Бұқаның тобын толтыратын таналарды азықтандыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік ... ... ... ... ... .7
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.3 Азық мөлшеріне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... 12
2.5 Бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ...13
2.6 Бұзауды 15 . күннен 3 . айға дейінгі кезеңде азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.7 Бұзаудың өсіп даму кезеңіне сәйкес қоректік
мұқтаждығының өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.8 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру принциптері ... ... ... ... ... ... .16
2.9 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .17
3. Өзіндік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Мүйізді ірі қара мал қарыны көп бөлімді күйіс қайыратын малға жатады. Олар, негізінен, өсімдік тектес көкшөп және басқа да аумақты жемшөппен қоректенеді. Мүйізді ірі қара мал азықтандыруын алынатын өнімі бойынша сүтті және етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт өндіруге сүтті бағыттағы қара-ала, аулие-ата, қырғыздың қызыл, симментал, бұрыл латыш және де сүтті-етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал тұқымдарды өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде пайда болатын құнды биологиялық сұйық.
Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік, ми-нералды және биологиялық әсерлі заттар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықтың да тамырдағы қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен — 90 есе, май мөлшері — 18—20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы деңгейінен анағұрлым жоғары шо-ғырланады. Сүт құрамында азық пен қанда кездеспейтін казеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі. Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт майы, ондағы липидтер, фос-фотидтер мен басым бөлігі сірке қышқылы болып келетін ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы — сіңірілген аминқышқылдарынан түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне месқарындағы микробиологиялық метаболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да тікелей қатысады. Қандағы витаминдер мен минералды заттар сүт құрамына өзгеріссіз енеді.
Сиыр етін өндіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымда-рынан елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, сантагертруда, т. б. тұқымдарын өсіреді. Бұлардың төлін жеделдетіп өсіріп, бордақылап, етке сояды. Сондықтан телден сүтті сиыр өсіргенде, оларды аумақты жемшөпті мейлінше мол жеп, ас қорыту жолының сыйымдылығын ұлғайту көзделетін болса, етті бағыттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімде тірілей салмағы мен қондылығын жоғарылату көзделеді.

1. А.Ә.Төреханов , Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.Қ .Найманов,
Н.Ә.Жазылбеков «Ірі қара шаруашылығы» Триумф «Т»
Алматы: 2006 ж
2. Н.Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру»
Алматы: «издатмаркет» 2005 ж
3. «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау
технологиясы» Алматы: 2006 ж
4. А.Дәрібаев, Ж.С.Әткешов «Ауыл шаруашылық малдарын
азықтандыру практикумы» Талгар 1994 ж
5. Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков «Мал шаруашылығы»
Астана «Фолиант» баспасы 2008 ж
6. «Зоотехния негіздері» Астана «Фолиант» баспасы 2007 ж

Ф.4.7- 006-02.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Агроөнеркәсіптік институты
Ветеринариялық медицина және зоотехния кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән аты: Ауылшаруашылық малын азықтандыру
Мамандығы – 050802 - Зоотехния
Тақырыбы Бұқаның тобын толтыратын таналарды азықтандыру
Жұмыс Орындаған:
Шонабаева М
АП-10-8к3
_____________________ (аты-
жөні, тобы, қолы)
(бағамен қорғалды, баға қойылған күні)
Комиссия
1. __________________________
қолы
2.__________________________ Жетекшісі Б.Қ.Қожалы ,
а.ш.ғ.д.,
қолы
доцент _________________
қолы
3. __________________________
қолы
Нормаға сай:
Б.О.Жақыпбекова
Шымкент 2009 ж.
Ф.7.-14-04
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Бекітемін:
_____________________
Кафедра меңгерушісі: Асылбеков Б.Ж.
_______________________2009
Тапсырма №__________
___________________________________ _пәнінен курстық жұмысқа
Студент____________________________ __ тобы_______________
Жұмыстың тақырыбы___________________________ __________________
___________________________________ ____________________________
Алғашқы мәліметтер_________________________ _____________________
№ Түсінік жазбаның мазмұны Орындалу мерзімі Көлемі шамамен
(парақ саны)
1
2
3
4
5
№ Графикалық бөлімнің Орындалу мерзімі Парақ саны Формат
мазмұны
1
2
3
Әдебиеттер:
1._________________________________ ______________________
2._________________________________ ______________________
3._________________________________ ______________________
4._________________________________ ______________________
Тапсырма берілген күні ________________Қорғалатын күн_______________
Жұмыстың жетекшісі: а.ш.ғ.д., доцент
Б.Қ.Қожалы
Тапсырманы орындауға қабылдадым __________________________________
Ф.7.-006-05
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Агроөнеркәсіптік институты
Бекітемін:______________________
ВМжәнеЗ
кафедрасының меңгерушісі
______________________Б.Ж.Асылбеков
___________________________2009 ж.
Хаттама №______
Курстық жұмысты қорғау бойынша
Студент____________________________ _тобы________________________
Курстық жұмыстың тақырыбы
Қорғауға қойылған сұрақтар:
Курстық жұмысты орындау барысында жинаған балы _____________
(60 балл мүмкіндіктен)
Қорғау_______________баллмен (40 балл мүмкіндіктен) бағаланды
Жалпы жинаған балл жиындысы _______жұмыс_____баллмен бағаланды
Курстық жұмыс жетекшісі, Б.Қ.Қожалы, а.ш.ғ.д., доцент
Комиссия мүшесі_____________________________ ______________________
Комиссия мүшесі ___________________________________ _______________
Шымкент 2009
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 7
2.1 Малды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік
... ... ... ... ... .7
2.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтері

... ... ... ... ... ... ...8
2.3 Азық мөлшеріне әсер ететін
факторлар

... ... ... ... ... ... ... 10
2.4 Мүйізді ірі қара малының ас қорыту ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... 12
2.5 Бұзауды уыздану кезеңінде азықтандыру ерекшеліктері
... ... ... ... ...13
2.6 Бұзауды 15 - күннен 3 - айға дейінгі кезеңде азықтандыру
ерекшеліктері

... ... ... ... ... .15
2.7 Бұзаудың өсіп даму кезеңіне сәйкес қоректік
мұқтаждығының өзгеруі

...15
2.8 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру принциптері
... ... ... ... ... ... .16
2.9 Тұқымдық еркек бұзауды азықтандыру ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... .17
3. Өзіндік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18
Техникалық қауіпсіздік

... ... ..27
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ..28 Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Мүйізді ірі қара мал қарыны көп бөлімді күйіс қайыратын малға
жатады. Олар, негізінен, өсімдік тектес көкшөп және басқа да аумақты
жемшөппен қоректенеді. Мүйізді ірі қара мал азықтандыруын алынатын өнімі
бойынша сүтті және етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт
өндіруге сүтті бағыттағы қара-ала, аулие-ата, қырғыздың қызыл, симментал,
бұрыл латыш және де сүтті-етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара
мал тұқымдарды өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан
құрамы өте күрделі, ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде
пайда болатын құнды биологиялық сұйық.
Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік, ми-
нералды және биологиялық әсерлі заттар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін
түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықтың да
тамырдағы қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен
— 90 есе, май мөлшері — 18—20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де
қандағы деңгейінен анағұрлым жоғары шо-ғырланады. Сүт құрамында азық пен
қанда кездеспейтін казеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі.
Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт майы,
ондағы липидтер, фос-фотидтер мен басым бөлігі сірке қышқылы болып келетін
ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы — сіңірілген аминқышқылдарынан
түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне месқарындағы микробиологиялық
метаболизмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да
тікелей қатысады. Қандағы витаминдер мен минералды заттар сүт құрамына
өзгеріссіз енеді.
Сиыр етін өндіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымда-
рынан елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, сантагертруда, т. б.
тұқымдарын өсіреді. Бұлардың төлін жеделдетіп өсіріп, бордақылап, етке
сояды. Сондықтан телден сүтті сиыр өсіргенде, оларды аумақты жемшөпті
мейлінше мол жеп, ас қорыту жолының сыйымдылығын ұлғайту көзделетін болса,
етті бағыттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімде тірілей
салмағы мен қондылығын жоғарылату көзделеді.

Мал мұқтаждығы азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы,
кальций, фосфор, каротин бойынша 6 көрсетекішті қамтитын жалпы азықтандыру
нормасымен, ал қажетті және мүмкіншілік болған жағдайда бұл көрсеткіштерге
қосымша шикі протеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, макро және
микроэлементтер мен маңызды витаминдер мұқтаждығымен толықтырылған.
Азықтандыру нормасына негіздеп азықтандыру рационалын, яғни әр
малға жегізілетін жем – шөп көлемін құрастырады. Рациондағы азықтар
мөлшері мал түлігінің асы қорыту ерекшелігін ескере отырып, қоректік
заттарға мұқтаждығы азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қамтамасыз ету
қажет. Рацион құрылымын яғни оған кіргізілген жем – шөп топтарының жалпы
қоректілігіне пайыздық арақатынасы, қорытуға оңтайлы, көзделген
өнімділікті өсіруге бағыттап құрастырды.
Күйісті малдың ас қорыту жолын кернеп, рецепторларын
тітіркендіріп, қыздырып, қорын моторикасы мен ішек перистольтикасын
дұрыстау үшін 20 – 25 кг шырынды азық берілген. Салмағы 400 – 500 кг сиырға
кемінде 4 – 5 кг, яғни салмағының әр 100 кг – на 1 кг аса ірі азық берілуі
керек.
Ал өзінің қиын қорытындылауын қатар басқа қоректік заттар
қорытылуына да кері ықпал ететін шикі клечатканың шамадан тыс деңгейін
шошқа азығында 14 – 17%, құс құрама жемінде 4 - 6 % (балапан мен тауық
жемінде), 6 - 10% күрке – тауық пен қаз жемінде, аспауын қадағалайды.
Мал тіршілігінің ас қорыту ерекшелігіне, өнімдік және жастық
жыныстың тобына сәйкестендіре құрастырылатын рацион құрылымын, яғни негізгі
азық топтарының жалпы қоректілік, яғни азық өлшеміне алмасу энергиясымен
өлшенетін энергетикалық арақатынасы.
Норма дегеніміз малдың жоғары өнімділігін және оның денсаулығын
жақсартуды қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыда дәлелденген азықтағы қоректік
заттардың мөлшері. Мысалы, белгіленген норма бойынша(малдың жасы, оның
өнімі, физиологиялық күйі) әрбір азық өлшемінде ас тұзының мөлшері 7-8 г,
ал бұл көрсеткішті біз өз бетімізше 20-30 грамға жеткізсек, онда мал
организміндегі клеткалардың (осмостық қысымның артуына байланысты) кеуіп
немесе жарылып кетулері мүмкін, ондай организм өлімге ұшырайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының кез келген түріне қажетті нормалар
(олардың түріне, жасына, алмағына, жынысына, тұқымына, физиологиялық
күйіне, өзіндік ерекшеліктеріне т.б. факторларға байланысты) азық
өлшемімен, сіңімді протеинмен, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин, т. б.
организмге қажетті заттардың мөлшерімен көрсетіледі(әдістемелік нұсқаудың
соңында келтірілген қосымша кестені қараңыз).
Бұл кестеде келтірілген негігі нормаға – төлдің тез жетілуіне,
өсіп келе жатқан құнажынның (бірінші және екінші сауымдағы) тез өсуі үшін,
сондай-ақ арық сиырдың (малдың) қоңдылығын көтеруге 1-2 азық өлшемін
қосымша қосады.
Қазіргі нормалар бойынша, сауын сиырлары өз денесінің тіршілігін
қамтамасыз ету үшін, шамалап алғанда, 100 кг тірілей салмағына бір азық
өлшемін, ал өндірілетін әрбір кг бүтіне 0,5 (0,48) азық өлшемін қажет етді.
Демек, 500 килограмдық сиырдан тәулігіне 12,14,16,18,20,25,30 сүт сауылса,
оның өз тіршілігін қамтамасыз ететін 5 азық өлшеміне (500:100), жоғарыдағы
сүт өнімдеріне сәйкес 6,7,8,9,10,12,5,15 азық өлшемі қосылады да, сиырдың
қоректік заттарға тәуліктік мұқтаждығы, сүттілігіне сәйкес, 5+6=11, 5+7=12,
5+8=13, 5+9=14, 5+10=15, 5+12,5=17,5, 5+15=20, азық өлшеміне теңеледі, ал
азықтың әр түрлеріндегі сіңімді протеиннің, қанттың, крахмалдың, майдың, ас
тұзының тағы да басқа микроэлементтер мен витаминдердің көрсеткіштері
бойынша, осы малға қажетті барлық қоректік заттардың мөлшері оңай есептеліп
шығарылады (тәуліктік нормасы). Тәуліктік азықтың нормасын тағайындағаннан
кейін, осыған байланысты малды азықтандырудың рациондары жасалынады.
Рацион деп – ғылыми нормаға негізделіп құрастырылған, сол норма
көрсеткіштеріндегі қоректік заттардың мал организміне толық жеткізілуін
қамтамасыз ететін азықтардың түрлерін айтамыз.
Рациондағы әр азықтың мөлшері де, нормада келтірілген сияқты
салмағына, жасына, жынысына, тұқымына, физиологиялық күйіне, олардың өнім
бағытына және өнімділігіне байланысты болады. Мысалы, ірі қара
шаруашылығында, оның ішінде сүт бағытындағы сиырларда рациондардың
жартысынан көбі (60-70%) сүтің түзілуіне жақсы әсер ететін шырынды
азықтардан тұратын болса, шошқалар рационының басым бөлігі (70-90%) құнарлы
жемдерден құрастырылады.
Ең алдымен рационға малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті азықтары
енуі шарт. Үйренбеген, яғни алғашқы кезде жемейтін азықтарды тек біртіндеп
үйретіп немесе тіпті алдын ала арнайы өткізуден өткізіп барып береді.
Екіншіден, рациондарды шаруашылықта дайындалатын, жергілікті азықтардан
құрастырады. Өйткені азықтандыру рациондары шаруашылық экономикасының басты
құралы. Мысалы, мал шаруашылығына жұмсалатын шығындарды 100% деп алсақ,
осының 60%-і мал азығына, 8%-і олардың тұқымын асылдандыруға, 12%-і жаңа
технологияларды енгізуге, ал қалған проценттері (20%) еңбек ақы мен
малдәрігерлік жұмыстарына жұмсалады екен.

Малды нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал
түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей
салмағы мен өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын,
яғни азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады. Организм тіршілігін
қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілі- гінен
туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей салмағы мен
тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі мекиен
жұмыртқалағыштығы секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді.
Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік
заттар мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды ашықтырып
барып анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей (өнім
өндірмей) тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, қан айналымын,
тыныстануын, т. б. тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға (уровень
подцерживающего кормления) организмдегі жалпы энергия шығынының 40-60%
жұмсалады. Демек, осы шығын көлемі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын
энергия көлемі өседі. Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей
салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын
қоректік затгар үлесі өседі де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған
жұмсалатын қоректік заттар үлесі артады.
Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия
көлемін (чистая энергия продукции) тікелей калориметриялық жағып немесе
есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз
ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік
заттары) мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар)
қосындысымен белгіленеді (суммарная норма кормления). Организмнің өнімдік
мұқтаждығы оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы
сыртқы орта жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген
азықтандыру нормасымен белгіленеді.
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мелшерінің) көрсеткіштеріне
сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін
азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру
ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық керсеткіштеріне
сөйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды,
биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз
ету болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен
белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап
азықтандыру (нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни
нормасыз, еркінше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған
азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал
шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық
шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын
қымбаттатып, сала рентабельдігін төмендететін экономикалық фактор болып
табылады.
Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажеттігінен
аз да немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды. Организм
қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия
алмасуын толық қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе,
сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетгі шамадан
көп енген қоректік заттар да ас қорыту барысында толық қорытылып,
игерілмей, көбі босқа, пайдасыз ысырапталады. Бұл, бір жағынан, өнімнің
өзіндік құнын қымбаттатса, екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған
кедергі келтіреді.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс
түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне бай-
ланысты өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері,
яғни азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін
жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азықтандыру рационының
(рационы кормления) қоректілік көрсеткіштерін сөйкестендіру арқылы жүзеге
асырады.
2.3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Азық қосындыларын қоректік және биологиялық әсерлі заттарға
тек шартты түрде бөлуге болады. Мысалы, минералды элементтер, айталық,
кальций-сүйек, фосфор-аденозинфосфат қышқылдары, темір-гемоглобин, кобальт-
цианкобаламин, йод-тироксин құрамына кіріп, бір жағы- нан, құрылымдық
қызмет атқарса, екінші жағынан, организмдегі буферлік жүйе, осмостық
қысым, қышқыл-сілтілік қатынас, иондық теңдікті қалыптастыруға,
ферменттерді белсендіруші хелаттық металэнзимдер қызметіне қатысып,
биологиялық әсерлі қызмет те атқарады.
Қажетті жағдайда жемшөп қоректік заттарының, оның ішінде,
жасунықтың ыдырауын өсіретін ферменттік және микробтық препараттарды
қолдануғаболады.Оларды ыдыратушылық қасиеттері боынша глюк- авоморин,
авоморин секілді амилолитикалық, яғни көмірсуларды ыдыратушы, проторозин,
протосубталин секілді протеолитикалық, яғни протеинді ыдыратушы,
целловиридин, секілді целлюлозлитикалық, яғни жасунықты ыдыратушы топтарға
бөледі.
Мал азығының қоректілігін жан-жақты сипаттау үшін оның қоректілік
қасиеттерін төмендететін антиқоректік заттарының әсерін де біліп ескеру
қажет. Мысалы, тиаминаза ферменті тиамин, яғни B1 витаминін ыдырататын
болса, соя құрамындағы уреаза, липооксиадаза ферменттері мен гемоглютенин,
соланин, трипсин ингибиторы, т.б. бірқатар антиқоректік қосындылары оның
желінуін шектеп, мал денсаулығына зиянын тигізеді. Олар бұзауды диареяға
шалдықтырып, шошқаны тіпті жем жеуден бас тарттырады.
Бұл келтірілген антиқоректік қосындылардың бәрі жоғары
температурада заласыздандырады. Сондықтан да мал азығына, айталық, сояны
жұмсар алдында шығардағы температурасы 105 С болатын ыстық өңдеуден
өткізеді. Жоғары температурада соя протеинінің ерігіштігі төмендеп,
месқарынындағы ыдыраушылығы кемиді де, ішектегі қорытылуы мен сіңірілуі
өседі.
Антиқоректік заттарға өсімдіктерде түзілетін азоттық негіздер
алкалоидтар да жатады. Олар жеңіл еритін органикалық қышқылдар мен тұздар
құрамында ас қорыту барысында тез сіңіріліп, организмді уландырады.
Алкалоидтардың түрлі өсімдіктерде кездесетін редин, папаверин, хелидонин,
аконитин, бұршақ тұқымдастар дәнінде жиналатын гемаглютиннен түрінен
уланудан мал басынан сақтандыру қажет. Ол үшін жайылымдарды улы алкалоидтар
жиналатын өсімдіктерден арылтып немесе алкалоидтар көп жиналатын өсу
кезеңінде малды жаймай, ол кезеңі өтіп не кептірілген жемшөптің уландыру
күші тарағанда барып, сол алкалод уына төзімді мал түлігіне жегізеді. Улы
қасиеті күшті өсімдіктері көп кездесетін жердің шөбін шауып, пішенге
кептіреді.
Өсімдіктерде судың қатысуымен глюкозамен (глюкон) және де бірқатар
басқа қосындыларға (аглюкон) ыдырайтын эфир тәріздес глюкозидтер болады.
Олардың көбі малға заласыз, тек кейбіреулерінің ғана уландырғыш қасиеті
күшті болады. Мұндай улы глюкозидтерден қант қызылшасы мен картоп қабығында
жиналатын сапониндерді, мақта кұнжарасындағы госсиполды атауға болады.
Олардың шамадан тыс мөлшері мал қарынында пайда болған газдардың шығуына
кедергі келтіріп, қарнын кептірсе, қандағы көп көлемі қан қызыл
түйіршіктері эритроциттерді сусызданып, солуына соқтырады. Малдың
тыныстануын бұзып, тұншықтырады. Кейбір глюкозидтер ыдырауынан улы эфир
майлары пайда болады. Әдетте олар өсімдікті кептіргенде ұшып кетеді.
Қысқа мерзімде молынан пайда болған іш газдары кекірікпен
шығарылып үлгермей месқарынды кептіреді. Бұл жағдайда, әсіресе, сапониндер,
пектиндер, гемицеллюлозалар, ұшпайтын май қышқылдары секілді химусты
көбіктендіргіш қосындылар ықпалынан көбігі жарылмайтын газдар түйіршігінің
көптеп пайда болуы аса қауіпті. Газдар көбігінің пайда болуына сілекей
құрамы мен мөлшері, қарын кілегей қабатының сұйығы, олар қалыптастыратын
буферлік сыйымдылық, pH, т.б. жағдайлар жан-жақты ықпал етеді. Осыны
ескеріп малды қауіпті мезгілде, жаңа көктеген жайылымдарда жайғанда
қаіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Мал азығының қоректілігі мен құнарлығын физиологиялық-биохимиялық
тұрғыдан жан-жақты сипаттай отырып, кешенді түрде бағалау керек. Азықтың
қоректену барысында тиімді пайдаланылуы биологиялық тұрғыдан сапалық
көрсеткіштері болып табылатын оның энергетикалық, протеиндік, майлық,
көмірсулық, минералдық, витаминдік және биологиялық құнарлылығымен
пайымдалады. Малға жегізілген азық қосындыларын қажетті өнім қосындыларына
жоғары дәрежеде айналдыру, яғни конверсияландыру үшін азықтың жалпы, яғни
энергетикалық қоректілігімен (қуаттылығымен) қатар сапалық
корсеткіштерінде жете қадағалап, зат алмасу барысындағы қорытылған қоректік
заттардың қажетті бағытта тимді игерілуіне ықпал етуге болады.
Мал организміндегі зат алмасуына ең күшті ықпал ететін сыртқы орта
факторы болғандықтан қоректену деңгейі мен сапасы, яғни қоректілігі мен
құнарлығын дұрыс бағаламау жемшөп қорының ұқсата пайдаланылуын төмендетіп,
азықтандыру тиімділігін кемітеді. Сапасыз азықтандыру малдың ас қорытуын
нашарлатып, зат алмасуын зақымдап, өсіп-өнуі мен көбеюшілігін тежеп,
өнімділігін кемітіп, денсаулығын бұзып, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Азықтың энергетикалық, протеиндік, көмірсулық, липидтік,
минералдық және витаминдік құнарлығының кемістігінен мал зат алмасуы
бұзылып, түрлі ауруға ұшырайды. Ол аурулардың сыртқы, клиникалық белгілері
ауру әбден ұшқынып, дамып, мүше не жүйенің қызметі мен құрылымы әбден,
қайта орнына келместей бұзылғанда ғана айқындалатынын ескеріп, күнделікті
азықтандыру барысындағы қолданылатын азықтар құндылығы мен сапасын мұқият
қадағалау қажет. Қоректік заттар мен минералдық элементтердің мал
азығындағы жеткіліктілігін қандағы мөлшерімен бақылауға болады.
Мал азығының қоректілігі мен құнарлығын бұл көрсеткіштермен қатар
азықтандырудың малға тигізген ықпалы мен дұрыс азықтандырудың сыртқы
белгілерімен де бақылайды. Мұны, әсіресе, геохимиялық эпизоотияларға
жататын биогеохимиялық аймақтарда туындайтын эндемиялық аурулардан байқауға
болады.Өсімдіктің (эпифитотия), малдың (эпизоотия) және адамның (эпидемия)
эндемикалық аурулары жергілікті биогеоценоздардағы биохимиялық қоректік
тізбекке тікелей байланысты туындайды.
Іс жүзінде малға жегізілген азық қоректілігінің объективті
көрсеткіші оның қоректік заттарының ас қорыту барысында игеріліп, өнім
заттарына конверциялану (айналдыру) дәрежесі болып табылады. Оны жұмсалған
(шығындалған) азық бірлігіне өндірілген өнім(сүт,ет,жүн,жұмыртқа,жұмыс
секілді) бірлігімен өлшейді. Неғұрлым аз азық шығынымен мол да сапалы өнім
өндірілсе, соғұрлым өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған тікелей шығын
(прямые затраты) көлемі кемуінен оның өзіндік құны (себестоимость) азайып,
мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі (рентабельдігі) жоғарылайды. Бұл
тұрғыдан алғанда, азық қоректілігін дұрыс бағалап, шаруашылықта мықты
(жеткілікті) жемшөп қорын дайындап, мал басын құнарлы азықтандыруды жолға
қоюды нарықтық қатынастарда мал шаруашылығын жемісті дамытудың шешуші
факторы ретінде қарауымыз керек.

Күйіс қайтаратын малдардың қарындарында азықты қорытудың үш түрлі
процестері (механикалық, биологиялық, химиялық) жүреді. Көп бөлімді
қарынның алдыңғы үш бөлімінде механикалық (қарындағы жұтылған азықты кекіру
арқылы ауыз қуысына қайтарып ұсақтау, қарын ішіндегі азықты аударыстыру,
сығу, езгілеу) және биологиялық (бактериялардың, қарапайымдылардың, ұсақ
саңырауқұлақшалардың көмегімен азық құрамындағы химиялық жолмен өңдеуге
келмейтін, қорытылмайтын талшықтарды – клечатканы ыдырату) процестері
жүреді, ал төртінші бөлімде (ұлтабар) осындай механикалық және биологиялық
жолмен өңделген азықтар әрі қарай биохимиялық жолмен өңделіп, организммен
қорытылады. Ересек жануарларда үлкен қарын көлемі жағынан бірінші орынды
алады. Жұмыршақ көлемі жағынан ірі қара малда қатпаршақтан кіші, ұсақ
малдарда керісінше, яғни үлкен болады. Қатпаршақтың пішіні дөңгелекше
сияқты болады. Ол жұмыршақты ұлтабар мен жалғастырып тұрады және осы
екеуінің үстіңгі бетінде орналасады. Ұлтабардың пішін алмұрт тәріздес
келеді. Көлемі жағынан ол ересек малдарда екінші, ал жас төлдерде бірінші
орынды алады. Ұлтабарды нағыз қарын деп те атайды, себебі нағыз азық қорыту
процесі осы бөлімде басталады.
Аш ішек – қарын мен бүйеннің аралығында орналасқан азық қорыту
жүйесінің ортаңғы бөлігі. Аш ішекті орналасу орны мен азық қорыту
процесінің жүруіне байланысты үш бөлікке бөледі: он екі елі ішек, ащы ішек
және мықындық ішек. Аш ішекте азық қорыту процесі қарқынды жүреді, себебі
тек қана осы бөлікте азық қорыту бездерінің сөлдерімен қатар басқа да әр
түрлі азық қорыту ферменттері арнайы түтікшелер арқылы жиналады
(шоғырланады). Азық қорыту бездері өздерінің орналасу орындарына қарай екі
топқа бөлінеді: 1. Қабырғалық бездер – олар ішектердің қабырғаларында орын
тебеді; 2. Қабырғадан тыс орналасқан бездер, оларға бауыр және ұйқы безі
жатады. Без сөлдері құрамындағы ферменттерінің әсерімен азықтағы қоректік
заттарды (белок, май, көмірсу) өздерінің қарапайым мономеріне дейін
ыдыратып (белок – амин қышқылдарына, май – глицерин мен май қышқылдарына,
көмірсу – глюкозаға дейін), аш ішек бүрлері арқылы сорылып, қанға, лимфаға
сіңіріледі. Сондықтан да аш ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен
жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Жануарлардағы аш ішектің ұзындығы
олар қоректенетін азықтың түріне (жануар тектес, шөп тектес) байланысты
болады, себебі жануар тектес азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі өте
ұзын болады. Мысалы: мүйізді ірі қара малында ащы ішектің ұзындығы 40м,
диаметрі 5 – 6см, жылқыда – 19 – 30м, диаметр – 6 – 7см, шошқада – 15 –
20м, итте бұл ішектің ұзындығы 2 – 7 метр ғана болады, ал ішектің 1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz