Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

7
1.1 Несие тәуекелінің маңызы мен пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Коммерциялық банктердің тәуекелдердің мәні мен түрлері ... ... ... ... ... ... .
1.3 Несиелік тәуекелдерді басқару және оларды төмендету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

23
2 ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ «НҰРБАНК» АҚ.ДА НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... .
34
2.1 «Нұрбанк» АҚ.ң пруденциалдық нормативтер негізінде несие тәуекелін басқаруын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
2.2 «Нұрбанк» АҚ.да несие тәуекелін басқару тәжірибесін талдау ... ... ... ... ... 41
2.3 «Нұрбанк» АҚ несиелендіруді ұйымдастыру барысында несие тәуекелін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
54
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
76
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.
Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.
Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың тәуекелдерінің басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда.
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.
Демек, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай да күмән тудырмайды.
1. Мельников В.Д.Основы финансов.lem.2009.-568с
2. Корнилова Л.П. Влияние рисков на надежность банка.- А.: 2007
3. Эдвин Дж. Долан. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. СПб.: «Санкт-Петербург ОРКЕСТР», 2005. - 496 с.
4. Балабанов И.Т. Деньги и финансовые институты.: Учебное пособие – СПб., М.: Харьков, Минск, Питер, 2005. - 430 с.
5. Семенюта О.Г.Деньги, кредит, банки в РФ.- М.: Банки и биржи, 2006.- 250с.
6. Мақыш С.Б. Банк ісі.Оқулық.-Алматы: «Издат маркет», 2009 жыл.
7. Байтанаева Ж.Б. Управление кредитным риском в коммерческих банках. – А.: 2005
8. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане. – Алматы.: Экономика, 2006 – 210 с.
9. Банковское дело. /под ред. И. О. Лаврушина.-М.: Финансы и статистика, 2005. - 280 с.
10. Елекенова А. Несиелік тәуекелді басқару және бағалау//Экономика негіздері №4-5(41),2010
11. Балабанов И.Т. Банки и банковская деятельность С. – Петербург.: ПИТЕР, 2005. - 230 с.
12. Банковские риски. /под ред. И. О. Лаврушина.-М.: Финансы и кредит, 2008. - 232 с
13. О ситуации на финансовом рынке Пресс-релиз №001 от 7.01.2009г// Банки Казахстана.- 2009.-№1- С.
14. Сейтқасымов Г.С. Оқулық.-Алматы: «Қаржы-Қаражат» 2008 жыл
15. Ким.Ю. Проблемные кредиты и способы управления ими.//Основы экономики. №1 (25), 2010 год.
16. Нүсіпбаева А. Коммерциялық банктердің несие портфелін басқару//Экономика негіздері №3, 2009
17. Нигматова К.ЕДБ-нің несиелік портфелін басқару тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау// Экономика негіздері №4-5(41), 2010
18. Козыкеева Э.О. Проблемы не возврата кредитов и пути их решения. -// Экономическое обозрение Национального банка Республики Казахстан. – 2009. – июль.
19. Нұртазинова А.С. VAR әдіснамасы көмекгімен несие тәуекелінөлшеу.// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы №2 (72). 2009 жыл.
20. О ситуации на финансовом рынке Пресс-релиз №001 от 9.01.2011г// Банки Казахстана.- 2011.-№1-
21. Жапакова Б. Несиелік портфельдің экономикалық мәні, мазмұны және оны басқару//Экономика негіздері №4(34),2009
22. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы заңы
23. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары..Оқу құралы. -Алматы: «Издат маркет», 2004 жыл.
24. Нигматова К.ЕДБ-нің несиелік портфелін басқару тәжірибесін салыстырмалы түрде талдау// Экономика негіздері №4-5(41),2010
25. Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы.
26. Садвакасова А.Б. Управление рисками коммерческих банков.- Алматы, 2008.-с132.
27. Ахметов Д. Стратегия управления банковскими рисками и факторы влияющие на нее. Алматы: 2007.с1 49.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Несие тәуекелінің маңызы мен пайда болу себептері 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.2 Коммерциялық банктердің тәуекелдердің мәні мен түрлері 15
... ... ... ... ... ... .
Несиелік тәуекелдерді басқару және оларды төмендету 23
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2 ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ НҰРБАНК АҚ-ДА НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ
ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... . 34
2.1 Нұрбанк АҚ-ң пруденциалдық нормативтер негізінде несие тәуекелін
басқаруын 34
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Нұрбанк АҚ-да несие тәуекелін басқару тәжірибесін 41
талдау ... ... ... ... ...
2.3 Нұрбанк АҚ несиелендіруді ұйымдастыру барысында несие тәуекелін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДЕРІН
БАСҚАРУ САПАСЫН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 76
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қабылданған ҚР
Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің
экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар
жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын
тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі
банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы
қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық
есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің
жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі
банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ
оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары
көзделген.
Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге
сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.
Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының
бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі
олардың тәуекелдерінің басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру
қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік
тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген
мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және
тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған
тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс
тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз
алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-
менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда.
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс
тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді
несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы
жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің
қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы
несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты,
әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.
Демек, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік-тәуекел
менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік
сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл
зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны
ешқандай да күмән тудырмайды.
Отандық банктерде несие тәуекелін басқарудың маңыздылығы банк
қызметкерлерінің ағымдағы жағдайға тиімді бағдарлануына байланысты.
Сондықтан банктердегі несие тәуекелінің басқару ерекшеліктері мен төмендету
әдістері диплом жұмысы барысында қарастырылатын болады.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының дағдарыстан
кейінгі кезеңдегі коммерциялық банктерінің несиелік тәуекелдің мазмұны мен
құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару
жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
— Банк қызметінде пайда болуы мүмкін тәуекелдер түрін және
ерекшеліктерін айқындау;
— Несие тәуекеліне әсер ететін факторларды айқындау және басқару
жолдарын қарастыру;
— Коммерциялық банктердің несиелендіру барысындағы маңызды
шарттарын қарастыру;
— Проблемалық несиелерді айқындау және олармен банктердің жұмысына
баға беру;
— Несие алушының несие қабілеттілігін анықтауды коммерциялық банк
негізінде талдау;
— Нұрбанк АҚ-да несие тәуекелін басқару ерекшеліктерімен
таныстыру;
Жұмыстың құрылымы. Дилом жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қортынды және
пайдаланылған әдебиттер тізімінен тұрады Бірінші бөлімде банк қызметі
барысында пайда болуы мүмкін тәуелдер түрімен және несие тәуекелінің
теориялық мазмұны айтылып өтіледі. Екінші бөлімде Нұрбанк АҚ негізінде
несие қабілеттілікті анықтау мен несие тәуекелін басқару тәсілдері
қарастырылған. Үшінші бөлімде несие тәуекелінің басқару сапасын арттыру
жолдары баяндалады.

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Несие тәуекелінің маңызы мен пайда болу себептері

Қазақстан үшін тәуелсіздік алған сәттен бастап нарықтық экономика
жағдайында тұрақты банк жүйесін қалыптастыру және әлемдік экономикаға бірте-
бірте кірігу дамудың аса маңызды бағыттарының біріне айналды. Республиканың
банк секторын кезең-кезеңімен реформалау осы бағыттағы стратегиялық қадам
болып табылды.
Банк секторының елдің экономикалық өсу деңгейіне айтарлықтай ықпал
ететіні белгілі. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясының ұзақ
мерзімі басымдықтарының бірі шетел инвестицияларының жоғары деңгейі
қатысатын дамыған экономикаға негізделетін экономикалық өсу болып табылады.
Банк жүйесінің дағдарысы тәуекелдерді басқарудағы елеулі кемшіліктерді
ашты. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған,
басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген,
үшіншілерінде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған
проблемалар жөнінде ескертулеріне құрақ аспаған. Банк жүйесінің жаңа даму
кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін
айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал бұл үшін жоғары басшылықтың саяси
еркі қажет, – деп атап өтті А.В. Мельников.[1]
Бүгінгі таңда банк секторы Қазақстанның қаржы жүйесінің ең сыйымды және
жылдам дамушы сегменті болып табылады. Соңғы жылдары республиканың банк
жүйесі ТМД елдері ішінде дамуымен ерекшеленді. Осы процесске салық-бюджет
саясатының салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан кірістің өсуі,
сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде пәрменді реформалар жүргізуге арқа суйеген
қолайлы макроэкономикалық жағдайлар ықпал етті.
Несие тәуекелдері банк тәуекелдер санатына жататындығы белгілі, сонымен
бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелдер оқиғаның
салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке
түсуі мүмкін, ал осы залалдың бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалануы
мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет
екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда
болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді
болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара
ғана белгілі. Тәуекелді экономикалық санат ретінде орын алуы немесе орын
алмауы да мүмкін оқиға ретінде бағалаған орынды, сондықтан оған жол бермеу
керек.
Көптеген экономист ғалымдар тәуекел мағынасына түсінік беріп өткен.
Отандық және әлемдік ғалымдардың пікірлерін қорытындылай келсек тәуекел
түсінігі ұқсас болып келеді.
В.А Москвин тәуекел санатының мағынасын дәл ашқан: Тәуекел – қазіргі
уақытта барлық белгілілердің арасындағы ең жұмбақ санат. Адамзат оның бар
екенін бұрыннан сезген, ... тәуекелдің барын барлығы біледі, алайда оның
мәнін кейбіреулер ғана талдап қарайды. Мамандардың басым көпшілігі кез
келген тәуекелді басқаруға болады деп пайымдайды. Алайда жағымсыз оқиғаның
болатынын болжауды және оның қолайсыз салдарының орын алу ықтималдығын
кеміту есебінен барлық жағдайда тәуекелді толыққанды басқару деп айтуға
болар ма еді. Халықаралық сақтандыру қадағалау қауымдастығының (ХСҚҚ)
глоссарийіне сәйкес тәуекел деген термин ысырап (шығын) мүмкіндігі бар
нақты әлемнің жай-күйін анықтау үшін пайдаланады. [2]
Питер Беристайн: ...тәуекел – бұл жеребеден гөрі таңдау деген
қорытынды шығарды.[3]
И.Т.Балабанов тәуекелге мынадай анықтама береді: тәуекел табиғаттың
сол немесе басқа құбылыстарының және адамзат қоғамы қызметі түрлерінің
ерекшеліктерінен туындайтын ысыраптың ықтимал қаупі. Тәуекел – бұл тарихи
және экономикалық санат. [4]
Тәуекел нақты шығындардың немесе уыстан шығарылған пайда формасындағы
ысырап түріндегі; нәтижелердің тұрақсыздығы, алдын ала болжанбау дәрежесі
түрінде пайда болуы мүмкін - деп түсіндірді П.Г.Грабовой. [5]
Келтірілген мысалдардан авторлар тәуекелге анықтамасы қайсы бір нақты
қызметке қатысты беретіні көрінеді. Алайда, тұтастай алғанда, тәуекелге
ысыраптың ықтималдығы немесе шығын немесе залал шегу мүмкіндігі деген
анықтама беріледі. Осы анықтамаларда ортақ белгілер соншалықты көп болмаса
да, олар өзара айтарлықтай ерекшелінеді. Ысыраптың ықтималдылығы және
ысырап мүмкіндігі арасында бір мағыналық айырмашылық бар. Ықтималдылық
деген сөз объективті ұғым болып табылады, бұл сөз қолданылғанда жағымсыз
фактордың субъектіден тәуелсіздігі жөнінде ұғым қалыптасады. Сонымен қатар
мүмкіндік деген ойды субъективтілік жағына қарай бұрады, яғни бұл бола
ма, болмай ма осы маған байланысты, ал мен бұны қалай қабылдаймын, мен
жағдайды қалай бағалаймын дегенді білдіреді.
Нарық жағдайында жұмыс істейтін коммерциялық банктер ысырап пен
банкроттылық тәуекеліне ұшырауы мүмкін. Әрине, банк басшылығы пайданы
барынша көп алу үшін залалдың пайда болу мүмкіндігін барынша азайтуға
тырысуға тиіс. Банк иелерінің және оның салымшыларының мүдделерінің қарама-
қайшылығынан осы екі мақсат бір-біріне белгіленген шамада қайшы келеді.
Алғашқылар барынша көп пайда алуға тырысады және сол үшін тәуекелге бас
тігуге даяр, ал екіншілер үшін ең бастысы – банкке сеніп тапсырылған өз
құралдарының сақталуы. Пайда алу мен тәуекелдің арасындағы оңтайлы
арақатынасты қолдау банкті басқарудың ең күрделі проблемаларының бірі болып
табылады.
Банк нарығын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Әрине, тәуекел кез
келген бизнесте болады. Алайда банк бизнесінде, оның өнімінің айрықшалығына
байланысты тәуекел міндетті және сөзсіз талап болып табылады. Сонымен
бірге, банк қызметі туралы сөз қозғалғанда тәуекелге мүлдем жол бермеу
емес, оны болжау және барынша аз деңгейге төмендету туралы айтылады. Бұл
жерде тәуекел деп банктің ресурстарының бөлігін жоғалту немесе қаржы
операцияларын жүзеге асыру нәтижесінде кірісті толықтай алмау немесе
қосымша шығын жұмсау қаупі түсініледі. Барлық коммерциялық мекемелер
сияқты банктер де өз қызметінде көбірек пайда алуды мақсат тұтады. Алайда
барынша пайда алуға тырыса отырып, пайда неғұрлым жоғары болса, тәуекел де
соғұрлым көбірек деген принципті ескеру қажет. Банк операцияларының
табыстылық дәрежесі олардың тәуекелділік деңгейіне, банктің түріне,
қолданылатын құралдарға және басқа да көптеген факторларға байланысты
болады.
Бір-бірімен бәсекелес банктер нарықтағы өзінің мүмкіндіктерін, сондай-
ақ осал тұстарын уақытында білгісі және егер олар пайда алуды мақсат
тұтатын басқаруды жүзеге асырғысы келсе, онда бұл үшін банк қадағалауы
немесе бақылау деп аталатын жүйелі басқару қажет.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің
сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің
уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермейді. Сондықтан да банктер
несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын
және оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты
банктің зиян шегуін сипаттайды.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің несиелерінің
сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты.
Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді.
Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытысында
айналысып отыруы керек.
Несиелік тәуекел келесі себептерге байланысты туындайды:
• Қарызгердің жауапкершіліксіздігі;
• Қарызгердің өз кінәсінен емес адекватты ақша ағынын жасауға
қабілетсіздігі;
• Банк басшылығындағы есептің дұрыс жүргізілмеуі, іскерлік және
экономикалық ортадағы болжанбаған өзгерістер;
• Саяси тұрақсыздық;
• Қарызгердің іскерлік репутациясындағы теріс жағдайлар;
• Несиеге қойылған несиенің сапасына (өтімділігі мен рыноктағы
сатылымдығына және болашақ құнына сенімсіздігі);
Банктік тәжірибеде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің келесі
проблемалары бар:
1. Пайданың мәні өсті деп ойлау – несиелік портфель пайда алудың негізгі
көзі, пайданы өсуге деген құштарлық кей жағдайда тәуекелді немесе
банкке тиімсіз шарттармен несие беруге алып келеді. Яғни ойланбай
берілген несиелер одан алатын табыстарына қарағанда өте қымбат түседі.
2. Несиелендіру принциптерінің бұзылуы – (достық және бәсекелестік). Оған
себеп шамадан тыс шамада пайда алуға құштарлық.
3. Қарыз адушы туралы сенімсіз ақпарат – әрбір клиентке досье
толтырылады. Онда қарыз алушы туралы толық мәлімет көрсетілуі керек.
4. Нашар мониторинг – бастапқыда берілген несиелер стандартты,
қанағаттанарлықсыз, күмәнді несие болып ауысады. Бұл несие
қызметкерлері тарапынан несиені дұрыс бақылау жасамағандықтан болатын
банкте несиелік талдауды жоғары деңгейде, сапада жасайтын білікті және
білімді болуы шарт.
Банктік тәуекелді бақылау екі әдіске негізделеді:
1. Несие тәуекел деңгейін бақылау;
2. Несиелік тәуекел дәрежесіне қарай жіктеу.
Несиелік тәуекелді бақылауды келесідей басты көрсеткіштер қолданылады:
1. Коэфиценттер
2. Болжанатын шығындар мөлшері
3. Несиелік қоржын сапасының көрсеткішері
Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік тәуекелін бақылау келесі тәсілмен
жүзеге асырылады:
1. Қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау;
2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
Қаржылық коэфиценттер негізінде қаржылық жағдайды талдау:
1. Ақша ағынын талдау;
2. Менеджмент сапасын талдау;
3. Несиенің қамтамасыз ету көздерін бағалау.
Несиелік портфельді іске асырудың келесідей ортақ шарттары бар:
1. Нақты қарыз алушымен олардың типтері үшін несиелердің ішкі банктік
лимитін белгілеу.
2. Несиенің рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың
тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау.
3. Әртүрлі салалар бойынша несиелерді диверсификациялау.
4. Төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау.
5. Жоғары тәуекелі бар салаларға қатысты несиелік саясатпен қатаңдату.
6. Несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимитін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауға
тәуекелді төмендету қабілетін жақсарту үшін пайдаланылатын банктік тәсіл.
Несиелік лимит екіге бөлінеді:
1. Несиеге берерде қарыз алушыға берілетін несиесі бойынша несиеге
қойылатын шектік деңгей.
2. Қарыз алушының айналымды несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең
жоғары шегі.
Сонымен қатар несие лимиті екіге бөлінеді:
• Сыртқы лимит – Қазақстан Республикасының пруденциалдық нормативтерінде
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең төменгі мөлшері ретінде
белгіленеді. Ол норматив бойынша тәуекелдің банк капиталына қатынасы
(несиелік операцияларға байланысы мөлшерде) арқылы есептеледі, оның
мәні келесідей екі жағдайда белгіленеді:
1. 0,01-ден аспайтын мөлшерде ол банктегі тығыз қатынастағы карыз
алушылар үшін
2. 0,25-ден аспайтын мөлшерде қалған қарыз алушылар үшін
белгіленеді.
• Ішкі лимит – несие беруші банктің өзінің қатынасында бар несиелік
ресурстар көлеміне, қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай
белгіленеді.
Проблемалық несиелерге келесідей қарсы шаралар қолданылады:
1. Қарыз алушының қызметін қайта қарау;
2. Несиені қайтару кестесін өзгерту;
3. Пайыз төлеу тәртібін өзгерту.
Несиелік тәуекелді басқару – несиелік қызмет түріне байланысты тәуекелдерді
төмендетуге бағытталған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. [7]
Несиелік тәуекел басқару жүйесінің негізгі элементтері:
• Несиелік қызметті ұйымдастыру;
• Лимиттерді белгілеу;
• Несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалау;
• Несиелік тәуекелге байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген
лимиттермен салыстыру;
• Несиелер бойынша мүмкін болатын зияндарды есепке ала отырып сыйақы
мөлшерлемесін анықтау;
• Несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзыретті болу, несиелерді
авторизациялау;
• Несиелік мониторинг;
• Несиелік портфельді басқару;
• Проблемалы несиелерді қалпына келтіру.
Несиелік тәуекелдерді басқару кезеңдері:
1. Несиелік тәуекелді сәйкестендіру – тәуекелдің пайда болу факторларын
анықтау.
2. Несиелік тәуекелді басқару.
• Тәуекелді өткізу мүмкіндігін бағалау;
• Тәуекелді өткізуден болатын шығынды бағалау;
• Қабылдайтын тәуекелді бағалау;
3. Несиелік тәуекел стратегиясын талдау – шешімдер қабылдау жүйесі:
• Тәуекелді бірден қабылдау туралы шешім;
• Тәуекелге байланысты әрекеттен бас тарту шешімі;
• Егер тәуекелді төмендету бойынша нақты шараны қолдану шарты
болған жағдайда, тәуекелді қабылдау туралы шешім.
4. Несиелік тәуекел деңгейін бақылау – яғни тәуекелге мониторгинг
жүргізу.
5. Несиелік тәуекелді минимизациялау – тәуекел деңгейін төмендету
әдістерін талдау, қабылдау.
Кесте 1
Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктері
Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктері
Қарыз алушы Банк
Мәміле бойынша қарыз алушының Несие операциясы бойынша бір немесе
міндеттемесін орындамау себебін бірнеше қарыз алушының бір уақытта
анықтау міндеттемелерін орындамау себептерін
анықтау
Несиелік тәуекелді бағалау кезеңі
Несиелік келісім шарт бойынша Берілген несиелерді топтастыру, яғни
міндеттемені орындай алмау мүмкін шығындарды есептеуге сәйкес
ықтималдығын анықтау, қарыз алушыныңтәуекелдерді класстарға бөлу:
несиелік қабілетін бағалау Несиелік тәуекел деңгейі бойынша.
Қарыз алушыларды өзара байланыстару
бойынша.
Несиелік шешім қабылдау
Қарыз алушының несиелік тәуекел Банктегі несиелік портфельдің
деңгейін бағалау нәтижесін ескеру, несиелік тәуекел деңгейін бағалау
ескерту. және бақылау.
Несиелік тәуекел деңгейін бақылау
Қарыз алушының несиелік тәуекел Портфельді бағалау, тәуекел деңгейін
деңгейінің өзгеруін жедел есепке алушекті деңгейге жеткізбеу, бақылау,
мақсатында несиелік мониторинг несие сапасына, несие беру шартына
жүргізу. сәйкес әрекет етудің заңға сәйкес
жүргізілуіне мониторинг жасау
Несиелік тәуекелді минимизациялау
Банктен қарыз алушылар ақпараттар Диверсификациялау, лимиттеу, мүмкін
деңгейін көбейту, қарыз алушыларды болатын шығындарды жабу мақсатында
келісім шартты орындауға дайынау, провизия құру.
қаржылық жағдайын көтеру, банк пен
қарыз алушы арасында тұрақты қатынас
орнату.
Дерек көзі: Байтанаева Ж.Б. Управление кредитным риском в коммерческих
банках [7]

Несиелік тәуекелді бағалау сандық және сапалық тұрғыда іске асады.
Сапалық талдау деп – несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын немесе ықпал
ететін факторларды және тәуекелді анықтауда пайдаланатын ақпарат көздеріне
талдауды қамтиды. Сапалық талдау әсіресе банктің несие портфелінің сапасын
талдау негізінде жүргізіледі. Сандық талдау – бұл несиелік тәуекелді
дәрежесін формалау мақсатында жүргізіледі.
Несиелік тәуекелді басқару – оның тәуекелді минимизациялау процесі
болғандықтан келесідей міндеттерді анықтайды:
1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау.
2. Тәуекел мөлшерін анықтау.
3. Несиелік тәуекелді басқару.
4. Несиелік тәуекелді басқару тиімділігін басқару, несиелік тәуекелді
бағалау бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесі әрдайым бақылануы
тиіс. Бақылау болжанған көрсеткіштерінен тәуекелдің ауытқуы себептерін
табуға, талдауға көмектеседі. Тәуекел мөлшері уақыт өткен сайын
өзгеріп отырады, бақылау несиелік қатынас кезеңіндегі клиенттердің
несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға
мүмкіндік береді.
Несиелік тәуекелді басқару екі бағыттарда жүргізіледі;
• Несиелік операция технологиясын басқару.
• Несиелік тәуекелді басқару.
Несиелік операция технологиясын басқару – несиелік саясатты енгізу
негізінде ұсыныстарды қабылдау бойынша ұйымдық процесс. Яғни банктің берген
әрбір несиесіне кезеңмен дайындалған басқару саясаты жүргізілуі тиіс.
Несиелік тәуекелді басқаруда нақты несиемен байланысты несиелік
қабілетілікті талдау мүмкін портфельді диверсификациялау болып табылады.
[7]
Несиелік тәуекелді басқару келесі көрсеткіштерді басқарумен
негізделеді:
1. Ссудалық портфель сапасы;
2. Несиелік тәуекелді төмендету;
3. Тәуекелді алдын-ала байқау, салдары мен мөлшерін анықтау;
4. Тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша
шараларды дайындау және өткізу.
Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері:
• Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның төлем қабілетіне
байланысты:
1. Шаруашылықтың шарттарына сәйкес төлемді уақытылы қанағаттандыру.
2. Несиені қайтару.
3. Қызметкерлер мен жұмыскерлерге жалақы төлеу.
4. Бюджеттік төлемдерді төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады. Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы заңды
тұлғаның несиелік қабілетін бағалауда келесі қаржылық коэфиценттің төрт
түрі пайдаланылады:
• Өтімділік коэфиценті
• Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық
тәуекел коэфиценті.
• Компанияның ресурстарын пайдаланудың тиімділігін талдауға
арналған айналымдылық коэфиценті.
• Пайдалылық коэфиценті.
Мониторинг дегеніміз – несиені берген күннен бастап, оны қайтарғанға
дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетін, өзгерісін үнемі
талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі және несиелік келісім шарттың
бұзылуы анықталған жағдайда тиісті шаралар қолдануды қамтитын банктің
күнделікті жұмысы.
Несиелеу – банктік қызметтің ең негізгі түрі болып табылады. Несиелік
ұйымдар өз ерекшеліктеріне байланысты клиенттердің міндеттемелері бойынша
есептеулер жүргізіп, ақша қаражаттарды тартып және өзіндік жеке несие
саясатын жүзеге асырады. Соған байланысты банк саласы қаржылық тәуекелдерге
сезімтал экономика саласы болып табылады.
Егер банктің саясаты бойынша несие төлемқабілетсіз, кепілдендірілмеген
және қаржылық жағдайы күмәнді қарыз алушыға берілетін болса, нәтижесінде
несиені қайтармау тәуекелі акционерлермен қатар, бүкіл банк ұйымына қауіп
төндіреді.
Кейбір жағдайларда несиелік тәуекел жүйелі тәуекелге айналады. Ол бір
қарыз алушы несие міндеттемесін орындамаған жағдайда қаржы нарығында басқа
да міндеттемелердің орындамауына және төленбеулерге алып келеді. Сондықтан
соңғы кездері коммерциялық банктің несие саясатын қадағалау аясында
несиелік тәуекелдерді басқару мәселелері мемлекеттік маңызға ие болып отыр.
Тәуекелдерді төмендету үшін тұтынушылардың несие қабілетін және банктің
жеке қаржылық тұрақтылығын жиі талдау жасап отыру керек.
Банктің несие тәуекелін жоғарылататын факторларға келесілер жатады:
• Белгілі бір салаға немесе тұтынушылар аясына берілген қомақты қарыз
сомасы. (Несиелердің концентрациясы)
• Либералды несиелік саясат, қажетті ақпаратты табыс етпей берілген
несиелер
• Несиеге сәйкесінше кепілдемені алу қабілетсіздігі
• Бір-біріне өзара байланысты тұтынушаларға берілген несиелер
• Тұрақсыз экономикалық және саяси жағдай
Несие тәуекелін төмендететін факторларға келесілер жатады:
• Несиелерді басқарудың консервативті саясаты
• Әр тұтынушаға несиелеудің тиянақты әдістемесі
• Бір қарыз алушыға келетін максималды тәуекел деңгейін белгілеу
• Басшылар тарапынан тәуекелді жүйелі түрде бақылау және қадағалау
• Несиелерді тиімді қамтамасыз ету және сақтандыру
Несиелік тәуекелді басқарудың маңызды элементтері болып: ақпараттық
жүйе, тұтынушылардың несие қабілетін бағалау әдістері, тиімді құжаттандыру,
және ең маңыздысы болып несиелеудің нақты тәсілдері мен саясаты табылады.
Несиелендірудің тәсілдері мен саясаты бойынша регламентте банк
қызметіне байланысты маңызды сұрақтар мен қатар келесі мәселелерді
қарастырады:
• Несиелеудің саясаты;
• Несие портфелін басқару мәселелері
• Несиелендірудің минималды критерийлері
• Несиелендіруді қамтамасыз ету
• Санкциялау
• Бақылау
• Несиелерді сыныптау
• Күмәнді несиелер бойынша резерв саясаты
• Кепілдемелер мен қамтамасыз етулер

2. Коммерциялық банктердің тәуекелдердің мәні мен түрлері

Банк қызметі барысында оған белгілі көлемде шығын алып келуі мүмкін
тәуекелдер бар. Олардың қызмет түріне және пайда болу жағдайын байланысты
өз ерекшеліктері айқын көрсетілген. Олардың банк қызметіне үлкен әсер
ететін түрлерін төменде баяндап өтіледі.

Сурет 1. Банктік тәуекелдердің сыныптамасы
Дерек көзі: Лаврушина И.О. Банковские риски. [12]

Пайыздық тәуекел – бұл пайыз мөдшерлемесінің болжанбаған ауытқуынан
ысырапқа ұшырау мүмкіндігі болып табылады.
Пайыз мөлшерлемесі өзгергенде банк табыстары мен шығындары активтердің
нарықтық құны, пассивтермен баланстан тыс шоттардда көрсетіледі.
Пайыз тәуекелі берілген ссудалар мен тартылған қаражаттардың қайтарылым
мерзімдері сәйкес келмегенде немесе активтік операциялар бойынша
мөлшерлемелер әртүрлі тәсілмен берілгенде пайда болады.
Пайыздық тәуекелдің жіктемесі:
1. Жаңа баға құру бойынша актив пен пассив бағасының өзгеруі
• Тіркелген пайыздық қойылым
• Өзгермелі пайыздық қойылым
2. Табыстылықтың өзгеру тәуекелі
3. Базистік тәуекел
4. Операциондық тәуекел
Пайыздық тәуекелді басқару банктің актив пен пассивті басқарудың
негізгі саласының біріне жатады.
Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтері:
1. Пайыздық тәуекелді айқындау – яғни пайыз мөлшерлемесін өзгертуге және
сол арқылы банктің таза пайдасымен экономикалық құнына теріс ықпал
ететін факторларды анықтау.
2. Пайыздық тәуекелді бағалау – яғни пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты
анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану.
3. Пайыздық тәуекелдің алдын алу – яғни актив пен пассивті басқаруға
бағытталған залалдың алдын алуға арналған ұйымдық техникалық шаралар
жиынтығы.
4. Бақылау – яғни пайыздық тәуекелді басқару процесіне жиі бақылау жасау.

Пайыздық тәуекелді келесідей тәсілдерді қолдану арқылы кемітуге болады:
1. Пайыздық тәуекелді сақтандыру – бұл да тиісті тәуекелді, яғни қатерді
сақтандырушы ұйымға толық беруді ұйғарады. Яғни несие нарығын
сақтандыру сияқты. Банктегі жағдай өзгергенде банктегі пайыз
мөлшерлемесінің тиісінше өзгеруіне мүмкіндік береді.
2. Мерзімдік келісім – яғни қатерден қорғану әдісі болып табылады. Ол
банктің қарыз алушының айтылған мерзімінде белгілі бір соммадағы
қаржыны белгілеген мерзімде беру туралы арнайы форвардтық келісімді
бекітумен жүзеге асады. Банк ссуданы беру процесіндегі пайыз
мөлшерлемесінің өзгеруіне орын алатын ысырапқа ұрынып қалу қатерінен
өзін осы келісімді бекіту арқылы қорғайды.
3. Пайыздық фьючерстік келісімшарт – ол мерзімді контрактіні білдіреді.
Сатушы шарт бойынша сатады, ал сатып алушы қаржы құжатын осы сәттегі
келісілген тіркелген баға бойынша келешектегі айтылған уақыт мезетінде
белгілі бір кезеңнен соң сатып алады.
4. Пайыздық опцион – бұл опционның иесіне қысқа мерзімді ссуданы немесе
депозитті тіркелген баға бойынша келешектегі белгілі бір күнге дейін
немесе сол күні сатуына немесе сатып алуына құқық беретін келісім.
5. Пайыздық СВОП – онымен бір ғана соммаға алайда бір түрлі шартпен
бекітілген несие міндеттемелеріне байланысты пайыздық төлемдердің
төмендеуін білдіреді.
Пайыздық тәуекелді басқарудың басты мақсаты – пайыздық маржаның
деңгейіне бақылау жасау. Сонымен бірге пайыздық тәуекелді басқарудың
міндеті – бұл тәуекел түрінің банктің табысының және өтімділік шеңберінде
минимизацияландыру болып табылады.
Банктік тәжірибеде пайыздық тәуекелдің екі түрі болады:
• Базалық тәуекел
• Уақыт алшақтығының тәуекелі
Базалық тәуекел – банктің қаражаты бір ставкамен тарта отырып, оны
пайыздық ставкамен орналастыру нәтижесінде туындайтын тәуекел.
Уақыт алшақтығы тәуекелі – негізінен бір пайыздық ставкамен тарта
отырып және сол мөлшерде, бірақ уақыт алшақтығымен орналастырылған жағдайда
туындайды.
Нарықтағы пайыздық қойылым деңгейінің өзгеруі – банктің табысына орасан
зор шығын келтіруі мүмкін. Бұл сәйкесінше қаржыландыру шығындарының
көбеюіне, активтер бойынша түсімдердің төмендеуіне, меншікті капиталдың
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Пайыздық тәуекелді тиімді басқарудың негізгі мақсаты – банктің қаржылық
құралдарының ағымдық табысына және банк капиталының экономикалық құнына
нарық мөлшерлемелерінің құбылуына теріс ықпалын минимизациялау.
Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін
пайыздық тәуекелді басқарудың жүйесі құрылады.
Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыз тәуекелінің қаншалықты
ықпал ететіндігін бағалауда келесідей тәсілдер қолданылады:
1. Пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау
2. Спрэд коэфиценті деңгейі мен динамикасын бағалау
3. GAP талдау
4. Дюррация
5. Иммитациялық модельдеу
Өтімділік – банк сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы
сипаттамасының бірі. Банк өтімділігі – салымшылар мен қарыз берушілер
арасында, банктің өз міндеттемесін уақытында және шығынсыз орындау
қабілеттілігі.
Егер коммерциялық банктердің борыштық және қаржылық міндеттемелерді
уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттармен басқа да өтімді
активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада
жұмылдыру мүмкіндіктері жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып
табылады. Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге
болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орынадалуымен
сипатталады. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденциялық
шоттағы қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы, қолма-қол
ақшаға тез айналатын активтер, банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен
алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.
Өтімділік тәуекелі – банк өз міндеттемелерін кешіктірмеу кезінде,
орындай алмау жағдайында және өз активтерінің құрамында күрделі түзетулер
болмаған жағдайда игерілу.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты – міндеттемелерді орындау
мерзімі жеткен кезде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі сондай-
ақ жалпы экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша
қаражаттарының кетуін болдырмау.
Өтімділікті басқарудың міндеттері өтімділіктің шамасын өтеу мен оны
басқару құрылымын қалыптастыру және төменде көрсетілген жағдайлар бойынша
келесі жағдайларды жүзеге асырады:
1. Баланстырылмаған өтімділік тәуекелін шектеу
2. Қаржы нарығының әртүрлі құралдары бойынша ашық позицияны ұстану
арқылы іс-әрекет нәтижесін оңтайландыру
3. Еншілес банктерді несие ресурстарымен қамтамасыз ету үшін
тапсырысты орындау
4. Ресурстарды тиімді пайдалану
5. Тәуекел көздерін анықтау
Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкінің пруденциалдық нормативтері
бойынша өтімділік келесідей коэфиценттер арқылы анықталады:
1. К4.1≥1
2. К4.2≥0,9
3. К4.3≥0,8
К4.1 – жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі мерзім мен
мерзімді міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің
орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
К4.2 – 1 айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі мерзім мен мерзімді
міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа
айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
К4.3 – 3 айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі мерзім мен мерзімді
міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа
айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні өтімділікті басқару екі
әдістің көмегімен іске асырылады.
1. Жиынтық қор әдісі
2. Конверсиондық әдісі
Жиынтық қор әдісі – бұл банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы
қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеумен көздерімен салыстыруды
сипаттайды. Ол үшін банктердің балансының өтімділігін бағалау көрсеткіштері
қолданылады. Әртүрлі көздерден алынған бактің қаражаты туралы ақпарат
жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп,
өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер
құрылады.
Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: кассадағы
қаражаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шоттағы қаражаттар
кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің өтімді
активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары
жатады.
Егер де ұзақ валюталық позициядан банк ұзақ мерзімі ішінде табыс алатын
болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін.
Конверсиялау әдісі – банктің қаражаттарының көздеріне және бағыттарына
қарай байланыстыруда қажет болады. Бұл әдісті қолдану барысында біріншіден
банктерден қаражаттарды қалыптастыру көздеріне қарай және оларды қайтару
мерзіміне қарай орналастыру қажет. Екіншіден әрбір қаражат көзін тиісті
қаржыландыру бағытына қарай бөлу қажет. Осы әдістің жекелеген элементтері
белгілі бір бағдарламалармен тартылған қаражаттарды орналастыру барысына
қолданылады.
Банк өтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау агенттігінің өтімділігіне
және резервтерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 6
Валюталық тәуекел – контрактіге қол қойған кезеңімен ол бойынша төлемді
жасау арасындағы кезең ішінде толейтін валютаға қатысты валюта бағамының
өзгерісінің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қаупі.
Валюталық тәуекел қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның
қатынасы кезіндегі курстың өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде және
өз қорлардың бір бөлігінің жоғалуына, табыстың толық алынбауына қосымша
шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюта курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрқашанда өзерісте болатыны
белгілі, ол банк қызметінің пайдасымен шығындарында көрініс табады.
Пайыздық тәуекел мен валюталық тәуекел ұқсас, бірақ онда да өзгерістер
болады. Валюта бағамы ұсыныс пен сұранысқа қарай белгіленеді.
Банктердің валюталы тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде пайда
болады. Валюталық позиция – шетел валютасындағы талаптары мен міндеттерінің
өзара қатынасы. Валюталық позиция ашық, жабық, ұзын және қысқа болып
бөлінеді.
Жабық валюталық позиция – шетел валютасындағы банктердің талаптарымен
міндеттерінің өзара сәйкестігін көрсетеді.
Ашық валюталық позиция – шетел валютасындағы банктің талаптарымен
міндеттемелер сомасының өзара сәйкес келмеуін білдіреді. Яғни банктің шетел
валютасындағы активтер мен пассивтердің сәйкес келмеуі, ол табыс
тапшылығына, төмендеуіне алып келеді.
Табыс пен шығын банктердің ашық валюталық позициясының қандай
екендігіне, яғни ұзын ба немесе қысқа ма және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай екендігіне байланысты
болады.
Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдердің бірнеше түрлері қолданылады:
1. Айырбас бағамының өзгеру тәуекелі
2. Конверсионды операциялар тәуекелі
3. Трансляциялық тәуекел
4. Форфейтингтік тәуекел
5. Коммерциялық тәуекел
6. Операциялық тәуекел
Валюталық тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері:
• Валюталық тәуекелді сақтандыру
• Хеджерлеу
• Диверсификациялау [8]
Инвестициялық тәуекел. Кең мағынада банктік инвестиция – пайда табуда
банк ресурстарын орналастыруға орналастыруға бағытталған активтік
операциялардың жиынтығы.
Тар мағынада банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында
ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жинау.
Банктің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын,
нәтижелілігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділік қамтамасыз ету
мақсатында инвестиция портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске
асыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Инвестициялық тәуекел – белгісіз жағдайда инвестицияны көзделген
қаржылық шығынға ұшырау. Инвестициялық тәуекелді келесі белгілер бойынша
жіктеуге болады:
• Жүзеге асыру сферасы бойынша:
• Технико-технологиялық тәуекел
• Экономикалық тәуекел
• Саяси тәуекел
• Әлеуметтік тәуекел
• Экологиялық тәуекел
• Заңды-құқықтық тәуекел
• Жүзеге асыру түрлері бойынша:
• Нақты инвестициялық тәуекел
• Қаржылық-инвестициялық тәуекел
• Инвестициялық тәуекелдің пайда болу көздеріне байланысты:
• Жүйесіз тәуекел
• Жүйелі тәуекел
Инвестициялық тәуекелді бағалау әдістері:
Статистикалық әдіс – инвестиция объектісінің даму перспективаларының
бар немесе жоқтығы, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген
шарттар саны, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инвестициялық
күтілімдер, ел экономикасын дамуының жалпы беталыстар бағаланады.
Аналитикалық әдіс – іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық
коэфиценттері есептелінеді, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы анықталады.
Жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі – модельдеу болып табылады.
Бұл әдістің негізгі қиындығы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс
таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдығын бағалап, нақты жағдайды
болжамдауға мүмкіндік береді.
Аналогиялық әдісі – қаржы менеджері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе
басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы,
қаржылық нәтижелер алу ықтималдығы, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды.
Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы және стратегиясы
құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлық шикізатты және салалық
сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау – бұл кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттігін талдау болып табылады. Бұл
әдістің мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды
қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму
динамикасын бағалау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы формула арқылы
анықталады:
Инвестициялық тәуекел деңгейін төмендету әдістері:
• Диверсификациялау
• Лимиттеу
• Сақтандыру
• Өзін-өзі сақтандыру
Осы аталған әдістердің ішінде жиі кездесетіні диверсификация болып
табылады.
Диверсификациялау – өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым
обьектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін
білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын,
арналған қаражаттарды нарықтан сатып алатын және тұрақты орташа табыс
әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне
негізделеді.
Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру
кезінде тәуекелден жалтаруға мүмкіндік береді. Сонымен инвестор бір
акционерлік қоғамнын орнына бірнеше турлі акционерлік қоғамдар n акцияларын
сатып алу табыс ықтималдылығын n есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел
деңгейін n есе төмендетеді.
Диверсификацияның келсідей түрлері бар :
• Тігінен
• Көлденең
Тігінен диверсификация – бұл әртүрлі типтегі объектілерге жұмсалған
қаржылық құралдар жиынтығы. Көлденең диверсификация – бұл бір типтегі бірақ
әртүрлі объектілерге жұмсалған қаржылық құралдар жиынтығы. Тігінен
диверсификация көлденең диверсификацияға қарағанда тәуекел деңгейін біршама
төмендете алады. Бірақ тігінен диверсификацияны ұстаған менеджерге мұндай
түрдегі портфельді басқаруға қиындық туғызады. Себебі әртүрлі нарықты
қамтитын құралдарды басқару олардың айналысатын ортаны талдаудан тұрады.
Көлденең диверсификация тік түріне қарағанда тәуекел деңгейі жоғарырақ,
бірақ басқару жағынан өте тиімді болып саналады. [4]
Операциондық тәуекел – банк қызметкерлері тарапынан болатын ішкі
процестерді жүзеге асыру барысында жіберілген кемшіліктерді, ақпараттық
жүйемен техникалық жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын шығындар қатері
болып табылады.
Операциондық тәуекелдің пайда болу себептерінің бәрі адам қызметіне
байланысты. Оның пайда болу жолдарын келесі критерийлер негізінде жіктеуге
болады: басқару сапасы, тәуекел жүйесі, адам факторы, процестер, форс-
мажорлық жағдай.
Операциондық тәуекелді төмендетудің негізгі мақсаты – банкте пайда
болатын мүмкін келеңсіздіктердің салдарын алдын алу және бизнес процестерді
бақылауды нығайту болып табылады. Банктерде операциондық тәуекелді
басқаруға үлкен мән берілуі тиіс. Операциондық тәуекелдердің пайда болу
көздеріне қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі тәуекелге келесілер жатады:
1. Қызметкерлер тәуекелі:
• Ұрлық, алдау;
• Қызметкерлер қателіктері;
• Қызметкерлердің біліксіздігі;
• Кадрлардың аздығы;
• Еңбек заңдарындағы қолайсыз өзгерістер;
2. Процесс тәуекелі
• Мәміле және операция жасаудағы қателіктер;
• Бақылаудың әлсіздігі;
• Ішкі тәртіптің әлсіздігі;
• Регламенттің жоқтығы;
• Құжатты рәсімдеудегі қателіктер;
• Есептілік және баға белгілеудегі қателіктер;
3. Технологиялық қателіктер:
• Пайдаланатын технологиялардың ескілігі;
• Ақпараттық жүйелердің сыйымдылығының аздығы;
• Өңдеу әдістерінің тұрпайылығы;
• Жүргізілетін операциялардың адекватсыздығы;
• Компьютерлік жүйедегі бұзушылықтар мен олқылықтар;
Сыртқы тәуекелдер:
• Табиғи апаттар;
• Серіктестіктердің сенімсіздігі;
• Қоршаған ортадағы тәуекелдер;
Ішкі тәуекелдер – банк қызметкерлердің есепсіз іс-әрекетінен, оның
ішінде біліксіздігіне байланысты туындайтын барлық тәуекел.
Банктер операциондық тәуекелді басқаруға көп мән беруі қажет. Банк
қызметінде операциондық тәуекелді басқарумен айналысатын операциондық
тәуекелді басқару жөніндегі тәуелсіз бөлім қызмет етуі тиіс.[9]
Операциондық тәуекелді басқару жүйесі тәуекелді анықтау, бағалау,
мониторинг, бақылау, сондай-ақ операциондық тәуекелдің салдарын азайтуға
байланысты шараларды жасау және қолдану тәсілдері жатады. Операциондық
тәуекелді анықтау мақсатында банк қызмет және талдау жасалып, операциондық
тәуекелдің пайда болуына ықпал ететін факторлар анықталады.

3. Несиелік тәуекелдерді басқару және оларды төмендету ерекшеліктері.

Қазіргі кезде кез келген қаржылық және қаржылық емес институттардың
қызметі белгілі бір мөлшерде тәуекелмен байланысты екені анық. Сонымен
қатар кез келген ұйымның табысты қызмет атқаруының кепілі болып нақты микро-
макроэкономикалық жағдайды өзінің тәуекелін басқара білу табылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу,
тәуекелді бақылау және тәуекелге мониторинг деген төрт элементтен тұратын
процесс.
Несиелік тәуекелді басқару несиелендіру процесін басқарудың негізгі
бөлігі болып табылады. Несие тәуекелін нақты қарыз алушының тәуекелі және
несие портфелінің тәуекелі болып бөлу басқару үдерісіндегі әр тәуекелдің
ерекшеліктеріне байланысты болады. Осыған байланысты несие тәуекелін
басқару екі негізден тұрады:
• Тікелей тәуекелді басқару (нақты қарызгердің тәуекелі)
• Несие портфелінің тәуекелін басқару
Аталған несие тәуекелдерінің ортақ ерекшеліктері мен қатар өзіндік
ерекшеліктерге ие болып табылады. Маңызды мәселе болып басқару
мақсаттарының әртүрлілігі саналады:
• Жекелеген тәуекелді басқарудың мақсаты болып қарыз алушының банктің
алдында өз міндеттемелерінің орындамауы және несиені қайтармаған
жағдайда банктің шығындарын минимизациялау болып табылады.
• Несие портфелінің тәуекелін басқарудың мақсаты болып банктің несие
операцияларын ұйымдастырудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді
қажетті деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Жекелеген қарыз алушының тәуекелін басқару несиелендіру үдерісі
барысында жүзеге асырылады. Несиелендірудің әр кезеңінде несие тәуекелін
басқару өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Несиелендіру барысында қарыз
алушылармен тікелей қарым-қатынаста болатын банк қызметкерлерінің Банк
саясатын, Банктің несие саясатын және несиелендіру барысында несие
тәуекелін азайтуға және стандарттауға бағытталған іс-шараларды есепке алу
маңызды міндет болып табылады.
Несие портфелін тәуекелін басқару кезінде банк қызметкерлері несие
тәуекелінің көлеміне әсер ететін қабылданған тәсілдер мен әдістерді
басшылыққа алу міндетті іс-шара ретінде қарастырылады.
Несие тәуекелін басқару тәуекелді төмендетуге бағытталған анық іс-
шаралардан тұрады. Несие тәуекелін басқару кезеңдері төменде көрсетілген
кезеңдерді қамтиды.
1. Тәуекелді анықтау
2. Тәуекел деңгейін өлшеу және бағалау
3. Шешім қабылдау
4. Тәуекелді төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру
5. Тәуекел деңгейін қадағалау және мониторинг жүргізу
Аталған несиелік тәуекелді басқарудың кезеңдері жекелеген қарыз
алушының несиелік тәуекелін басқару кезінде, сондай-ақ бүкіл несие
портфелінің тәуекел деңгейін басқару үшін қолданылады. [10]
Алғашында тікелей несиелік тәуекелді басқаруды қарастырайық. Сонымен
алғашқы кезең – тәуекелді анықтау кезеңі. Тікелей тәуекелді анықтаудың
мақсаты – қарыз алушының келісім шарт бойынша міндеттемесін орындамаудың
потенциалды себептерін анықтау. Бұл себептер ішкі және сыртқы болып
бөлінеді. Міндеттемені орындамаудың ішкі себептері банкте несиелендіру
үдерісін ұйымдастыру кезеңімен байланысты болады. Міндеттемені орындамаудың
сырқы себептері қарыз алушымен, яғни қарыз алушының өз міндеттемелері
бойынша орындай алмауынан немесе орындауға қызығушылығының жоқтығынан және
банктің осы міндеттемелер орындалмаған жағдайда қамтамасыз етілген
кепілдеменің болуымен сипатталады.
Қарыз алушының тәуекелін анықтау үшін оның компаниясы туралы, яғни
меншік түрі, менеджмент сапасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Пәндер