік
баптары үлесі үлесі

Осы кестеден, меншікті капитал құрамында айтарлықтай өзгеріс
байқалмағанымен де, баптардың барлығында біршама өсу байқалады. Банктің
резервтік капиталы банкте аяқ-асты шығындар пайда болған жағдайларда
пайдаланады.
Меншікті капиталдың көрсеткіштерін, оның жалпы сомасындағы үлесіне
қарай бөліп қарайтын болсақ, ондағы басты үлесті банктің жарғылық капиталы
алады. Ал ең төменгі үлес басқадай, яғни банкті өндірістік және әлеуметтік
даму қорларына тиеді.

Диаграмма 1. 01.12.2005 жылдағы меншікті капиталдың үлесі
а. 85,0% - жарғылық капитал.
б. 7,4% - негізгі қорларды қайта бағалау қоры.
в. 6,5% - қосымша капитал.
г. 1,1% -өндірістік және әлеуметтік даму қоры.

Диаграмма 2. 01.12.2006 жылдағы меншікті капиталдың үлесі
а. 85,3% - жарғылық капитал.
б. 7,6% - негізгі қорларды қайта бағалау қоры.
в. 5,8% - қосымша капитал.
г. 1,3% - өндірістік және әлеуметтік даму қоры.
Жоғарыдағы келтірілген кесте мен мәліметтерді
қорытындылай келе, банктің ағымдық қызметінде болсын және
сондай-ақ, өткен жылдарда болсын пайдасы есебінен банктің меншікті
капиталын ұлғайтатын басты көздің қысқаруын сипаттайды.
Сонымен банктің меншікті капиталын ұлғайтудың басты көзі ретінде, біз
үш негізгі көзді қарастырамыз:
— пайда есебінен арттыру;
— қосымша акциялар шығару арқылы;
— құрылтайшылар санын арттыру есебінен.
Біріншісі, банк қызметінің нәтижелілігіне тікелей байланысты
болатынына көзіміз жетті.
Екінші көз есебінен ұлғайтудағы басты проблема бұл бағалы қағаздар
нарығының дамуына тәуелді. Ал, бүгінгі таңдағы біздегі бағалы кағаздар
нарығы даму түгіл әлі де қалыптасып бола алатын емес. Оның үстіне бағалы
кдғаздарды (акцияларды) эмиссиялаудағы тәртіпте өте қатал талап қояды.
Өйткені, бірінші жасалатын эмиссияның шығарған акциялары толық таратылып
үлестірілмейінше, келесісін шығаруға қатаң тиым салынады. Ендеше, бұл көз
есебінен ұлғайту мүмкіндігі де жоқ десе болғандай.
Отандық банктік тәжірибеде бағалы қағаздарды сатудың келесідей
тәсілдері қолданылады:
1. акцияны сатып алу барысында, оған төлемді материалдық
бағалы заттармен, материаддық емес активтермен сондай-ақ, нарықта
еркін айналатын баскд бір үшінші тұлғаның бағалы қағаздарымен
төлеуді жолға қойған;
2. акцияны теңгеге және шетел валютасына сату, сатып алушымен белгілі
бір акциялардың санын сатып алуға және сатуға байланысты
келісім шарт негізінде;
3. құрылтайшылардың бұрынғы қосқан пайдаларын акцияларға ауыстыру;
4. акционерлерге төленетін дивиденд орнына акцияларды бөлу;
5. бұрынғы шығарылған акцияларды облигацияларға алмастыру.
Үшіншісі, құрылтайшылардың санын көбейту арқылы ұлғайту да, оларға
берілетін жеңілдіктердің жоқгығына байланысты көптеген пай иелері қосқан
үлесін қайтарып алмаса, салуға деген ынтасы жоқгың қасында.
Дегенмен де, бұл банктің меншікті капиталын ұлғайтудың жолдарын
іздестіру қажет. Себебі, қаншалықты банк капиталының көлемі
жеткілікті болса, соғұрлым банк тұрақты болып табылады. Бұл,
клиенттерге қаражат тартудағы бірден бір кепілдікті білдіреді.
Сондықтан да, банк капиталын дәл қазіргі жағдайда ұлғайту үшін
жұмыс жасалуға тиіс.
Өткен бөлімде қарастырылып өткендей, коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарының басым бөлігін сырттан тартылған ресурстар құрайды.
Еліміздегі ірі коммерциялық банктердің бірі АТФ сырттан тартылған
қаражаттары төмендегідей көздер есебінен күралған:
— кәсіпорындар мен ұйымдардың, және фирмалардың, есеп-
айырысу және ағымдық шоттағы қаражаттары;
— банк-корресспонденттердің шоттарындағы қаражаттары;
— басқадай банктер мен қаржылық ұйымдардан алынған несиелер;
— Қазақстан Ұлттық банкінен алынған несиелер;
— халықтың салымдары;
— басқадай пассивтері күрайды.
АТФ және басқадай филиалдарындағы төлем жүйесі клиенттер мен арадағы
есеп-айырысуда, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Клиенттерге
есеп айырысу және кассалық қызмет көрсете отырып, банк есеп-айырысу
және ағымдық шоттардағы қаражат тартады.
Есеп-айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттарды талап етілетін
уақытқа дейінгі депозит түріне жатқызуға болады. Бұл шоттар бойынша процент
төленбейді немесе өте аз мөлшерде төленеді.
Сондай-ақ, есеп-айырысудағы қаражаттармен бірге, банк несиелеу ресурсы
ретінде, осы клиенттерінің ашқан басқа да депозиттерін пайдалана алады.
АТФ-тің шығаратын бағалы қағаздарын несиелік ресурстарды құрау көзіне
қарай екіге бөлуге болады:
1. Акциялар шығару;
2. Қарыздық міндеттемелер (вексельдер, облигациялар және депозиттік
сертификаттар) шығару.
Бағалы қағаздар несиелік ресурстардың ең ыңғайлы көзі ретінде, эмитент
үшін де, және оның үстаушысы үшін де қолайлы болып табылады. Эмитент-банк
өзінің бағалы қағазын шығара отырып, оның айналыс мерзімі аяғына дейін
ақшалай қаражаттарын несиелік ресурс ретінде пайдаланса, ал оны үстаушы,
егер де банктің бағалы қағаз өтімді болса оны екінші реттегі бағалы
қағаздар нарығында сата отырып, өзіне қажет қаражат сомасына қол жеткізеді.
Ал, АТФ бүгін күні айналысқа тек акциялары ғана шығарып отыр. Оның
карыздық міндеттемелерді шығаруы алдағы уақыт бағдарламасында көзделген.
Сонымен қатар, АТФ мемлекеттің бағалы қағаздарын: қысқа және орта
мерзімді қазыналық міндеттемелерді, сол сияқгы, Ұлттық жинақ облигацияларды
екінші нарықта сатуда дилерлік қызмет атқарады.
АТФ өзіндегі ресурс жеткіліксіз болған жағдайларда, осы бағалы қағаздарды
кепілге бере отырып, Ұлттык банктің қыска мерзімді несиелерін алып
пайдаланады.
Сонымен АТФ несиелік ресурстарының құралу көздеріне: сырттан тартылған
және меншікті капитал көздеріне көңіл бөлейік. Ол үшін, соңғы екі
жылдардағы банк балансының пассив бөлігінің көрсеткіштерін пайдаланамыз.
Осы көрсеткіштер негізінде, келесі беттегі кестені тұрғызайық.

Кесте 6 Банктің несиелік ресурстарының құрылымы.

(млн. теңге)
Ресурстар көздері 2005 ж. %-тік 2006 ж. %-тік
үлесі үлесі
I. Меншікті капитал 9106.2 44,0 10393.1 44,8
II. Сырттан тартылған 11568.9 56,0 12798.4 55,2
қаражаттар
Барлығы 20675.1 100,0 23191.5 100,0

Кестеден АТФ соңғы екі жылдағы пассивтік операциясы негізінде
жинақталған банк несиелік ресурстарының ішінде банктің меншікті капиталының
үлесі 2005 жыл басына -44.0%-ті (немесе 9.1 млрд.) құраса, жыл бойында
өскен шамасы -2006 ж. - 44.8%-ке (немесе 10.4 млрд. теңгеге) жеткен.
Ал сырттан тартылған қаражаттар үлесі: 2005 ж.- 56.0%-ті (немесе 11.6
млрд. теңгені) және 2006 ж. - 55.2%-ті (немесе 12.8 млрд. теңгені)
құрайды.
Кестеден АТФ-ң банктік несиелік ресурстар құрылымындағы банк
капиталының көлемінің еліміздегі басқадай екінші деңгейлі банктермен, оның
ішінде 2 тараудың басында аталып өткен үш ірі
банктерімізбен (Халық банк, Қазкоммерцбанк, БТА банкі) салыстырғанда
өте жоғары көрсеткішке ие екендігін байқауға болады. Бұл көрсеткіштің, яғни
банк капиталының жоғарылығын көрсетпейді, керісінше, банк ресурстарындағы
сырттан тартылған қаражаттар үлесінің төмендігін сипаттайды.
Шетелдік банктер тәжірибесінде, банктердің пассив операцияларының,
яғни ресурстарының құралу көзінің басым бөлігі, мысалға 90%-ке жуығын
сырттан тартылған ресурстарқұрайды делінеді, ресейлік әдебиеттерде.
Соған қарап, бұл АТФ-ң сырттан қаражаттар тартуда әлі де болса, пассивтік
көзқарас танытып отырғандығын көреміз. Сырттан тартылған қаражаттар көп
бөлігін депозиттік қаражаттар алады.
АТФ-тің сырттан тартылған депозиттер түрлеріне тоқталайық:
1. Балалар депозиті - жеке тұлғалардан, балаларының атына
(16 жасқа дейін) мақсаты салымға жатады. Бұл депозит бойынша ең төменгі
салым мөлшері:
— ұлттық валютада -150000 теңге;
— шетел валютасында - 1000 АҚШ доллары немесе 1000 евро.
Аталған депозит бойынша әр жылдың аяғында сый ақы есептеліп отырады.
Бұл депозит бойынша қосымша жарналар талап етіледі, оның ең төменгі мөлшері-
7500 тенге, 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
2. "Люкс" депозиті - бұл қосымша жарна қосу арқылы жеке және занды
тұлғалардан 1, 3 ай мерзімге қабылданады. Ең төменгі салым мөлшері:
— ұлттық валютада - 150000 теңге;
— шетел валютасында - 1000 АҚШ доллары немесе 1000 евро.
Сый ақы депозитке кдбылданған күні төленеді, бірақ бұл депозитті
жартылай алуға болмайды.
3. "Зейнетақы" депозиті - зейнеткер-жеке
тұлғалардан қабылданады. Мүнда салым үстіне қосымша жарна қосуға оны қолма-
қолсыз ақша түрінде қосуға болады. Салым - 1, 3, 6, 12 айға қабылданады. Ең
төменгі салым мөлшері:
— ұлттық валютада - 75000 теңге;
— шетел валютасында - 500 АҚШ доллары немесе 500 евро.
4. "Зейнетақылық қорлану" депозиті - жеке тұлғалардан
3 жылдан жоғары мерзімге, шотта ақша жинақтау үшін қызмет етеді. Бұл шотқа
да қосымша жарна қосуға және оны қолма-қолсыз ақша түрінде жүзеге асыруға
болады. Ең төменгі салым мөлшері:
— ұлттық валютада - 15000 теңге;
— шетел валютасында - 100 АҚШ доллары. Сый ақы жыл аяғында төленеді.
5. "Корпоративтік" депозит - тең заңды тұлғаларда 3, 6 ай мерзімге
қолданады. Салымның ең төменгі мөлшері:
— ұлттық валютада - 1 000 000 теңге;
— шетел валютасында - 10 000 АҚШ доллары. Сый ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Банк несиелерінің айналымы мен қайтарымдылығы
Ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру процессі
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы
Пәндер