Созылмалы панкреатит



Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының, түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндогендік функцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруы.
Этиологиясы.
1.Ішкілікке салыну(90%). Күн сайын 100-ден алкогольді немесе 2 –л ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады.
2.Барлық гипертензия – бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі (Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде, және онекелішектік гипертензияда болатын).
3.Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын).
4.Алиментарлық фактор- майлы, қуырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдер, әсіресе А витаминінің тапшылығы.
5.Вирустық инфекция (Коксаки В, гепатиттің вирустары).
6.Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары).
7.Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі).
8.Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастардың түзілуі, кейіндеу-кальцинозы).
9.Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы.
Патогенезі.
Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса қаныққан ерітінді болғандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның биіктеуінен, түтікшелердің немесе ацинустардың базальдік мембраналары жарылады, бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Қанға «тасып» түскен ферменттердің әсерінен өзге ағзаларда жүйелі зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан химиялық некроздар

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Созылмалы панкреатит
Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының, түтіктерінің
зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан
өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндогендік функцияларының
жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруы.
Этиологиясы.
1.Ішкілікке салыну(90%). Күн сайын 100-ден алкогольді немесе 2 –л ден
сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады.
2.Барлық гипертензия – бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның
биіктеуі (Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде,
холедохта тастың тірелуінде, және онекелішектік гипертензияда болатын).
3.Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан,
дуоденостаздан болатын).
4.Алиментарлық фактор- майлы, қуырған тағамды асыра жеу, белоктың
жетіспеушілігі, витаминдер, әсіресе А витаминінің тапшылығы.
5.Вирустық инфекция (Коксаки В, гепатиттің вирустары).
6.Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданған цитостатиктер, эстрогендер,
нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер,
холинэстераза ингибиторлары).
7.Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан
тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі).
8.Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастардың түзілуі, кейіндеу-
кальцинозы).
9.Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы.
Патогенезі.
Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың
мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса қаныққан ерітінді
болғандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып
түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның биіктеуінен, түтікшелердің
немесе ацинустардың базальдік мембраналары жарылады, бездің паренхимасына
өткен ферменттер оны бейтараптайды. Қанға тасып түскен ферменттердің
әсерінен өзге ағзаларда жүйелі зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан
химиялық некроздар дамиды. Бездің секрециясы неғұрлым күшті болса,
деструкцияның көлемі де соншалықты. Некроз ошағындағы май мен май
қышқылдарының кальций тұздарын жинап алу қасиеті жүре бара ұйқыбездің
кальцинозына әкеледі. Кальциноздың салдарынан түтіктердің өтімсіздігі онан
сайын ауырлайды.
Дуоденобиллиарлық рефлюксте ұлтабардың сөлі (құрамында өт, түрлі
ферменттер, соның ішінде энтерокиназа болатын) ұйқыбездің түтіктеріне
өтеді. Ұйқыбездің ферменттері түтіктерде активацияланып, бездің паренхимасы
мен түтіктерін зақымдайды. Жүре бара түтіктердің деформациясы мен стенозы
қалыптасады, Фатер емізігі қабынады және тарылады.
Алкоголь бездің кальцинозына, ал биллиарлық гипертензия және
дуоденобиллиарлық рефлюкс обструкциялық панкреатитке әкеледі.
Кейбір дәрмектер (нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрілер, мысалы аспирин)
ұйқыбезді алкоголь тәрізді стимуляциялау арқылы панкреатитті дамытуы
мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Созылмалы панкреатит көрінісінің синдромдары:
қабыну – деструкциялық, диспепсиялық, бездің экзокриндік және эндокриндік
функцияларының шамасыздығы.
Қабыну – деструкциялық синдром-без ұлпасының химиялық некрозынан,
ісінуінен және қабынуынан дамиды. Басты белгілері:
• іштің ауыруы;
• панкреатикалық гиперферментемия және ферментурия;
• интоксикация (қызудың көтерілуі, әлсіздік, артралгиялар, тәбеттің
нашарлауы);
• холедохтың ісінген бездің басымен қысылуынан болатын өтпелі
механикалық типті сарғаю;
• жедел фазалық қабыну реакцияларының жоғарылауы.
Панкреатиттің басты белгісі – іштің ауруы. Оның себептері:ұлпасының
ісінуінен без капсуласының керілуі (капсулалық ауырсыну); бездің ісінуінен,
инфильтрациясы мен склерозынан нерв талшықтарының қысылуы немесе
тітіркенуі; түтікішілік қысымның биіктеуі.
Ұйқыбездің тотальді қабынуында іштің жоғарғы аймақтары тұтас ауырады
немесе өткір, белді буындырғандай ауыру пайда болады. Кейде тек арқа ғана
ауырады.
Егер аурудың себебі түтікішілік қысымның жоғарлауынан болса, ол
ұстамалы болады және спазмолитиктердің көмегімен басылады. Капсуланың
керілуінен болатын капсулярлық ауырсыну үнемі мазалайды, дененің сәл
сілкінісінен, жүргенде күшейеді. Науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын
ішіне тартып бүйірінде немесе етпетінен жатуға мәжбүр болады.Спазмолитиктер
әсер етпейді,тек анальгетиктер көмектеседі.
Секрецияның күшюі панкреатитті өршітеді, ал өршу процесі секрецияны
тежейді, сондықтан 5-7 күннен кейін ауырсыну өз-өзінен басылуы мүмкін.
Панкреатиттің өршу кезінде диспепсиялық синдром пайда болады.
Панкреатикалық диспепсияның белгілері: гиперсаливация,кекіру, тәбеттің
төмендеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі. Оның себебі – ұйқыбездің
ісінген басы онекелішекке батып қуысын тарылтуы, содан онекелішектің
өтімділігі нашарлауы және дуоденальдік гипертензияның пайда болуы.Осылай
дамыған онекелішектің дискинезиясы мен дуоденостаз дуоденогастральдік және
гастроэзофагальдік рефлюкстерге әкеледі. Сондықтан кекіру, қыжылдау, жүрек
айнуы, құсу және эпигастрий аймағының жайылма ауырсынуы пайда болады.
Ұйқыбездің экзокриндік функциясының шамасыздығы. Абсолютті
шамасыздық сирек кездеседі, ол ұйқыбездің ацинарлық жасушаларының
деструкциясынан және панкреатикалық липаза синтезінің азаюынан
болады.Көбіне салыстырмалы шамасыздық дамиды.Оған алып келетін себептер:
• түтіктердің обтурациясы және ұйқыбез сөлінің онекелішекке түсу
жолында бөгеттің болуы;
• ұйқыбездің түтіктік эпителийінде бикорбанаттар түзілуінің азаюы,
осыдан онекелішектегі рН 5,5 артық төмендеуі; рН-тың төмендеуінен
липазаның денатурациясы және өт қышқылдарының онекелішек қуысында
преципетациясы;
• өт пен энтерокиназаның тапшылығынан липазаның, трипсиногеннің
белсенділенуінің бұзылысы;
• ішек моторикасының бұзылуынан ферменттердің химуспен дұрыс
араласпауы;
• жіңішке ішектің қуысында көбейген микробтардың әсерінен ферменттердің
ыдырауы;
Сыртқы секреция шамасыздығының белгілері :диарея, шірік иісті майлы
нәжіс, дене массасының төмендеуі; В12 және майға еритін витаминдердің
жетіспеушілігі; панкреатиттің аса ауыр түрінде мальдигистия, мальабсорбция
синдромдары дамуы.
Ұйқыбездің эндокриндік функциясының шамасыздығы. Бұл Лангер-ганс
аралшаларының жойылуынан болады. Глюкагонның тапшылығынан гипогликемиялық
синдром, инсулиннің тапшылығында – глюкозаға толеранттылық төмендейді, яғни
қантты диабетке тән белгілер пайда болады.
Панкреатиттің диагностикасында ұйқыбез ферменттері активациясының
белгілерін тапқан маңызды:
* кеуденің төменгі аймақтарында, құрсақтың бетінде диаметрі әр түрлі
(1-3мм)дөңгелек, ашық қызыл түсті микроаневризма болып табылатын дақтар
(тамшылар-Тужилиннің белгісі);
* шел қабаттың арасындағы майдың некрозынан болатын, көлемді бірнеше
мм-ден 3-см-ге дейін, сипағанда ауырсынатын түйіндер;
* Гротт белгісі – құрсақ қабырғасында ұйқыбездің проекциясында шел
қабатының атрофиясы;
* без проекциясындағы терінің гиперпигментациясы.
Іштің пальпациясында анықталатын белгілер
Ұйқыбез басының зақымдануына тән белгілер:
* Шоффар зонасындағы ауырсыну (кіндіктен өткізген вертикальді және
горизонтальді сызықтар арасындағы оң жақтағы тік бұрыштың биссектрисасының
ішкі жағындағы аймақ);
* Джарден нүктесіндегі ауырсыну – кіндікті оң қолтықасты шұңқырымен
қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары орналасатын нүкте.
Ұйқыбез денесінің зақымдануын көрсететін белгі:
• Губергриц- Скульскийдің зонасында ауырсынудың болуы.Бұл зона Шоффар
зонасымен бірдей, тек вертикальді сызықтың сол жағында орналасады.
Ұйқыбез құйрығының зақымдануына тән белгілер:
• Губергриц нүктесінің ауырсынуы – Дежарден нүктесімен бірдей, бірақ
сол жақта орналасады;
• Мейо-Робсон нүктесінің ауырсынуы – кіндік пен сол қабырға иінінің
ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында
орналасатын нүкте.
Ұйқыбез денесінің және құйрығының зақымдануында сол қабырға-омыртқалық
бұрыштың ауырсынуы байқалады.
Жіктемесі
Патогенезі бойынша:
Біріншілік
• алкогольдік;
• алиментарлық;
• токсикалық, соның ішінде дәрмектік;
• вирустық;
• идиопатиялық.
Екіншілік
• холангигенді (өт жолдарының патологиясына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Ұйқы безі
Малдың клиникалық зерттеу, мәліметімен танысу
Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі
Без аурулары
Малабсорбцияның жіктелуі
Ойық жара ауруларының патогенезі
Ішектің қабынуы аурулары
Микроэлементтерге жалпы сипаттама
Пәндер