Қазақстан Республикасындағы білім берудің инновациялық дамуын экономикалық-құқықтық реттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

Экономикалық теория кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Орындаған: Балабекова А. Б.

Экономикалық теория /қолы, күні/

кафедрасының магистрі

Ғылыми жетекші:

э. ғ. к., доцент Байгісиев М. Қ.

/қолы, күні/

Норма бақылаушы: Асқаров Д. Т.

Доктор PhD /қолы, күні/

Кафедра меңгерушісі

қорғауға жіберді:

э. ғ. д., профессор Аубакирова Ж. Я.

/қолы, күні/

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 8
: 1. 1.
КІРІСПЕ: Қоғамның экономикалық дамуындағы білім берудің мәні мен маңыздылығы
3: 8
: 1. 2.
КІРІСПЕ: Жоғары оқу орындарының білім беру сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
3: 22
: 2
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
3: 35
: 2. 1.
КІРІСПЕ: ҚР білім жүйесіндегі даму тенденциялары, Еуропалық білім жүйесіне өтуді қалыптастырудың алғышарттары
3: 35
: 2. 2.
КІРІСПЕ: Қазақстанның білім беру нарығының қазіргі жағдайы
3: 44
: 3
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3: 50
: 3. 1.
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудағы инновациялық үрдістердің маңыздылығы
3: 50
: 3. 2.
КІРІСПЕ: Білім берудегі инновациялық өзгерістер
3: 54
: 3. 3.
КІРІСПЕ: Жоғары білім беру қызметі нарығын реттеуді жетілдірудің экономикалық-құқықтық аспектілері және жоғары оқу орындарын басқару тиімділігін арттыру бағыттары
3: 73
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 85
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 88

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Білім саяси, экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің маңызды фактор ретінде қарастырылады. Қазіргі заман жағдайында экономикалық өсу кәсіби сапалы еңбек ресурстарымен сипатталады. Елдің экономикалық өсуін анықтайтын сапалы еңбек ресурстарының бар болуы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық Стратегиясының дамуының сәтті іске асыруының ажырамас бөлігі болып табылады [1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан өз дамуындағы жаңа табалдырықта" деп аталатын Жолдауында біліктілігі жоғары кадрларды дайындауға және қазіргі заманның білім жүйесінің дамуына үлкен мән берілген. Президент Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінде оқыған өзінің дәрісінде білімнің және рухани ресурстардың ел өміріндегі алатын ерекше ролін: «Ұлттар тек тауарлар мен қызметтермен бәсекелесіп қана қоймай, сонымен қатар олар қоғамдық құндылықтар жүйелерімен және білім беру жүйесімен бәсекелесуі қажет» деп нақты белгілеген. Сонымен бірге Президент "Қазақстан Стратегиясы жаһандану әлемінде: инновация мен білім беруді дамыту арқылы білім экономикасына" деген Стратегияны да анықтаған [2, 3] .

Қазақстанда білім жүйесі қарқынды түрде дамуға, жаһандану және ақпараттану сияқты жедел дамып келе жатқан әлемдік үдерістерге жауап беруге қабілетті болуы керек. Бүгінгі күні бірінші кезектегі жоспар ретінде жаңа талаптар - қарқынды ғылыми-зерттеу қызметтерімен байланысқан инновациялық білім, білім мен ғылыми зерттеулердің тәртіптерді сақтауы, оқытудың өнеркәсіптер мен экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстылығы, білімнің барынша имандылығы қойылған. Білімді түбегейлі жаңғыртусыз елдің индустриалдық және инновациялық дамуы мүмкін емес. Бұл салада реформалар ұсыну үшін алдымен, қазақстандық білім берудің сапасы мен жағдайын талдау керек; ұзақ мерзімді мақсаттар мен басымдылықтарды анықтау қажет; шетелдік тәжірибелерді оқып-үйрену арқылы ең үздік әлемдік тәжірибелерді прагматикалық енгізулер нәтижелерін болжау керек.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім жүйесі жаһандануға жалпы әлемдік үрдістерге бағытталған белсенді реформалау үдерістері жүргізіліп жатқан сала болып табылуда. Осы жүйені түбегейлі реформалауға деген ұмтылыс ел басшысының қабылдаған ҚР білімді дамыту Стратегиясы, ҚР білім туралы Тұжырымдамасы, ҚР «Білім туралы» Заңы және т. б. бірқатар нормативтік құжаттарымен куәландырылады.

Жоғары сапалы кәсіби білімнің жаңа философиясын сипаттайтын білім парадигмасы өзгеруде. Болашақ білімінің негізі жоғарғы оқу орындарының және жалпы білім берудің ұлттық жүйесінің бәсекелестікке қабілеттілігі тәуелді болып келетін тұрақты білім сапасын қамтамасыз ету және соған кепілдік беру болып табылады. Қазіргі замандағы жоғарғы оқу орындарының табысты қызмет етуі басқарудың тиімді жүйесін құрусыз мүмкін емес, оның негізгі мақсаты білім беру қызметтерінің сапасына, басқарылатын нысандарды бағалау әдістерін үндестіруге әсер ететін барлық үдерістерді алгоритмдеу нәтижесінде ЖОО-ң қызметтерінің сапалық көрсеткіштерін жоғарылату болып саналады.

Дамыған елдердің білім беру аясы болашақтағы жүзжылдықтың өсуінің стартегиялық нүктесі болды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, алға дамыған білім ғана елдің инвестициялық тартымдылығын қалыптастырады және технологиялық дамуын қамтамасыз етеді. Әлемнің көптеген елдері ғаламдық бәсекелестік жағдайындағы жаңа талаптарға жауап беретін жоғарғы білім берудің икемді жүйесін құруға ұмтыла отырып түбегейлі өзгертулер жасауға кірісті. Бәрімізге белгілі, экономиканың және азаматтық институттардың дамуында артта қалушылық тәуекелділігі үздіксіз білім берудің тиімді жұмыс істейтін үлгісі құрылмаған елдерге тән. Біздің еліміз экономиканы сервистік-технологиялық бағыттылықпен дамытуға негізделген ашық азаматтық қоғам құруды мақсат ете отырып, ең алдымен, білім беру жүйесін жетілдірумен белсенді түрде айналысуы керек екендігі түсінікті. Білімді дамыту Қазақстанның халықаралық позицияларының шешуші факторларының бірін құрайды. Қоғамның сауаттылығы, адами капиталдың сапасы Қазақстанға әлемдік үдерістерге әсер етуге қабілетті бірқатар мемлекеттер қатарына кіруге мүмкіндіктер береді. Салыстырмалы түрде саяси және экономикалық тұрақтылық алған Қазақстандық қоғам рухани тоқыраудан шығу жолдарын белсенді түрде іздестіруде.

Бүгінгі қоғам білім беру жүйесінен де өзгерістер талап етуде. Бізде бай педагогикалық дәстүрлер бар екендігі белгілі. Бұлардың барлығы бізге ұсынылатын шешімдерді іске асыру барысындағы салдарларды мұқият талдауға, жақсы зерттеулер жүргізуге, негіздеуге, тексеруге және көпжылдық жұмыстар негізінде инновацияны асықпай жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.

Экономиканың ғылыми-техникалық және білім секторын мемлекеттік деңгейде өз уақытында қолдау Қазақстанға әлемдік нарықтағы алатын орнын нығайтуға және алдыңғы қатардағы орындардың біріне шығуға мүмкіндіктер береді. Қазақстандық білім беру жүйесін елеулі түрде қайта құру қажеттілігі бәсекелестік ортада табысты түрде жұмыс істей алатын және дұрыс шешімдерді ешкімге тәуелсіз дербес түрде қабылдауға қабілетті, нарық жағдайында өз бетімен әрекеттенуге дайындалған мамандарға деген қажеттіліктермен негізделеді. Білім беру саласындағы бәсекелестіктің өсуі білім беру қызметтерінің сапасына деген тұтынушылардың талаптарының қатаюы, Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне енуі осы тақырыптың таңдалуына және өзектілігіне себеп болды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Білім беру сапасы мен адами капитал тұжырымдамаларына Д. Джуран, У. Деминг, А. Фейгенбаум, К. Исикава, Т. Шульц, Э. Денисон, Г. Беккер сияқты және т. б. шет ел ғалымдары үлкен үлестерін қосқан.

Жұмыстары жоғарғы оқу орындары мен білім беру қызметтерін дамыту мәселелеріне арналған іздеушілер қатарына келесі ресей ғалымдарын жатқызуға болады: В. А. Садовничего, С. А. Дятлова, О. В. Семеняк, В. А. Качалова, Р. И. Капелюшникова, А. П. Егоршина және т. б.

Қазақстанда білім беру тұжырымдамасына мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев үлкен үлесін қосқан. Экономика және білім беру сапасының мәселелеріне Я. А. Аубакиров, А. А. Абишев, Е. М. Арынов, Г. М. Бердикулова, А. К. Қошанов, К. Е. Кубаев, Ж. А. Кулекеев, Н. К. Мамыров, С. А. Мамонтов, С. Н. Нысанбаев, Т. М. Рогачева, О. С. Сабден, Т. С. Садыков, А. Н. Саханова, А. М. Сейтказиева, Л. А. Фрезоргер және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері арналған.

Сонымен қатар, біздің пікіріміз бойынша, отандық экономикалық әдебиеттерде сапалы білім берудің бәсекелестік қабілеттілігімен, нарықтық қатынастар жағдайындағы экономикалық өсумен өзара байланыстарына, жоғарғы оқу орындарының қызметтерінің тиімділік мәселелеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеген. Білім беру кешенін жаңғырту және әсіресе оның ЖОО құрамдас бөлігі әзірше күткен нәтижелерді бермей отыр. Жоғарғы мектептегі «білім беру қызметіне тапсырыс берушілермен» байланыс жүйесін ескермей енгізіліп жатқан жергілікті жаңа енгізулер өнімсіз болуы мүмкін. Қазақстан экономикасының нақты секторының және нарықтық қатынастардың қазіргі дамуы барлық салаларда, соның ішінде білім беруде де тек инновациялық қызметтер базасында болуы мүмкін.

Мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық мақсаты бұл қазақстандық білім мен ғылымды жоғары басымдылықпен қолдау жасалынатын білімдер жүйесіне және оларды тәжірибеге енгізудегі нақты ресурсқа айналдыру.

Зерттеу мақсаты Қазақстандағы білім беру қызметі нарығын теориялық тұрғыдан және оның бәсекелестік ортадағы даму үрдістерін талдау негізінде ұлттық экономиканың біліктілігі жоғары мамандарға деген нақты қажеттіліктеріне және халықаралық стандарттарға сәйкес реттеу жүргізуді жетілдіру болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа сай диссертацияда келесі міндеттерді шешу талап етілген:

  1. білім беру қызметі нарығының базалық категориясын нақтылау және білім мен экономиканың өзара атқарымдылық байланыстарын анықтау;
  2. білім сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілікті бағалау белгілерін жалпылау, сонымен бірге білім сапасы мен білім беру қызметінің бәсекелестілікке қабілеттілік қағидаларына әсер ететін факторларды көрсету;
  3. жоғарғы оқу орындарында тұтынушылық мониторингінің құрылымын жасау және республикадағы ЖОО-ң рейтингтік көрсеткіштерін анықтау;
  4. республикадағы жоғарғы оқу орындарының қызметтерінің тиімділігін бағалау;
  5. жоғарғы білім беру нарығын реттеуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның жоғарғы білім беру қызметтерінің нарығы алынды.

Зерттеу пәні республиканың жоғары оқу орындарының қызметтері және білім беру қызметтері нарығын жетілдіру және реттеу мақсатында бәсекелестік орта жағдайында оны тиімді басқару болып табылады.

Ғылыми зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне жоғарғы экономикалық білім мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ғылымдардың еңбектері, адами капитал теориясы, зерттеу мәселесі бойынша жалпы және арнайы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар, білім және ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттары және зерттеу тақырыбы бойынша басқа да ғылыми-тәжірибелік ақпараттар алынды. Құқықтық база ретінде ҚР Конституциясы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР «Білім туралы» Заңы, білім туралы тұжырымдама материалдары, ҚР заң актілері мен үкімет қаулылары қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасына Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің материалдары, жоғарғы оқу орындарының оқу-әдістемеліктерінің жылдық есептері алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

  1. «жоғарғы білім беру қызметінің нарығы», «білім беру қызметі» және «білім беру қызметінің сапасы» категориялық ұғымдарының мазмұнын «білім беру қызметінің бәсекелестікке қабілеттілігі» ұғымымен өзара байланысын нақтылау және атқарымдылық формуланы пайдалану арқылы экономикалық өсуді анықтайтын факторлар жүйесіндегі білімнің ролін негіздеу;
  2. білім берудің сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілікті бағалау белгілерін және білім беру қызметінің сапасы мен олардың бәсекелестікке қабілеттіліктерінің қағидаларын көрсететін факторларды анықтау;
  3. жоғарғы оқу орындарында тұтынушылық мониторингінің көрсеткіштерінің құрылымын жасау және факультеттің қорытынды рейтингтік көрсеткіштерін есептеу негізінде ЖОО-ң рейтингтік көрсеткіштерін анықтау;
  4. республикадағы ЖОО-ң қызметтерінің тиімділік көрсеткіштерін бағалау;
  5. республикадағы жоғарғы беру қызметтері нарығын реттеуді жетілдіру бойынша шаралардың кешенді жүйесін ұсыну.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар:

  1. «білім беру нарығы», «білім беру қызметі», білім беру қызметтерінің «сапасы» және «бәсекелестікке қабілеттіліктері» түсініктерінің өзара байланыстарын көрсету арқылы оларды нақтылау және экономикалық өсудегі білімнің рөлін негіздеу:
  2. білім сапасын бағалайтын факторларды және оның бәсекелестікке қабілеттілік белгілері мен қағидаларын айқындау;
  3. ЖОО-ң сыртқы және ішкі рейтингтік көрсеткіштерін жасау және анықтау;

- ҚР жоғары оқу орындарының қызметтерінің тиімділіктерін бағалау.

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде білім беру нарығы дамуының ғылыми-теориялық негіздері қаралып, қоғамның экономикалық дамуындағы білім берудің мәні мен маңыздылығы айқындалған. Жоғары оқу орындарының білім беру сапасы және бәсекеге қабілеттілігі талданған. Екінші бөлімде Қазақстандағы инновациялық білім беру дамуының қазіргі жағдайы сарапталып, ҚР білім жүйесіндегі даму тенденциялары, Еуропалық білім жүйесіне өтуді қалыптастырудың алғышарттары көрсетілген және Қазақстанның білім беру нарығының қазіргі жағдайы талқыланған. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының білім беру нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары анықталып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудағы инновациялық үрдістердің маңыздылығы мен білім берудегі инновациялық өзгерістері көрсетілген. Жоғары білім беру қызметі нарығын реттеуді жетілдірудің экономикалық -құқықтық аспектілері және жоғары оқу орындарын басқару тиімділігін арттыру бағыттары айқындалып, жан-жақты талданған. Қорытынды бөлімде білім беру мәселелері жалпы талданып, тұжырымдар келтірілген және ұсыныстар жасалған.

1 БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қоғамның экономикалық дамуындағы білім берудің мәні мен маңыздылығы

Білім - бұл қазіргі қоғамдағы маңызды басымдылықтардың бірі болып табылады. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму шектелген бөлігі болып табылады және саяси, экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің маңызды фактор ретінде қарастырылады. Нарық жағдайында біліктілігі жоғары мамандандырылған кәсіпқойлар жоғарғы білімнің дамуының стратегиялық бағыты творчествалық және инновациялық ойлайтын фундаментін құру болып табылады.

Елдің экономикалық өсуін анықтайтын сапалы еңбек ресурстарының бар болуы ҚР 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық Стратегиясының дамуының сәтті іске асыруының ажырамас бөлігі болып табылады [1] .

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім деңгейін жоғарылату ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің факторы ретінде бірінші кезектегі міндет болып қарастырылған. Қазіргі заман талаптарына және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім берудің ұлттық жүйесін құру маңызды мәселелердің бірі ретінде қойылған [3] .

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекелестік ортаның күшеюі жас мамандардың білімдерінің сұранысқа ие болмауымен байланысты кейбір мәселелерді туғызуда. Бұл жоғары экономикалық білімнің мазмұнына нарықтық экономиканың қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей түбегейлі өзгерістер енгізудің қажеттіліктерін туғызуда. Білім беру реформасы - Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндіктер беретін маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Білім беру адам дамуының маңызды факторы ретінде барлық елдердегі сияқты халықтың лайықты өмір сүру сапасы мен деңгейіне, кедейшілікпен күресуге қол жеткізу, жұмыспен тиімді түрде қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік теңсіздік деңгейін төмендету және гендерлі теңсіздікті жеңу, қылмысты азайту, саяси және этникааралық дауларды шешу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, азаматтық қоғам құрылымын күшейту, адам құқығын сақтау және тиімді жүзеге асыру, жекебастың мүмкіндіктерін толық және жан-жақты іске асыру үшін жағдайлар жасау сияқты экономикалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелерді шешуге жеткілікті деңгейде әсер етуге жағдай жасайды.

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік зардаптарының» бірі ретінде және қосымша құбылыс ретінде қарастырылатын білім революциясы болды. Ол алғашқыда осындай болды да, содан кейін ары қарай зардап себепке өсті. Демек, білім беру ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестерде ғана шешуші фактор болып қойған жоқ, сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлу кезінде де әлеуметтік құрылымдарды қалыптастырды. Білім беруді түбегейлі демократияландыру білім беру революциясының ең алғашқы көрінуі болды. Осы сөзсіз прогрессивті үрдіс жаңа индустриалды және белгілі бір деңгейде дамушы мемлекеттерді де қамтыды. Жоғары білімге неғұрлым кең түрде қол жеткізу сұрақтары дамыған мемлекеттерде де өзекті мәселелердің біріне айналды. Осылардың барлығы мемлекеттік саясатқа және қоғамдық санаға келесідей жаңа қағиданы енгізуді талап етті: білім - бұл мамандарды ғана дайындау емес сонымен бірге қоғамның жалпы интеллектуалдық, технологиялық және мәдени деңгейін жоғарылату, оның инновацияға және прогреске қабілеттілігін қолдау, өмір сүрудің қазіргі заман үлгісін қалыптастыру. Бұдан білімді экономикалық қажеттіліктерге қатаң түрде байланыстырмай-ақ дамыту мүмкіндіктері туады деген қорытынды шығаруға болады.

Соңғы онжылдықта әлемде «бүкіл өмір бойы оқу» ойы кең түрде мойындалған және біртіндеп басымдылығы бар жалпы саяси мәнге ие болуда. Батыста оны «Lifelong Learning» деп атайды. Үздіксіз білімнің мәні ғылыми-техникалық революция жағдайындағы білімнің тез ескіруімен байланысты біліктілікті жоғарылатумен түсіндіріледі. Ақпараттық қоғамдағы азаматтық белсендік пен әлеуметтік бірлікті және келешектегі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатардағы дамыған мемлекеттер де осы концепцияның маңыздылығын мойындап отыр.

Қазақстан әлі білім мен ақпаратты кең түрде қолдануға негізделген және экономикасы дамыған мемлекеттер қатарына кірмейді, бірақ мемлекетте Лиссабондық Меморандумның негізгі ережелерін іске асыруға обьективті жағдайлар мен кең қажеттіліктер бар.

Білім революциясы дамыған және дамушы мемлекеттер арасында бөлінуді одан әрі қарай тереңдете отырып, әр түрлі мемлекеттер мен аймақтарға біркелкі емес әсер етті. Егер де біріншілерінде үздіксіз білім беру нақты түрде жалпы сипатқа ие болса, ал дамушы мемлекеттер қатарына кіретін көптеген мемлекеттерде жаппай сауаттылық мәселесі күн тәртібінен әлі түсірілмеген. Халықаралық қауымдастық адам дамуындағы білімнің алатын ролін қолайлы қамтамасыз ету жолымен мәселелерді шешу үшін «Барлығына білім беру» стратегиясын жасаған. Стратегияның негізгі қағидалары 1990 жылы Джомтьенеде ұйымдастырған конференцияда қалыптастырылған. Конференция әрбір бала, жас жігіттер мен ер жеткендер адам ретінде өзінің базалық білім қажеттіліктерін қанағаттандыратын, яғни, оған дүниені тануға, іс-әрекеттер етуге, басқа адамдармен өмір сүруге және іс-қимылдар жасауға мүмкіндіктер беретін білім алуға құқықтары бар екендігі көрсетілген адам құқығының Жалпы декларациясы мен бала құқығы туралы Конвенцияны ескере отырып барлығына білім беру туралы Бүкіләлемдік декларациясы қабылданды. Бұл жерде адамдар өздерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және өзінің өмір сүріп жатқан қоғамын дамытуға мүмкіндіктер беретін әрбір адамның дарынын, әлуетін ашуға бағытталған білім туралы айтылған. Халықаралық қауымдастық, ең алдымен БҰҰ және оның құрылымдары жасаған адам дамуының басты бөлігі ретінде қарастырылатын білім беруді дамыту стратегиясы барлық елдерге білім берудің барлық деңгейлерін жетілдіруді іске асыруға және ұлттық, жалпыадамзаттық мүдделерде білім беру жүйесінің нысандарын өткізуге көмектеседі.

1975 жылы Женевада ЮНЕСКО қамқорлығымен өткен білім беру жөніндегі халықаралық конференцияда алғаш рет білім беруді Халықаралық стандарттық жіктеу бекітілген. Бірақ, бұл жіктеу XX ғасырдың соңғы онжылдығында болған білім революциясындағы үдерістерге, ең алдымен - білім диверсификациясына, яғни халықтың әртүрлі топтарына білім беру үшін неғұрлым жақсы жағдайлар жасайтын әртүрлі нысандарға жауап бере алмады. Сондықтан 1997 жылы қараша айында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында жаңа БХСЖ қабылданды. Халықаралық жіктеудің шешуші бірлігі білім беру деңгейі және білім беру саласы деп бөлінетін екі негізгі бағыт бойынша сипатталатын білім беру бағдарламасы болып табылады. БХСЖ мынадай білім беру аяларын қамтиды: инженерлік салалар; әлеуметтік ғылымдар; бизнес және құқық; педагогикалық ғылымдар және мұғалімдерді дайындау; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету; өнер және гуманитарлық ғылымдар; жаратылыстану ғылымдары; ауылшаруашылық; қызметтер көрсету [4] .

Құрылымдық деңгейден жүйелерге немесе білім беру үлгілеріне өту кезінде ұлттық білім беру үлгілерінің көп түрлілігін атаудың қажеттілігі бар. Негізгі немесе базалық білім беру жүйелері келесідей негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін:

  1. білім берудегі мемлекеттің ролі;
  2. білімді қаржыландырудағы ұлттық және жергілікті басқару органдардың ролі;
  3. тегін және ақылы білім берудің ара-қатынасы;
  4. элитарлық және жалпы білім беретін мекемелер мәртебесінің мәні;
  5. жоғары білім беру мазмұнындағы фундаменталды-теориялық және практикалық бағытталудың ара-қатынастары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Кәсіпкерлік іс-әрекет
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграция үрдістері
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Инвестициялық саясаттың модельдері
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz