Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру


Кіріспе

Жұмыстың тақырыбы: “Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру”

Жұмыстың тақырыптық өзектілігі: Алакөл аумағының қазіргі таңға дейін ірі масштабты геоэкологиялық картасын жоғарғы ГАЖ технологиясын қолданып құрастыру және талдау.

Жұмыстың мақсаты: Алакөл аумағының геоэкологиясын зерттеу, геоэкологиялық аудандарға бөлу, солар арқылы аумақтың масштабы 1:2 геоэкологиялық картасын ГАЖ көмегімен құрастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешіледі:

1) Алакөл аумағының гидрологиялық картасын құрастыру;

2) Сол аумақтың топырақ және геоморфологиялық картасының құрастырылуы;

3) Аталған аумақтың ландшафттық картасын құрастыру;

4) Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру;

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс 68 беттен, кіріспеден, 3 тараудан, 5 картадан, қорытындыдан, 56 әдебиеттер көзінен, қосымшадан тұрады. Жұмыс барысында зерттеу аймағының геоэкологиялық картасы сол аймақтың геоэкологиялық аудандарға бөліну сызбасы негізінде жасалды.

1 Жалпы геоэкологияға түсінік

1. 1 Дүние жүзінің геоэкологиясына жалпы түсінік

Геоэкология сөзі гректің ГЕО/ЭКО/ЛОГ/ия деген сөзінен құралған: “Гео” - грек тілінен аударғанда жер(абиота және ландшафт), “экос” - үй, тұрақ, “логос” - ғылым. Геоэкология - география ғылымдарының бір бағыты. Ол экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тимді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы иерархиялық деңгейдегі (физикалық - географиялық аймақ, провинция, ландшафт) географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерн зерттейді. Екінші бір қырынан геоэкология - экология саласына да жатады. Өйткені географиялық процестерді қосымша экологиялық заңдылықтарға негіздеп зерттейді [1] .

Геоэкологиялық көзқарас, әсіресе Германияда аса қарқынды түрде дамыды және геоэкология терминін алғаш енгізуші де неміс ғалымдары еді. Геоэкология термині К. Тролльдың есімімен тығыз байланысты. Терминді Тролль екі әдістің - табиғи құбылыстардың кеңістіктік өзара қатынастарын зерттеуден тұратын “горизонтальдық” және экожүйе аясында құбылыстар арасындағы өзара қатынастарды зерттейтін “вертикальды” әдістердің бірігуін көрсету үшін енгізілген болатын. жоғарыда айтылған міндеттер ландшафттану және биогеоценология аясында шешіледі. Термин классикалық экологияға қарсы енгізілген, ол уақытта жақсы тармақталған құрылым болды. олар: өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, микроағзалар экологиясы, жалпы экология және т. б. К. Тролльдың айтуынша “геоэкология” және “ландшафтық экология” синоним, яғни мағыналас сөздер. К. Тролль бойынша, ландшафттық экология ландшафттарды өсімдіктер мен абиоталық орта арасындағы экологиялық қатынастарды талдау, топологиялық деңгейде табиғи кешендердің құрылымы мен құрылуы, табиғи кешендердегі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті және баланс, зат және энергияны талдау жолымен зерттеуі тиіс. Мұндай әдіс ландшафттың биологиялық өнімділігін қоршаған ортаның климаттық жағдайларымен тығыз байланыстырады [2] .

Карл Тролль 1889 ж. 24 желтоқсанда Баварида Вассербург қаласына жақын маңда дүниеге келді. 1975 ж. 21 шілдеде Бонн қаласында өмірден өтті. Берлин (1930 ж. бастап) және Бонн (1988 ж. бастап) университетінің профессоры, Бонн университетінің Географиялық институтының директоры, Бонн университетінің (1960-1961 ж. ж) ректоры қызметін атқарған. Карл Тролль әуе географиялық барлау және аэрофотосуреттерді ландшафттық-экологиялық бажайлау маманы болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер бедерін, климатты, өсімдіктер жамылғысын, олрдың өзара әрекетін, әсіресе, тропикалық елдерді, сондай-ақ, экологиялқ ландшафт мәселесне арналған. Тролльдің геоэкологияның дамуына қосқан үлесін К. К. Марков өзінң “К. Тролль және қазіргі география” (СССР, сер. География 1976 ж. ) мақаласында атап өтті [3] .

Геоэкология немесе ландшафтық экология жеке ғылыми бағыт ретінде өткен XX ғасырдың 30 - 40 жылдарында белгілі бір геожүйеге түсіп, адамдардың өмір сүріп отырған қоршаған ортаның экологиялық айналасын сипаттау негізінде пайда болды. Ғылыми әдебиеттерде геоэкологияның ландшафтар экологиясынан басқа биогеоценология, адамдар экологиясы, географиялық экология тәрізді балама атаулары да кездеседі.

XX ғасырдың 60 ж. геоэкология мазмұны кеңейді. Ол адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің абиотикалық орта мен тұтас ландшафтқа әсерін зерттей бастады.

Ресейде “геоэкология” термині 70 ж. басынан кеңінен қолданыла бастады. Елімізде ландшафттық экология концепциясын академик В. Б. Сочава дамытқан болатын, ол фитоценология, экология және ландшафттанудың ғылыми әдістерін біріктірді. Геоэкология экологиялық өзара қатынастардағы кеңістіктік байланыстарды айқындауға бағытталған географиялық зерттеулерде экологиялық әдістемелерді қолдану нәтижесінде қалыптасты. 1970 ж. аяғынан бастап ландшафттық-экологиялық бағыт ландесмәдениет деп аталатын бағытта қалптасты. Ландесмәдениет - синтезделген, неміс классикалық географиясы уақытынан бері дамып келе жатқан ландшафт жайлы, ландшафт күтімі, ландшафттық жоспарлау жайлы ғылым.

Қазіргі геоэкология қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік өзгерістердің географиялық салдарын, оларды экологиялық бағалауды зерттеумен айналысады. б. и. Кочуров анықтамасы бойынша, геоэкология дегеніміз - тірі ағзалардың тіршілік ету абиотикалық ортасы мен өзара әрекеттесуінің кеңістіктік-уақыттық заңдылықтары жайлы ғылым. Геоэкология зерттеулерінің нысаны геожүйе болып табылады. Жекелеген геоэкологиялық көзқарастар 1939 жылға дейін болды. Геоэкологияның құрылуы мен дамуының тарихында 4 негізгі кезеңді айта кетуге болады:

1) Геоэкологиялық білімдердің жинақталу және геоэкологияның ғылымретінде пайда болу үшін(1939 ж. дейін) концепцияларды ұғыну кезеңі.

2) Ландшафттық экологияның пайда болуымен байланысты (1939-1960 ж. ж) географияда экологиялық әдістің дамуының кезеңі.

3) Өзекті ғаламдық және аймақтық экологиялық мәселелерді шеші үшін географиялық және экологиялық білімдердің интеграциялануымен байланысты салалық және кешендік геоэкологиялық зерттеулер кезеңі.

4) Геоэкологиялық білімді жалпылау және геоэкология әдістемесін қазіргі өркениеттің тұрақты даму концепциясын іске асыру үшін дамыту кезеңі[4] .

Жекеленген геоэкологиялық көзқарастар геоэкологияның пайда болуына дейін де болды. Ағылшын экономисті Адам Смиттің “Халықтың байлығы жайлы” еңбегінде адамдарды қоғамда еңбек бөлінісі байланыстыратынын айтқан болатын. Байлық көзі ретінде ол табиғи ресурсқа аз көңіл бөлді. Алайда, ол жер табиғи ресурстарға бай екендігін мойындаған болатын.

Американдық географ Джордж Перкинс Марш “Адам және табиғат” (1864 ж. ) атты еңбегінде экологиялық мәселелердің артуы жайлы айтып өтті. Ол қоршаған ортаға кері шаруашылық әрекетті шектеу жайлы ұсыныс жасады.

Ағылшын дін қызметшісі Томас Мальтус “Халықты орналастыру принципі жайлы эссе” (1798 ж. ) атты кітабында халық азық-түлік өндірісінен де тез өседі деп айтқан болатын. Бұл ары қарай азық-түлік жетіспеушілігімен байланысты экологиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін.

Александр Иванович Воейков “Климат және халық шаруашылығы” (1891 ж. ) мақаласында қолайсыз табиғи құбылыстарды далалық орман өсіру, су мелиорацияс жолымен жеңуге болатынын жазды.

1922 ж. ағылшын геологы Роберт Шерлок “Адамзат геологиялық агент ретінде” кітабын жарыққа шығарды. Онда литосферадағы антропогендік өзгерістер жақсы қарастырылған. Тау жасалулар антропогендік денудация, ал үйінділердің пайда болуы антропогендік аккумуляция ретінде қарастырылған.

1968 ж. итальян өнеркәсіпшісі Аурелио Печчи ғаламдық мәселелерді зерттейтін ғалымдар тобын жинады. Бұл ғалымдар тобы “Рим клубы” атауын алды. 1968 ж. бастап “Рим клубының” баяндамалары шыға бастады. Ол үшін алғашқы зерттеулер американдық ғалымдар Деннис және Донелло Медоуз 1972 ж. “Өсім шектері” атауымен орындалды. Авторлар математикалық модельдеу көмегімен ғаламдық даму сценариін бажамдады. Олар санының сандық өсуі, табиғи ресурстарды өндіру, өндірістің дамуы, өндіріс қалдықтары мен ластаушылардың артуы жердуң шектеулі мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа келеді деген қорытынды жасады. Сондықтан да адамзат өз тіршілік етуінің стратегиясын өзгертуі тиіс. “Адамзат жолайырықта” екінші баяндамасы 1975 ж. М. Месерович (АҚШ) және Э. Пестель (ФРГ) дайындады. Авторлар аймақтық әлемдік мәселелерді талдай отырып стихиялық дамуды апатқа алып келеді, сондықтан әлем ары қарай стихиялық дамымауы тиіс деген қорытындыға келді. Әлемнің стихиялық (бей-берекет) дамуы үнемі кеңейіп отыратын тұңғиыққа алып келеді: адам мен табиғат, бай мен кедей арасындағы апаттан тек осы тұңғиықты жою арқылы ғана құтылуға болады. Үшінші баяндама “Халықаралық реттіліктегі қайта құрулар” голанд экономисті Ян Тинберген бірлескен авторлармен бірге дайындады және локальдық (желілік) және ғаламдық мақсаттардың бірігу мүмкіндігін көрсетті. “Ғаламдық қоғам үшін мақсат” атты төртінші баяндаманы философ Э. Ласло дайындады. Рим клубының күш салуының арқасында қоғамның әлемдік мәселелер жайлы көздері ашылды.

Жалпы геоэкология ландшафт және одан да ірі округ, провинция облыс, аймақ сияқты физикалық-географиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктерінің экологиялық қасиеттерін зерттеумен шұғылданады. Оның міндетіне белгілі геожүйе шекарасындағы адамдардың өндірістік іс-әрекеті мен олар мекендеген орта жағдайын зерттеп білу жатады. Әрі геоэкологияның ең маңызды ғылыми-практикалық міндеттерінің бірі - ландшафттық-экологиялық карталарды құрастыру, сол сияқты табиғи-экологиялық және шаруашылық-экологиялық аудандастыру сызбаларын жасау болып табылады.

Нақты айтқанда геоэкология жалпы, қолданбалы және аймақтық болып бөлінеді.

Жалпы геоэкология жалпы жерлік, ғаламдық процестер мен құбылыстарды зерттейді. Оның құрамына экогеоморфология, жер қойнауы экологиясы, атмосфера экологиясы, гидроэкология және т. б кіреді.

Шаруашылық іс-әрекеттің белгілі аясындағы геоэкожүйелердің қалыптасуы мен өзгерісімен байланысты процестер мен құбылыстарды қолданбалы геоэкология зерттейді. Оған: агроэкология, урбоэкология, орман шаруашылығы, рекреациялық, сушаруашылық экологиясы және т. б жатады.

Аймақтық геоэкология шаруашылық мақсатта қолданылатын, нақты территорияда болатын процестер мен құбылыстарды зерттейді. Оларға: әкімшілік-территориялық құрылымдар геоэкологиясы, табиғат зоналары геоэкологиясы, гидроэкология және өзен алаптарының геоэкологиясы және т. б[5] .

Геоэкологиялық зерттеулердің басты мақсаты табиғи және антропогендік геожүйе, шекарасындағы қоршаған ортаның кеңістіктегі экологиялық фонын зерттеп білу арқылы ондағы қолайлы экологиялық жағдайды сақтау немесе қайта қалпына келтіру жөнінде нұсқау түріндегі ұсыныстар даярлау. Бұл жерде геоэкология үшін ең негізгілері: геожүйелердің тұрақтылығын және жоғары өнімділігін сақтау, табиғи антропогендік ландшафттар шегінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлап, бұзылу құбылыстарын болдырмау. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда ең алдымен белгілі геожүйеде әр түрлі өнеркәсіп өндірістерін орналастырудың мүмкіндігі мен жағдайларына жан-жақты экологиялық экспертиза жасауда оны адамдардың өмір сүру ортасымен экологиялық үйлесімділігін есепке алып, қарастырумыз керек.

Геоэкологиялық зерттеулер әдістемелеріне дәстүрлі, ландшафтық-географиялық және экологиялық зерттеу тәсілдері мен пән аралық принциптері негіз болып қаланады. Оның бастыларына: далалық, сипаттамалық, эксперименттік, салыстырмалы және модельдік әдістер жатады. Осы аталған әдістерге ортақ нәрсе, олардың жүйелілік тұрғысында бірыңғай методологияға біріктірілуі. Жалпылама экологияландыру идеясы қазіргі қоғамымызды жан-жақты қамтуда. Көптеген пәндер экологиялық мәселені өздерімен бірлікте қарастыруда. Геоэкологиялық дағдыларды меңгеру үшін келесі: математика, физика, химия, биология тәрізді іргелі жаратылыстану пәндері заңдылықтарының қомақты білім көзі болуы шарт. Геоэкологиялық қүрылымын біз, осы ғылым салаларына негізделген табиғатты қорғаудың жалпы және жекелеген мәселелерін қарастыратын кешендер түрінде бірнеше блоктарға жіктейміз [2] .

XX ғасырдың екінші жартысында геоэкология ғылым ретінде ерекше дамыды. Оның себебі, географиялық ортаның антропогендік өзгерістерге ұшырауынан. Бүл өзгеріетердің ауқымдылығы адамдардың өздерінің тікелей және жанама әсерін тигізуінен болып отыр. Әсіресе қазба байлықтарды өндіруде, жердің беткі қабаттарына түсетін әсердің сол жердің табиғи кешендерін күрт өзгеретінін есептемеді. Академик А. Л. Янщин айтқандай екінші дүние жүзілік соғыстың өзі қоғамға орасан шығын мен коршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соқты. Осының салдарынан экологиялық жағдай түбірімен өзгерді, табиғат деградацияға ұшырады. Халық санының күрт артуы және қазба байлықтарды өндіру, кен алаңдарының көбеюі өсімдік пен жануарлар түрінің, олардың тіршілік ареалының барынша азаюына әкеліп соқты. Сонымен қатар өндірістің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жедел дамуы табиғи ортаның күрт өзгеру салдарынан экологиялық нашар аудандарды қалыптастырды [6] .

  1. Қазақстан аймағының геоэкологиялық мәселелер

Қазақстаннң табиғат жағдайлары бірқатар оқулықтар мен ғылыми еңбектерде сипатталған, дегенмен олардың барлығы да табиғатты қорғаудың аймақтық астарларын қарастырмайды.

Қазақстанның физикалық географиясы бойынша жоғарғы оқу орындарына арналған бірінші оқулықты 1968 ж. В. М. Чупахин шығарды [7] . 1970 ж. В. М. Чупахиннің “Природное районирование Казахстана” деп аталған монографиясы жарық көрді [8] . Онда республиканың табиғат жағдайларының жалпы сипаттамасы, табиғат зоналары мен биіктік белдеулері туралы мәліметтер, Қазақстанның физикалық-географиялық облыстарының кешенді сипаттамасы берілген. Екі жұмыста да Қазақстан табиғатын қорғау жайында кейбір деректер келтірілген.

1969 ж. “Природные условия и естественные ресурсы СССР ” сериясында “Қазақстан” деп аталатын үлкен ғылыми монографиялық еңбек басылып шықты. Бұл жұмыста республиканың табиғат жағдайлары, табиғат зоналары, зона тармақтары егжей-тегжейлі сарапталған, табиғатты қорғауға қатысты жеке мағлұматтар берілген [9] .

Қазақстан геоэкологиясы проблемаларын Қазақ университеті ғалымдары кеңінен зерттеуде. Қазақстанның ландшафтық экологиясы ның ғылыми-қолданбалы астарларын қамтитын алғашқыларының бірін А. В. Чигаркин жазды. Ол 1973 ж. “Охрана природы Казахстана” деп аталатын оқу құралын шығарды. Бұл жұмыста “Охрана природы пустынь Қазахстана ” картасы бар. Алғашқы табиғатты қорғау карталарының бірі болса да, осы картада түрлі табиғатты қорғау фонымен сипатталатын және түрлі табиғатты қорғау шараларын қажет ететін ландшафтардың 50 түрі көрсетілген [10] .

Бірінші рет А. В. Чигаркин Қазақстан геоэкологиясының аймақтық аспектілерін зерттеді. А. В. Чигаркин Қазақстан геоэкологиясы мәселелерін толығырақ өзінің 1995 ж. шыққан монографиясында қарастырды. Бұл еңбегінде ол геоэкологияның теориялық және әдістемелік негіздерін жазды, геожүйелердегі экологиялық факторлар мен антропогенезді зерттеп, оның салдарына баға берді [11] .

Қазақстанның аумақтық экологиясына 1996 ж. Баслып шыққан “Карта экологической напреяженности Казахстана” үлкен үлес қосты. Оның масштабы 1:25, құрастырғандар Б. А. Досанова, Л. К. Алексеевка, Н. М. Франковская (Г. Р. Бекжанов редакциясымен) . Бұл Қазақстанның алғашқы экологиялық картасы, оны құрастыруға көптеген қазіргі материалдар қолданылған. Картада қалалар мен елді мекендердің ластанудың басым түріне және табиғи ортаның өзгеруіне байланысты аудандастырылуы, экологиялық бұзылуды анықтайтын табиғи факторлар, қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлар мен олардың шығу тегі көрсетілген. Карта Қазақстанның қоршаған ортасының экологиялық жағдайының кеңістік айырмашылығын толық көрсетеді [12] .

Қазақстанның географиялық орнының экологиялық салдары

Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан және Түркменстанмен шекаралас. Оңтүстік - Шығыстан басқа жерде табиғи шекара жоқ, сондықтан ауа массасымен және өзен ағынымен техногендік ластаушылардың трансшекаралық қозғалысы жеңілдейді.

Қазақстанның ерекшелігі - оның Орталық Азияның батыс бөлігіндегі континенттік орны мен аумағының үлкен бөлігінің ағынсыз болуы. Географиялық орнының осы ерекшелігіне байланысты Қазақстан табиғатының сипаты төмендегідей: шұғыл континенттік климат, су ресурстарының тапшылығы мен бірқалыпты таралмауы, аридті және семиаридті ландшафттардың басымдылығы.

Қазақстанның континенттік орнына байланысты оның аумағында антропогендік әсерге деген орнықтылығы төмен, техногенез әсеріне қарсылығы ең әлсіз - шөлд (45%) және таулы (25%) ландшафттар басым. Қазақстан аумағының 75%-ы қоршаған ортаның экологиялық бұзылуына бейім. Сонымен қатар Қазақстан аумағында халық сирек қоныстанған. Халық саны 15 млн. 75 мың адам (2005ж. ) [13] . Бұл жағдайды табиғи орта үшін экологиялық тұрғыдан қолайлы деп есептеу қажет.

Қазақстанның экономикалық-географиялық орны жалпы алғанда тиімді емес, себебі Республиканың Дүние жүзілік мұхитқа тіке шығатын жолы жоқ.

Географиялық орны табиғи ресурстарды игеруге, экономикалық даму қарқынына, қоршаған орта жағдайына әсер етеді.

Геологиялық құрылысының экологиялық салдары

Қазақстанның жер бедерінің түрлілігі оның геологиялық құрылысының күрделілігіне байланысты.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына геологиялық құрылымның әсері түрліше. Геожүйелердің экологиялық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар: тау жыныстарының литологиясы, оның қалыңдығы, техногендік әсерге орнықтылық дәрежесі.

Жасы мен литологиялық құрамы әр түрлі тау жыныстарындағы түрлі пайдалы қазба кендерінің экологиялық маңызы зор. Бұл тау жыныстары пайдалы қазбаны өндіргенде көбіне жер бетіне шығарылады. Осы жағдайда ландшафттың табиғи геохимиялық фоны өзгереді, түрлі геохимиялық аномалиялар қалыптасады

Пайдалы қазбалардың өндірілуі және болашағы жер бедерін бұзатындықтан, топырақ пен өсімдікті жоятындықтан, су тартылатындықтан және табиғи орта ластанатындықтан экологиялық шиеленісу көзі болып отыр [14 ] .

Қазақстан экологиялық жағдайының климаттық шарттары

Қоршаған орта жағдайына климат үлкен әсерін тигізеді. Атмосферадық ауаның түрлі табиғи және антропогендік факторлар әсерінен ластануының маңызы зор. Климат - жер беті, жер асты суларына, өсімдк, топыраққа және табиғи-антропогендік ландшафттарға күшті әсерін тигізетін маңызды экологиялық фактор.

Қоршаған ортаның экологиялық бұзылуының көптеген процестерін климат не күшейтеді, не тежейді.

Қазақстан климатының маңызды экологиялық салдары мынадай:

1) жыл мезгілдерінің температуралық айырмасының алшақтығының үлкендігінен және атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің аздығынан көрінетін климаттың континенттілігі мен құрғақтығы;

2) атмосфералық құрғақшылық пен шаңды дауылдардың жиілікпен қайталануы. Ол қазақстан шөлдерінде бір жылда 90 күнге жетеді;

3) атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің барлық жерде аздығы мен оның уақытшалығы атмосфераның өздігінен тазаруына, ластанған топырақтың, өзендер мен су қоймаларының жауын-шашынмен шайылуына кедергі жасайды;

Геожүйелердің экологиялық жағдайына климат әсерінің түрлілігі осы аталғандармен бітпейді.

Ландшафттардың экологиялық қасиеттері

Қазақстанның түрлі аймақтарының экологиялық проблемалары көп жағдайда осы табиғи ландшафттардың қасиеттеріне байланысты. Географиялық ландшафттар дегеніміз А. Б. Исаченконың анықтамасы бойынша−құрамына жанасып жатқан локальді геожүйелердің арнайы жиынтығын біріктіретін, зоналық және азоналық белгілері бірдей, генетикалық тұрғыдан бірыңғай аумақ. Ландшафттардың маңызды қасиеті - орнықтылығы, яғни антропогендік әсерге өзінің ресурстық және орта қалыптастырғыш қызметтері мен қасиеттерін сақтай отырып қарсы тұру қабілеті. Бір аумақта түрлі ландшафттардың кездесуі - осы аумақтың экологиялық (геоэкологиялық) жағдайының алуан түрлілігінің себепшісі.

Қазақстан ландшафттары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жазық аймақтарда ландшафттардың 4 типі, 10 тип тармағы, 485 түрі белгілі [15] .

1. 2. 1 Геоэкологиялық аудандаудың әдістемелік негіздері

Геоэкологияның (ландшафттық экологияның) маңызды мәселесі - адам-зат қоғамы мен табиғаттың өзара байланысының кеңістіктік уақыттық заңдылықтарын танып білу. Осы мақсатта тек адамды қоршаған табиғи орта (табиғи геожүйелер) ғана емес, сонымен бірге адам қызметінен өзгерген (табиғи-антропогендік геожүйе) орта да ғылыми тұрғыдан зерттеледі. Геоэкологияның ғылыми пән ретіндегі мақсаты - түрлі деңгейдегі табиғи және табиғи антропогендік геожүйелердегі адам тіршілігінің экологиялық жағдайын зерттеп, бағалау.

Геоэкология табиғи-антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайын физикалық-геоэкологиялық провинциялар, аудандар, ландшафттар, т. б. рангінде зерттейтін болғандықтан, геоэкологиялық аудандауға басты негіз жалпы ғылыми физикалық-географиялық аудандау бола алады.

Экологиялық жағдайы зерттеліп отырған аймақтардың табиғат қасиеттерінің бірдей болуы, осы геожүйелердің орнықтандыру мен табиғатын қорғауға бағытталған шаралар жүйесінң бірдей болуына мүмкіндік береді.

Физикалық-географиялық аудандаудың жалпыға белгілі мақсаты - барлық табиғи жағдайының ұқсастығы мен айырмашылығы негізінде жер бетін бір-біріне ұқсайтын табиғи аймақтарға бөлу. Геоэкологиялық аудандаудың алғашқы кезеңдерінің де негізг мәселесі осы.

Фактілік деректердің аздығы, геоэкологиялық аудандау әдістемесінің жеткілікті зерттелмеуі Қазақстанның геоэкологиялық аудандалуын геоэкологиялық аудандау рангінде көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Қазақстанның ұсынылып отырған геоэкологиялқ аудандалуының ең төменгі бірлігі - геоэкологиялық анклав. Бұл физикалық-географиялық провинцияның табиғи ортасының орнқсыздану деңгейі доминантты фонмен салыстырғанда жоғары бөлігі. Бұл экологиялық жағдайы антропогендік әсерден шиеленіскен ареал. Ол физикалық-географиялық округ, ауданның бөлігі болып табылады, кейде оның шекарасымен сәйкес келеді. (Геоэкологиялық анклавтардың экологиялық қасиеттері А. В. Чигаркиннің жұмыстарында берілген) [11] .

Сонымен, геоэкологиялық аудандау белгілі бр аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайдың кеңістіктік заңдылықтарын көрсетеді. Экологиялық жағдайы бағаланатын аймақтардың экологиялық қасиеттерінің бірдейлігі, осындай геожүйелерде экологиялық жағдайды жақсарту, қалпына келтруге бағытталған шаралардың да бірдей болуына мүмкндік береді.

Табиғатты пайдалану мәселелерін шешуде геоэкологиялық аудандаудың маңызы зор. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған еңбекті және қаржыны көп қажет ететін шаралар кешенін геожүйелерді экологиялық реконструкциялау стратегиясы деп атайды.

  1. Геоэкологиялық аудандау

Қазақстанның табиғат жағдайларының басқаға ұқсамайтын күрделілігі мен алуан түрлілігі осы аумақты табиғи аудандаумен айналысқан ғалымдарды түрлі ғылыми тұжырмдар жасауға мәжбүр етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлеріне әсер ететін физикалық- географиялық факторлар
Талдықорған облысының ландшафтық, геоэкологиялық жағдайлары
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Ертіс атауының этимологиясы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қызылорда қаласының антропоген жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz