Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден , әлеуметтік - экономикалық мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің зейнетақы жүйесі әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да зейнетақы жүйесі халықты қамтамасыз етуде маңызы зор фактор ретінде қарастырылады.

Қазiргi кезде, Қазақстанның зейнетақы жүйесiнiң реформасы басталғалы бес - сегiз жыл өткеннен соң оны жүзеге асты деуге болады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының бұдан әрi дамуы кезеңiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң бәсекелiк қабiлеттiлiгiн және ең басты оның институттарының қаржылық орнықтылығы мәселелерiн қамтитын жаңа айналымын зерттеудi және шешiмiн табуды қажет ететiн мәселелері туындайды. Республикамыздың “Қазақстан - 2030” бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың әл - ауқатын, қауiпсiздiгін жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында Президентiмiз Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, елiмiздiң дамуының басты бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл - ауқаты болып табылады.

Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы - елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы Зейнетақы Қорларының тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi.

Республиканың әлеуметтiк - экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде зерттеулер жүргiзу, оның тереңдеуi, нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оған әрекет етудiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн енгiзу процесiнде қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорларының бiрте-бiрте эволюциялануының белгiлi бiр заңдылықтары қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қаржылық менеджментiнiң ерекшелiктерi қалыптастырылуда және Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жетiлуi жинақтаушы зейнетақы қорларының өзара бәсекелестiгiнiң күшеюiмен қатар жүруде.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - зейнетақы жүйесінің теориялық аспектiлерiн зерттеу және осының негiзiнде Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының, қызметі мен оның дамуының жалпы жүйесiн жетiлдiру бойынша жаңа стратегиялық ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • әлеуметтік - экономикалық мемлекеттегі зейнетақының теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;
  • зейнетақы жүйесінің әлеуметтік - экономикалық институттар мен үрдістерде алатын орнына әдіснамалық талдау жүргізу;
  • әлеуметтік мемлекет құру жағдайында мемлекеттің зейнетақы реформасы үлгілеріне талдау жасау;
  • зейнетақы жүйесінің әлеуметтік - құқықтық негіздерін сараптау және осы реформаны жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып көрсету;
  • қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі мәселелерінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын айқындау;
  • нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшелiктерiне байланысты қолдануына талдау жүргiзу;
  • бiрыңғай зейнетақы жүйесінен жинақтаушы түріне өтудi анықтаушы факторларды ғылыми түрде жүйелеп, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн жетілдiру және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге байланысты сұрақтарды қарастыру;
  • Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамыту ерекшелiктерiн ашып көрсету;
  • мемлекеттің зейнетақы жүйесінің жетілдіруінің басым бағыттары бойынша тиімді және тәжірибиелік мәні бар ұсыныстары мен кеңестерін беру.

Дипломдық жұмыстың негізгі объектісі: Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы әлеуметтік институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері, әлеуметтік - экономикалық институттар мен қаржы ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері қарастырылған. Негізгі бөлімде: “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері” мен “Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық - экономикалық көрсеткіштерін және даму ерекшеліктерін талдау” және “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің стратегиялық дамуы және тұрақтылығын арттыру жолдары” сипатталған. Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесінде зейнетақы жүйесінің нақты тұжырымдары мен зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған қорытындылар мен ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесінің болашағы көрсетіледі.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Зейнетақы түсінігі және олардың түрлері

Әр адам өмір ағымында әр түрлі қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін. Ол адамның денсаулығына әсер етіп, негізгі өмір сүру көзі болатын жалақысынан айырылуы мүмкін. Осы жағдайларға: кәрілік, ауру, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т. б. осындай жағдайлар жатады, сол уақытта зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесінің қажеттілігі туындайды.

Республикада соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан мәселелердің бірі әлеуметтік саясат, оның ішінде, зейнетақы реформасына қатысты сұрақтар Баймуратов У. Б., Кенжегузин М. Б., Қошанов А. К, Искаков У. М., Нурланова Н. К., Зейнельгабдина А. Б., Ильясов К. К., Мельников В. Д., Есентугелов А. Е., Тимошенко Л. С., Шалгимбаева Г. Н., Карагусова Г. К., Н. А. Коржова, Берешев С. Х., К. М. Тулепбаев, А. Х. Нұрсейтов және т. б. отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Қазақстанның зейнетақы реформасы Чили мемлекетінің зейнетақы жүйесі негізіне алынды. Бірақ біздің зейнетақы жүйесі чилилік моделдің түп нұсқасы бола алмайды. Өйткені ол ынтымақтастық жүйеден жинақтаушы жүйеге ұзақ өту кезеңімен сипатталды.

Зейнетақы реформасы қаржы нарығында жаңа мүшелерді алып келді. Бұл:

  1. жинақтаушы зейнетақы қорлары;
  2. зейнетақы активтерін ивестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдар;
  3. кастодиан-банктер.

Қазақсатан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі нәтижелері оңды болып, динамикалық өсу қарқыны мен тұрақтылығын көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» заңында келесідей түсінік берілген:

Зейнетақы - бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрі және Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып табылады.

Дүниежүзінде негізінен зейнетақы жүйесінің екі түрі белгілі. Олар:

- ынтымақтастық жүйесі;

- жинақтаушы жүйесі.

Ытымақтастық принципке негізделген зейнетақы жүйесіне сәйкес, зейнеткерлер өз зейнетақысын жұмыс істеп жүрген жұмысшылар есебінен алады. Осы кездегі ауыртпалықтың бәрі жұмысшыларға түседі - өйткені зейнетақы қорына түсетін қаржы бөлу ставкалары жоғары болады. Сондай - ақ, жалпы халық саны ішінен зейнеткерлер үлесі жұмыс істеуге қабілетті адамдар үлесіне қарағанда тез өседі. Бұл жүйе өте шығынды болып саналады.

Ал екінші түріне сәйкес, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қорлар жұмысшылардың өз жалақысынан міндетті зейнетақы жарнасын аударғанынан қалыптасады. Ал кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы корларынан әр кімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай- күйі, қанша адам жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді. Салымшылар міндетті зейнетақы жарналарынан қосымша ретінде ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшері шектелінбейді, жарналар бір рет немесе бірнеше рет төленуі мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әлеуметтік қорғаныш кепілдігі жоқ болғандықтан тәукелді болды.

2005 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанның заңнамасы зейнетақының үш деңгейлі құқықтық қатынасын реттейді: базалық, ынтымақтастық және жинақтаушы болып бөлінеді (1-ші суретке сәйкес) .

Дерек көзі: Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен бағыттары. // Қазақстан Жоғары Мектебінің мәліметтері

1сурет - Қазақстандағы зейнетақылардың түрлері

1-ші суретке сәйкес Зейнетақымен қамсыздандырудың бірінші деңгейі еңбек зейнетақының базалық бөлігі Қазақстанда «мемлекеттік базалық зейнетақы» енгізілді, ол барлық азаматтарға зейнет жасына толғанда төленеді. 2005 жылдың 1 маусымынан бастап базалық зейнетақы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тағайындалады.

Дерек көзі: Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен бағыттары. // Қазақстан Жоғары Мектебі мәліметтері

2 сурет - Базалық зейнетақының сызбасы

2-ші суретке сәйкес Зейнетақымен қамсыздандырудың екінші деңгейі - ынтымақтастық зейнетақы. Бұл жүйенің мәні зейнеткерлер өзінің ақшасы мен жеке жинақтарын емес, ал қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген және салық төлеп жүрген жұмысшылардың ақшасын алады. Қазіргі зейнеткерлерге қатысты 1997 жылғы «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңымен реформаға дейінгі зейнетақы жүйесінде жүзеге асырылған мемлекеттің барлық міндеттемелері сақталынған, яғни олар ынтымақтастық зейнетақы алады[1] .

Қазіргі таңда қазіргі зейнеткерлерге зейнетақы еңбек стажының ұзықтығы мен жалақының мөлшерін есепке ала отырып тағайындалады және төленеді. Олар мемлекеттік бюджеттен тыс қордан қаржыландырылады, мүмкіншілігінше трансферттік төлемдер беріледі. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айдан кем емес еңбек стажы бар жеке тұлғалар еңбек стажына пара - пар зейнетақыны ынтымақтастық жүйеден алады, сонымен бірге зейнетақы жарналарын аударған болса жинақтаушы қорларынан да алады. Бұл зейнетақының ынтымақтастық-бөлу жүйесі, оның барлық мүшелері оны қаржыландыру бойынша бірдей міндеттемелері бар және тиісінше зейнетақыны тағайындау жағдайы мен мөлшеріне қатысты бірдей құқықтарға ие. Қандай да бір жеңілдіктер бұл жүйеде жоқ.

Қазіргі уақытта республикада ынтымақтастық жүйе зейнет жасына жеткен (ерлер 63 жас, әйелдер-58 жас) және заңмен белгіленген еңбек стажы бар (ерлерге 25 жылдан кем емес және әйелдер 20 жылдан кем емес) тұлғаларды қамтиды. Бұл адамдар зейнетақыны Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан алады және еңбек қызметін жалғастырған күндеде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар аудармайды[2] .

Дерек көзі: К. М Тулепбаев//Новая модель пенсионного обеспечения население Казахстана: теория, методологии и механизмы реализации// авторефератының мәліметтерінің негізінде құрастырылған

3 сурет - Қазіргі зейнеткерлерді ынтымақтастық-бөлу зейнетақымен қамсыздандырудың сызбасы

3 - ші суретке сәйкес Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жүзеге асып келе жатқан үшінші деңгейі - ынтымақтастық бөлу зейнетақы жүйесі болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану керек. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржы құралдарын нақты жобаларға тарту келесі құралдар негізінде құрылуы қажет: мемлекетпен кепілдік берілетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар, банк құралдары, ипотекалық міндеттемелер, депозиттер.

Зейнетақы активтерін өнеркәсіп салаларының негізгі қорларын жаңартуға жұмсаған орынды деп есептейміз, атап айтсақ: зейнетақы шоттары бойынша қызмет көрсетуге арналған меншіктің барлық формасындағы өндірістік кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтарының лизингі; зейнетақылық қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуші шаруашылық салаларындағы алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми-техникалық өзін-өзі ақтаушы бағдарламаларды қаржыландыру (медициналық қызмет көрсету; коммуналдық тұрғын-үй қоры және т. б. )

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірте-бірте дамып және жаңа кәсіби топтар мен азаматтарды қосу есебінен қамту саласының кеңейуі халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға мүмкіншілігі бар [3] .

Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі рөлі келесі құжаттармен белгіленеді: № 819 1997 ж. 12 мамырдағы ҚР Үкіметімен қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы», 1997 ж. Маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы», сонымен қатар көптеген заңды құықтық актілерде көп.

Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандырудың орталық звеносы болып жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.

ЖЗҚ - салымшылармен жұмысты ұйымдастыратын, зейнетақы шартын жасасатын, зейнетақы жарналарын жинайтын, жиналған қаражаттарды инвестициялайтын және мемлекеттік емес зейнетақы төлейтін әлеуметтік қамсыздандырудың коммерциялық емес ұйымы, заңды тұлға. ЖЗҚ сонымен бірге әлеуметтік-медициналық қызметтермен де айналысуы мүмкін. ЖЗҚ өз қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады, өзінің салымшылары мен уәкілетті органдар алдында есеп береді, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізеді, өтініштермен арыздарды қарайды және басқа да міндеттерді орындайды.

Зейнетақы қызметі нарығының негізгі субъетілері болып келесілер табылады: жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдар және банк-кастодияндар. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сызбасын төмендегі суреттен көре аласыздар.

Дерек көзі: С. Н Әбиева// Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық әс-әрекеттерінің қазіргі жағдайына талдау// КазЭУ хабаршысы 2006 №4 мәліметтері негізінде құрастырылған

4 сурет- Зейнеткерлердің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сызбасы.

4 суретке сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қолары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.

Банк- кастодиан - клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздарымен ақша қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөнінде қызметкөрсететін банк.

Жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания - мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай- ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, сондай- ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті және осы заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері:

  • ашық;
  • корпоративтік.

Бірақ бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері қазіргі кезде заңды түрде алынып тасталынған, яғни оларды акционерлік қоғам деп атайды.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол қордың құрылтайшылары және акционерлік болып табылатын бір немесе бірнеше заңды түлғалардың алушы- қызметкерлері үшін құрылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары:

  • зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
  • өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
  • зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде құқықтарды жүзеге

асыруға құқығы бар.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттері:

  • алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлеуге;
  • жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
  • салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай- ақ оның салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беруге;
  • алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялығын қамтамассыз етуге;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы заңдарымен зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;
  • алушының қарызы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуға;
  • зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен (мемлекеттік жинақтаушы қорын қоспағанда) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
  • бір, үш, бес, он күнтүзбелік жылғы стандарттық уақыт кезендеріндегі өз қызметі туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жариялауға міндетті, бұл орайда жинақтаушы зейнеақы қорларына салымдар бойынша табыстарға кепілдікті немесе уәдені камтитын ақпаратты жариялауға жол берілмейді;
  • жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизімі .

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы бойынша үш субъекті жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толыққанды мүшесі болады. Олар жинақтаушы зейнетақы корлары, зейнетақы активтерін басқарушы компания, банк- кастодиан. Олардың қызметін реттеп, қажетті нормативті құқықтық актілер шығарып қадағалайтын үш мемлекет орган бар. Олар мыналар:

  • Ұлттық банк;
  • Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;
  • Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаменті.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс - әрекетін реттейтін комитет бұл да Ұлттық Банк департаменті болып қосылып, енді Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу департаменті [4] .

Ұлттық банк - кастодиандардың қызметін бақылап, оларға лицензия беру және одан айыру істерімен айналысады.

Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия қор биржасындағы (БҚҰК) қор биржасындағы бағалы қағаздарға ЗАБК-ң (Зейнетақы активтерін бақылау комитеті) инвестициялау әрекетін бақылап, олардың істерін қадағалайды. ЖЗҚІРК (Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс- әрекеттерін реттейтін комитет) ЖЗҚ-ның іс- әрекеттерінің заңға сәйкестілігін және салымшылар мен арақатынасын бақылау, қажетті нормативті құқықтық актілер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы мемлекеттік органдар, бұл негізгі қызметінен басқа да істермен айналысады.

  1. Қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі реформасының ерешеліктері

Қазақстанның ұрпақтар жалғастығына, ынтымақтастық принципке негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, басқа кеңес одағының мемлекеттері сияқты дағдарысқа ұшырады. Сондықтан, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап отандық зейнетақылық жүйені әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қарай сәйкестендіру талпыныстары жасалды. 1991 жылығы маусымда тәуелсіз Қазақстанның тарихында зейнетақы туралы алғашқы заң «Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты болып зейнетақылардың мөлшерін жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен қатар зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есебінен қаржыландыруды ұйымдастыру болып табылады. Соған қоса, зейнетақыларды тағайындау және төлеу тәртібі елеулі түрде өзгереді.

Кеңестік кезеңде ұрпақтар жалғастығына негізделген зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің әлсіздігі анықталып, 90-шы жылдардың ортасында әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы дағдарысқа ұласты. Осы дағдарыстың обьективті және субьективті шығу себептерін қарастырайық:

  1. Халықтың табиғи қартаюы, туудың азаюы, жұмыссыздықтың өсуі, Қазақстаннан еңбекке қабілетті азаматтардың көшіп кетуі. Халықтың қартаю деңгейінің көрсеткіші - зейнеткерлер санының еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санына қатынасы арқылы анықталатын тәуелділік коэффициентінің өсуі байқалып отыр. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1, 8:1 және оның төмендеп бара жатқанын көрсетеді.
  2. Зейнетақы жарналарының мамандырылған жүйесін есепке алмауынан кәрілікті қамтамасыз ету қызығушылығын және жеке жауапкершіліктің жойылуына алып келді.
  3. Бюджеттік емес қорларға міндетті жарналардың мөлшері жоғары болғандықтан жарналарды төлеуден бас тартты. Бюджеттік емес қорларға есеп беру кезіңде минималды табысты декларациялау, тіпті салық органдарында тіркелуден бас тартты. Жоғарыда айтылғандардың салдарынан жалпы кәсіпорындардың барлық жекеменшік түрлері мемлекеттік зейнетақы қорына тіпті 40млрд. теңге қарыз болды. Мемлекет секторындағы жұмыспен қамтылғандар санының төмеңдеуінен, ал жекеменшік секторында және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны өсті. Осының нәтижесінде салық жинау деңгейі төмендей берді.
  4. Бүкіл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды бақылау мүмкін болмады. Олардың бюджеттік емес қорларына аударған жарналардың мөлшері салыстырмалы түрде аз болды.
  5. Бюджеттік емес қорлардың қаражаты бақылаусыз жұмсалды.
  6. Жергілікті органдағы билікітің децентрализациясы нәтижесі басқару құрылымын екі жақты әкімшілікке алып келді. Бір жағынан операциялар аймақтық деңгейде министрлік бөлімшелерінің көмегімен іске асырылса, екінші жағынан барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынды.
  7. Барлық облыстарда жергілікті кірістен бірдей зейнетақы төлемдерін төлеу мүмкіндігі болмағандықтан, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі кірістерді қайта құру механизмдерін қолданады [5] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Зейнетақы жүйесі қалыптасуының теориялық сұрақтары
Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz