Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары туралы


ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары»

Орындаған студент .

«___»2010 ж.

Ғылыми жетекшісі: заң ғылымдарының докторы, профессор

Алауханов Есберген Оразұлы «___»2011 ж.

Нормабақылаушы (Ф. И. О. )

«___»2010 ж.

Кафедра менгерушісі: заң ғылымдарының докторы, профессор

Тыныбеков С. Т. «___»2011 ж.

Алматы 2011

РЕФЕРАТ

Дамудың демократиялық қағидаттарын қамтамасыз етуде адвокатураның алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес. Осы орайда, авотрмен тандалған тақырып өзектілі және уақытылы болып таболады. Бұл зерттеуді адвокаттар қызметің этикасын зерттеу және соның нәтижесінде осы этиканың жетілдіруге және адамдарды қорғауда пайдаланатын құралдар мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған. Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет: адвокаттар қызметінің этикасын ашып беру; адвокаттық этиканың түсінігі мен маңыздылығын ашып беру; адвокаттың құқықтық жағдайын талдау; адвокат еңбегіне ақы төлеу проблемаларын зерттеу; адвокаттың сот ісіне қатысу проблемаларын талдау. Зерттеудің ғылыми жаңалығына осы проблеманы зерттеудегі тәсілдің өзін жатқызуға болады. Адамның қорғану құқығын қамтамасыз ету проблемасының ғылыми негізінде адам құқығының, бостандығының және заңды мүдделерінің басымдығы, әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығы, олардың мемлекеттік және қоғамдық құндылықтармен арақатынасы жатыр, бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ГЛОССАРИЙ

1) "сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;

2) "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;

3) "апелляциялық саты" - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы сот;

5) "қадағалау сатысы" - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртiбiнде қарайтын сот;

6) "судья" - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы) ;

7) "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;

7-1) алқаби - соттың қылмыстық істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;

8) "басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;

9) "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

10) "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

11) "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

12) "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

13) "қылмыстық iзге түсу (айыптау) " - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

14) "қылмыстық iзге түсу органдары" - прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

15) "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

16) "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

17) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;

18) "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;

19) "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

20) "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;

21) "өкiлдер" - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;

22) "заңды өкiлдер" - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;

23) "туыстар" - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;

24) "жақын туыстар" - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

25) "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

26) "қылмыстық iс" - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

27) "iс бойынша iс жүргiзу" - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкiмiн (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

28) "қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу" - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

29) "iстiң материалдары" - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

30) "iс жүргiзу әрекеттерi" - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

31) "хаттама" - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

32) "iс жүргiзу шешiмдерi" - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актiлерi - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

33) "қаулы" - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қабылданған шешiмдерi;

34) "үкiм" - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

35) "қорытынды шешiм" - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

36) "санкция" - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекiту актiсi;

37) "түсiндiру" - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

38) "шағым, наразылық" - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;

39) "өтiнiш жасау" - тараптың немесе мәлiмдеушiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органға арналған өтiнiшi;

40) "ғылыми-техникалық құралдар" - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

41) "арнаулы бiлiм" - адам кәсiби оқудың не белгiлi бiр мамандық бойынша жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;

42) "баспана" - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

43) "түнгi уақыт" - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы.

РЕФЕРАТ . . . 2

ГЛОССАРИЙ . . . 3

МАЗМҰНЫ . . . 7

КІРІСПЕ . . . 8

І. АДВОКАТ ЭТИКАСЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ, ПРИНЦИПТЕРІ . . . 11

1. Адвокаттар қызметінің этикалық маңызы . . . 11

2. Адвокат этикасының түсінігі мен мазмұны . . . 15

3. Адвокат этикасының кодексі . . . 18

4. Адвокат этикасы кодексінің негізгі түсініктері . . . 22

ІІ. АДВОКАТТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ ЖҒНЕ ОНЫҢ ҒРТ‡РЛІ ОРТАДАҒЫ ҒРЕКЕТ ҒДІСІ . . . 29

1. Адвокат пен клиенттің этикалық тәртіп бойынша өзара қарым-қатынасы . . . 29

2. Адвокат-соттардың өзара қатынас жүйесіндегі этикалық ережелері . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 70

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнату үшін азаматтардың құқықтарына, бостандығына және заңды мүдделеріне кепілдіктерді күшейту керек. Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және тараптардың бәсекелестігі және тең құқықылығы қағидасын дамыту қылмыстық іс жүргізутің барлық сатыларында күшті кәсіби қорғаудың болуын талап етеді. Қазіргі кезде адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізуге қатысу мүмкіндігі көбейді.

Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі кепілдіктерде беріледі. олар экономикалық, әлеуметтік, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың ішінен заң кепілдігіне тоқталатын болсақ, алдымен кепілдік дегеніміз қамтамасыз ету деген мағынаны білдіретінін білеміз. Ал заң кепілдігі дегеніміз қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары т. б.

Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасалмайды. Ол үшін әрбір адам заң тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын болуы қажет. өкінішке орай әзірше азаматтардың құқық сауаттылығы жоққа тән.

Сондықтан адвокаттардың (қорғаушылардың, өкілдердің) көмегіне жүгінуге әкеп соқтырады.

Конституциясының 13-бабында: «Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi» - деп жазылуы кепiлдiктiң тағы да бiр көрiнiсi.

Көмектiң түрi әртүрлi. Ол конституция (заңдарды түсiндiру) ретiнде, не адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік iстерге байланысты сот iстерiне қатысып, заң көмегiн беруi ретiнде болуы мүмкiн. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының ) көмегiн пайдалануға құқылы.

Адвокатураның қызметi көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды бiлiктi заң көмегiн көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс, ондай көмек, мысалы, сотта қылмыстық, азаматтық және өзге де iстер бойынша олардың мүдделерiн бiлдiру, негiзсiз қылмыстық қудалаудан қорғау және т. б. арқылы көрiнуi мүмкiн.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде С. Л. Ария, К. К. Арсеньев, М. О. Баев, Б. Т. Безлепкин, А. Д. Бойков, Е. В. Васьковский, Д. П. Ватман, Л. В. Владимиров, А. А Власов, Е. П. Данилов, Н. И. Капинус, Е. Г. Тарло, Н. М. Кипнис, А. Ф. Кони, В. Л. Кудрявцев, В. Ю. Львова, П. А. Лупинская, Е. А. Матвиенко, В. В. Мельник, Г. М. Резник, В. П. Рыжаков, А. Ф. Романенков, И. Д. Перлов, И. Л. Петрухин, Н. Н. Полянский, Е. В. Семеняко, Б. Саломов, И. Л. Трунов және тағы басқа революцияға дейінгі, Кеңестік кезеңдегі және бүгінгі Ресей ғалымдарымен зерттелінген.

Қазақстанда мұндай тақырып А. Н. Ахпанов, Е. О. Алауханов, К. Беков,
Л. Ш. Берсүгірова, Т. К. Биятов, А. А. Исаев, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Д. Н. Канафин, Ш. К. Құсайынов, Е. Я. Лопушной, С. С. Молдабаев, Г. М. Нам, К. И. Нұржаубаева, А. С. Нұралиева, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, Б. Х. Төлеубекова, А. К. Түгел, А. Ж. Тукеев, С. Т. Тыныбеков, Ш. М. Шарипов, Б. К. Шынарбаев, Р. Н. Юрченко және тағы басқа ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді адвокаттар қызметің этикасын зерттеу және соның нәтижесінде осы этиканың жетілдіруге және адамдарды қорғауда пайдаланатын құралдар мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:

  • адвокаттар қызметінің этикасын ашып беру;
  • адвокаттық этиканың түсінігі мен маңыздылығын ашып беру;
  • адвокаттың құқықтық жағдайын талдау;
  • адвокат еңбегіне ақы төлеу проблемаларын зерттеу;
  • адвокаттың сот ісіне қатысу проблемаларын талдау.

Зерттеу объектісі және пәні. Адвокатура өз мақсаттарына жету және қызметінің нысандарын жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.

Қорғанушының қорғану құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәні мен мазмұны және де айыпталушыны қорғау жөніндегі адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәні мен мазмұны, сол қызметті реттейтін конституциялық және қылмыстық іс жүргізу нормаларының жиынтығы зерттеудің пәні болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.

Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.

Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығына осы проблеманы зерттеудегі тәсілдің өзін жатқызуға болады. Адамның қорғану құқығын қамтамасыз ету проблемасының ғылыми негізінде адам құқығының, бостандығының және заңды мүдделерінің басымдығы, әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығы, олардың мемлекеттік және қоғамдық құндылықтармен арақатынасы жатыр, бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. АДВОКАТТЫҚ ЭТИКА. ЖАЛПЫ ¦ҒЫМЫ ЖҒНЕ ПРИНЦИПТЕРІ

1. Адвокаттар қызметінің этикалық маңызы

Біздің көзқарасымыз бойынша, қоғамда бірқалыптылықтың болуы мүмкін емес, екі жақты экономикалық келісімді қатынастың қабыл боларлық жарқын болашағын азаматтардың жағдайымен заңдылық негізде мойындағанмен ертеңге деген сенімнің өзі құқықтық берекесіздіктің белең алған кезінде мүлік иесі бір сғтте дүние-мүлкінен айырылып, сотталып кетуі де ғажап емес. Осындай сғтте құқық қорғау органдарының қызметкерлері сот, прокурор жғне тағы басқа ішкі істер қызметкерлеріне деген сенім мен құрмет заңдылық тұрғыдан арта түседі. Қатардағы азамат қоғамдық келісім негізінде ғана емес заңдық қатынасқа немесе кеңселік құжатнамаға адвокат арқылы қол жеткізе алады. Адвокатқа құқықтық көмек сұрап отырып, нғтижелі істерге қол жеткізу қорғана білудің заңды тғсілі. Барлық іске толық араласу құқығына ие болған адвокат өз жұмысына абыроймен беріліп, құқықтық жүйенің талаптарын да аяқ асты етпейді. Ондай жағдайда оның мғртебесін төмендетіп, іскерлігіне кесір тигізеді. Осы тұрғыда адвокатқа қатаң талап қойылады да, ол этикалық салмақпен өлшенеді. Біз қашанда адвокаттың қоғамдық рөлі жайында айтқанымызбен оның ішкі жан-дүниелік пікіріне көңіл бөлмейміз. Кәсіптің қажеттілігі ішкі бағалау есебінен емес, қоршаған орта көзқарасымен анықталмақ.

Сондықтан, адвокат сот отырысына дайындық жүргізу кезінде тапсырылған істі алдын-ала әзірлеп қана қоймай, сонымен бірге кейін сот отырысы кезінде күтпеген жағдайдан сақтану үшін істі, оны тыңдар алдында мұқият қарап шығуы жөн көрінеді.

Кейде, істі сот отырысында қарау кезінде, талап, талапты қоюға құқығы жоқ тұлғамен берілгені немесе талап бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға қойылғаны анықталады. Мұндай жағдайда, сот, талап қоюшының өтініші бойынша оны басқа тиісті тұлғамен не тіисті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруды жүзеге асыруға құқылы. Талап қоюшы үшін талап-арыз бойынша кім жауап беретіні парықсыз емес, себебі бұдан талапты негізді деп мойындаған соттың шешімінің іске асатын мүмкіндігі тәуелді.

Сондықтан, адвокат талапкер өкілі өз сенім берушісіне жауапкерді алмастырудың салдарын түсіндіріп кетуге жәнеде клиент бұндай алмастыруға келіспеген жағдайда сотқа негізделген қарсылықтарды ұсынуға тиісті.

Іс жүргізуді күрделендіретін тағы бір шиеленіс, ол, үшінші тұлғамен даудың пәніне жеке талап қоюы. Адвокатқа осындай талап қойылған жағдайда аса мұқият болу қажет, себебі, мұндай жағдайда оған істін мән-жайларын ұқыпты бағалап, үшінші тұлғаның талабына қатысты өзінің позициясы жөнінде тез шешім қабылдау керек.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 52 бабы негізінде үшінші тұлғаның іске кіруі (енуі), адвокатпен өз клиентінің мүддесін жаңа талаптан қорғау үшін материалдарды дайындау мақсатында, сотқа істі қарауды кейінде қалдыру туралы өтінім беруіне себеп болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Ежелгі замандағы адвокатура институтының қалыптасуы мен даму тарихы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Қоғамдық өкіл ретінде
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Адвокаттық қызмет пәнінен лекция тезистері
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz