Коммерциялық банктердегі күмәнді несиені басқару


КІРІСПЕ
Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы -несиелік қатынастардың, несиелік жалпы процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары несие мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дәйекті де, ұлғаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Қазақстанның әлеуметтік, өндірістің потенциялын қалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұрған әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыруда несие жүйесісіз мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезеңде несиелік процесті қай жағынан болмасын зерттеу, соның ішінде кумәнді несиелерін басқару, әлеуметтік салдарын талдау, өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс.
Өткен жылғы АҚШ-тың ипотекалық нарығында басталған дағдарыс Қазақстанның банк секторына, сонымен бірге жалпы экономикамызға өз әсерін тигізбей қоймады.
Қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі - банк секторындағы 2007-ші жылдың тамызында басталған дағдарыс әсерін талдау, одан шығу жолдарын іздеу, банктердің активтерінің сапасын және өтімдлігін қалпына келтіру мүмкіндіктерін талдау болып отыр. Банктердің несие саясатының дағдарысқа бейімделуін, күмәнді несиелерің басқаруын талдау, біздің талдау пәніміз болып табылады.
АҚШ-тағы дағдарыстың Қазақстанға әсер етуінің басты себебі, банктердің сыртқы қаржыландыруға, яғни сыртқы қарыздарға айтарлықтай дәрежеде тәуекелділігі болып табылады. Осындай қиын шақтарда әрбір коммерциялық банктің несие саясатының маңызы арта түседі.
Аталған мақсатқа жету келесідей міндеттерді орындауды талап етеді:
• Коммерциялық банктің несие саясатының құрылымы мен мағынасын нақтылау ашып көрсету;
• Жекелеген банктің несие саясатын қарастыру;
• Коммерциялық банктің несие саясатының концептуалдық моделін негіздеу;
• Жалпы банк секторының дүниежүзілік нарықпен байланысын анықтау және шетел тәжірбесін қарастыру;
• Коммерциялық банктердің күмәнді несиелерін қарастыру және талдау жүргізу;
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - коммерциялық банктер, оның ішінде «Халық Банк» АҚ-ы болып табылады.
Берілген дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің күмәнді несиелерің басқарудың теорялық негіздері, жаңа тиімді несие саясатын жасау үшін қажетті несиелік саясат туралы теориялық базасы қарастырылған.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат банктің, мемлекеттің және жалпы экономиканың ағымдағы жағдайына бейімделе отырып, өзінің несие беру мен несие бойынша қызмет көрсету барысын ұйымдастыру негізін жасау шарттары мен ережелерінің жиынтығын құрайды. Сонымен бірге несие саясаты банктің жоғары органының қызметі болып табылады.
Екінші бөлімінде «Халқ Банк» АҚ күмәнді несиелерді басқаруын бағалауы, қандай әдістер қолданатындығы, несие саясатының нақты әрекет етуі қарастырылады. Коммерциялық банктің несие портфелін талдау мен проблемалық несиелерге қатысты жасалатын нақты іс-әрекеттері қарастырылады.
Екінші бөлімінде сонымен қатар «Халық Банктің» қысқаша жалпы әрекет ету ерекшеліктеріне, қызмет көрсету шарттарына, нарықтағы позициясы мен әрекет ету бағыттарына тоқтала кеткенді дұрыс көрдім. Өйткені болашаққа болжам жасау үшін, ең алдымен өткен кезеңдерге көз салу маңызды.
Үшінші бөлім, қазіргі таңдағы коммерциялық банктердің күмәнді несиелерін басқарудағы мәселелері мен болашағы жайлы жазып өтуді жөн көрдім. Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және ресейлік, сонымен қатар шет елдік арнайы оқу құралдарының мәліметтері, Қазақстан Республикасының банк секторын реттейтін заңдары мен заңнамалық құралдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің заңдары, «Халық Банк» АҚ-ның несие саясаты, несиелеу стандарттары мен несиелік нұсқаулықтары, сонымен бірге банктің жылдық есеп мәліметтері, сондай-ақ газет журналдар мәліметтері негізінде алынып, жазылған.
Диплом жұмысының практикалық маңызы банк қызметіндегі тиімді несиелік саясатын құру мен жүзеге асырудың теориялық негізін қалау болып табылады.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ КҮМӘНДІ НЕСИЕНІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Комерциялық банктердің несиелік қызметін ұйымдастыру
Несие - бұл паиыз төлеу мен қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несиенің пайда болуын өнімдердін өндіру сферасынан емес, олардын айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде сондай айырбастар кезінде несиеге байланысты қатынастар туындайды. Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар - ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызыметіне байланысты болатын қатынастарды біңлдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұнай өнімі әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс протцесінің сәйкес қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардын түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбас пен өзара әрекет протцесінде өндірістін белгілі бір мағынасы бар.
Несиенің ұдайы өндіріс протцесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субьектілерінің иелігіне түскен кезде, ал айырбас фазасыда субьектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субьектінің оны қосымша пайдалану қажеттігі арасында қарама - қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категорясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігінің қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалымы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас протцесінде мәмленін екі түрі ажыратылады: қарыз мәмлесі және сатып алу-сату мәмлесі. Несие қарыз мәмлесі ретінде ауарлар айналыс протцесіне себепші болады. Қарыз мәмлесі атуар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қазір мәмлесі кезінде эквмвалентінің қайтарылуы кейінге қалдырылады.
Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырлуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қазір мәмлесін сатып алу-сату бір түрі деп ойлауға болмайды.
Құнның қозғалысы бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағына қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрінде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінің естен шығаруға болмайды. Сонымен қатар, несие мен қаржы категоряларын бір санайтындар аз емес, несие-бұл ақшалай қаражатының екі жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенсия, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенін көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары эканомикалық жүйе төңірегінде жиақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктын қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасының білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категоря ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер сондай-ақ халық арасындағы несие қорын қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрлымы бір - бірімен өзара байланысты элементтерден, мұндай элементке қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәмлелер бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз берші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - бұл несие алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастын екінші жағы қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздар болмағанымен де олардын түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігу мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандайда несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адмзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш-бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы-бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға. Қарыз беруші және қарыз алушыменқатар несиенің құрлымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі-бұл құнның ерекше бөлігі. Яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, онын атқаратын қызыметтерімен сипатталады, Жалпы несие эканомикалық категоря ретінде мынадай қызыметтерді атқарады;
1. Қайта бөлу;
2. Айналыс шығындарын үнемдеу;
3. Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
4. Капиталдын шоғырланыуын жетілдіру;
5. Ғылми-хникалық прогресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызыметі - кез келген елдің экономикасының толық қанды хұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызыметінің көмегімен экономикалық жүйенін бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызыметінің қаржыны қайта бөлу қызыметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдку - қызыметінің іс жүзінде асуы несиенің эканомикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субьектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасында уақытша болатын алғашқы кей жағдайларда қарыз алушылардың барлық категорялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені паидаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызыметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру . Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметті іске асу протцесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардын уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиені бұл қызыметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.
Несиенің капиталды шоғырландыру протцесі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенін бұл қызыметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Бұл қызымет шаруашылықтағы маңызды болып саналатын және дамуды қажет ететін салаларға несие беру арқылы оларды қызымет етуге ынталандырады,
Несиенің ғылыми - техникалық прогресті жеделдету қызыметі ғылыми - техникалық ұйымдардын қызыметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиындыққа түседі. Сондай - ақ несиенің өндірісте және жалпы эканомикалық дамуына инновациялы өндірісті ынталандырушы да қызыметінің маңызы жоғары.
Экономикадағы несиенін формалары мен түрлері
Несие түрі - бұл несиелік қатынастар құрлымының, олардың негізгі қызыметтерінің, яғнй әр алуан сртқы және ішкі өзгерістер барысыда толық сақталатын көрнісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай . Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берген тауарын білдіреді. Бұл несие вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардын алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту протцесін жеделдету, сондай - ақ одан пайда табу.
Коммерциялық несиенің баныктік несиеден айырмашылығы келесідей.
- Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызыметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- Коммерциялық несие тек қана тауар форммасында беріледі;
- Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталы мен байланысты;
- Коммерциялық несиенің орташа құны сол кездегі банктік пайыз мөлшерлерімен салыстырғанда төмен болады;
- Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәселенін заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл эканомикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастадың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұраныс бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - пайыз түрінде табыс алу.
Несиенін түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды. Каммерциялық банктер өздерінің клиенттерге әр түрлі несиелерді ұсынады. Ол несиелер келесідей белгілеріне байланысты жіктеліп, несиенін түрлерін құрайды:
1. Қарыз алушының категорясына қарай:
1) Қаржылық институттарға берілетін несиелер ;
- Мақсатты қорларға;
- Банктерге;
- Қаржы - несиелік мекемелерге.
2) Қаржылық емес агенттерге берілетін несие ;
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- сауда - саттыққа;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау - сату ұйымдарына;
- кооперативтерге
- жеке кәсіпкерлерге.
3) Тұтыну мақсаттарына берілетін несиелер.
2. Мерзіміне қарай:
- Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін ) ;
- Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 - 5 жылға дейғн ) ;
- Ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары ) ;
3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай :
- Негізгі қорларға жұмсалатын;
- Айналым қаражатына жұмсалатын.
4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- Кепілхатпен;
- Кепілдемемен;
- Кепілдікпен;
- Сақтандырылған;
- Қамтамасыз етілмеген;
- Сенім несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай :
- Стандарты несиелер-қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
- Күмәнді несиелер-қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
- Үмітсіз несиелер-қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай несиелер:
- Ұлттық валютамен;
- Шетел валютасымен.
7. Берілу шартына қарай несиелер келесідей жіктеледі:
- Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғалар тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызыметтерді өтеуге берілетін несие. Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналуының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, екінші халықты несиелеудің өсуі, әсіресе бүгінгі таңдағы тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда. Сонымен қатар тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Тұтыну несиесінің бүгінгі таңда жылдан - жылға өсіп келе жатқанын коре аламыз.
- Ипотекалық несие-бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрған үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
- Овердравт несиесі-клиенттін шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиеніуң формасы.
- Овернайт несиесі-өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банк аралық несиенін түрі;
- Онкольдық несие-кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
- Банк аралық несие-банктердін бір - біріне беретін несиесі;
- Ломбартық несие-тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
- Лизинктік несие-құрал жабдықтарды - жалға алумен байланысты;
- Сенім несиесі-баныктін сеніміне кірген, берілетін несие;
- Рамбустық несие-шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірбесінде пайдаланатын несие;
- Маусымдық несие-жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімі алу мерзімі арасындғы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиі кездеді.
8. Несиелеу обьектісіне қарай :
- Меншікті айналым қаражаттарын толтыру;
- Материялдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- Сыртқы эканомикалық қызыметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттау;
- Азаматтық жеке қызыметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктерді алуына;
- Ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
- Күрделі және маңызды өзгерістерді қаржыландыруға;
- Тек іске асатын тиімділігі жоғары болатын шараларға несие салу.
Жалпы қортындылай келе, банктер несие беру барысында несиелік саясатты іске асырады. Несиелік саясат - банктін несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарты.
Несиелік формалары , оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардын мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенін формасы - бұл несиелік қатынастар құрлымының, олардың қызыметінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрнісін білдіреді.
Қазақстан экономикасының несие жүйесі және несиелеу формаларының дамуы
Несие жүйесі - жалпы баныктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие банктік жүйе арқылы өзінің қызыметін толық қанды атқарады. Ұлттық банк бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, екінші органға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардын басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрлымы қалыптасады.
Нарықтық эканомика несие - банк жүйесі маңызды рол атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұғымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалар қаражаттарды, халықтық жинақтары мен табыстарын жылдамдатады және оны экономикада белсенді түрду жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай - ақ көптеген түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық және тағы басқа операцияларды орындайды.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе , ал екіншісі - прабанктік жүйе ( банктік емес мекемелер) . Еліміздегі несие жүйесінің орны мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б. Несие жүйесінің өз қызыметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы эканомикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесін құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынада - бұл несиелік есеп тайырсу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызымет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру банктік және банктік емес институтар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz