Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру


Мазмұны.
Кіріспе
I-бөлім. Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
1. 1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің кажеттіліктері мен маңыздылықтары . . . 6
1. 2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің жолдарының
ерекшеліктері . . . 10
1. 3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары . . . 16
II-бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
2. 1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
ұйымдастыру . . . 23
2. 2. Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің
дамуына өз үлесін қосуы . . . 34
2. 3. Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы
кездесетін мәселелер . . . 40
III-бөлім. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін реттеу.
3. 1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының кепілдігі . . . 49
3. 2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары . . . 60
3. 3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекттің бақылауы . . . 70
Қорытынды
Әдеби оқулықтар тізімі
Қосымша
Кіріспе.
Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен нығаюының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын және орта бизнесті дамытуда Үкімет тарапынан қабылданған заңдар мен нормативтік актілердің үлесі айтарлықтай, бұған қарамастан әр қабылданған заң өз орнын таппай отыр. Мысалы, 1990 жылдарды бүгінгі күнмен салыстыратын болсақ, екінші деңгейлі банктер ұлттық заң жүйесінің қалыптасуына қарамастан, отандық кәсіпкерлермен қарым - қатынасқа бармады, керісінше олар шетел қаражат есебінен қаржыландырып отырды. Уақыт өте келе аталған мәселелер өз шешімін тапты. Бұған бірден бір дәлел, жыл сайын өтететін Қазақстандық кәсіпкерлер форумы және ҚР Президентінің қолдауымен өтеді.
Шағын және орта бизнес, макро экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т. б.
Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды жүзеге асыруға сеніммен қарайды . Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
конструктивтiк бизнес-идея;
тиiмдi басқару (менеджмент) ;
қаржы жеткiлiктiлiгi.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
Менім дипломдық жұмысым Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді-ұйымдастыру деген тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім, Шағын және орта бизнес, нарықтық экономиканың маңызды әрі біртұтас құрылымдарының бірі. Олар экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне жүктелген міндеттері бар.
Аталған дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде - шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімде - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы жағдайын талдадым.
Үшінші бөлімде - Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді реттеу туралы өзекті мәселелеріне тоқталдым.
I-бөлім. Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен
маңыздылығы .
1. 1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің қажеттіліктері мен маңыздылықтары.
Шағын және орта бизнес нарық коньюктурасы оперативті ескере, нарықтық экономикаға құрылымдық икемділікті береді. Ол шағын және орта фирма төңірегінде қолданыла алатын қаржылық және өндірістік ресурстардың белгілі бөлігін мобилизациялайды. Шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортаның қалыптасуында, ірі корпорациялар монополизіміне қарсы тұратын нақты нарықтық экономиканы құруға маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерлік туралы түсінік 18 ғасырда пайда болып, жекеменшігі бар адаммен қатар тұрды. Экономикалық тәуекелге қандайда болмасын коммерциялық идеяны және өзіндік пайда алу үшін жұмыс істейтін жекеменшік адам кәсіпкерді бейнелейді А. Смит.
Кантильонның А. Смит ойыннан айырмашылығы, ол кәсіпкер адамдарды белгілі бағаға сатып алғысы келетіндер мен белгісіз бағаға сататын, яғни нарықтық сұраныс пен ұсыныс арасындағы пайданы алу мақсатында. Бұл ойға Ж. Б. Сэйдің көзқарастары да қосылады, яғни бұл да кәсіпкерді төмен табыс облысына ресурстарды жеткізетін адаммен бейнелейді. Бұл жағдайда кәсіпкер меншік иесіне қарағанда кеңірек қарастырылады:яғни максималды шаруашылық нәтижелеріне жету мақсатында, өндіріс факторларын қамтитын экономикалық агентті айтады.
Басқа анықтамалардан өзіне назар аударатын И. Г. Тюненнің әдісі, кәсіпкерлікті инновациялық қызметке байланыстырып, ал кәсіпкердің функцияларын новатор адаммен байланыстырады.
Кейінгі зерттеулерде кәсіпкерлерді жұмыссыздарға жұмыс беретін адамдар деп санады. Бұл әдістің нәтижесінде капиталға икемдену негізінде құрылған еңбекшілерді жұмысқа салу теориясы өмірге келді. Капиталист кәсіпкердің синонимы болып, ал функциялары кәсіпкерлік табыс алудағы, қосымша құнға тіркелген.
Бара-бара зерттеушілер экономикалық ілгерлеуі тек қаржы ресурстарын тиімді слудан ғана тәуелді емес екенін түсінді. Маңызды факторы-өндірісті рационалды ұйымдастыру болып табылады. Бұл кезеңге кәсіпкерлердің жаңа түрлерінің пайда болуы жатады-менеджерлердің, олардың көбісі кәсіпорындардың иесі болмаған.
Кәсіпкерлік теорияға маңызды үлес қосқан И. Шумпеттердің ойынша кәсіпкерлерді экономикалық дамудың ілгерлеуші күші болып табылатынын есептеген.
Шағын және орта кәсіпкерлік қызмет көптеген ауырлықтарға қарамастан, дамуда, яғни экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық мәселерді шешудегі өсу темпіріне қарағанда. Шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік белгіленген нарықтық шаруашылық жағдайында қоғамдық өндіріс процесінің теңқұқылық қатысушысы болып табылады. Кәсіпкерлерді шаруашылық субьектілерін деп айтсақ болады.
Қазақстан Республикасының “Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ” туралы заңында кіші және орта кәсіпорындар болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жұмысбастылық санының орта шамасы 50 адамды құрайтын, активтерінің жалпы құны 1жылға орташа есеппен 6000-есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар (өзіндік кәсіпорындар олардың филлиалдары, өзімен-өзі қызмет ететін бөлімшелер) жатады. Шағын және орта кәсіпкерлік аясындағы шаруашылық бірлік белгілеріне жататындар:
- нарықтағы біртектілік өнімнің нарықтың аз бөлігін алуы;
- басқаруда қожайынның қатысуы;
- өндірістік және өткізу қызметі облыстарындағы жоғары бейімделгіштік;
- ресурстарды өзінің дамуына бағыттау.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына келесідей факторлар жағымды
әсер етеді:
- шағын және орта бизнес ұйымына үлкен көлемдегі өндіріс пен қызметкерлер саны талап етілмейді;
- қабылданған шешімдерді жүзеге асыру икемділігімен оперативтілігі;
- тез аралық қызмет нәтижесіне жету мүмкіндігі бар;
- салынған қаражаттардың жоғары айналымдылығы;
- қосымша жұмыс орынмен қамтамассыз ету мүмкіндігі, жұмыссыздық деңгеін төмендету, халық әл-ауқатын жоғарлату;
- шағын және орта кәсіпкерлер субьектілерін жергілікті нарық сұраныс деңгейін толық білулері
- маркетингтік зерттеулер нәтижесінде нақты тұтынушылар заказын өндіру және орындауы;
- экономикадағы мемлекеттік сектордың төмен пайдалы және шығынды кәсіпорындардың сатып алу немесе жалға алу нәтижесінде босатылуы;
Осымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері кейбір кемшіліктермен сипатталады:
- едәуір жоғары тәуекел деңгейінің нәтижесінде нарықтағы тұрақсыз жағдайға әкелуі;
- ірі кәсіпорындармен тығыз байланыстың тұрақсыз жағдайға әкелуі;
- құқықтық базасының толық жетілмеуіне шетел нарығына шығу ауырлықтары;
- жоғары салықтар, жалға алынған ғимарат үшін төленетін ақының жоғарлануы;
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасының үлкен маңызы бар. Яғни бұл тікелей шағын және орта бизнестің құрылуы мен іске асуына әсерін тигізетін элементтер жиынтығы. Осы элементтердің мінездемесі сыртқы ортаның факторларын құрайды. Заңдылық соңғы элементі ретінде бірқалыптылық, толықтылық жүзеге асырушылықты сипаттуы мүмкін, ал заңдылықтың тұрақсыздығы, бітірмеушілігі іске аспаушылығы посткеңестік республикаларда кіші кәсіпорындардың сыртқы ортасының негативті факторы болып табылады.
Сыртқы орта элементтерінің алуандылығын 5 топқа бөлсек болады. Бірінші топ шағын және орта бизнес үшін аса маңызды нарықтың жиынтығын құрайды: ресурстық (өндіріс құралы, ақпарат, жұмыс күші, қаржы) және өткізушілік. Екіші топқа шағын кәсіпкерлікке аса маңызды нарықтық институттар(мемлекеттік және қаржылық несиелік) және агенттерді (шағын және орта бизнес) жатқызамыз. Үшінші топқа құқықтық, әлеуметтік-мәдени және саяси блоктарды кіргіземіз. Төртінші топ басқа әлеуметтік-экономикалық процестермен құбылыстардан экономикалық коньютура, экология, ғылыми-техникалық, прогресс, халық шаруашылықтың құрылымы және т. б тұрады. Ерекше топқа тағы да бір сытқы ортаның элементін шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі алады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасы, мемлекеттік экономикалық құрылымдарға қарағанда анықсыздығымен ерекшеленеді. Бұл біріншіден, шағын және орта кәсіпорынның қызметі локалды нарықта көрсетіледі, және ірі компаниялар нарықтағы қызметтерімен салыстырғанда едәуір белгісіз және стихиялық дәрежеде болатынымен байланысты. Екіншіден, сыртқы ортаның ерекшелігі шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік қатынасу жүйесінен ірі бизнестен, қаржы-несие институттарынан обьективті бағынышты ролімен байланысты. Үшіншіден, сыртқы ортаның тез өзгерілуі, яғни шағын және орта кәсіпорын айналасындағы өзгерістердің жылдам өтуі және кәсіпкердің бұл қиындылықтарға мән беру мүмкіндігі.
Сыртқы ортаның негативті ықпалы шағын және орта кәсіпорындарында қорғаныш реакцияларында талап етеді. Бірақта өндірістің шағын және орта масштабы мен аз қолданған ресурстар көлемі және жергілікті нарыққа тәуелділігі үшін деструктивті факторларға қарсы тұру мүмкіндігі шектеулі. Сыртқы ортаның теріс белгілі функционалды облыстың бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұндай кейбір функционалды облыстың қанағатсыздығы шағын және орта кәсіпорынның локалды мәселесіне әкеледі. Сыртқы және ішкі факторлардың өзара қатынасы және өзара өтелуі шағын және орта кәсіпорынның негативті жағдайға немесе оның жүзеге асуына қауіп төндіреді. Мұндай ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеті шағын кәсіпорынның комплексті мәселесі оның өмірге икемділігіне әкеледі. Айтылған комплекстік мәселе нарықтық қатынастар кезеңдегі экономикаға тән шағын және орта кәсіпкерліктегі негізгі қарсылыққа, яғни бизнестің шағын және орта формаларына қатысты тіршілік әрекетімен оның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығының сәйкессіздігі. Мұндай пайымдау, яғни осы шағын және орта бизнеске тән потенциялды қарсылық басқа нарықтық, сондай-ақ тауар ақша қатынастар құрылымның элементтеріне де тән. Бұдан басқа да өзгерістер пайда болып жатыр: шағын және орта кәсіпорын мемлекеттік қолдау жүйесін іске асыру.
Дәл осы шағын және орта кәсіпорынның негізгі қарсылығын шешу қажеттілігі жоғары дамыған елдердегі шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдаумен көмек көрсетумен анықталады. әлемдік және отандық тәжірибе көрсеткендей шағын және орта бизнес оған тән ерекшеліктерді есептегенде, мемлекеттік билік органдары жағынан қолдау мен үнемі назарда болуын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің алдында тұрған мәселесі, бұл, шағын және орта компанияларға құқықтық экономикалық жағдай жасап, олардың әрі қарап дамып және нарықтық жағдайда өз бетінше дамуына мүмкіншілігін беру.
Бұл жағдайда мемлекеттің екі функциясы бар: басқарушы және қамтамасыз етуші.
Бірінші функция бұл жетекші қызметі, ол шағын және орта бизнестің дамуына тұрақты, тиімді және басқарушылық сипат береді - бұл шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет жасауына құқықтың ортаның құрылуы, сонымен қатар, оларға материалдық, ұйымдастырушылық - әкімшілік мәселелердің шешілуі мен бақылауы.
Қамтамасыз етуші қызметі - шағын және орта фирмалардың қызмет көрсетуінен тұрады, оларға материалдық, ақшалай, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік ресурстармен оларға қызмет жасауды және т. б. жеткізуден тұрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстандағы қазіргі жағдайы оның қалыптасуымен сипатталады. Біздің республикамыздағы жеке меншіктің кеңінен таралғанына он жылдам астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғамның тұрақты дамуының негізі болып табылатын орта топ өкілдері жеке меншік кәсіпкер тобы құрылды. Реформалаудың он жылы ішінде біздің мемлекет белгілі бір нәтижелерге жетті. Ең басты жетістігі ретінде кіші және орта бизнестің нарықтық экономиканы құрудағы рөлін алсақ болады. Бұған күә ретінде шағын және орта кәсіпкерлік аясындағы қатынастарды реттейтін көптеген заң актілерін келтіруге болады. Оған жататындар 1997жылы экономика және сауда Министірлігінің құрамында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Агенттік құрылды - бұл Қазақстандағы жеке бизнесті дамыту үшін құрылған алғашқы арнайы орган болды. Бұл Агенттік бизнес субьектілерін дамытуға кедергі келтіретін экономикалық, әкімшілік, құқықтық және ұйымдық тосқауылдарды жою жөніндегі ұсыныстар жасайды, шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету, бизнесмендердің заңды мүддесін қорғау, сонымен қатар осы сомадағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қаржы-несие және салық саясатын жүргізу және бөлінген қаражаттардың тиімді пайдалануын бақылаумен айналысады.
Шағын және орта бизнестің заңды базасы Қазақстан егемендігін жариялаған кезде-ақ құрылған еді. 1992 жылдың шілдесінде “ Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау ” туралы заңы қабылданды - 1995 жылдың 2 мамырда ҚР Президентінің “ шаруашылық жүргізуші серіктестік ” туралы жарлығы қабылданды. ҚР Президентінің келесідей Жарлықтары қабылданды: 1996 жылдың 14 шілдесінде “ Кәсіпкерлік қызметінің еркіндігіне мемлекеттік кепілді жүзеге асырудың қосымша шаралары ” туралы 1997 жылы жазда “ Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ” және “ Жекеше кәсіпкерлік ” туралы заңдары шығарылды.
Шағын және орта кәсіпекерліктің құрылуы мен дамуы және оны басқару, макродеңгей тұрғысынан қарағанда келесі мынандай тұжырымдар ұсыныстар жасауға болатынын анықтайды:
- шағын және орта кәсіпкерлік өндірістің өзіндік формасы ретінде экономикалық, әлеуметтік шешімдерде белсенді қатысуды қажет етеді;
- шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортаның қалыптасуында, ірі корпорациялар монополизіміне қарсы тұратын нақты нарықтық экономиканы құруға маңызды рөл атқарады;
- шағын және орта бизнес ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарында, жұмысбастылық мәселесін шешуде, жаңа жұмыс орындарын құруда, әлеуметтік әлсіздендіруді төмендетеді және нарықтық қатынастардың мәнді үлес қосады;
- шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау инфрақұрылымын құру;
- шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне мемлекеттік қаржылы, материалдық-техникалық жаңалықтар мен технологияларды пайдалануға жеңілдіктер жасау;
Айтылып кеткен шағын және орта кәсіпкерліктің мұндай ерекшелік қабілеттері Қазақстан экономикасын реформалаудағы оның бөлінбес факторы мен қосымша бөлігі болып табылады. Яғни нарықтық құрылымға тән нарықтық механизімді реттеуді жүзеге асыру сипатталады.
1. 2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі болып табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін қалыптастырады. Осы секторда ұлттық ресурстардың негізгі массасы шоғырланған. Шағын және орта бизнестің қызметі инновациялық және зерттеушілік қызметінің бастамасы ретінде болады: зерттеулер көрсеткендей негізгі идеялар мен ірі бизнеске қарағанда, көбірек шағын және орта бизнестен ұсынылып отырады.
Бірақ Қазақстанда мұндай маңызды сектор қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі әсер ете алмайды. Ал Батыс Европаның, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдерінде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖІӨ-нің 70 пайызына дейін келеді. Осы елдерде, шағын және орта бизнес, іскерлік өмірдің жаппай, динамикалық және икемді нысаны ретінде шаруашылықтың нарық жүйесінің нағыз негізі болып табылады және қоғамның орта буынын құрайды.
Сондықтан 2000-2004 жылдарындағы ҚР-ң Үкімет Бағдарламасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды құру есебінен қоғамның орта буынын қалыптастыруына аса көңіл бөлінген, әсіресе жаңа технологиялық өндіріске бағытталатын болса.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдаудың және бағыттары қойылған - бұл салық ауырпашылығын азайту; меншік пен активтерін легалезациясы; несие ресурстағы қол жетімдігін жеңілдету; әкімшілік процедураларды және рұқсаттамаларды оңайлату; бюрократиялық шексіздіктен және бақылау тексеру органдарын қорғау; шағын және орта бизнесті қолдаудың аумақтық орталықтарын құру; маркетингтік зерттеулер жүргізуде, кәсіптілігін жоғарлатуында көмек көрсету.
Барлық меншік нысандарындағы кәсіпорыдарда өз қызметін жүзеге асыру және пайда алу барысында қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туындайды. Қаражаттарды тартудың ең таралғн нысаны несие келісімшарты бойынша банктік ссуданы алуы болып табылады.
Осыған байланысты шағын бизнес субьектілерін қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күнге дейін өте актуалды болып қала береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz