Кәсіпорын қаржысы туралы


Мазмұны
Кіріспе
- Кәсіпорын қаржысыКәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздеріЖарғы капитал. Оперативті-қаржылық жұмысИнвестициялық қызмет. Айналым қаражаттары. Өнімдерді шығару мен өткізуге кеткен шығындарҚаржылық жоспарлауКәсіпорын табысы мен рентабельдігі. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық түрлерінде қаржы қызметтің қаржысыҚаржы жағдайын талдау.
- Қаржы есебін талдауКәсіпорынның қаржылық есептілігі және оны талдауБаланс өтімділігін талдауТөлем қабілеттілігін талдауҚаржылық тұрақтылықты талдауІскерслік белсендікті талдауТабыстылықты талдауШаруашылық субъектісінің банкрот болу ықтималдылығын талдау және бағалау
- Қаржылық есепБухгалтерия құрылымы мен шаруашылық субъектілер есебін есептеу саясаты. Салықтық есеп саясаты. Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі. Негізгі қаражаттар мен материалдан тыс активтердің есебіТауар-материал қорлары мен жеткізушілер есептулерінің есебіЕңбек және оның төлеу есебіӨнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі. Дайын өнім және оны өткізуҚаржы қорытындысы мен меншік капитал есебіҚаржылық есеп беру
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін еңгізуді және өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін талап етеді.
Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық қатынастарға өту жағдайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне байқауы керек.
Экономикада қаржылық өндіріс тиімділігін талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төлеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әріптестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.
1. Кәсіпорын қаржысы
- Кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны ұйымдастыру - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі. - бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндс оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюыңца, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас) ; басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы) ;
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білгсн жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметгік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақытгылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мелшерін және оның көздерін анықтау; орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды белудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т. б.
Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жене салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің - қаржы органдарының, салық қомитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін аддын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтіқ (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы қөрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объекгілері мен субъекгілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілсрдің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларга басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласыңда қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының - реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвснциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т. б. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне қошуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір болігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жаткан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіңдегі икемділікгі белуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайыңда заңды екенін мойындауға тура келеді.
- Жарғы капитал. Оперативті-қаржылық жұмыс
Жарғы капитал дегеніміз - бұл кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғы капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшының (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" заңның 23-бабына сәйкес жарғы капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті /105/.
Акционерлік қоғамның жарғы капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 5 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды /106, 10-6/.
Жарғы капиталдың құралуының жинақтаушы (синтетикалық) есебіне тексеру жүргізу кезінде аудитор төмендегі аудиторлық дәлелдеу жинау әдістерін пайдалануына болады: құрылтайшылардың жарғы капиталға қаржы салу тәртібі туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ауызша және жазбаша сұрау беру.
Жарғы капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз кассалық кіріс кұжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың мәліметгері бойынша аудит өткізу болып табылады. Аудитор жарғы капиталға қосылған үлес ретіңде салынған қаржылардың толық және өз уақытыңда кіріске алынуын тексеруге міндетті.
Жарғы капиталдың құралуын тексере отырып, аудитор оның сомасының дұрыстығына көз жеткізуге тиісті. Ол баланста және "Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы" қорытынды есепте көрсетіледі. Аудитор оны құрылтай құжаттарының мәліметтерімен салыстырады. «Жарғы капитал» шоттары бойынша сальдо кәсіпорынның (ұйымның) құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғы капиталдың мөлшеріне сәйкес болуға тиісті. Құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғы капиталдың шамасының сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін баланс көрсеткіштерін Бас кітаптың 5020 «жай ақциялар», 5010 «Артықшылығы бар акциялар» және 5030 «Салымдар мен пайлар» шоттарының мәліметгерімен, сондай-ақ аталған шоттардың кредиті бойынша айналым сомасы көрсетілетін есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.
Кәсіпорынның жарғы капиталына жарнаның нақты келіп түсу сәті: ақша қаражаттары үшін - ақшаның банктегі ағымдағы шотқа есепке алыну немесе кассаға салыну мерзімі; негізгі құралдар, материадлық құндылықтар үшін - негізгі құралдарды, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актісінің немесс аталған объектілердің кәсіпорынға келіп түсуін растаушы басқа құжаттардың жасалу мерзімі.
Жарғы капитал кәсіпорын мүліктерінің басқа құралу көздеріне қарағанда тұрақты шама болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғы капиталының көбеюі төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
- Серіктестіктің барлық қатысушыларының қосымша салған салымдары арқылы;
- Серіктестіктің меншікгі капиталының, оның ішінде резервтік капиталдың есебінен жарғы каиталдың көбеюі;
- Серіктестіктің таза активтерінің (меншікті капиталдың) қайта бағалануы нәтижесінде олардың нақты құнының баланстық құннан артық болуы. Қайта бағалануды тек тәуелсіз сараптаушы ғана жүргізуі мүмкін;
- Барлық қалған катысушылардың келісімі бойьшша бір немесе бірнеше қатысушьшың қосымша салым салуы арқылы;
5. Серіктестікгің құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау арқылы.
Жарғы капитал мөлшерінің 1-3 пункттерде қарастырылған тәртіп бойынша көбеюі кезінде қатысушылар үлестерінің мөлшері өзгермейді.
Серіктестік қатысушыларының кайсыбірінің немесе жаңадан қабылданған қатысушының қосымша салым салу жолымен жарғы капиталдың көбеюі кезінде (4-5 пункттер) ондай салымдардың мөлшері серіктестік капиталына олардың алдыңғы салған жарналарының мөлшерін және барлық қатысушылардың жарғы капиталдағы үлесін қайта есептеу кажеттілігін ескере отырып анықталады /104/.
Акционерлік қоғамдағы жарғы капиталдың құралу тәртібінің шаруашылық серіктестіктердегі жарғы капиталдық құралуымен салыстарғанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Карапайым акция оның иесіне акционерлердің жиналысына дауыс беру құқығымен қатысуы арқылы жүзеге асырылатын, акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Одан басқа, қарапайым акция акционерлік қоғамның таза табысын бөліп таратуға құқық береді. Erep акционерлік қоғам өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде (жылдың аяғында) зиян шеккен болса, онда қарапайым акция иелері дивиденд алмайды.
Артықшылығы бар акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді, яғни акционерлердің жиналысында дауыс иелену құқығын бермейді. Ондай акциялардың артықшылығы оның иелерінің акционерлік қоғам қызметінің қаржылық нәтижесіне тәуелсіз тұрақты немесе белгіленген мөлшерде дивиденд алу құқығында болып табылады. Артықшылығы бар акциялардың қарапайым акциялардан артықшылығы табысты бөлу және акционерлік қоғамды жойған кезде болады. Басқаша айтқанда, табыс алдын-ала артықшылығы бар акциялардың арасында бөлінеді. Содан кейін ғана қарапайым акциялар иелерінің арасында бөлінеді. Қарапайым акция дивиденттің есептелген-есептелмегендігіне қарамастан, акционерлік қоғам қызметіне қатысты мәселелерді шешу кезінде дауыс кұқығына ие болады.
Серіктестіктің жарғы капиталының мөлшерін көбейту кезінде мынадай бухгалтерлік жазулар орындалуға тиісті: 5030 "Салымдар мен пайлар", шоты кредиттеліп, 10 "Материалдық емес активтер", 2010 « Негізгі құралдар», 2700 «Материалдар», 1330 «Тауарлар», 1040 "Аккредитивтегі, чектердегі, картшотгардағы және банктердегі баска да шоттардағы ақша", 1030 "Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша", бөлімшелері шоттары және 1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша" шоты дебеттеледі.
Серіктестіктің жарғы капиталының азаюы қатысушышың шығып кетуі кезінде болады. Ол серіктестіктің барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін тікелей азайту жолымен немесе жекелеген қатысушылардың үлестерін толық және ішінара жабу (жою) жолымен жүзеге асырыла алады. Қолданыстағы завдарға сәйкес жарғы капиталдың азаюы тек барлық кредиторларды ол жөнінде жеке-жеке жазбаша түрде хабардар еткеннен кейін ғана мүмкін болады. Серіктестіктің жалпы жиналысында жарғы капиталды азайту туралы шешім қабылдағаннан кейін екі ай мерзім ішіңде ол өзінің барлық кредиторларына жазбаша хабар жіберуге немесе ресми серіктестік туралы мәліметтер басылатын ресми басылымдарға тиісті хабарландыру беруге міндетгі. Серіктестік кредиторы хабарды алған немесе хабарландыру басылып шығарылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде серіктестіктен қосымша кепілдіктерді талап етуге немесе мерзімі бітпей-ақ келісім-шартты бұзуға (тоқтатуға) не болмаса, серіктестіктің тиісті міндеттемелерін орындауын және зиянның орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талаптар серіктестікке жазбаша түрде жіберіледі, ал олардың көшірмелері серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізуді жүзеге асырған органға жіберілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғы капиталының азаюын серіктестікке талаптарды мәлімдеу үшін кредиторларға берілген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы орган тіркейді. Erep серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізуші органға оның кредиторлары қойған талаптардың көшірмесі келіп түссе, жарғы капиталдың азаюы сол талаптардың орындалғандығын серіктестік дәлелдеген немесе мәлімдеме жасаған кредиторлардың серіктестік жарғы капиталының азаюына қарсылығы жоқ болған жағдайда тіркеледі.
Белгіленген тәртіпті бұзу арқылы жарғы капиталдың азаюы мүдделі тұлғалардың мәлімдеуі бойынша сот шешімімен серіктестіктің жойылуьша негіз болып табылады.
Кәсіпорын құрылтайшыларына олардың жарғы капиталға салған салымдары мен пайларын қайтарған кезде, яғни, серіктестікгің жарғы капиталының азаюы кезінде мынадай бухгалтерлік жазу орындалады: 5030 "Салымдар және пайлар" шоты дебеттеліп, ақша қаражаттарының, айналымнан тыс активтердің, тауарлы-материалдық босалқылардың және т. б. шоттары кредиттеледі.
Акционерлік қоғамда қолданыстағы заңға сәйкес жарғы капиталдың құралуы мен өзгеруінде бірқатар басқадай тәртіп белгіленген.
Акционерлік қоғамда "хабарланған капитал", "шығарылған (төленген) жарғы капитал" деген ұғымдар енгізілген /105/.
Акционерлік қоғамның хабарланған (белгіленген тәртіп бойынша тіркелген) жарғы капиталының сомасына 5110 "Төленбеген капитал" шоты дебеттеліп, 5020 "Қарапайым акциялар" және 5010 "Артық-шылығы бар акциялар" шоттары кредиттеледі. 5110 "Төленбеген капитал" активті шотында занды және жеке тұлғалардың олардың жарғы капиталға салған салымдары бойынша борыштарының (қарыздарының) сомасы туралы ақпараттар жинақталады. Жарғы капиталға салымдардың жүзеге асырылуына қарай ақша қаражаттарының, айналымнан тыс активтердің, тауарлы-материалдық босалқылардың шоттары және т. б. шоттар дебеттеліп, 5110 "Төленбеген капитал" шоты кредиттеледі. Erep 5110 "Төленбеген капитал" шоты бойынша дебеттік қалдық жабылған болса, онда ол акционерлік қоғамның өз жарғы капиталын толық құрағандығын куәландырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz