Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Геоморфология және картография кафедрасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КАРТОГРАФИЯЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Орындаған:

5 курс студенті Жаңыл

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к., доцент А. Ғ. Көшім

Норма бақылаушы:

аға оқытшы Р. О. Тұрапова

Қорғауға жіберілді:

кафедра меңгерушісі,

г. ғ. к., доцент Р. Т. Бексеитова

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. …. . 4

1. 1 Атырау облысының физикалық-географиялық және экономикалық жағдайына жалпы сипаттама . . . 4

1. 2 Аумақтың экологиялық жағдайына әсер ететін факторлар . . . 5

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАНЫ ҚУРАСТЫРУДАҒЫ

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ . . . 19

2. 1 Геоақпараттық жүйе туралы мәліметтер . . . 19

2. 2 Геоақпараттық жүйенің ерекшеліктері . . . 21

2. 3 Геоақпараттық жүйенің мүмкіншіліктері . . . 25

3. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫН КУРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ . . . 29

3. 1 АrcGis бағдарламасының ерекшеліктері . . . 29

3. 2 Экологиялық картаның қабаттарын қурастыру . . . 31

3. 3 Картаны безендіру және басып шығару . . . …. . 34

3. 4 ГАЖ технологиясын пайдйланып Атырау облысының экологиялық картаны құрастыру . . . … . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . … . . . 40

КІРІСПЕ

Экологиялық қауіпсіздік барлық мемлекеттердің ішкі саясатындағы басты, алғашқы мәселелер санатына жатады. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі "ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық компоненттерінің бірінің және халықаралық интеграциялық процестердегі мемлекеттің приоритеттері мен мүдделерін қорғаудың басты аспектісінің" концепциясы арқылы қамтамасыз етіледі /1/.

Қазіргі уақытта Атырау облысы экологиялық апатты зона болып саналмағанымен, отын-энергетика ресурстарын игерумен байланысты аймақтың экономикалық потенциялын арттыру экологиялық зардаптарға алып келді. Мұнай мен газ қорларының қарқынды түрде игерілуі қазіргі кездің өзінде айтарлықтай экологиялық ауыртпалықтар тудырып отыр.

Қарастырылып отырған Атырау облысында қоршаған ортаның ластануы, Каспий маңына аридті аумақтардың зоналды факторларымен, сондай-ақ мұнай-газ өндірісінің өзіндік әсерімен ұштасқан белгілі бір экологиялық проблемалар кешені тән. Ең бастысы, бұл топырақ және өсімдік жамылғысының бұзылуы мен антропогендік (ең алдымен, техногендік) шөлдену процесі; су ресурстарының азаюы мен олардың мұнаймен, мұнай өнімдерімен және басқа да улы заттармен ластануы; Каспий теңізі алабына мұнайлы заттардың түсу қаупі мен географиялық ерекшеліктеріне байланысты оның суларының улану мүмкіндігі; қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде адамдардың денсаулығының нашарлауы.

Соңғы жылдарда әртүрлі өндірістерде геоақпараттық жүйе кеңінен және қарқынды түрде қолдануын байқауға болады. Ерекше орынды бұл технологиялар карталарды бағдарлау, жаңарту және құрастыру өндірісінде алып отыр. Атырау облысының экологиялық жағдайн қазіргі технологияны пайдалануда геоақпараттық жүйе ерекше маңызды рол атқарады, геоақпараттық жүйедегі ақпараттар барлығы белгілі бір жүйеде жинақталады. Ол жүйе негізінде кезең - кезеңімен күрделі өзгерістер нәтижесінде біртіндеп қалыптасады, . геоақпараттық жүйе басқа ақпараттар технологиясы сияқты жақсы мәліметтілік жақсы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Технологияларды қолдану арқылы кеңістік ақпараттарды кезең бойынша тез жұмыс істетуге бастапқы ақпаратты енгізуден анализ жасауға және нақты жағдайды шешуге дейін қажетті ақпаратты пландар мен топо карталардан іздемей іздемей ақ, экранға, конференцияға немесе арнайы кездесуге дейін аз уақыт қалғанда дайындалу. жер бетіндегі барлық объектілерді бейнелеуі геоақпараттық жүйе мен байланысты карта құрастыру арнайы бағдарламалар арқылы (MapInfo, ArcView, ArcGis-9. 3) ғарыштық суреттерді қолдана отырып, мазмұны ескірген карталарды жаңартуға және әртүрлі тақырыптық карталарды құрастырып шығаруға болады.

1 АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  1. Атырау облысының физикалық-географиялық және экономикалық

жағдайына жалпы сипаттама

Атырау облысы Каспий маңы ойпатында орнласқан. Физикалық географиялық аудандастыру бойынша Каспий маңы ойпаты қоңыржай белдеудің шөлді зонасында Гурьев провинциясының Оңтүстік Каспий маңы облысының Каспий маңы Тұраны елінде орналасқан.

Аумақтың көп бөлігі жазында ғана теңіз суынан босап, гипсометриялық жағдайы бойынша теріс мәнге ғана. Ол бедеріі тегіс немесе әлсіз толқынды теңіздік-аккумулятивті ойпатты жазықты болып келеді. Кейбір бөліктер тұзды күмбез тәрізді көтеріліп тұрады. Ембі-Жем өзенінің қазіргі және бұрыңғы атыраулыранда бедер жоталы болып келеді. /2/

Ембі өзені көктем уақытында үнемі ағынды болып келеді және сорлар мен сортаңдарда кеуіп кетеді. Өзенге салаларының тармақталып жатуы тән. Ембі өзенінің аңғары кең, ал борттары байқалмайды. Жабық өзендері наурыздың аяғынан сәуірдің басына дейінгі аралықта пайда болады. Аудан территориясында тұзды өзендер көп. Өзеннің сағасы бөлігі және ағыс орны болып табылады. Барлық өзендерінің тереңдігі белгісіз, қалған территориясында жер беті ағыстары аз кездеседі /3/. Бұл ауданның жер қыртысы ойпаттың жазықты болып келетіне мүмкіндік беретін төменгі палеозойдан қайнозойға дейінгі теңіздік жыныстардан құралған /4/.

Ауданды тұтасымен алып бірнеше ландшафт түріне бөліп көрсетуге болады: теңізді, эолды, дөнді-жоталы, жазықты, теңіздік жазықты, теңіздік жағалаулық ойпатты, аллювиальді тіліденбеген жазықты, өзеннің қазіргі заманғы жайылмасы.

Территория құмды саздақтардан, кейбір жерлерінде Каспийдің бұрыңғы сазды тұзданбаған шөгінділерінен құралған. Кейбір бөлімі рельефтің жаңа пішіндерін қалыптастыратын жел және өзен суларынан қайта жасалған. Бұндай рельеф типіне дөнді, дөнді-жоталы, сәл дөнесті, жазықты және барханды құмдар басым эолды рельеф пішіндері жатады.

Аталған ландшафттар шөлді біршама ерекше табиғи құрылымы болып табылады. Сондықтан шөлді жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруіне қолайлы орта.

Каспий теңізін жағалай жіңішке жолақ түрінде сортаңды теңіз маңы ойпаты созылып жатыр. Жағалаулық сызық тілімденген және әртүрлі мүйістер жүйесі мен олардың арасында жіңішке арна тәрізді шығанақтар қалыптастырады.

Бұл аймақтың оңтүстігінде орналасқан теңізді жазықтық оңтүстікке қарай әлсіз еңістелген және көптеген депрессиялы теріс рельеф пішіндеріне ие. Бұлардың қатарына сорлы ойпаттар, сорлы көлдердің қазақшұңқырлары жатады.

Теңізден алшақтаған сайын биотаның әртүрлі түрлері мен өнімділігі өсіп, топырақтың түсімділігі, экологиялық сиымдылығы, (емкость), табиғи компонентердің өздігінен қалпына келуі мен тұрақтылығы жоғарылайды.

Атырау облысының мұнай-газ кешені экологиялық жағдай және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Мұнай-газ салалары су ресурстары мен пайдалы қазбаларды қорғауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаның ластануы өндірістік циклдың барлық сатысында орын алған - геологиялық барлау жұмыстары, бұрғылау, мұнай мен газды өндіру, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және пайдалану кезінде.

1 . 2 Аумақтың экологиялық жағдайына әсер ететін факторлар

Атмосфераның ластануы Атмосфералық ауаға әсер ету көзі ретінде технологиялық құрал-жабдықтар, көмірсутек шикізаты мен өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдауға арналған негізгі және көмекші құрылыстар мен жүйелерін айтуға болады. Атмосфералық ауаның негізгі ластануы көміртегі оксидінде, ауада органикалық отындардың жанған өнімдерімен, сондай-ақ кәдімгі отынның құрамындағы токсономиялық (улы) заттармен байланысты.

Норма жүйесінде өнеркәсіп әрекеттері нәтижесінде пайда болған атмосфераға бөлінетін зиянды заттар қарастырылады. . Атмосфераға 39 түрлі заттан 82 338, 295 тонна зиянды қалдық бөлінеді. Негізгі ластанушы заттар мыналар болып табылады: азот тотығы, көміртегі қышқылы, күкірт диоксиді, көмірсутектер, күкірт сутек т. б.

Мұнайлы газ жанғанда бөлінген азот қышқылы мөлшері жағу процесінің ұйымдануымен байланысты және белгілі мөлшерде технологиялық әдістермен қалпына келтірілуі мүмкін. Қышқылдың құрамына азот монооксиді NO (95 %-ке дейін), азот диоксиді NO 2 (4-5 %-ке дейін) және басқа да оксидтер кіреді. Атмосфералық озон әрекеттерінің фотохимиялық реакциялары нәтижесінде атмосфераға түтінді газдардың таралуы ккезінде NO-ң NO 2 -ге тотығуы жүреді. Энергия кәсіпорындары үшін өзгеру деңгейі 0, 8 яғни ауаның жерге жақын қабатына түтінді газдармен бірге түсетін азот қыщқылының жалпы массасы, ал 80 % NO 2 -ң үлесіне тиеді, нәтижесінде қалдықтардың улылығы жоғарлайды.

Күкірт диоксидінің бөлінуі оның негізгі жанған өнімдегі құрамымен анықталады, сондықтан негізгі қолданылатын жанған өнімнің саны мен сапасына байланысты есептегіш жолдар арқылы анықталады.

Көміртегі оксидінің, көмірсутектердің, күкіртсутектердің қалыптасуына негізгі өнімнің жануымен байланысты.

Автотранспорт пен теміржол транспорты объектілер мен шаруашылық әрекеттері арасындағы байланыстыра отырып, әртүрлі транспорттық жұмыстарды атқарады. Транспорт пен техниканың таралуы және сақталуы ашық және жабық типті автотұрақтарда жүргізіледі. Автотранспорттан бөлінген зиянды заттар қалдықтары жылына 1332, 868 тонна құраса, теміржолдар транспортынан бөлінген 221, 720 тонна құрайды.

Ауа бассейіндерінің жағдайы табиғи-климаттық жағдай мен техногендік факторлардың өзара қарым-қатынасымен анықталады. Фондық ластану, климаттық жағдайлар және техногендік салмақтар атмосфераның өзін-өзі тазалау мүмкіндігін қалыптастырады. Атмосфераның өзін-өзі тазалау мүмкіндігін көрсететін барлық метеофакторлардың қайталануы атмосфераны ластайтын метеорологиялық потенциалдармен анықталады. Зиянды қосындылардың атмосферадан мүмкіндік беретін немесе бермейтін факторлар: температура инверсиясы, тұмандар, шаңды борандар, желдер, жауын-шашындар. Бұл территория жылдамдығының жоғарлылығына қарамастан, атмосферасы жоғары деуйгеде ластанған ауданға жатады. Бұл табиғи жоғары шаңданумен, жауын-шашынның шаю қабілетінің нашарлығымен, жиі тұратын тұмандармен және инверсиямен анықталады.

Аудан территориясында ауа бассейінінің қазіргі жағдайының сапасы көмірсутек шикізаттарын өндіру, өндеу және тасымалдау объектілерінің әрекетімен байланысты / 5/.

1-cурет. Ауаны ластаушы мұнай кен орындары

Атмосфераға күкірт сутектің бөлінуі жылына 3 млн. тонна құрайды. Күкірт сутек 0, 0008 мг/м 3 концентрациялы болғанда адамға әсер етеді. Сол зонада оның концентрациясы одан да жоғары болады /6/. Атмосфераның күкірт ангидритпен ластануы негізінен жоғарғы күкірт мұнай өнімдерін қыздырғанда байқалады.

Қазақстан Республикасының ғылыми академиясының химия ғылыми институтының мәліметтері бойынша, табиғатта 1 м 3 күкірт сутек жанғанда 4, 375 кг күкірт қыщқылы пайда болады. Сондықтан бұрғылардың ашық атқылауы кезінде қоршаған ортаға күкірт сутек жанғанда 2, 5 млн. т күкірт қышқылы мен басқа да зиянды заттар түседі. Негізінен барлық қалдық түрлерінің қоршаған орта объектілеріне әрекетін бағалу үшін, жекелеген заттардың уландыру қабілеті жағынан зиянды деңгейін көрсететін токсикологиялық және санитарлы-гигиеналық көрсеткіштер қолданылады. Соған байланысты заттардың улылығы ПДК-мен өлшенеді. Әртүрлі табиғи объектілер үшін ПДК мөлшері бірдей емес және өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаны ластау әрекетінің механизмі бірдей зерттелмеген. Мысалы, Теңгіз кен орны ауданының атмосферасының ластану деңгейі Қазақстанның жергілікті казгидромет және Денсаулық сақтау органдарының есептеуі бойынша Теңгіз ауылында 3-6, 5 ПДК күкірт сутек бойынша, 4, 4-5, 6 ПДК күкірт газы бойынша, Қаратон ауылында (кен орынан 45 км) - 4, 1 ПДК күкіртсутек бойынша, 6, 8, ПДК күкірт газы бойынша. Ауаны ластаушы заттардың өмірі атмосфера жағдайына байланысты. Қарқынды желдің болмауы көптеген зиянды компоненттердің өсімдік, топырақ, су беттеріне жиналып қалуына алып келеді. Әрине, зиянды заттар табиғат компоненттеріне әсер ете отырып, табиғи процестердің пайда болуына ықпал етеді.

Су ресурстарының жағдайы. Соңғы он жыл ішінде теңіздер мен мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы күшейіп, теңіздегі биологиялық процестердің жүруі бұзылған. Ластану мұнай өндіру және өндеу кезіндегі біртұтас адам әрекеті нәтижесінде жүреді. Олардың ластануы 90-98 %-ті құрайды, ал қайраңдық кен орындарында теңіз түбіне сұйық көмірсутектің табиғи мөлшері 2-10 %. Теңіз сондай-ақ, мұнайды су астынан өндірген кезде де ластанады /7. 8/.

Атмосфера ашық суағындарында көмірсутектердің түсуінің жанама көзі болып табылады. Мұнайды өндеу және қолдану нәтижесінде құрлықта қалыптасқан көмірсутек ауамен қосылып бірнеше қашықтыққа таралады және атмосфералық жауын-шашынмен бірге жер бетіне, сондай-ақ, оның акваториясына қайта түседі. Қазіргі кезде мұнайлы ластаушылардың 66 % теңізге өзен сулары арқылы түсетін болса, 24 % қалалық өндіріс қалдықтарымен бірге келеді.

Каспий теңізінің су органикалық және минералды жолмен пайда болған әртүрлі заттармен ластанады. Олар, теңіз жағасында орналасқан аудандарын су басқан кезде, ағын сулар және өзен ағыстары арқылы жүреді. Соңғы оң жылда теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты ластандырушы заттардың да мөлшері жоғарлады.

Су, мұнаймен ластанғанда, оның бетінде қабық пайда болады. Бұл мұнай қабаттары су беті мен атмосфера арасындағы энергия алмасу процесін бұзады. Ал 0, 05-тен 2, 5 микрон қалындықты мұнай қабаттары атмосферамен оттегі алмасуы жылдамдығын 55 %-ке төмендетеді.

Теңіз суының көтерілуі және жаға бойыдағы территориялардың су басу нәтижесінде Каспийдің жағасының жерлерінің гидрологиялық жағдайы да өзгереді. Бұл теңізге бағытталған жер асты ағындарын алып келеді. Нәтижесінде тұзды сулы кішігірім су ағындар, сортаңдар мен батпақты аудандар пайда болды. Олар бір-бірінен алыс орналасқан және теңізбен ашық байланысы жоқ. Грунт суларында баяулаған су алмасу олардың минералдануының жоғарлауына әкеп соқтырады.

Грунт суларының көтерілу процесі Атырау қаласы маңында да болып жатады. Қалалың көп бөлігінде грунт суларының деңгейі жақын белгіге жетеді, олардың тербелеу амплитудасы онша тереңде жатпауына байланысты булану процестерімен жүйеленеді. Бұл әртүрлі ғимараттардың фундаменттері мен жер асты қоймаларының су басуына алып келеді.

Каспий теңізі деңгейінің көтерілуінен территорияны су басуға байланысты жағалулық зоналарда гидрологиялық жағдай қатты өзгерген. Сондай-ақ, осы жерде дамыған құбылыстар қандай экологиялық жағдайлар тудыратынын анықтауға болады /9, 10/

Теңізде жел арқылы пайда болатын толқындар нагондар жағалаулық біршама ауданының экономикасына үлкен материалдық қиындық тудырады: суару жүйелері, дамбалар, жолдар бұзылып, мал тұрақтары мен су құрылыстарын су басады, қысқа сақталған азық-түліктері құри бастайды. Қатты желден пайда болған толқындар балықтардың бағалы түрлерін құрлықтың ішіне қарай шайып, үлкен ауыршылық әкеледі. Сонымен қатар, толқындар қайта теңізге қарай қайтқанда, жағадағы ойысты жерлерде, көптеген балықтар қору қалуы мүмкін. Ьеңіз акваториясы құрлық бетінен шайылған мұнай өнімдерімен және химиялық қалдықтарымен ластанады.

Теңіз жағалаулары мен қайранда орналасқан зоналарда гидротехникалық және геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау және жүргізу кезінде міндетті түрде теңіз деңгейінің тербелеуін есепке алу керек.

Жер асты суларының ластануы өзен және теңіз суларының мұнай өнімдерімен ластануымен қатар жүреді. Нәтижесінде берілген ауданның антропогендік әсерлерге ұшырымаған жер асты суларымен салыстырғанда олардың құрамы мен физикалық қасиеті нашарлайды.

Жер асты суларын ластаушы көздер ластандырғыштық түрі мен пайда болуына, оларды су қабаттарына түсу жағдайларына байланысты бөлінеді. Ластанған суда көмірсутектер, мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металдар т. б. кездеседі.

Мұнай суға түсе отырып, оның жоғарғы бетімен ағады. Жеңіл бөлігі бірнеше тәулік ішінде ұшып кетеді, ал қалған бөлігі мұнайлы сулы эмульсияға айналады. Құрамында 0, 2-0, 4 мг/л мұнайы бар суда керосинді иіс пайда болады да бұл иіс тіпті суды хлорлау мен фильтрациялағанда да кетпейді. 0, 01 мг/л концентрация жағдайында суды мұнай өнімдерінің болуы суға жағымсыз иіс беріп тұрады. Тіпті концентрациясы аз мұнай өнімдерінің әсерінен балықтарды да ешқандай технологияның көмегімен тазартылмайтын ерекше, тұрақты, әрі жағымсыз иіс пайда болады. Бұндай балықтар адамдарға ғана емес, тіпті ірі қараға жеуге де жарамай қалады. Судағы мұнай қабаты судың физикалық және химиялық көрсеткіштерін шұғыл өзгертеді. Тіпті мұнайдың жұқа қабыршағы суды ауаның оттегісіннен бөліп тұрады, сондықтан фацияның қарапайым аэрациясын шұғыл төмендетеді. Мұнай мен мұнай өнімдері биологиялық тізбектерге ғана апатты әсер етіп қоймай, сонымен қатар атмосфера және су арасындағы энергия, жылу, ылғал және газ алмасуды бұзады.

Каспий теңізінің экологиялық жүйесінің жағдайы сондай-ақ суда жүзетін құстардың жаппай қырылуымен, итбалықтардың ауруымен т. б. сипатталады. Бұл жағдайы мамандар жер беті және жер асты суларында улы заттардың концентрациясының жоғарлауымен және табиғи ортаның антропогендік ластану масштабының кеңеюімен байланыстырады /11/.

Мұнайлы қабаттарды тазартылған сулардың қабатты қосымын ұстап тұру үшін қайтадан басып шығару нәтижесінде пайда болған қарқынды техногенді ластануға ауданның жер асты сулары да душар болған. Қазіргі уақытта ППД (поддержания пластмасовых давления) ұстап тұру үшін 1 млрд. м 3 су басып шығарылады. /12/ Осындай қайта басып шығару көмегімен қазір мұнайдың 86%-і өндіріледі. Әдетте ауданда су басу кезінде 10-15 м 3 су қажет болады. Тұщы су мұнай қабаттарын шайқауға өте қолайлы және ешқандай дайындықты қажет етпейді. Құрамында улы заттардың концентрациясы жоғары ағынды сулардың үлкен көлемі жер асты суларына көптеген зиян әкеледі. Олардың жоғарғы қаупі мұнай мен оның өнімдері сияқты, улы және зиянды ластағыш заттарға себепші болады.

Адамның өндірістік әрекеттерінің процестері нәтижесінде топырақ сапасы мен пайдалы ауданының өлшемін өзгерте отырып, ластанады.

Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы оның сулы-ауалы және тотықтырғыш-қалпына келтіргіш тәртібінің топырақтың микроэлементтік құрамынан көрінетін физикалық және химиялық маңызды өзгерістерге алып келеді /13/. Мұнай және мұнай өнімдері мен топыраққа түскен көмірсутек құрайтын органикалық заттар көміртегі мен азот байланысын бұзады және азоттың, фосфордың, оттегінің тапшылығына алып келеді. Топырақтың агрохимиялық қасиетінің нашарлауы салдарынан дәнді және бұршақ дақылдардың өсуі тоқтап қалады.

Мұнай топыраққа түсе отырып, гравитациялық күштердің әсерінен көлденең төмен түседі және жер беті мен капиляр күштері әсерінен кеңінен таралады. Ол өзімен бірге экожүйедегі геохимиялық байланысты бұзатын химиялық заттар алып келеді. Мұнайдың қозғалу жылдамдығы оның құрамына грунтқа, ауаға және суға байланысты. Мұнайдың мөлшері қаншалықты аз болса, оның грунттағы миграциясы соншалықты қиын болады.

Атырау гидрогеологиялық экспедициясының зерттеу нәтижелері құрамында улы заттар (хлор, натрий, сульфат, гидрокабонат иондары) бар бұрғылау қалдықтарының, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерінің топыраққа түсуі, оның бүкіл құрамын нашарлататынын, сондықтан ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігі төмендейтінінін анықтаған. Мұнайдың аз мөлшерінің топыраққа түсуі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін 0-ге дейін төмендетіп, топырақтың өте ұзақ уақыт 3-15 жылдан 20 жылға дейін қалпына келшейтінін есептеген /14/.

Топырақтың мұнайда кездесуі мұнайдың құрамдық компоненттерін көміртегі мен энергия ретінде пайдаланатын микроорганиздердің жеке түрлерінің дамуына мүмкіндік беретін маңызды экологиялық фактор болып табылады /15/.

Мұнайлы ластағыштардың топырақтың әртүрлі қасиеті мен оның өнімділігіне тигізетін әсерін биоэкологиялық зерттеулер көптеген ғылыми-зерттеу институттарында жүргізілген.

Топырақтың биологиялық қасиетіне мұнай өнімдерінің әсерін зерттеу топыраққа түскен мұнайлы органикалық заттардың санына байланысты топырақтың сипаты мен бұзылу деңгейі жайында қорытындылар жалаған. Топырақтың құрамында 100-200 кг/га мұнайлы органикалық болуы барлық зерттелген микроорганизм топтарының өмір сүруінің стимуляциясы жүреді, ал ол 400-1000 кг/га жоғарыласа топырақтың биологиялық белсенділігі төмендейтіні, микроорганизмдер дамып, топырақтың тыныс алу мүмкіншілігі төмендейтіні бақыланған.

Физикалық-географиялық жағдайлардың ерекшелілігі топырақ жамылғысының, сондай-ақ биотаның ластануына себепші болады. Бұл табиғат компоненттері медициналық географияда да маңызды роль атқарады. Көп тұрғынды кіші ауылдарда тұратын тұрғында жергілікті өндірістің тағам өнімдерін пайдаланады. Улы ингредиенттердің өзгеруі, олардың миграциясы адам өміріне біршама қауіпті болып табылады.

Өсімдік және топырақ жамылғысының күшті ластануы, әсіресе, Сарықамыс және Мақат ауылдарының арасында байқалады. А. В Букановтың берілгендері бойынша мұнда да басқа аудандардағы сияқты мұнайдың грунттарда ағып жиналуы бір метрге жетеді. Және мұнайдың, мұнай өнімдерінің, минералды тұздардың топыраққа түсуінен оның агрохимиялық құрамында қайта қалпына келмейтін және өзінің құнын жағалтатын өзгерістер болады. Мұнайдың топыраққа түсуі, сондай-ақ топырақ құрылысын қайтадан жасауға және сорлардың қалыптасуына мүмкіндік беретін топырақ бұзушы процестердің дамуына алып келеді. Мысалы, тұздану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ картасын құрастыру
Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама және оның картасын құрастыру
Экологиялық проблемалар туралы мәлімет
Өндіріс қалдықтарының зияны
Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
Ұлттық экологиялық проблемалар
Ауа - өмір арқауы
Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және өзекті мәселелері
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Мұнай химия бойынша ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz