Халықты жұмыспен қамту туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
Еңбек нарығындағы қолайсыз жағдайларға қарамастан еліміздің орнықты дамуы - тұрақты жұмыспен қамту саясатымен тығыз байланысты. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер жұмыспен қамту және жұмыссыздық жағдайларымен бетпе-бет кездесті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына әсер ететін, қаржылық нарықтық инфрақұрылым шарттары әлі де болса жеткіліксіздігінен, көптеген әлеуметтік проблемалар, соның ішінде, еңбек және жұмыспен қамту саласында көптеген кемшіліктер бетала бастады. Отандық өндірістің дамуына ықпалын тигізетін экономикалық және қаржылық механизмдерінің етіспеушілігі кейбір аудандарда әлеуметтік қақтығыстың пайда болуына әкеліп соқтырды, яғни кедейшілік пен жоқшылыққа әкелді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауындағы ең негізгі басымдылықтарының бірі - Бүкіл Қазақстандықтардың гүлденуі, жағдайының жақсаруы - жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес болып отыр. Бұл басымдылықтың негізінде қаржылық сектордың, яғни, микронесиелендіру, ұлттық капиталды белсенді түрде тарту, қоғамдық жұмыстармен мен қызмет көрсетулер деңгейін жоғарылату болып табылады. Қазіргі кезеңде экономиканың нақты секторында жұмыссыздықпен күресу проблемасын жаңа жұмыс орындарының құрылуымен, жұмыспен қамту саясатының белсенді жүргізілуімен және жұмыссыздықтан сақтандыру жоспарларымен шешу керек.
Отандық экономиканың шетел тауарларымен қызмет көрсетуіне ризашылығы, өзімізге кері әсерін тигізіп, бәсекелестік орта тудырады. Жоғарыда айтылған проблемалардың шешімі, жұмыспен қамтуды реттеу механизімінің қаржылық және ұйымдық - экономикалық өңдеуде ғылыми зерттеулерімен тығыз байланысты, яғни, жұмыссыздықты төмендетуде теориялық, сонымен қатар, тәжірибелік жоспарда қарау керек.
Нарықтық қатынастардың құрылу кезеңіндегі мемлекеттік әлеуметтік саясаттың ең негізгі міндеттерінің бірі - жұмыспен қамтылғандарды жұмыссыздықтан сақтандыру болып есептеледі. Бұл жүйе дамыған мемлекеттерде алдыңғы жүз жылдықта белсенді қолданылған. Экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде, яғни, Қазақстан Республикасында бұл жүйе төменгі дәрежеде дамыған. Қазіргі кезде бұл жүйе әлі теориялық және тәжірибелік негізде толық зерттелмеген.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау саласындағы ғылыми талқыланған жүйесінің болуы, қоғамның экономикалық потенциалын нығайтып, мемлекетті тұрақты экономикалық өсуге еңбек және жұмыспен қамту саласынды мемлекеттік саясатты орындауға мүмкіндік болар еді.
Экономикалық өсу адам әлеуетін дамыту және адам бойындағы таңдау қабілетін ұлғайту үшін кең мүмкіндіктер ашады. Осы әлеуетті іске асыру мақсаттарында адамдар анағұрлым негізді таңдау жасай білулері үшін бойдағы мүмкіндіктерді ұдайы кеңейтіп отырулары тиіс. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету экономикалық өсу мен адам дамуына мүмкіндіктер жасау арасындағы негізгі сабақтастырушы буын болып табылады. Барлық экономикалық мүмкіндіктердің ішіндегі ең маңыздысы Жұмыспен қамтылу немесе жұмыс істеу, лайықты тұрмыс деңгейіне жету үшін талап етілетін бірқатар тауарлар мен қызмет көрсетулерді иеленуге жағдай жасайтын табыстармен адамды қамтамасыз етеді. Бұл орайда жұмыспен қамтылу тек ақылы жұмысты ғана емес, сонымен қатар тіршілікке қажетті қаражаттар табудың барлық тәсілдерін ұйғарады.
Адамдар өз жұмысын ақшалай сыйақылар әкелуден бөлек көптеген өзге себептер бойынша да қастерлей біледі. Жұмыс қоғам өміріне адамның белгілі бір үлес қосуына және шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Жұмыс адамның өзін-өзі сыйлау сезімін және жеке басының қадір-қасиетін нығайтуға сеп болатын сый - құрметке ие болады. Жұмыс істеу сондай-ақ, адамның ұжымдық шешімдер қабылдауға қатысуына және адамдармен қарым-қатынас жасауына ұйытқы болады.
Жұмыс тұрмыс - салтымен біте қайнасады, өйткені адам еңбек қызметінің қай түрін таңдауына байланысты өзінің өмір жолын белгілейді. Жұмыс түрін дұрыс таңдауына адамның тек экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік және саяси әлеуетін арттырып, өмірге кең мүмкіндіктер ашып береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - халықты жұмыспен қамтудың реттеу механизімін теориялық - методологиялық негіздеу және халықаралық тәжірибелерін талдау.
1 - ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІС НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халықты жұмыспен қамтудың мәні, мазмұны және негізгі функциялары
Толық және белсенді жұмыспен қамтылу жағдайлары, жұмыссыздықтың төмендеуі экономикалық теорияда негізгі орынды алады. Экономикалық жүйенің дамуында мемлекеттің араласуы қажет.
Шетелдерде жұмыспен қамту және жұмыссыздық жағдайларын талқылау құлдырау кезінде де, қазірде де актуалды қаралуда. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық жағдайларын зерттей келе, казіргі кезде әлемдік көзқарас бойынша көптеген қақтығыстарға ие.
XX ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздық деңгейі жоғары болғанда, жұмыссыздық - бұл әлеуметтік қатер болып қаралды. Бұл жағдайға мемлекеттік реттеу талап етілді. Ал ХХ ғасырдың орта кезінде әлеуметтік еңбек қатынастарының даму шарттары және нарықтық экономикадағы құрылған қоғам негізінде жұмыссыздық түсінігіне дәстүрлі жаңа көзқарас қалыптасып, жұмыссыздық - мемлекетке зиян келтірмейтін ауыспалы әлеуметтік құбылыс.
Экономикалық ұстаным көзқарас тұрғысынан жұмыспен қамтылу -еңбекке қабілетті халықтың қоғамдық өнім жасау жөніндегі әрекеті.
Жалпыэкономикалық санат ретінде жұмыспен қамтылуды анықтаудың үш тәсілі бар:
1. Жұмыспен қамтылу жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы баланыстылығының көрінісі болып табылады. Жұмыс орындары мен қызметкерлердің саны бойынша, сондай-ақ сапасы бойынша да.
2. Жұмыспен қамтылу еңбек ету үрдісі немесе жеке адамдарға табыс әкелетін әрекет. Бұл ретте осы заңға қайшы келмеуін атап көрсеткен аса маңызды.
3. Жұмыспен қамтылу әлеуметтік - экономикалық және әлеуметтік еңбек қатынастарының жиынтығы іспеттес, оларды қалыптастыру мен реттеу заңнамалық және құқықтық нормаларға, еңбек келісімдеріне негізделеді.
Әр түрлі түсіндірмелерді ескеру арқылы жұмыспен қамтылудың толық анықтамасы былайша болуы мүмкін : жұмыспен қамтылу - нақты адамдардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты заңға қайшы келмейтін әрекеті, ол жұмыс істейтіндерге жалақы немесе еңбек табысын әкеледі, сондай-ақ ол еңбек рыногындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының сандық және сапалық баланстылығы дәрежесінің көрінісі ретінде пайда болатын әлеуметтік -экономикалық қатынастар.
Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес елдегі халықтың барлығы экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес топқа бөлінеді.
Экономикалық белсенді халық - статистикалық бақылаудың есепті мерзімінде материалдық құндылықтармен қызмет көрсетулерді өндіру үшін өздерінің еңбектерін ұсынатын адамдар. Осындай халықтың қатарына қатардағы халық, сондай-ақ қарулы күштерде қызмет атқарып жатқан адамдарда кіреді және ол екі құрамдас бөліктен тұрады: жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар.
Экономикалық белсенді емес халыққа - жасына қатыссыз жұмыспен қамтылғандардың және жұмыссыздардың санына кірмейтін барлық адамдар жатады.
Жұмыспен қамтылған халыққа, ХЕҰ стандарттары бойынша, еңбекке жарамды жасқа жеткен және олардан ересек, жалданып жұмыс істейтін және өзін -өзі жұмыспен қамтитын адамдардың барлығы жатады. Олар - кәсіпкерлер, өздерінің есебінен жұмыс істейтіндер, өндірістік кооперативтердің мүшелері, көмектесуші отбасы мүшелері, сыйақыны ақшалай немесе заттай алатын оқушылар, жалға ішінара жұмыс істеген студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және өздігінен жұмыспен қамтылғандар, тұрақты немесе мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлер.
Жұмыспен қамтылуды өнімді, әлеуметтік пайдалы, толық және толық емес деп жіктейді.
Өнімді жұмыспен қамтылу - халықтың қоғамдық өндірісте жұмыс істеулері.
Әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамтылу тек қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ғана емес, сонымен бірге әскери қызметкерлердің, еңбекке жарамды жастағы оқушылардың, үй шаруашылығын жүргізумен айналысушылардың, балаларға қарайтындардың санымен анықталады.
Жұмыспен толық қамтылу - қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы бар, кезеңдік жұмыссыздық орын алмайтын қоғамның жай - күйі. Бұл орайда уақытша және құрылымдық жұмыссыздықпен анықталатын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады.
Жұмыспен толық қамтылмаудың екі түрі бар : көзге көрінетін және жасырын. Біріншісі толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істейтін адамдар санымен тұлғаланады. Екінші түрі не еңбек ресурстарын дұрыс бөлмеуді немесе еңбек пен өндірістің өзге факторларының арасындағы баланстың бұзылуын көрсететін талдамалық ұғымды білдіреді. Жасырын толық емес жұмыспен қамтылудың өзіндік белгілеріне төмен табыс, төмен еңбек өнімділігі, жұмыс істейтіндердің біліктіліктерін толық пайдаланбау жатады.
Еңбек рыногын реттеу үшін икемді қамтылудың түрлі нысандары қолданылады. Олар толық емес жұмыс уақытының түрлі режимдерінде жұмыспен қамтылу, қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесімен байланысты жұмыспен қамтылу, стандартты емес жұмыс орындарындағы жұмыспен қамтылу. Жұмыспен икемді қамтылу нысандары толық жұмыспен қамтылумен жұмыссыздық арасында аралық аймақ құрады. Нарықтық қатынастар жағдайларында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары өткір қозғалады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халықтың бір бөлігі біршама уакыт тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Қазіргі экономикалық ғылымдарда «табиғи жұмыссыздық» деген түсінік қолданылуда. Кейбір жұмыскерлер өздерінің жеке басының ерекшеліктеріне байланысты, психологиялық, физиологиялық, білім деңгейіне байланысты тұрақты бір жұмыс орындарында тұрақтай алмайды. Көптеген жұмыскерлер, соның ішінде жастар көбіне жұмыс орындарын өзгертіп отырады. Мұндай жұмыссыздық фрикциондық болып есептеледі, бұл қоғамға пайдалы, себебі нәтижесінде белсенді және рационалды жұмыс күшіне ие болады.
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріене ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми-техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларына ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруімен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасында сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Бүтіндей келе жұмыссыздық - барынша қажет емес құбылыс және оның нәтижесі мен деңгейін үнемі қысқартып отырған жөн. Жұмыспен қамту және еңбек нарығының белсенді критерийлерінің негізі жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығымен үздіксіздігі болып табылады. Жұмыссыздық жеке жұмыскерлер үшін ғана емес, кез - келген ұжым үшін негізделген жағымсыз құбылыс.
Ғылыми - методикалық әдебиеттердегі талдауларға жүгінсек, шетелдерде бұл жағдайды шешуге бағытталған өңдеулерді біздің мемлекетте қолдана алмаймыз. Қазақстанда бұл өңдеулерді қолдану тікелей мемлекеттік мекемелердің, акционерлі, ортақ мекемелермен тығыз байланысты. [25]
Республикада әлеуметтік - экономикалық дағдарыстың тереңдеуі әсіресе, 90 - жылдардың ортасына таман халықты жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуына кері әсерін тигізді.
Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту жүйесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1 - кезең. 1990 - 1992ж. ж. Жұмыспен қамту қызметінің жаңа мемлекеттік құрылуы, еңбек нарығының қалыптасуы болып табылады.
2 - кезең. 1992 - 1996ж. ж. Өндірістің тұрақсыз болуы. Экономикалық дағдарыстың асқындауы - еңбек нарығындағы көптеген қолайсыз жағдайлар туғызды. Осыған байланысты жұмыспен қамту жүйесін басқару қиындай түсті.
3 - кезең. 1997 - 1998ж. ж. Жұмыспен қамту орталықтарының белсенділігі, шағын және орта бизнестің салдарынан жұмыс орындарының пайда болуы, қоғамдық жұмыстардың жүргізілуі. Мемлекеттік қорға қаржылық ресурстарының түсуінің төмендеуі, халықты жұмыспен қамту жұмыссыздық жағдайларымен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік берген жоқ.
4-кезең. 1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық жағдайларын шешуге негізделген жаңа концепциялардың пайда болуы. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғарғы қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр. Жұмыссыздық - экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдармен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам дамуы жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл - ауқатының деңгейін қолдауға мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралаудың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
1. 2 Жұмыспен қамтуды реттеу механизімінің қалыптасуының негізгі қағидалары
Жұмыспен қамту және жұмыссыздықты реттеу механизімін зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай механизімді реттеу үшін тұрақты қаржылық блоктың болу керектегін дәлелдеп берді. Несие ресурстарының пайыздық салымдары өндірістік сфераның, яғни жұмыспен қамту саласының негінің құралы болып табылады. Нарықтық экономиканың жоспарлық экономикадан ерекшелігі орталықтан реттелуі, яғни жұмыссыздықтың толық жұмыспен қамтылудың мәселелерінен туындайды. Жұмыссыздықтың пайда болуына объективті жағынан қарасақ көптеген мемлекеттерде әлеуметтік тәуекелділік түрлерін басқару жүйесіне тәуелді болады.
Еңбек нарығындағы қысымды төмендетуді басқарудың көп таралған формасының бірі жұмыссыздықтан қорғау жүйесі болып табылады. Бұл блок еңбек нарығында кризистік кезеңдік ғана емес, сонымен қатар экономикалық жоғарылауда да септігін тигізеді. Жұмыссыздықты болдырмауда кадрларды қайта оқыту, квалификациясын жоғарылыту жүйесі негізгі орын алады. Бүтіндей келе жұмыссыздық, жұмыспен қамту механизімдері реттейтін негізгі блоктары болып, құқықтық, қаржылық, экономикалық, әлеуметтік - ұйымдық, институционалдық, мотивациялық блок барлығы - әлеуметтік тәуелділікті басқару блогы болып есептеледі. Бұл блоктар көптеген нарықтық экономикада дамыған елдерде қолданылады. Бұл блок әр елде түрліше қолданылады. Мысалы, Швецияда жұмыссыздық және жұмыспен қамтуды реттеу механизмі Солтүстік Америкаға қарағанда әлеуметтік блокқа көп көңіл аударады. Ал, Жапония механизмінде мотивациялық психологиялық блок негізгі орынды алады.
Жоғарыда аталған блоктар стандарттарға сәйкес өз қызметтерін атқарады.
Құқықтық блок - көбіне халықты жұмыспен қамту мен еңбек нарығына әсерін тигізетін халықаралық конвенцияларға, заңдарға сүйенеді.
Қаржылық блок - мемлекеттік Банктің экономикалық саясатының негізінде еңбек нарығын реттейтін блок.
Экономикалық блок - қосымша жұмыс орындарының ашылуы, құрылуы, кепілдікпен салық салу, әлеуметтік салықтың өзгеруі, жұмыс уақытының максималды ұзатылуы, еңбекті қорғау шарттарындағы ескертпелер және т. б. қамтиды.
Әлеуметтік блок - осы процестер қатысатын жалдамалы жұмысшылардың белсенді қатысуы, нарықтық экономика шарттарына бағынып, түрлі келісім шарттар жасайды.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық механизімдерін реттеуде мотивациялық-психологиялық блок әсрлі болып табылады. Оның негізгі құралы болып - еңбек процесіндегі психологиялық ерекшелікті зерттеу . Бұл құрал көбіне Оңтүстік Батыс Азия, Жапония, Қытайда бет алған.
Ұйымдық- институтционалдық блок - еңбек қатынастары арасындағы құқықтық кеңес берулер пункті.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық реттеуде негізгі блок - құқықтық болып келеді. Ол қалған блоктардың бәріне тікелей әсер етеді. Әлеуметтік бағытталған мемлекеттің құрылу шарттары ара қатынасын құқықтық блок реттейді. Халықты жұмыпен қамту және еңбек рыногын реттейтін инфрақұрылым - нарықта әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын нақты негізгі құрал болып есептелінеді.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздыққа әсерін тигізетін мемлекеттің қаржылық саясатын анықтағанда, оны негізгі 3 бағытта қарастыруға болады
- Ірі шаруашылық обьектілерді несиелендірумен тығыз байланысты. Негізгі мақсаты - экономикалық проблемаларды шешу, сәйкесінше жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
- Жұмыспен қамту мақсатына бағытталған шараларды қаржылық қамтамассыз ету.
- Жұмыссыздық, жұмыспен қамту, әлеуметттік проблемаларды шешуге бағытталған түрлі жобаларды қаржыландыру
Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты - тұрақты жұмысбастылықпен қамтамсыз ету. Ол 2 жүйеден тұрады:
1. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету
2. Жұмыссыздықты болдырмаудың алдын алу шараларымен айналысады.
Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі 3 негізгі қаржылық көздерден - жұмыс беруші, жұмысшы және мемлекетпен қаржыландырылады.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің құрылуы екі негізгі бір-біріне тәуелсіз түсініктерге байланысты
- Жұмыссыздық - бұл қашып құтыла алмайтын әлеуметтік-экономикалық феномен. Еңбек нарығындағы әрбір жұмысшы жұмыссыз қалуы мүмкін. Ол көбіне ішкі әлеуметтік - экономикалық факторларға тәуелді. Осыдан келе кәсіпкер, жұмысшы және мемлекет - бұл әлеуметтік тәуекелдікке қарсы тұру үшін бірігіп, ұйымдық - экономикалық, қаржылық жүйесін атқаруда бірлесіп жұмыс істеу керек.
- Өзінің азаматтарына еңбек етуге деген құқығын қамтамасыз ететін Мемлекеттік Конституцияның болуы .
Бұл заң көптеген мемлекеттерде өз дәрежесінде сақталған. Мәселен, Португалия, Жапония, Испания және т. б. Португалия Конститутциясының 58-бабында: «Барлық азамат еңбек етуге құқылы. Мемлекет еңбек ету құқығында әлеуметтік-экономикалық жоспарды дамытуға кепілдік беруі керек».
Люксимбург Конституциясының 4 - бабында: «Заң еңбек етуге деген құқыққа кепілдеме береді және әр азаматқа осы заңның орындалуын қамтамасыз етеді».
Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің негізгі бағыты - жұмыссыз азаматтарға материалдық қызмет көрсету, бұл жұмыссыздыққа төленетін жәрдемақымен есептелінеді. Бұл жәрдемақының негізгі қаржылық көзі болып - жұмысшы жұмыс істеген уақытындағы аударымдарынан беріледі.
Жұмыссыздықтан сақтандыру және жұмыспен қамту механизмінде бір -бірінен тәуелсіз қызмет бағыттары бар:
- Жұмыспен қамту (жаңа жұмыс орнындарын ашу) мүмкіндіктерін кеңейту және шарттарды жақсартуды қаржыландыру.
- Кадрларды оқыту және қайта оқытуды қаржыландыру (кең кәсібиліктегі мамандарды даярлау.
- Жұмыссыздардың жұмыс іздеуде мобильді мүмкіндіктерін жасау.
Бұл қызметтер бірігіп мекемелердегі еңбек өндірісінің деңгейін жоғарылатады.
Жұмыссыздықтан және жұмыспен қамту механизмін реттейтін қаржылық және ұйымдық - экономикалық функцияларының негізін анықтай отырып, оның бірі әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін атап өту керек. Бұл жүйе бір жағынан жұмыссыздарға анықталған өмірлік деңгейімен қамтамасыз етеді. Екінші жағынан жұмыс іздеуге көмектеседі және де толық жұмыспен қамтуға кепілдік береді.
90 - жылы байқалған экономикалық дағдарыс республиканың жұмыспен қамту жүйесін тез арада тұрақсыздандырды.
Бір жағынан, реформаға дейінгі жылдары қалыптасқан еңбек потенциалы шаруашылықтың жаңа шарттарына дайын еместігі;
Екінші жағынан, жұмыссыздық және жұмыспен қамту механизімінің ұйымдық-экономикалық, қаржылық реттеулері төмен деңгейде еді. Осыған сәйкес қазіргі кезеңде жұмыспен қамту, жұмыссыздықты төмендету механизімін реттеуде жаңа концептуалды өңдеулерді қажет етті.
Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту саясатының мемлекеттік концепциясына негізделеді. Бұл саясат келесі негізгі қағидалардың сақталуын қамтамассыз ету керек
- Азаматтардың жұмыспен қамтылу түрлерін ерікті және еркін таңдауын;
- Жұмыс орындарынан жіберілетін кәсіби оқыту дәрежесіне ие болу;
- Әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік кепілдік және материалдық қамтамассыз ету жолдарымен жұмызсыздықты азайту, еңбек нарығы сапасын жақсарту негізінде жұмыс күшінің бәсекелестігін орнату. [18]
Аудандық проблемаларға қатысты, концепцияда көрсетілгендей халықты жұмыспен қамту саясаты, аудандық жергілікті есеппен іске асырылады.
Жұмыспен қамту төмен аудандарда қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау саясатына шикізат өндіретін өндірістік орындарға, ауылшаруашылығына көбірек көңіл бөліну керек.
Жұмыспен қамту орташа және жоғары аудандарда жұмыспен қамту деңгейіне жеткен шарттарды, сақтау оның белсенді бөлігін арттыру, жұмыс орындарын резервке қою саясатымен айналысу.
Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту және жұмыссыздықты реттеу бұрынғы және қазіргі кезеңде оған ғылыми методикалық базаның жетіспеушілігін атап көрсету қажет. Ол негізгі фундаментальді принцип, яғни процестегі қаржылық ресурстардың қозғалысына мән беру керек. Оның негізгі қағидалары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz