Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1. Банктік несиелердің маңыздылығы мен тұтыну несиесінің экономикалық негізі

1. 1. Несиенің мәні және қажеттілігі, несиелік саясат және оның элементтері . . . 8

  1. Тұтыну несиесі экономикалық мәні және тұтыну несиесін шет елдерде қолдану тәжірибесі . . . 19

1. 3. Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің даму барысы мен ерекшеліктері . . . 23

  1. Коммерциялық банктің қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау («Еуразиялық банк» АҚ-ң мәліметтері негізінде ) «Еуразиялық банк» Акционерлік Қоғамының қалыптасу және даму тарихы, қызметінің негізгі түрлері . . . 30Банктің қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау . . . 36Банктің несие саясатына және несие портфеліне талдау . . . 48«Еуразиялық банк» АҚ-да тұтыну несиесінің жүзеге асырылуына талдау. . 54
  2. «Еуразиялық банк» АҚ-ң тұтынушылық несиелеу қызметі бойынша іс-шаралар«Еуразиялық банк» АҚ-да тұтыну несиесін дамыту бойынша іс -шаралар. 59«Еуразиялық банк» АҚ-ң қызметін жетілдіру бағыттары . . . 62

Қорытынды . . . 65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тұтыну несиесі тұрғындардың қажеттілігін өтейтін несие нысандарының бірі. Кейбір жағдайда тұрғындардың әр алуан деңгейде табысы бар топтарын теңелдіруге ықпал етеді. Несиенің қажеттілігі тек тұрғындар қажеттілігін өтеуге ғана емес, сонымен бірге тауар өндірушілердің мүдделеріне де қызмт етеді, тауар өткізуге жағдай туғызады.

Тұтыну несиесі елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарады:

- тұтыну несиесінің дамуы ұзақ қолданылатын тауарларға сұраныстың көбеюіне, тауардың өтімді болуына, бюджеттің табыс бөлігінің дамуына әсер етеді;

  • мемлекет нақты әлеуметтік саясатты анықтауға мүмкіндік алады;

- тұтыну несиесі ақшалай да, тауарлық нысанда болуы мүмкін. Ақша түрінде несиені негізінен несие беруші мекемелер береді. Тауар түріндегі несиені уақытын создырып сауда орындары ұзақ мерзімге береді.

Тұтыну несиесі бұл бүгінгі таңдағы Қазақстандық банктер ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан неселеудің бір түрі. Несиенің бұл түрінің дамуы елімізде қаржы нарығының тұрақтануымен, халықтың ақшалай қаражатарының (табыстарының) артуымен және халықтың төлем қабілеттілігінің артып, несиелеу жүйесіне белсенді қатынасуымен және әлемдік капитал нарығындағы қаржы ресурстарының құнынның арзандауымен байланысты болып отыр.

Қазір банктер активтер құрылымында тұрғындарға берілетін несие үлесінің салмағы (50-60%) . Бұл операцияларды өткізудегі тәуекелділік пен тұтыну несиесінің көп бөлігі қысқа мерзімді сипатта болатындығын көрсетеді. Сондықтанда бүгінгі таңдағы несиелеу жүйесіндегі тұтыну несиесінің ролінің артуына сәйкес оған жан- жақты зертеу жүргізудің маңызы зор.

Коммерциялық банктер бүгінгі таңда тұрғындарға несиеге беру объектілерін кеңейту, оларды беру шарттарын несие түріне қарай саралау, пайдалану мерзімін, қарыз алушының табыс деңгейін, рәсімдеу тәртібін оңайлату үрдісін есепке алған жөн. Сонымен қатар әлемдік банктік тәжірибеде қолданылып жүрген жеке несие алушыларға несие беру тәжірибесін зерттеу жүргізу тұтыну несиесін одан әрі дамытуға ықпал етері сөзсіз.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - “Еуразиялық банк” Акционерлік қоғамы болып табылады.

Осыған сәйкес дипломдық жұмыстың мақсаты - тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” АҚ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру.

Осы мақсатқа қол жеткізу мақсатында келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • жалпы несие ұғымының, несие саясатының экономикалық мәні мен жүзеге асырылу ерекшеліктерінің теориялық негіздерін зерттеу;
  • несиенің түрлері мен негізгі нысандарын қарастыру;
  • тұтыну несиесінің экономикалық мәнін оның шет мемлекеттерде жүзеге асырылу ерекшеліктерін теориялық тұрғыда зерттеу;
  • Қазақстандағы тұтыну несиесінің даму барысы мен ерекшеліктерін қарастыру;
  • “Еуразиялық банк” АҚ-ң қаржылық- шаруашылық қызметіне талдау жүргізе отырып, банктің еліміздегі банктік қызметтер нарығындағы үлесін сипаттау;
  • Банктің несие қызметінің жүзеге асырылу барысына жан-жақты талдау жүргізіп, несие портфелінің құрылымдық сипаты мен негізгі даму барысын айқындау;
  • Банктегі тұтыну несиесінің түрлерін, олардың негізгі талаптарын және тұтынушылардың несиені пайдалану ерекшеліктері мен несиенің түрлеріне сәйкес тартымдылығын бағалау;
  • Банктің несиелеу жүйесіндегі тұтыну несиесі аясын дамыту бойынша іс - шаралар ұсыну;
  • “Еуразиялық банк” АҚ-ының даму бағыттарын айқындау.

1. Банктік несиелердің маңыздылығы, тұтыну несиесінің теориялық негізі

1. 1. Несиенің мәні және қажеттілігі, несиелік саясат және оның элементтері

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас құрамдаас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау- бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арсында да өзара айырмашылық бар . Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда -бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай- ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылуы, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір - бірімен сөздер болғанымен, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалыға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай - ақ азаматтық қатынастар жағдайы сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми - техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз улесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толықтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі несиенің айалыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашлықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асыру процесінде тек қана тауар айалысын емес, сондай - ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар : чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айалысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми - техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми - техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарыың жұмыс жасауы қиынға түседі . Сондай - ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығыстар бастапқыда кәсіротынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

Несиенің формалары, оның құрылымыменен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде қалады.

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай - ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айалысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айалысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие - бұл банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде : кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді . Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы - несиелік мекемелеріне.

Қаржылық емес агенттерге берілетін несилер:

  • өнеркәсіп салаларына;
  • ауыл - шаруашылығына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарға;
  • жабдықтау - сату ұйымдарына;
  • кооперативтерге;
  • жеке кәсіпкерлерге.
  1. 3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

2. Мерзіміне қарай.

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
  • орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін),
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .

3 . Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:

  • негізгі қорларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.

4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

Қамтамасыз етілген:

  • кепілхатпен,
  • кепілдемемен,
  • кепілдікпен.

Сақтандырылған.

Қамтамасыз етілмеген:

  • сенім несиесі.

5 . Қайтарылу дәрежесіне қарай:

  1. Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
  2. Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер бөлінеді: 1, 2, 3, 4, 5 санатты күмәнділер.
  3. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

6 . Валютамен берілуіне қарай:

- Ұлттық валютамен;

- Шетел валютасымен.

7 . Берілу шартына қарай:

  1. Тұтыну несиесі-бұл жеке т ұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
  2. Ипотекалық несие-бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
  3. Овернайт несиесі-өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
  4. Овердравт несиесі-клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
  5. Онкольдық несие-кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
  6. Банкаралық несие-банктердің бір- біріне беретін несиесі.
  7. Ломбардтық несие-тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
  8. Лизингтік несие-құрал- жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
  9. Рамбурстық несие-шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
  10. . Сенім несиесі-банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
  11. . Маусымдық несие-жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

8 . Несиелеу объектісіне қарай:

- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

  • материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:

- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

- театрлар және деиалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;

- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

- тез өтелетін тиімдігі жоғары шараларға.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Ал, тар мағынасында, несиелік сасат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

-нұсқаулық емес;

-несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

-нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

-оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

-несиенің берілуіне және несиелік портфелді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективті стандарттар мен критерилерін;

-несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұдғалардың басты іс-әрекеттерін;

-сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;

-ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметінің диверсификацялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін жәек несиелік қызметкердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі-бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шншуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қанщалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді. Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатқа бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады, . Сонымен қатар, блин, несиелік саясатқа барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін. Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесінде несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкерлердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие формасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бекітеді;
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс. Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келктін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады. Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуі тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Банктің сарапшы маманы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру
Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиелеу қызметінің теориялық негізі
Банктің несиелік операциялары мен маңызы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің тұрғындарды несиелеуі, несие жүйесіндегі мәселелері және даму жолдары
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау
Төлем мерзімі басталғаннан несие мерзімі
Несие беруші мен несие алушылар арасындағы қарым-қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz