Қазақстаннның банк жүйесінің дамуы және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
1.1 ҚР Банктердің пайда болуы және банк жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... 5
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкі . Мемлекеттің Орталық Банк ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Коммерциялық банктердің операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Банк секторының қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер
3.1 Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің үдерісін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды ішкі және сыртқы экономикалық айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банк ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесі бар бірінші деңгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа банктердің барлығы екінші деңгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы - ақшалай қарым-қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
1. Зиябеков Б. «Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы», б.13-47 /Алматы, 2003/
2. " Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар Жарлығы [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/cont/import/word/docimport37732.doc.html
3. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің езекті Жолдауы /Егемен Қазақстан, 2004-№279-280, 16 қараша/, б.25
4. Қазақстан Ұлттық Банкі сайты [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/stat/temp/statistic.xls
5. Журнал «Учет и Аудит Казахстана» /№9, 2009/, б.15-25.
6. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы [режим доступа]: www.afn.kz/cont/publish362164_8156.pdf
7. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» , б.198-202. / Алматы «Экономика»-2000ж /
8. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», б.205 / Алматы «Экономика»-2000ж /
9. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе», б.133-134 / Алматы «Экономика»-1998ж /
10. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», б.127-128 /Алматы-2000 ж/
11. Экономикалық талдау орталығы «Ракурс», Макроэкономические заметки № 1.2 (28 сәу, 2009ж) [режим доступа]: http://www.cear.kz/index.cfm?uid=AED66A73-C29A-EB54-28A188621B069E52&docid=1
12. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің сайты [режим доступа]: http://www.minfin.kz/index.php?uin=1146042421&chapter=1242637825&lang=kaz
13. Мақыш С.Б. «Банк ісі», б.326-328 /Алматы «ИздатМаркет-2007»/
14. Ежемесячный финансовый журнал «Банки Казахстана» /6 (144), 2009), б.21-27
15. Қазақстан Ұлттық Банкі сайты [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/cont/publish682364_415.pdf
16. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі сайты [режим доступа]: http://eng.minplan.kz/kz/press/486/25650/
17. Қазақстан Ұлттық Банкі сайты [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/cont/publish288339_8323.pdf

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .3

I Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

1.1 ҚР Банктердің пайда болуы және банк жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... 5

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру
жолдары

2.1 Қазақстан Ұлттық Банкі – Мемлекеттің Орталық
Банк ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Коммерциялық банктердің
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Банк секторының қаржылық тұрақтылығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...22

III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер

3.1 Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк
секторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... ... ... ... ... ... 36

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..38

К І Р І С П Е

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және
орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің
қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат
құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-
қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан
кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке
жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті,
бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк
уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша
қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу,
өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл
ұдайы өндірістің үдерісін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды,
оларды ішкі және сыртқы экономикалық айналымдардан сауда операцияларына
сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші
елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банк ісінің
техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің барлығында дерлік
екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Респубикасы банктер және банк
қызметі туралы республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші
бар жарлығында Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесі бар бірінші
деңгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа банктердің барлығы екінші
деңгейлі яғни коммерциялық банктер делінген.
Банк және тауарлы - ақшалай қарым-қатынастардың даму тарихы тұрғыдан
қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық
өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының
дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл
белгілер ұлттық валютаның әрекет етуімен шектелмейді және ол мемлекет
тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен
деңгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және
инвесторлар сенімін өсіруді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды
қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикалық тұрақтылықтың
перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен
және басқа да мекемелердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға
тікелей тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банк ісінің және банк жүйесінің
дамуына, шығу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жүйесінің
дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып
табылады.
Жұмыстың міндеттері болып:
Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық
негізі, онда: банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен
қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
дамуын талдау және жетілдіру жолдары, онда: Ұлттық банк және оның
қызметтерін талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және
банк секторының қаржылық тұрақтылығын талдау жасалынды да, үшінші бөлімде
Қазақстан Республикасындағы бүгінгі қаржы және банк жүйесіндегі
проблемалары және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

1.1 ҚР Банктердің пайда болуы және банк жүйесінің дамуы

Банк итальян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы -
Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны тауарлармен сауда
жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың жекелеген
тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың
біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі
формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда
капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды
әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе,
айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын
ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп, айырбастаушылар
біртіндеп, банкирлерге айналды[1, б. 13-14].
Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк
жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

Кесте 1 - Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері[1, б.
46-47].

1930 жылға дейінгі1930-1987 1988-1990 жылдар 1991 жылдан бастап
банк жүйесі жылдар (одақтық(одақтық бірдеңгейлі(дербес екі
бір деңгейлі маманданған банктер деңгейі банк
банк жүйесі) жүйесі) жүйесі)
Ресей Мемлекеттік 1.КСРО Мембанкі1.Банк жүйесін қайтаЕгемен Қазақстанда
банкі және (оның ішінде ұйымдаст-ыру: КСРО өзінің банк
көптеген несие КСРО Мем-банкі және жүйесінің
банк мекемелері мемлекеттік маманданды-рылған құрылуы. Екі
еңбек жинақ банктер: КСРО деңгейлі банк
кассалары Өнеркәсіп құрылыс жүйесі Ұлттық банк
жүйесі). банкі, КСРО және коммерциялық
2.КСРО Агроөнеркәсіп банкі,банктер.
Мемлекеттік КСРО Тұрғын үй
Құрылыс банкі. әлеуметтік банкі.
3. КСРО Сыртқы КСРО Жинақ банкі.
сауда банкі. КСРО Сыртқы
экономика банкі.
2. Жаңадан
кооперативтік және
коммерциялық
банктердің құрыла
бастауы.

Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы республика
Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар
жарлығындағы Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар делінген. Ұлттық
банк – мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші
деңгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі
(екінші) деңгейіндегі банктер делінген[6].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр
түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен
астамы.
Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып,
жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi
(немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге)
қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы
негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды
тұлғалар.
      Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.      
      Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың
басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие
мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар
жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық
банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік
опреациялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол
(мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе
құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен
акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық
акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған,
кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің
акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның
көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы
қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері
банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір
жыл ішінде түгел төлеуі қажет.
Жалпы банктердің қызметтерi:
уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция
жүргiзу;
ақша айналымын реттеу;
айналымға несие құралын шығару;
экономикалық, қаржылық кеңес беру;
эмиссиялық қызмет атқару[10, б.127-128].

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру
жолдары

2.1 Қазақстан Ұлттық Банкі – Мемлекеттің Орталық Банк

Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші)
деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң
күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп
береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді
басшылыққа алады[2].
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен
оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға
құқығы жоқ.
Орталық банктiң қызметтерi:
ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды түрде банкнота шығару;
орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие
айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни үкiметтiң экономикалық саясаттың
құрамдас элементi;
орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын
жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
орталық банктiң банк iсi қызметi - негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл
дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi,
қаржылық кеңесшiсi;
Мемлекеттiк борышты басқару деп – орталық банктiң зайымдарын
орналастыру және конверсия операциясын жүргiзу.
Орталық банктiң операциялары:
Олар екi түрге бөлiнедi: Актив - ол осы қаражатты орналастыру операциялары.
Пассив - ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер ресурстарын
құру операциялары.
Орталық банктiң мiндетi - ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен
валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз
ету[13, б.258-262].
2009 жылғы 2-тоқсанда Ұлттық Банктің қаржы нарығындағы операцияларының
қорытындысы, негізінен Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру операцияларын
жүргізу есебінен өтімділіктің ұлғаюы болды. Бұл ретте өтімділіктің ұлғаюы
тек сəуірде байқалды, ал мамыр-маусымда өтімділікті алу Ұлттық Банк
операцияларының қорытындысы болды.

1 сурет - Ұлттық Банктің ішкі нарықтағы операцияларының сальдосы, млрд
теңге[12].

Қаржы секторын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды
өткізу шеңберінде Ұлттық Банк 2009 жылғы 2-тоқсанда өз операциялары бойынша
пайыздық ставкаларды бірте-бірте төмендетуді жалғастырды. 2009 жылғы 12
мамырдан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасы 9,5%-дан 9,0%-ға дейін,
2009 жылғы 10 маусымнан бастап – 8,5%-ға дейін төмендеді. Банктерден
тартылатын депозиттер бойынша ставка тиісінше 4,75% -дан 4,5%-ға жəне 4,25%-
ға дейін төмендеді. Қаржы нарығындағы өтімділікпен жағдайдың тұрақтануы
ақша нарығында ставкалардың бірте-бірте төмендеуімен қатар жүрді. 2009
жылғы сəуір - маусымда орта есеппен ставкалар деңгейі Ұлттық Банк
ставкалары дəлізінің төменгі шекарасына жақын болды. 2009 жылғы 2-тоқсанда
мерзімі 30 күндік банкаралық ставкалар бойынша орташа алынған ставка 4,56%
деңгейінде қалыптасты. Мерзімі 7 күндік банкаралық РЕПО операциялары
бойынша орташа алынған ставка 3,65% болды.
2009 жылғы 2-тоқсанда банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік
шоттарындағы ұлттық, сондай-ақ шетел валютасындағы қалдықтарының төмендеуі
байқалды. 2009 жылғы сəуір - мамырда шетел валютасындағы корреспонденттік
шоттардағы қалдықтар біраз өсті, алайда маусымда олардың көлемі бірте-бірте
төмендей бастады. Ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттардағы қалдықтар
бүкіл кезең бойында бірте-бірте төмендеу үрдісін көрсетті, бұл банкаралық
нарықты белсендендіруге (кірістілігін төмендету, операциялар көлемінің
өсуі) байланысты.

2 сурет - Банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы
қалдықтары, млрд. теңге[4].

Ішкі валюта нарығындағы жағдай сауда-саттық көлемінің біршама
тұрақтылығымен жəне жалпы төмендеуімен ерекшеленді. 2009 жылғы 2-тоқсанда
Қазақстан Қор биржасындағы валюта сегментіндегі жəне банкаралық валюта
нарығындағы сауда-саттықтардың жалпы көлемі 2008 жылғы 1-тоқсанмен
салыстырғанда 2,6%-ға азайып, 15,5 млрд АҚШ долларын құрады (40,5 млрд. АҚШ
долл.).
Қазақстан Қор биржасындағы долларлық позициядағы биржалық сауда-
саттықтар көлемі 2009 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 3,3 төмендеді жəне
6,2 млрд. АҚШ долл. құрады (Қазақстан Қор биржасындағы сауда-саттықтардың
нетто-көлемі брутто-көлемнің 82%-ын құрады). Биржадан тыс валюта
нарығындағы операциялардың көлемі 2009 жылғы 2-тоқсанда өткен тоқсандағымен
салыстырғанда 2,2%-ға төмендеді жəне 9,3 млрд. АҚШ долл. құрады.

3 сурет - Ішкі валюта нарығындағы
сауда-саттық көлемі, млрд. АҚШ долл[17].
2009 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Ұлттық Банк биржадан тыс
валюта нарығында шетел валютасын сатып алушы ретінде басым болды. Ұлттық
Банктің Қазақстан Қор биржасындағы нетто-қатысуы ең аз болды, бұл ретте
қатысу коэффициенті (-)0,1% құрады (2009 жылғы 1-тоқсанда ол (-)37,5% тең
болды). Тұтастай алғанда, 2009 жылғы 2-тоқсанда Ұлттық Банк ішкі валюта
нарығында шетел валютасын сатып алушы ретінде басым болды.
2009 жылғы 1-тоқсанда болған ең төменгі резервтік талаптар
нормативтерінің төмендеуі банктердің артық резервтердің елеулі көлемін
қалыптастыруына əкелді. 2009 жылғы сəуір-маусымда орташа есеппен резервтік
активтер резервтеудің қажетті көлемінен 3,6 есе асып түсті.

4 сурет - Ең төменгі резервтік талаптар нормативінің орындалуы, млрд.
теңге[15].

2009 жылғы 2-тоқсанда банктердің тарапынан Ұлттық Банктің қысқа
мерзімді ноталарына сұраныс өсті. Алайда Ұлттық Банк бұл сұранысты толық
көлемде қанағаттандырған жоқ. Бұл Ұлттық Банктің қысқа мерзімді мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды Қаржы министрлігінің қазынашылық
міндеттемелеріне қайта бағыттау бойынша бастамасымен байланысты. Осыған
қарамастан, Қаржы министрлігі Ұлттық Банктің бастамасын қолдаған жоқ,
осыған байланысты Қаржы министрлігінің орта жəне ұзақ мерзімді
облигациялары басым болып қалды.
Нəтижесінде, 2009 жылғы сəуір-маусымда қысқа мерзімді ноталар 2009
жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 350 млрд. теңге сомаға 14,9%-ға көп
шығарылды, бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың осы түрлеріне нарыққа
қатысушылардың жалпы сұранысының 25,5%-ын құрады.
Ноталар 28 күн айналу мерзімдерімен шығарылды. Орналастырылатын
ноталар бойынша орташа алынған кірістілік 2009 жылғы 1-тоқсандағы 6,06%-дан
2009 жылғы 2-тоқсанда 5,24%-ға дейін төмендеді.
2009 жылғы маусымның аяғында айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың
көлемі 145,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы наурыздың аяғындағы
көлемнен 24,2% -ға аз жəне 2008 жылғы маусымының аяғындағы көлемнен 55,1%
аз болды.
2009 жылғы 2-тоқсанда өткен тоқсанмен жəне 2008 жылғы тиісті кезеңнің
көрсеткіштерімен салыстырғанда банктердің Ұлттық Банктегі депозиттері
көлемінің біршама өскені байқалды. Ең жоғары тарту көрсеткіші мамыр-
маусымға тиесілі болды. Тұтастай алғанда, 2009 жылғы сəуір-маусымда 3352,8
млрд. теңге сомасына депозиттер тартылды, бұл 2009 жылғы 1-тоқсандағы
көлемнен 5,4 көп жəне 2008 жылғы 2- тоқсанмен салыстырғанда 1,9 есе көп.
Депозиттерді тарту мерзімі 7 күнді құрады, сыйақының орташа ставкасы 4,48%
деңгейінде қалыптасты.

5 сурет - Ұлттық Банк тартқан депозиттер бойынша сыйақы көлемі жəне
ставкалары (кезең ішінде)[12].

Банктерден депозиттер тарту көлемінің өсуі 2009 жылғы маусымда Ұлттық
Банктің олар бойынша өтелмеген міндеттемелері көлемінің 2009 жылғы
наурыздағымен салыстырғанда 2,7 есе 409,5 млрд. теңгеге дейін жəне 2008
жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9 есе өсуімен қоса жүрді.

6 сурет - Ұлттық Банктің банктерден тартқан депозиттер бойынша өтелмеген
міндеттемелерінің көлемі, млрд.теңге (кезең аяғында)[15].

2009 жылғы 2-тоқсанда Ұлттық Банк айықтырылған операцияларды
жүргізуден басқа банк секторына кері РЕПО операцияларын жүргізу арқылы
қайта қаржыландыру заемдарын беруді жалғастырды. Кері РЕПО операцияларының
жалпы көлемі 2009 жылғы сəуір-маусымда 1343,4 млрд. теңгені құрады.

7 сурет - Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру операцияларының көлемі, млрд.
теңге (кезең ішінде)[17].

2009 жылғы маусымның аяғында кері РЕПО операциялары бойынша өтелмеген
берешектің көлемі 406,3 млрд. теңгені құрады[4].

8 сурет - Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру операциялары бойынша өтелмеген
міндеттемелерінің көлемі, млрд. теңге (кезең аяғында)[15].

2.2 Коммерциялық банктердің операциялары

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы
30 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және 1995 жылы 31
тамыз айында қабылданған Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік
қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл
заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың
және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық
банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші
деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру,
сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық
операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер
және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді[9, б.133-134].
Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын
орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары
секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы
мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ.
Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір
мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңының 30 бабы
бойынша қызмет көрсету – бұл банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ
бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар. Бұл заңда, сонымен
қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері көрініс тапқан.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған
кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің
операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз[8, б.205].

Кесте 2 - Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы[10, б.137]
қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос
ақша қаражаттарын тарту;
қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша
қаражаттарын тарту;
басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
Пассивті
операциялар
(тартылған
қаражаттар)

Активті
операциялар
(қаражаттарды
орналастыру)
банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін
операциялар;
клиенттердің шоттарына және олардың
қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.

Активті-пасси
вті
операциялар
(комиссиялық
делдал)

клиенттердің қажеттіліктері бойынша және
комиссиялық бастама негізінде (таза банктік
қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.

Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңының 30 бабы
бойынша қызмет көрсету – бұл банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ
бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар. Бұл заңда, сонымен
қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері көрініс тапқан.
Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды
орындауға құқылы:
заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік
шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау,
айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымымен
байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге
борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай формада несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операциялары операцияларын жүргізу;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ
олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
өзге де міндеттемелерді);
төлем карточкаларын шығару;
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және
өзге де міндетемелерді беру;
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік
операциялар бойынша қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша
олардың агенттері ретінде әрекет ету[6].
Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық
банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші
деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру,
сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық
операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер
және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозитттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық
Банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен
байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы
активтердің аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өнімді
қаражаттарына жатады.
Пассивтік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын
белгілі бір уақытқа және пайыз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстар шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуын жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- Талап етілетін депозиттер;
- Мерзімді депозиттер;
- Жинақ салымдары;
- Бағалы қағаздар түріндегі (депозиттік және жинақ сертификаттары)
депозиттер.
Қазақстандық көптеген коммерциялық банктерде талап етілетін
депозиттердің үлесі тартылған қаражаттар құрылымында өте жоғары болып
келеді. Бұл өте арзан ресурс болғанымен банктерде оларды ұзақ мерзімге
орналастыруға байланысты қиындықтар туындайды. Халықаралық банктік
тәжірибеде оларды ұзақ мерзімді активтерге айналдыруда депозитттік базаны
сандық талдау әдісі қолданылады. Мұнда депозиттік базаны сипаттайтын
көрсеткіштер есептелінеді:
Талданатын мерзім ішінде ресурстық базаның өсімін көрсететін қаражаттардың
(талап етілетін депозиттердің) шоғырлану деңгейі. Оны пайыздық қатынаста
мынадай формуламен есептейді:

Ша = (Қс-Қб)Т,
(1)

мұндағы:
Ша - қаражаттың шоғырлану деңгейі;
Қс - мерзімнің соңындағы қаражат қалдығы;
Қб - мерзім басындағы қаражат түсімдері;
Т – мерзім ішіндегі қаражат түсімдері.

Орташа сақталу мерзімі. Талап етілетін депозиттерде сақталатын
қаражаттардың орта күнінің санын көрсететін көрсеткіш, сол арқылы тартылған
қаражаттарды мерзімді активтерге айналдыру мерзімін мынадай формуламен
анықтауға болады:

М = Қо +КА,
(2)

мұндағы:
М – орташа сақталу мерзімі;
Қо - мерзім ішіндегі орташа қаражат қалдығы;
К – қарастырылатын мерзім ішіндегі күндер саны;
А – мерзім ішіндегі алынатын немесе аударылатын қаражаттар сомасы.
талап етілетін депозиттердің азаймайтын (тұрақты) қалдығы немесе олардың
табысты активтерге орналастыруға болатын қаражаттардың бір бөлігі:

Ақ = ҚоТ,
(3)

мұндағы:
Ақ – азаймайтын қаражат қалдығы;
Қо – мерзімі ішіндегі орташа қаражат қалдығы;
Т – мерзім ішіндегі қаражат түсімдері.

Мынадай мысал қарастырайық,

Кірген қалдықАйналым Шығатын қалдық
АктивПассив Дебит Кредит АктивПассив
50000 200000 400000 250000

Есептелу жолы:
Ша = (Қс – Қб) Т = (250000-50000)400000 = 50%;
М = Қо * КА = 150000 *360 200000 = 270 күн;
Ақ = Қо Т = 150000 400000 = 37,5 %

Есептелу нәтижесінен, талап етілетін депозиттердің ұлғаю тенденциясы
байқалады және банкке үнемі 100000 теңгеде талап етілетін депозит ретінде
қаражат түсіп отыратын болса, онда оның 37 500 теңгедегі сомасын 9 ай
мерзімге (270 күн) дейін мерзімді табыс әкелетін активтерге орналастыру
мүмкіндік туатыны көрсетіледі[13, б.326-328].
Соңғы көрсеткішті келесідей тәсілді пайдалана отырып, өзгертуге
немесе жетілдіруге болады. Алдымен белгілі бір кезеңде (мысалы, бір айға)
шоғырланатын депозиттердің тұрақты бөлігін анытау қажет. Мысалы,

1 ай

Х1 = қаражаттар түсімі – кетуі депозиттердің жалпы сомасы =
(300000 – 200000) 1000000 = 0,1

2 ай X2 = (400000 - 150000) 1000000 = 0,25
3 ай X3 = (600000 – 450000) 1000000 = 0,15

Бір тоқсандағы депозиттердің тұрақты бөлігінің үлесін (Т) мына
формуламен есептейміз:

,
(4)

мұндағы:
Т – мерзім ішіндегі қаражат түсімдері;
X - сәйкесінше белгілі бір айға шоғырланатын депозиттердің тұрақты бөлігі.
[13, б.156-164].
Портфельдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципалдық
органдардың бағалы қағаздарына және корпоративтік компаниялардың шығарған
акцияларына, облигацияларына немесе өзге де бағалы қағаздарына жұмсаған
қаражаттар.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе
дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резевтерін қалыптастырады.
Портфельдік инвестицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер,
инвсетициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар – материалдық өндіріске
материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе
басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және
техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған
инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде
негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар – кәсіпорынға,
жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға,
ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы
ақшалай емес инвестициялар.
Банктердің инвестициялық опеарциясы бұл олардың бағалы қағаздармен
жасалатын операцияларын сипаттайды.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын
мынадай үш топқа бөлуге болады:
Банктің эмитент ретіндегі операциялары;
Инвестор ретіндегі операциялары;
Делдал ретіндегі операциялары.
Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде құрылып,
оның жарғылық капиталын қалыптастырады. Облигация мен сертификатты шығару
арқылы бантер қосымша қаражаттар тартады. Банктің инвестор ретіндегі
қызметінің нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Бұл
жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитеттердің бағалы қағаздарына
қаражаттарын салады. Әрине қаражат салуда мынадай факторларды ескереді:
- тәуекел деңгейі;
- өтімділік деңгейі;
- табыстылық.
Тәуекел – бұл қор нарығындағы өзгерістердің әсерінен бағалы
қағаздардың нарықтық кұндарының төмендеу қаупін сипаттайды. Тәуекел
деңгейіне қарай бағалы қағаздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге
бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы
қағаздарын жатқызуға болады. Қалған бағалы қағаздардың барлығы тәуекелді
бағалы қағаздарға жатады.
Мемлкеттің бағалы қағаздары – эмитенті мемлекет болып табылатын
мемлекеттің ішкі қарызының формасын немесе борыштық бағалы қағаздарды
білдіреді.
ҚР да мемлекеттің бағалы қағаздарын мынадай мемлекеттік ұйымдар мен
мекемелер шығарады:
а) ҚР Үкімет немесе ҚР Қаржы министрлігінің айналысқа шығаратын қазынашылық
міндеттемелері;
ә) Қазақстан Ұлттық банкінің бағалы қағаздары, соның ішінде:
Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы;
Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы;
б) Муниципалдық бағалы қағаздар – жергілікті билік органдарының жергілікті
жерде әр түрлі шараларды қаржыландыру мақсатында шағаратын бағалы қағаздар.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлкеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада
қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алынатын табыс төмен
болғанымен тәуекел немесе жоқ десе де болады. Мемлекеттің бағалы қағаздары
табыстылығына 3 түрге бөлуге болады:
Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға
жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны
бойынша өтеледі.
Дисконтты мемлекеттің бағалы қағаздарының жылдық тиімді табысы шегерім
(дисконт) мөлшеріне байланысты және оны төменгідей формуламен есептеуге
болады:

,
(5)

мұндағы:
N - белгілі бір бағалы қағаздардың атаулы құны;
Р – сатудың орташа өлшенген дисконтталған құны;
Т – мемлекеттік бағалы қағаздың бір жыл ішіндегі айналымы.
Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы
қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.
Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз.
Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және
купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Мысалы, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі 10%,
онда облигацияның ағымдағы табысын төмендегідей түрде есептеуге болады:

Купонбаға * 100 = 10100*100 = 10%

Егер облигацияның бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:
10150*100 = 6,66%

Демек, қандай да бір бағалы қағазды сатып алу барысында банк инвестор
ретінде эмитеттің қызметіне байланысты туындайтын және оған қатыссыз
болатын тәуекелеге баратыны сөзсіз. Мұндай тәуекелді екі түрге бөледі:
Жүйелік тәуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз нарықтағы
өзгерістерге тиесілі экономикалық факторларға негізделген тәуекел. Мұндай
тәуекел әртараптандыруға жатпайды, сондықтан әртараптандырылмайтн тәуекел
деп атанды.
Жүйелік емес, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тәуекел. Мұндай
тәуекелдерді инвестициялық қоржынды әртараптандыру арқылы немесе өзге
эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге
болады.
Тәуекелді алдын алу үшін банктер қор нарығына мынадай талдаулар
жүргізеді:
1)Түпкілікті талдау;
2)Техникалық талдау.
Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен
пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасын және менеджментінің деңгейін
сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмитенттің
пайда немесе зиян тралы есебі, балансы және өзге құжаттары жатады.
Техникалық талдау эмитенттің бағалы қағазына деген сұраныс пен
ұсынысты, олармен жасалған операциялар және бағамын бағалауды сипаттайды.
Сонымен қатар халықаралық банктік тәжірибеде банктер бағалы
қағаздармен операциялар жүргізуде операциялар жүргізуде бағалы қағаздардың
рейтингіне мән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктер жүйесі жайында
Қазақстанның банктік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын бағалау әдістері
Банктің меншікті капиталы,оның құрылымы және қалыптасуы
Орталық банк және оның қызметтері талдау
Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің дамуындағы стратегиялық басқару
Пәндер