Қазақстан Республикасындағы халықтың әртүрлі категориядарымен әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуын талдау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға - 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т. б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.
І - ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан астам уақыттан бері әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген Еуропа мемлекеттерінде (Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швеция және Франция және АҚШ-та) қайырымдылық ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс пайда болды. Ол кәсіби қызмет ретінде қайырымдылықтың және мұқтаждарға мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ ғасыр басында туындауы - адамзаттың қарапайым идеясын түсінгендігінің нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу үшін, ол кәсіби болуы керек, бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар қажет болды. Мұқтаж адамдарға біліктілі көмек көрсете алатындардың қажеттіліктері әлеуметтік қызметкерлердің пайда болуына алып келді. Мұқтаждарға кәсіби көмек көрсету мен адамдардың мейірімділік сезімінің дамуына үлесін қосқан қайырымдылық қызметі де қатар жүрді.
Ежелде туындаған қайырымдылық қызмет әрқашан мұқтаждарға қайтарымсыз көрсетілетін көмек деп қарастырылады. Бұл қызмет пен айналысатын адамдар материалдық емес моральдық жағынан қанағаттанды. Сонымен қоса олардан арнайы дайындықтар талап етілмеді, көп уақыттар шамасында мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді олар артық деп есептелді. Мұқтаж адамдарға көрсетілетін қайырымдылық қызметі және мемелекеттік көмектер әлеуметтік жұмыстың мүмкін болуына жағдай жасады. Шын мәнінде де, әлеуметтік заңнама шегінде мұқтаждарға көмек көрсетумен айналысатын адамдар қызмет етті, оларға сол қызметтері үшін материалдық сый ақы алмаса да олардың дайындық деңгейлері өте жоғары дәрежеде болды. Әлеуметтік жұмыстың мүмкіндікке айналуы (немесе басқа сөзбен айтқанда оның мамандық ретінде пайда болуы) мамандар дайындаудан басталды. Мұндай дайындықтар келешек әлеуметтік жұмыскерлер білім ала алатындай арнайы оқу орындарының ашылуын қажет етті. Мамандарды дайындау әлеуметтік жұмыстың қалыптасуына деген алғашқы қадам болды, одан кейінгі қадам - оның ұйымдастырушылық құрылымын жасау. Алғашқы әлеуметтік қызметкерлер ұйымы толық дамымады. Бірақ олар қоғамның дамуы үшін сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер құқықтары үшін өз еңбектеріне ақы алу үшін күресті. Кез келген мамандық сияқты әлеуметтік жұмыста өз еңбектері үшін материалдық емес сый ақы алған мамандар жиынтығын көрсетті.
Егер әлеуметтік жұмысты екінші дүниежүзілік соғыс алдында мұқтаждарға кәсіби көмектің қажеттілігін түсінген көптеген елдердің күнделікті өміріне мықтап енген жаңа әлемнің танымы болды десек артық айтқандық емес.
Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттары жөнінде сөз еткенде ең алдымен өзінің түбірімен ежелгілікте қалып отырған қайырымдылық қызметін көрсету керек. Қайырымдылықтың қызметі болған тарихи формалардың бейнесі оның адам мәдениетінің бөлінбейтін элементі болғанын, батыс, шығыс деп бөлінбегеніне куәландырады. Қайырымдылық мұқтаж адамдарға көмек ретінде қазіргі таңда қоғамдық бір бөлігіне айналды және де адам келешегін онсыз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттарын қуатын мұқтаждарға көрсетілетін мемлекеттік көмекке келетін болсақ, ол Батыс елдерінде буржуаздық қарым-қатынастың түбегейлі бекінуіне әкелген өндірістік төңкеріс әсерінен белгілі бір деңгейде ынталанған болатын.
Сондықтан да айтылған тарихи шарттар негізінде туындаған әлеуметтік жұмыс батыс мәдениетінің танымына айналды.
Осы заманғы зерттеулердің теориялық аспектілерінде әлеуметтік жұмыс пәнаралық және интегративті сипатта көрінеді. Әлеуметтік жұмыстың дамуына психология социологияның әсері көп, сол сияқты педагогика, психиатрия, антропология, заң және кейбір теориялық тұжырымдамалар мысалы: күнделіктілік теориясы әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс ретінде пайда болып, кейіннен нақты әлеуметтік институтқа, сөйтіп тану объектісіне, түрлі күнделікті жағдайдан ғылыми теориялық деңгейде қалыптасады. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағытталған теория моделінің классикалық позитивизмге әсері сезінеді. (О. Конт, Дж. Милль, Т. Спенсер) . Социологиядағы позитивизм және әлеуметтік жұмыстың теориясы өзгермейтін заңдар қызметін және қоғам мен адамның дамуы, табиғи процесс немесе бөлік ретінде қарастырылады.
Құрылымдық функционализм және әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына белгілі әсер етіп, әлеуметтік жұмыс былайша қарастырылады.
- кең әлеуметтік жүйенің бөлігі, өзінің қызметі мен рөлі;
- кейбір мекемелердің іс-әрекетінің жүйесі, әлеуметтік іс-әрекеттердің жиынтығы, әлеуметтік институт.
- ішкі құрылымдар жүйесінің сипаттамасы.
Әлеуметтік жұмыс ойлаудың әлеуметтік стилінің болуы және осы заманғы тұрмыс компоненттері әлеуметтік негізгі білімге негізделген.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы түрлі әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттар ретінде әлеуметтік жұмысты қоғам жүйесінде олардың өмірлік күштерін қолдау.
Қорғалмағандық пен осалдық әсерлесуі түрлі кезеңдерді сипаттайды. Қорғаусыздық - тәуекелге ұшырағыштыққа тәуекел ету: әлсізді, әл-ауқат деңгейінің төмендеу мүмкіндігі осыдан шығады.
Мемлекет ресми құжаттарда әлеуметтік бағыттылық, яғни дамудың басты бағыттары, адамның қажеттіліктері қоғамның жоғарғы құндылықтары, мемлекеттік әлеуметтік саясатқа сәйкес құрылады. Халықты қорғаудың негізгі элементтерінің бағдарламасы:
- халықтың негізгі категориясын әлеуметтік қорғауды жан-жақты талдау және әлеуметтік мақсаттар мен міндеттер аймақтық әлеуметтік қорғаудың жүйесі;
- халықтың түрлі топтары мен әлеуметтік қорғау шаралары жағдайын талдауға кәсіптік бағдар мен кадрларды дайындаумен қайта даярлау кіреді;
- аймақтардың инфрақұрылымдарының әлеуметтік қорғауды келешекте дамыту мен оның жай-күйі;
- қосымша механизмдер шығын көздері әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз етудің болашағы мен жай-күйі.
Қоғам, әлеуметтік топ, жеке адам, әлеуметтік статус, әлеуметтік рөл, социализация, аномия әлеуметтік жұмыстың негізгі теориясын және практикасын құрап, социологияның маңызды категориялары болып табылады. Әлеуметтік сала социологиясы, мәдениет социологиясы, әлеуметтік жұмыс социологиясы, гендер социологиясы (мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдарды білдіретіні - бұл салалар жаңадан құрылуда, бірақ олардың әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін маңызы зор. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және оны жан-жақты ғылыми сүйемелдеу, біртұтастығын қамтамасыз ету әлеуметтік институт және әлеуметтік жұмыстың іс-әрекетінің даму мониторингін қамтамасыз ету ғылыми әлеуметтік білімнің принципті мағынасы бар.
Соңғы жылдары біздің республикамызда әлеуметтік жұмыс практикасы едәуір қарқынды дамыды. Әлеуметтік қызметкерлер дайындайтын кәсіби-педагогтік қызметтер дамытып, әлеуметтік жұмыс және көптеген ұйымдар жұмыс істейді.
Әлеуметтік жұмыс адамдардың әлеуметтік өмірін талдап, олардың әлеуметтік өзара әрекеттестігін түзету мен жетілдіру тәсілдерін үйретеді.
Әлеуметтік зерттеулердің жоғарғы оқу орындарындағы пәндердің қалыптасуы проблемаларына көмектесуі қажет. Әлеуметтік жұмыстың негізгі компоненттерінің әлеуметтік мониторингі оның сенімділігін қамтамасыз етіп, өзіндік дамуына мүмкіндік жасайды.
Әлеуметтік жұмысқа социологияның әсерін бағыттайтын негізгі спектр нақты белгіленіп, анықталады: қоғамдық әлеуметтік спектр нақты белгіленіп, анықталады: қоғамдық әлеуметтік құрылымды әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолдану, осы қызмет мамандарын дайындауда пайдалану, әлеуметтік қызметкерлер түрлі топтарараласу бағытында әлеуметтік жұмысты талдау. Барлық әлеуметтік институттар, әлеуметтік қорғау институты және әлеуметтік жұмыс маңызды мемлекеттік пен қоғам үшін маңызды міндет атқарады, яғни тұрақтандыру мен социумды сақтау, қалыптасқан қоғамдық қаитынастардың үйлесімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Әлеуметтік жұмыс - бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескере кететін жайт, әлі әлеуметтік жұмыстың технологиясы мен әдістері жеткіліксіз. Біз әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың мынадай объектілері: жұмыссыздар, босқындар, тұрақты орны жоқ адамдар. Осыған орай, әлеуметтік жұмыстың жаңа әдістері пайда болуда - әлеуметтік жұмылдыру жұмысы және стиверк (көшедегі әлеуметтік жұмыс) . Бұл әдіс Америка Құрама Штаттарында пайда болды, содан кейін Австралия, Германия, Франция және басқа Еуропа елдерінде тарады.
Біздің еліміздегі әлеуметтік жұмыс саласында өзекті мәселе қоғамды іздендіру деңгейі, адамның негізгі құқтарын сақтау, әлеуметтік қорғау деңгейін дәлелдеуі оны маңызды іс-әрекет ретінде мойындауы еліміздегі әлеуметтік жұмыс саласындағы өзекті проблема болып отыр. Өкінішке орай, өмірде түрлі бақытсыздық, аурулар, отбасын, әлеуметтік топты сыртқы ортадан көмек сұрауға, тұрмыс жағдайын сәтсіздікке ығыстырады. Отбасы мәселесі, ерлі-зайыптылар арасындағы немесе ата-ана мен балалар қатынасы кез келген отбасында оның әлеуметтік статусымен материалдық жағдайында келеңсіз жағдайлар туындауы мүмкін.
Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі немесе қарт адамдардағы проблемалар және халықтың бұл категориясы, әрі олардың жақындары осы мәселені шешуде көмек пен шешіміне мұқтаж. Сондықтан бүкіл әлемде әлеуметтік жұмыс барлық топтарға және мүгедектерге қажет, дегенмен кейбіреулер оны потенциалды қажет етеді.
Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс-әрекеттің түрі және әлеуметтік институт ретінде күшті теориялық базасыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік жұмыс түрлі теориялардың парадигмаларына сүйенеді. Қазіргі заманғы әдебиеттерде әлеуметтік жұмыстың түрл тұжырымдамалық тәсілдері беріліп, оның іс-әрекетінің мазмұнын түсінуге байланысты. Мысалы, әлеуметтік жұмыс саласының бірден бір маманы л. Гусляков әлеуметтік жұмыстың 4 түрлі парадигмасын анықтайды:«радикалды-гуманистік», «радикалды-құрылымдық», «түсініктемелік», «функционалистік».
«Әлеуметтік технология» атты түсіндірмелі сөздікке екі түрлі тәсіл берілген: жүйелі немесе құрылымдық және әлеуметтік психологиялық.
Шын мәнісінде әлеуметтік жұмыс түрлі дауларды шешуге бағытталған әрекетке бағытталған. Чикаго мектебінің өкілі Роберт Пак даулардың жақсы қызметитерін атап берді: «жанжал бар жерде, мінез-құлық зерделі және саналы; тек осындай жағдайда рационалды бейнесі бар».
Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде қарастырылады.
1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік қызметкерлердің методологиялық база қызметі.
2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде - ол әлеуметтік қызметкерге жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік қайшылықтарды шешуге қолданады.
3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.
Жылдар бойы басылып келе жатқан қарама-қайшылықтар, тұрғындардың көпшілік бөлігінің бүгінгі жағдайының жақсаруының болашағы, криминогендік жағдайлары, билік саясатының құрылымы т. с. с. әлеуметтік субъектілердің бұрынғы шашыраңқы қарама-қайшылықтарының бірігуіне әкеледі, социумның жанжалдығының бір ағынға қосылуына, қоғамның терең ыдырауына, байланыстардың үзілуіне әкеп соғады.
Осылайша, қарама-қайшылықтарды жалпы басу жағдайында әлеуметтік салада туған жанжал қоғамның ыдырауының негізі болады, әлеуметтік қысымның өсуіне ықпал етіп, барлық деңгейде жеке адамның қоғаммен өзара әрекетке әкеледі.
Көпшілік жағдайда нақты жанжалмен әлеуметтік қызметкерлер айналысады, онда бір мезгілде құрылымның бұзылуы мен конструкциялық қызметтері. Мысалы, Ю. В. Растовтың пікірі бойынша, жанжалдың конструктивті рөлі әлеуметтік шындықпен бірдей және басқа деңгейде ол құрылым бұзылу маңыздылығымен толықтырылады. Әлеуметтік қызметкер өзінің жұмыс барысында кейде әлеуметтік жанжалмен өз объектісінің нақты іс-әрекеті кездеседі.
Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адам қызметінің саласын көрсетеді, ол белгілі бір нақтылық жөнінде объективті ғылымды теориялық жүйелендіру және спецификалық- әлеуметтік қызметті мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған - жеке ұйымдарды, қоғамдағы топтарды, отбасыларды, индивидтерді, мамандарды кәсіби және қоғамдық қызмет ретінде айқындауға болады. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде маңызды мәселелерінің бірі - көрсетілген объекттердің әлеуметтік мәселелерін шешудің тиімді әдістері мен технологияларын өңдеу және де әлеуметтік жұмыстың бар әдістер мен формаларын талдау.
Әлеуметтік жұмыс техникалық, әсіресе табиғи ғылымдармен байланысты. Бұның шеңберінде жүргізілетін зерттеулер бір жағынан, көп жағдайда табиғи ғылымдармен (соның ішінде медицинамен) байланысы тұрғысынан қарағанда ғылымның бөлімдері арасындағы сипатын білдіреді, ал екінші жағынан - әлеуметтанумен, психологиямен, педагогикамен, құқықтанумен және басқада әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдармен байланысын білдіреді.
Әлеуметтік жұмыс елімізде әліде болса қалыптасу кезеңінде тұр. Ғылыми тәртіптің сипатты белгілері кәсіби журналдар мен ұйымдардың, оқу кафедраларының және оқулықтардың саны болып табылатынын айта кету керек. Соңғы жылдары көптеген елдерде ондаған жоғарғы оқу орындарында сәйкес кафедралар ашылған, бірнеше оқу құралдары және әлеуметтік жұмыс теориясы, тарихы және әдістері туралы оқулықтар дайындалған және басылып шығарылған.
Алайда бұл ғылымның құрылу үрдісі аяқталудан әліде болса алыста. Сол себептен де аспиранттар мен докторанттар, философия, әлеуметтану, саясаттану, педагогика және психология мамандықтары бойынша дайындалуда.
Әрбір ғылым ториялық және эмперикалық білімдердің, теориялардың, әдістердің, әдістемелердің (техникалардың) қоспасын білдіреді. әлеуметтік жұмыс ғылым тараулары ретінде оның ерекшелігі білім мен білгірліктің бірлігінен тұрады. Бұл оның негізгі қағидасы. Мұндай бірліксіз ғылым болмайды, мұндай бірліксіз Адам өміріне маңызды салада (облыста), әлеуметтік қызметкер қалыптаса алмайды.
Әрбір ғылымның өзінің терминологиясы, түсіндірмелі-сипатты аппараты болады. Сонымен қатар, кез келген ғылым тараулары сияқты әлеуметтік жұмыста да қолданылатын түсініктемелерді жіктеуге әрекет жасалады.
Бір топты, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде спецификалық санаты болып табылмайтын терминдер мен түсініктемелер құрайды. Олардың ішінен нақты ғылымдар тарауларымен байланысы басымырақ түсініктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалы, әлеуметтік сала, әлеуметтану, педагогика және психологиямен байланысты - әлеуметтік қарым-қатынастар және т. б.
Екінші топ түсініктемелері, әлеуметтік жұмысқа көбірек қатысты, сонымен қатар басқа да ғылымдарда қолданылады. Бұл негізінен әлеуметтік жұмыстың объектілерін және негізгі бағыттарын анықтайтын, әлеуметтік қызметкер және мекемелер түсінігі. Солардың ішінде, әлеуметтік әлсіз халық топтары, девианттық мінез-құлықты топтар мен тұлғалар, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қорғану, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек, балалар мен жасөспірімдер пана үйлері, отбасына және балаларға арналған әлеуметтік-реабилитация орталықтары, халықты әлеуметтік қорғауды басқару және т. б. түсініктер бар.
Әлеуметтік қорғауды қоғам мен және оның түрлі құрылымдарымен жүзеге асатын шаралар жүйесіне, минималды өмір сүру жағдайының кепілдігіне және адамның өмірін қамтамасыз етуге қолдау көрсету деп түсінуге болады.
Әлеуметтік қолдауды тұрмыс қызметінде мұқтаж тұлғалар, жеке отбасылар және әлсіз әлеуметтік топтар жағдайын қолдауға бағытталған арнайы шаралар деп түсіндіруге болады.
Әлеуметтік көмек - бұл жеке тұлғаларға немесе халық топтарына өмір қиындықтарын жеңуге немесе жеңілдетуге, олардың қоғамдағы әлеуметтік статусын (беделін) табуына, қоғамға бейімделуіне көмектесетін жәрдем, қызмет және қолдау түріндегі әлеуметтік шаралар жүйесі.
Әлеуметтік жұмысты қоғам өмірінің барлық саласындағы адамдардың субъективті рөлінің жүзеге асуын тиімдету, өмір сүруді қамсыздандыру үрдісін және тұлғаның, отбасының, әлеуметтік және басқада топтардың, қоғам мүшелерінің іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатындағы, адам қызметінің өзге түрі ретінде қарастыруға болады.
Ең бастысы әлеуметтік жұмыс түрлі қызметтердің бірі ретінде барлық адамдарды, әсіресе әлсіз топтарды қолдауға, қорғауға бағытталған. Мұндай қызмет түрінің адамның пайда болуынан оның даму кезеңдерінде өз орны болғаны анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz