Халықаралық құқық


Қортынды13 Пайдаланылған әдебиеттер. 14 Кіріспе1. Халықаралық құқықтың тарихы және ғылыми жүйесі . . . 4
2. Халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен қызметі . . . 7
Мемлекеттер арасындағы сындарлы қарым-қатынастын алғышарты халықаралық құқтың және мемлекеттедін егеменді құқық, нормаларын құрметтеу болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастармен бірге пайда болады. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттейді және сонымен бірге оның нормаларына ықпал етеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірі үшін орасан манызы бар тарамдана дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықтық нормалардың мазмұнын белгілейді.
Халықаралық қатынастар дегеніміз - ол мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге байланыстырдың жүйесі.
Халықаралық қатынастар үшін мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту және кеңейте түсу, халықаралық үйымдардың ролін арттыру, бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларын шеше білу, ядролық соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың беделін көтеру қасиеттері тән. Халықаралық құқықтың даму және өмір сүру проблемаларын анықтай отырып, қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшеліктері, халықаралық жүйенің ұғымы мен компоненттерін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық құқықтың мемлекеттің ішкі құқығынан құқық нормаларын қамтамасыз ету тәсілі жағынан да айырмашылығы бар. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттер арасындағы келісімдер процесінде ғана қалыптасады.
Мен бұл жұмыс барысында халықаралық құқықтың тарихын, ғылымы және жүйесін сондай-ақ халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен қызметіне қатысты мәселелерді қарастып кетуді мақсат етіп отырмын.
1. Халықаралық құқықтың тарихы және ғылыми жүйесі
Халықаралық құқықтың тарихы халықаралық құқықтық қатынастардың пайда болыуымен тығыз байланысты. Бастапқыда құқық саласы ретінде халықаралық құқық деген ұғым қарастырылмаған, алайда кейінрек мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі бұл қатынасты құққықтық тұрғыдан реттеу қажеттілігін тудырған болатын. Халықаралық құқықтың пайда болуына басты ықпал еткен факторлардың бірі ол, әрине Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы деп айтуға болады. Бірккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқықтық қатынастарды бір жүйеге келтіріпәр түрлі мемлекеттер арасындағы қатынастарға құқықтық сипат бере бастады және халықаралық құқықтық қатнастардың субъектілік құрамын қалыптастырды деп айтуға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылыуына байланысты халықаралы сипаттағы құқықтық құжаттар, кейінерк нормалар қабылданып оларға халықаралық қатнастарды реттеуге ресми ықпал берілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен қатар осы ұый қасынан әр түрлі халықаралық ұйымдар құрыла бастады олар Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан әртүрлі мемлекеттермен қарым қатынасқа түсіп әлемдік аренада зор саяси, әлеуметтік, экономикалық ықпалға ие бола бастағанды. Халықаралық құқық нормалры Біріккен Ұлттар Ұйымыныңның мүшесі болып табылатын мемлекеттерде ресми мойындау тапқаннан кейін, яғни ратификациядан өткеннен кейін өзінің мәні бойынша дербес мемлекетпен байланысты екеніне қарамастан, ол жеке мемлекеттің құқығы бола алмайтыны сияқты, мемлекеттен жоғары тұратын құқық сипатына ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған құжаттар ол мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын орнататын және қамтамасыз ететін мемлекетаралық, құқық болып саналады. Бұл қатынас, өзінің таптық табиғаты, саяси сипаты, ішкі құрылысы, аумақтық құрамы, халқының саны жағынан әр түрлі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және басқа да қатынастарды қамтиды. Бұл арада халықаралық құқық пәнін халықаралық-құқықтық қатынастан айыра білу қажеттігін айта кетуіміз керек. Халықаралық-құқықтық қатынастар объектісі дегеніміз -ол құқық субъектілері өзара жалпы танылған халықаралық қатынас принциптері мен нормалары негізгінде не үшін құқықтық қатынасқа түсетін болса, соның бәрі. Объектілердің үш түрі ажы-ратылады: аумақ, іс-қимыл, іс-қимылдан тартыну. Аумақ, әсіресе әскери сипаттағы мәселелерде, объекті ретінде алға жиі шығады. Іс-қимыл - мемлекеттер арасындағы әр түрлі құқықтық қатынастардағы - бейбітшілік мәселесіндегі, өзара көмекті үғынудағы обьекті болып саналады. Бейтараптық мәселелері, соғыс жүргізу заңдары мен әдет-ғұрыптар - объектілердің соңғы түріне жататын объектілер болып есептеледі. Халықаралық құқық объектісі халықаралық құқық принциптері мен нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Құқық субъектілерінің еріктерімен келісумен қатар, халықаралық құқық күштеп көндіру шараларын да қолданады. Халықаралық өзара ынтымақтастықтың аясы кеңейген сайын объектілер шеңбері де кеңейе түседі. Мәселен, жер серігі байланысының құқығы, атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану, ішкі континентальдық мемлекеттер мәртебесі секілді осы заманғы бағыттар объектілердің жаңа жүйесін жасайды.
Басқаша айтқанда, халықаралық құқықтың, құқықтың барлық басқа салалары мен жүйелерінен айырмашылығы, "келісім сипаты" болады. Халықаралық құқықтың негізгі ерекшеліктері осы қысқа тұжырымдаудан азды-көпті байқалып қалуы мүмікін.
Мемлекеттің ішкі барлық құқық салаларында субъектілер, яғни құқықтар мен міндет иелері жеке және заңды түлғалар болып табылады, ал халықаралық құқықта субъектілерге екі топ жатады.
І-топ - негізгі субъектілер.
а) егеменді мемлекеттер;
б) өздерінің тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан ұлттар мен халықтар.
ІІ -топ - қосалқы топтар.
в) халықаралық ұйымдар;
г) мемлекет-тектес құрылымдар.
Соңғы жылдары халықаралық құқықтың дамуы, индивидтің халықаралық-құқықтық субъектілігінің теориясы кеңінен қолдау тапты. Халықаралық құқық нормаларының құрылу тәсілі оның елеулі ерекшелігі болып табылады. Мемлекеттің ішкі құқығын мемлекеттің арнайы органдары жасайды және ол ұлттық құқықтың тікелей субъектілерінен жоғары тұрады.
Халықаралық құқыктағы норма жасау процесі өзгеше. Бұл процестің негізіне халықаралық құқық нормаларын жасау тәсілі ретінде мемлекеттер еріктілігін келісу теориясы жатады. Халықаралық құқықтың майталманы Г. И. Тункиннің сңбектерінде барынша толық дамытылған бұл теория - теория мен практикадағы ең іргелі зерттеу болып саналады.
Бұл теория бойынша, халықаралық құқық нормалары немесе әдеттегі келісімді болып мемлекеттердің арасындағы келісім негізінде жасалады, ол мемлекеттердін еріктерінің келісуі нәтижесінде пайда болады. Халықаралық құқыұ нормалары екі, бірнеше немесе көптеген мемлекеттердің еріктілігін келісу жолымен жасалынады.
2. Халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен қызметі
Халықаралық құқық үшін халықаралық ынтымақтастыққа қатысушылар мінез-құлқыкың неғұрлым маңызды және ортақ ережесі ретіндегі негізгі принциптердің ерекше жүйесін құрайды.
Халықаралық құқықтың негізгі принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің аса маңызды заңдылықтарын білдіреді. Принциптер жүйесіне мыналар тән:
Әмбебаптық.
Жалпы танылғандық.
Жалпы міндеттілік.
Тұрақтылық.
Бұл соңғырлардың халықаралық құқық жүйесіндегі орнын, олардың қалыптасуы ерекшеліктерін алдын ала анықтайды. "Егер жалпы халықаралық құқықтың бұйрықты нормасы норма болып саналса, мемлекеттердің біртұтас халықаралық қауымдастығы қабылдаса және таныса . . . "1 негізгі принциптер құқықтық нысанға ресімделеді. БҰҰ жарғысы, 2 бабында негізгі принциптері және оларды қамтамасыз ету шаралары белгіленген. Оған қоса, ңегізгі принциптер мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда ашып көрсетілген. 1975 жылғы Хельсинки Кеңесі Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Қорытынды актісінде негізгі принциптер мазмұнын дамыта түседі. Негізгі принциптерді нақты іске асыру мемлекеттердің келісім практикасында кездесіп отырады. Мысалға, 1994 жылғы 15 сәуірдегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация, 1994 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Рсспубликасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы демократиялық әріптестік туралы Хартия, 1994 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы негізгі өзара ынтымақтастықтар туралы Декларацияны атауға болады.
Принциптер жүйесідегі бейбіт қатар өмір сүру принципінің, біздіңше, жинақтау сипаты бар. Бейбітшлікті қолдау және халықаралық қауіпсіздік негіздерін сипаттайтын принциптерге: аумақтық тұтастық принципі; күш қолдануға және қоқан-лоққыға тыйым салу, туындаған халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу принципі; шекаралардың мазғымастық принципі жатады.
Халықаралық ынтымақтастық принципі, біріншіден, мемлекеттердің егемендік теңдігімен; екіншіден, ішкі ісіне қол сұқпаушылықпен; үшіншіден, мемлекеттердін әр түрлі салаларда қарым-катынас жасауымем; төртіншіден, мемлекеттік егемендігін сыйлаумен; бесіншіден, өзіне қабылдаған міндеттемелерін адалдықпен орындаумен сипатталады.
Адам құқығын қорғау тетігін анықтау үшін, адам құқығы мен негізгі бостандығын құрметтеу принципінің, халықтар мен ұлттардың өзін-өзі басқару принципінің маңызы үлкен.
Халықаралық жариялық құқығының ерекшелік қасиеттерін анықтай отырып, таным көздері жүйесіне, халықаралық көпшілік құқығының субъектілік құрамына, жауапкершілік институтының ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталу қажет.
Бұл мәселелер оқу құралының жеке тарауларында қарастырылды.
Сонымен, халықаралық құқыққа мынадай барлық негізгі құқық белгілері тән екен: 1. Құқық - ол мемлекеттік-еріктік құбылыс; 2. қоғамдық қатынастарды реттеуші заң нормалары; 3. мінез-құлық төлімін сақтау үшін, мемлекеттік мәжбүр етуді қолдану.
Халықаралық құқық - бұл мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатынасатын кейбір басқа да құрылымдар арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды реттейтін құқық саласы. Ол ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан елеулі түрде айырылатын құқықтың ерекше жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық дегеніміз халықаралық қатынастарды реттейтін және біршама келісілген мемлекеттердің еркін білдіретін келісімдік және әдеттегі нормалар мен принциптер жүйесі болып табылады.
Халықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгілеген шектер мен нысандарда мемлекеттердің жеке және ұжымдық шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Құқық анықтамасы халықаралық құқыққа да жатады, бір ғана өзгешелігі, әрбір анықтау элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі бар. Мәселен, халықаралық құқыққа құқықтың мынадай дәстүрлі белгілері тән: мемлекеттік-еріктік сыйпаттағы құбылыс; заңдық нормалар белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді; мәжбүрлеу халықаралық-құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, халықаралық құқық үшін кейбір өзгеше ерекшеліктер тән. Халықаралық құқықтың халықаралық құқықты ерекше құқық жүйесіне жатқызуға мүмкіндік беретін ерекше сипаттары да бар.
Бұл ерекшеліктерге жататындар:
1. Реттеу (арқауы) пәні.
2. Ерекше субъективтік құрам, атап айтқанда, егеменді мемлекеттердің болуы.
3. Халықаралық құқықтағы норма жасау процесінің нәтижесі ретіндегі қайнар көздерінің ерекше жүйесі.
4. 3аң шығарушы, атқарушы және сот органдары жүйесінің жоқтығы.
5. Жауапкершілік институты.
Халықаралық жариялық құқығы - ол құқық субъектілерінің еріктерімен келісе отырып жасайтын заң жүзінде міндетті деп саналатын және қажет болған жағдайда мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілетін нормаларының жүйесі.
Халықаралық құқықтың қызметі деген сөз - ол халықаралық құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның, яғни халықаралық жүйе компоненттерінің арасындағы үнемі болатын қарым-қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық ролін одан әрі тани түсуге, оның дамуына болжам жасауға, оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық құқық функцияларын жүзеге асыру процесі.
Халықаралық құқықтың басты функциялары оның халықаралық қатынастардың негізгі қатысушыларымен өзара іс-қимылдарынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері әр түрлі амалдарды пайдаланады.
Халықаралық құқықтың қызмет атқаруы үшін, бір жағынан -халықаралық құқық және сыртқы саясат ара салмағының, екінші жағынан - халықаралық құқық және дипломатия ара салмағының мәселелері көкейтесті болып есептеледі. Бұл мәселенің халықаралық жария құқық жөніндегі монографиялық еңбектерде тапай айтыс туғызғанын айта кету керек. Қаралып отырған проблема құқык. жөнс саясат ара салмагы туралы жалпы мәселенің бір бөлігі болып табылады. Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі сая-сатты мемлекеттің белгілі бір жоғарғы органдары бағыптап және бақылап отырады. Дипломатия сырта саясат құралы болып саналады.
Халықаралық жария құқықтың қызметі үшін, мыналар көкейтесті мәселелер болып есептеледі:
біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттерді жалпы танылған нормалар мен принциптерді басшылыққа алуды міндеттей отырып, оларлың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектейді;
екіншіден, халықаралық құқықтың, сонымен бірге, сыртқы саясат пен дипломатияны дамытуға негізі бар;
үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысатын органдардың қызметін реттейді.
Мысалы, халықаралық та, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипаттағы жеткілікті нормативтік база бар - дипломатиялық қатынастар жөніндегі 1961
жылғы Вена Конвенциясы, консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясы, Қазақстан Рсспубликасының "Дипломатиялық қызмет туралы" 2002 жылғы Заңы. Сыртқы қатынастар органдарының ерекшеліктерін зерттеу, құқықтық мәселелер мен агреман зардаптары, сенім және кері шақыру грамоталарын тапсыру, дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі және т. б. осы саланың мазмұны болып саналады. Қауіпсіздік құқығын зерттеген кезде халықаралық құқық мемлекеттің сыртқы саясаты-ның басты элементтерін негізге алады, мәселен, ұжымдық, аймақтық қауіпсіздікті анықтаған кезде; халықаралық қауіпсіздіктің халықаралық-құқықтық жолдарын қамтамасыз ету үшін.
Халықаралық қатынастарда құқықтың басылымдылық мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудару үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990-1999 жылдар кезеңін БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 17 қараша-дағы 44/23 және 1990 жылғы 28 қарашадағы 45/40 қарарларына сейкес халықаралық құқықтың Онжылдығы деп жариялады.
Он жылдықтың басты мақсаттары:
а) халықаралық құқық принциптерін қабылдауға және бекітуге көмек көрсету;
б) мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдарды, Халықаралық Сотқа өтініш жасауды және оны сөзсіз құрметтеуді қоса есептегенде, бейбіт жолмен шешудің қуралдары мен әдістеріне көмектесу;
в) халықаралық құқықты және оның кодификациясын прогрессивтік жолмен дамытуды қолдау;
г) халықаралық құқықты оқытуды, зерттеуді, таратуды және кеңінен танытуды қолдау. Осы онжылдықта адам құкығы Жалпы Декларациясының қабылданғанына 50 жыл (І948 ж. ), БҰҰ Жарғысына қол қойылғанына 50 жыл (1945 ж. ), халықаралық құқықтың негізгі принциптері туралы Декларацияның қабылданғанына 25 жыл (1974 ж. ), гуманитарлық, құқық жөніндегі Женева Конвенциясының 50 жылдығы (1949 ж. ) аталып өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz