Фирманың маркетингтік жүйесінің программалық жабдығын құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Қолданбалы информатика»
кафедрасының меңгерушісі:
ф. -м. ғ. к., доцент Заурбеков Н. С.
№ ___ хаттама «» 2010 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Фирманың маркетингтік жүйесінің программалық жабдығын құру
«050704-Есептеу техникасы және программалық жабдықтама» мамандығы
Орындаған:
3 курс студенті Молдакасым Н. М.
Ғылыми жетекшісі :
т. ғ. к., доцент Казиева Г. С.
Алматы, 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 КӘСІПОРЫН маркетингтік ақпараттық жүйесінІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздеРІ . . . 5
- Кәсіпорынның маркетингтік ақпараттық жүйесіне сипаттама . . . 5
1. 2 Кәсіпорын қызметінің тағайындалуы . . . 14
1. 3Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар . . . 18
2 КӘСІПОРЫН маркетингтік ақпараттық жүйесін
жобалау . . . 23
2. 1 Есептің жалпы қойылымы . . . 23
2. 2 Кәсіпорынның маркетингтік ақпараттық жүйесін жүзеге асыруда
қолданылатын программалық құралдарға сипаттама . . . 25
2. 3 Ақпараттық база . . . 37
- Кәсіпорынның маркетингтік ақпараттық жүйесі жобасын құру
кезеңдері . . . 40
3 КӘСІПОРЫН маркетингтік ақпараттық жүйесінІҢ техника-
экономикалық сипаты . . . 45
3. 1 Еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері . . . 45
3. 2 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . . 46
3. 3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру . . . 48
- Өртке қарсы іс-шаралар . . . 51
- Кәсіпорынның маркетингтік ақпараттық жүйесін құруға кететін
шығынынды есептеу . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
Қосымша . . . 60
Кіріспе
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Маркетингтегі ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде заттық аймақ, кәсіпорын сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және өнімнің сатылу көлемін талдау және болжау мәселесінің концептуалды сұлбасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде өнімнің сатылу көлемін талдау мен болжау және өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатқа сәйкес ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету, сатып алушы қажеттіліктерін зерттеуде қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру, маркетингтік талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету және т. б. есептер шешіледі.
Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе - экономикалық нысанды басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі [8] .
Ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе құру мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстан экономикасын дамыған мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде маркетингтің жаңа бағыттарын ендіруду білдіреді.
Ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе құру мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. Ақпаратты есептеу жүйесінен мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
1 КӘСІПОРЫН маркетингтік ақпараттық жүйесінІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ негіздеРІ
1. 1Кәсіпорынның маркетингтік ақпараттық жүйесіне сипаттама
Корпоративтік ақпараттық жүйе осындай ірі мекемелердің барлық ресурстарын және іскерлік процесстерін басқаруды автоматтандыруға бағытталған. Осымен қатар басқарушылық процесстерді автоматтандыру ақпаратты өңдеуге кететін шығындарды азайтуға ғана емес, мекеменің жұмыс кезіндегі іскерлік процесстерін және ұйымдық құрылымын динамикалық оптимизациялауға бағытталған. Қазіргі кездегі мекемелер (корпорациялар) көпжақты қызметтің, бөлімшелердің территориялық бөлінуінің, серіктестерімен кооперативтік байланыстардың көп болуына байланысты күрделі құрылымға ие.
Қазіргі күнгі КАЖ архитектурасы іскерлік процесстің күрделі операцияларын бір бүтін ретінде бақаруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің программалық компоненттерінің клиент-серверлік әрекеттесу принциптеріне немесе транзакцияның орындалуына негізделеді. Сондықтан мұндай ақпараттық жүйелер транзакцияны жедел өңдейтін жүйелер (OLTP- OnLine Transaction Processing) деп аталады.
КАЖ-ң клиент-серверлік архитектурасы қолданушылардың ақпараттық жүйемен және іскерлік процесстер немесе ұзақ транзакцияларды орындау процессінде өзара әрекеттесуін қарапайымдандырады. Ұзақ транзакцияны КАЖ-ға жүгінуді талап ететін, әр қайсысы бүкіл жиынтық орындалмай еш бағалыққа ие болмайтын іскерлік процесстің операциялар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Қысқа транзакцияны немесе жәй транзакцияны КАЖ компонентінің біреуіне жүгіну немесе клиенттің серверге жүгінуі ретінде қарастыруға болады.
Сервер ретінде клиенттің ақпараттық қажеттілігіне қызмет көрсететін процессті түсінуге болады. Әртүрлі архитектураларда процесс ретінде мәліметтер базаларын іздеу немесе жаңарту болуы мүмкін, сонда сервер мәліметтер база сервері деп аталады немесе процессті мәліметтерді өңдейтін процедура орындауы мүмкін, мұндай жағдайда сервер қосымша сервер деп аталады.
Сервермен байланысты анықтау, қызмет көрсетуге сұрау түрін анықтау, серверден қызмет көрсету нәтижесін алу, қызмет көрсетудің аяқталуын растау клиенттің міндеттері болып табылады. Қызмет көрсетуге сұрау жіберетін соңғы қолданушы, сондай-ақ соңғы қолданушымен шақырылған қосымша да клиент болуы мүмкін.
Жалпы жағдайда клиент-серверлік архитектура өзіне ұсынудың үш деңгейін қосады:
- Мәліметтерді қолданушымен ұсыну деңгейі;
- Мәліметтерді қосымшамен өңдеу деңгейі;
- Мәліметтер базасымен өзара әрекет ету деңгейі;
Клиенттер және серверлер жергілікті немесе ауқымды есептеуіш желінің әртүрлі түйіндерінде орналасқан кезде клиент-серверлік архитектура көп қолданушылық жұмыс режимін іске асырады және бөлінгіш болып табылады. Жергілікті желінің орталықтандырылған есептеуіш жүйеден артықшылығы бұрын орнатылған есептеуіш құрылғылар арасындағы өзара қәрекет принциптерін қайта қарастырусыз біртұтас өткізу ортасы көмегімен есептеуіш ресурстарға ашық қосылу және қолдануында.
Есептеуіш желіде клиент-серверлік архитектура түрліше іске асуы мүмкін. Нақты сұлбаны таңдау түрлі нұсқалар мекеменің алыстатылған бөлімшелерінің территориялық бөлінуімен, эксплуатациялық беріктік талаптарымен, тез әрекет етуімен, қызмет көрсету қарапайымдылығымен анықталады.
Файл-серверлік архитектурасы мәліметтерді өңдеудің ең қарапайымы болып келеді, осыған орай серверде тек қана мәліметтер файлдары орналасқан, ал клиенттік бөлігінде қолданушылар қосымшаларымен бірге МҚБЖ орналасқан. Файл-сервер өнімділігі жағынан және ДЭЕМ жедел жадысы жағынан айтарлықтай құатты болып, жергіліктік желінің орталық түйіні болып табылады. Файл-сервер желілік операциондық жүйе ортасында операциондық жүйе файлдарының толығымен баламасы болатын және файл-сервердің сыртқы жадысында орналасқан файлдарға енуді ұйымдастырады.
Берілген жағдайда МҚБЖ программалары жергіліктік желінің жұмысшы станцияларының жедел жадысында, ал мәліметтер базасының файлдары файл-сервердің магниттік дисктерінде орналасады. Арнайы интерфейстік модуль сұрау жасалған файлдардың қай жерде орналасқанын анықтайды. Осыған байланысты берілген МҚБЖ жергіліктік мәліметтер базасымен де, орталық мәліметтер базасымен де жұмыс істей алады. Файл-сервер мәліметтер базасын бірлесе қолдануды синхронизациялау жазуларды басқа жұмыс станцияларынан қол жетпейтіндей ету үшін, оларды түзету уақытына блоктайтын мәліметтер базаларын басқару жүйесіне жүктеледі.
Файл-серверлерді қолдану - мәліметтерді өңдеудің барлығы жұмыс станциясында орындалады, ал файл-сервер тек мәліметтерді жинақтаушы және ену құралының функциясын атқарады дегенді білдіреді.
Екі деңгейлі клиент-серверлік архитектурасы тек қана мәліметтер базасының серверін (DB-сервер) қолдану негізінде құрылған. Клиент бөлігі мәліметтерді ұсыну деңгейі болып табылады, ал серверде мәліметтер базасымен бірге МҚБЖ және қолданбалы қосымшалар орналасқан.
DB-сервердің файл-серверден айырмашылығы - оның жедел жадысында желілік операциялық жүйеден басқа жұмыс станцияларымен DB-сервердің сыртқы жадысында орналасқан мәліметтер базасын бірлесе қолдануын қамтаммассыз ететін орталықтандырылған МҚБЖ жұмыс істейді.
DB-сервері мәліметтер файлдарын тұтастай желімен жіберуден бас тартуға мүмкіндік береді, оның орнына қолданушының сұрауын қанағаттандыратын мәліметтер базасынан алынған іріктемені ғана жіберу мүмкіндігі бар. Осымен қатар қолданушы қосымшасын екі бөлікке бөлу мүмкіндігі бар: бір бөлігі серверде орындалады және мәліметтер базасынан алынған мәліметтерді іріктеумен және агрегациялаумен байланысты, талдау және шешім қабылдауға қажетті мәліметтерді ұсынатын екінші бөлігі клиент машинасында жүзеге асырылады. Осы арқылы, сервер және клиенттік жұмыс станцияларының есептеуіш ресурстарын қосу нәтижесінде ақпараттық жүйенің жалпы өнімділігі артады.
Қолданушылардың КАЖ-ға енудің негізгі құқықтары мыналар:
- Есептеуіш ресурстарға ену құқықтары. Мұндай құқықтар желілік операциялық жүйе құралдары көмегімен есептеуіш желі администраторымен беріледі. Құқықтарды беру процессі түрлі қолданушылар категорияларына желі ресурстарының және олармен оқу, қайта өңдеу, жазу функцияларын орындау мүмкіндіктерінің тағайындалуына негізделеді. Мысалы, manager 1 атты қолданушыға 1 кестеде көрсетілген ресурстарға қол жеткізе алады.
1 кесте.
Қолданушылардың қол жеткізетін ресурстары
Жүйелік ресурс
(дисктер, папкалар, файлдар)
Рұқсат етілген
функциялар
D:\zapasy\ostatok1. dbf
D:\zapasy\ostatok. dbf
C:\price
Тек оқұ
Оқұ, қайта өңдеу
Тек жазу
- КАЖ-ң МҚ-ы сұлбасының объекттеріне ену құқықтары. Мұндай құқықтар серверлік МҚБЖ құралдары көмегімен МҚ-ы серверінің администраторымен беріледі. Құқықтарды беру процессі түрлі қолданушылар категорияларына МҚ сұлбасының объекттерімен оқу, қайта өңдеу, жазу функцияларын орындау мүмкіндіктерінің тағайындалуына негізделеді. Мысалы, manager 1 атты қолданушыға 2 кестеде көрсетілген ресурстарға қол жеткізе алады.
- Кесте.
Қолданушының құқықтары мен жеңілдіктер тізімі
Рұқсат етілген функциялар
(R-Оқу, RW-Оқу, жазу, W-жазу)
SPR_M
KODM
E1
V1
REP1
ZAPR1
RW
RW
RW
R
R
R
- КАЖ үшін есептеуіш желі (ЕЖ) жасау
КАЖ үшін берілген архитиктураның ЕЖ-н жасау құрылғыларды сатып алу және монтаждау, сонымен қатар желілік програмалық қамтаммасыздандыруды орнатуға негізделеді. Функционалдық құрылымды сипаттау-D6 және техникалық құралдар мен желілік операциялық жүйенің таңдалған конфигурациясын сипаттау- D3 негізінде есептеуіш желіні-G1 жасау іске асады.
Желілік операциялық жүйені таңдау көбінесе есептеуіш құралдардың техникалық платформасына тәуелді. INTEL платформасын қолданғанда WINDOWS NT және WINDOWS 95 желілік операциялық жүйелері көп таралған болып табылады.
- ILM
- SUN
- HP және т. б.
Платформалары қолданғанда UNIX операциялық жүйесінің түрлі версиялары сәйкес платформаларға қолданылады.
КАЖ үшін МҚ-ң серверін таңдау МҚ-ы серверлерінің нарығын әртүрлі критериялар бойынша талдауға негізделеді. Мұндай критерилер келесілер болуы мүмкін:
- Аппараттық архитиктурадан тәуелсіздігі;
- Программалық- аппараттық платформадан тәуелсіздігі;
- Ашық жүйелер стандартын сүйемелдеу;
- Мәліметтерді көппроцессорлық және параллельді өңдеуді сүйемелдеу;
- Таратылған мәліметтерді оптималды сақтау;
- WEB серверлерді сүйемелдеу және INTERNET-пен жұмыс;
- Екілік индекстерді сүйемелдеу;
- Үзіліссіз жұмыс;
- Бұзылудан сақтау;
- Қолдану қарапайымдылығы;
Мысал түрінде жоғарыда аталған критерилер бойынша ORACLE 7. 0, MS SQL SERVER 2000 және ADABAS D МҚ-ң серверлерінің салыстыруын қарастырайық. Салыстырмалы талдау 3 кестеде келтірілген.
3 Кесте. МҚ серверлерінің салыстырмалы сипаттамалары
Салыстыру
критерилері
Осы жұмыста құрылған ақпараттық жүйе КАЖ-ң барлық талаптарына сәйкес құрылды.
XIX ғасырда көптеген фирмалар ұсақ болды және олардың қызметкерлері өздерінің клиенттерін жеке таныды. Басқарушылар маркетингтік ақпаратты адамдармен сұқпаттасу, сұрақтар қою арқылы жинады. ХІХ ғасырда ауқымды және жақсы сапалы маркетингтік ақпаратты жинаудың қажеттігін негіздеген үш бағыт күшейді:
- Жергілікті жердегі маркетингтік деңгейден жалпы ұлттық масштабтағы маркетингке көшу: Фирма өзінің нарығының территориясын тұрақты кеңейтіп отырады, басқарушылар барлық клиенттерін тікелей білмейді. Маркетингтік ақпаратты жинаудың басқа жолдарын табу керек.
- Сатып алу мұқтаждығынан сатып алу қажеттілігіне көшу: Табыстарының өсуіне қарай сатып алушылардың тауарларды таңдау талғамы артады. Сатушыларға сатып алушылардың тауарлардың әртүрлі сипаттамаларына, орамаларына және де басқа қасиеттеріне реакциясын болжау қиындайды, олар маркетингтік зерттеуге жүгінеді.
- Бағалық бәсекелестіктен бағалық емес бәсекелестікке көшу: Сатушылар тауарларға маркалық атаулар беру, тауарларды дараландыру, жарнама және өткізуді ынталандыру сияқты маркетингтің бағалық емес құралдарын кеңінен қолдануда және оларға нарықтың осы құралдарды қолдануға қалай жауап қайтаратыны туралы ақпарат қажет.
Шаруашылық жүргізу шарттарын және қазіргі таңда бар маркетингттік технолгияларды талдау қазіргі экономикалық жағдайда отандық тауар және қызмет өндірісінің дамуы көп жағдайда оларды нарықта жылжыту тәсілдеріне және тұтынушылардың отандық өнім маркаларына адалдығын қалыптастыруға тәуелді болатынын көрсетеді.
Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға анағұрлым салмақты қарауды, фирманың іскерлік белсенділігінің дамуына негіз жасайтын заман талабына сай маркетингтік технологияларды қолдануды талап етті. Сондықтан олардың негізгі мақсаты - қолда бар потенциалды қолдану және ұжымдармен ұйымдардың ыдырауына жол бермеу болды.
Іскерлік белсенділік деп ұйымның, оны құраушыларының сыртқы ортамен үйлесімді келісілген дамуы негізінде экономикалық өсуіне (соның ішінде өндірістік-өткізу жүйесі) себептесетін әрекеттердің жиынтығын түсіну керек. Іскерлік белсенділікті сандық бағалау дәстүрлі түрде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады - жоспардың орындалу дәрежесі бойынша және ресурстарды қолдану тиімділігінің деңгейі бойынша. Бірақ бұл көрсеткіштер негізінен жүйенің экономикалық даму қарқынына әсер ететін ішкі факторларды бағалайды. Осы шартта өткізу нарығының кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің болуы, мекеме абыройы (соның ішінде мекеме қызметін қолданушы клиенттердің танымалдығы және т. б. ) сияқты іскерлік белсенділіктің сапалы құраушылары формализациялауға келмейтін сияқты қарастырудан тыс қалады.
Мекеменің іскерлік белсенділігін зерттегенде әлемдік шаруашылық конъюнктурасының бірнеше түрлерін қарастыру қажет, ұлттық, аймақтық, салалық деңгейлерін. Конъюнктураны жүйелі (маусымдық, циклдық) және жүйесіз тербелістерге ие тербелістік жүйе ретінде қарастырғанда ғана іскерлік белсенділік деңгейін бағалау, өзгеру қадамын түсіндіру және болашақ жағдайын болжау мүмкін болады. Тербелгіш процесстер ережеге сай қайтқыш болып табылады. Олармен қатар қоғамның экономикалық өмірінің динамикалық процесінде іскерлік белсенділікті басқару моделіне кездейсоқ құраушылар түрінде енуі мүмкін болатын қайтпайтын тенденциялар бар.
Маркетингтік белсенділік іскерлік белсенділіктің құраушылырының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін. Маркетингтік белсенділік деп стратегия сапасын және маркетингтік потенциалды интенсивті қолдану және дамыту кезінде сыртқы орта өзгерістеріне реакция жылдамдығын бейнелейтін мекеменің бәсекелестік ортада әрекетінің нәтижелігінің комплекстік сипаттамасын түсінуге болады. Жарнама нарығы маркетингтік белсенділіктің индикаторы ретінде қызмет етуі мүмкін. Маркетингтік белсенділік көрсеткіштерінің құрамында сапалық аспект (бәсекелестік стратегиясы) көрсеткіштері, маркетингтік потенциалды (маркетингтік “миксті” пайдалану әдістері мен мәдениеті) мобилизациялау деңгейінің көрсеткіштері және динамикалық (маркетингтік өзгерістерді өткізу жылдамдығы, бәсекелестік жағдайға реакция сипатының сәйкес келуі) көрсеткіштер, және де осыдан шығатын осы белсенділік масштабының рационалдығы және оның тартылған инвестициялар деңгейін қамтаммассыз етуі қарастырылуы керек.
Маркетингтік комуникациялардың негізгі түрлерінің бірі - жарнама нарығының дамуы - бизнестегі коммуникативтік белсенділіктің артуы туралы және қосымша зерттеу мен уақыт талабына жауап беретін маркетингтің жаңа принциптерін жасау қажеттілігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Түрлі маркетингтік концепциялардың оларда маркетингтік комуникацияларға берілген ролі жағынан салыстырмалы талдауы ақпараттық қоғамда жалпы маректингті және ішінара маркетингтік комуникацияларды басқаруда жаңа бағыттың қажет екенін көрсетті.
Мұндай бағыт маркетингтің коммуникациялық концепциясында бейнеленеді. Маркетингтің коммуникациялық концепциясы қазіргі қоғам жағдайында маркетингтің басты мақсаты болып табылатын қаржылық есеп беруді публикациялаудан жаңа тауар атын таңдауға дейін мекеменің барлық сфераларында сауатты коммуникация ұйымдастыруға негізделеді.
Маркетингтегі ақпараттық жүйе:
1. 1-сурет. Маркетингтегі ақпараттық жүйе сызбасы
Маркетингтегі ақпараттық жүйе ішкі және сыртқы көздерден алынған мәліметтерді маркетингтік қызмет басшылары мен мамандарына қажетті ақпаратқа айналдырады. Маркетингтегі ақпараттық жүйе сәйкес шешімдер қабылдайтын маркетингтік қызмет басшылары мен мамандарының арасында ақпаратты таратады. Сонымен қатар мекеменің басқа автоматтандырылған жүйелерімен бірлесе жұмыс істеп, мекеменің басқа қызмет басшыларына қажетті ақпаратты жеткізеді. Мекемедегі маркетингтің функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат кеңістігін сипаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz