Еңбекақы мен тариф жүйелері туралы


Еңбекақы мен тариф жүйелері
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар болып табылады:
- тарифтік кесте;
- тарифтік еңбекақы мөлшері;
- тарифтік мамандық анықтамалары;
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшслар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қерай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшерін белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделігі мен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі жэне жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы ендіріс саласында ете қарапайым жэне жеңіл бірінші дэрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дэрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дэрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дэрежелі еңбектің арақатынасьшың тарифтік коэффициентін, бірінші дэрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді жэне мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мелшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сагатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағат-та өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқьілы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдерісін (процесін) жүргізу кезінде анықталады.
Өнім өндіру есебі
Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін жэне жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік жэне топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатш жұмысшылар мен қызметкерлерге де сандық жэне сапалық керсетіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.
Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға жэне оларға есептеліп төленетін еңбекақы тұріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекгі үйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейіне жэне оларды тиімді пайдалануға, тағы басқаларға байланысты больш келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықгау, механикалаңцырылған, автомаггандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өңціріс автоматгандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуьша жаңа техника мен технология ез әсерін тигізеді. Бұл айтылғандардың іске асуы, яғни қолданылуы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің эсерін тигізеді.
Өнім өндіру есебінің жүйелері
Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмыстың орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметгер мен ақпараттар болуы қажет:
- орындалған жұмыстың аталуы;
- оның қабылданған уақыты, яғни күні, айы, жылы;
- өндірілген өнімнің саны мен көлемі;
- өнімді өндіруге, жасап шығаруға жэне жұмысты орындауғакеткен уақыт;
- орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдікнөмірі немесе бригаданың немірлері;
- цех бөлімшесінің шифрлары жэне оларға есептелгенеңбекақы түрі.
Бұлар бойынша одан кейінгі уақьптарда жұмысшы және қыз-меткерлермен есеп-айырысу жүргізіліп, соньмен қатар өңціріліп шығарылатын өнімдер мен істелген жұмыстар бойынша төлем сомаларының мөлшері анықталады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдар-да өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сэйкес өнім өндіру есебінің эр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішівде:
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге эрбір операциябойынша істелген жұмысы мен өндірген өнімнің саны менсапасына сэйкес жеке-жеке еңбекақы есептеп жэне онытелеу жүйесі. Бүл жүйе бойынша керекті мэліметтердіжеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жүмы-сына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқықулсаттардан алуға болады.
- Өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемінең соңғы операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі. Бул жүйе бойынша бөлімшелер мен цехтардағы барлықжүмысшылар мен қызметкерлердің атқарған қызметімен орындаған жұмысына бір жолды жэне жинақтаушықұжаттар толтырьшады.
- Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағытағы бір жүйе - түтіндеу жүйесі болып табылады. Бұлжүйе бойынша жүмысшылар мен қызметкерлердің жеке-жеке өндірген енімінің, істеген жүмыс көлемінің санынанықтау үшін әр операциялардан кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған ендіріс қалдықтарына түгендеу жұмысыжүргізіледі.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жүмысшылар мен қызметкерлердің өндірген енімдерін әр операцияны орындаған-нан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қабылдап, санап алганнан кейін, ол туралы ақпаратгы мэліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы қүжатгардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бүл құжат жұмыс орывдалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жүмысшылар мен қызметкерлерге бері-леді. Тапсырма орындалғаннан кейін бүл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орыңдалған жүмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясьша тапсырылады.
Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жү-мысқа күнделікті наряд жазу жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбек-ақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы қркаттың санын азашуға болады. Кэсіпорындарда енім өндіру жайлы мэліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын, яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау үшін жэне олар үшін толтырылатын қүжатгың санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бүл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бүл маршрупық карталарда (карточкада) біртектес материалдар-дан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барльщ технологиялық үдерістерден етіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бүл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген енімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бүл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын жэне оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің нөмірін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген енімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехган екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық карта-ны жіберіп отырады. Егер топтағы енімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршрутгық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жршсшының кінэсінан болғаньш анықтап жазып отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршрутгық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.
Кәсіпорындарда кеп жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданьшады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген енімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау белімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған жэне басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелген жүмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу жэне төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең сонғы нэтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қоданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кэсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу нысаны (формасы) жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін артгыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондық-тан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар еңбекақыны мелшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін тұріне көшті. Бүл жұмысшылар мен қызмет-керлерге мерзімді еңбекақы төлеу жағдайывда да енім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақтылы орындағаны жэне еңбек өнімділігін арттырғаны ұшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар және тағы басқалар беріледі.
Үздіксіз еңбек үдерістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында өнім ендіру есебінің инвентарының жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша жұмыстың, яғни сменаның соңында (аяғында) өндірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін эр операция бойынша өңцелмей қалған детальдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Кэсіпорындарда жұмыс істейтін эрбір жұмысшьшың өндіріп шығарған өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өңцеу үшін алынған детальдар мен бұйымдардың санын қосып осы қосындыдан сменаны тапсырған уақыт барысында өңцелмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азашу керек. Осының негізінде өндіріліп шығарылатын өнімдердің санын тиісті құжаттарға жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде эр түрлі себептермен өндіріске керекті материалдық құлдылықтардың, жабдықтардың дер кезінде болмауына байланысты жріысты орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз, сапасы жағынан немесе физикалық, химиялық қасиетгермен талаптарға сай келмейтін материалдық қрщылықтарды пайдалануға тура келеді. Кейбір жағдайларда ондай материалдық құлдылықтарды пайдалану алдын ала өңдеуді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану істелетін жұмыстың белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына эсерін тигізеді. Бүған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады. Сондықган да ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша еңбекақы есептеліп төленуі тиіс. Кәсіпорындағы жұмыстың бьшай ауытқуына қосым-ша төленетін еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу қркаттарын толтырады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатьш нарядтар мен алғашқы құжаттардың нөмірі жазылады. Егер әдетге техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса онда бұндай жріыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық тускен) нарядтар толтырылады. Қосым-ша төлеу қркатында жоспарлардан тыс өңдеу операциясына теле-нуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де жазылып көрсетілуі тиіс.
Еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырьшған алғашқы қркаттар мен жріыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның экімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашңы қркаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжатгағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жріысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу жэне сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі жэне шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болганнан кейін бұл қркаттар бойынша кэсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.
Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары) .
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі жэне қосьмша деп аталатын екі турге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жршсына, атқарған кызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
- Мерзімді және кесімді ецбекацы.
- Сыйлықтар мен сыйақылар.
- Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
- Жүмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшінтөленетін төлемдер.
- Жүмысшылар мен қызметкерлердіц мемлекеттік, цо-гамдъщ жүмыстарды атцарганы үшін төленетін төлемдер.
- Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы та-мацтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
- Жас өспірімдердң қысқартылған жұмыс уақытынатөленетін төлемдер.
- Жүмысшылар мен қызметкерлердіц кінэсінсіз жұмыстыңтоцтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
- Тегін көрсетілген немесе тегін берглетін қызметтер мензаттъщ құны.
- Жогары немесе арнаулы оқу орындарында жэне басца дамамандыгын көтеру курсына жіберілген ущытына байланыстыжүмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
- Әскери жиындарга цатысцаны үшін, сондай-ақ дема-лыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдаргатөленетін төлемдер және тағы да басцалар жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығьшың басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағатгық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбеісақы өндірген өнімі мен істеген жүмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жү-мысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшьшарына қаржы жэне есеп бөлімінің қызметкерлеріне және тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмевдегідей түрлері бар:
- Жай мерзімді;
- Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте неме-се штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкер-лерге олардың тарифте немесе штатга көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қа-рай сыйлық беру болып табьшады.
Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді ендіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің жэне төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекгі, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде кәрсетілген уақыт болып сана-лады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
- тікелей кесімді;
- кесімді сыйлықты;
- үдемелі кесімді;
- аккордтық;
- жанама кесімді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бэрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мелшері - бұл қркатта керсетілген, өндірілген өнімнің санын сол енімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына кебейту арқылы табады.
... жалғасыКэсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұғымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойытиа төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бүл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін жэне еңбек өнімділігін белгілі бір дэрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің жэне орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда жэне жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бүл жүйе бойынша еңбекақы есептеу мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығьшың әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады.
Бүл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылықтың негізгі жүмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бүл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың жэне тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өңдіргені үшін слесарьларға, оператор-ларға жэне жөндейтін жэне оларды жүмысқа дайындайтын басқа да жү-мысшыларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу
Мерзімді еңбекақыға жұ-мысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жршсына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша телем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін телемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жүмысты атқарғаны үшін төленетін төлем жэне тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz