ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қажетті қорғанудың түсінігі мен даму эволюциясы . . . 9
1. 2 Қылмыстық құқық бойынша қажетті қорғанудың түсінігі . . . 17
1. 3 Қажетті қорғанудың заңды болу шарттары . . . 22
1. 3. 1 Қол сұғушылыққа қатысты қажетті қорғану заңдылығының
шарттары . . . 25
1. 3. 2 Қорғануға қатысты қажетті қорғану заңдылығының шарттары . . . 42
2 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШЕГІНЕН ШЫҒУ
2. 1 Қажетті қорғану шегі туралы түсінік . . . 51
2. 2 Қажетті қорғану шегінен шығып кісі өлтіру . . . 62
2. 3 Қажетті қорғану шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтіру . . . 80
Қорытынды . . . 86
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 90
Қосымша А . . . 93
Қосымша Ә. . 94
Қосымша Б. . 95
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста қажетті қорғаныс институтының пайда болу және дамуы, түсінігі және мәні, қажетті қорғану құқығының талаптары мен шектері, әсіресе, құқық қорғау органдарының әрқайсысы әр түрлі шешетін ғылымдағы даулы сұрақтарға көп көңіл бөлінді. Осыған орай, тақырыптың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, магистрлік жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылды.
Магистрлік жұмыстың өзектілігі. Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам, құқықтық, демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңіндегі қажетті қорғанудың маңызды функцияларымен байланысты болуы. Екіншіден, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қажетті қорғану ережесін зерттеу қажеттілігі, жаңа мазмұнға ие болған бұл түсінікті анықтау, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылыққа ұшыраған азаматтардың, құқық қорғау органдарының қажетті қорғануға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын қолдануда түсініктеме беру қажеттілігіне негізделеді. Қоғамдағы құқықтық реформаларды әрі жетілдіру мақсатында 2002 жылдың 20 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының концепциясы» да жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1] .
Қазақстан Республикасы азаматтары заң олардың жағында екенін біліп, сенімді әрекет жасауы тиіс. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына берген «Қазақстан - 2030» жолдауында: «Біз міндеттіміз: . . . - заңның абсолютті заңдық жоғарғы күшін бекітуіміз қажет және заңға тәуелді азаматтарды қорғауымыз қажет», - деп көрсетеді [2, 61-б. ] .
Құқықтық мемлекетте азамат өз құқығын білуі және оны қорғауы қажет. XYII ғасырдың өзінде итальяндық ғалым Ч. Беккариа былай деп айтқан екен: «әрбір азамат қандай болмасын зардаптан қауіптенбей, кез-келген заңға қайшы емес әрекет жасауға құқылы болуы тиіс . . . » [3] .
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірде-бір мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қандай кәсіби дайындалған болмасын, тек құқықтық тәртіп органдары күшімен қамтамасыз ете алмайды. Қылмыстылықпен күресуде маңызды орын қылмыстық-құқықтық әдістер мен құралдардың тікелей қолданылуына беріледі, оның ішінде қажетті қорғану институты алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы деп көрсетіледі. Қажетті қорғану құқығы адамзатқа табиғатынан берілетін құқық болып табылады. Сондықтан да қажетті қорғану институты өте өзекті мәселе болып табылады.
Қылмыстылықпен күресудің әр түрлі жолы бар. Соның бірі Қылмыстық кодекске марапаттаушы нормалар енгізу арқылы күрес жүргізу.
Осындай марапаттаушы нормалардың бірі - іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар, ал оның көп кездесетін түрінің бірі - қажетті қорғану.
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, меншігін және т. б. игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы мен меншігі оның қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғауынан тысқары қалады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқықтық әрекетпен заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына қарамастан, қажетті қорғануды қолдануына құқылы.
Құқықтық жүйе элементі ретінде қажетті қорғану - құқық бұзушылықты болдырмауға ықпал етеді, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады. Қажетті қорғану туралы заң нормаларын дұрыс қолдану халықты қылмыстылықпен күресуге кеңінен тартудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан, қоғамға қауіпті қол сұғушылыққа қарсы заңға сәйкес қорғанған тұлғаларды негізсіз жауапкершілікке тартудың әрбір жағдайы құқық бұзушылықпен күресуге үлкен зиян келтіреді.
Қажетті қорғану мәселелері бойынша қарама-қайшы пікірлердің қылмыстық құқық теориясында және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында туындап әрқайсысымен әрқалай шешіледі, кей кездерде бір іс бойынша әр түрлі сот инстанциялары бір-біріне қарама-қайшы үкімдер шығарып жатады. Көптеген жағдайларда бұл заң актілерінде, Жоғарғы Сот қаулыларында нақты нұсқаулардың жоқтығымен түсіндіріледі.
Магистрлік жұмысын зерттеудің мақсаты - қажетті қорғану институтын жан-жақты зерделеп, қажетті қорғану құқығы мен оның шегінен асып кету мәселелерін тереңірек қарастыру, сот-тергеу тәжірибесінде жіберілген қателіктерді бағалау, таңдалған тақырып бойынша пікірталас туғызатын сұрақтарды шешу және қажетті қорғану шегінен шығып жасалған әрекеттер үшін жауаптылық мәселелерін анықтау арқылы қылмыстық заңдылықты жетілдеруге қатысты теориялық ережелер мен ұсыныстар жасау.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай мәселелерге тоқталу қажет:
1) қажетті қорғану құқығы туралы заңнамалардың даму тарихын зерттеу;
2) қажетті қорғану құқығының заңды болу шарттарын зерттеу;
3) қажетті қорғану құқығының объективтік, әлеуметтік қажеттілігін негіздеу;
4) сот-тергеу тәжірибесінде қажетті қорғану құқығын қолданумен танысу және талдап қорыту;
5) қажетті қорғану және қажетті қорғану шегінен шығу критерийлерінің айырмашылықтарына қылмыстық-құқықтық талдау жасау;
6) қажетті қорғанудың белгілерін аралас қылмыстық-құқықтық институт белгілерінен (қылмыскерді ұстау, аса қажеттілік, жалған қорғану) ажырату;
7) ҚР ҚК 99, 109 баптарымен қарастырылатын қылмыс құрамына талдау жасау.
Магистрлік жұмысты зерттеудің объектісі ─ болып азаматтардың қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қажетті қорғануға конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады.
Зертеу пәні болып қажетті қорғану институтын қолдануды реттейтін қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, қажетті қорғану шегінен шығу мәселесіне байланысты ғылыми зерттеулер мен оған байланысты тергеу және сот тәжірибесі табылады.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын жалпы философиялық әдістер, статистикалық, логикалық-заңдылық, салыстырмалы-құқықтық және басқа арнайы құқықтық әдістер құрайды.
Зерттеудің әдістемелік негізіне қылмыстық-құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі, сонымен қатар жеке ғылыми әдістер: тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық және логикалық әдістері жатады. Заңдық негізін қылмыстық құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық нормалары құрайды.
Зерттеудің нормативтік базасын отандық нормативтік-құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдары; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесі»; Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2007 11 мамырдың № 2 нормативтік қаулысы «Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы» - Алматы, Заңгер, 2008. // Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2007 11 мамырдың № 2 нормативтік қаулылары; ҚР Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» № 6 нормативтік қаулысы // Жоғарғы сот қаулылары; «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жыл 21 желтоқсандағы ҚР Заңы; «Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жыл 13 шілде ҚР Заңы құрайды.
Магистрлік жұмысын дайындау барысында қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық әдебиеттер, монографиялық және диссертациялық жұмыстар, баспада жарық көрген зеттеулер, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетендері қолданылып, талдау жасалады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Магистерлік жұмыс отандық ғалымдардың бұлтартпау шараларының теориясы мен қолданылу тәжірибесін жетілдіру мәселесіне арналған ғылыми еңбектерінің негізінде дайындалды. Олардың қатарына: Турецкий Н. Н., Кони А. Ф., Берлин А. А., Дурманов Н. Д., Ляпунов Ю., Истомин А., Аликберов Х. Д., Шаргородский М. Д., Халиков К. Х., Ткаченко В. И., Блум. М. Н., Паше-Озерский Н. Н., Шавгулидзе Т. Г., Дурманов Н. Д., Якубович М. И., Ткаченко В. Н., Нарин Я., Рахметов С., Ағыбаев А. Н., Тишкевич И. С. және тағы да басқалар.
Жұмыстың теориялық маңызы - қылмыстық заңдағы қажетті қорғану құқығын жүзеге асырудың негізгі кепілдерін дайындау және негіздеуде, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар жайлы ілімді дамытуға, бұл саладағы зерттеулердің сапасын көтеруге себебін тигізу мүмкінділігімен түсіндіріледі.
Магистрлік жұмысының тәжірибелік маңызы - мұнда көрсетілген түйіндер мен ұсыныстарды, қажетті қорғану заңдылықтарын құқық қорғау органдарының қызметінде, заң факультеттерінің оқу процесінде кеңінен қолдануға болады.
Магистрлік жұмысында құқық қолданушылық сот-тергеу тәжірибесі үшін маңызды теориялық ережелер және қорытындылар зерттелді. Зерттеу қылмыстық құқық қағидаларына, Қазақстан Республикасы Конституциясы идеяларына, адамның құқықтар мен бостандықтарының артықшылығына негізделе отырып жүргізілді.
Магистрлік жұмысының маңыздылығын анықтайтын келесідей теориялық-тәжірибелік қорытындыларды келтіруге болады.
- Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы құқықтық реформасының идеялары ескеріледі.
- Қажетті қорғану заңдылығының бар-жоқтығы туралы сұрақты шешу барысында басты мәселе болып табылатын қажетті қорғанудың басталу және аяқталу кезеңі анықталады.
- Қорғанушы тұлғаны тиімді жағдайда қалдыру қажеттігінен туындайтын, құқықтық артықшылығын қарастыратын қорытынды негізделеді.
- Әлеуметтік қатынаста қажетті қорғану - қоғамға пайдалы әрекет, ал құқықтық қатынаста - заңды әрекет ретінде қарастырылады.
- Қажетті қорғану туралы бапқа ішінара өзгеріс енгізілу ұсынылады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар:
Жоғарыда тоқталып өткен мән-жайларды қорыта келе, келесідей тұжырымдар мен ұсыныстар келтіруге болады:
- Қажетті қорғану туралы заңнамалардың даму тарихына талдау жасау қазіргі уақытта қажетті қорғану институтының ерекшелігін, қоғамның дамуына орай маңыздылығын арттыра түседі.
- «Шабуыл-қорғаныс» жағдайлары туа қалса, оның орын алуының себебін, инициаторын, қақтығыс мүшелерінің денсаулықтарына келтірілген залалдың және басқа да іске қатысты елеулі мән-жайлардың орын алуын анықтау қажет.
- Шабуыл әрекеті толығымен қылмыстық-құқықтық саралануға жатуы тиіс, себебі бұл қорғанушының қарсы әрекеттерін бағалаудың негізі болып табылады.
- Қажетті қорғанудың тек әрекет арқылы жасалынатын қол сұғушылыққа қатысты ғана орын алатындығын ескеру қажет. Ал әрекетсіздікпен сипатталынатын жағдайларда залал келтірудің аса қажеттілік нормаларымен қарастырылатындығын ескеру абзал.
- Есі дұрыс емес, кәмелетке толмаған адамдардың немесе фактілік қатеге ұшыраған тұлғаның қол сұғушылық әрекеттерінен де қажетті қорғануға жол беріледі.
- Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды. Сонымен қатар, қажетті қорғануды қажетті қорғану актісіне қарсы қолдануға болмайды, алайда қажетті қорғану шегінен шығудан қажетті қорғануға жол беріледі.
- Қажетті қорғану құқығын ар-намыс пен беделге сөзбен кемсітушілік жолымен келтірілген қол сұғушылыққа қарсы қолдануға жол берілмейді. Сөзбен нұқсан келтірушіліктің сипаты мен дәрежесін анықтау сот-тергеу прцесінде көп қиындықтар туғызады. Қол сұғушылық тұлға үшін маңызды, құнды мүдделердің кемсітілуімен, бұрмалануымен аяқталған деп есептеледі. Ал қол сұғушылық аяқталғаннан кейін зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығу деп танылады. Осыған орай, 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» №7 қаулысын қарастырып, ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша: «Соттардың назарын ҚК-тің 99-109баптарына сәйкес қажетті қорғану шегінен асқаны туралы істерді қарастыру барысында 99- бапқа сәйкес бап атауына «Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған «қасақана» кісі өлтіру» деген мазмұнындағы қасақана сөзін қосу жалпы істерді қарасатыру барысында және тергеген кезде де оған қоса жаза тағайындаған кезде ешбір сұрақтар туындатпауына әкеледі, оған қоса 109 баппен қаралатын қылмыстарды тергеу барысында да бап атауында «қасақаналық» сөзінің жетіспеушілігі анық байқалады. Себебі кодекс пен заңның күші барлық жарлықтар мен үкімдерден жоғары тұрады. Ал Қылмыстық Кодекстің 32 бабына назар аударсақ, ол жерде қол сұғцшылық нақты орын алған жағдайда қол сұғушылық жасаған тұлғаға зиян келтіруге болатындығы айтылған және оған қоса 99 бен 109 баптарды ҚР ҚК- нің 66 бабымен араласып кетуінен сақтау үшін де біз 99 бен 109 баптарына «қасақаналық» ─ деген сөзді енгізу жөнінде ұсынымызды келтіреміз.
- Белсенді әрекетпен сипатталатын абайсыз қылмыстар да, қасақана қылмыстар сияқты қажетті қорғану құқығының пайда болуының негізі болып саналады.
- Қажетті қорғану шегінен асудың орын алынуының бар немесе жоқтығын анықтағанда тергеу, сот органдары іс жағдайларының бәрін зерделеп, ескерген жөн.
- Қол сұғушылықтан қорғануды бағаларда шабуылшының қол сұғушылықты жүзеге асырарда қорғанушыға қарағанда көптеген артықшылықтарға ие болғандығын, сол себепті қорғанушының оны тойтаруға кез-келген ойына түскен тәсілді қолдануы мүмкін екендігін ескеру қажет.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеу аль-Фараби атындағы ҚҰУ-нің заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасында дайындалып, талқыланды.
Диссертацияның кейбір теориялық қағидалары мен тұжырымдары, тәжірибелік ұсыныстары мерзімді басылымда жарияланған автордың «Қажетті қорғану шегі мен қажетті қорғану шегінен шығу түсінігі мен түрлері», «Қажетті қорғану институтының түсігі мен даму тарихы» деген мақалаларында көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, сегіз тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі қойылған талаптарға сай.
1 Қажетті қорғанудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1. 1 Қажетті қорғанудың түсінігі және даму эволюциясы
Адамға да басқа тірі денелер секілді тірі қалу, өзін-өзі сақтау сезімі берілген. Мұндай сезім адамға тумысынан беріледі және ол өмірінің соңына дейін сақталады. Әрбір адам өзін-өзі сақтауды бір жағынан сақтану түйсігі арқылы білсе, екінші жағынан заң негізінде жүзеге асырады. Өзін-өзі қорғауда адам қауіптіліктен құтылғысы келеді және оны жою үшін әр түрлі іс-шара қолданады. Ю. Н. Юшковтың пайымдауы бойынша: «Қажетті қорғану адамзаттың жүріс-тұрыс ережесі сияқты тірі денелердің өздерін қауіптен қорғау түйсігіне негізделеді. Адам қауіп-қатерге жауап ретінде оған қарсы тұруға талпынады немесе оны бейтарап қалдырады» [4, 61-б. ] .
Өзін-өзі қорғаудың заңи ұғымы тарихи біруақытта өмірге, денсаулыққа, меншікке қарсы қылмыстар түсінігімен пайда болады.
Қоғамның, сонымен қатар қылмыстық құқықтың дамуымен қажетті қорғану институты әр түрлі мазмұнға ие болды. Құқық классиктері - рим заңгерлері қажетті қорғану құқығын жаратылысынан деп танып, оны «jus gentium» (халықтар құқығы) деп қарастырды. Осы сұрақ бойынша қажетті қорғану жөніндегі Цицеронның жазылмаған, бірақ айтылған заңын - «est haec non scripta sed nata lex» (заңның күші: оның жазылғандығында емес, табиғи сипатына байланысты болады) келтіруге болады [4, 62-б. ] .
Қажетті қорғану құқығының қоғамдағы, мемлекеттегі дамуының және қалыптасуының тарихи жолын қарастыра келе, аталған құқыққа діннің әсерін және оның қатыстылығын айта кеткен жөн. Кеңес дәуірінде қылмыстық құқық теориясында ғалымдардың бұл туралы нақты ешқандай бір көзқарас ұстануға мүмкіндігі болмады. Қажетті қорғану құқығына діни ұстанымдар саяси құбылыстарға қарамастан жүз жылдар бойы еш өзгерген жоқ. Осы жөнінде А. Ф Конидің өткен ғасырда жарияланған, қазіргі уақыттың өзінде объективті көрінісін табатын айтқан пікірінде: «Шіркеу қажетті қорғану кезінде кісі өлтірген адамға қылмыскер ретінде қарау былай тұрсын, тіпті оны күнәһар ретінде де қарамады, шіркеу қажетті қорғануды азғындық қылық деп есептемеді. Егер де өзінің ағасының қанын төккен жандар болса, онда канондық құқық негізінде ол дұға қылып, сиынып тазаруы керек. Ал шіркеу болса, оған ешқандай жаза қолданбады», -деп көрсетеді [5, 61-б. ] .
Қажетті қорғану институты өз тамырын көне заман заңнамаларынан да орын алған. Дәлел ретінде ең көне заңнаманың бірі Ману заңдарында ( б. з. д. 1200 ─ 200 ж. ) да қажетті қорғану туралы айтылып кеткен. Ол ережеге сәйкес адам өзін өзі қорғау барысында шабул жасаған адамға қаза келтірген күнде, сол адамның әрекетінде ешқандай қылмыстық әрекет болмакйтыны және ол үшін қылмыстық жауаптылық туындамайтынын айтқан. Оған қоса қажетті қорғану институты тек өзін өзі қорғау құқығы ғана емес, ол жүктелген міндет те болған. Себебі егер адам әйел адамға немесе браминге қол сұғушылық әрекетін байқап, оларды қорғауға ешбір әрекет жасамаса, онда бұл адам жуапкершілікке тартылатын болған. Өйткені әйел адам мен браминдер, брахмандар немесе жоғарғы каста өклдері ең қасиетті адамдар қатарына жатқызылған. Бірақ көне Ману заңдары қажетті қорғану институтын тек қол сұғушылық адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіген кезде ғана қолдануға жол берген, ал меншік пен мүлік қорғау обьектісіне жатқызылмаған және ол туралы ештеңе айтылмаған. Себебі буддизм ілімінде және сол замандағы касталық бөлінулерде әр каста өкілі өз кастасына сәйкес өмір сүруі керек.
Ал көне мысыр заңнамасына сәйкес қажетті қорғану институты тек құқық ғана емес оған қоса үшінші тұлғалардың міндеті де болып табылатын. Яғни бұл заңдарға сәйкес егер адам басқа адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұғанын көріп, оған көмектеспесе немесе көмекке шақырмаса, бірақ шақыруға мімкүндігі болса да, ол адам өлім жазасына кесілетін немесе үш күндік аштық пен басқа да жазаларға тартылатын.
Сол замандарда меншікті қорғауды еврейлік заңнама қарастырған болатын. Моисейдің заңдарында: «Егер біреу ұрлық жасап жатқан ұрыны көріп, оны ұрып өлтірсе, ұрыны өлтігені үшін жауапқа тартылмайды. Ал егер сол ұрыны таң атқаннан кейін өлтірсе, ол адам жауапқа тартылады. » ─ деп айтылған. Бұл жерде түсіндіре кетсек ұрыны түнде өлтіруге болады, себебі түнде көмекке көршілердің немесе басқалардың келуі екі талай, соған байланысты өлтірген кезде де қылмыстық жауаптылық туындамайды. Ал егер күн шыққаннан кейін өлтірсе, бұл жерде қасақаналықтың белгілері бар деп ұғатын. Өйткені күн шыққанннан кейін көршілерін немесе басқаларды көмекке шақыруға болады деп түсінген. Жалпы библиялық заңнамаларда таң атқаннан кейінг жасалған қылмыстарға аса көп көңіл бөлген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz