Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

Қаржы кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның

қаржылық жағдайын бағалау

Орындаушы Кырбакбаева Т. А.

Ғылыми жетекші Ахметов А. A.

(оқытушы) (қолы, күні)

Норма бақылаушы Садыханова Д. А.

(аға оқытушы) (қолы, күні)

Кафедра меңгерушісі

Қорғауға жіберілді Арзаева М. Ж.

(э. ғ. к., доцент) (қолы, күні)

Алматы, 2011 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 3

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . . . 6Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық маңызы . . . 6Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері мен міндеттері. . . . …11
  2. ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ . . . . 22
  1. «КАТЭК» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына баға беру……… . . . ……… . . . …22
  2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы коэффициенттер жүйесінің орны . . . 31
  1. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . ……. …… . . . ……46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……… . . . 61

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда тәуелсіздігімізді алған жылдардан бастап, еліміз өз экономикасын жақсартуға, дамытуға тырысып жүр. Соның салдарынан республикамызда көптеген мемлекеттік және жекешелендірілген мекемелер, кәсіпорындар, ірі корпорациялар саны артуда, әсіресе соңғы жылдары өндірістік қызметті жүзеге асыратын компаниялар көбеюде. Бірақ бұған қарамастан, мемлекет тарапынан осы кәсіпорындардың қаржылық жағдайына, оның қызметіне бағалау, қадағалау, бақылау жүргізу мәселелері туындайды.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі экономикалық жағдайда мекеме құралдарының ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен маңызы - кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау.

Бұл мақсатқа жетуде келесі міндеттер қойылды:

  1. кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;
  2. кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
  3. кәсіпорынның баланс құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
  4. кәсіпорынның қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу көздерін талдау, құрамы мен құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
  5. кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
  6. кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштеріне баға беру;
  7. кәсіпорын қаржысының айналымдылығын бағалау, яғни іскерлік белсенділігі мен тиімділігін бағалау;
  8. кәсіпорынның даму перспективасы мен стратегиясына баға беру.

Талдау объектісі ретінде «КАТЭК» компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі отын-энергетика комплексі саласында мамандандырылған және еліміздің мұнай-газ саласымен айналысатын кәсіпорындарға геология-геофизикалық, инженерлік-барлау, жобалық-зерттеушілік ауқымды спектрінде қызмет пен жұмыс көрсететін жобалық-зерттеушілік компания

Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес, дипломдық жұмыста «КАТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің іс-тәжірибесінде қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін экономикалық бағалау көрсетіліп отыр. Дипломдық жұмысты орындау барысында «КАТЭК» кәсіпорнының жылдық баланстары, табыстар мен шығындар есебі, өзге де қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындылардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық аспектілері талданған. Бұл бөлімнің өзін екі тарау негізінде қарастырдым, қаржылық жағдайды талдаудың экономикалық маңызы, мәні және қаржылық жағдайды талдау әдістері мен міндеттері қарастырылады. Мұнда қаржылық жағдай туралы, оның талдануы, маңызы, міндеті, экономикалық қажеттілігі жайлы отандық және шет ел экономистерінің пікірлері айтылған.

Екінші бөлімде отандық тәжірибеде кәсіпорындардың қаржылық жағдайына бағалау жасау

  1. қарастырылды. Оның өзі «КАТЭК» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына баға беру және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы коэффициенттер жүйесінің орны тарауларынан тұрады. Бұл бөлімде кәсіпорынның ақпараттары негізінде оның қаржылық жағдайына талдау жасалынып, жай-күйі туралы қорытынды алынды. Диплом жұмысының мақсаттарына сәйкес, міндеттері орындалғанын байқауға болады.

Үшінші бөлімде негізінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудан кейін ондағы басты мәселелеріне байланысты ұсыныстар қарастырылып отыр. Сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы қаржылық бақылаудың рөлі мен мемлекет тарапынан қандай іс-шаралар қолданылатыны қарастырылған. Бұған байланысты биылғы жылы Қазақстан Республикасының қаржылық қадағалау агенттігі мен Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығының міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілуіндегі мәселелерді қарастырып, өз ұсынысымды жасадым.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалым-экономистердің корпоративтік қаржы ерекшеліктері жөніндегі еңбектері алынды. Практикалық бөлімінде талдау жүргізу үшін «КАТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2008-2010 жылдарындағы шоғырландырылған қаржылық есебі, компания жарғысы, алдағы кезең жоспарлары алынды.

Дипломдық жұмысты талдау барысында аналитикалық әдіс қолданды және мәліметтер мен олардың нәтижелері кесте және график түрінде көрсетілді.

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық маңызы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына экономика саласындағы ғалымдар тарапынан әртүрлі түсініктер берілген. Солардың ішінен маған ең жақыны мына тұжырымдама: кәсіпорынның қаржылық (активтер) жағдайы, ол қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, ол кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір кезең ішіндегі қаржылық тұрақтылығы және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі, сонымен қатар өзінің басқа да кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін (қарыздарын) белгіленген уақыт ішінде өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуі. [10, 56-57 бет]

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шыққан арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншік капиталы және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады деп жазған.

Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі; оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".

В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.

М. Н. Крейнина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов қаржылық жағдай үғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".

Профессор И. Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазды.

С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді. Берілген түсініктерге сүйене отырып, біз осындай тұжырымдамаға келеміз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытында өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіріледі. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық борыштарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады, »-деп жазады.

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша, «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді:

«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».

В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады», - деп жазады В. Т. Артеменко мен В. М. Беллендир.

Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні -бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі дейді. Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста. «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі» немесе «Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытында және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады». Қаржылық жағдайды бағалауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

  1. Кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
  2. Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
  3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  4. Баланс өтімділігін талдау;
  5. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау. [11, 212-216 бет]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Қаржылық есеп - пайдаланушыға кәсіпорын қаржысының жай-күйі мен өзінің қызметі, сондай-ақ осы пайдаланушы белгіленген іскерлік шешім қабылдау үшін оған есепті кезеңде кәсіпорын қаржысының жай-күйінде орын алған өзгеріс жөнінде қолайлы және түсінікті нысанда жинақталып қорытындыланған ақпарат беру мақсатында қаржы есебі дерегінің негізінде жасалған есеп-қисап нысанының жиынтығы. [9, 305 бет]

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 - III «Бухгалтерләк есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес, қаржылық есептіліктің құрамы төмендегілерден тұрады:

  1. Бухгалтерлік баланс.
  2. Табыстар мен шығындар туралы есеп.
  3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
  4. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
  5. Түсіндірме жазбалар. [4]

Қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы қаржылық есепте жазылған міндеттемелер түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туалы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Бухгалтерлік есеп субъектілерді пайдаланушылардың қарауына ұсынатын қаржылық ақпаратының сипаты мен көлеміне байланысты. Пайдаланушылар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, инвесторлар немесе несие берушілер, әлде бірлесе отырып іс-қызмет жүргізушілер. Әртүрлі экономикалық шешім қабылдауда олар субъектінің қаржылық және басқадай есептеріне сүйенеді.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың екі негізгі тобы бар:

  1. Ішкі;
  2. Сыртқы.

Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді. Олар:

  1. Кәсіпорын қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;
  2. Кәсіпорын қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.

Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар жатады:

  1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
  2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;
  3. Сатып алушылар.

Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер:

  1. Салық органдары;
  2. Реттеуші органдары;
  3. Статистикалық органдар;
  4. Басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары, т. б. ) .

Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:

  1. Берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субъектінің дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;
  2. Тиесілі несиелер мен пайыздар бола ма, олар уақытында төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер;
  3. Сатып алушылар. Оларға кәсіпорынның үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субъектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;
  4. Қызметкерлер. Олар кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар кәсіпорынның еңбекақымен және басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделілік танытады;
  5. Ресурстарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар, оларға кәсіпорынның іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;
  6. Көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылардың қолдауы да қатысты.

Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нәтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйе қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінеді. Қаржылық есепті сыртқы есеп деп, ал басқарушылық есепті ішкі есеп деп те атайды.

Ақпараттық жүйесі екі саладан тұрады:

  1. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесіне арналған ұйымдардың қаржылық қызметі жағдайын бағалауға қызмет ететін қаржылық есеп.
  2. Ішкі пайдаланушылардың мүддесіне арналған ұйымдардың шаруашылық қызметін талдау мен бағалауға қызиет ететін басқарушылық қызмет.

Қаржылық есепте ұйымдардың қаржылық жағдайы жөніндегі мәліметтер жинақталып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттардың белгілі бір бөлігін құрайды. [9, 216-218 бет]

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері мен міндеттері

Қаржылық әдістер - бұл екі бағытта іске асатын, қаржы қатынастарының шаруашылық үрдіске әсер ету тәсілі; қаржы ресурстарының басқару сызығы бойынша және ақша қаражаттарын тиімді қолдануға жауапкершілік және материалды ынталандыру, нәтижелер мен шығындарды өлшеумен байланысты, нарықтық қатынастардың сызығы бойынша қозғалысы. [7, 136бет]

Н. Н. Кадерованың «Корпоративтік қаржы» еңбегіне тоқталатын болсақ, қаржылық жағдайды талдаудың 5әдісін айтқан:

  1. Есеп-қисапты оқу;
  2. Деңгейлес талдау;
  3. Сатылас талдау;
  4. Трендтік талдау;
  5. Қаржы коэффициенттерін есептеу. [9, 309 бет]

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. Көлденең талдау;
  2. Тікелей талдау;
  3. Трендтік талдау;
  4. Салыстырмалы талдау;
  5. Факторлық талдау;
  6. Қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтыуға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Қаржылық жағдайды басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мақсаты
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық талдаудың негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz