Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Кіріспе
I. Шағын және орта бизнесті несиелеудің мәні мен ерекшелігі
1.1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің экономикалық мәні ... ... ... 5
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктер ... ... ... ... ... .10
II. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
2.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіружағдайын талдау ... ... ... ... ... 21
2.2.Шағын және орта бизнесті «Даму» қоры бағдарламасы негізінде несиелендіруді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
III. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Қорытынды
Әдеби оқулықтар тізімі
Қосымша

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен нығаюының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендірудің өзектілігі - бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын және орта бизнес, макро экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т.б.
Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды жүзеге асыруға сеніммен қарайды. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда.
Кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.

1. С.Б Макыш Банк ісі «Банктік несиелеу және несиелік қабілетті бағалау (241-259) Алмата 2006
2.С. Әкімбекова А.С. Баймұхаметова У.А. Жанайдаров Экономикалық теория оқу құралы «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» (123-136) Астана-2002
3. Ғ.С. Сейітқасымов АҚША, КРЕДИТ, БАНКТЕР «несиенің қажеттілігіжәне мәні»(107-122) Алматы 2006
4. Бохаев .Д Шағын және орта бизнес түсінігі және несиелендірудің теориялық мәні мен мағынасы ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ -2007 № 3 –Б.( 30-32)
5.Дүкенбаев Е. Кәсіпкерлік күні туды АКИКАТ -2000 –C №12 (21-28)
Ізбасарова.Л Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның шағын бизнеске әсері «Саясат» 2007-№3 (60-63)
6.Мейірбеков Б. Елдегі жеке кәсіпкерлікті дамыту жолдары ХАБАРШЫ ЭС.-2004-C. №1 135Б
7.Cool4Student.ru © 2009 « Бүгінгі күні ең маңызды сұрақтар шағын бизнес»
8. Ергалиев.Т.Н. «Государство и бизнес в 21-веке» Алматы-2004.
9.Жексембаева. Т. «Развитие открытой рыночной экономики Казахстана» Алматы-2004.
10.Туржанов.С. «МСБ: проблемы развития и поиск решений» Алматы-2005.
11. Кушумбаева.М.К. «Государственное регулирование экономики» Караганда-2003.
12. Мамыров.Н.,Ихдаханов.Ж. «Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана» Алматы-1999.
13.www.fund-damu.kz «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша орналастырған қаражатты екінші деңгейлі банктердің игеруі Алматы. 19.03.2009ж
14.www.fund-damu.kz
Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру Бағдарламасы бойынша аралық игеру қорытындысы
Алматы қ. 24.07.08ж.
15.www.fund-damu.kz ШОКС жобаларын қаражатты екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру Бағдарламасының I траншы шеңберінде қаржыландырудың аралық қорытындысы Алматы. 01.10.2008
16.www.fund-damu.kz Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру Бағдарламасының II траншы шеңберінде игерілгені жөніндегі аралық қорытынды Алматы. 01.10.2008
17inform.kz Негізгі бет » 2009 » Наурыз » 12 » Ислам қаржыландыру жүйесі дағдарыс кезеңінде өзінің мығымдығын мойындатып отыр

Мазмұны.
Кіріспе
I. Шағын және орта бизнесті несиелеудің мәні мен ерекшелігі
1.1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің экономикалық
мәні ... ... ... 5
1.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің
ерекшеліктер ... ... ... ... ... .10
II. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді
талдау
2.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіружағдайын
талдау ... ... ... ... ... 21
2.2.Шағын және орта бизнесті Даму қоры бағдарламасы негізінде
несиелендіруді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
III. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Қорытынды
Әдеби оқулықтар тізімі
Қосымша
Кіріспе.
Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты
дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған
реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп
отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі
күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен
нығаюының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жолын ұстанған
Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруді дамыту, қазіргі
таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі
болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму
барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді
қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр.
Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде
мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет
барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы
араласады. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендірудің өзектілігі - бұл
өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын бизнес
субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында
нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын және орта бизнес, макро
экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың
алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін
ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т.б.
Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына
қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды
жүзеге асыруға сеніммен қарайды. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен
өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн
жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда.
Кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың
жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр
түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн
инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс
ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен
қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн
жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз
етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң
экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және
орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның
бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін
құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын және орта
бизнесті несиелеудің негізгі функциялары – бұл көбінесе жергілікті нарықты
қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін
шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын
алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның
негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн
тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі
көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді.
Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында:
Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік
деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару
еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып
табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш
күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық
шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың
әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру
сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы
реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
шағын және орта бизнесті несиелеуді дамыту сипаты мен ерекшеліктері және
оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін
және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін
негіздеуді талдау болып табылады.
Менім диплом жұмысым Қазақстандағы шағын және орта бизнесті
несиелендіруді дамыту деген тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты таңдап алған
себебім, Шағын және орта бизнес, нарықтық экономиканың маңызды әрі
біртұтас құрылымдарының бірі. Олар экономиканы басқарудың жалпы мақсатына
жетуді қамтамасыз ететін, өзіне жүктелген міндеттері бар.
Аталған дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде – шағын және орта бизнесті несиелеудің мәні мен ерекшклігі
туралы қарастырылған.
Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
несиелендіру жағдайын талдау
Үшінші бөлімде – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
несиелендіруді жетілдіру

1.1.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің экономикалық мәні.
Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға 17 жылдай уақыт өтіп, Қазақстан
экономикада әлемдік принциптерін енгізіп, онда маңызды орынға ие болды.
Оған дәлел ретінде экономикамыздың даму қарқынын қарастыруымызға болады.
Сонымен, қатар өз шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Солардың бірі
ретінде кіші және орта бизнестегі инновациялық жобаларды несиелендіруді
көрсетуге болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық және
саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Шағын және орта бизнестің
субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап
өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы,
экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы
басқа. Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық
саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды.
Шағын және орта бизнес – бұл шаруашылық жүргізуші субектілердің
толық экономикалық жауапкершілігіне ынталы, инновациялық
қыззметіне негізделген қаржы қорларының шектелген жағдайларында
жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен
жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын
қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару
процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін- өзі ұйымдастыру және
өзін- өзі жаңарту болып табылады.Шағын және орта бизнес нарық
коньюктурасы оперативті ескере, нарықтық экономикаға құрылымдық
икемділікті береді. Ол шағын және орта фирма төңірегінде қолданыла алатын
қаржылық және өндірістік ресурстардың белгілі бөлігін мобилизациялайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортаның қалыптасуында, ірі
корпорациялар монополизіміне қарсы тұратын нақты нарықтық экономиканы
құруға маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта кәсіпкерлік қызмет көптеген ауырлықтарға қарамастан,
дамуда. Шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік белгіленген нарықтық
шаруашылық жағдайында қоғамдық өндіріс процесінің теңқұқылық қатысушысы
болып табылады. Кәсіпкерлерді шаруашылық субьектілерін деп айтсақ болады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасының үлкен маңызы бар.
Яғни бұл тікелей шағын және орта бизнестің құрылуы мен іске асуына әсерін
тигізетін элементтер жиынтығы. Осы элементтердің мінездемесі сыртқы ортаның
факторларын құрайды. Заңдылық соңғы элементі ретінде бірқалыптылық,
толықтылық жүзеге асырушылықты сипаттуы мүмкін, ал заңдылықтың
тұрақсыздығы, бітірмеушілігі іске аспаушылығы посткеңестік
республикаларда кіші кәсіпорындардың сыртқы ортасының негативті факторы
болып табылады.Сыртқы орта элементтерінің алуандылығын 5 топқа бөлсек
болады. Бірінші топ шағын және орта бизнес үшін аса маңызды нарықтың
жиынтығын құрайды: ресурстық (өндіріс құралы,ақпарат,жұмыс күші,қаржы) және
өткізушілік. Екінші топқа шағын кәсіпкерлікке аса маңызды нарықтық
институттар(мемлекеттік және қаржылық несиелік) және агенттерді (шағын
және орта бизнес) жатқызамыз. Үшінші топқа құқықтық, әлеуметтік-мәдени
және саяси блоктарды кіргіземіз. Төртінші топ басқа әлеуметтік-
экономикалық процестермен құбылыстардан экономикалық коньюктура,
экология, ғылыми-техникалық, прогресс, халық шаруашылықтың құрылымы және
т.б тұрады. Ерекше топқа тағы да бір сытқы ортаның элементін шағын және
орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі алады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасы, мемлекеттік
экономикалық құрылымдарға қарағанда анықсыздығымен ерекшеленеді. Бұл
біріншіден, шағын және орта кәсіпорынның қызметі локалды нарықта
көрсетіледі, және ірі компаниялар нарықтағы қызметтерімен салыстырғанда
едәуір белгісіз және стихиялық дәрежеде болатынымен байланысты.
Екіншіден, сыртқы ортаның ерекшелігі шағын және орта кәсіпкерліктің
мемлекеттік қатынасу жүйесінен ірі бизнестен, қаржы-несие
институттарынан обьективті бағынышты ролімен байланысты. Үшіншіден,
сыртқы ортаның тез өзгерілуі, яғни шағын және орта кәсіпорын
айналасындағы өзгерістердің жылдам өтуі және кәсіпкердің бұл
қиындылықтарға мән беру мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің заңды базасы Қазақстан егемендігін
жариялаған кезде-ақ құрылған еді. 1992 жылдың шілдесінде “ Жеке
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау ” туралы заңы қабылданды – 1995
жылдың 2 мамырда ҚР Президентінің “ шаруашылық жүргізуші серіктестік
” туралы жарлығы қабылданды. ҚР Президентінің келесідей Жарлықтары
қабылданды: 1996 жылдың 14 шілдесінде “ Кәсіпкерлік қызметінің
еркіндігіне мемлекеттік кепілді жүзеге асырудың қосымша шаралары ”
туралы 1997 жылы жазда “ Шағын және орта кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау ” және “ Жекеше кәсіпкерлік ” туралы заңдары
шығарылды.
Шағын бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп
әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие:
1) Шағын кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын
қамтиды;
2) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен
табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз
мүмкіндіктерін қолдану;
3) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі
әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық
процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне
икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге
тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті;
4) Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер
нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.
АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға
қарағанда шағын фирмалар 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі
инновациялардың 50%-ы шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған, ал соңғы
өнеркәсіпке енгізу процесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске
асырылады. Осының бәрі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын арттыра
түседі.
Кәсіпорынның көбісі Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Қарағандыда
шоғырланған. Ал енді осы несие алу көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ,
банкттердің несиелері көбіненсе сауда, өндіріс және ауыл шаруашылығында
шоғырланған.
Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасын несиелеудегі ролі
мен маңызы бүгінгі таңда өте жоғары. Олар нарықты экономиканың қарқынды
дамып келе жатқан кезеңінде экономиканың барлық салаларын несиелеп,
экономика дамуына өз үлестерін қосуда. Несиелеу жүйесіндегі олардың негізгі
бағыттары мен мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының экономикасының жетілуіне нaқrы өз үлесiн
қocy;
- Экономикадағы несиелеу саясатын жетілдіру арқылы азаматтарға,
клиенттерге жоғарғы деңгейде несиелік қызмет көрсету;
- Тиімді жүзеге асырылған несиелік саясат арқылы Қазақстан
Республикасының нарықтық инфрақұрылымының өсуіне өз үлесін қocy;
- Қазақстан Республикасы үкіметiнiң экономикадағы қоғамдық жұмыстарына
белсендi қатысу;
- Халықаралық қaржылай институттар мен Қазақстан халқының
Қазақстандағы банк жүйесiне деген ceнiмiн арттыру.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Несиенің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр
түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды
да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие мекемелері үшін де бірдей қажет.
Несиенің экономикадағы орыны мен ролі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде
төмендегідей қызметтерді атқарады.
- қайта бөлу
- айналыс шығындарын үнемдеу
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру
- капиталдың шоғырлануын жеделдету
ғылыми-техникалық проггресті жеделдету.
Сонымен несиенің қоғамдағы қызметтері мен аса маңыздылығына байланысты
жүргізілген зерттеулерге сай, несие - нарықтық экономиканың тiperi ретiнде,
экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық
субъектiлерiмен қатар, мемлекет те, үкiмeт те, сандай-ақ жеке азаматтар да
пайдаланады. Несиенiң пайда болуын өнiмдердi өндiру сферасынан емес олардың
айырбас сферасынан iздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бiр қолдан
екiншi қолға өтyiн бiлдiредi десе, шынымен де, осындай айырбас кезiнде
несиеге байланысты қaтынас туындайды. Қарыз алушы - бұл несиенің алушы және
оны қайтаруға мiндеттi, несиелік қатынастың екiншi жағы. Борышқор және
қарыз алушы бip бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктеpi
әртүрлi. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке,
салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешiгyi мүмкін, бiрақ, бұл жерде
ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық
қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш
бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген
сұранысы бар тұлға.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiн құрылымының элементiне
берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi,
яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынастын, бiр жағы.
Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып
табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет,
шарушылық субъектiлерi және халық жатады.
Несиенiң негiзгi eкi формасы бар: коммерциялық несие жене банктiк
несие болады. Бұл eкi несие бiр-бiрiнен несие объектiлерi, құрамы, қарыз
объектici, динамикасы, процент мелшерi жене қызмет ету аясы бойынша
ажыратьлады.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шарушылығында қолданылады. Азық –
түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар – жағар май
материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын
құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені,
тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк
несиесімен әрдайым аралас болады.
Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға
ақшалай түрде берiлетiн нecиeнi бiлдiредi.
Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тapaғaн несиелі
қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк
қатынастың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiciм жатады.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеулдегі
ескеретін басты факторларына мыналар жатқызуға болады.
-орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары
мүдделендіру бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері,
-банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері,
-өз клиентеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа
пайыз мөлшері.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған
мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық
қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті және қаржылық
жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары
әрбір қарыз алушыға жеке анықталады. Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін
сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады.
Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп
қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері
де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. беріледі.
Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай – ақ, қарыз
алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан,
фирмалардан және халықтан өзге үкімет те, банктер де, жергілікті органдарда
және т.б. алады.
Басқаша айтқанда, несие банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие екі негізгі буыны қалыптасады:
банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының
біріне кәсіпкерлікті несиелеу жатады.
Кәсіпкерлік клиент деп материалдық өндірс саласының өнім
шығаратын және қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындарын түсінуге
болады
Кәсіпкерлік клиенттерді несиелендіру – банктік мемкемелерден
өзге заңды тұлға болып табылатын банктің клиенттеріне несие беруді
білдіреді.
Кәсіпкерлік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет
атқарады:
1) макроэкономикалық – елдің экономикасын инвестициялауға
арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;
2) микроэкономикалық – банктердің табыстылығы мен
тұрақтылығын арттыруға ықпалын ететін негізгі табысты алу.
Кәсіпкерлікке берілетін несие түрлері мыналар:
Овердраф, Маусымдық несие, Сенім несиесі , Инвестициялық
несие, Инновациялық, Вексельдік несие, Рамбурстық несие,
Контокорренттік несие , Ломбардтық несие, Форфейтингтік несие,
Факторингтік несие, Экспорттық несие, Несие желісі –
келісілген лимит шегінде белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушыға
несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде
рәсімделген міндеттемесі.
Несиелік желінің жаңартылған және жаңартылмайтын түрлері
болады. Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені
беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы
қарым – қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желісі барысында
(револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгілеген лимит
шегінде беріледі және өтеледі. НЕсиелік желі, сол сияқты,
мақсаттада болуы мүмкін мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің
бір конракт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеу
үшін ашылады.
Несиенiң өндiрiстiң жандауында, оның кеңеюi процесiнде алатын ролi
орасан. Ол негiзгi қорларға (үй, ғимарат) қаражат көзi ретiнде жаңа
технологиялар ендiру, өндiрiстi жаңа техникамен жабдықтау жолында алатын
орны ерекше. Несиенi осы сұраныстар бойынша пайдалану бюджеттен
қайтарылымсыз қаржыландырудан бiршама артықшылықтары байқалады. Қайтарымсыз
қаржыландыру арқылы капиталдану шаруашылықты ол қаражаттарды басқа да
мақсаттарға жұмсаулары мүмкiн, өйткенi ол сұраусыз кеткен ақшалар. Ал,
белгiлi бiр мақсатқа алынған несие тек сол мақсатқа қолданылуы керек, басқа
жаққа жұмсау тiптен ойдан да шығарылуы керек. Және несие қайтарымдылық
принциппен берiледi де, қайтаруды өз уақытынан кешiктiрсе ол үшiн
проценттер төлеуi керек.
1.2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның негізі болып табылады,
көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін
қалыптастырады.
Батыс Европаның, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азияның
өнеркәсібі дамыған елдерінде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖІӨ-
нің 70 пайызына дейін келеді. Осы елдерде, шағын және орта бизнес,
іскерлік өмірдің жаппай, динамикалық және икемді нысаны ретінде
шаруашылықтың нарық жүйесінің нағыз негізі болып табылады және
қоғамның орта буынын құрайды.
Нарық экономикадағы шағын бизнес - экономикалық өсу
қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымен сапасын анықтайтын
жекеше секторлардың бірі. Дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне
ЖҰӨ-нің 60-70 % -ын құрайды. Сондықтан көптеген дамыған мемлекеттері
шағын бизнестің қызметін бар күшімен қолдап отырады.
Шағын кәсіпкерлік нарық коньюктураның өзгеруіне жедел түрде
жауап беру арқылы нарық экономикаға қажетті икемділігін беріп
отырады. Шағын бизнес бәсеке ортаның қалыптасуына өз үлесін қосады.
Бүгінгі күні әлемде кәсіпкерліктің жалпылама анықтамасы жоқ.
Американ ғалымы, профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті құны бар
жаңашылдықты жасау процесс ретінде, ал кәсіпкерді бұған барлық
қажетті уақыт пен күшті салып, қаржылық психолгиялық және
әлеуметтік тәуекелді өзіне жүктеп алып, нәтижесінде пайдасына
ақшамен қанағатты алатын адам ретінде қарастырады.
ҚР бойынша экономиканың шаруашылықтың нарықтық жағдайларына
өтуі кезеңнің басынан бастап шағын бизнестің тұрақтандыруы
экономиканың сәтті қайта құрудың көрсеткіштерінің бірі болып
табылады. Сонда кәсіпкерлік тап экономикалық қатынастарының дербес
субьекті ретінде нарықтың дамуының құрамдас атрибуты ретінде шығады.
ҚР-да кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бірқатар заң актілері
қабылданған болатын. Бұл халықтың жұмыспен қамтуын көтеру, бәсекені
дамыту, экономиканың перспективті саласында оның үлесін ұлғайту,
халықтың орта буынын құру мақсатында шағын және орта бизнесті
мемлекеттік тарапынан қолдау мен ынталандыруына дәлел ретінде бола
алады.
Банктердiң тәжiрiбесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң
өзiндiк алғышарттары болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын несиелеу
механизмiнiң элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере
отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. несиелеу алғышарттары
келесiдей:
несиеге деген өтiнiштi қарау;
несиелiк қабiлетiн бағалау;
несиелiк келiсiм шарт жасау және несие беру;
несиелiк мәмiленiң орындалуына бақылау жасау.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi туралы 30.03.1995 ж. және Қазақстан
Республикасындағы банктер жёне банктiк қызметтер туралы 30.08.1995 ж. ҚР
Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын басшалылыққа алады. Несиелер төлем
қабiлетi бар қарыз алушыларға несиенi қайтарудың нақты көздерiнiң және
тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай берiледi.
Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi қарау.
Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз
алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi, түрi,
мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң қоятын
талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына
байланысты құжаттар берiледi. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi
құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi құжаттар пакетiнiң
құрамына жататындар:
1) Құрылтайшылық құжаттардың жарғының жалға алу шарттарының тiркелген
куәлiктерiнiң немесе патенттерiнiң, нотариалды куәландырылған жердi
пайдалануға құқығын куәландыратын құжаттар, азаматтардың тілқұжаттары
және клиенттiң несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың
көшiрмелерi;
2) Қарыз алушының соңғы екi жылдағы балансы жёне оған қосымша мәлiметтер;
3) Несиеленетiн жобаның рентабельдiлiк деңгейiн және несиенiң қайтарылу
мерзiмiн сипаттайтын техникалық - экономикалық негiздеме;
4) Несиеленетiн мәмiлелердi растайтын келiсiм шарттар көшiрмелерi
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
тауарлы материалды құндылықтар шотының көшiрмелерi);
5) Басқа банктерден алған несиелер туралы мәлiметтер (шоттар бойынша
көшiрме);
6) Қамтамасыз ету мақсатында кепiлге берiлген мүлiкке қарыз алуышының
меншiк құқығын растайтын құжаттар;
7) Несиенi қайтаруға байланысты мiндеттеменi куәландыратын құжаттар;
8) Қызметiн жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсiпорынның және барлық басқа да кәсiпорындардың
бизнес-жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиенi қайтаруын қамтамасыз
ететiн басқа да құжаттар мен мәлiметтердi талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелiк қатынаста болатын қарыз алушылар үшiн кейбiр
құжаттар тiзiмi қысқаруы мүмкiн. Қарыз алушы банкке несие алуға өтiнiш
жасаған уақытта, банк несиелеудегi оның мүмкiндiгiн алдын-ала бағалау үшiн
есеп карточкасын толтыруы мүмкiн. Онда - фирманың жетекшiсi мен қарыз алушы
өкiлiнiң аты-жөнi; Қызмет және меншiк түрi; клиенттiң заңды мекен жайы;
есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктiң аты және реквизиттерi;
негiзгi құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенiң мақсаты, сомасы және мерзiмi;
соңғы есептiк күнге берiлген баланс құрылымы және басқа да көрсеткiштер
жазылады. Тапсырылған құжаттарды оқып, талдау барасында банк қарыз алушының
алған ссудасын қайтару қабiлетiн бағалау кезiнде, шешiм қабылдау үшiн аса
маңызы бар. Бағалау техника-экономикалық есеп негiзiнде жасалады.
Екінші алғышарт. Несиелік қабілетін бағалау.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақытында есеп айырысу қабілеті.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін
нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін
көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және
несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу
банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік
береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының
мінездемесі. қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі),
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау (қарыз алушы қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға
беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен
байланысты:
1)шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы
қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде Қаржы министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді; "Кәсіпорын балансы" (№1 форма); "Қаржы нәтижелері
және оларды пайдалану туралы есебі" (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша
бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР Статистикалық есеп формасы "Кәсіпорынның
(ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі" (№1 - Ф -
мерзімді - тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның мекеменің)
өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі" (№5-3-мерзімді -
тоқсандық- жылдық формалары).
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік
қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы
пайдаланылады:
- өтімділік коэффициенті;
- қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік
коэффициенттер;
- компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған
айналымдылық коэффициенттер;
- заңдалылық коэффициенттер.
Осы көрсеткіштердің есептелу алгоритміне тоқталайық.
1. Өтімділік коэффициенті.
Өтімділік коэффициентінің өзі екі коэффициент көмегімен анықталады:
- ағымдағы өтімділік коэффициенті;
- тез өтімділік коэффициенті.
Мұндағы ағымдағы активтерге кассадағы және банктік шоттағы қаражаттар,
дебиторлық таза қарыз, тауарлы-материалды қорлар, өзге ағымдағы активтер
(алдағы уақыт шығыстары, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға жұмсалымдар
және т.с.с). Дебиторлық таза қарыз дебиторлық қарыз ұзындығынан үмітсіз
қарыздарды жабуға арналған резервті шегеру арқылы анықталады. Тауарлы-
материалды қорлардың да айналым мерзімі 1 жылдан аспауға тиіс.
Ағымдағы пассивтерге қысқа мерзімді ссудалар, жабдықтаушылардың,
бюджеттің, жұмыскерлерінің алдындағы төленбеген қарыздары, өзге ағымдағы
міндеттемелер жатады.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті бұрынғы өтеу коэффициенті ретінде
белгілі. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелердің ағымдағы активтермен
қаншалықты қамтамасыз етілетінін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің мәні 0,70-тен
1,20-ға дейінгі аралықта болуға тиіс. Егер оның мәні 1,20-дан артып кетсе,
онда тауарлы-материалды қорларға (ТМҚ) салынғын қаражаттар айналысының
бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуын көрсетеді. Ал оның
мәнінің төмен болуы клиенттің төлем қабілетсіздігін баяндайды.
Жалпы бұл көрсеткіш мәнінің жоғары болуы, қарыз алушының қаржылық
тұрақтылығын білдіреді.
Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің нормативтік мәні
клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:
I, II, III класс үшін - 2,0;
IV класс үшін —1,5;
V-VІ класс үшін - 1,25.
Бұл көрсеткіш тауарлы-материалды қорларды (ТМҚ) тез арада сату
мүмкіндігі болмаған жағдайдағы қарыз алушының қысқа мерзімді
міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.
Аталған коэффициенттің мәнінің 0,4-тен 0,6-ға дейінгі аралықта болғаны
дұрыс. Бөлшек сауда компанияларында оның мәні 0,3-тен 0,4 аралығында болуы
ықтимал. Оның мәнінің жоғары болуы дебиторлық қарыздардың өсуінен
туындайды.
2. Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік
коэффициенттер.
Бұл топтың коэффициенттерін талдау қарыз алушының меншікті капиталының
қамтамасыз ету дәрежесіне және оның тартылған қаражат көздеріне жалпы
тәуелділігіне баға беруге мүмкіндік жасайды. Аталған көрсеткіш
коэффициенттеріне мыналар жатады:
- міндеттеменің активке қатынасы;
- міндеттеменің капиталға қатынасы.
Осы және келесі коэффициенттерді есептеген кезде банктерге берешек
(қысқа және ұзақ мерзімді), жабдықтаушыларға, бюджетке және т.с.с.берешек
орташа қарыздары пайдаланылады.
Бұл коэффициент жалпы қарызбен меншікті капиталдың шекті қатынасын
көрсетеді. Мысалға, коэффициент 2,0 тең болса, онда әрбір қарыздың 2
теңгесіне меншікті капиталдың 1 теңгесі келеді дегенді білдіреді немесе ол
активтердің 67%-ы қарыздың есебінен және 33%-ы меншікті капиталдың есебінен
қаржыландырылатынын сипаттайды.

I класс — 0,66
ІІ класс-1,00
III класс үшін —1,10
IV класс үшін -1,25
V класс- 1,75
VI класс үшін - 2,00.
3) Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған
айналымдылық коэффициенттер. Оларда мыналар жатады:
— дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);
— кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);
— ТМҚ-ның айналымдылық ұзақтылығы (күнмен).
Дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімі ұзақ болған сайын оны
қайтармау тәуекелі туындайды. Сондықтан бұл көрсеткішті талдағанда әрбір
заңды және жеке тұлғаға қатысты дебиторлық қарыздың құрылым мен сапасына,
оның пайда болу себептері мен қайтарылу жағдайына басты назар аудару қажет.
Сонымен қатар дебиторлық қарыздың айналым қаражаттарындағы үлесін бағалау
қажет (қаншалықты оның үлесі жоғары болса соғұрлым компанияның активтері
өтімсіз). Талдау барысында дебиторлық қарыздың құрамындағы күмәнді және
үмітсіз қарыздардың үлесін анықтау арқылы, оның сапасын бағалауға болады
(қаншалықты оларды үлесі жоғары болса, соншалықты компанияның өтімділігі
төмендейді). Дебиторлық қарызды талдауда айналым-сальдолық ведмосты, ірі
қарыздар бойынша төлем құжаттарын (төлем тапсырмасын, тауарлы көлік жүк-
құжаттары және т.с.с) пайдалану қажет.
Кредиторлық қарыздың айналымдылық есептеу дебиторлық қарызды
есептеумен ұқсас. Бұл жерде дебиторлық қарыздың ұзақтығы мен кредиторлық
қарыздың ұзақтығын өзара салыстыру арқылы компанияның ақшалай
қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының орташа жылдамдығын бағалауға болады.
Бұл көрсеткіштің мәні өскендігі ТМҚ-ның артқанын, яғни сұраныстың
азайғандығынан қоймада тауарлардың жиналып қалғандығын және оны сақтау
шығындарының артатынын сипаттайды. Кейде оның өсуі шикізат пен
материалдарға алдағы уақыттары бағаның өсуімен де байланысты болуы мүмкін.
Ал оның мәнінің төмендігі, ТМҚ-ның жеткіліксіздігін, оның бизнестің дамуын
тежейтіндігін көрсетеді. Сондықтан талдау объективті болуы үшін компанияның
орналасқан жеріне барып, оның қоймасындағы сақталған тауарлардың барлығына
көз жеткізген дұрыс.
4) Пайдалылық коэффициенттері,
Бұл көрсеткіш компанияның пайдалылық және рентабельділік деңгейін
көрсетеді және ол пайданың әр түрлі нұсқалары мен сатудан түскен түсімге
қатынасы арқылы есептеледі.
Мұндай коэффициенттерге мыналар жатады:
- жалпы пайда нормасы;
- таза пайда нормасы.
Есептелінетін таза пайда нормасы немесе сату рентабельдігі өткен
кезендегі аталған көрсеткіштің мәнімен өзара салыстырылады. Бұл
көрсеткіштің төмендеуі қарыз алушының бәсекелестік қабілетінің төмендеуін
сипаттайды. Ол өз кезегінде оның өніміне деген сұраныстың азаюына әкеледі.
Несиелік сараптаманың қорытыңдысына қосымша бет ретінде кепіл мүлкін
бағалау есебі жүреді. Кепіл затын банкте тәуелсіз бағалаушы іске асырады.
Кепіл затын бағалау нарықтық және шығындық әдіспен жүзеге асуы мүмкін.
Кепіл затын бағалау барысында кепілдік құны анықталады. Сол кепілдік
құнынының 70% көлемінен аспайтын мөлшерде банк клиентке несие бере алады.
Кей жағдайда клиенттің сұрайтын несиесінің сомасы кепіл құнының мөлшерінен
асып кетсе, онда банк клиенттен қосымша кепіл затын кепілге қоюды талап
етеді.
Үшінші алғышарт. Несиелік келісімшарт жасау және несие беру.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік
қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу
субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда
банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтын өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері:
- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы
келісімшарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты
ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
■ тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық құндылықтар (нақты валюталар), алтыннан жасалған
бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылыктар кепілі; ■ бағалы
қағаздар (вексельдер) кепілі;
• сол банктегі депозиттер кепілі;
• жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
• жалгерлік құқық кепілі;
• авторлық кұқық кепілі:
• жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:
• келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
• келісімшарт заты:
• кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
• кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
• талап ету құқықтары;
• кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
• кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары
мен кепіл затын ауыстыру;
• тараптардың жауапкершіліктері;
• ерекше шарттар;
• дауларды шешу;
• басқа шарттар.
• кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге
де мәліметтері.
Бұл кезеңде ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша
құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді
ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі - несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші -
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
Төртінші алғышарт.Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен
банктің жұмысы.
Несиелік мониторинг - несиені берген күннен бастап, оны толық
қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің
өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік
келісімшарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды
қамтитын банктің күнделікті жұмысы.
Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар
жатады:
- банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарттар;
- қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
- өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан сатып
алушылардан, өзге банктерден. қаржы ұйымдарынан, үшінші тұлғалардан және
т.б.).
Ақпараттың толықтығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және
тереңдетілгеи болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг - ай сайын ағымдық мониторинг есебінің түрінде
рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер
бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы
туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Ағымдық несиелік мониторинг әр ай сайын несие толық қайтарылғанға
дейін жасалады. Ағымдық несиелік мониторинг қорытындысы бойынша есеп беру
нысаны 15-қосымшада берілген.
Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты - банктің барлық берген
несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені
қайтару кестесі пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.
Ағымдағы мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:
- қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жасау;
- клиентке ескертулер жасау (несиені төлеу мерзімінен екі үш күн бұрын
телефон арқылы ескерту, телефон болмаған жағдайда жазбаша түрде);
- клиенттің орналасқан жеріне бару (қарыз алушы кәсіпорынның
қаржылық есебінің материалдары негізінде оның қаржылық және шаруашылық
жағдайымен танысу және т.б.).
Қарызды қайтару күнінде несиені қайтару кестесі бойынша қарыз алушының
негізгі қарыздың және пайыздың төленгендігі тексеріледі.
Егер қарыздың қайтаруын кешіктіру қарыз алушының уақытша қаржылай
қиындықтарына немесе ұмытшақтығына байланысты болса, онда дабыл қағу қажет
емес. Бұл жағдайда қарыздың кешіктірілуі қарыз алушының болашақ іскерлігіне
кері әсер ететіндігін ескерткен дұрыс.
Егер қарыз алушының тексеріп бару барысында несиені қайтармауымен
байланысты мүмкін болар мәселелердің барлығын куәландыратын қауіпті
белгілер анықталса, онда тереңдетілген мониторинг жүргізіліп, оның
нәтижесінде мынадай сұрақтарға жауап ізделінеді:
- қарызды кешіктіру себептері;
- кешіктірілген қарызды қайтару мүмкіндігі;
- алдағы уақыттары қарызды қайтару кестесін орындау мүмкіндігі.
Тереңдетілген мониторинг-ай сайын тереңдетілген мониторинг есебінің түрінде
рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалуының бұзылуына қарай,
жоспардан тыс (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық белгілердің
туындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы
туралы барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.
Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа пайдаланбағаны
анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының міндеттемені
орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері тексеріп
куәландырады. Сөйтіп ол мәселені Несиелік комитеттің алдына қарауға қояды.
Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты шешім
қабылдайды.
Проблемалық несиелерге мыналар жатады:
•несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
•сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер
бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің
банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
•несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген
күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
- қарыз алушының қызметін қайта құру;
- несиені қайтару кестесін өзгерту;
- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу
ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және
үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте Проблемалық
несиелер басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет.
Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай
факторлар ескерілуі тиіс:
- қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;
- проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген
форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзгерісі, бизнес жоспарындағы
жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендігі және
т.с.с:
- қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы;
- кепіл мүлкі есебінен несиелік қарызды қайтару мүмкіндігі;
- қаржылық сауықтандыруға байлансты шаралар жасалған жағдайда қарыз
алушының несиелік қарызды толық төлейтіндігін куәландыратын қаржылық
сауықтандыру жоспарының банкке ұсынылуы;
- қарыз алушының ағымдағы қаржылық есебі, ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы толық ақпараттарды банкке беруге дайын болуы;
- қарыз алушының қосымша қамтамасыз ету мүлкін банкке ұсынуы. Қысқаша
айтқанда, банк үшін аталған нұсқалардың қайсысы аз шығын жұмсай отырып,
несиелік қарызды қайтаруға мүмкіндік жасайтындығын ескеру қажет.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын сауықтыру шараларына
мыналар жатады:
- несиенің төлем мерзімін ұзарту немесе несиелік
келісімшарттың қызмет ету мерзімін созу;
- қарызды қайта құрылымындау, яғни несиелік келісімшартқа
өзгерістер енгізе отырып, қосымша несиелік ресурсты бөлу жолын
қарастыру;
- қайта қаржыландыру, қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаға
(қарызды аудару) жаңадан несие беру есебінен несиені төлеттіру.

1.2. ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру жағдайын талдау
Экономиканың динамикалы дамуында шағын және орта бизнес маңызды
рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндірістік қызметтегі
шағын және орта кәсіпкерлік үлесі мынадай: АҚШ-та – 62,2, Жапонияда - 71,8,
ал Оңтүстік Корейде еңбекке қабілетті халықтың- 64 %. Ұлы Британияда
тоқсаныншы жылдардың басынан 2,4 млн. шағын кәсіпкерлік мекемелері жұмыс
істеп келеді( жеке компаниялар санының 96%). Батыста шағын кәсіпкерліктің
үлесі 40-60%, ал Қазақстанда – 10%.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында шағын кәсіпкерлікті
дамыту жеңілірек. Қазақстан өнеркәсібінде импорт өнімдері анағұрлым
маңызды, оның әлсіз дамуынан сауда кәсіпкерлері түгелдей барлық киімді
импорттап, өзге елдер экономикасының дамуына көмектеседі.
Нарықтық экономиканың бастапқы сатысында тұрған Қазақстанда,
жақын уақыттарда экономиканың осы секторын қалыптастыру үшін шағын
кәсіпкерлікті жедел дамытудың әдістерін жасау керек. Жедел дамудың тежеуші
факторы қажетті айналым капиталы мен кәсіпкерлік машықтың болмауы. Бұдан
басқа, салықтық жүктеме кәсіпкерлерді өз экономикаларының бөлігін
көлеңкелеп, өз қызметінің көрсеткіштерін жасыруға мәжбүрлейді, ал бұл
пайда болған қиыншылықтарды шешу үшін ғылыми қызметтерді пайдалануды
қиындатады.
Статистика мәліметтеріне сүйсенсек 2007 жылы ЖҰӨ-ге Қазақстанда
шағын және орта бизнесі 30,9% -ті құрды. Сауда және индустрия министірі
Владимир Школьниктің айтуы бойынша осы сектордың өнім шығару көлемі 2007
жылы қарқыны жоғарлады, 1-ші тоқсанда 350 млрд тенгеге көбейсе, ал 4-ші
тоқсанда ол 689 млрд тенгеге дейін көбейді. Сонымен қатар 2008 жылғы
көрсеткіш бұрынғы жылға қарағанда жоғары болып тұр, және де осы жылы
тұрақты бағамен өнімнің шығуы ол инфляциялық көрсеткіштен қауіптің
төмендігін көрсетеді. 6 ай ішінде өнім көлемі 3%- ды құраса , ал 8 айда ол
2,5%- ын ғана құрады. Школьник мырзаның айтуынша бұған себеб, 2007 жылдың 3-
ші тоқсанан бастап шағын және орта бизнесті несейелендірудің төмендеуі
ол сәйкесінше 2-3 айда тікелей өндірістің дамуын төмендетеді дейді. 2008
жылы қыркүйекте республикада 666098 белсенді шағын кәсіпорын алға шықты.
Сонымен қатар халық тығыздығына байланысты және көшбасшының санына
байланысты Алматы мен Астана сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облысы
алдыңғы қатарға шықты. Ауыл шаруашылығымен көбінесе Алматы облысы мен
Оңтүстік Қазахстан облысы айналысады. Қазіргі таңда Шағын орта бизнес пен
айналысатын адам саны 1,9 млн болып отыр. Бірақта Кәсіпорынның тәуелсіз
ассоциацысының бағасы бойынша дағдарыс әсері шағын орта бизнеске өз әсерін
тигізді және ол экономикада ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz