Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі



КІРІСПЕ

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы шолу
2.1 Алынған зерзаттың . Leonurus quinquelobatus Gilib. дәрілік өсімдігінің ботаникалық зерттелуі және құрамындағы биологиялық белсенді заттары
2.2 Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің фармакопиялық және шаруашылықтағы маңызы

3 ӨСІМДІКТІҢ ӨСУ ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ

3.1 Ауа.райы
3.2 Ылғалдылығы
3.3 Топырақ жамылғысы

4 ЗЕРТТЕУ НЫСАНАСЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

4.1 Алынған түрдің ботаникалық.морфологиялық сипаттамасы
4.2 Морфологиялық және анатомиялық зерттеу әдістері

5 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

5.1 Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері
5.2 Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттардың 40%-ке жуығының негізгі шикізаты – дәрілік өсімдіктер. Мамандардың болжамы бойынша, ХХІ ғасыр фитотерапия, яғни өсімдіктермен емдеудің ғасыры болмақ.
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерден алынатын медициналық препараттардың өндірілуі Отандық фармацевтика өндірісін дәрілік өсімдік шикізатымен қамтамасыз ету дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан фармацевтика өндірісін дамыту үшін тұрақты шикізат қоры болуы керек.
Республикамыздың флорасы көптеген ауруларды емдеудің табиғи көзі – дәрілік өсімдіктерге бай. Қазақстан флорасындағы жоғары сатыдағы 6 мың өсімдіктің жабайы және мәдениеттендірілген 700 түрі халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Бірақ олардың көпшілігі әлі де толық зерттеулерді қажет етеді. Арнайы түрлердің қорын көбейту мақсатында осы зерттелмеген дәрілік өсімдіктер түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін және морфо-анатомиялық құрылыстарын жан-жақты зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Дүние жүзінің барлық дәрілік өсімдіктерінен әртүрлі ауруды емдеуде қолданылатын көптеген заттар алынады. Табиғи жолмен, яғни өсімдіктермен емделмейтін ауру тіптен жоқ деп айтуға болады. Соңғы онжылдықта дәрілік өсімдіктерді пайдалану жылдан жылға өсіп келетінін айта кеткен жөн. Қазіргі таңда Республикамыздағы жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді әртүрлі мекемелер, сонымен қатар жергілікті халықтың өзі көптеген мөлшерде жинауда. Осылай дәрілік өсімдіктердің табиғи қорын тәртіпсіз, ұқыпсыз және бақылаусыз пайдалану бұл түрлердің жойылып кету қаупін тудырады.
Бұл жұмыс ботаника және экология кафедрасының аспиранты А.Т. Туякова «Lamiaceae тұқымдасы кейбір дәрілік түрлерінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктері және фитохимиясы» диссертациялық жұмысынан алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі Leonurus quinquelobatus Gilib өсімдігінің екпе жағдайдағы онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерешеліктерін зерттеу.
Зерттеу нысанасы мен заты. Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Leonurus туысының бесқалақты сасықшөп (Leonurus quinquelobatus Gilib.) дәрілік түрі. Зерттеу заты өсімдіктің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерешеліктері.
Ғылыми жаңалығы
• Бесқалақты сасқшөп Leonurus quinquelobatus Gilib өсімдігінің екпе жағдайдағы онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерешеліктерін зерттелінді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы шолу
2.1 Алынған зерзаттың – Leonurus quinquelobatus Gilib. дәрілік
өсімдігінің ботаникалық зерттелуі және құрамындағы
биологиялық белсенді заттары
2.2 Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің фармакопиялық
және шаруашылықтағы маңызы
3 ӨСІМДІКТІҢ ӨСУ ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ
3.1 Ауа-райы
3.2 Ылғалдылығы
3.3 Топырақ жамылғысы
4 Зерттеу нысанасЫ және Зерттеу әдістері
4.1 Алынған түрдің ботаникалық–морфологиялық сипаттамасы
4.2 Морфологиялық және анатомиялық зерттеу әдістері
5 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
5.1 Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің онтогенезіндегі
вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері
5.2 Leonurus quinquelobatus Gilib. өсімдігінің онтогенезіндегі
вегетативтік мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттардың
40%-ке жуығының негізгі шикізаты – дәрілік өсімдіктер. Мамандардың болжамы
бойынша, ХХІ ғасыр фитотерапия, яғни өсімдіктермен емдеудің ғасыры болмақ.
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерден алынатын медициналық
препараттардың өндірілуі Отандық фармацевтика өндірісін дәрілік өсімдік
шикізатымен қамтамасыз ету дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан
фармацевтика өндірісін дамыту үшін тұрақты шикізат қоры болуы керек.
Республикамыздың флорасы көптеген ауруларды емдеудің табиғи көзі –
дәрілік өсімдіктерге бай. Қазақстан флорасындағы жоғары сатыдағы 6 мың
өсімдіктің жабайы және мәдениеттендірілген 700 түрі халықтық медицинада
кеңінен қолданылады. Бірақ олардың көпшілігі әлі де толық зерттеулерді
қажет етеді. Арнайы түрлердің қорын көбейту мақсатында осы зерттелмеген
дәрілік өсімдіктер түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін және морфо-
анатомиялық құрылыстарын жан-жақты зерттеу қазіргі таңдағы өзекті
мәселелердің бірі. Дүние жүзінің барлық дәрілік өсімдіктерінен әртүрлі
ауруды емдеуде қолданылатын көптеген заттар алынады. Табиғи жолмен, яғни
өсімдіктермен емделмейтін ауру тіптен жоқ деп айтуға болады. Соңғы
онжылдықта дәрілік өсімдіктерді пайдалану жылдан жылға өсіп келетінін айта
кеткен жөн. Қазіргі таңда Республикамыздағы жабайы өсетін дәрілік
өсімдіктерді әртүрлі мекемелер, сонымен қатар жергілікті халықтың өзі
көптеген мөлшерде жинауда. Осылай дәрілік өсімдіктердің табиғи қорын
тәртіпсіз, ұқыпсыз және бақылаусыз пайдалану бұл түрлердің жойылып кету
қаупін тудырады.
Бұл жұмыс ботаника және экология кафедрасының аспиранты А.Т. Туякова
Lamiaceae тұқымдасы кейбір дәрілік түрлерінің вегетативтік мүшелерінің
морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктері және фитохимиясы диссертациялық
жұмысынан алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Lamiaceae тұқымдасының құнды дәрілік түрі
Leonurus quinquelobatus Gilib өсімдігінің екпе жағдайдағы онтогенезіндегі
вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыс
ерешеліктерін зерттеу.
Зерттеу нысанасы мен заты. Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Leonurus
туысының бесқалақты сасықшөп (Leonurus quinquelobatus Gilib.) дәрілік түрі.
Зерттеу заты өсімдіктің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің
морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерешеліктері.
Ғылыми жаңалығы
• Бесқалақты сасқшөп Leonurus quinquelobatus Gilib өсімдігінің екпе
жағдайдағы онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және
анатомиялық құрылыс ерешеліктерін зерттелінді.
Практикалық құндылығы
Бесқалақты сасықшөп өсімдігінің екпе жағдайда өсіру табиғи қорының
азаюының алдын алса, анатомиялық ерекшеліктерін анықтау осы өсімдіктің
ботаникалық сипаттамасын толықтырып, медицинада фармацевтикалық шикізатты
анықтап талдауға мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының құрылымы және көлемі.
Бітіру жұмысы Microsoft Windows xp 2000 жүйесіндегі компьютерде теріліп,
? бет көлемінде жазылған, кіріспе, 5 бөлім, қорытынды, қосымшалар,
пайдаланылған әдебиетер тізімі, 16 суреттен, 4 кестеден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны -?.

1. ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін
өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді
– басқа пана, жанға сая деп бағалаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл
ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған
препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы
территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың
көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек
130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дәрілік
өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін
анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын
жоғарылатады.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып
саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың
тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия
айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен
пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған
байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды
қорғауды да насихаттауымыз керек.
Дәрілік өсімдіктер – қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар
алатын шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-
ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр,
қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен
қолданылуда.
Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр
және асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды. Сондықтан мамандар
көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда
жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.
Атақты ойшыл, шығыс дәрігері Ибн-Сина (Авиценна). Медициналық ғылымның
Каноны деген еңбегінде: Дәрігердің 3 қаруы бар – сөз, өсімдік, пышақ,
деп жазады . Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерді зерттеумен көптеген
ғалымдар айналысуда. Олардың құрамында: алкалоидтар, гликозидтер,
сапониндер, илік заттар, эфир майы және т.б. заттар бар. Биологиялық
белсенді заттардың көпшілігі мысалы, алкалоидтар және гликозидтердің көп
дозасы улы, бірақ организмге қолданылатын аз мөлшерінің (0,01 және одан да
аз ) емдік қасиеті бар.
Академик Н.В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда пайдалы өсімдіктер
тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің қасиеттері туралы
жан-жақты айтылған.
ХХ ғасырдың басында адамдардың дәрі ретінде қолданылатын заттарының 80 %
дәрілік өсімдіктерден алынған болса, оларды бірте-бірте синтетикалық
әдіспен алынған заттар антибиотиктер және гормональды препараттар
ығыстырады. Бірақта ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне байланысты
синтетикалық әдіспен көптеген дәрілер алынғанына қарамай өсімдіктерден
алынған табиғи дәрілік препараттардың ғылыми медицинада алатын орны ерекше.
Дәрілік қасиеті бар биологиялық белсенді заттар өсімдікте әртүрлі
мүшелерінде белгілі бір даму кезеңдерінде жинақталады.
Әртүрлі дәрілік өсімдіктерде шипалық әсер етуші заттары өсімдіктің
әртүрлі мүшелерінде жинақталады: тамырында, тамырсабағында, тек
жапырағында, гүлдерінде және тіпті күлтелерінде сондай-ақ қабығында да
жинақталады. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің әртүрлі мүшелерін жинау және
кептіру өздерінің ерекшеліктеріне қарай жасалады. Мұны әсіресе дайындау
кезінде ескеру қажет. Сол сияқты жинау мерзімін ескерген жөн, өсімдіктердің
әртүрлі мүшелеріндегі дәрілік қажеті бар биоактивті заттардың орналасуы
бірдей емес және бұл заттардың әсері даму фазасына байланысты күшті
өзгереді.
Өсімдіктер морфология мен анатомиясының басты міндетінің бірі – сыртқы
формасының және олардың ішкі құрылысының даму заңдылықтарын айқындау. Соңғы
жылдары көптеген өсімдіктер морфогенезіне, жекелей алғанда шөптесін дәрілік
түрлерге арналған жұмыстардың арасында оның тек сыртқы құрылымының дамуы
ғана емес, сонымен қатар олардың анатомиялық ерекшеліктерін қамтитын
зерттеулер тым аз. Осыған орай дәрілік өсімдіктердің вегетативтік
мүшелерінің құрылымдық дамуын тұқымдарының өнуінен табиғи өлуіне дейінгі
тіршілік күйлерінде зерттеу олардың морфогенезін терең түсіне талдауға
мүмкіндік берді. Өсімдіктің сыртқы және ішкі құрылысын жүйелі түрде
онтогенезінде зерттеу оның өсуі мен мүшелерінің қалыптасуын, заталмасу
процесінің анатомиялық элементтермен өзара үйлесімдігі мен тығыз
байланыстылығын анықтаудағы биологиялық маңызы зор.

2.1 Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі химиялық құрамдарын белсенді
биологиялық заттар деп атайды. Олардың өсімдікте пайда болу процесі жылдың
әр мезгілінде әртүрлі келеді. Мәселен, маусым, апта немесе тәулік ішіндегі
биологиялық белсенді заттар (ББЗ) мөлшері мен сапасы әрқилы өзгеріп тұрады.
Кейде қажетті химиялық компоненттері болмай қалуы да мүмкін. Сол себепті,
дәрілік өсімдіктерді дайын биологиялық белсенді элементтер мен жиналған
уақытта немесе сабағы мен тамырында немесе жапырағында, не жемісінде заттар
бар уақытында жинау керек. Өсімдіктің жер бетіндегі бөліктерінде (жапырағы,
гүлі, гүл шоғы, сабағы) биологиялық белсенді заттар олардың гүлдейтін
шағынан бастап жеміс салуына дейінгі кезеңде көп жиналады. Нағыз тамыр мен
тамырсабақта белсенді заттар тек ерте көктемде, өсімдіктерді өсетін
уақытына дейін және күзде – өсімдіктер пісіп, қураған кезде мол болатыны
анықталды. Өсімдіктерің жемісі мен дәні олардың әбден піскен кезінде
жиналып, дайындалады.
Шөптесін дәрілік өсімдіктердің жер бетіндегі барлық дайындау үшін
өсімдік гүлдеп тұрғанда, бірақ жаңбыр, жел жоқ кезде жинау керек. Бұл
мезетте ауа тынық, таза болуы қажет.
Дайындалған дәрілік шикізаттың жылдам кептірілуі шарт. Әйтпесе, олар
буланады, қараяды және бүлінеді, дәрілік маңызын жояды. Кептіру жұмысы
көлеңкеде, желді жерде жүргізіледі. Ол үшін шикізатты жұқа тақтайға,
фанерге, брезентке, картон қағазына салып жаяды.оның қалыңдығы 1-2 см болуы
қажет және оларды күніне 3-4 рет ауыстырып тұру қажет. Дұрыс кептірілген
шикізат өзінің түсін және ондағы барлық дәрілік қасиеттерін сақтап қалады.
Күнде кептіруден аулақ болу керек. Себебі, жапырақтағы жасыл түйіншектер
бүлінеді, гүлдің желегеі өзінің түсін жояды. Сөйтіп, өсімдік шипалық
қасиеттерінен айырылады. Күнде кептіру әдісін өсімдіктердің жер астында
өсетін тамыр бөліктеріне ғана қолдануға болады.
Кептірілген шикізат матадан тігілген дорбаға, қағаз қораптар мен
пакетерге салынады. Улы және өткір дәрілік өсімдіктер шикізаттары аузы
жақсы жабылатын шыны және темір банкілерінде сақталуы керек. Оларды басқа
өсімдіктерден бөлек қойған жөн. Сақталатын барлық өсімдік шикізаттарының
атаулары, қай уақытта жиналғаны, не мақсатта қолданылатыны туралы
этикеткасы болуға тиіс. Улы дәрілік өсімдіктер шикізатын жинау кезінде өте
сақ болған жоқ. Кептіру кезінде де оларды ауыстырғаннан кейін қолды
сабынмен жуып тұру керек.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу үшін олардан түрлі медициналық препараттар
дайындалады. Табиғи түрде өсімдіктер шикізаты дәрі-дәрмекке өте аз
пайдаланылады. сондықтан жиналған дәрілік өсімдіктердің шикізатынан түрлі
қоспалар, шайлар, тұнбалар, тұндырмалар, қайнатпалар, ұнтақтар, жара мен
жарақаттарға жағылатын майларды үй жағдайында дайындап алуға болады.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе
химиялық құрамы мөлшерінде және олардың дам организміне тигізетін
физиологиялық әсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің
барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан
басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну
кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда
оларда қай уақытта және қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.

2.1 Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі
органикалық қосылыстарға енеді. Олар – алколоидтар, гликозидтер,
сапониндер, эфир және шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер,
фитонциндер, т.б.
Эфир майлары – күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат.
Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние
жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі
мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде
болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен
иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс
тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ
өнеркәсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке
дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция әдісімен бөліп
алады. Олар спиртте, шыны майда және басқа органикалық еріткіштерде ериді.
Эфир майының химиялық құрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-
түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жұмысын
жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.
Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар.
Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы және
қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т.б.) және қантсыз бөлігіне (агликон)
ыдырайды. Таза түрінде кристалл тәрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді,
бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу
агликонның химиялық құрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек
гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек
дәрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай
бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.
Флавоноидтар - барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа
жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен
бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі
топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3)
Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар және
флавонолдар; 7) Халкондар және дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9)
Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер
түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде
моно-, ди- және трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі
өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L-
арабиноза болады.
Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу
ХIХ ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар
қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды.
Септ - Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р
- Витамині белсенділігіндей әсері бар екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде
флавоноидтардың фармокологиялық әсері диапазоны өте кең белгілі болды.
Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге,
спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дәрілік заттар ретінде
пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға
болады деген мәліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дәрі-дәрмек ретінде
ресми түрде пайдалануы әлі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален және Жаңа
гален препараттары құрамына кіретіндігі туралы айтылады.
Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер құрамындағы
агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар
ериді. Олардың көпшілігі тамыр кеңейткіш, ісікке қарсы қолданылады. Қазіргі
уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе
бұршақтұқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады.

Алкалоидтар – күрделі азотты қосылыстар. Бұл сөз арабша алкали – сілті
және гректің эйдос – ұқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен
ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру және жинау әдістеріне
байланысты алкалоидтардың мөлшері де әртүрлі болады. Алкалоидтар суда
ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда
ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид тұздарының судағы ерітіндісі
қолданылады. Алкалоидтар дәмі ащы, көпшілігі улы, күшті әсер еткіш дәрілік
заттар тобына жатады. Фармакологиялық әсері өте көп.
Шайыр – күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі
иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр
жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық
жауып, кеуіп қалудан және микроб түсуден қорғайды. Шайыр
қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэда кездеседі.
Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал тұндырмасы ішкі органдырға
пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын клеол
пластырь құрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладан, мирра, канифоль сияқты
шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде,
екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде
қолданылады.
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен
жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май құрамына қаныққан және қанықпаған
қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары құрамында пальмитин, стеарин,
миристил және лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің
тұқымында кездеседі, тек зәйтүн майы етті зәйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны
майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез
ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жұмсарту
үшін кең қолданады. Көпшілік майлар құрамындағы қанықпаған қышқылдар қан
құрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де,
ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын эссенциальды деп
атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зәйтүн
майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде
Америка, Европа елдерімен (бұл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады)
салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама төмен. Майға ұқсас
заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дәрі дайындауға
қолданады.
Илік заттар – илік заттар барлық өсімдіктер құрамында кездеседі.
Тырыстыратын дәрі құрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі
болатын қасиеті бар, әртүрлі суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне
қатысады.
Ғылыми мәліметтерде илік заттардың антигепатоксикалық, антибактериалық,
антимутагендік, әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы сондай-ақ қаннның қалпына
келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бары анықталынған. Сонғы жылдары
әртүрлі зерттеулер жүргізу нәтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы,
антигипоксиялық, антиоксиданттық, антивирустық, фунгицидтік, бойдың өсуін
реттеуші, тұмауға, гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері
анықталынды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында қолдануға болатын далалық
және өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық аурулардан қорғау,
тамыр жемістілерді ұзақ сақтау кезінде шіруден сақтау құралдары, дәнді
дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық таза құралдары ретінде
қарастырған. Сондықтан ғалымдар илік заттары көп кездесетін шикізат көзін
іздестіруде .
Сапониондер – бұл да гликозидтер, шайқағанда сабынның көбігіндей көбік
пайда болады. Латынша сапо - сабын. Олар қант пен агликонға бөлінеді. Оны
сапогенин деп атайды. Сапгенинді қақырық түсіруге, несеп айдауға, түрлі
мүшелердің бекуіне және организмнің қызметін жақсартып, қуаттандыруға
қолданады.
Витаминдер – латынша vita өмір сүруге керекті, биоогиялық белсенді
органикалық зат. Организмнің бірқалыпты дұрыс тіршілігіне өте қажет. Олар
адам организміне тағаммен бірге енеді. Витаминдер зат алмасу процесіне
қатысады, түрлі науқастарға қарсы тұрақтылықты қамтамасыз етеді және
организмде ферменттер құруда үлкен маңызы бар.
Қазіргі уақытта 30-дай витаминдер бөлініп алынды, олардың 20-дай түрі
адам организмине өсімдіктер тағамымен енеді. Дәрілік өсімдіктер шикізаты –
адам организміне керекті витамин алуға өте құнды қайнар бұлақ.
А витамині - өсімдіктер майы құрамында кездеседі. Оның жеткіліксіздігі
көздің құрғақ көз (ксерофтальм) ауруына шалдықтырады, бетті безеу басады,
тері жаралары іріңдегіш келеді, тәбет нашарлйды, адам шаршағыш келеді. Бұл
витамин осы ауруға қарсы шипа.
А витамині ерітіндісімен күйіктерді және үсікті емдейді.
В витамині – көп өсімдіктердің жер беті бөліктерінде болады. Бұл топ
витаминдерінің ішінде өсімдіктерде кездесетіні тиамин (В1 витамині),
рибофлавин (B2), пиридоксин (B6), т.б.
Тиамин (В1) витамині организмде жетіспесе, денедегі көмірсулар алмасуы
бұзылады, қанда сүт және жүзім қышқылдары көбейіп, нервтің қабынуына және
жүрек қызметінің нашарлауына әкеп соғады. Тиамин – нерв жүйесінің дұрыс
жұмыс істеуіне керекті витамин. Бұдан басқа, денедегі белок, май және су
алмасуына қатысады.
Рибофлавин (B2) витаминінің жеткіліксіздігі тәбеттің нашарлауына, адам
салмағының тез төмен түсуіне, әлсіздігікке, бас ауруына, көрудің
нашарлауына, түрлі тері ауруларына шалдықтырады.
Пиридоксин (B6) витамині организмде жетіспесе, балалардың жас кезінде
өсуін нашарлатады, асқазан-ішек жұмысының бұзлуына, қан аздыққа, тәбеттің
нашарлауына, лоқсу, терінің, көздің дәнекер қабығының және тілдің (глоссит)
қабынуына шалдықтырады. Ол – асқазан нерв ауруларына қарсы дәрі-дәрмек
[12].

2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУ ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

Зерттелуге алынған өсімдіктер Алматы қаласының оңтүстік-батыс шетінде
т. д. 964-995 м биіктікте тау етегінде орналасқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЭКОС ғылыми өндірістік кешеніндегі (ҒӨК) тәжірибелік станциясында
өсірілді.
Аймақ климаты қатаң континентальды. Жыл бойындағы айлардағы
тамператураның өзгеруіне байланысты ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-80 %
болады [13, 14]. климаттың ерекшелігі ауа температурасының түн мен күнде
ғана емес, жыл бойындағы тұрақсыздығы, яғни оның 25-300 С аралығында
ауытқуы. Қыстағы жылылық ауа температурасының кенеттен күрт төмендеуімен
алмасады да, ал керісінше жаздағы соңғы үсік мүмкіндігі маусым айында да
болуы мүлдем ықтимал. Қардың қалыңдығы әлсіз, небәрі 15-20 см-ден аспайды.
Желдің оңтүстік және оңтүстік шығыс бағыты басым, оның орташа жылдамдығы 4
мсек.
Топырақ жамылғысы. Іле Алатауының топырағын алғашқы ғылыми
зертеушілердің бірі Р.И. Аболин [15] және тау етегінің топырақтарын
зерттеуде көптеген ғалымдар үлес қосқан [16-20].
Топырақ – жер шарының тіршілікті аймағы, биосфераның басты компоненті.
Топырақ түзуші факторлардың ең маңыздысының бірі - өсімдік, ал өсімдік
тіршілігі топырақсыз мүмкін емес. Сондықтан да, екпе жағдайдағы өсімдікпен
жүргізілген ғылыми зерттеулердің қайсыбірі болмасын, топырақтың құрамдық
ерекшелігімен қоса қарастырылады. Өйткені, топырақ өсімдік қорегінің қайнар
көзі, негізгі өсу және тұрақталу ортасы. Бірақ Қарасай құзырындағы ҚазҰУ
ҒӨК ЭКОС тәжірибелік станциясының топырақтары бұрын соңды толық
зерттелмеген. ЭКОС тәжірибелік станциясы тау етегіндегі күңгірт қара-
қоңыр түсті топырақты белдеуде орналасқан. Топырақ қабаты домалақ және
қиыршық тасты шөгінді төсенділі, лессты саздақтан қалыптасқан. Станция
топырақтары кезінде ұзақ пайдаланылған, ал қазір өңделмеген тыңайған
жағдайында. Тыңайған учаскелердің өсімдік жабыны шабындық сипатты, аралас
шөпті (бетеге, селеу, жусан, таспашөп, қияқөлең және т.б.) бетегелі-
селеулі.

3. ЗЕРЗАТТАРЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

3.1 Leonurus quinquelobatus Cilib өсімдігінің ботаникалық-морфологиялық
сипаттамасы

Lamiaceae тұқымдасына бірігетін Leonurus quinquelobatus Cilib.
Бесқалақты сасықшөптің гүлдеу фазасы кезінде жиналған жоғарғы өркендері 30-
40 см, медицинада әр түрлі дәрі-дәрмектер сығындылар мен тұнбаларды алуда
қолданылады. Бесқалақты сасықшөптен жасалған дәрі-дәрмектер седативті
қасиетке ие және жүрек қантамыр неврозында, гипертонияда, стенокардия,
кардиосклероз, жүректің қабынуы және жүйке жүйесінің жұқаруында, және т.б.
ауруларға ем ретінде қолданылады.
Қазақстан жерінде табиғи түрде кездеспейді. Табиғи жағдайда Еуропаның
барлық аудандарында, Кавказда, Батыс Сібірде бұталар арасында, тасты тау
баурайларында, орман шетінде өсіп-өнеді.
Қазақстанның кейбір аудандарында екпелі өсімдік емдік қасиеті үшін
бақшада, егістікте өсіріледі.
Дәрілік шикізат үшін сасықшөптің жер беті бөліктері дайындалады. Оны
өсімдік гүлдеу кезеңінде жинайды.
Сабағы тік, төртқырлы, ұзын түктермен түктелген, әлсіз бұтақтанған.
Жапырағы қарама-қарсы , сағақты, жоғарғы жағы қанық жасыл түсті, ал астынғы
бөлігі сұр түсті, үш-бес қалақты, жиегі ірі ара тісті. Гүлдері ұсақ, екі
ерінді, жоғарғы жапырақтарының қолтығына шоқтана жиналып, ұзынша масақ
тәріздес гүл шоғырын түзеді. Тостағаншасы 5 жүйкелі (чашечка с 5 жилками),
түтікті қоңыраулы, жалаңаш немесе түкті, 5 өткір немесе сүйір тісті, оның
астыңғы екеуі шетке қарай иілген, ал жоғарғылары шығып тұрады; күлтесі ашық
алқызыл немесе алқызыл–күлгін түсті, екі ерінді, қысөа түтікті,
тостағаншаға жасырынған, оның жоғарғы ерні үстінен түктенген, пішіні кері
жұмыртқа немесе жұмыртқа тәрізді; ал астынғы ерні жұқа, қабықты (пленкалы);
жоғарғы аталықтары жоғарғы ерінінің астында паралель орналасқан,
астыңғылары гүлдеуден кейін ширатылып қалады; жаңғақшасы сүйір, үшқырлы.
Маусым – қыркүйек айларында гүлдейді, жемісі шілде-тамыз айларында піседі.
Химиялық құрамы. Өсімдік шөбінде гликозидтер, илік, ащы және қантты
заттар, эфир майы, флавоноидтар (кверцетин), рутин, квинквелозид,
космосиин, сатниндер, алколоидтар 0,035-0,400 % (гүлдеу мерзімінде),
аскорбин қышқылы (жапырықтарында 23,6-65,7 мг %), А және В витаминдері
кездеседі, кумариндер, жоғары май қышқылдары: дәндерінде – шыны майлары
мол. Жер беті бөліктерінде микроэлементтер – калий, кальций, темір,
марганец, мыс, мырыш, молибден, хром, барий, селен, никель, стронций,
қорғасын, бор кездеседі. Сасықшөптің химиялық құрамы толық зерттелмеген.
Қолданылуы. Өсімдік препараттары жүрек – қан тамыр неврозына, қан
қысымы артуына, жүрек талмасы немесе жүректің демікпе ұстама ауруына, жүрек
етінің және жүрек ақау кемістігі ауруларына тыныштандырғыш, түйілуге қарсы,
артерия қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмек. 15 г су тұндырмасын 1
стақанға араластырып, күніне ⅓ стақаннан 2 рет ас алдында ішеді немесе 30-
50 тамшы спиртті тұнбасын күніне 3 мезгіл немесе 15-20 тамшы сұйық сығынын
күніне 3-4 рет ішеді. Спиртті сығыны тырысу – құрысуға қарсы ем.

3.2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНАТОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.

Зерттеу зерзаттарына Lamiaceae (ерінгүлділер) тұқымдасының құнды
дәрілік түрі Leonurus quinquelobatus Gilib. онтогенезіндегі вегетативтік
мүшелерінің онтоморфогенезі алынды.
Өсімдіктер ҚазҰУ ҒӨК ЭКОС тәжірибелік станциясында өсіріліп,
бақыланды.
Тұқымдар себер алдында тазаланады да, 0,5 % KMnO4 ерітіндісінде 30
минут бойы әсер етіп, 1-2 см тереңдікте екі қатар етіп себіледі. Себу
әдісі: қатарлы топырақтың бетіне жақын, өсімдік аралығы 20-25см. Тұқым
себілген алаңқайға вегетациялық маусым бойына тиісті агротехникалық
шаралар (суару, топырақты қопсыту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің эфир майлары
Розмарин қышқылының фармакологиялық белсенділігі
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae). Айлауықтар тұқымдасы (лат. Boragіnaceae)
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae)
Алқалар, ерінгүлділер тұқымдастары систематикасы, жалпы сипаттамасы
Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары
Перилланың өзі көпжылдық өсімдік
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Жоғары эфир майлары
Пәндер