Шешендік сөздер жайлы


Мазмұны
Кіріспе . . …… 3-7
1 Шешендік сөздер мәтіні . … 8-39
1. 1 Тіл біліміндегі мәтін мен дискурс . . . 8-19
1. 2 Шешендік сөздердегі дискурсивтік қатынас . . . 20-26
1. 3 Шешендік сөздер дискурсының типологиясы, сөйлесім,
ұйымдасу параметрлері, сөйлеудің типтері … 26-38
Бірінші тарау бойынша тұжырымдар . . 38-39
2 Шешендік сөздер мәтінінің құрылымы және
сөйлеу мәдениеті. …. 40-78
2. 1 Шешендік сөздер дискурсының құрылымы . . . 40-58
2. 2 Шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш құралдар……. …58-64
2. 3 Шешендік сөздер дискурсындағы сөз этикеті (естірту, жоқтау,
көңіл айту, көңілін сұрау) . 64-72
2. 4 Шешендік сөздер дискурсындағы гендерлік жіктелім . . . 72-78
Екінші тарау бойынша тұжырымдар. ……. 78
3 Шешендік сөздер дискурсындағы қолданылатын
амал -тәсілдер……… . . . 79-112
3. 1 Шешендік сөздер дискурсындағы суггестия құбылысы……… . . . 79-86
3. 2 Шешендік сөздер дискурсындағы қайталамалар . . . 87-92
3. 3 Шешендік сөздер дискурсындағы сұраулы сөйлемдер . . . 92-98
3. 4 Шешендік сөздер дискурсының аппелятивті қызметі . . . 98-102
3. 5 Шешендік сөздер дискурсындағы табу мен эвфемизмдер,
жұмбақтау . . . 102-107
3. 6 Шешендік сөздер дискурсындағы бейвербалды амалдар . . . 107-112
Үшінші тарау бойынша тұжырымдар. 112-113
Қорытынды … . . . 114- 115
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 116-120
Кіріспе
Ұзақ жылдар бойы тілдік жүйені зерттеуге ден қойып келген лингвистер кейінгі кезде тілдік жүйенің сөйлеу кезіндегі көрінісін зерттеуге бет бұрды. Антропологиялық ізденістердің нәтижесінде адам, оның іс-әрекеті бірінші кезеңде тұрды. Адам өзін қоршаған ортаны мәтін арқылы танып біледі. Өзіне қажетті ақпаратты мәтін арқылы алып, мәтін арқылы жібереді. Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болады. Ол адамдар қарым-қатынасының алғышарттары мен ұйымдастырылуын сипаттайды.
Мәтін лингвистикасы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған, соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тың сала. Ол барлық гуманитарлық, философиялық ойлаудың негізі болумен бірге мәтін лингвистикасы пәнінің шығуына түрткі болған. Мәтін лингвистикасы пәнінің филология ғылымдарының бір саласы болып қалыптасуы қазіргі лингвистиканың даму бағытын көрсетеді.
Қазірде мәтін ұғымы жаңаша сипатқа ие болды. Соның нәтижесінде, мәтін терминін дискурстық терминологияға, мәтіннің статикалық қалпынан динамикаға көшіріп, басқаша зерттеуді қолға алды. Ғылымда дискурс, дискурсивті талдау сияқты ұғымдар көрініс тапты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс. Аталған дискурс терминін қолдануда осы кезге дейін бірізділік жоқ. Соған орай дискурске түрлі анықтамалар беріліп, тұжырымдар жасалуда.
Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін Қ. Жұбановтың 30-жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса да кездестіреміз. Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу - жазылатын сөзге ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы көбінесе ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі де жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы сөзде бұл кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Сөзді қалай құрудың тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті», - деп көрсетеді [1, 148 б. ] .
Ал қазіргі қазақ тіл білімінде дискурс термині соңғы кезде сөйлеудің дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиль аясында тіл ғылымында ерекше орын ала бастады. «Шешендік сөздердің дискурсы» атты диссертациялық жұмысымыздағы шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан, мәтін ретінде лингвистикалық талдауға негіз болады.
Мәтін - қимыл әрекеттегі тіл. Тілдің негізгі бірлігі сөз, сөйлем емес - мәтін. Мәтін лингвистикасын дискурсивті талдаудың бір бөлімі, компоненті ретінде тану, сөйлеу мен мәтіннің өзара байланысы - дискурс мәтін талдаудан басталады. Ғалым Н. Уәлиев атап көрсеткендей, « Мәтін - дискурстық әрекеттің өнімі, нәтижесі, туындысы [ 2, 45 б. ] .
Шешендік сөздерге дискурсивті талдау жасау барысында шешендік сөздер мәтінінен мысалдар жинақталып қарастырылды. Сондай-ақ түсінікті болу үшін мәтіндер толық түрде ұсынылып отыр.
Диссертацияның бірінші тарауында мәтін, дискурс мәселелері, бұларға берілген тіл біліміндегі түрлі анықтамалар жан-жақты көрсетіледі. Мәтіннің типологиясына қатысты бірнеше топтастыруларды бере отырып, шешендік сөздер дискурсының типологиясы мен ұйымдасу, сөйлесім параметрлері, сөйлеудің типтері назарға алынады.
Диссертацияның екінші тарауында шешендік сөздер дискурсы құрылымдық жағынан қарастырылып, ондағы көркемдеуіш тәсілдер мен сөз этикеті (естірту, жоқтау, көңіл айту, көңіл сұрау т. б. ), гендерлік ерекшеліктер сөз етіледі.
Диссертацияның үшінші тарауында шешендік сөздер дискурсындағы суггестия құбылысы (тілек-бата сөздер мен сан есім) мен дискурсивті талдауда қолданылатын амал-тәсілдер(қайталамалар, сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер, табу мен эвфемизмдер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар) анықталады.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде жалпы мәтінге қатысты әр жылдары жарық көрген біршама еңбектер бар (Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Х. Кәрімов, Б. Шалабай, М. Серғалиев) . Ал шешендік сөздер қазақ тіл білімінде зерттелгенімен, тілдік аспектіде жан-жақты қарастырылмаған. Қазіргі тілтанымда шешендік сөздерге дискурсивті талдау жасау келелі мәселелердің бірі. Шешендік сөздер табиғаты дискурстық тұрғыдан қарастырылып, пайымдалуы қазақ тіл ғылымының тың саласы мәтін лингвистикасының дамуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Бүгінде бізге жеткен құнды да баға жетпес мұраларымыз шешендік сөздердің мәтіндік үлгілерін ерекше айта аламыз. Шешендік сөздер мағыналық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық жағынан өзара байланысқан және тыңдаушыға бағытталған, прагматикалық негіздемесі бар мәтін. Сол себепті де, шешендік сөздер мәтінін дискурсивті тұрғыда жан-жақты алып қарастыру жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Шешендік сөздер дискурсы белгілі бір сөйлемдер тобынан құралып, мәтін құрайды. Шешендік сөздер - ауызша тараған көркем сөз үлгісі. Кейбір мәтінтанушылар (И. Р. Гальперин, Л. М. Лосева) мәтінді жазбаша материалдарға байланысты қарастырған. Ал шын мәнінде сонау заманнан бізге жеткен шешендік сөздердің ауызша жеткізіліп, таралып, бір бүтін тұтас дүние мәтін құрауы бұл көзқарасты жоққа шығарады. Сол себепті де, шешендік сөздер мәтінін дискурсивті талдау жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Шешендік сөздерге дискурсивті талдау жасауда шешендік сөздер дискурсының құрылымы мен сөйлеу мәдениетіне қатысы, шешендік сөздер дискурсында қолданылатын амал-тәсілдер қарастырылады.
Зерттеу пәні . Шешендік сөздердің дискурсы
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы»(1992), Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»(1999), Б. Адамбаевтың «Шешендік өнер»(1999), Б. Әлменұлының «Шешендік сөздер»(1993), С. Негимовтың «Шешендік өнер» (1997), «Шешендік шиырлары»(1976), Г. Қосымованың « Қазақ шешендік өнерінің негіздері»(2003) т. б. еңбектер басшылыққа алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - шешендік сөздердің табиғатын дискурсивті тұрғыдан тану. Бұл ретте дискурс терминінің дефиницалары толық зерделеніп, оның шешендік сөздер табиғатын ашудағы ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай нақты міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- «мәтін»мен «дискурс» терминдерінің тіл білімінде алатын орны. Өзара байланысы мен бірлігін ашып көрсету;
- шешендік сөздердегі дискурсивті қатынасты көрсету; шешендік сөздер дискурсының типологиясы мен ұйымдасу, сөйлесім параметрлері, сөйлеу типтерінің мәнін ашу; шешендік сөздер дискурсын құрылымдық жағынан (мәтіннің тақырыбы, мәтіннің композициясы; мәтіннің көлемі, мәтіннің басталуы, мәтіннің аяқталуы, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац) сипаттау;
- шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш құралдардың танымдық сипатын зерделеу;
- шешендік сөздер дискурсындағы сөйлеу мәдениетінің (сөз этикеті: естірту, көңіл айту, жоқтау, жұбату, көңілін сұрау мен гендерлік жіктелім) орнын даралап көрсету;
- шешендік сөздер дискурсындағы суггестия құбылысының (тілек-бата мен сан есім) табиғатын ашу;
- шешендік сөздер дискурсындағы тілдік амал-тәсілдердің (қайталамалар, сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер, табу мен эвфемизм сөздер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар ) қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста тіл біліміндегі «мәтін» мен «дискурс» терминдеріне, шешендік сөздерге қатысты ғылыми пікірлер, тұжырымдар мен қорытындылар салыстырыла, салғастырыла отырып жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мына төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады:
- сөз мәдениетінің өресін танытатын «мәтін» мен «дискурс» ұғымдарының өзіндік белгілері сараланды;
- шешендік сөздер дискурсындағы дискурсивті қатынас (оқиғаның өту кезеңдері) айқындалды;
- шешендік сөздер дискурсының типологиясы мен ұйымдасу, сөйлесім параметрлері, сөйлеу типтері ұсынылды;
- шешендік сөздер мәтінінің құрылымы (тақырыбы, көлемі мен түрлері, композициясы, басталуы мен аяқталуы, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац) анықталды;
- өрнекті де айшықты сөйлеу мәдениетінің негізгі қаруы көркемдеуіш тәсілдердің танымдық қызметі мен сөз этикетінің (естірту, жоқтау, көңіл айту, көңілін сұрау, гендерлік ерекшеліктер) шешендік сөздер дискурсында қолданылу табиғаты ашылды;
- шешендік сөздер дискурсында қолданыс табатын сан есім қатысқан сөздер мен тілек-бата сөздердің ерекше суггестиялық қасиеті дараланып көрсетілді;
- шешендік сөздер дискурсында қолданылатын тілдік амал-тәсілдер (қайталамалар, сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер, табу мен эвфемизм сөздер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар) анықталды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- «мәтін» статикалық, «дискурс» динамикалық қалыпта көрініс табады. Дискурс тілдің қатысымдық қызметіндегі барлық қолданысын біріктіретін атау болып табылады;
- шешендік сөздердегі дискурсивті қатынас оқиғаның өту кезеңдері (қойылған сұрақ, хабарды сұрыптау, білім қоры, келесі мүмкіндік, қайтарылған жауап) ерекше назарға алынады;
- шешендік сөздер дискурсының типологиясын (сөйлеу типі, өтуі, берілуі, сипаты, тыңдаушылардың саны, коммуниканттардың қатысуы, тыңдаушының әлеуметтік құрамы, мақсаты), ұйымдасу (құрылым, функционалды-стильдік, дайындалған, тұтастық пен байланыстылық, алгоритмдік, ішкі ойдың берілу, функциональды-прагматикалық), сөйлесім
(сөйлеу формасы, серіктес, тыңдаушы орта, сөйлеуге дайындық, тыңдаушылардың реакциясы, қолданылу аясы) параметрлерін, сөйлеудің типтерін (диалог, монолог) беру негізінде шешендік сөздер мәтінінің түрлі белгілері, құрылымдық, мазмұндық жақтары ескеріледі;
- шешендік сөздер дискурсының құрылымдық жағы (мәтіннің тақырыбы: тараудың, бөлімнің, бөлімшенің, абзацтың тақырыптары) мәтін композициясы (кіріспе, негізгі бөлім, мазмұны, дәлелдеме, фактіге сүйенген жағымды дәлел, қарсы жақтың көзқарасының жалған екендігін дәлелдеу, бекіту, қорытынды, түйіні), мәтіннің көлемі (шағын және көлемді мәтін), мәтіннің басталуы, мәтіннің аяқталуы, күрделі синтаксистік тұтастық (тізбекті, параллельді, абзац) өзіндік ерекшеліктерге ие;
- шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш тәсілдердің (эпитет, метафора, теңеу) танымдық қызметі мен сөз этикетінің (естірту, жоқтау, көңіл айту, көңілін сұрау) мәні, гендерлік ерекшеліктер (ерлер мен әйел тілі) сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейін танытады;
- шешендік сөздер дискурсында тілдік амал-тәсілдер ретінде көрініс табатын қайталамалар (мимезис, аллитерация, ассонанс, дыбыстық анафора, абзацтағы қайталамалар) сұраулы сөйлемдер (ақпарат беретін сұрақтар, жұмбақ сұрақтар, қызығушылық тудыратын сұрақтар, тағылымдық мәні бар сұрақтар, дұрыс жауаптың шешімін іздеу, ой тастау немесе ойға жұмылдыру), қаратпа сөздер (кісі есімдерінің түбір күйінде қаратпа қызметінде, тәуелдік тұлғасында, эмоционалдық-экспрессиялық мән туғызатын қосымшалардың қосарлануы арқылы, жалпы есімдердің қаратпа қызметі), табу мен эвфемизм сөздер, жұмбақтау, бейвербалды амалдар қолданысын ерекше айтуға болады.
Зерттеудің теориялық, практикалық маңызы. Бұл жұмыс осы салада болашақта жүргізілетін лексикология, көркем мәтін лингвистикасы, мәтін семантикасына қатысты зерттеулерге теориялық, ұстанымдық негіз ретінде қызмет етеді. Зерттеу жұмысының нәтижелері іргелі ғылыми пайымдаулардың дамуына жол ашады.
Зерттеу нәтижелерін мәтін лингвистикасы, көркем мәтін лингвистикасы бойынша мәтіннің теориясы мен практикасына байланысты жүргізілетін арнаулы курстарда қолдана алады.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында тіл біліміндегі сипаттау, салыстыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың әдістанымдық негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қазақ тіл білімінде: Р. Сыздықова, Б. Шалабай, Н. Уәлиев, М. Серғалиев, Г. Смағұлова, Г. Әзімжанова, Қ. Есенова, С. Жусанбаева, А. Таусоғарова т. б. орыс тіл білімінде: И. Гальперин, З. Тураева, Ю. Казарин, Е. Кубрякова, И. Гиндин, М. Кожина, Е. Клюев, Ю. Левицкий, Л. Поповская, И. Гиндин, Л. Бабенко, А. Залевская, А. Карлинский т. б. ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері, мақалалары қарастырылды.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының бағыт-бағдары, мазмұны, негізгі тұжырымдары мен басты нәтижелері республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда С. Исаев және мерзімді баспасөз тілі атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2003), Х. Кәрімұлы Мұхамбеттің 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда (Алматы, 2007), «ХХІ ғасыр Шәкәрімнің рухани мұрасы» республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Семей, 2007), Ө. Айтбайұлының 70 жасқа толу мерейтойына орай «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты профессор
М. Балақаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда(Алматы, 2007), «Тілтаным» журналында № 4 (Алматы, 2007), ҚазҰУ Хабаршысы. Филология серияларында 2003, № 9 ( 71) ; 2004, № 5 (77) ; 2006, № 6 (96) 9 мақала жарыққа шықты.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР МӘТІНІ
- Тіл біліміндегі мәтін мен дискурс
Лингвистикадағы мәтін мәселелері кең көлемде зерттеліп келе жатқан, әлі де әр қырларынан зерттеулерді қажет ететін ауқымды дүниелер.
1960 жылдары мәтін лингвистикасының теориясы қалана бастады (П. Хартманн, Э. Харвег, З. Шмидт) . Алдымен мәтінді құрылымдық жағынан қарастырды, ал 1970 жылдардан кейін мәтінді зерттеу коммуникативтік процесс ретінде көрініс берді.
Жалпы алғанда ХХ ғасырдың 70-80 жылдарына дейін әлемдік филологияда лингвистикалық зерттеулер әрі кеткенде сөйлем шеңберінде ғана қарастылып келді. Осы сөйлемдер легінен тұратын мәтін ұзақ уақыт бойы тіл ғылымының аясынан табылмады. Алайда мәтін лингвистикасының пайда болуы ғылымдардың барлық лексикалық және грамматикалық феномендерді сөйлем шеңберінде толық түсіндіру, дәлірек ашу мүмкін емес деген пікірлерінің пайда болуынан бастау алады. Мәтіннің пайда болуына байланысты тіл білімінде түрліше тұжырымдар беріліп келеді. Мәселен ғалым Е. С. Кубрякова «Текст признаком зарождения в лингвистике новой научной парадигмы, а реакцией на старую», - деп атап көрсетеді [3, 55 б. ] .
Мәтін лингвистикасының дамуы жаңа бағыттар, жаңа тәсілдер, жаңа ұғымдар, тың көзқарастардың тууына негіз болды. Бұл салада көптеген монографиялар мен мақалалар жарық көрді, оқу құралдары жазылды, конференциялар мен симпозиумдар өткізілді. Мәтін теориясында көптеген нәтижелерге қол жеткізген неміс тілші ғалымы П. Хартманн өз еңбектерінің бірінде: «Қазіргі кезде мәтінді оқытуға негізделген лингвистика бар. Лингвистиканың бұл саласы тілдік зерттеулердің ең нәтижеге бай саласы. Ол лингвистикадағы қызығушылық диапозонын кеңейтеді және лингвистикалық пікірлердің топтамасына жол ашады. Лингвистиканың аталған жаңа саласын зерттеу ісі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бастамасы болды » [ 4, 9 б. ] .
Мәтін лингвистикасы филологияда ерекше пән ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында қалыптаса бастады. Біріншіден, ол поэтика, риторика, стилистика, герменевтика, семиотика сияқты ғылым салаларының тоғысында дүниеге келді.
Екіншіден, оның пайда болуы түрлі мектептің өкілдері мен ғылыми көзқарастардың мәтінді түсіндірудегі мыңжылдық тәжірибесі негізінде жүзеге асты.
Ал ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінде мәтін лингвистикасы қарқынды дами бастады. ХХI ғасырда, әлемдік лингвистикада мәтін лингвистикасының ілгері қадамдар жасайтынына сеніміміз мол.
Қазіргі мәтін лингвистикасында мәтіннің бірнеше даму бағыттары көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:
- мәтінді жоғары дәрежедегі жүйе деп қарап, оның басты белгілері тұтастылық пен байланыстылық екендігін назарда ұстау; лингвистикалық белгілерге сүйене отырып коммуникативтік параметрлер бойынша мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі) ; мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау; негізгі мәтіндік категорияларды анықтау.
Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И. Р. Гальперин [5], С. И. Гиндин [6], З. Я. Тураева [7], Л. Г. Бабенко [8], А. А. Залевская [9], Г. Я. Солганик [10], Ю. А. Левицкий [11], Л. В. Поповская [12] т. б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Олардың зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация, мәтін құрылымы, көмекші сөздердің ерекше жұмсалуы, мәтіндегі ұсақ тілдік бірліктер (фонема, морфема), мәтіннің жалпы құрылысы, мәтін типологиясы т. б. мәселелер жайында сөз қозғалады.
Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15 жыл ішінде қарқынды дамып келеді деуіміздің бір реті - лингвистика мен мәтін стилистикасының аражігін ашып, бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін - күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985 жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М. Н. Кожин мәтін лингвистикасын «лингвистиканың перспективалы бағыты » ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды [ 13, 8 б. ] .
Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан алып қарастыру кең өріс алып отыр. Мәселен:
- Онтологиялық тұрғыда - мәтіннің болмысы, алатын орны
- Лингвистикалық тұрғыда - мәтіннің тілдік ұйымдасуы
- Психологиялық тұрғыда - мәтінді қабылдау
- Прагматикалық тұрғыда - мәтін авторының обьективті болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.
Ал А. Г. Бабенко, Ю. В. Казарин «Лингвистический анализ художественного текста» атты еңбегінде мәтінді танудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:
Мәтінді талдаудағы дәстүрлі тәсіл - лингвоцентристік. Нысаны - тіл және мәтін. Ол көркем мәтіннің тілдік бірліктеріне және категорияларына негізделеді. Мұндай тәсілде лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер мен категориялар қамтылады. Текстцентристік тәсіл - мәтін туралы негіздер шығармашылық әрекеттің нәтижесі мен азығы ретінде көрінеді. Мәтін тұтас аяқталған нысан ретінде зерттеледі. Нысаны - әдеби қарым-қатынас. Антропоцентристік тәсіл - мәтіннің интерпретациясына байланысты нысанында автор позициясы мен қабылдау (оқырман позициясы) қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану төмендегідей бағыттарға бөлінеді:
- психолингвистикалық (Л. С. Выготский, А. А. Леонтьев) ;
- прагматикалық (А. Н. Баранин) ;
- деривациялық (Е. С. Кубрякова, Л. Н. Мурзин) ;
- коммуникативтік (Г. А. Золотова, Н. С. Болотнова) ;
- жанрлы-стильдік (М. М. Бахтин, М. Н. Кожин) ;
- танымдық тәсіл (Ван Дейк, Т. Виноградов) .
Танымдық тәсіл - соңғы он жылдықта ғылыми парадигманың ізімен алдыңғы орынға шықты. Мұнда тілді әлемнің тілдік бейнесі ретінде қарайды Нысаны автор - мәтін - мәтіннен тыс болмыс [ 8, 114 б. ] .
Мәтінді зерттеуге қызығушылықтың артуына көптеген мәселелер әсер етті. Онда тілді қарым-қатынас жасаудың бірден-бір тұтас құралы ретінде түсіну, тілдің адамзат қызметтерінің әртүрлі жақтарынан байланыстылығын терең білу үшін де қажет болды. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады.
Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліккен кезде қазақ тіл білімінде де бұл мәселеге қатысты қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен де алғашқы ойларды кездестіреміз. Бұл жайлы қазірде қазақ тіл білімінде Б. Шалабай сынды ғалымдарымыз өз пікірлерін былайша білдіруде: « Біздің ойымызша, ғалым А. Байтұрсынұлы мәтінді « шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. А. Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытындыдан тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз болатынын, айтушының ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты» [14, 24 б. ] . Бұдан басқа да көптеген ғылыми ойларды зерделей отырып, мәтінтану қазақ тіл білімінде
А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады деуге әбден болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz