Саяси құндылықтық бағдарлары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ САЯСАТТАНУЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері. . . 7-13
- Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы. . . 13-26
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІ
- Жастардың саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар(салыстырмалы талдау) . . . 27-35
- Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері(социологиялық зерттеу нәтижесі бойынша) . . . 35-60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61-63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64-67
КіріспеЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан - әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикасы бар егеменді мемлекет. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасуының экономикалық қиындықтары аз болған жоқ, алайда егемен ел болу үшін басты мақсаттар қатарынан саяси-рухани мәселелерді де көре аламыз. Олардың ішінде даралап айтып кетер бір - саласы жастардың саяси ой санасы мен құндылықтар жүйесінің, саяси бағдарларының қалыптасуы.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Жастар - еліміздің жарқын болашағы, әрі әлемде өзіне баса назар аударатын халықаралық жастар қауымдастығының бір бөлшегі болып табылады.
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның бұл өзгермелі, белсенді және ″тәжірибесіз″ бөлігі ел болашағында шешуші рөл атқарады. Н. Ә. Назарбаев осы мәселеге ерекше назар аудара отырып: ″Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр буынның өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта өмір сүру үлесі тиді. Және сіздер елді көтере аласыздар . . . Қуатты күш болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық жариялай отырып, жастар жүргізіліп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады″ /1/. Тиімді әрі пәрменді әрекет ету үшін жастарда әрі озық, әрі еліміздің түбегейлі мүдделеріне сәйкес саяси құндылықтар жүйесін қалыптастыру міндеті айқындалып тұр. Бұл істі әлеуметтік стихияға беріп қою дұрыс емес. Өйткені бос қалған орын міндетті түрде толтырылады.
"Қандай қиын қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" деп елбасымыз айтқандай саяси құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады /2/. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған іс-қимылдарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.
Қоғамның саяси өміріне қажетті әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көп ұлтты Қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске жастармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.
Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл жастардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.
Қазақстан жастарының саяси құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы бар мәселе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен астасып жатады. Қазақстан жастарының демократиялық құқықтарын кеңейту, олардың саяси процеске нағыз саяси субъект ретінде қатысуы бүгінгі еліміздің саяси ахуалы үшін нақты мүмкіндіктер.
Зерттеудің мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты - жастардың саяси құндылықтық бағдарларын анықтау, саяси зерттеулер арқылы жастардың саяси құндылықтық бағдарлары қалыптасуына ықпал ететін саяси құбылыстарды тұжырымдау.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:
- қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық негіздерін анықтау;
- саяси құндылықтардың ғылыми құбылыс ретіндегі мәнін ашып, оның басқа саясаттанулық ұғымдық аппараттармен, әсіресе саяси мәдениетпен байланысын анықтау.
- саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың түпкі бастауларын анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстанның тәуелсіздігін алған жағдайындағы жастардың саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын теориялық ұстанымдар айқындалады;
- жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуындағы сабақтастық принципі анықталынады;
- саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
- жастардың саяси құндылықтық бағдарындағы басымдылықтар анықталынады.
Зерттеу обьектісі ретінде жастардың саяси құндылықтық бағдарларын айқындау, саяси құндылықтардың қалыптасу түптамырларын көрсету болып табылады.
Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу жұмысы саясаттанудың жүйелілік, салыстырмалы, нақты-тарихи, құрылымдық-функционалдық зерттеу әдістеріне сүйенеді. Сондай-ақ социологиялық зерттеудің сауалнама әдісі қолданылады.
I ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ САЯСАТТАНУЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Құндылықтар әлемі кеңінен алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қошаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың жеке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субьектіге сәйкес келетін қасиет - ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды /3/.
Құндылықтық сананың қайнар бұлағы адамның өзінде, оның мәдениетті, өркениетті қалыптастыруға, дамытуға талпынған іс-әрекетінде. Құндылықтар мәселесі ғылыми объект ретінде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жан-жақты зерттеле бастады. Әрине, оған дейін құндылықтарға ғылыми мәселе ретінде назар аударылмай келді деп айта алмаймыз. Объективті идеализмді ұстанған Платон мен Гегель сияқты философтар аксиологиялық (құндылықтық) мәселелер мен болмыстық мәселелерді сәйкестендіріп келді. Ал тарихтың соңғы ғасырларындағы философтар мен саясаттанушылар мәселесінің жігін ашып, аксиологияның өзіндік ерекшелігі бар екеніне тоқтала бастады. Әсіресе, натуралистік-психологиялық бағытты ұстанған зерттеушілер кезінде адамның табиғи қажеттіктері мен импульстерінен құндылықтардың себептерін іздеді /4/. Канттың ізбасарлары - жаңа кантшылдар трансцендентті рефлексия анықтайтын таза сананың құндылық-қалыптық компоненттері туралы айта бастады /5/. Экзистенциялизмдегі М. Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер құндылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттігіне шақырды /6/. Сөйтіп, ХІХ ғасырдан бастап, этика, эстетика, социология, философия және саясаттану салаларымен айналысқан зерттеушілер өздерінің ілімдерін, гуманитарлық облыстардағы концепцияларын міндетті түрде құндылықтар әлемімен байланыстырып келді. Деррида сияқты зерттеушілер аксиологиялық мәселелерден бас тартуға шақырғанымен, өздері сол құндылықтық қатынастардың әртүрлі қырларын тұжырымдаумен болады /7/.
ХХ ғасырдың басында саяси ғылымдар толық мағынада қалыптаса бастады. Ал оған дейін құндылықтар детерминистік мағынадағы тұжырымдамалар түрінде әлеуметтік ғылымдар ауқымында қарастырылып келді. Позитивистік бағыттағы ағымдардың басымдық таныта бастауы (ХХғ. 20-30-жылдары) философиялық концепцияларды екінші қатарға ығыстыра бастаған болатын. Бұл құндылықтық тұрғының уақытша әлсіреп, көбінесе дерекке сүйенетін жаратылыстану мен нақты ғылымдардың беделін үстем еткен еді. Бұл үрдістер құндылықтардың шынайы да тұтас табиғатын түсінудегі қиындықтарға әкеліп тіреді. Г. Алмонд пен С. Джинкоудың пікірлерінше, көптеген тәжірибелердің нәтижесі тек формаларды қамтыды., зерттеуге тиісті тақырыптың мәні көлеңкеде қалып қойды.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары шыққан еңбектердің кейбірінде саясатты құндылықтардан босату керек, ол тек идеологиямен ғана тығыз байланыста болу керек деген қағида көрініс бере бастады. Ал, кейбір зерттеушілер (Дж. Роулс, Н. Нозик) қоғамдық өмірдің жылдам техникалануымен қатар реидеологизациялануы да бірге жүреді деген пікірді білдірді.
Қазіргі кезеңдегі дамыған елдердегі саяси құндылықтарға мән берушіліктің демократиялық сипатта болуы - азаматтардың билік пен беделдің, мемлекет пен олардың қызметтерінің көріністеріне тікелей тәуелді болмауында. Әрбір азаматтың өзіндік "Мені" экономикалық, саяси, заңи тұрғыдан қорғалуында. Сондықтан дамыған елдер мен дамушы елдердегі құндылықтық бағдарлардың бір-бірінен айырмашылығы осы базистік деңгейден басталады. Біріншісі тұлғаны әлемге паш етуден жолдарын іздеуді мақсат етсе, екіншісі тіршілік үшін күрестің жолдарын іздеумен болады.
Еліміздің саясаттану ілімінде соңғы үш-төрт жылдарға дейін де әзірге саяси құндылықтар құбылысы ғылыми зерттеу обьектісі ретінде толық мағынада қарастырылмай келді. Оған, бір жағынан, кешегі кеңес үкіметінің мұраға қалдырған қоғамдық өмірді идеологияландыруы, саяси санадағы инерттіліктер мен стереотиптер кедергілерін жасап келсе, екінші жағынан, саяси ғылымдар гуманитарлық пәндер ішінде өзінің еншісін соңғы жылдары ғана толық ала бастады. Міне, осындай объективті процестер жағдайында құндылықтар негізіне философиялық, психологиялық зерттеулердің ауқымында қарастырылып келді /8/.
Әрине, құндылықтар теориясын дамытуда барлық концепциялардың қосқан үлестері назар аударарлық. Мәселен, трансцендентті аксиология тұлғадан жоғары тұратын нормалық сана болуын айтса, натуралистік психологизм адам қажеттіліктерінің маңыздылығын басшылыққа алады. Персоналистік онтологизм әрбір құндылық Құдайға жақындаған сайын мәңгіге айнала бастайды дегенді айтса, социологиялық концепция әрбір әлеуметтік субъектіге маңыздылығы бар норма түрінде қабылдап, мәдени-тарихи релятивизмге жақын түрде анықтайды және көп мәселелерді үндестікпен талқылайды.
Саясаттану ғылымында саяси құндылықтарға берілген анықтамалар көптүрлі. Мәселен, құндылықтар саяси мәдениеттің ішкі өзегі, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделері мен сұраныстарының қорланған рухани көрінісі (Смелзер) ; адамзат мінез-құлқының мотивациялық орталығы (Здравомыслов) ; құндылықтар айырмашылығы мәдениетті түсіну негізі (Гидденс) ; құндылықтар әлеуметтік іс-әрекеттің жоғарғы қағидалары (Парсонс) ;
Сонымен саяси құндылықтарға саясаттану саласының ерекше ғылыми категориясы, ұғымы ретіндегі сипатына анықтама беруге тырысып көрелік. Саяси құндылықтар дегеніміз қоғамның саяси өмірінде саяси-әлеуметтік субьектілердің әр түрлі саяси құбылыстардың маңыздылығын айқындап, оларды өздерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің негізгі іргетасына айналдыруы. Саяси құндылықтардың азаматтардың бағалауларынан айырмашылығы- олардың дүнитанымдық астарды қамтуында, объективті сипатты иемденуінде.
Саяси құндылықтар табиғатына келетін болсақ, онда бұл жерде негізінен саясаттың адами өлшемі туралы сөз қозғаймыз. Өйткені, бұл өлшемдер тек қана саясат саласында ғана көрініс бермейді, ол барлық мәдени кеңістікті қамтиды.
Қоғамдағы саяси құндылықтар жүйесінің қалыптасуының, өзгеруінің бірнеше себептері атап көрсетілген, мәселен:
- сұраныстар мүдде ретінде қайта құрылған өз кезегінде құндылыққа ″айналады″;
- құндылықтарды жоғарыдан нұсқау ретінде тарату, көбінесе тоталитарлы қоғам кезінде кездеседі;
- құндылық қоғамның саяси мәдениеті жетістігінің жемісі.
- саяси мәдениеттің бірден-бір қызметі қоғамдық санада қажетті саяси құндылықтарды қалыптастыру және бекіту;
- құндылықтар саясаттан тыс пайда болады, болмыстың түбегейлі салалары: мораль, дін, экономика өнімі;
- құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі өзгеріс тапшылық гипотезасы мен әлеуметтендіру гипотезасына негізделген;
- құндылықтар адамдардың шығармашылық таңдауы, бағалауы негізінде пайда болады, әрі ұлттық дәстүрмен, дүниетаныммен тікелей байланысты.
Саяси құндылықтарға қоғамдық өмірдегі белгілі бір әлеуметтік саяси қызметтер тән. Олардың ішіндегі маңыздыларына мыналар жатады:
- біріктіруші(консолидация) қызметі, саяси жүйенің құлауына жол бермеу және азаматтардың сол саяси жүйені қолдауына қол жеткізу;
- бағалауқызметі саяси өмірдегі іс-әрекетті, адамның саяси іс-қимылының туындысын, саяси идеяларды, пікірлерді ақтау немесе қаралау;
- легитимдеуқызметі, билік құрылымын қоғамдағы көпшілік азаматтардың құндылықтық бағдарларымен сәйкестендіру, заңдастыру;
- жұмылдыру, іске тарту. Қоғамдағы саяси іс-әрекеттерге, қимылдарға түрткі болып, адамдарды саяси билікпен байланысқа тарту, ″саяси адамды″ қалыптастыру, азаматтардың саяси қатысуын, яғни саяси әлеуметтенуін белсендіру болып табылады;
- мерзімдік, қоғамда өткізілетін әр түрлі саяси оқиғалар мен процестерге байланысты (сайлау, референдум) қызметі;
- локальді, әрбір әлеуметтік қабатқа маңыздылығы бар әрекеттер, аймақтық деңгейдегі жұмыстар.
Жекелеген адамдарды қоғамдағы саяси билікпен не байланыстырады? Ең алдымен, социомдағы саяси құндылықтар жүйесі, ол қажетті қалыптар мен адамдар арасындағы қатынас ережесін анықтап, белгілі бір мағынада олардың әрқайсынан саяси белсенді азаматты жасайды. Демек құндылықтар саяси қызметтің маңызды бағыт беруші құрылымдарының ядросы болып табылады:
- идеология - құндылықтар жүйесі және топтық таңдаулар, сенімдер;
- саяси мәдениет - саясаттағы бағдар мен іс-әрекет модельдері, өзіне таным, көңіл-күй, бағалауды қамтушы және саяси мәліметтерді таңдау өлшемі қызметін атқарушы;
- саяси жүйе - саяси билікті пайдалануды ұйымдастырушы құндылықтар мен институттар;
- саясат, құндылықтарды авторитарлы тәсілмен белгілеу және тарату.
Мемлекет көп құндылықтарды азаматтарының орындауын талап етеді. Бірақ қоғамдық саяси жүйенің даму үрдістері демократиялана түскен сайын авторитарлы тәсіл өз күшін әлсірете бастайды. Міне, мұнда қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас өзара келісімге негізделеді.
Құндылықтарды жіктеудің өзінде көптеген тұрғылар байқалады. Мәселен, формальді түрде субъект құндылықтарды оң және теріс, салыстырмалы және абсолютті, объективті және субъективті десе, мазмұны бойынша мәңгілік (рухани), логикалық, эстетикалық, этикалық құндылықтарға бөледі.
Әрине, бұл жерде қоғамдағы құндылықтар типологиясының әр түрлі тарихи кезеңіңде ғана емес, әр түрлі тұлғаның деңгейінде өзгерістерге ұшырап отыратыны, басымдылықтардың орнын ауыстыратынын айта аламыз. Тіптен, қысқа тарихи кезеңнің өзінде саяси сананың, саяси құндылықтардың түбегейлі өзгеруі мүмкін. Оған қарағанда адамның түпкі мәнімен байланыста болатын жоғарғы құндылықтары- адамгершілік қалыптары өзінің тұрақты қасиетін сақтай алады. Өйткені қоғамда ондай тұрақты өзек болмаса жалпы әлеуметтік дүние күйреп кетуі мүмкін.
Сонымен бірге саясаттануда мақсат құндылықтар және құрал құндылықтар деп жіктеу кездеседі. Мақсат құндылықтар қоғамның негізгі мән-мағынасын ашатын адами құндылықтар, маңыздылықтар болса, құрал құндылықтарға көбінесе күнделікті өмірде уақытша қолданылатын объектілер, нәрселер жатады. Ал енді саяси құндылықтар қандай құндылықтардың рөлін атқарады? Бұл жерде нақты-тарихилық принципіне сүйене отырып, бұл негізгі құндылықтардың сипаттамасын бере аламыз. Мәселен, тәуелсіздікке жете алмай жүрген халық үшін бұл құбылыс мақсат-құндылықтардың рөлін атқарса, ал өзіндік егемендігі бар ел үшін ол басқа мақсаттарды жүзеге асырудағы құрал болып саналады.
Әлемдегі теңдікті іздеген саяси қайраткерлер, тарихи тұлғалар стихиялы эгалитаризмді нақты әлеуметтік орталарда саяси құндылықтар жүйесі ретінде бұқара халыққа ұсынып келді. Олардың кейбірі қабылданды, кейбір уақытша ғана өзінің үстемдігін білдіріп, тарих сахнасындағы сыныққа шыдамай, орнын басқа құндылықтық қатынастарға босатқан болатын. Сөйтіп, енді бұл процестердің түптамырларын, себеп-салдарлық негіздерін анықтау үшін саяси құндылықтардың негізгі белгілеріне сүйенеміз. Ал саяси құндылықтар 3 белгісімен сипатталынады: оларды адамдардың біріккен ұжымдық әрекеті нәтижесінде ғана тарату мүмкіндігі; мемлекеттік билік механизімінің барлық аспектілеріне белсенді ықпал етуі; әлеуметтік қауымдастықтың бірыңғай мүдделерінің байланыс формасы. Сонымен бірге саяси аксиологияның негізгі заңдылықтары да қоғамдағы құндылықтар жүйесін зерттей отырып, ондағы стратегиялық бағыттар мен басымдылықтарды анықтайды, негізгі мақсаттарға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл жердегі негізгі методологиялық негіз болатын саяси философия принциптерін ғана емес, сонымен қатар социология, психология, мәдениеттанудың әдістемелерін синтездеу қажеттігі бар.
Құндылықтарды анықтау үшін ең алдымен субъект оны бағалау кезеңінен өткізуі керек. Сондықтан бұл құндылықтық қатынастардың қалыптасуы үшін элементтерді құрылымына енгізеді. Құндылықтар субъектісі - адам, әлеуметтік топтар; құндылықтар объектісі- нәрсе, процесс, құбылыс, дерек; құндылықтар мағынасы- рухани- категориялық атауға ие болуы, тұжырымдардың жасалуы.
Сонымен, саяси құндылықтар мәселесіне қазақстандық саясаттанушы ғалымдар да көңіл бөле бастады. Жастардың саяси құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан да маңыздылығы бар мәселе.
1. 2. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы
Саяси құндылықтар саяси саланың саяси мәдениет, саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл сияқты құбылыстары негізінде талданады.
Саяси мәдениеттің әлеуметтік-психологиялық жақтарын білдіретін ұғымдар қатарында саяси түсініктер мен көзқарастар, құндылықтар мен құндылық бағдарлары, ұстанымдар мен сенім-нанымдар ерекше рөл атқаратындығы белгілі. Аталған құрылымдарда саясаттың тұлғалық және субьектілік өлшемдері нақтылы көрініс табады. Сонымен қоса олар саяси сананың рәміздік табиғатын ерекше айқындап көрсетеді /9/.
Саясаттың субъектілік және ішкі рухани болмысын, әдетте, психологиялық және әлеуметтанулық ілімдер көбірек қарастырады. Саясаттануда жоғарыда аталған құрылымдар негізінен саяси қатынастар мен процестер арқылы айқындалады. Яғни құндылықтар бағдарларын қарастыру саяси мәдениет үшін ауқымда болып шығады. Оған байланысты бірнеше ұғымдардың мазмұның анықтап алайық. Құндылықтардың табиғатын қарастыратын ілімді аксиология (грек тілінен- ″аксе″ - құндылық, ″логос″ - ілім деп аударылады) . Жалпы алғанда, құндылық нәрселер мен құбылыстарды адам мүддесі тұрғысынан бағалаудан туындайды; яғни, өзімен өзі бейтарап нәрселер адамдық әрекетпен қамтылып, пайдалы, әдемі, қажет, ұнамды т. т. бола бастайды. Құндылық дегеніміз нәрселер мен заттардың әлеуметтік функциялары болып табылады. Құндылықтар әлемі сан алуан.
Саяси құндылықтардың табиғаты мен түрлері, олардың өзара қатынасы, қоғамдағы атқаратын қызметі Қазақстанда жеткіліксіз зерттелген. Оның бірнеше себептері де бар. Біріншіден, бұрынғы тоталитарлық қоғамда саяси аксиологияға мән берілмеген. Өйткені саяси құндылықтар жоғарыдан танылып отырған және олар нұсқау сипатында халық арасында таратылып, олар туралы пайымдаудың қажеті болмаған. Екіншіден, Қазақстанда саясаттану ілімі енді қалыптасып келе жатқан жас ғылым және аксиологиялық мәселелер енді ғана теориялық талдаудың обьектісіне айналып отыр. Ә. Нысанбаевтың жетекшілігімен жарияланған ″Саясаттану″ оқулығында адамдардың үш түрлі саяси құндылық бағдарлары аталып өтеді: 1) билеуші құрылымдарға қатысты 2) қоғамның басқа мүшелеріне байланысты 3) өзінің саяси белсенділігіне қатысты /10/.
Аталған үш түрлі саяси бағдарларды негізге ала отырып, оқулық авторлары құндылық бағдарлары мен саяси мәдениеттің типтік ерекшеліктерін айқындауға ұмтылды. Осыдан саяси мәдениеттің үш типі айқындалады: патриархалдық (саяси енжар), мақұлдаушы және азаматтық. Біріншісі көбінесе дәстүрлі қоғамға, екіншісі - тоталитарлық жүйеге, үшіншісі - демократиялық елдерге тән. Ең маныздысы: оқулық авторларының құндылықтар мен саяси мәдениеттің байланысын кесте - модель арқылы көрсетуі.
Саяси мәдениет модельдері /11/.
Кесте № 2
Демократиялық тоталитарлық авторитарлы демократия
индустриалды авторитарлық өтпелі индустриалы
индустриалды емес
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz