Құқықтық мемлекет жайлы мәлімет
Кiрiспе
Негізгі бөлім:
1. Құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
2. Қазақстан Республикасы тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде даму мен қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып қалыптасу кезеңi 1991 жылы, яғни Кеңес Советтiк Социалистiк Одақтың тарау кезiмен тұспа тұс келдi.
Сол алғашқы жылдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстанда аса ауыр саяси және экономикалық дағдарыстарға тап болды.
Дәл осы кезде Қазақстанның жеке дербес саяси-экономикалық тұғырының болмауын өте айқын байқауға болатын едi. Себебi Қазақстан Республикасының экономикасы iс жүзiнде негiзiнен осы шикiзат өндiрумен және тапсырумен ғана ғана шектелiп қойған болатын.
Сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайда тым ауыр хал кештi. Жетпiс жылдан астам уақыт аралығында бұрынғы Кеңес Одағындағы Социалистiк қоғам саясаты азамамттардың ынталы әрекетiн басып оған әркез мүмкiндiгiнше кедергi келтiрiп, шектеу саясатымен айналысып отырған және оларды енжарлық пен ынтасыздыққа бейiмдеп келдi.
Оның үстiне Қазақстан үшiн жаңадан тәуелсiз мемлекет құру осы алғашқы жылдары өте оңаайға тиген жоқ болатын.
Шыныменде тәуелсiз мемлекттi құру мен оны қалыптастыру шын мәнiнде барлық мәселенiң ең бастысы болатын.
Бiрақ Қазақстанның Ел басы Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша бұл күрделi iстер сол кезеңдерде жеткiлiктi денгейде дұрыс жүзеге асырылып басқарылды деп айтуға бүгiн толық негiз бар.
Сонау 1990-шы жылдардың басында Қазақстанды тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде құрып оны қалыптастыру барысында өте үлкен iстердi алғаш бастауға тура келдi сол себептен де болар кейбiр кезеңдерде бiздiң елiмiздiң дамуында да сан-салалы жаңылысулар мен қателесiп ұтымсыз жолдарды таңдау жағдайыны жол берiлген кезеңдер болды.
Қазiр мiне тәуелсiздiктен кейiн он жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгiнгi күнге дейiн орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткiземiз.
Менiң осы жұмысты орындау барысында өзiме қойған басты мақсатым Қазақстан Республикасының тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде бүгiнi мен болашағына құқықтық теориялық талдау жасау болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мен өз жұмысымда әуелден ең алдымен бұл мәселелердi құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасына байланыстыра отырып қарастырып кеткiм келедi.

1. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана “Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев”// Казахстанская правда, 1997, 11 октября.
2. Ағдарбеков Т. Мемлкет және құқық теориясы. Оқулық. –Алматы. 2003.
3. Панфилова Т.В. Формационный и "Цивилизационный" подходы: возможность и ограниченность/Общественные науки и современность. 1993.
4. Рожкова Л.П. Принципы и методы типологии государства и права. - Саратов, 1984.
5. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. -М., 1992.
6. Протасов В.Н. Теория права и государства, проблемы теории права и государства. - М., 1999.
7. Теория государства и права / Под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. - М., 1997.
8. Тойнби А. Дж. Постижение истории. - М., 1991.
9. Шпенглер О. Закат Европы. - М., 1993. 1-том.
10. Гошшп-Червонюк В.И. Очерк теории государства и права. - М., 1996.
11. Марченко М.Н. Теория государства и права. - М., 1996. 12.Общая теория права и государства/Под, ред. В.В. Лазарева. 2-изд.,-М., 1996.

МАЗМҰНЫ:
Кiрiспе
Негізгі бөлім:
1. Құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
2. Қазақстан Республикасы тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде даму мен қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кiрiспе
Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып қалыптасу кезеңi 1991 жылы, яғни Кеңес Советтiк Социалистiк Одақтың тарау кезiмен тұспа тұс келдi.
Сол алғашқы жылдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстанда аса ауыр саяси және экономикалық дағдарыстарға тап болды.
Дәл осы кезде Қазақстанның жеке дербес саяси-экономикалық тұғырының болмауын өте айқын байқауға болатын едi. Себебi Қазақстан Республикасының экономикасы iс жүзiнде негiзiнен осы шикiзат өндiрумен және тапсырумен ғана ғана шектелiп қойған болатын.
Сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайда тым ауыр хал кештi. Жетпiс жылдан астам уақыт аралығында бұрынғы Кеңес Одағындағы Социалистiк қоғам саясаты азамамттардың ынталы әрекетiн басып оған әркез мүмкiндiгiнше кедергi келтiрiп, шектеу саясатымен айналысып отырған және оларды енжарлық пен ынтасыздыққа бейiмдеп келдi.
Оның үстiне Қазақстан үшiн жаңадан тәуелсiз мемлекет құру осы алғашқы жылдары өте оңаайға тиген жоқ болатын.
Шыныменде тәуелсiз мемлекттi құру мен оны қалыптастыру шын мәнiнде барлық мәселенiң ең бастысы болатын.
Бiрақ Қазақстанның Ел басы Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша бұл күрделi iстер сол кезеңдерде жеткiлiктi денгейде дұрыс жүзеге асырылып басқарылды деп айтуға бүгiн толық негiз бар.
Сонау 1990-шы жылдардың басында Қазақстанды тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде құрып оны қалыптастыру барысында өте үлкен iстердi алғаш бастауға тура келдi сол себептен де болар кейбiр кезеңдерде бiздiң елiмiздiң дамуында да сан-салалы жаңылысулар мен қателесiп ұтымсыз жолдарды таңдау жағдайыны жол берiлген кезеңдер болды.
Қазiр мiне тәуелсiздiктен кейiн он жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгiнгi күнге дейiн орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткiземiз.
Менiң осы жұмысты орындау барысында өзiме қойған басты мақсатым Қазақстан Республикасының тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде бүгiнi мен болашағына құқықтық теориялық талдау жасау болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мен өз жұмысымда әуелден ең алдымен бұл мәселелердi құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасына байланыстыра отырып қарастырып кеткiм келедi.
1. Құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Құқықтық мемлекет - саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық камтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамны дамуындағы белгілі жяғдайлардың деңгеiне сай келетiн жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет -бұл мемлекеттiк билiк қiзметiнiң ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге кұрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі зандар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде кұқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық камтамасыз етілді, бірақ, мүндай құқықтық реттеу, құкықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құкықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең кұқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен енімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы - өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері - бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның кұқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет- бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Қүқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді жеке адамға жасалатын басынушылыкты, күштеуді жояды. Дәлірек айтсак, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарымқатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гумманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құкықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдык қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құкықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анык көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы камтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
Барлық қоғам өмірінің аясындагы заң деңгейінің жоғарылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқыктылыктын нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді, адалдык пен теңдіктен бастау алып, коғам дамуындағы объективті кажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң - жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Зан қоғам өміріндегі ең маңызды кажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостаңдықтың мөлшерін белгілеп, коғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, зандардың кейбір кағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда “жетілдірмейді”, “түзетпейді”, “ауыстырмайды”. Сонымен бірге, кұқыктық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тыйым салу, кұқықтык мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.
Құқыктык мемлекеттің негізі - конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдык өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай кұкықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы - құқықтық мемлекетгің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - конституциялык мемлекет.
Жеке адамның құкығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құкықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандыктың болуын колдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің "араласпауы" міндеттілігі, адамдардың өз құкығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құкық бұзылса, ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылған: "түлғаға тыйым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі".
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғамның әр түрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның субъективтік құқығымен іске асырылады.
Ондағы ең маңыздысы - жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес кұқықтығына, білім алу, әлеуметтік камсыздандырылу, сотпен корғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы катынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, кимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттің органдары оның жарлығын бұза алмайды және бзғаны үшін, не ол міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі, мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен камтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтык не болмаса, мемлекет кызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі кұқық субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану, құқықтық сипатта болуы кажет, жеке адамның бостандык деңгейін бүлдірмеу, болған кұқық бұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құкықтык сипаттама -қоғамдағы құқықтың объективті кұрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігінің нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау - ең алдымен, мемлекеттің және барлық адамдардың да занды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығық құқықтық мемлекетте көре аламыз.
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен кызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір жағынан заң шығарушы өкіметтің мәртебесін (жоғарлылығын) белгілейді, ал екінші жағынан - орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді. Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және құқықпен катынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметтерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру - құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құкықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгілейді, сондықтан, сайып келгенде, құкықтық үйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгілейді. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының жоғарғы заңдылық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
Бірақ, заң қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта болмайды. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы конституциялық органдардың бақылауында болады, соның көмегімен заңдар күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
Атқарушы үкімет өзінің органдары арқылы құқық нормаларын іске асыруымен шұғылданады. Оның кызметі заңға негізделуімен бірге, заң көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік лауазым иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа кұқығын, міндеттерін белгілейтін жалпыға бірдей нормативті актілерді қабылдауға құқығы жоқ. Орындаушы биліктің тежелінуі мемлекеттің өкілетті органдарының алдындағы есеп беретіндігімен жауапкершілігінің арқасында іске асырылады. Құқықтық мемлекетте әр азамат қандай болмасын орындаушы үкімет органдарының, лауазым иелерінің заңсыз әрекеттерін сотка шағым жасау арқылы шешеді.
Сот билігі, құқықтық мемлекеттің кұқықтық негізін, қоғамдық өмiрді әр түрлі қылмыстан, оны кім істесе де, қорғау үшін кұрылған.
Әділ сот билігі құқықтық мемлекетте, тек сот органдары аркылы іске асырылады. Ешкандай орган, сот қызметін орындай алмайды. Сот өзінің құкық қорғау қызметінде, тек заңға сүйенеді, құқыкпен және заң шығарушы, орындаушы биліктен және үкімет органдарының субъективтік ықпалынан тәуелсіз болады.
Тәуелсіздік және заңдылық, әділ сот - азаматтардың құқығының еркіндігінің кепілі, тұтас алғанда құқықтық мемлекеттілік те жатады. Бір жағынан, сот заң шығаратын өкіметпен орындайтын үкіметтің қызметтерін өзіне иемдене алмайды, екінші жағынан, оның маңызды мақсаты, ол органдардың нормативті актілеріне құқықтық бақылау жасау болып табылады. Сот органдары, сонымен, құқықтық қағидалардың бұзылуына жол бермейтін тежеушілік фактор ретінде көрінеді, әсіресе конституциялык заң шығарушы, орындаушы, мемлекеттік органдар жағынан, шын мәнісіндегі, өкіметтің бөлініп басқарылуын қамтамасыз етеді.
Басқа мемлекеттерде конституциялық, құқықтық бақылау функциясын, конституциялық соттар орындайды. Өздерінің сондай қызметтерімен, заң шығарушы органдардың құқықтық-шығармашылық қызметінің үстемдігіне конституциялық кепілдік жасайды. Біздің Қазакстан мемлекетінде ондай кызметті Жоғарғы Сот органдары орындайды. Ал екі ғасырдан бері АҚШ-тың конституциясы өзінің беделін және өз кезеңінің ықпалды дамуын қамтамасыз етіп келеді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы осында. Онда мемлекеттік қоғамның ұзақ даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған. Адамзат өмірінің табиғи дамуындағы процесс, іс жүзіндегі құқықтық мемлекеттің құрылуына, оның теориясына жаңалықтар қосатындығына күмән жоқ1.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:
1) Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға кұкықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмүнды жақтары);
2) Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формалды - заң жағы);
Бірінші принцип - Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың 2-тармағында мынандай сөздермен бекіген. Республика кызметінің түбегейлі Бұл негізгі принципті жүзеге асырылудың мынадай жолдарды бар:
- билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу мақсатын теріс пайдалануға жол бермеу;
- Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);
Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі;
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әр түрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан зандардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру кіреді2.
Жалпы құқықтық мемлекет немесе демократия деген ұғымдар әр түрлi мемлекеттерде және әртүрлi халықта сан түрлi сипатта қабылданып, түсiнiлiп жататындығы белгiлi. Бiрақ айта кету керек демократия мен құқықтық мемлекеттiң басты мазмұны, яғни оның көздейтiн құндылықтары мiндеттi түрде сақталуы тиiс ол әрине ең алдымен адамдардың құқығы мен адамдардың бостандығын қадiрлеу оны қорғауға бағытталуы тиiс.
Осы тұрғыдан алғанда құқықтық мемлекет құру төмендегiдей күрделi әлi сан-салалы факторлармен тiкелей байланысты деп айтуға болады. Мәселен, Қазақстанның өзiнiң дамуының жолында әр түрлi кездейсоқ қиыншылықтарға тап болғаны белгiлi, соның бiрi құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға қатысты. Бұл проблемалардың басты қайнар көзi әрiне қоғам азаматтарының саяси ұмтылыстарының қарқына және саяси түсiнiк деңгейiне тiкелей байланысты. Сондықтанда кұқықтық катынастар, нарықтық экономикалық негiздерде толық қанды тiршiлiк етсiн десек, сондай-ақ құқықтық мемлекеттi мақсат тұтып отырған Қазақстан Республикасына тән ерекшелiктерi саяси сипаттағы кейбiр жағдайларды анықтамай және оларды терең түсiнбей құқықтық мемлекет құру мақсатына қол жету ұзаққа созылып кетедi және де көптеген кездейсоқ жағдайларға душар болып, мәселелердi күрделетiп, тiптен мақсаттан алшақтату соқтырары мүмкiн деп болжауға болады.
Құқықтық мемлекет қоғамдағы азаматтардың iшкi қоғамдық мәселелерiн өздерi тұлға субъект ретiнде шешуiне мүмкiндiк туғызу арқылы өзi де құқықтық мемлекет мәнiне жеттедi. Мемлекеттiң заңменен шектелген функциялары анықталып олар негiзiнен осы азаматтық қоғамның өмiрге келiп дамуы, толық қанды өмiр сүруiне, оны сыртқы күштердiң экспансиясынан қорғайды. Мемлекет азаматтардың азаматтық қатынастарға байланысты мәселелерiнiң шешiлуiн олардың өздерiне құқықтық негiз берiп, оларға араласпайды. Ал соның нәтижесiнде құқықтық мемлекетте азаматтардың белсендiлiгi, жасампаздығы артады, ылғи өзгеру, шындалу үстiнде болады. Құқықтық мемлекет кезiнде қоғамдық еңбектiң заман талабына сай түрлерiн өмiрге алып келу, оларды жоспарлау, реттеу және сол сияқты басқа да қоғамның тiршiлiгiне қажеттi мәселелердi азаматтардың өздерi шешiп отыруға мүмкiндiк алған болатын. Құқықтық қоғамды азаматтық қоғамсыз құруға болмайды нәтижесiнде мемлекет соның салдарынан көптеген қоғамға ауыр жүк болып келетiн функцияларынан босайды, керек болмай қалған басқару институттары қысқартылады. Оның орнына мемлекет өзiне тиiстi қоғамның үйлесiмдiгiн сақтап, оны дамытатын, реттейтiн функцияларының сапасын және тиiмдiлiгiн артырады.
Үстiмiздегi жылдың сәуiрiнде Елбасы Н.Назарбаев зиялы қауым өкiлдерiмен кездескен кезiнде өкiмет билiктiң кажеттiлерiн жергiлiктi басқару органдарына өкiлетiлейтiнiн ал ол үшiн үлкен ұйымдастырушылық, көптеген күрделi мәселелердiң шешiлуiн қажет екенiн ескерттi. Мысалы, өкiметтен билiктi облысқа, одан ауданға, одан ауыл денгейiне бөлiсу үшiн әр деңгейдiң құқықтық негiздерiн, олардың жауапкершiлiктерiн айырып алу бiр-екi жылдық мөлшерде тынбай еңбек iстеудi қажет етедi. Олай болмаған күңде өзан-өзi басқару идеясы, облыстардағы әкiмдердi сайлау саясаттың, шағын топтың мүддесiнiң пайдасына кетедi. Қазiргi кезеңдегi кейбiр олйгархтар тобының өкiлдерiнiң әкiмдердi сайлау ұрандары осының айғағы болып отыр.
Мiне сондықтан да дәл осы мысалдар арқылы мемлекетiмiздегi азаматтық қоғам құру идеясын талдап, ұғынуға болады. Кезiнде большевиктер Қазақстанда пролетариат диктатурасын орынатып социализм құрамыз деген де оларға қарсы Алаш зиялылары бұл идеяның iс-әрекеттiң қазақ қоғамына жат екенiн алға тартқан едi. Олар Қазақстанда қазақ жұмысшы табының қалыптаспағанын, сондықтан қазақ пролетариатының билiнi болу мүмкiн еместiгiн, пролетариат диктатурасы орыс жұмысшы табының қазақ қоғамына, елiне диктатура боларын сондықтан да бұрынғы патшалық отаршылық орыс пролетариат диктатурасымен ауыстырылатынын дәлелдеген едi.
Тарих, соның iшiнде қазақтардың өз бастарынан жақын арада өткен тарихының қасiреттi, қайғылы тәжiрибесiн ескермесе тағы да сондай ұтопияға жол берiлуi мүмкiн.
Олай болмас үшiн бiз азаматтық қоғамның негiзгi экономикалық, әлеуметтiк, рухани, саяси, құқықтық көрсеткiштерiн анықтап оның қазақ қоғамыңдағы деңгейiн бiлмуiмiз ғылыми көзқарастың мiндеттi щарты.
Азаматтық қоғам буржуазиялық катынастың, орта топтың индустриялды қоғамның, либералды рухани көзқарастың, ур-банизацияланған мемлекеттiң туындысы. Олар жоқ жерде азаматтық қоғамның да болуы мүмкiн емес3.
Қазақстан мемлекетi бұрынғы қеңес одағының одақтың рес-публикасының бiрi болып саналған кезеңде оның жалпы экономикалық негiзi орталыққа шикiзат өндiретiн өндiрiс орны болғаны мәлiм және де сол iрi өндiрiстердiң өзiнде қазақ өкiлдерi негiзiнен қара күш қажет ететiн деңгейде ғана жаппай тартылған. Соның салдарынан, бiрiншiден, буржуазияны өмiрге әкелетiн қазiргi заман талабына сай ғылыми-техниканың жетiстiктерiмен жабдықталған жаңа технологиялық өндiрiстер жоқтың қасы. Екiншiден, кезiңдегi отарлық және тоталитарлық саясаттың салдарынан сол жоқтың қасы есебiндегi өндiрiстерде қазақтардың үлесi әлi тым төмен. Бұл тек буржуазия тап өкiлдерiне ғана емес буржуазиялық қатынас туғызатын басқа да төл өкiлдерiне тән, мысалы, маман бiлiктi қазақ жұмысшы табы өкiлдерi.
Урбанизация көрсеткiштерiне келетiн болсақ жаппай урба-низациялану процесi қазақ қоғамы тәуелсiздiк алған жылдардан бастап қана бұл процеске араласа алды. Урбанизацияны бiз әлеуметтiк тұрғыдан қарастыратын болсақ ол тек қана қалалардың өсуi немесе ауылдан қалаға келiп қоныстану емес, ауылдық өмiрден бөлек өмiр сүру, көзқарас қалыптастыру, iс-әрекет жасау, өзiнiң “менiнiң” де өзгеруi деп ұғынсақ, онда қазақ қоғамы ауыл мен қаланың ортасында маргиналдық деңгейде тұрғанын мойындауымыз қажет. Қазақтар қаланы жаппай жаңадан ғана игеру үстiнде. Және де қазақтардың өздерiнiң тарихи төл мәдениеттерiн жаңғыртуға байланысты, өздерiн өздерi ұлт ретiнде сол ұлттық бет бейнесiн, тiптi, дiнiн, дiлi, бүкiл жан дүниелерiн бiртұтас қалыптастыру процесi жолында десек, онда олар қаланы бұрынғы отаршылдық және де тоталитарлық болмысында қабылдап, оған бейiмделуiмен шектелуi мүмкiн емес. Олар қалаға өз ұлтының қалаларының мәнiн беруге тиiстi. Олай болмаған күнде олардың ұлттық қалыптасуы көздеген мақсатына жете алмайды. Қазақстаңда дамыған әскери өндiрiс комплекстерi жұйесiне жататын өндiрiстерге қазақтар тартылмайтын және олар сол кездегi Қазақстан өкiметiне де бағынбайтын.
Қазiргi кезде сол үлкен жұмыс iстейтiн өндiрiстер шетел инвесторларында немесе сол бұрынғы өндiрiс әкiмшiлiгi жекешелендiрiп алғандықтан оларда жұмыс iстейтiн қазақтадың үлесiн қазiргi кезеңде еш орын қадағалап отырған жоқ. Керiсiнше, әкiмшiлiк өз тұрғысынан нарықтық қатынастардың талабына сай кәсiпкерлердi таңдап аламыз деген мақсатпен өз бiлгендерiн iстеуде. Қазақ мемлекетi, қазақ ұлты мүддесi тұрғысынан iс-әрекетi, жоспары жоқ. Ақпарат құралдарында емiс-емiс жарық көретiн жай — ол шет ел инвесторлары өз ұлт өкiлдерiн заңсыз шекарадан өткiзiп жұмысқа тартуы және де жергiлiктi ұлт өкiлдерiне қарағанда, бiрдей жұмысқа оларға бiрнеше есе артық жалақы төлеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz