Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Банк қызметінің құрылымы және оларды ұйымдастырудың теориялық негізі

1. 1. Экономикалық процесті ұйымдастырудағы банк қызметінің мәні және рөлі

1. 2. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктік қызметтері

2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау .

2. 1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын талдау

2. 2. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын талдау

3. Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын дамыту жолдары

3. 1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі :

Кіріспе

Банктік қызмет - қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, мұндай қызметтердің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Ал банктік қызмет түрлерінің әр алуан болуы заңды және жеке тұлғаларға өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес солардың арасынан қызықтырғанын таңдап алуға мүмкіндіктері бар.

Бітіру жұмыстың мақсаты - банктік қызмет түрлерінің экономикалық мәнін ашып, оның ішінде депозиттік операцияларын талдау, сондай-ақ, шетел тәжірибесінде көрсетілетін банктік қызмет түрлерін қарастырып, әсіресе, депозиттік операцияларға қатысты ұсыныстарды белгілеу болып табылады.

Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады:

  1. Банктік қызметтерінің теориялық негіздерін, оның ішінде “банктік қызмет” және “банктік өнім” сияқты категорияларға анықтамаларын беріп, дұрыс жіктемесін анықтау .
  2. Шетел тәжірибесінде көрсетілетінбанктік қызметтерді, біздің елімізде көрсетілетін қызметтерімен салыстыру.
  3. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.
  4. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.

Жалпы “банктік қызмет” біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оның ішінде бұл қызметтерді таңдауда және банк үшін, сол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі, банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз, тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер өздерінің табыстылық базасын ұлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік қабілеттілігін өсіреді. Сондай-ақ бұл жерде, банктік қызметтер ұсынылған кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.

Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни, бұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Себебі, бәрімізге белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты зерттеулерді жүргізп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.

Халыққа көрсетілетін дәстүрлі(спецификалық) қызметтерді көрсетумен қатар - депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту, несиелер беру және есеп-айырысу - кассалық операцияларын жүргізумен қатар, қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді, клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу, валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді, оның ішінде трасталық, лизингтік, брокерлік қызметтерін ұсынып отыр.

Бұл бітіру жұмысы 3 негізгі бөлім, кіріспе және қорытынды дан тұрады.

1. Банк қызметінің құрылымы және оларды ұйымдастырудың теориялық негізі

1. 1. Экономикалық процесті ұйымдастырудағы банк қызметінің мәні және рөлі

Банк - банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылады заңды тұлға. Жалпы банктің ерекше мәні, ең алдымен, келесі тұжырымдармен анықталады:

  • Төлем құралдарын құра алады;
  • Айналымға төлем құралдарын шығара алады ;
  • Айналымнан құралдарын алуды жүзеге асырады ;

Банктердің, тауар өндірісінің және айналымның дамуы параллельді түрде жүрген. Ал банктік қызметтердің өндірілу мен өткізудің тарихи процесін 3 сатыға бөлуге болады. Оның әрбір сатысында ерекше базалық идеясы сәйкес келеді.

1. Еркін бәсекесі бар классикалық капитализм қоғамының құрылу кезінде, капиталисттік қатынастар қызмет етіп, серпінді дамығанда коммерциялық банктер өзінің депозиттік - ссудалық қызметтерін жетілдіруге бағытталды, ал бос ақшалай қаражаттарының иелерілері мен қарыз алушы арасында ақшалай капиталдың қозғалысында коммерциялық банктер делдал қызметін атқарады. Коммерциялық банктердің стратегиялық саясатындағы басқарушылық идеясы субъектілердің операциялары мен жағдайлары, клиентураның экономикалық жағдайы мен қаржылық сенімділігі және ссудалық капиталдық өсу келешегі туралы ақпараттардың объективті кешенін құруға бағытталған.

2. Монополисттік капитализм кезеңі пайда болғаннан бастап даму сатысында банктік монополияны құрумен ерекшеленеді, яғни шартталған концентрациялар мен банктік капиталдар және өнеркәсіппен ақшаларға глобалды бақылау мүмкіндігі жасалған банктердің жаңа ролін құрумен ерекшеленеді, яғни мұндай жағдайда коммерциялық банктер несиелік нарықтың мүмкіндіктерін жеке уәжі (мотив) бойынша реттеді. Иеленген позицияларды басқару құрылымда - ақшалай капиталға тұрақты және максималды жоғары мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер мен ұсыныстарды қанағаттандыру мақсатын анықтау идеясы болып табылады және коммерциялық банктердің инвестициялық белсенділігінің негізі құрылады.

3. Технологиялық және ғылыми - техникалық қайта құрулардың негізгі кезеңі ақпараттық айырбастаудың халықаралық желісін құрумен сипатталады, ал банктік қызметтерді тарату саласы ұлттық түрге ие болды. Жаңа экономикалық жағдайда пайданың бірқалыпты мөлшерін қамтамасыз ету үшін клиенттердің қажеттіліктері мен ұсыныстарын детализацияға және анықтауға бағдарлануы талап етіледі. Менеджменттің бастапқы міндеті:банктік капиталының қызмет көрсету тиімділігі мен есеп айырысу рентабельділігін қамтамасыз ету кезінде қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осы барлық этаптардағы менеджмент процесі оның ақпараттық құрамдасына тәуелді, сондықтан да коммерциялық банктердегі басқару жүесін әлемдік тенденциясын - маркетингтік менеджме, нт ретінде қарастыруға болады.

Американ ғылым- экономисті Дж. Ф. Синки, АҚШ-тың және басқа да дамыған мемлекеттердің банктік жүйесінің дамуын зерттеп, 90 - шы жылдардағы қаржылық қызметер саласындағы динамикалық өзгерістері 5 негізгі факторлардың қызметімен сипатталады:

1. Ғылыми - техникалық пргресс. Электроника, атоматизация және телекамуникацияның дамуы банктік операциялардың технологиясын өзгертіп қаржы - несие институттардың аймақтық және ұлттық саладағы қызметін кеңейтеді(банктік бәсекелестіктің глобализациясы) . Банк ісін компьютерлендіру “қаржылық революциясының” қажетті алғы шарты болып табылады. Сонымен бірге, автордың пікірі бойынша банктік технологиясының дамуы қаржылық қызмет көрсету саласына кіруді қатаңдатады.

2. Бәсекелестік. Дамыған экономикасы бар мемлекеттердің заңи реформалары қаржылық қызметіндегі шектеулер мен тиым салынулардың жеңілдетуіне немесе толық алынып тастауына бағытталғандықтан, бәсекелестік үшін барьерлердің әлсіздігіне әкеледі. Қазіргі кезде, бүкіл мемлекеттерде банктік нарықтар қорғаусыз қалды, коммерциялық банктер және басқа да банктік емес мекемелер жағынан қатаң бәсекелестікпен кездеседі.

3. Пайыздың мөлмешерлемесінің және валюталық бағамының тұрақсыздығы. Экономикалық қиыншылықтармен байланысқан(өзгерістің құлдырауы, төлем жүйесіндегі дағдарыс, инфляция, төленбеген сыртқы қарыздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын опециялардың төмендеуі) капитал нарықтарындағы тұрақсыздықтың өсуі, басқа факторлармен бірге нарықтарындағы пайыздық ставкаларының кенеттен тез өсуіне әкелді, ал бұл экономикалық және қаржылық жағдайға тәуелді сенімсіз факторлардың өсуіне, банктің пайыздық тәуекелінің көбеюіне апарады.

4. Клиент үшін күрес. Дж. Синки пікірі бойынша бұл күрес қазіргі кезде тіпті “жабайы”болып кетті. Бұрын банктер монопольдық күшке ие болғандықтан клиенттер үшін таласулар болған жоқ. Банктік заңнамасының либерализациялануы бәсекелестіктің өсуіне және банктің шектен тыс табысының қысқаруына әкелді. Бәсекелестік жағдайында клиенттерге жаңа қызметтерді ұсынуы банк қызметінің оң нәтижеге жетуінің негізгі факторы болып табылады.

5. Капитал жеткіліктілігі немесе адекваттылығы. Яғни - меншікті және тартылған капитал арасындағы қаржылық арақатынасы. Капиталдың жоғарғы деңгейі салымшылардың сенімділігінің дәрежесін өсіреді және коммерциялық банктің өтімділік тәуекелін төмендетеді, ал капиталдың жеткіліктілігі банктің тәуекелге ұшырауының көрсеткіші болып табылады. Банктік реттеу және қадағалау саясаты бойынша Базельдік комитет капиталдың жеткіліктілік коэффицентін, яғни капиталдың тәуекелі бойынша бөлінген активтерге қатынасы, 8 % деңгейінде бекіткен (минималды 8 % - дық стандарт) . Бұл халықаралық операциялрмен белсенді жұмыс жасайтын банктер үшін қажетті капиталдың минималды деңгейі болып есептеледі. Осы және басқа да факторлар (кәсіпорындарды жекешелендіру, сауданы және қаржыларды , банк ісінің концентрациясы, банктердің операциондық шығындардың өсуі, банктердің банкроттық тәуекелінің өсуі, қоғамдағы демографиялық өзгерістер) нәтижесінде банктік қызмет - тәуекелді және тынымсыз бизнес болып табылады.

Жалпы коммерциялық банктер қаржылық қызмет көрсетулердің кең саласында жұмыс істеуде. Сөйтіп, барлық банктік мекемелер, уақыт өткенімен, күрделі ұйымдарға айналады: қызмет көрсету тізімі кеңейеді, несиелеудің жаңа схемалары, жаңа бөлімдер мен департаменттер пайда болады.

Банктік өнімдер мен қызметтер нарығын қарастырмастан бұрын, “банктік қызмет” пен “банктік өнім” деген ұғымдардың ғылыми анықтамаларын бөліп алуымыз керек, себебі олар жиі синоним ретінде қабылданады.

Ғылыми - тәжірибелік мүдде “банктік қызмет” ұғымының анықтамасын көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде, оның ішінде құрылуына қатысқан танымалы ғылым - экономисттер, Абалкин Л. И., Герщенко В. В., Жуков А. И.,

Зотов М. С. және басқа да Ресей ғалымдары мен банктік мамандар “Банковская система России. Настольная книга банкиров” кітабында банктік қызметке “массалық операция” сияқты анықтама береді. Бұл жұмыста кейбір зерттеушілер банктік қызметті “клиенттің тапсырмасы бойынша және белгілі бір ақы үшін бнктік операцияны жүргізу” деп анықтайды.

Спицын И. О. және Спицын Я. О. “Банковский маркетинг” оқу құралының авторлары банктік қызметті “клиент мүддесі үшін банктің белгілі қызметін атқаруы” деп атайды.

Профессор Хруцкий В. Е. “банктік өнімнің” өзіне келесідей анықтама береді: “… банктік өнім туралы айтқан кезде, банкпен жасалынған кез келген банктік қызметті немесе операцияны есептейміз”.

Француз экономисті Жан Матук банктік қызметті “банктің қаржылық мүмкіндігіне байланысты клиенттің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттадыру”деп санайды.

Қазіргі жағдай біріңғай терминалогияны, қарастырылып жатқан анықтамалар мен терминдердің нақты сипаттамаларын беруін қажет етеді.

Сөйтіп, “банктік қызмет ”, “банктік опеация ” және “банктік өнім” сияқты синонимдеріне келесідей анықтамалар беруге болады.

Банктік операция дегеніміз - нақты бір нәтижеге (ссуда беру, депозит қабылдау, валюта айырбастау және т. б. ) қол жеткізуге бағытталған банктің клиентпен немесе басқа банкпен жасалынған кәсіпкерлік келісім - шарт немесе біріңғай экономикалық мәселені шешу бойынша банктің бір - бірімен байланысқан қызметтердің жиынтығы.

Банктік қызмет дегеніміз - банктік операцияға қатар белгілі - бір функцияларын атқарады, яғни клиент үшін тиімділігін арттырады, аз шығындар мен көп пайда алып, көздеген жетудің алғы шарттарын жасайды.

Банктік өнім - бұл клиенттерге қызмет көрсету үшін және операцияларын жүргізу үшін банкпен шығарылатын нақты банктік құжат(немесе күәлік) . Бұл чек, вексель, банктік пайыз, депозит, белгілі бір сертификат (жинақ, депозиттік), банктік пластикалық карточкалар және т. б. болу мүмкін.

Банктік өнім мен банктік қызметтің ұқсастығы - клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттадыруға және пайданың алуына мүмкіндігін туғызуына бағытталатындығында байқалады. Мәселен, депозит бойынша банктік пайыз - бұл банктік өнім, ал оның тұрақты төленуі -банктік қызмет. Яғни, екеуі де клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады және пайда әкеледі.

Банктік шот ашу- бұл өнім, ал шот бойынша қызмет көрсету- бұл қызмет, бірақ бұл жерде өнім де, қызмет те банктің табысын, комисионды түрде алуы қарастырады .

Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгенді қорыта келе, біз банктік қызметке толық және ашық анықтамасын бере аламыз:

Банктік қызмет дегеніміз - пайда алуға бағытталған банктік операцияны жүргізу кезінде бос ақшалай қаражаттарды тарту үшін және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оптималды жағдайларды құрудағы банктің кешенді қызметі.

Жалпы банктік қызметтердің тізімі өте кең және үлкен, әрбір нақты жағдайда ол коммерциялық банктің функцияларымен, ресурстық мүмкіндіктермен және клиенттік қажеттіліктерімен анықталады. Бірақ әр түрлі банктік қызметтерді көрсету әрбір банктің қолынан келмейді, өйткені көп жағдайда бұл тиімсіз болып шығады. Банктік қызметтердің бүкіл спектрін көрсету үшін “Банковский менеджмент” еңбегінің авторы Питер С. Роуздың ұсынған схемасын қолдануға болады.

Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңының 30 - бабында белгіленген өзге де операцияларды жүргізу - банктік қызметі болып табылады.

Банк операцияларына мыналар жатады:

А) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

б) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

в ) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттрын ашу және жүргізу;

в-1) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металлдардың нақты саны көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;

г) кассалық операциялар:банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаптап буу және сақтау;

д) аудару операциялары : жеке және заңды тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын туралы ;

е) есептеу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;

ж) заем операциялары:төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес ақшалай түрде несие беру ;

з) жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру ;

и) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металлдарды және құнды қағаздарды басқару;

к) клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай - ақ олардың өзара төлемдер өтуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;

л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй жайларды жалға беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарды және қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;

м) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;

н) төлем карточкаларын шығару;

о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жіберу;

п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау(вексельдерді қоспағанда) .

с) чек кітапшаларын шығару;

т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтік қызмет;

у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;

х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындалуды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру;

ц) лизинг қызметін жүзеге асыру;

ч) факторингтік (сауда - саттық) операциялары :тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болу;

ш) форфейтингтік операциялары (форфейтингтеу) :тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу ;

щ) қымбат тазартылған бағалы металлдарды (алтын, күміс, платина тобына жататын металлдар) құйма түрінде, қымбат тазартылған бағалы металлдардан жасалған мәнеттерді, дәрігерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату ;

э) құрамында бағалы металлдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

*Көзі: Банковское Дело /Под ред. Лаврушина О. И. - Москва: Финансы и статистика, 1998 год

1 - Сурет. Коммерциялық банктің негізгі функциялары

ю) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен ескертпелі вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;

я) өз меншігіндегі бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау.

Жалпы банктік қызметтерді келесідей түрде жіктеуге болады* :

Жіктеу критерийлері: Жіктеу критерийлері
Көрсетілетін қызметтердің типі: Көрсетілетін қызметтердің типі
Жіктеу критерийлері: Банк қызметінің спецификасының сәйкестілігіне байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:
  1. Спецификалық қызметтер
  2. Спецификалық емес қызметтер
Жіктеу критерийлері: Қызметтерді тұтынушы субъектілеріне байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:

1) Заңды тұлғалар

2) Жеке тұлғалар

Жіктеу критерийлері: Банк ресурстарының құрылу мен орналастыруының әдісіне байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:
  1. Активті операциялар
  2. Пассивті операциялар
Жіктеу критерийлері: Көрсетілген қызметтердің ақылығына байланысты
Көрсетілетін қызметтердің типі:

1) Ақылы қызметтер

2) Ақысыз қызметтер

*Көзі: Банковское Дело /Под ред. Лаврушина О. И. - Москва: Финансы и статистика, 1998 год

Банктік қызметтерді, ең алдымен, спецификалық қызметтер және спецификалық емес қызметтер деп бөлуге болады. Спецификалық қызметтер- бұл банктің ерекше кәсіпорын ретіндегі атқаратын спецификалық қызметтері болып табылады. Спецификалық қызметтерге негізгі 3 операцияны жатқызамыз:

  1. Несиелік операциялар
  2. Депозиттік операциялар
  3. Есеп айырысу операциялары

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет . Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлем қайтару шарттарында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылардың арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар . Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Несиелік операциялар - активтік және пассивтік операциялар болып келеді.

Активтік операциялар бойынша несиелік операциялар деп- банктің пайда табу мақсатында клиенттің сұранысы бойынша орналастырылған қаражаттарын білдіреді.

Пассивтік операциялар бойынша несиелік операциялар деп- банктің қосымша ресурстарға деген қажеттілігі нәтижесінде банкаралық несие нарығынан тартқан зайымдарды білдіреді.

Банктік несилеуді ұйымдастыру мынандай қағидаларға сүйенед:

  1. Мақсаттылық қағидасы (несиені алу мақсаты), яғни несие алу өтінішінде несиені пайдалану мақсаты көрсетіледі.
  2. Мерзімділік қағидасы, яғни берілген несие сұраған мерзім ішінде қайтарылуға тиіс.
  3. Қайтарымдылық қағидасы, яғни клиент алған несиені қайтаруға міндетті.
  4. Төлемділік қағидасы, яғни клиент несиені алған үшін банкке сый ақы төлеу керек.
  5. Қамтамасыз ету қағидасы. Осыған байланысты несиелер 2 бөлінеді:
  1. Қамтасыз етілген ссудалар, яғни оған кепіл (жылжитын және жылжымайтын мүліктер), кепіл хат, сақтандыру полисі жатады,
  2. Қамтамасыз етілген ссудалар, яғни оған банктік несие(сенім несиесі) жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары жайлы
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері
Банк қызметінің мәнін сипаттау
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz