Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……… . . . . . . . 3
1 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік қатынастарының құқықтық айналымға түсу ерекшеліктері . . . … . . . . . . …. 13
- Қазақ халқының дәстүрлі тарихи санасындағы меншік ұғымы ……… . . . 13
- Меншік институтының қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі орны мен маңызы . . . . . . . . …. 34
2 Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік институтының дамуы …. 59
2. 1 Көшпелі қазақ қоғамындағы меншік иелерінің құқықтық жағдайы . …. …. . 59
2. 2 Қауымдық меншік . . . . . ……. . …. ………. . . . . 72
2. 3 Отбасылық меншік . . . ………. . . . … 82
2. 4 Жеке меншік . . ……… . . . …. . . ……. . 92
3 Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік салалары (нысандары) және оны қорғау мәселелері . . . . . ………. ……… . . . … 94
3. 1 Меншік қатынастары нысандарының құқықтық сипаты ……. . . . . 94
3. 2 Малға және мүлікке меншік . ………. ………. ……. . . . ……. … . . . 98
3. 3 Жерге меншік …. . …. ………. . . …… . . . … 107
3. 4 Құл иелену …. . . . ……. . . 124
3. 5 Меншікті қамтамасыз ету және қорғаудың кейбір мәселелері ……. . …… 129
Қорытынды ……. …… . . . . . …. … . . . ……. . ……… . . . 148
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …. . … . . . . ……. …. . …. . … . . . 150
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Диссертациялық жұмыс жалпы көлемі 153 беттен тұратын кіріспеден, бөлімшелерге бөлінген 3 бөлімнен, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, диссертациялық зерттеудің нысаны, зерттеу пәні, жұмыстың мақсаты, диссертацияның теориялық негізі, зерттеудің деректемелік негізі, жұмыстың методологиялық негізі, жұмыстың міндеттері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар, жұмыстың теориялық және тәжірибелік құндылығы, зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі, жұмыстың құрылымы берілді. Бірінші бөлімде дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік қатынастарының құқықтық айналымға түсу ерекшеліктері: Қазақ халқының дәстүрлі тарихи санасындағы меншік ұғымы, меншік институтының қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі орны мен маңызы қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік институтының дамуы: көшпелі қазақ қоғамындағы меншік иелерінің құқықтық жағдайы, қауымдық меншік, отбасылық меншік, жеке меншік қарастырылды. Үшінші бөлімде қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік салалары (нысандары) және оны қорғау мәселелері: меншік қатынастары нысандарының құқықтық сипаты, малға және мүлікке меншік, жерге меншік, құл иелену, меншікті қамтамасыз ету және қорғаудың кейбір мәселелері қарастырылды. Қорытынды бөлімде жұмыстың нәтижелері мен осыған дейінгі жазылған еңбектерден айырмашылығы жайлы жазылған, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институты мәселесі заң ғылымының мемлекет және құқық тарихы, мемлекет және құқық теориясы салаларында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Меншік институтының даму мәселесі мемлекет және құқық теориясында методологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Бұл орайда И. М. Дьяконов пен В. А. Якобсонның пікірі қызықты болып табылады, яғни олар: «Проблема структуры древнего общества многократно обсуждалась в нашей науке. Когда же марксистская идеология перестала быть “единственно верной”, интерес к указанной проблеме оказался в значительной мере утраченным. Стадиальный (формационный) подход к изучению истории многими теперь объявляется устаревшим, заменяется подходом цивилизованным. Сразу же выяснилось что и такой подход имеет свои слабости. Если при формационном подходе, стремящемся к широким обобщениям, нередко допускались натяжки в угоду господствующей идеологии, то при подходе цивилизованном господствует сознательный отказ от всяких обобщений, игнорирование очевидных общих черт многих цивилизаций. А это ничуть не меньшая натяжка, причем тоже вполне идеологического свойства”, - деген пікірі дұрыс-ақ [1, 25 б. ] .
Біздің елде белгілі себептерге сай марксизмге өзіндік бір “аллергия” пайда болды, ал Батыста ол әрине, “жалғыз сенімді ілім” демесек те, жақсы социологиялық және тарихи теория болып отыр. Онымен қатар тарихтың өзге де теориялары бар және қолданылады да, ал кейбір кездері олардың негіздеулері тарихи-материалистік теорияға қарағанда әлдеқайда сәтті шығып та жатады. Тіпті кейбір жағдайларда дәл осы тарихи-материалистік теория ақиқатқа жақын болып та жатады.
Жалпы алғанда, К. Маркс қоғамдық дамудың стадиялы (формациялық) теориясы туралы айтқан бірінші ғалым емес. Ол туралы Ф. Энгельс те айтқан [2, 204 б. ] Бірақ К. Маркстің еңбектерінен біз формациялар, яғни бірін-бірі ауыстырып отыратын әлеуметтік кешендер ұғымын алғаш кездестіреміз. Бұл формацияларды К. Маркс белгілі бір меншік формасы мен өндіріс әдісіне негізделген қоғамдық-экономикалық формациялар деп айқындаған. Бірін-бірі ауыстыратын формациялар концепциясын К. Маркс жасап үлгерген жоқ еді.
Жалпы алғанда, өз бастауын Вико, Тюрго, Кондорсе, Сен-Симон, Гердер, Гегельдерден алатын стадиялы-формациялы көзқарастың екі негізгі тармағы бар - формациялық (Маркс және Энгельс) және либералды-модернизациялық (Белл, Тоффлер) .
К. Маркс “капиталистік формация” моделін жасап, болашақта таптық қарама-қайшылықтарды жоятын “коммунистік формацияның” пайда болатындығын болжаған еді. Бірақ капиталистікке дейінгі формацияларда қиындықтар туды - алғашқы қауымдықтан кейін меншіктің бірден екі үстем формасы (Маркстің айтуынша формациялар) - антикалық және азиялық пайда болды және кейін феодализмге ауысты [3, 16 б. ] . Бұл екіұштылықты жою үшін К. Маркстің ілімін жалғастырушылар көне заманда ешбір елде құлдар халықтың басым көпшілігін құрамағандығына қарамастан антикалық дәуір мен азиялық деспотияларды “құлиеленушілік формацияға” біріктірді (тіпті “құл иеленушілік” Грецияға да қатысты өндірістің құлиеленушілік әдісі концепциясының жақтастары да мұны мойындайды, ал Ежелгі Шығыс елдеріне қатысты бұл факт ешқандай күмән тудырмайды) .
Әрине, тарихқа деген мұндай қиянат Ежелгі Шығыстағы құл иеленушіліктің қосымша ролін дәлелдеп жүрген практик-тарихшылар тарапынан қарсылықтар тудырды [4, 91 б. ] .
Олар көне дәуірде өндірістің екі әдісі қатар өмір сүрген деген немесе капиталистікке дейінгі қанаушылық қоғамдардың барлығын капиталистікке дейінгі біртұтас формацияға біріктіру керек деген концепцияларды ұсынды. Бұрынғы концепцияның жақтастары “өндірістің құлиеленушілік әдісі” және “құлиеленушілік формация” атаулары өзінің көп тұсында шартты ғана болып табылатындығын, және мұнда құлиеленумен қатар мемлекеттің (басқарушылардың) шаруа халықты қанаушылығы да маңызды роль атқаратындығын мойындайды. Бірінен-соң бірі емес, қатар өмір сүрген екі формацияны бөліп көрсету керек деген ұсыныс Батыс пен Шығыс елдерінің мәдени-географиялық әркелкілігі туралы нақты бай материалдарға негізделген. Формациялық теория тегістеген жергілікті ерекшеліктерді ресми идеологияның бағалауы көзге түсіп тұрды. Өндірістің жеке “азиялық” әдісі теориясынан - қоғамдық дамудың (сондай-ақ өндірістің азиялық әдісінің белгілерін анықтаудың) стадиялық (формациялық) көзқарасына қарама-қайшы келетін цивилизациялық теорияға бір-ақ қадам.
Кеңес Одағы құлағаннан кейін, жасанды схемадан бас тартқан тарихи публицистика, оның соңынан ғылым да формациялық көзқарастан толық бас тартқан басқа көзқарасқа бет бұрды.
Формациялық көзқарасқа балама ретінде адамзат сатылы түрде емес, “шеңбер бойынша” дамиды деген пікір ұсынылды. Әрбір этнос (немесе цивилизация, немесе мәдениет) дамудың белгілі бір циклін өтеді де сөнеді. Оның орнына дамудың дәл сондай циклдерін өтіп жатқан жасырақ цивилизациялар келеді. Бұл концепцияның аса ірі өкілдері О. Шпенглер және А. Тойнби [5, 110 б. ] . ТМД территориясында, әсіресе Ресей мен Қазақстанда іс жүзінде өркениеттік көзқарастың нұсқасы болып табылатын Л. Гумилевтың “этногенез” концепциясы кең тарады (Евразиялық тұтастық идеясы да соныкі болып табылады) .
Цивилизациялық концепциялар авторларының әрбір цивилизацияның дамуының белгілі бір стадияларын бөліп көрсеткендігіне қарамастан, іс жүзінде адамзат тұтастай дами алмайды, себебі әрбір цивилизация шеңбер бойынша қозғалады. Бірақ индустриялық революция уақытымен байланысты нақты шекараның бар екендігін маркстік емес те теоретиктер айтқан еді [6, 31-43 бб. ] .
“Жаңа”, яғни индустриалды қоғамға көшу өзге әлемдік кеңістіктегі “прогрессивті” мәдениеттердің экспансиясы ретінде ғана мүмкін болады дегенді ұстанған модернизация идеясы индустриялық және индустриялыққа дейінгі қоғамдар мәселесіне цивилизациялық теорияның өзіндік жауабы болып табылады. Біртіндеп “модернизация” деп вестернизация түсініледі, ал өзінің мәдени дәстүрлері бойынша “шығыстық” халықтар дербес дамуда ішкі қайнар көздері жоқ деп жарияланды. Сонымен қатар Батыс еркіндік идеяларымен байланыстырылса (батыс деспотизмі туралы кейбір тарихи фактілер ерекше жағдайлар ретінде қарастырылады немесе олар туралы мүлдем айтылмайды), Шығыс (яғни европалық бөліктің біразы және өзге мәдениеттердің барлығы) - авторитарлықпен және этатизммен байланыстырылды. Батыс мәдениеті дамудың әмбебап жолы, ал оның белгілі бір мемлекетте тарауы - “қазіргі заман” критериі болып табылады [3, 23 б. ] .
Көшпелі халықтардың тарихын зерттеудегі көзқарастардың көптігі жоғарыда айтылған мәселелердің дәлелі болып табылады. “Формациялық” көзқарастың мысалы ретінде біз А. А. Росляковтың мақаласынан үзінді келтіре аламыз: “В настоящее время советская наука бесспорно установила, что степные племена и народности Средней Азии и Казахстана в VІ-XV вв. н. э. находились на феодальной ступени развития. Основу феодальных отношений у них, как и у населения земледельческой полосы, составляла феодальная собственность на землю, при этом феодальные отношения у кочевников сочетались с множеством патриархальных институтов и пережитков в быту. В частности, у кочевников стойко сохранялась родоплеменная организация. Большее значение, чем у передовых земледельческих народов имело обычное право, сохранялось общинное самоуправление и т. п. ) ” [7, 61 б. ] . 90-шы жылдары цивилизациялық бағыт Н. Масановтың “Кочевая цивилизация казахов” атты монографиясынан да көрініс тапты. Мәселеге байланысты қазіргі заманғы историографияға нақты талдау жасағаннан кейін Н. Масанов келесідей қорытындыға келген еді: “Мы вправе зафиксировать наличие по меньшей мере трех основных концепций общественного развития номадов: доклассовой, раннеклассовой и классовой (по преимуществу феодальной) в самых различных вариантах” [8, 155, 212 бб. ] . Ал шын мәнінде мәселе өндіруші шаруашылықтың толық орнаған уақытынан бастап өнеркәсіптік өнім өндіруіне дейін әмбебап аграрлық цивилизация ретінде белгіленуі мүмкін еңбектің қоғамдық бөлінуі жүйесінің дамуындағы аграрлық кезең орын алған болатын. Ұсынылып отырған аграрлық цивилизацияның ішінде өндірісті жүргізудің әртүрлі ондаған әдістері бөлініп көрсетілуі мүмкін. Г. М. Марков өзге мазмұнда болса да ерекше ғылыми категорияға бөлуді алғаш ұсынған “номадтық” өндіріске тән белгілер деп: қоғамдық өндірістің табиғи-автократиялық сипатын, тұтыну мақсатына ғана бағытталған қолөнер мен сауданың бөлінбеуін, еңбектің қоғамдық бөлінуі жүйесі негізінен кооперация, өзара көмек және біріккен еңбек деңгейінде жұмыс істеуі және нәтижесінде әлеуметтік құрылыстың қауымдық формасының толық үстемдік етуін айтуға болады. Ел ішіндегі билікке таласушылық тенденциялардың болуы қоғам дамуындағы әлеуметтік-құқықтық институттар мен мемлекеттік-биліктік инфраструктураның нашарлығы мен дамымағандығынан көрініп жатты. Өндірістің номадтық әдісінің негізгі қарама-қайшылығы бір жағынан қауым ішіндегі қоғамдық өндірістің ұжымдық ұйымдастырылуы мен біріккен еңбегінің арасындағы қарама-қайшылығында, екінші жағынан, осы еңбекті жекелеген адамдардың иемденуінде еді. Және ірі мал иеленушілерінің өндіріс процесін монополиялап алуы, малы аз адамдардың шаруашылық жүргізе алмауы осының нәтижесі болып табылды. Қарастырып отырған кезеңге келетін болсақ, ертетаптық қатынастар туралы рулық меншікпен, малға монопольдік меншіктің болмауымен, таптық күреспен, рулық-қауымдық демократияның болуымен сипатталатын көшпенділер қоғамдық дамудың ертетаптық стадиясына ғана өз бетінше жетеді деген ерекше концепция бар (мысалы, Г. М. Марковтың концепциясы) . Көшпенділердің әрі қарай дамуы олардың отырықшы-жерөңдеуші халықтармен өзара қарым-қатынастарымен, әсіресе мемлекеттіліктің пайда болуын сыртқы саяси басқыншылықтармен, жер өңдеуші халықты қанаушылық жүйесімен және алым-салықтық қатынастардың орнауымен байланыстырылуымен айқындалады. Бұл пікір соңғы кездері кең таралып жүр.
Өзінің мәні бойынша цивилизациялық және формациялық көзқарастар арасындағы күрес - әртүрлі нәрселердің арасындағы күрес. Стадиялық әртүрлілікті жоққа шығару - этномәдени ерекшеліктерді жоққа шығару сияқты шектен шығу болып табылады. Сонымен қатар маркстік историографияда “алтын орталықты” табуға мүмкіндік беретін “жалпы және ерекше” деген мәселе көтерілген. Барлық елдер бірдей даму стадияларынан өтеді, бірақ әрбір ел оған өз жолымен жетіп, өз жолымен өткереді.
Бұл орайда И. Дьяконов пен В. Якобсонның ескертуі дұрыс сияқты, олар: “Историкам не следует ни стесняться, ни бояться этой теоретической разноголосицы. С легкой руки основоположников и продолжателей советского варианта марксизма слово “эклектика” стало ругательным. Но даже физика, относящаяся, как известно, к точным наукам, пользуется для различных случаев разными теориями, которые пока еще не удается согласовать между собой, т. е. создать некое теоретическое единство; поэтому физики выбирают теорию наиболее подходящую для данного случая, наиболее удобную и обладающую максимальной объяснительной силой. История и другие общественные науки имеют дело с объектами неизмеримо более сложными, чем те, которыми занимаются науки естественные, и никаких надежд на создание единой общепринятой теории в обозримом будущем не имеется. По этой причине эклектический подход следует пока считать для историков неизбежным, но он должен сочетаться со строгим учетом фактов, с недопущением каких-либо искажений в угоду или назло какой-либо теории или идеологии” [1], - деп жазған болатын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көшпелі қоғамдарды зерттеу деректерінің барлығын үш топқа бөлуде болады. Біріншісін жазба деректер құрайды: ол қытай және ортаазиялық авторлардың шығармалары, сондай-ақ европалық, ресейлік саудагерлер мен саяхатшылардың жазып қалдырған деректері (XVІІ-XVІІІ ғғ. ) . Екіншісін археологиялық деректермен бекітілген нарративті қайнар көздерден алынған деректер құрайды. Үшіншісін этнология, лингвистика және антропология ғылымдарынан алынған деректер құрайды. Қазақ әдет-ғұрып құқығы Ресей империясы органдары мен олардың Қазақстандағы ресми өкілдерінің де, елге келген орыс зерттеушілерінің де қызығушылығын тудырады. Бұл бірқатар мән-жәйлармен байланысты болды, ең алдымен жергілікті халықтың өміріндегі әдеттік-құқықтық нормалардың берік орныққандығынан. М. Сперанскийдің “Сібір қырғыздарының Жарғысын” дайындаған кезде (1820-1822 жж. ) және Кіші және Орта жүздерде хандық билікті жою және аға-сұлтан, сұлтан-правитель институттарын енгізу қарсаңында патша өкіметі заңды және заңсыз жолдармен жүргізілетін реформаларға халықтың әртүрлі топтары тарапынан болуы мүмкін наразылықтар туралы мәлімет жинады. Бұл жылдары патша өкіметін қызықтырған негізгі сұрақтардың ішінде хандық билік жүйесіне, оның қызметтік құндылығына қатысты, билер соты туралы және билердің хандық билікпен байланысына қатысты әдеттік-құқықтық ережелер мен дәстүрлер халықтың санасында қаншылықты деңгейде орнаған деген сұрақтар да болды. Жиналған материалдардың негізінде хандық биліктің беделі түскен, әдеттік-құқықтық саяси институттар әлсіреген деп болжамдаған патшалық өкімет қазақ даласында өз реформасын жүргізе бастайды. ХІХ ғасырдың 40-60-шы және 80-ші жылдарында патша өкіметі болуы мүмкін бағыттар мен өзгерістерді анықтау мақсатында қазақтардың басқару жүйесі мен әдет-ғұрып құқығын зерттеу жөнінде бірнеше рет комиссия құрған болатын. Бұл комиссиялардың алдына қазақ қоғамының дамуының объективті тенденцияларын анықтау мақсаты қойылған жоқ. Патша өкіметі Қазақстанды Ресей империясының шикізаттық және орталық бөлігіне айналдыруға мүдделі болды. Бұл мақсатын ол сол кездегі қазақ қоғамының құқықтық құрылымына ерекше көңіл аудара отырып, ішкі өмірі мен құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге тырысты. Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеу үшін патшалық Ресей өкіметі құрған комиссиялардың, жіберген чиновниктер қызметінің нәтижесінде қазақтардың әдеттік-құқықтық ережелері туралы, қоғамдық қарым-қатынастардың әртүрлі топтарындағы, олардың шын мәніндегі реттеушілік күші туралы көптеген нақты материалдар жиналған болатын. Бұл материалдар оларды жинаудағы саяси мақсаттарға қарамастан ғылыми және танымдық өмірде өте құнды болып табылады. Қазақтардың түп-тамырымен көне заманға кететін әдеттік-құқықтық нормалары тез есте сақталатын, әдемі айшықталған қағидалар мен нормалар түрінде ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырғаны белгілі. Ал орыс чиновниктері мен зерттеушілері оларды алғаш рет белгілі бір жүйесін жасап жазып алған еді. Жиналған нормативті материалдардың біраз бөлігі кезінде қазақ әдет-ғұрып құқығының нормаларының жинақтары түрінде жарияланған болатын. Олардың авторларының көпшілігі Қазақстандағы көрнекті Ресей чиновниктері болған және сол жинақтарды жасап, жүйеге келтіруге де қатысқан. Революцияға дейінгі кезеңдегі қазақтардың әдеттік-құқықтық ережелерін сипаттайтын көптеген нормалардың жазбалары, әртүрлі анықтамалар мен есептер Орталық архивтерде Қазақстанның, Ташкент, Омск, Орынбор, Томск қалаларының архивтерінде сақталып қалды. Қазақ әдет-ғұрып құқығын сипаттау және зерттеу жөнінде революцияға дейінгі орыс зерттеушілері мен саяхатшылары біраз мұра қалдырған болатын. Олар әдет-ғұрып құқығының жүйесі, институттары және нормаларына әртүрлі тұрғыдан баға берді. Жалпы алғанда қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеу сипаттаушы түрде болды. Қазақ әдет-ғұрып құқығының өзекті мәселелерін жүйелі түрде зерттеу ХХ ғасырда ғана басталды. Ол Қазақ ССР-нің Ғылым Академиясының және оның құрамында құқық бөлімінің ашылуымен (1946 ж. ) және Алматы Заң институтының ашылуымен (1938 ж. ) байланысты болды. Революцияға дейінгі Қазақстанның әдеттік-құқықтық жүйесі туралы алғашқы ғылыми зерттеулер 30-шы жылдардың ортасында басталған болатын. Бұл салада алғаш еңбек жазғандардың бірі көрнекті заңгер-ғалым Т. М. Күлтелеев еді. Ол 1939 ж. “Социалистическое уголовное право в борьбе с пережитками патриархально-феодальных отношений в Казахстане” атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған болатын. Оның көптеген беттері дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдеттік-құқықтық жүйе мәселелерін қарастыруға арналды. 40-50-ші жылдарда қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеуге байланысты бірқатар докторлық диссертациялар қорғалған болатын. Ғылым Академиясының құрамында ашылған құқық бөлімі (1946 ж. ) өзінің жоспарлы зерттеулерін осы қазақ әдет-ғұрып құқығының мәселелерін зерттеуден бастады. Ол 1948 ж. “Материалы по обычному праву казахов” деген еңбектің 1-ші томын жариялаған болатын. Кейінгі 2-томын дайындау да жоспарланған еді. Бірақ ол сол бетінше жарыққа шыққан жоқ. 1960 жылы екінші құжаттық жинақ: “Материалы по политическому строю Казахстана” атты жинақтың бірінші бөлімі жарық көрді. Жинақтың екінші бөлімін жариялау жоспарланып еді, ол да шықпай қалды. 40-50-ші жылдардағы қазақ әдет-ғұрып құқығы мәселелерімен қызығушылық С. В. Юшков, С. Л. Фукс, Т. М. Күлтелеев сияқты ірі заңгер-ғалымдардың тұлғаларымен және зерттеушілік бастамаларымен байланысты болған еді. Бірақ 50-ші жылдардың аяғында бұл жұмыс тоқтап қалып, 70-ші жылдарда ғана қайта қолға алынады.
90-шы жылдардың басынан бастап, тәуелсіздік алуымызға байланысты Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы мәселелеріне ерекше көңіл аударыла бастайды. Сондықтан да әрине, қазіргі күні идеологиялық тоқырау жылдарында шешуі табылмаған көптеген мәселелерді шешу оңайырақ.
Диссертациялық зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысанын қазақ даласында қалыптасқан меншік құқығы құрайды.
Зерттеу пәні . Зерттеу пәнін дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік қатынастары, оның дамуы, тұтастай институт ретінде қалыптасуы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу.
Диссертацияның теориялық негізін тарихи-теориялық және тәжірибелік заң ғылымы саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен ғылыми зерттеулерінде мазмұндалған қорытындылар мен ережелер құрайды.
Зерттеудің деректемелік негізін Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының қорларында сақтаулы деректемелік құжаттар құрайды. Мысалы, Қазақстанның Ресей империясына қосылғаннан кейінгі меншік қатынастарының тарихын зерттеу мақсатында ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының келесідей қорлары зерттелді: № 413 (XVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы - XX ғасырдың басындағы билердің шешімдері туралы мәліметтері бар) ; № 4 (патша шенеуніктерінің өзара жазысқан құжаттары және олардың XІX ғасырдағы қазақтардың тұрмысын, мәдениетін, дәстүрін мазмұндайтын рапорттары жазылған) .
Жұмыстың методологиялық негізі. Диссертацияда жалпы ғылыми және арнайы әдістерге негізделе отырып, тарихи-хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, функционалды жүйелеу әдістері қолданылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz