Ақша қаражаттары есебі жайлы


МАЗМҰНЫ
1 Ақша қаражаттары есебінің теориялық негіздері. .
1. 1 Ақшаның экономикалық мәні. Ақша қаражаттары есебінің мақсаты мен міндеттері.
1. 2 Төлем карточкаларымен есеп айырысу ерекшеліктері.
1. 3 «ALEM LTD» ЖШС технико - экономикалық сипаттамасы……
7
7
13
19
2 Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
2. 1 Ақша қаражаттары операцияларын нормативті-құқықтық реттеу
2. 2 Кассадағы және ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
28
28
32
3 Ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебінің ішкі аудиті және талдауы . . .
3. 1 Ақша қаражаттарын ішкі аудиторлық тексеру. .
3. 2 Ішкі аудитті стандарттау мәселелері . . .
3. 3 «ALEM LTD» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысын талдау және оларды басқару жолдары. .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
54
54
71
77
87
Кіріспе
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысы дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
- ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлармен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
- ақша тауардың айырбас құнын белгілейді және ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет; резервтер ашып өндірістің пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті техналогиялар енгізу, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралдары жағдайы және прайдаланылу денгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорының жеткілікті енбек рерурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын енбек өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады. Кәсіпорын экономикасын көтерудің басты звеноларының бірі есеп болып табылады. Бухгалтерлік есеп әртүрлі басқару функцияларын орындау үшін ақпараттар дайындау.
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есептілікті пайдаланушыларға компанияның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.
Ақша қаражаттары айналым қаражаттарының маңызды топтарының біріне жатады. Оның қажетті мөлшерде болуына кез - келген меншік нысанындағы ұйымдардың қаржылық жағдайы, шаруашылық субъектісінің ары қарай дамуы тәуелді. Кәсіпорындарда ақша қаражаттары кассадағы қолма - қол ақша нысанында, банктердегі есеп шоттарында, мақсатты қаражаттар бойынша арнайы шоттарда сақталынады, сонымен бірге аккредитив түрінде, чектік кітапшаларда, депозит және қаржылық салымдар түрінде қолданылады.
Ақша қаражаттары ағымдағы операцияларды орындау үшін қолданылады. Ақша қаражаттары күтпеген төлемдерді жасау үшін қажет, өйткені кәсіпорын өзінің қызметінде белгісіздік жағдайында өмір сүреді.
Ақша қаражаттарын тиімді пайдалану үшін олардың түсуін дұрыс жоспарлау керек; ақша қаражаттарының есебін дұрыс жүргізу үшін олардың көптеген заңдылықтары туралы және үнемі өзгеріп отыратын нормалары, тәртіптері және ережелері жөнінде білім болуы керек; шаруашылық қызметтің қажетті тиімділігі, тұрақты қаржылық жағдай тек пайданың, айналым капиталының және ақша қаражаттарының қозғалысына жеткілікті және келісілген бақылау жасалынған жағдайда қол жеткізуге болады. Осы жоғарыда айтылғандардың барлығы «Ақша қаражаттарының есебі, аудиті және талдауы» зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Оның көмегiмен таза кiрiс алу мақсатында жұмсалған өндiрiстiк босалқылар алынады. Соның арқасында, айналым қаржылары тоқталмай, өндiрiстiң қызмет нәтижесiнде аяқталатын процеске ықпалы зор. Сол себептi есептесулердi ұйымдастырудың және ақшалай қаржылардың есебiн зерттеудiң маңыздылығы ерекше.
Ұйымдар өздерінің қызметін жүзеге асыру барысында әр түрлі ұйымдармен және тұлғалармен шаруашылық байланыста болатыны анық. Шаруашылық құралдарының болып жатқан тұрақты айналысында үздіксіз көптүрлі есеп айырысулар туындайды. Есеп айырысулар сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін, ал ұйымдар сатушы ретінде де, сатып алушы ретінде де жұмыс істегенде көбінде ақша қаражаттарымен есеп айырысатыны белгілі.
Ішкі есептеулердің ішінде жауапты тұлғалармен және персоналдармен басқа да операциялар бойынша есеп айырысуларға көңіл аудару қажет. Есеп айырысуларды, оның ішінде ақшалай қаражаттармен есеп айырысуды дұрыс ұйымдастыру, оларды есепке дұрыс тіркеу осы операциялар бойынша келеңсіз салдарларды болдырмауға жағдай жасайды.
Ақша қаражаттарының жағдайына бақылауды ұтымды ұйымдастыру келісілген және есептік тәртіпті нығайтуға, берілген ассортиментте және сапада өнімді жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауға, төлем тәртібін сақтау үшін жауапкершілікті жоғарлатуға, дебиторлық және кредиторлық берешектерді қысқартуға, айналым қаражаттарының айналымдылыған жылдамдатуға және осыларға байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізеді. Осы айтылғандар зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты - ақшалай қаражаттардың есебiн, ішкі аудитін және талдауын ұйымдастыруды зерттеу, оларды жүргізудің әдістемесін қарастыру болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешіледі:
- ақшаның, ақшалай қаражаттар операцияларының теориялық негіздерін қарастыру;
- зерттеу объектісіне технико-экономикалық сипаттама беру;
- ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есебінің ұйымдастырылуын зерттеу;
- ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының ішкі аудиті мен талдауы әдістемесін негіздеу және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі «ALEM LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Отандық ғылыми және экономикалық ортада ақша қаражаттары есебі, аудиті мен талдауы мәселелері көптеп қарастырылған: В. К. Радостовец, С. С. Сатыбалдин, К. Ш. Дюсембаев, К. К. Кеулімжаев, М. С. Ержанов, Ф. С. Сейдахметова, К. Т. Тайғашинова, Ж. Н. Айтжанова, Э. Нұрсеитов, С. Т. Міржакыпова, С. Б. Баймуханова, Б. Б. Султанова және тағы басқалар.
Зерттеу соңында келесі нәтижелер алынды:
- касса шаруашылығын ұйымдастыру және кассалық операциялар есебі, ағымдағы шоттар операциялар есебі қарастырылды;
- «ALEM LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы -шаруашылық қызметіне сипаттама беріліп, негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалынды;
- ақша қаражаттары аудиті мен талдауының әдістемесі негізделді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып ақша қаражаттары операциялары есебі мен аудиті бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік ұсынымдары табылады. Зерттеу барысында ақша қаражаттары есебі мен аудитінің түрлі тәсілдері, есептің және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, кәсіби бухгалтерлік ұйымдардың әдістемелік материалдары мен ұсыныстары, Қазақстан Республикасының нормативтік актілері зерттеліп салыстырылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, ҚР Президентінің қаулылары, ҚР Ұлттық банкінің, ҚР қаржы Министрлігінің мәліметтері, статистикалық жинақтардың материалдары мен мерзімдік басылымның тақырыптық материалдары, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, сондай-ақ Интернет желісінен алынған деректер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрамы 10 кесте, 5 сурет, 4 формула, 90 беттен тұрады.
1 Ақша қаражаттары есебінің теориялық негіздері
1. 1 Ақшаның экономикалық мәні. Ақша қаражаттары есебінің мақсаты мен міндеттері
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Экономикалық санат ретінде ақша натуралды шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басына жаратылған кезеңі натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Келе келе өндіріс құралдарының дамуына бацланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайларға байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің саны олардың жеке басының керегіне, жарататын санынан артық болатын жағдай туды. Сөйтіп адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек басқа өнімге айырбастап алуға мүмкіндік туды. Осының нәтижесінде «айырбастау» деп аталатын процес туды. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің тауар деп аталатын болған соң, натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы шаруашылық пайда болды.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштің салдарынан өнім өндірушілер өздерін бірдей немесе бірнеше өнімнің түрін шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімдердің артығына ауыстырып алатын болды [1] .
Сонымен ақшаның пайда болуынан алдын ала екі экономикалық жағдай туындады:
- Натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы шаруашылық келді, осыған байланысты айырбастау өріс алды.
- Өнім өндірушілер арасында бір жағынан мүлікті жекешеленушілік пайда болды, екінші жағынан бір тауар өндіруге маманданушылық пайда болды.
Сонымен қатар бір тауарды екінші тауарға айырбастауда бірқатар қиыншылықтар болды. Олар:
- Бір тауарды екінші тауарға айырбастау үшін, қолында осы өндірушінің іздеген тауарыбар өндіруші табылуы керек: және ол екінші өндірушіге, бір өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт:
Мысалы: Егін егуші адам өзінің өндірген бидайын, теріге ауыстыруыкерек болса, қолында терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет.
Басқаша айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара керекті тауарларболғанда ғана мүмкін, мұнсыз ауыстырылмайды.
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың құнын ескеру керек. Басқаша айтқанд, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт.
Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. өйткені: өгіздің құны бір қап бидайдан әлдеқайда артық. Сондықтан бір қап бидайға оның құнына баламалы тауар іздеу керек.
Міне сондықтан бара-бара. тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты баламалық негізде айырбастау операциясының да дамуы көптеген түрлі түрлі тауарлардың құнымен баламалы айырбастайтын болған.
Мысалы, бір балтаның құны бір қап бидай болса, бір өгіздің құны бес қап бидай. Мұнда ақшаның қызметін бидай атқарады.
Сөйтіп айырбастаудың тауарлы нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне әртүрлі тайпаларда, ақшаның міндетін атқарған тауарлар әртүрлі болған.
Мысалы, Ежелгі Гректер, Римдіктер, Славяндар ақша орнынамал пайдаланған. Скандинав елдерінде, ежелгі Орыстар аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған, Қытайда тұз, Манғолияда шайды т. с. с.
Бірақ осының өзінде де айырбастауда біршама қиындықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу сияқтықияметтері көп болды. Міне, осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі, ақшаның міндетін атқаратын тауарлардың біржағынан оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдаған кездеқолайлы болуын талап етті. Ал, мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана мәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңінде, ақшаның міндетін әртүрлі металдар атқарған: қола, мыс, алтын, күміс т. с. с.
Ақшаның пайда болуы айырбастау процесінде де бірқатар өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді. Яғни базар пайда болды. Ал ол базарда екі кісі емес бірнеше кісілер қатысатын болды.
Екіншіден, ақшаны пайдалану арқасында бірғана процеспен бітетін айырбастау пайда болды.
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардың ақшасын енді, керекті тауарды алғанға дейін сақтауға мүмкіншілік алды. Ал, мұның өзі ақшаны жинауға және оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз. Яғни, бұл несиенің пайда болуына әсер етті. Осындай өзгерістердің арқасында ақшаның қозғалысы тауардың қозғалысынан бөлініп шықты. Қысқаша айтқанда бұрын ақшаның міндетін атқаратын тауарды беріп, соған балама басқа тауар алынатын. Яғни; тауар ақшаның қозғалыс жолы, айырбасталып алынатын тауардың қозғалыс жолымен тығыз байланысты етін. Тек олар қарама қарсы қозғалатын. Енді ақша шыққаннан кейін ақша өз алдына, тауар өз алдына қозғалатын болды.
Ақшаның осылай дербес айналуы өзіндік құны бар ақшаның құны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түсті. 1976 жылдың қаңтарында Ямайкада өткізілген халықаралық валюта қорына мүше елдердің келісімі бойынша әрбір елдің ақшасының алтынға салыстырғандағы құны жойылды. Осының бәрі қазіргі жағдайда ақша айналымының өз алдына өтетінін. Сөйтіп ақша өз алдына экономикалық санат болып шыққанына айқын дәлел болап табылады.
КСРО тарихында Кеңес рублінің құны таза алтынға бағаланатын.
Бұл тәртіп Ресей Федерациясында 1992 жылы жойылды. Ал Қазақстан теңгесінің о бастан алтын бағасы болған жоқ. Қазір ешбір елдің ақшасының алтын бағасы жоқ.
Ақша - тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы жолында стихиялық жолмен пайда болды
Ақша - барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауар.
Ақша - өндіру және бөлу процесінде адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін термин түрде дамып келген экономикалық категория.
Ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекшк тауар, онда басқа барлық тауардың құны бейнеленеді және оның, делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала береді, бірақ ол тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Маркс айтқандай «табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, тозбайды, тот баспайды. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеп соқтырды. Алтынды тұтыну жылдан жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады: электроникадан бастап зергерлік істерге дейін, бірде өте жұқа қалындықпен, бірде балқытылған құймалармен қолданылады.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуінен көрініс табады.
Жалпыға тікелей айырбастау. Ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігі көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік барынша қысқартылды және тек қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектеледі. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылыды және сатып алынады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерін жүргізумен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалану көлемі едәуір кеңіді.
Айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары: несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарын басқа банктерге сату және т. б [2] .
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өңдеуге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшеуді мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретінде ролі туралы әр түрлі көзқарастар бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама және жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін орындауды жалғастыруда дейді екіншілері. Ал енді үшіншілері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретінде өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді. Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды.
Ақша реформасы - Ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалпына келтіруге, нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендіру.
Ақша реформасы мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асырылады:
- жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы хабарлау;
- қалпына келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;
- деноминациялау, яғни нольдерді қысқарту әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандай да бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады. Қандай да бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандай болмасын есеп көрсеткіштері экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің негізгі мақсаты - осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сонымен бірге іс-тәжірибелік тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістеріменен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындардағы есеп жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz