Қонақ үй қызметінің тиімділігін арттыру, қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

АНЫҚТАМАЛАР

Қонақжайлық индустриясы - бұл қонақжайлық ұстанымдарға сүйенер қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерліктің өрісі, қонақтарға деген қатынас жомарт және достық көзқараспен мінезделеді.

Қонақүй сөзінің кең мағынасында - бұл жиһаздалған бөлмелері бар, қысқа мерзімді уақытта тұруға арналған үй.

Қонақүй - бұл үйлерінен тыс жерде орналасқан адамдарға қызмет кешенін ұсынатын кәсіпорын, олардың арасында тең дәрежеде маңызды болып табылатын орналастыру және тамақтандыру қызмет түрлері.

Туристік қонақүй - бұл қонақүйдің ерекше үлгісі, саяхатпен байланысты туристерге қызмет кешенін ұсынуға арналған орын.

Отель-гарни - клиенттерге шектеулі қызмет көлемін ұсынатын кәсіпорын: жайғастыру және континентальді таңғы ас.

Пансион - қарапайым стандартты және шектеулі қызмет түрлері бар кәсіпорын.

Қонақты аула - отельдерден ерекшеленетін жеңілдетілген қызет көрсету стандарты бар, сыйымдылығы аз, қонақтарды қарсы алу және қоғамдық келу орындары жоқ кәсіпорын(холлдардың, вестибюльдердің және т. б) .

Ротель - жылжымалы қонақүй, бір-екі орынды бөлмелерден тұартын вагон, онда ұйықтайтын креслолар орналасқан. Киім ауыстыру, дәретхана, ас бөлмесі, тоңазытқыш бар бөлімшелер бар.

Флотель - ірі қонақүй, жиі «судағы курорт» деп те аталады. Туристерге үлкен қызмет жиынтығы ұсынылатын комфортты номерлер.

Ботель - су үстіндегі шағын қонақүй, қонақүй орнына сәйкес түрде жабдықталған кеме қолданылады.

Флайтель - аэроқонақүй немесе «ұшатын отель». Аса қымбат және саны аз қонақүй үлгісі.

Алькасар (ағылш. alkazar) . Ескі көнеғасырлық сарай, мавритандық стильде (Испания) салынған және жоғарғы топтық отель ретінде өте атақты қонақтар үшін қолданылады: патшалық ақсүйектер, мемлекеттер президенттері және басқалары.

Хостел (ағылш. Hotel) : арзанырақ түнек беретін студенттік қонақүй.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘТҰ- әлемдік туристік ұйым

БҰҰ- біріккен ұлттар ұйымы

СТӘК- саяхат және туризм бойынша әлемдік кеңес

ӘТАА (ВАТА) - Әлемдік туристік агенттер ассоцияциясы

UATA-Халықаралық әуе көлік бірлестігі

ХҚБ-Халықаралық қонақ үй бірлестігі

RCI (Record Condominimum International) - ұзақ мерзімді жалдау

ҚҚМБ - Қазақстандағы қонақ үйлік және мейрамханалық бірлестігі.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда қонақ үй туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақжайлық өнеркәсібінің құрамды бөлігі болып табылады. Қонақ үй қызмет көрсетулерін өндіру мен тұтынуда сапа аса үлкен маңызға ие болады. Сапалы қызмет көрсетусіз қонақ үй өзінің мақсат-мүдделеріне жете алмайды. Сонымен қатар орналастыру құралдарын категориялау мәселесі сапаны басқару көзқарасы тұрғысынан аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай дүниежүзілік тәжірибеде орналастыру құралдарын категориялау мәселесін шешуде бірнеше бағыт белгіленген. Қонақ үй бизнесін басқаруда маңызды мәселелердің бірі болып кадрлар мәселесі табылады. Қонақ үй қызмет көрсетуінде қызметкерлердің мәдени түрде қызмет көрсете білуі адам рерсурсының маңыздылығын растайды.

Қазіргі заманғы ұйым құрылымы бойынша ұйым қызметкерлері, басқарушылар (менеджерлер), акционерлер, ұйым қызметкерлері үшін жауап беретін және ұйым құрылымен, деңгейінде қабылданған шешімдер қабылдаушы, директорлар кеңесі белгіленеді. Ұйымның қызмет етуіне мүделлі жақтар мен топтар. Адамдық ресурстарды басқару жұмысында әрбір ұйым оның қызметінің арналуына байланыссыз бірдей негізгі міндеттерде қарайды. Біріншіден, әрбір ұйым мақсатқа жету үшін қажетті адамдық ресурстарды тартады. Персоналды тарту, қабылдау әдістері ұйымның қызмет шарттары мен сипатына байланысты. Бүгінгі күні қызметкерлерді біріктіруінің кең тараған түрі жолдау, яғни, ұйым мен индивид арасында шарт жасалу, сәйкесінше ұйымға адам өзінің денелік және интеллектуалдық мүмкіндіктері, мамандық кәсіпқойлығын белгілі бір уақыт ішінде материалдық марапаттауға алмастырады.

Екіншіден, бүкіл ұйымдар олардың алдында тұрған міндеттерді түсіндіру үшін және осы мақсаттарға олардың кәсіпқойлығы мен білімін сәйкестендіру үшін өз қызметкерлерін «оқыту» жүргізіледі.

Үшіншіден, ұйымдар өз мақсаттарына жетудегі әрбір қызметкерлерінің қатысуы бағалайды. Бағалау әдістері де ұйымдар түрі сияқты көп - бұл қатар алдында мадақтау, дәрежесін көтеру, қатарлы разрядқа ие болу, күнделікті аттестация болуы мүмкін. Және соңғысы әрбір ұйым белгілі бір жерде өз қызметкерлерін марапаттайды. Сонымен жетістікті даму үшін ұйым персоналды қабылдау, оқыту, бағалау, марапаттау мен коммуникациясын басқару, яғни, осы үрдістерді ұйымдастырудың процедуларын, әдістерін құруы қолдануы және жүзеге асыруы керек. Қазіргі экономикалық реформаларды жүзеге асыру шаралары жүйесінде- кадрлармен жұмыс жасау деңгейін көтеру, осы мәселенің берік ғылыми фундаментін қалыптастыру, отандық және шетел тәжірибесінде көп жылдар бойына пайдалану мәселесі алға қойылуда. Көптеген әлем елдерінің экономикасының дамуының қазіргі сатысындағы маңызды мәселелердің бірі-персоналмен жұмыс жасау.

Қонақ үй кәсіпорындарының сауатты басшылығының байқауынша тұтынушылардың қатынасы көп жағдайда қызметкерлердің көңіл күйіне байланысты болады екен. Олар ішкі маркетингті жүргізіп, жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін қызметкерлерді марапаттау мен оларды қолдау жүйелерін жасап шығарады. Сонымен қатар түрлі зерттеулердің көрсетуінше үлгілі қонақ үй стратегиялық жоспарлау жүйесінің бар болуымен, басшылықтың қызмет көрсету сапасын өсіруге ұмтылуымен, тұтынушылардың арыздарын қанағаттандыру жүйесін қамтумен сипатталады.

Жұмыстың мақсаты: қонақ үй қызметінің тиімділігін арттыру, қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын арттыру және жан-жақты қарастыру. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:

  • Қонақ үй шаруашылығының қалыптасуының негіздерін қарастыру,
  • Қонақ үй бизнесіндегі баға мен сапа ара қатынасын қарастыру,
  • Қонақ үйдегі қызмет көрсетулерді басқаруды тиімді ұйымдастыру мен қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін қарастыру,
  • Экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау.

Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста қонақ үйдегі қызмет сапасын арттыру және оны жетілдіру, ондағы өзіндік ерекшеліктерге талдау, дүниежүзілік тәжірибеде әлі де өз шешімін таба қоймаған орналастыру құралдарын категориялау мәселесі қарастырылады. Және де атаулы еңбекте басты назар қонақ үй бизнесін басқарудағы қызметкерлерді басқару мәселесіне аударылып, атаулы бизнес түрін осы саланы дамыту арқылы көтеруге көңіл бөлінген.

Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін қонақ үй бизнесін басқарудағы шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. Қонақ үй шаруашылығының шығу тарихы, сипаты және қазіргі қонақ үйлердің даму жағдайы

1. 1. Алғашқы қонақ үйдің қалыптасу тарихы

Қонақ үй пайда болғаннан бері негізінен 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:

1) кезең. Ерте заманғы (б. д. д 4 мыңжылдық, яғни 467 жыл)

2) кезең. Орта ғасырлық (5-15ғасырлар)

3) кезең. Жаңа заманғы (16-20ғасырлар)

Ерте заманғы қонақ үй тарихшысының айтуы бойынша «таверналар» деп аталған. Греция мемлекетінде б. д. д. 1- мыңжылдықта таверналар әлеуметтік өмірде кең қолданыста болды. Таверна бұл саяхатшыларға арналған паналайтын және тағам ішетін жер болған. Таверналардан басқа осы мақсаттарда пайдаланылатын жерлер болған (постоялые дворы) . Ол жерлерді көбінесе саудагерлер мен саяхатшылар пайдаланған. Бұндай алғашқы паналайтын жерлер Рим империясында пайда болды. Тұрақты паналайтын жерлер Рим империясының ең басты қалаларында, ең үлкен жолдың жиегінде орналасқан. Олардың арақашықтығы 25 миль (25-40км) болған.

Осы жылдары Таяу шығыс, Азия, Кавказ жерлерінде қонақжайлылық пайда бола бастаған. Осы жерлерден ең ірі сауда жолдары керуендер жүрген. Сөйтіп сауда қатынастары жанданған. Ұлы Жібек Жолында бекеттер мен тамақтану орындары қалыптасты. Ұлы Жібек Жолы, кейбір мәліметтерге көз салсақ 7-12 мың километр болған дейді. Б. д. д. 467 жыл, Рим империясы құрылғаннан кейін қонақжайлылықтың келесі кезеңі басталды.

Орта ғасырлық кезеңде әр халықтың дәстүріне көп көңіл бөлінген. Орта ғасырдағы қонақжайлылық көбінесе шіркеу орындарында болған, яғни паналауды, тамақтандыруды шіркеу орындары ұйымдастырған. Мысалы, Француздық король ұлы Карлдың шіркеуі осындайға арналған. Бұл үйдің айырмашылығы кіргеннен барлық қызмет тегін жасалады. 12-13 ғасырларда Русь қалаларында алғашқы қонақ үйлер пайда бола бастады. Олар қонақ үйлерді «Үңгірлер» деп атады. Ресейдің Новгород қаласында 15-17ғасырлар арасында немістік, голандтық қонақ үйлер, Москва қаласында ағылшын, гректік, армяндық қонақ үйлер пайда бола бастады.

Жаңа заман 16-20 ғасырлардың басы. 16 ғасырдан бастап кішігірім кофейнялар ашыла бастады. Көбінесе батыс Европада экзотикалық сусындар, кофе және шай дами бастады. Ең бірінші европалық кофейня 1652 жылы Лондон қаласында ашылды. Сонымен қатар 1683 жылы Венада ашылды. 1553 жылы Парижде ең алғашқы мейрамхана «Тур аржы» ашылды. Ресторан термині Парижде 18 ғасырдан бастап қолданыла бастады. Ресторан сөзі француздың «restourantes» - «бастапқы қалпына келтіру, нығайту» деген мағынаны білдіреді. Осы мейрамханада Буланже аспазшының дайындайтын ең басты асы - сорпа.

Европа елдеріндегі мемлекеттердің экономикалық-саяси дамуы барысында қонақ үй шаруашылығы дами бастады. 17-18 ғасырларда Америка құрлығында Европалықтардың келуіне қарай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «Сити отель» Нью -Йорк қаласында жарық көрді [1] .

Қазақстанда қонақ үйлердің түрлі категорияларына арналған стандарт талаптары төмендегідей болады. (Қосымша)

Туристік - экскурсиондық қызмет көрсету

Қонақ үйлер классификациясы

Мазмұны

  1. қолдану аумағы;
  2. нормативтік сілтемелер;
  3. анықтамалар;
  4. қонақ үйлерге қойылатын жалпы талаптар;

А. Түрлі категориялы қонақ үйлерге қойылатын талаптар.

1. Қолдану аумағы

Нағыз стандарт 10 номерден аз емес қонақ үйлердің (мотельдердің) түрлі ұйымдастырушы - құқықтық формалардың классификациясын құрайды. Жалға алынатын үйлер мен бөлмелерге стандарт қолданылмайды. Стандарт қонақ үйлерге сертификаттау мақсатында қолданылады.

2. Нормативтік сілтемелер

Нағыз стандартта келесі құжаттарға сілтемелер жасалған:

Туристік- экскурсиондық қызмет саласын стандарттау. Негізгі мәліметтер:

ҚНЕ - қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

Мүгедектер мен аз қимылдайтын адамдар тобының қажеттілігін есепкп ала отырып өмір сүру ортасын жобалау;

СанЕН - жұмсақ балмұздақ шығаратын кондитерлік кәсіпорындарды қоса алғанда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған санитарлық ережелер;

Қонақ үйдің және оның жабдықтарын техникалық қолдану ережелері.

3. Анықтамалар

Нақты стандартта келесі терминдер қолданылады:

3. 1. қонақ үй - уақытша өмір сүруге арналған кәсіпорын;

3. 2. мотель- автокөлік бойында орналасқан қонақ үй;

3. 3. стандарт бойынша: қызмет көрсету шарты, сапасы, туристік - экскурсиондық қызметтің сапа деңгейі;

3. 4. қонақ үй, мотель категориясы - анықталған талаптар кешенімен сипатталатын классификациялық топ.

4. қонақ үйлерге қойылатын жалпы талаптар

4. 1. Категориялар бойынша қонақ үйлердің классификациясы төмендегі талаптар кешеніне негізделген:

  • материалды - техникалық қамтамасыз ету;
  • ұсынылатын қызмет номенклатурасы мен сапасы;
  • қызмет көрсету сапасы;

«*» (жұлдыз) категорияны білдіретін символ жұлдыздар саны қызмет көрсету сапасының деңгейінің өсуіне сай артады[2] .

Қонақ үйлер 5 категория, мотельдер-4 катергория бойынша класификацияланады. Қонақ үйдің ең жоғарғы категориясы «», ал ең төменгісі «*» болып табылады.

4. 3. Түрлі категориялы қонақ үйлерде болуы міндетті: жол белгілері бар ыңғайлы жолдар (подъездные пути) ; территорияға енетін жарықтандырылған, жабдықталған алаң, автокөлік қозғалысына кедергі келтірмейтін, аз уақытты тұраққа арналған қатты сыртқы төсенішпен жабдықталған алаң, кәсіпорынның атауы мен категориясын білдіретін арнайы маңдайша жазу, егер мейрамхананың жеке кіре берісі болса, оның атауы көрсетілген маңдайша жазуы болуы шарт.

Қонақ үй ғимараттың бір бөлігін алса, онда жеке кіре - берісі болуы міндет.

4. 3. 2. Қолданылатын сәулет-жоспарлау және қонақ үйдің құрылыс элементтері, техникалық жабдықтары ҚНЕ талаптарына сай болуы қажет.

4. 3. 3. Қонақ үй экологиялық таза ортада орналасуы керек.

4. 3. 4. Қонақ үйде қонақтар тұрған уақытта олардың өмірі, денсаулығының қауіпсіздігін және заттарының сақталуын қамтамасыз ету қажет. Жай уақытта және апатты жағдайлар орын алған кездері қонақтардың оңай бейімделуіне арналған көзге түсетін ақпараттық бағдарлар (указатели), баспалдақ, авариялық жағдайға арналған кіре - беріс есіктер болуы міндет.

4. 3. 5. Қонақ және тұрғын үйлерге арналған өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінде қарастырылғандай, қонақ үй өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен ескерту (оповещание) және өрттен қорғану құралдарымен жабдықталуы тиіс.

4. 3. 6. Қонақ үйде санитарлы-эпидемиологиялық орган бекіткен санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуы қажет, яғни бөлмелердің тазалығы, санитарлық жабдықтардың дұрыс қалыпта болуы, қалдықтардың жоюлуы және кеміргіштер мен жәндіктерден нәтижелі қорғау болып табылады.

4. 3. 7. Барлық электрлік газ, су құбырлары және канализациялық жабдықтар, «қонақ үй және оның жабдықтарын қолданудың техникалық ережелеріне» сәйкес орнатылуы және қолданылуы шарт.

4. 3. 8. Төмендегілерді қамтамасыз ететін инженерлік жүйелермен жабдықталуы тиіс:

  • ыстық, суық сумен қамту (24 сағат) су құбырларында бұзылулар болатын аудандарда бір тәулікке жететін су қорын сақтайтын арнайы құты болуын;
  • канализация;
  • жылу, тұрғын және қоғамдық орындарда 18, 5°С төмен емес температура сақталуын;
  • желдету (вентиляция) (табиғи және жасанды) қоғамдық орындарда және номерлерде жат иістің шығуынан қорғайтын және ауаның қалыпты циркуляциясына жағдай жасау;
  • радио және телевидениемен (барлық номерлерде) ;
  • телефондық байланыспен;
  • номерлердегі жарықтандыру кәдімгі (1 терезеден кем емес), жасанды - люминисценттік шамдар-200лк, жай шамдар-100лк дейін жарықтандыру қуаты және дәліздерде тәулік бойы жасанды және кәдімгі жарықтандырумен;
  • 4. 3. 9. Жаңа қонақ үйлерді жобалауда және ескілерді жаңарту кезінде талапқа сай мүгедектерді қабылдау және қызмет көрсету, мүгедектердің арбаларына арнайы шаралар қарастырылуы.

3, 4, 5 жұлдызды қонақ үй категорияларына арналған талаптар қосымшада (А) көрсетілген [2] .

1. 2 Қазақстанда қонақ үй ісінің қазіргі жағдайына талдау

Халықаралық және ішкі туризмнімнің дами бастауымен орналастырудың арзан түрі-кемпингте дамыды. Ол кең 60-80 жылдардың аралығында жүзеге асты.

Туристік қонақүйлер көбіне республиканың ірі қалаларында орналасқан. Оның негізгі себебі ол қалаларда тарихи, архитекторлық және археологиялық ескерткіштер, мұражайлардың болуымен түсіндіріледі. Қазақстандағы түгел дерлік туристік қонақүйлердің басты мақсаты- демалушылардың қазақ елінің мәдениетімен өркениетімен таныстыру.

Қазақстан Республикасының туристерді орналастыру заманауи индустриясында стандарттарға сәйкес қонақ үйлер ұсынылған. Олардың бірден үш бөлігі облыстық орталықтарда орналасақан. Олардың басым бөлігі Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында орналасқан.

Негізгі кірістер Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік - Қазақстан және Оңтүстік - Қазақстан облыстарындағы қонақ үй кешендерінен түскен. Теріс сальдо көлемінің басым бөлігі Алматы, Астана және Алматы облыстарындағы қонақ үйлік шаруашылықтарда қалыптасқан.

Соңғы он жылмен нақты алынған Қазақстандағы қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының негізгі даму тенденцияларына келесілерді жатқызуға болады:

  • Қонақ үй және мейрамхана жағдайының ерекшелігін тереңдету;
  • Халықаралық қонақ үй және мейрамхана жолдарын қалыптастыру;
  • Кіші кәсіпорын желісін дамыту;

Қонақжайлылық индусриясына жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, (ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректерін есепке ала отырып) 2011 жылғы қаңтар - қыркүйектің қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны 2010 жылдың талдамалы кезеңімен салыстырғанда 18, 1% көбейді, яғни 13 569, 2 мың адамды құрады (11 493, 2 мың адам) өсті.

Жалпы туристердің санынан іссапар мақсатымен жүрген туристер 57, 5 %-ы, демалу мақсатымен жүрген туристер 35, 7 %-ы құрайды.

Есептік кезеңде туризмнің барлық түрі бойынша туристік ағымның көбеюі байқалады.

- келу туризмі бойынша келушілердің саны 14, 2%-ға артты және 3 834, 7 мың адамды құрады (2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары - 3 357, 3 мың адам) ;

- сыртқа шығу туризмі бойынша туристердің саны 24, 5% -ға артты, яғни 5 932, 6 мың адамды құрайды (2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары - 4 766, 4 мың адам) ;

- ішкі туризм бойынша туристердің саны 12, 8 %-ға артты, яғни 3 801, 9 мың адам (2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары - 3 369, 5 мың адам) /1-сурет//3/.

Сурет 1. Туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер санының динамикасы

Туристік салада қызмет көрсеткендердің жалпы саны 9, 1%-ға артты және 58, 8 млрд. теңгені құрады (2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары - 53, 9 млрд. теңге) .

Орналастыру орындарында 37, 4 мың нөмір бар және олардың бір жолғы сыйымдылығы 81 275 төсек-орынды құрады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 9%-ға көбейді (2010 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары - 74 540 төсек-орын) .

2011 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында туристік саладағы инвестицияның көлемі 2010 жылғы талдамалық кезеңмен салыстырғанда 78, 3% көбейді (107, 5 млрд. теңгені) және 191, 7 млрд. теңгені құрады.

Экономикалық қызмет классификаторына сәйкес аталған көрсеткіштің жеке көлемді индексі 2011 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы 2010 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда 110, 7%-ға дейін өсті.

2011 жылғы қаңтар-маусымда республика бойынша қонақ үйлерде тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін субъектілердің саны 1 641-ді құрады, оның ішінде 385 мейрамханасы бар, 660 мейрамханасыз қонақ үйлер, демалыс күндері және қысқа мерзімді тұруға 557 тұрғын үйлер, сондай-ақ, 39 туристік лагерлер және тұрғын үйлер бар.

Қызмет көрсетілген келушілердің басты мақсаты іскерлік және кәсіби мақсаттар -64, 3%, бос уақыт, рекреация және демалыс - 32, 2%, комерциялық мақсаттар - 1, 4% болып табылады, мақсаттардың басқа санаттарының үлесі шамалы /сурет 2/.

Сурет 2. 2011 жылы сапар мақсаттары бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны (мың адам)

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2011ж.

Сурет 3. 2011 жылы туристік фирмалар қызмет көрсеткен келушілер саны /пайызбен/

Соның өзінде тек нәтижелі менеджмент қаржылық басқаруда дұрыс және сенімді шешімдермен, қызметкерлермен басқаруды, болашақта бюджетті жобалаумен қамтамасыз етуге қабілетті. Сондай-ақ жаңа формаларды және фирманың өндірісті - шаруашылықты қызметтерін ұйымдастыру әдістерін өңдеу.

Қонақ үйлердің әрбіреуінің нарықтық жағдайын бағалау үшін, оның нақты орнын анықтау қажет. Өкінішке орай соңғы жылдары жеке орналастыру кәсіпорындары бойынша статистикалық белгілердің жоқтығынан Қазақстандағы қонақ үйлер қызметінің толықтай қаржылық - экономикалық сараптамасын өткізу мүмкін болмай отыр, соның ішінде Алматы қаласы. Ұсынылған жұмысты атқару кезінде қонақ үйлердің қаржылық қызметін әшкерлеу мүмкін болмады, сондықтан жұмысы құнды болып табылатын қонақ үйлерлерде тәулігіне мекендеу туралы мәліметтер бар. Бүгінгі күнге бізде орналастыру индустриясының бірқалыпты қызмет механизмі жоқ десекте болады, ал ол өз кезегінде қонақ үйлердің кірістеріне ықпалын тигізері анық.

Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтеріне жүгінетін болсақ туристердің 93 % Астана қаласына іскерлік мақсатты келеді.

Туристі қонақ үйлері Астананың бас алаңында үкімет пен Парламентке жақын жерде орналасқан сонымен қатар, Аққу; Алтын дала; Ақ жайық ; Данияр және т. б. отельдер бар /17/.

Қазақстан территориясына туристік саяхат жасаушы шетел туристерінің саны өсуде. Туристердің бұл категориясы жоғары дәрежедегі жайлылықты қажет етпейді және қатаң табиғат жағдайында саяхат жасауды қалайды. Сондықтан, Қазақстанда жайлылық деңгейі жоғары емес, 40-50 орынды кішкентай қонақ үйлер салынып жатыр. Бұл қонақ үйлер клиенттердің көңілінен шығады және эксплуатация (пайдалану) шығыны көп қажет етпейді.

Шығыс Қазақстанда 26 қонақ үй бар. Өскемен қаласында қонақтарға 4 ірі қонақ үй қызмет көрсетеді. Өскемен қонақ үйінің люкс номерінде тоңазытқыш, спутникті теледидар, телефон орнатылған. Қонақ үйде мейрамхана, 8 қабатта бар, 2 буфет жұмыс істейді.

Ертіс қонақ үйінде мейрамхана мен кір жуатын орын жұмыс істейді, номерде мини бар және душ бар.

Турист қонақ үйінің люкс номерінде жек-жеке орналасқан ванна мен душ, тоңазытқыш, кабельдік теледидар, телефоны бар және қонақ үйде буфет жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 26 қонақ үй бар. Қарағандыда ведомствалық және санитарлы сауықтыру кеңселерін қоспағанда 9 негізгі қонақ үй орналасқан.

Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін Чайка қонақ үйлік кешені жаңарды және 3 бөлмелі президенттік номері бар.

Космонавт қонақ үйінде сауна, бассейін, мейрамхана жұмыс істейді.

8 қабатты Қазақстан қонақ үйі қала орталығында орналасуымен және шеттен келушілердің кез келген деңгейіне орын тауып бере алатынымен ыңғайлы.

Турист қонақ үйі негізінен спортшыларға қызмет көрсетеді. Люкс отель халықаралық бильярд орталығы және аквопарктегі отель. Валют -транзит отель қала орталығында орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметті сипаттайтын бәсекелік факторлар
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет түсінігі
Dostyk қонақ үйінде сапаны басқару жүйесінің экономикалық тиімділігін бағалау
Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Мерей қонақ үйінің шаруашылық қызметінің комплексті талдау
Қонақжайлылық индустриясына әсер етеін факторлар
Интерконтиненталь экономикалық қауіпсіздігінің заманауи деңгейін бағалау
Интерконтиненталь қонақ үйінің қауіпсіздік жүйесінің мәселелерін анықтау
Халықаралық менеджмент: проблемалары мен даму болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz