Коммерциялық банктердің несиелік қызметі: талдау және даму болашағы. «Каспий банк» АҚ негізінде
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несие қызметінің түсінігі және экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Несиелеу принциптері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру,
және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2 «КАСПИЙ БАНК» АҚ.НЫҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 «Каспий банк» АҚ . ның жалпы қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..46
2.2 «Каспий банк» АҚ. ның үлгісінде несие қызметін ұйымдастыру ... ... . 49
2.3 «Каспий банк» АҚ. ның несие қоржынын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан банк жүйесіне әсері ... ... ... ..64
3.2 Банктік несиенің өзекті мәселелерін шешудегі мемлекеттің араласу саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.
Қазіргі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына жатады. Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың негізгі бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының құрылымы, оның активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына, бөлімдерінің санына, клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы басқаларына байланысты. Және де үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық конъюктурасының жағдайын да көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда орналасқан кіші және орташа банктер клиенттердің шектелген көлемімен байланыста болады және жалпы ұлттық сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен салыстырмалы түрде әлсіз байланыста болады. Сондықтан олардың активтер құрылымында ссудалық операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда орналасқан ірі банктерге қарағанда аз болып келеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына жатқызылғанымен осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып, дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Коммерциялық банктердің несиелік қызметі: талдау және даму болашағы «Каспий банк» АҚ негізінде қарастырылады.

1. С.Б. Мақыш Банк ісі. Алматы, 2007 ж.
2. Н.Н. Хамитов Банк ісі. Алматы, Экономика 2006 ж.
3. С.Б. Мақыш Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004ж.
4. Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева Қаржы, ақша айналысы және несие. Алматы, Экономика 2008ж.
5. Ғ.С. Сейітқасымов Ақша, кредит, банктер. Алматы, Экономика 2006ж
6. С.Б. Мақыш Коммерциялық банктер операциялары. Алматы, 2006ж.
7. Банковское дело. Под.ред. д.э.н., проф. О.И.Лаврушина
8. Банковское дело. Под ред. д.э.н. Белоглазовой Г.Н., д.э.н.Кроливецкой Л.П., М.:2005г.
9. Ольшаный А.И Банковское кредитование (Росс. и зарубежный опыт) М.: 2002
10. Стратегия развития коммерческого банка Под ред. А.С.Маршаловой, Н.А.Кравченко, Новосибирск, 2003
11. Банковский терминологический словарь М.:2002
12. Едронова В.Н., Хасанова С.Ю. Классификация банковских кредитов и методов кредитования. Финансы и кредит, 2003, № 1
13. Замурзев А.С. Кредит и ссуда: терминологический анализ. Классификация и определение формы. Банки Казахстана. 2003, № 4
14. Российская банковская энциклопедия / Гл.ред.О.И.Лаврушин.-Москва, 1995. – С.215-217
15. О.И. Лаврушин. Деньги, кредит, банки. М. Финансы и статистика. 2002ж..
16. В.И. Тарасов Деньги, кредит, банки. Минск: Мисанта, 2003ж. 128 б.
17. Колесников В.И., Кроливецкая Л.П. Банковское дело. –М., 1996
18. «ҚР Ұлттық банк туралы» Заңы 21.03.2007ж.
19. «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31.04.2006ж.
20. Пруденциалды-нормативті заң актілері
21. Егемен Қазақстан 6 наурыз 2009ж.
22. РЦБК №2 2009ж.
23. www.afn.kz
24. www.kaspibank.kz

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Несие қызметінің түсінігі және экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Несиелеу принциптері мен әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру,
және оның түрлері

... ... 35
2 КАСПИЙ БАНК АҚ-НЫҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Каспий банк АҚ – ның жалпы қаржылық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ..46
2.2 Каспий банк АҚ– ның үлгісінде несие қызметін ұйымдастыру ... ... .
49
2.3 Каспий банк АҚ– ның несие қоржынын бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... . 54
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК
НЕСИЕНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан банк жүйесіне әсері
... ... ... ..64
3.2 Банктік несиенің өзекті мәселелерін шешудегі мемлекеттің
араласу
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 68
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ..73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
Кіріспе
Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының
қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен
жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.
Қазіргі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып,
банк операцияларының жаңа техникасын қолданып, қызмет көрсетудің жоғарғы
деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол
кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және
инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие
қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің
экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа
кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады
және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен
дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын
нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық
процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына
жатады. Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың
негізгі бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының
құрылымы, оның активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына,
бөлімдерінің санына, клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы
басқаларына байланысты. Және де үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық
конъюктурасының жағдайын да көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда
орналасқан кіші және орташа банктер клиенттердің шектелген көлемімен
байланыста болады және жалпы ұлттық сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен
салыстырмалы түрде әлсіз байланыста болады. Сондықтан олардың активтер
құрылымында ссудалық операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда
орналасқан ірі банктерге қарағанда аз болып келеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына
жатқызылғанымен осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда
коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып,
дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Коммерциялық банктердің несиелік
қызметі: талдау және даму болашағы Каспий банк АҚ негізінде
қарастырылады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты тек қана теориялық аспектілер ғана емес,
тәжірбиелік тұрғыдан:
6
• коммерциялық банктің несиелік қызметі Каспий банк АҚ негізінде
қарастырылады;
• коммерциялық банктегі несиелік процесстің берілу деңгейін;
• несиелеу қағидаларын ұйымдастыруды талдау;
• банктің несие операцияларын жүргізудің тәжірибелік жақтары;
• банктің несие қоржынының жағдайы және пайда болған проблемаларды
шешудің перспективалық бағыты табылады.
Коммерциялық банктің несиелік қызметіне толығырақ зерттеуді жүргізу
үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып қарастыруымыз керек және бұл
мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып отыр:
1. Несие қоржынының ролін анықтау, банктің несие саясаты тиімділігі
көрсеткіштерінің жүйесін және оны қамтамасыз ету механизмдерін
әзірлеу.
2. "Каспий банк" Акционерлік Қоғамының несие қоржынына талдау жүргізу.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, 75 беттен,
10 суреттен, 19 кестеден, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Теориялық және әдістемелік база. Дипломдық жұмысты дайындау барысында
банктік қызметті реттейтін әртүрлі заңдық, пруденциялық нормативтік заң
актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел
экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды, АҚ Каспий Банк-тің жылдық
есебі және т.б. қолданылды.
7

Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі
ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің
атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің
несие мәні сияқты объективті сипаты болады. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу
барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше
қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет – қатып қалған емес, өзгеріп тұратын
құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуы да өзгеріп
отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін
байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі
оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын
сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі
ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса,
басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты
(несиеден қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу процесіне
қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан,
несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін
айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан несиелік қатынастарды да дәл осыған
жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас
белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі
несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы
орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлумен айналымның
несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен
бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен
орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген
авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы
ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т.б. деп түсіндіреді.
Несиенің бақылау қызметі дегенде: ол – ақша, қаржы сияқты басқа да
категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды несие
емес, банк жүзеге асырады.
Несие өндірістік қорлар айналымның құралы деп қарасақ, онда оның бұл
қызметі ақшаларға да, бюджетке, пайдаға қаржыға да тән – бұл біріншіден,
екіншіден – несие қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына
да енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ,
ол несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет
сияқты құндылық
8
категориялары арқылы да жүзеге асырылады. Қорларды ынталандыру жайлы
да осылай деуге болады.
Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара
алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет – қарап отырған экономикалық
категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.
Айналымның құралы түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы
ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбекақы, бюджет, табыс,
т.б. құндылық категорияларына да тән.
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің рөлі және орны, олар
атқаратын жалпы және селективті сипаттағы функциялармен, сұрыпталған
сипаттағы функциялармен анықталады:
1. Несиенің қайта бөлу қызметі
Несие қайта бөлу қызметін атқарады. Оның мағынасы қарыз алушыға
(шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін
кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақша қаржыларын
(ақша капиталдары мен табыстар) несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру
капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы несие механизмі арқылы халық
шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылу негізінде несиеге айналды.
Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге
асырылып, ақша түріндегі капитал төменгі пайда нормасы бар саладан
босатылып, банктерде жинақталады да жоғары пайда нормасы бар салаларға
ағылады. Екінші сөзбен айтқанда, өндірістік тепе-теңдіктер, капитал мен
экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі. Мәселенің мәнісі өндіріс
құралдары ретіндегі (машиналар, жабдықтар, шикізаттар мен материалдар)
капитал физикалық түрде бір саладан екінші салаға ауысып, құйыла алмайды.
Бұл процесс ақша капиталының қозғалыс жағдайына жүзеге асырылатындықтан,
несие нарықтық экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан басқа
салаларға ауысып, құйылуы үшін икемді механизм ретінде керек және пайда
нормаларын теңестіру қызметі арқылы несие капиталдың өндірістің бір
саласынан екіншілеріне еркін түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың
белгілі бір нақты үлгіде бекуін қамтамасыз етеді.
Құндылықтардың несие арқылы қайта бөлінуі – салалық, салааралық,
аумақтық бағыттарда, несие қатынасының субъектісі іспеттес кәсіпорындар
деңгейінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын, әңгіме уақытша бос
тұрған құндылықты қайта бөлу жағдайында болып отыр. Сондықтан да қайтарым
жағдайында қайта бөлінеді. Осы ретте қайта бөлудің қаншама түрлері
болғанмен, меншік иесі ауыстырылмай, ол несие берушінің қолында қала
береді.
Сонымен несие өзінің қайта бөлу қызметінде экономиканы стихиялық түрде
реттеуші болып табылады. Алайда, несие кейбір жағдайларда экономиканың тепе-
теңдігін де күшейтіп жібере алады. Нақты айтар болсақ, 1993-1996 жылдары
капиталдың өндіріс саласынан айналыс сауда саласына
9
ауысуы орын алды да өндіріс дағдарысын тереңдете түсті, яғни
несие бұл жылдары сауда-делдалдық салаға ауысып кетіп, нағыз сектор
дағдарыс жағдайында қалып қойды.
Несиенің қайта бөлу қызметінің ерекшеліктері төмендегідей:
Біріншіден, несиенің көмегі арқылы тек мына материалдық игіліктердің
құндылығы, өндіріс құралдары мен тұтыну заттары, яғни бір жылдың барысында
өндірілген ұлттық жалпы өнімдер емес, сондай-ақ ел экономикасының өткен
кезеңдерде жасалған құндылықтары да қайта бөлінеді;
Екіншіден, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құндылықты қайта бөлуді
емес, уақытша босаған құндылықты қайта бөлуге қатысты;
Үшіншіден, қайта бөлу қызметінде уақытша босаған құндылықты уақытша
пайдалануға беру процесі өте маңызды болып табылады;
Төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құндылықты несиеге беру
нарықтық экономикаға тән делдалдардың банктер мен басқа да несиелік
мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Нарықтық экономика жағдайында ссудалық капитал нарығы, уақытша бос
қаржы ресурстарын шаруашылық қызметінің бір сферасынан екінші бір неғұрлым
жоғары пайдамен қамтамасыз ететін сферасына бағыттап отыратын насос
тәріздес. Әр түрлі салаларда немесе аймақтардағы оның дифференциялдық
деңгейіне бағыттала отырып, несие қосымша қаржы ресурстарын қажет ететін,
динамикалы дамитын объектілерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
экономиканың макрореттеушісі болып табылады.
Бірақ кейбір жағдайларда бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы нарық
құрылымындағы қарама-қайшылықтардың тереңдеуіне ықпал етеді, оған Ресейде
нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі капиталдың өндіріс сферасынан айналым
сферасына құйылуы қауіпті сипат алғанын мысал етуге болады. Сондықтан
несиелік жүйені мемлекеттік реттеудің аса маңызды міндеттерінің бірі –
экономикалық басымдылықтарды рационалды анықтап, несие ресурстарын ұлттық
мүдде тұрғысынан жедел дамуы қажет салаларға немесе аймақтарға тартуды
ынталандыру болып табылады.
2. Айналым шығындарын үнемдеу
Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар (алтын) ел
ішінде айналысқа түспейді, олардың несие негізінде шығарылған ақша
белгілері айналымда болады. Нақты ақшалардың шығарылуы немесе қолма-қолсыз
есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканың несие ресурсы болып
табылады.
Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда боуымен
байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау
ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма- қол ақшасыз
есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып
10
жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс-
беріс жасап айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір
азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есеп шоттардағы
қаржылары банктердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы
көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік
байланыстарын туғызады.
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына
және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін, сол ақша айналымы (қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз есеп) үшін түрліше төлем қаржылары
құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік
операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық
міндеттемелер – вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі
несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.
Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды
ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды
алмасытыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма-
қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді,
депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.
Осы кездегі шаруашылықта қолдағы ақшаны несие операцияларымен
ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір
есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара
талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын
жақсартуға мүмкіндіктер туады.
Бұл жерде айрықша ескеретін жәйт – несие осы қызметінің барысында
ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша
ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ-ны (тауарлы-
материалдық құндылық) алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды
төлеу үшін пайдалануды және т.б.
Демек, нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен
алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:
- алтынның орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік
ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етіліп,
міндетті түрде банкідегі эмитентке қайта келіп түсулері қажет;
- несиелеу барысында төлем қаржылары жасалды, яғни, қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуды ұйымдастыруға байланысты айналымға ақшасыз қолма-қол есептер
жасалынатын ақшалар келіп түседі.
Бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы тікелей несиенің экономикалық
мәнінен шығады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаражаттарының түсуі
мен шығындалуы арасындағы уақыт айырмасы қаржы ресурстарының
артықшылығын ғана емес, жетіспеушілігін де
11
анықтайды. Міне сондықтан қарыз алушылардың барлық категориялары қолданатын
меншікті айналым қаражаттарының уақытша жетіспеушілігін де анықтайды. Олар
капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз етіп, жалпы айналым
шығындарын үнемдейді.
3. Капиталдың шоғырлануын жеделдету
Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету несиенің маңызды
қызметі болып табылады. Несие механизмі қосымша құнды капиталдандыру
барысына ықпал етеді.
Несие капиталды шоғырландырудың аса қуатты факторы ретінде оның жекелеп
жинақталуының шекараларын кеңейте түседі. Өндірістің ауқымын кеңейту үшін
жекелеген шаруашылық кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің қаржылары көбінесе
жеткіліксіз болып саналатындықтан, әбір кәсіпорындардың, халықтың шағын
мөлшердегі уақытша бос тұрған шашыраңқы қаржылары жұмылдырылып банкілерде
жинақталады да, үлкен көлемге жеткеннен кейін ол несие ретінде кең ауқымды
ұдайы өндірісте белсенді түрде пайдаланады.
Несие жекелеген кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдырудың,
монополиялар мен халықаралық компаниялардың жаңа түрлерін құрудың
факторларның бірі болып саналады. К. Маркстің айтуы бойынша несие
бәсекелстік күресте әрі жаңа әрі сұрапыл қаруға айнала отырып, соңғы
нәтижеде капиталдарды орталықтандырудың аса зор әлеуметтік механизмі бола
бастайды. Монополизмге берілетін жеңілдік несиелеріне байланысты және
шағын тауар өндірушілердің несие алу жағдайларының нашарлауы бір полюсте
(шекте) капиталдың шоғырлануы мен орталықтандырылуының күшейіп, екінші
жақтың ойсырауына, тақыр кедейленіп, банкротқа айналуына әкеп соғады.
Капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуының аса қажет
шарты және кез келген шаруашылық субъектісінің басым мақсаты болып
табылады. Бұл міндетті шешуде өндіріс масштабтарын кеңейтіп (немесе басқа
шаруашылық операциясын) сол арқылы қосымша пайдамен қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін қарыз қаражаттар нақты көмек береді. Оның бір
бөлігін кредитормен есеп айырысуға бөлу қажеттігін ескерген күннің өзінде
несие ресурстарын тарту тек меншікті қаражаттарға ғана сүйенуге қарағанда
тиімді.
Бірақ, айта кететін жайт, экономикалық құлдырау кезеңінде
(әсіресе, нарықтық экономикаға көшу жағдайында) бұл ресурстардың
қымбаттылығы шаруашылық қызметінің көптеген сфераларында оларды капиталды
шоғырландыру міндетін шешу үшін белсенді қолдануға мүмкіндік бермейді.
4. Тауар айналымына қызмет көрсету
Бұл функцияның жүзеге асуы процесінде несие тауар айналымымен қатар
ақша айналымында жеделдетеді. Ақша айналымына вексельдер, чектер, несие
карточкалары және басқа да құралдарды енгізе отырып,
12
қолмақол есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз операциялармен ауыстырып,
ішкі және халықаралық нарықтардағы экономикалық қарым – қатынастар
механизмін жеделдетіп, жеңілдетеді. Осы міндетті шешуде
тауар айырбасының аса қажет элементі ретінде коммерциялық несие белсенді
рөль атқарады.
5. Ғылыми-техникаклық прогресті жеделдету
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-техникалық прогресс шаруашылық
субъектісінің экономикалық дамуындағы анықтаушы фактор болып табылады.
Оны жеделдетудегі несиенің рөлін ғылыми-техникалық ұйымдар қызметін
қаржыландыру процесі мысалынан байқауға болады. Олардың қызметіндегі
ерекшелік, ондағы алғашқы қаражатты салу мен дайын өнімді өткізу арасындағы
уақыт айырмасы басқа салаларға қарағанда ұзақ болып келеді.
Сондықтан көпшілік ғылыми орталықтардың қалыпты қызмет етуі несие
ресурстарын қолданусыз мүмкін емес (бюджеттік қаржыландырудағыларды
қоспағанда). Сонымен қатар несие тікелей өндіріске ғылыми жаңалықтар мен
технологияларды енгізу формасындағы инновациялық процестерді жүзеге асыру
үшін қажет. Оның шығындарын кәсіпорын мақсатты орта және ұзақ мерзімді
банк ссудасы есебінен қаржыландырады. Сонымен, несие кредитормен қарыз
алушының арасында уақытша қолдануда құнға байланысты туындайтын
экономикалық қарым-қатынастар.
Нарықтық экономика жағдайында несие келесі қызметтерді атқарады:
- уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау;
- ақша қаражаттарын қайтарымдылық шартында қайта бөлу;
- айналымның несиелік құралдарын жасау ( банкнот және қазына
билеттері) және несие операцияларын жасау;
- жиынтық ақша айналымының көлемін реттеу.
Қоғамда несиелік қатынастардың пайда болуы капитал айналыстары мен
айналымдарының біркелкі еместігінен туындайды да, объективті, қажетті және
нақты сипаттарға ие болады. Қарыз беру қорының құрылуы жайында да осыны
айтуға болады. Несиелік қатынастар пайда болғаннан кейін, қарыз беру қоры
да объективті, қажетті және аса маңызды сипатқа ие болады. Несиелік қорлар
ұдайы өндірістің барысында уақытша бос тұратын қаржылардың негізінде
құрылып, қосымша қаржыларды қажет ететін дұрыс талаптарды қанағаттандыруға
жұмсалуы тиіс. Мұның өзі несиенің белгілі бір шегін сақтап, соған сәйкес
сол шекараның бұзылуына жол бермейтін механизм (яғни, несиені пайдалану
бағытын негізсіз кеңейтіп немесе тарылтып) құру қажет екенін көрсетеді.
Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша
қатынастарының дұрыс жұмыс істеуі жағдайында ғана әрекеттік күші бар. Нақты
несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және
13
тепе-теңдік қатынастарға негізделген экономика салаларында ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектісінің өзі атқарып отырған
жұмысының нәтижесі үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса,
несиелік қатынастардың дұрыс жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып
келетіндігінің кепілдігі болмайды. Несиенің пайда болу Заңының бұзылуы
экономикадағы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық,
объективтік, қажеттілік, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңдары өзінің қозғалыс заңдары іспеттес көрініс табады. Жоғарыда
анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие
берушіден қарыз алушыға өтіп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни
несие тұрақты түрде қозғалыс үстінде болады. Егер ол бір буында тоқтап
тұрып қалса, өзінің мәнін жоғалтып, несие болудан қалады. Сондықтан
несиенің қозғалысы объективті, қажетті, маңызды, жалпыламалы, нақты дүние.
Яғни, несиенің қозғалысы оның аса маңызды сипаты, өмір сүруінің заңы.
Тек несие заңына тән Заң – оның иесіне қайта айналып келу заңы. Несиені
басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгісі мен
ерекшелігі – оның өз иесіне қайта айналып келуі. Егер несиеленген құндылық
бастапқы субъект – несие берушіге қайта айналып келмейтін болса, онда
өзінің мәнін жоғалтып, жеке экономикалық категория ретіндегі несие боп
аталудан қалады.
Несиеленген құндылық өзі шыққан пунктке қайта оралып келу үшін белгілі
бір жұмыс істейді, яғни ұдайы өндіріс процесіне қатынасады, пайызын
өсіру үшін уақытша пайдалануға берілген бастапқы мөлшерін қайта қайтаруға
(қаржыларды босатады) өзіндік мүмкіндіктер жасайды. Бұл процесте:
объективтілік, қажеттілік, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың
барлық белгілері бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы –
несиеленген құнның сақталу заңы. Несиеленген құн несие берушіден оны алуға
дейінгі жолда өзінің тұтынушылық ерекшеліктерін (өндіріс құралдарына
қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарында
бастапқы тепе-теңдік түрін сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын қалпында
бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзінің
бастапқы сапасын, әрі жоғары мүмкіндіктерін жоғалтпайды.
Несиенің қарастырылған заңдары мен олардың ерекшеліктерін танып білудің
тәжірибелік маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын тұрақсыздандыру,
экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделі экономикалық
құндылықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын
кемітеді, инфляцияға әкеп соқтырады және т.б.
Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді.
14
Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың
барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған,
қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін
бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін
міндеттер
қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру
капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдаланылуы қамтамасыз етіледі. Несие
ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.
Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және
төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез келген
экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың
арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды
сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар
жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы
өндіріс процессін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің
үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда
көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік жүрмеуіне байланысты, бір
полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық
орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға
берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы
төлеуді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын
ролі зор. Несиенің көмегімен артарлықтай қаржы ресурстарын
шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске
асыруға, жаңа техниканы өндіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді
өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан
арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-
2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге
асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға
бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық
салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айнымалы қаржыландырумен
айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін
осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен
әрі несие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін
белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша
айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі – айналыс құралын
құруға байланысты:
Біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау
шығындарын қысқартады;
15
Екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-
қол ақшасыз есептесулерді жылдамдатып, айналым шығындарын азайтады;
Үшіншіден, қосымша ресурстарға маусымдық сұраныстардың
өскендігіненрезервтік қорлардың кемуіне байланысты айналым шығындары
қысқарады. Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банктердің есеп шотында
сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар
ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасыз есеп
экономикадағы есептесулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады,
мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару
несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп
және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын
ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық
ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы
несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде
экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспанция саясаты
қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп,
ақша көлемі ұлғайады. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда
1993-1997 жылдары несиенің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспанция
саясаты жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында ұрғын үй құрылысы,
пәтерлер, автокөлік және және басқа да тұрмыстық машиналар мен
аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген
әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік
экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық
субъектілердің өмір сүруі мен жалпы шаруашылығының дамуына да,
микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын
көтеруде де несиенің атқаратын ролі өте зор екен. Міне, осыған байланысты
несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе туындайды. Үйлесімді
деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда бере алады. Несиенің
дамуын, оның ролінің күшеюін экономикаға несие салымының артуымен
байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы сапалық емес,
сандық өзгерістерді көрсеткен болар еді. Несие салымдарының ұлғайғаны жайлы
мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің үлесі экономиканың
дамуында оның ролінің артқандығы осы процестердің несие объектілерінің
кеңеюімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы жобаларды игерумен
байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда несиелік
қатынастардың дамуы,
16
жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір саладан екінші салаға ауысып
қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтан, несие ролінің артқандығы туралы
айтуға болады. Несиелеудің көптігі экономиканың даму процесіне, ақша
айналымына кері әсерін тигізеді. Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп
пайдалануға деген ықыласын бәсеңдетеді. Ал, несие саласын мейлінше
тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем қаржыларының
жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілері ТМҚ-ны,
жабдықтарды сатып ала алмайды, өзінің қызметкерлеріне еңбекақы төлей
алмайды, негізгі қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның
бәрі өндірісте, тауарларды сатып-таратуда өз көрініс байқатпай қоймайды.
Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың,
айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып-
таратудың араларындағы үйлесімді тепе-теңдіктерді сақтап тұру үшін маңызы
зор.
Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен
байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс - Ұлттық банк міндетті
қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің
көлемін азайтады, экономикалық әдіс – пайыздық мөлшерлемені көтерудің
нәтижесінде несиелеу процесін тежейді. Сапалық шектері – бұл жағдайда несие
тар көлемдік деңгейде де, кең көлемдік деңгейде де кері әсер етуі мүмкін.
Несиенің экономика циклінің тиісті кезеңіне байланысты кең көлемді
деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап
көрсетілді.
Несиенің пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейінде әсер етуі көп
факторларға, ең бірінші несиелік қатынастарға қатысушы жақтардың ықыластары
мен мүмкіндіктеріне байланысты, атап айтқанда:
- қарыз алушылардың қарыз қаржыларына деген мұқтаждығы мен несие және
пайыздық мөлшерлемелерді қайтаруға байланысты шығындарды азайтуға олардың
ықыласты болуы;
- банкілердің өз табыстарын ұлғайту мақсатымен несие салымдарын
кеңейтуге ықластылығы.
Екі жақтың несиелік тынымдарға ықыластары жасалғаны несиелік
келісімдерде көрсетіледі.
1.2 Несиелеу принциптері мен әдістері
Несие - қарыз капиталы қозғалысының нысаны болып саналады, яғни қарызға
берілген ақша капиталы. Оның көмегімен кәсіпорындардың, жеке секторлардың
және мемлекеттің бос ақша капиталы мен табыстары уақытша қолдануға берілген
қарыз капиталы үшін төлемге айналып, шоғырланады. Несие ақша капиталын
қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де қарыз беруші мен қарыз
алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді.
17
Несие құндық экономикалық категория, тауар ақша-қатынастарының ажырамас
элементі.
Іс жүзінде несие – ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру.
Несиенің пайда болуы айырбас сферасымен тікелей байланысты, ол кезде тауар
иелері бір-бірімен экономикалық қарым-қатынасқа түсуге дайын.
Несиенің пайда болу мүмкіндігі және дамуы капитал айналымына
байланысты. Негізгі және айналым капиталының қозғалысы процесінде –
ресурстар босайды. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт
қолданылып, құнын дайын өнімге біртіндеп ауыстырады. Негізгі капиталдың
құнының ақшалай формада біртіндеп қалыптасуы босаған ақша қаражаттарының
кәсіпорын шотында бос тұрып қалуына әкелді. Сонымен қатар, бір жағынан
тозған еңбек құралдарын айырбастау қажеттілігі және бір мерзімдік ірі
шығындар туындайды. Сипаты осыған ұқсас процестер айналым капиталы
қозғалысында да болады. Сонымен бірге айналымдағы тербелістер әркелкі
көрініс алады. Өндірістің мерзімділігіне, әр түрлі жабдықтауға және
басқаларға байланысты өнімді жасау және айналдыру уақыттарында сәйкессіздік
туындайды. Бір субъектілерде уақытша қаражат артықшылығы, енді біреулерінде
оның жетіспеушілігі пайда болады. Бұл несие қарым-қатынастарының
туындауына мүмкіндік береді, яғни несие қаражаттардың уақытша тұрып қалуы
мен олардың шаруашылықта қолданылуы қажеттілігі арасындағы қарама
қайшылықтарды шешеді.
Несиелік қарым-қатынастар экономикада белгілі-бір әдістемелік негізге
сүйенеді, солардың бірі ссудалық капитал нарығындағы кез-келген операцияны
практикалық ұйымдастыруда қатаң сақталатын принциптер. Бұл принциптер
несиенінің дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасып, кейіннен жалпы
мемлекеттік және халықаралық несие заңдылықтарында тікелей көрініс алды.
Банктік несиелеу белгілі принциптердің қатаң сақталуы жағдайында жүзеге
асырылады, олар несиенің мәні мен мазмұнын көрсететін несиелеу жүйесінің
басты элементтері болып табылады.
Несиелеу принциптеріне келесілер жатады:
- мерзімділік;
- қайтарымдылық;
- несиенің төлемділігі;
- материалдық қамтылуы;
- мақсатты бағыт.
Мерзімділік – қарыз қаражаттарды несие берушіге қайтарудың алдын-ала
келісілген мерзімі, яғни несиені қайтарудың анықталған уақыты, оны бұзу
белгілі санкцияларды қолдануға әкеледі. Несиелеу мерзімі – қарыз
қаражаттардың қарыз алушының қарамағында болуының шекті уақыты.
Бұл принцип несиені несие шартында немесе оны ауыстыратын құжатта
белгіленген нақты бір уақытта қайтару қажеттілігін білдіреді. Осы
18
көрсетілген шартты бұзу несие берушінің қарыз алушыға алынатын пайызды
өсіру формасында экономикалық санкцияны қолдануына негіз болады, ал ары
қарай мерзімінен кешіктіру (біздің елімізде – 3 айдан жоғары) – сот
арқылы қаржылық талап қоюға мәжбүр етеді. Бұл ережеден тек несие шартында
уақыты анықталмайтын онкольдік ссудалары ауытқиды (Онкольдік несие –
кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелінетін
қысқа мерзімді несие). Бұл ссудалар 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында
(АҚШ аграрлық секторда) кең тараған, қазіргі жағдайда қолданылмайды.
Сонымен бірге, онкольдық несие шартында нақты жабу мерзімі
анықталмағанмен, қарыз алушының қарыз алған сәттен бастап банктен алынған
қаражаттарды қайтару туралы ескерту келгенге дейінгі уақыты нақты
бекітіледі. Бұл қарастырылып отырған принциптің қандай бір дәрежеде
сақталуын қамтамасыз етеді.
Қайтарымдылық – негізгі қарыз соммасын несие берушіге келісілген шарт
бойынша міндетті түрде қайтару; қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан
да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл принцип қарыз алушының кредитордан алған қаржы ресурстарын қолданып
болған соң, уақытында қайтару қажеттілігін көрсетеді. Ол тәжірибеде нақты
қарызды несие берген ұйымның шотына аудару арқылы сөндіруді білдіреді. Бұл
банктің несие ресурстарының қайта толықтырылып, жарғылық қызметінің
жалғасуын қамтамасыз етеді.
Отандық тәжірибеде орталықтандырылған жоспарлы экономикада қайтарымсыз
қарыз деген ресми емес түсінік болған. Несиелеудің бұл формасы әсіресе
аграрлық секторда кең тараған. Яғни, мемлекеттік несие мекемесі қарыз
алушының кризистік қаржылық жағдайына байланасты қайтарымсыз несие беруі.
Өзінің экономикалық мәні жағынан қайтарымсыз қарыз бюджеттік субсидияның
қосымша формасы болып табылады.
Бұл несиені басқа тауар-ақша қатынастарындағы экономикалық
категориялардан ерекшелендіреді. Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін
несиелеудің бұл принципіне ерекше маңыз береді.
Біріншіден, қоғамдық ұдайы өндірісті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету
осы принциптің сақталуына байланысты.
Екіншіден, бұл принциптің сақталуы банктің өтімділігін қамтамасыз
етеді.
Үшіншіден, әрбір жеке қарыз алушы үшін бұл принципті сақтау банктен
жаңа несие алу мүмкіндігіне жол ашады.
Несиелеу мерзімін банк несиеленетін материалдық құндылықтардың
айналымдылық мерзіміне және шығындардың ақталуына қарай бекітеді.
Несиенің мерзімінде қайтарылуы принципі дифференциялдылық принципімен тығыз
байланысты.
Дифференциялдылық – банктің несие алушыға ұмтылушы клиенттерге несие
беру туралы сұраққа біркелкі қарамауы керектігін білдіреді. Несие тек оны
уақытында қайтаруға жағдайы бар клиенттерге берілуі керек.
19
Несиелеу дифференциясы несиеге қабілеттілік көрсеткіштері негізінде
жүзеге асады. Ол дегеніміз қарыз алушының шартта келісілген мерзімде
несиені қайтаруға дайындығы мен қабілетіне сенімділік беретін қаржылық
жағдайы. Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің мазмұны өзгерген десе
болады.
Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан
да несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады.
Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер
несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциялды
қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің
қамтамасыз етілуі сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ
қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені
орналастырғанға дейін іске қосылады.
Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Бұл принцип несие ұйымдарының әр түрлі категориялы, потенциялды қарыз
алушыларға дифференциялды тұрғыда қарауын анықтайды. Оның тәжірибеде
жүзеге асуы нақты банктің индивидуалды мүддесіне тәуелді және мемлекеттің
жекелеген салаларды немесе қызмет сфераларын қолдауға байланысты
орталықтандырылған саясатына тәуелді (мысалы: ұсақ бизнес және т.б.).
Несиенің төлемділігі (ақылық) – бұл несие беруші қарыз алушыға
берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп
қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін
төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі
несиеге деген сұраныспен ұсыныс негізінде қалыптасады. Қазіргі банктердің
несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына
мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері
(мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының пайыздық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттары бойынша төлейтін орташа сыйақы
мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы (тартылған қаражаттар үлесі
қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуы тиіс);
20
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның
қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- сыйақы да жоғары болуы тиіс, себебі, инфляция жағдайында ақшаның
құнсыздануының банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты
жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін
сыйақыда жоғары болуы тиіс, себебі инфляция жағдайындағы ақшаның
құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол
сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке
тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым
несиенің бағасы жоғары келеді. Банктік тәжірбиеде ссуда бойынша жай және
күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
і * Р * n
І = ---------------------------
(1)
360 * 100
мұндағы: і – сыйақы мөлшері;
Р – қарыз қалдығы;
n - сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
І - ссуданы барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы
сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы
төмендегідей:
іn
І = Р * [ ( 1+ ------- -
1] (2)
1200
мұндағы: і – сыйақы мөлшері;
Р – несиенің бастапқы сомасы;
І - несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы
сомасы;
n - аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Бұл принцип қарыз алушының банктен алған несие ресурстарын тікелей
қайтарып қана қоймай, оларды қолдану құқығына ақы төлеуін
көрсетеді. Несиеге ақы төлеудің экономикалық мәні қарыз алушының несиеге
қолданудан алған қосымша пайдасын несие беруші мен бөлісуін білдіреді.
Қарастырылып отырған принцип банктік пайыз мөлшерін бекіту процесінде
практикалық көрініс алады.
Ол негізгі 3 функция атқарады:
21
- Заңды тұлғалар пайдасының бір бөлігін және жеке тұлғалардың табысын
қайта бөлу;
- Ссудалық капиталды салалық, сала аралық және халықаралық деңгейлерде
бөлу арқылы өндірісті және айналымды реттеу;
- Экономиканың дамуындағы тоқырау кезеңдерінде – банк клиентерінің
ақшалай жинақтарын инфляциядан қорғау.
Ссудалық пайыз ставкасы (немесе нормасы) ссудалық капиталға алынған
жылдық табыс сомасының берілген несиеге қатынасы арқылы анықталып, несие
ресурстарының бағасы ретінде танылады.
Несиенің төлемділігі қарыз алушыны оны өндірісте өнім
өндіруге
қолданылуға ынталандырады. Дәл осы ынталандырушы функция жоспарлы экономика
жағдайында толық қолданылмаған, онда несие ресурстарының
көп бөлігін мемлекеттік банк мекемелері минималды төлеммен (1,5-5% жылдық)
немесе пайыссыз берген. Басқа тауар түрлеріне баға бекітуде қоғамдық
қажетті еңбек шығындары анықтаушы элемент болып табылады, ал несиенің
бағасы осы дәстүрлі баға бекіту механизмінен ерекшеленеді. Ол ссудалық
капитал нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жалпы қатынасын көрсетеді және
бір қатар конъюнктуралық сипаттағы факторларға байланысты:
- нарықтық экономиканың даму циклдегі (құлдырау кезеңіндн ссудалық
пайыз өседі, жедел көтерілгенде – төмендейді);
- инфляциялық процесс темптері;
- орталық банктің коммерциялық банктерді несиелеу процесіндегі есеп
саясаты арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік несиенің реттік тиімділігі;
- халықаралық несие нарығындағы жағдайлар (мысалы АҚШ 80 жылдары
жүргізген несиені қымбаттау саясаты американдық банктерге шетелдік
капиталды тартуға әкелді, ол өз кезегінде сәйкес ұлттық нарықтарға әсер
етті);
- заңды және жеке тұлғалардың ақшалай жинақтарының динамикасы (олардың
қысқару бат алысында ссудалық пайыз жоғарылайды);
- потенциалды қарыз алушылардың сәйкес категориялардың несие
ресурстарына қажеттілігін анықтайтын өндіріс және айналым динамикасы;
- өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде ссудалық пайызь ставкасы
әдетте тамыз – қыркуйек айларында жоғарылайды, ол аграрлық несие беру
қажеттілігіне байланысты);
- мемлекет беретін несие мөлшері мен оның қарызы арасындағы қатынас
(ішкі мемлекеттік қарыз өскен кезде ссудалық пайыз тұрақты түрде
жоғарылайды).
Несиенің қамтамасыз етілуі – банк несиесінің кепілдік, сақтандыру және
басқа да тәсілдер көмегімен қамтылуы. Ол заң арқылы және
партнерлер арасындағы шарт арқылы анықталады. Бұл принцип кредитордың
мүліктік мүддесін қарыз алушы өзіне алған міндеттемелерін
22
бұзу мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етуді көрсетеді. Кепілдікке қарыз
беру немесе қаржылық кепілдікке қарыз беру сияқты несиелеу формалары арқылы
тәжірибеде қолданылады. Әсіресе жалпы экономикалық тұрақсыздық кезінде
өзекті болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты. Осы принцип несиелік операциялардың басым
бөлігіне таратылады, несие берушіден алынған қаражаттардың мақсатты
қолданылу қажеттілігін көрсетеді. Тәжірибеде несие шартының сәйкес
бөлігінде беріліп отырған несиенің нақты мақсаты бекітіледі және банк
қарыз алушының осы шартты сақтауын қадағалайды. Бұл міндеттемені бұзу
несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге немесе айыппұлдық ссудалық
пайыз енгізуге болады.
Несиелеу әдісі – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберінде қатынасу тәсілдері. Реформалауға дейінгі
кезеңдегі отандық банктің тәжірибеде несиелеудің екі әдісін қолданған:
- қалдық бойынша несиелеу;
- айналым бойынша несиелеу;
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін
құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр
түрлі тауарлы-материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша
материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс,
алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар
жатады.
Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал
олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу
әдісінде несие компенсациялық сипатта болады, өйткені, несие шаруашылық
органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары
бөлігінде жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды.
Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ
бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге
асырылады.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материалдық құндылық айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілгені бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша
ұштасып қалып отырады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шарттар бойынша беріліп отырған. Бұл жерде
несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер банктік
несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан. Демек, бірінші әдіс бір-ақ
рет пайдалануға жараса, ал екіншісі банктік
23
несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының
қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі
арта түсті. Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен
байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы
банкті реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды
объектілерді несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да)
бір тұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша
несиелеуге өтудің ебъективті процесі аяқталды. Мұндай айналым бойынша
несиелеу жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасында
қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға ісжүзінде шаруашылықтың барлық салалары
өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік,
құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдықтық бойынша несиелеу әдістері.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс
негізінен несиені қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту
шараларына байланысты болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несиеге деген қажеттілік тауарлы-
материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.
Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz