Қазқстан Республикасының қаржы нарығы


Жоспары.
I. Кіріспе . . . 3 - 4
II. Қазқстан Республикасының қаржы нарығы.
2. 1 Қазақстан Республикасының қаржы нарығы, оның
қалыптасу тарихы . . . 5-14
2. 2 Қазақстан Республикасының қаржы нарығының
ахуалы . . . 14-21
а) Акциялар нарығы . . . 21-25
б) Облигациялар нарығы . . . 25-28
в) РЕПО нарығы. 28-32
2. 3 Қазақстандық қаржы нарығын толғататын
проблемалар мен қаржы нарығының мүмкіндіктері . . . ……… . . . 32-36
III. Қорытынды . . . 37-38
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39
Кіріспе.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор роль атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының экономикалық - әлеуметтік мәнін түсіне білудің, оның іс- әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы ақша - тауар қатынастарды, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты және функциялары туралы ілімге негізделеді. Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымының мән - мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы мен пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлектті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық және қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің әдісі - материалистік диалектикалыық - тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығын негізінде зерттеуді болжайды.
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық айналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралды шаруашылықтан жүйелі тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыру және шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарына өту жағдайында қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдау шектеле бастады. Сонымен қатар қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарады. Бұның өзі кәсіпорындардың қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну және сату арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады. Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды.
Қазақстанның орталықтандырылған жоспары экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдділігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бағыталғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70 - жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол капитализм экономиканың және жеке мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы - несие институаттар демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т. с. с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Бұл курстық жұмыста дамыған қаржы нарығы жағдайында және қаржы -несие институттарының тармақталған желілік жүйесінде қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қаржы нарығы, оның қалыптасу тарихи мен құрылымы қарастырылады. Бастапқы кездегі қаржы нарығы қазіргі кезеңдегі қаржы нарығымен салыстыруларына, әсіресе қаржы нарығының бағалы қағаздар нарығына көп көңіл бөлдім. Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндетті, яғни бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай - ақ қаржы инфрақұрылымын дамту қажеттілігі тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы нарығындағы, яғни бағалы қағаздар нарығында алдыңғы орындағы корпоративтік облигациялардың ролі қандай, акциялар, облигацялар мен РЕПО операцияларының нарықтарындағы қазіргі жағдайларын ашып көрсетіледі. Айта кететін жайт, бұл курстық жұмыста Қазақстандық қаржы нарығының дамуына көптеген проблеммалардың әсер ететіні барлығымызға белгілі емес, егер де жай көздермен қарасақ қаржы нарығына әсер етін проблеммалар жоқ сияқты. Ал бұл проблеммар тек қаржы нарығында жұмыс істейтін адамдарға анық көрінеді. Сол себепті Қазақстан Республикасының қаржы нарығының дамуына кедергі ететін проблеммаларды курстық жұмысымда ашып және тоқталып кетім.
2. 1 Қаржы нарығының ұғымы және оның қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т. б. нарықтармен) етене байланысты.
Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлы тиімді пайдаланудың, ұлттық шрауашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай - ақ несие нарығы түрінде де әрекет етеді. Қаржы нарығы экономикалық түрі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, несие, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіреді. Бұл қаржыны ақша мен құн категорияларына бара - бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономиканың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Қаржы нарығының құрылымы.
Ақша нарығы дегеніміз - қолма - қол ақша емес, қолма - қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Несие нарығы дегеніміз - несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты.
Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысын ақызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында саптып алу - сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздарыдың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. « Қор нарығы » термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты.
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
- Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;
- Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қолсыз ақша айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
- Несие нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни енесие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтер нормасын, ашық ақша нарығында операцияларды жүргізуді бегілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі мен оның қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің объективті алғышарттары болып табылады.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышартарына мыналар жатады:
- бәсекені дамыту мен монополияны шектеу мақсатынадағы материялдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың де кең дербестігі;
- қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы; өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвеститцияланатын ақшалай табыстардың өсуі;
- бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай - ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқыы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс - әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиіді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың жоғарғы бағасы белгіленеді.
Қаржы нарғының болуы иинфляцияны тежейді, өткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыныммен анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы нарығының қалыптасып жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын жүргізетін және оның инфляциясымен қосарласатын қарама - қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға болмайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады. Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігнен тежеліп отыр, мұның өзі инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылыға қысқа мерзімді несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшердемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесі бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша - несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуіне әсер теуші маңызды факторы сонымен қатар саяси ұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабельділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады. Және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды - экономиканың нақты секторы кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін бұл сегмент жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлеуетті тежеді.
Сонымен, қаржы нарығының негізгі элеметті немесе қаржы нарығының дамуына әсер ететін қаржылық сектор ол бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Ал осы бағалы қағаздар нарығы Қазақстан Республикасындағы құрылымына және қалыптасуына тоқтала кетсек.
Бағалы қағаздарының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестілігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығынада қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әрі түрлі шығындарды тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады. Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар. Бағалы қағазадар құжатсыз бағалы қағаздар мен қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздардың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Инвестициялық бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар
Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай емес - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттің ішкі борыштың болуының нысаны; эмитентті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Олар: қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға - биліктің жергілікті органдардың борышқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар - корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздары болып кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері өте көп: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады. Қазіргі дүниежүзілік практикада бағалы қағаздар туынды және негізгі болып бөлінеді. Туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағала қағаздар. Олар: фьючерстер форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтары және т. б. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік, атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Акция - акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамдық басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация - ұстаушысына оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілібір шаттар негізінде берілетін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация акция сияқты көптеген түрлері бар: агенттік, ипотекалық, қамтамасыз етілген, ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары, мемлекеттік емес, кәсіпорындардың облигациялары. Ал қысқаша тоқталып кетсек, агенттік - облигация қаржы агенттігі шығаратын облигация. Ипотеклық облигация - жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын ипотекалық қарыз шарты бойынша талап ету құқығы кепілмен, сондай -ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік - құқықтық актісімен белгілінетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамсыз етілген облигация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемесін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация. Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздың облигацияларын банк мекемелері таратады. Кәсіпорынның облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және тартылады.
Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы бұрынғы КСРО - ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі шешуші роль атқарады. Қысқа мерзім ішінде күллі шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 - 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы суммасы 110 млрд. сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80% -ды құрады.
Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.
Нарықтық қатынастардың серпімді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995жылдан басталады. Осы жылда Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша - несие саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995жылдың 21 сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда қаржы нарығын құқық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өту шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітіледі. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіліктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар нарығында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
2003 жылы шілдеде «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор нарығында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданғаннан кейін қаржы нарығының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар нарығының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:
Бастапқы нарық
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығы:
Бастапқы орналастыру секторы;
Сатып алу - сату секторы.
Корпорациялық облигациялар нарығы
Акциялар нарығы:
МЕБҚ-мен жасалатын репо операциялар секторы
МБҚ секторы:
МБҚ-ны сатып алу - сату секторы;
МБҚ-мен жасалатын репооперациялар секторы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz