Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ ЫНТАЛАНДЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ . . . 5

1. 1Шағын және орта бизнестің маңызы және оның экономикадағы ролі . . . 5

1. 2Шағын кәсіпорындарды қолдаудың шетелдік озық тәжірибелері . . . 15

1. 3Шағын және орта бизнес қызметтін талдау және тиімділігін бағалау . . . 22

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ. …30

2. 1Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ерекшеліктері мен проблемалары . . . 30

2. 2Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы . . . 44

2. 3«ДАМУ» АҚ-ның қызметінің анализі . . . 46

3. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. . …57

3. 1Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру . . . 57

3. 2Шағын және орта бизнестің дамуының перспективалары . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

ҚОСЫМША . . . 76

Кіріспе

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқаруда өте күрделі мәселелердің пайла болуымен сипатталады. Ол әлемді қамтыған қарды дағдарысы, еліміздің әлемдік экнономикаға кірігуі мен жаһандануы жағдайында сондай-ақ дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық тұсында бизнесті ұтымды ұйымдастыру, басқару және тиімділігін арттыру сияқты мәселелерді қамтиды. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына және экономикалық өсу қарқына оқ ықпал етті. Экономикалың нақ осы секторы мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.

Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.

Сонымен қатар шағын және и орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.

Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық 2010 жылы өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.

Бітіру жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу мәні Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен дамуының ынталандыру әдістерін зерттеу, сондай - ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар және оларды шешетін жолдарды табу.

Бітіру жұмысының міндеттері:

Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың ынталандыру теориясы мен халықаралық тәжірибесін зерттеу арқылы ролін қарастыру;

Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын және оларды қолдаудың тиімділігін терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;

Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР -дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу және даму перспективаларын көрсету.

Бітіру жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай - ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ ЫНТАЛАНДЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

  1. Шағын және орта бизнестің маңызы және оның экономикадағы рөлі

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеф Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ-түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында, басқару саласында жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : «кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».

Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін-бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі-біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді: пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері.

Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5-6 жыл қажет. Екіншіден, көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс мәліметтері бойынша шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыса алу мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

Нарықтың қатынастардың дамуының қазіргі жағдайында кәciпкepлiк қызмет еркіндігін сақтай отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту ерекше мәнге ие болады. Өйткені шағын кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары экономиканы жаңарту жағдайында әртараптандыру мәселесін шешуге, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану мен icкe асыруға, еліміздің экономикалық, даму стратегиясын жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етеді. Қaзipгi кезде шағын кәсіпкерлерді қалыптастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болады. Ceбeбi, шағын кәсіпкерлік жалпы ұлттық өнімнің және жалпы өнімнің көлемін, халықты жұмыспен қамту жағдайын, экономиканың өсу қарқынын анықтауға белгілі бip деңгейде әсер етіп қана қоймай, икемді аралас экономиканы қалыптастыруға, түрлі меншік нысандарының ұтымды үйлесуі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да мүмкіндік береді.

Шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бip анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік және отандық тәжірибе керсетіп отырғандай, әр түpлi ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының нeгiзгi критерийі жұмысшылардың саны болып табылады. Бipқaтap ғылыми жұмыстарда шағын кәсіпкерлік cyбъeктiлepiнe бip меншік иеci басқаратын кәсіпорын немесе шағын адамдар тобынан құралған кәсіпорын жатқызылады делінген. Жалпы алғанда, әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критерийлepi ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және т. б. айтуға болады. Алайда, айтарлықтай жиі қолданылатын критерийлерге кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерий жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500-ден жоғары болса «ipi» кәсіпорындар ретінде анықталған.

Біздің елімізде кәсіпорындағы жұмыскерлер саны мен активтерінің мөлшері бойынша оны шағын, орта немесе ipi бизнеске жататындығын анықтай аламыз. Яғни, басты критерий жұмыскерлер саны және активтердің мөлшері болып табылады.

2006 жылға дейін ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 8-сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпкерлікке жатқызу кезінде жұмыскерлер санына қатысты критерий өзгеше болды:

өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;

сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;

көлік және байланыста - 25 адамға дейін;

ғылым және инновациялық, қызметте - 20 адамға дейін.

Ал, жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатқызылды.

Ресей Федерациясында қазіргі кезде шағын кәсіпорындарды жұмыскерлер санына қарай анықтайды. Атап айтқанда келесі шарттар сақталуы керек:

өнеркәсіпте - 200 адамға дейін;

құрылыста - 100 адамға дейін;

көтерме саудада - 50 адамға дейін;

ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;

ғылымда және өндірістік емес сферада - 25 адамға дейін;

бөлшек саудада - 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.

Орта кәсіпкерлік субъектілері деп жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан астам, бipaқ 250 адамнан, ал активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.

Ipi кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтердің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.

Ecipткi заттарының, психотроптық заттардың айналымымен байланысты, акцизделетін өнімді өндіру және көтерме сатуды, астық қабылдау пункттерінде астық сақтау, лотереялар өткізу, ойын және шоу-бизнес, сертификаттау, метрология және сапаны басқару, мұнай, мұнай өнімдері, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату, радиоактивті материалдардың айналымы, банк қызметі және сақтандыру нарығындағы қызметті, аудиторлық қызметті, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтi жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті жеке тұлға нысанында да, заңды тұлға нысанында да ұйымдастыру үшін заңнамалық база құрылған. Қазақстан заңдарымен рұқсат етілген ұйымдық-құқықтық нысандар шеңберінде және экономикалық конъюнктура мен қолда бар материалдық, каржылық және еңбек ресурстарына байланысты кәсіпкерлік қызметті дара кәсіпкерлік (өзіндік немесе бірлескен) және ұжымдық (шаруашылық серіктестіктep мен өндірістік кооперативтер) кәсіпкерлік нысандарында жүзеге асыруға болады. Ал, кәсіпкерлер шаруашылық; қызметті жақсы басқару мен айтарлықтай жоғары табыс әкелуін қамтамасыз ететін нысанды артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып таңдау жасайды. Шағын кәсіпкерлік өзінің шаруашылық және экономикалық қызметін бip немесе бірнеше қызмет түрлерін орындай отырып экономиканың барлық сфералары мен салаларында жүзеге асыра алады.

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргi жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен (қызметтермен) толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, ГТП-ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасында маңызды орынға ие болуын және тиімді қызмет етуін оның келесі артықшылықтарымен түсіндіруге болады:

шағын кәсіпкерлкіктің икемділігі, өндірілетін өнімдердің тұтынушылардың талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;

жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергіліктіп нарықта кызмет eтyi;

кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ipi бюрократиялық құрылымның болмауы;

жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы, мотивацияның жоғарылығы;

ipi өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкідігі, яғни ipi кәсіпорындар арқылы қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;

өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге асыруга икемділігі.

Шағын және орта кәсіпкерлікке тән кемшіліктерге төмендегілерді жатқызуға болады:

тәуекел деңгейінің жоғары болуы;

ресурстық, қаржылық және материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;

жеткізу нарықтарынының тарлығы және әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру мүмкіндігінің төмендігі;

қызметкерлер бірліктерінің айтарлықтай жоғары деңгейде болмауы және бip адамның бірнеше қызметті қатар атқару мүмкіндігі;

қосымша қаражаттар тарту және несие алу мүмкіндігінің төмендігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнестің даму перспективалары мен кедергілерін анықтау және баға беру
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму бағыттары
Ұзақ мерзімді несиелер
Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz