Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ3
І-ТАРАУ. Д. А. ҚОНАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
- Д. А. Қонаевтың балалық шағы мен өскен ортасы . . . 8
- Д. А. Қонаевтың мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуы . . . 18
ІІ-ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА БАСШЫСЫ-Д. А. ҚОНАЕВТЫҢ 1960-1980жж. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ
2. 1 Республикада қалыптасқан саяси жағдай (Д. А. Қонаевтың мемлекеттік саяси қызметі) . . . 27
2. 2 Республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жетістіктер (Д. А. Қонаевтың мемлекеттік қоғамдық қызметі) ………. . …… . . . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ҚОСЫМШАЛАР . . . 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ……. . 60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: «Біздің Республикамыз қандай үлкен. Шіркін, өз алдымызға дербес мемлекет болсақ қой /1/.
Тоталитарлық диктат үстемдігі жылдарында, соған қарамастан 26 жылдан астам ел басқарған алып тұлға Д. А. Қонаевтың арманы осындай болатын. Қазақ халқының тарихында өмірі өзіндік бір кезең болған Д. А. Қонаев өте бір күрделі шақта еңсесі түскен елін айбынды да, ауқатты жасау үшін барлық күш жігерін салды. Және осы мақсатта тоталитарлық билік-қызыл империя күшейіп тұрғанда қолынан келгенінше жүзеге асырды. Көрнекті мемлекет қайраткерінің дүние салғанына он екі жыл өтті. Осы уақыт аралығында «Д. А. Қонаевтануң мәселесі республиканың барлық саласындағы мамандар мен азаматтарының назарынан қалмай келеді. Түрлі көзқарастар оның ішінде басым көпшілігі мемлекет қайраткеріне деген құрметпен қараушылық көзқарасының қалыптасып, мерзімді басылым, баспа, ғылыми-зерттеу еңбектерінен орын алды.
Әлі де өз алдына жұмбағы мен шешімі көп бұл мәселе қарастырыла берері сөзсіз. Әсіресе, аталмыш тақырыпты жан-жақты талдап, нақты кешенді қорытынды жасау-тарихшылар алдына қойылар үлкен міндет деп білеміз. Сондықтан да, тарихи тамыры ұлы тұлға ғұмырымен шырмалып жатқан заманға өз бағасын беріп, қиуы қиын кезеңде ғұмыр кешкен ардақты аға қызметіне әділ бағасын беру-бұл мәселенің өте өзекті екенін көрсетеді. Тақырыпты таңдап алуымыздың себебі, толық шешімін қажет етіп отырған мәселеге аз да болса өз үлесімді қосу болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Аталмыш мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ Д. А. Қонаевтың өз еңбектерінен бастап, ол туралы түрлі саладағы маман иелерінің еңбектерінен тұратындығын көруге болады. Бірақ баса көрсетіп айтатын жағдай ол бұл еңбектердің басым көпшілігі естелік-эссе, қысқаша өмірбаяндық ақпараттар, мақала, тезистік мәліметтерден тұрады. Тарихи тұрғыдан қарастыру саласы әлі пісіп жетілмеген десе де болады. Себебі, тарихи монография жазу, арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қолға алынбаған. Ал тарихи тұрғыдан жазылған кейбір мақалалар Д. А. Қонаев заманының тек мәдени өміріне ғана арналған.
Ал енді біз тарихнамалық шолу жасайтын болса, барлық жиналған материалдарды екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі-Д. А. Қонаевтың жеке еңбектеріне арналады. Екіншісі-ол туралы тарихи естелік-эссе, жазбалар мен публицистикалық шығармалар.
Д. А. Қонаев шығармашылығы 70-80-ші жылдардан басталады. «Избранные речи и статьиң/2/, «КПСС пен ұлт саясатың/3/, «Советский Казахстанң/4/ деп аталатын т. б. еңбектерде автор өз заманы жөнінде, сол заманға сай тілде атқарылған мемлекеттік қызметін баяндаған.
Армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қарт-ел ағасы республика өмірінің дамуымен қатар өткен ғұмыры туралы үлкен еңбектер жазды. Ол көпшілікке белгілі «Өтті дәурен осылайң/5/, «От Сталина до Гробачеваң/6/, «Ақиқаттан аттауға болмайдың/7/. Автор бұл еңбектерінде келер ұрпаққа тәрбиелік мәні мол мұра, тарихи құнды дерек болатындай мәліметтер келтіреді. Ондағы жазбалар тарихшы, саясатшы зерттеушілері үшін өте қажет және маңызды. Сондай-ақ, кейбір даулы мәселенің түйінін шешуге болатын нақты фактілік хабарлар табуға болады.
Ал ол туралы айтылатын еңбектерге тоқталатын болсақ, ел басшысының қызметіне баға беру Д. А. Қонаевтың дүние салуына дейін де, одан кейін де жалғасып келе жатқанын айтуымыз керек. Мұндай тұрғыдан жиналған материалдарды саралай келе Д. А. Қонаев қызметіне екі түрлі көзқарастың қалыптасқанын байқаймыз. 1986 жылғы қаралы желтоқсан оқиғасымен байланысты Д. А. Қонаев тұлғасына деген түрлі жаңсақ пікірлер етек алды. Айыптаулар мен қаралаулар ағымы Д. А. Қонаев орнынан алынған алғашқы айларда әсіресе көп болды. Осы орайда біздің республикалық баспасөз атап айтқанда «Казахстанская правдаң /8/газеті бұл оқиға аясында айырықша көзге түскені сондай, ол Мәскеуде тіпті қолдан қолға өтіп, киоскілерде газеттің бір данасын бір сомнан сатып алып кеткендігі туралы хабар да бар. Мұндағы Д. А. Қонаевқа тағылған кінә жастар алдында сөз сөйлемеуі. Ұлы державалық пиғылдан арылмаған Орталық, мұндай жағдайды қолдан жасағанын, яғни Д. А. Қонаевты ол кезде-жариясыз қамауға алып, қозғалу құқынан айырғанын ерекше айтуымыз керек.
Міне Орталықтың бастаған мұндай даурықпа шырмауына кейінгі кейбір авторлар немесе өзге де сол замандағы қалыптасқан саяси жағдайдың мән-жайын тереңнен түсіне алмаған авторлар еңбегі жарық көрді. Мәселен Б. Жәмиұлының /9/ «Алтын ордаң газетінде жарияланған «Ұлы адам кім?ң деген Д. А. Қонаев қызметіне арналған мақаласы. Автор мұнда: «Қазақтың маңдайына біткен ғалым, әдебиет саласындағы қайраткерлерге мейлінше қысым жасадың, -дей келіп дәлел ретінде С. Сейфуллин, Қ. Сәтбаев, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ш. Есенов, Е. Бекетов сынды қазақ елінің жайсаңдарын тізіп оларға қудаланушы таңбасын басады. Алайда, мұндай сарындағы еңбектерде тосқауыл қоюға ұмтылған авторлар еңбегі көптеп жарық көре бастады. Бұқарбай Жәмиұлы мақаласын сынға алып көптеген дәлелдермен Д. А. Қонаевты ақтауға ерекше талпыныс жасаған профессор тарихшы Зәкіраддин Байдосов мақаласын айтуға болады. Ол өз мақаласында былай дейді: «Қазақ елінде жалпы шығыс халықтарында күнәнің үш түрін еш уақытта кешірмейді екен. Оның біріншісі өз ата-анасын қорлау, екіншісі бейкүнә пендені өлтіру, үшіншісі әруаққа тіл тигізу. Бұл күнә үшін өлім жазасы бұйырылған /10/.
Д. А. Қонаевтың саяси қызметіне объективті баға беруге үлкен талпыныс жасаған тарихшы Хасанаев М. Ж еді . /18/ Ол өз мақаласында 60-80 ж. ж Қазақстанның саяси өмірін жан-жақты талдай келе ондағы кеткен көптеген кемшілік пен табыстарды нақты фактілермен баяндайды. Тарихи тұрғыдан жазылған бұл еңбекті біз жоғары бағалайтынымызды айтқымыз келеді.
Жалпы Д. А. Қонаев ел алдында үлкен құрметке ие тұлға, ол туралы белгілі публицист Г. Толмачев/11/ «Д. А. Қонаев пен елу кездесуң деген еңбегінде шығыстың даналығына сүйсіне отырып: «Тірілер өлгеннің көзін жабады, ал олар тірілердің көзін ашадың, -дейді. Сондай-ақ 1997 жылы «Мен өзімнің журналистік өмірімде ірі тұлғаларды көптеп көрдім. Олардың ішінде инженерлер, академиктер, мемлекет қайраткерлері мен генералдар баршылық еді. Шынын айтсам Д. А. Қонаевқа тең келетін адамды көрмедімң-десе, «Вашингтон-постң газеті өзінің бір санында «Қазақстан астанасы өзінің бұрынғы басшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты, аңсайды ол бүкіл Батыс Европа жер көлеміне тең келетін республиканы 34 жыл басқарды. 20 жылдан аса бұрынғы КСРО басқару жүйесінің ұясындағы саяси бюроның мүшесі болдың-деп /10/айырықша атап өткен. Тіпті 1960 жылы АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр да Д. А. Қонаевты қабылдап, сүхбаттасқаннан кейін өз ортасында: «Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасың-деген /10/.
Әсіресе, президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың өнер баспасынан шыққан «Ғасырлар тоғысындаң деген кітабында өткен тарихта, көрнекті қоғам қайраткерлеріне өзінің көзқарасын өте айқын және әділ айтқан болатын: «Алайда, мен бұрынғы билеуші элитаны, кейбіреулер айтып жүргендей, ақымақ, қарапайым етіп көрсетуге атымен қарсымын… Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусың.
Д. А. Қонаевтың жарты ғасырдай уақыт ішінде араласып, талай рет кеңесіп, әдебиет, мәдениет жайында әңгімелескен халық жазушысы Әлжаппар Әбішев: «Д. А. Қонаев өз заманының озық ойлы азаматы. Оның көш бастар көсемдігі де, ел бастар біліктілігі де бір басына жететін тұлға екені даусың-деп Д. А. Қонаевтың адамгершілік қасиеттерін жақсы айтады.
Аса көрнекті қоғам қайраткері Д. А. Қонаевқа арналған «Қонаев және оның уақытың атты конференция 1998 жылы 14 тамызда ғалымдар үйінде өткізілді. Сол конференцияда Б. Төлегенова, М. Есенәлиев, К. Смайылов Д. А. Қонаевтың өнер-ғылым қамқоршысы болғандығын, әсіресе оның қарапайымдылығы, кішіпейілділігі жайында сыр шертті. Сонымен қатар, «Елу жыл ел ағасың /12/атты естелік жинақтың да ақпараттық қызметі ерекше. Онда ел басы Н. Ә. Назарбаев арнайы тезистік нұсқамен Д. А. Қонаевтың саяси портретіне ерекше ілтипат танытады. Бұл жинақта Бәйкен Әшімов, Ұрқия Иманбай тағы басқа белгілі көптеген авторлар естелік жазды.
Әсіресе, С. Әбдірайымовтің естелік-эссе ретінде жазған еңбектері көп/13/. Ал М. Акуев /14/ естеліктері бұл тұлғаның жеке адамгершілік, этикалық, өнегелілік қырынан танытатын мағлұматтар келтірген.
Деректік негізі: «Ақиқаттан аттауға болмайдың, «Өтті дәурен осылайң деп аталатын екі естелік дерек көзі ретінде қолданылды. Бұл екі естелік те үш бөлімен тұрады, мазмұндары ұқсас, тек «Ақиқаттан аттауға болмайдың деген естелігі көптеген мағлұматтармен толықтырылып жазылған. Бұл естеліктердің біздер үшін, әсіресе Қазақстанның 70 жыл КСРО-ның құрамында болған тарихының дерек көзі ретінде қымбат. Кез-келген дерек сияқты олар да нақты оқиғалардың, қоғамдық құбылыстардың жазба дерегі ретінде белгілі бір уақыт пен кеңістікте пайда болды. Бұл жазба деректер өз өмірін еске алу нәтижесінде дүниеге келді. Коммунистік партияның тәлімін алып, тәрбиесінде өскен адамның өмір жолы ғана емес, ол осы жолдардың авторы. Тікелей аралас-құралас болған, еңбектес достар туралы, Қазақстандағы социалистік құрылыстың ұмытылмас күндері жайында. Қонаев заманының ірі тұлғалары, Сталиннің, Маленьковтың, Хрущевтың, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың тіпті Горбачевтің көпшілікке жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мәдени және әлеуметтік тыныс тіршілігін жан-жақты әңгімелейді. Сонымен қатар Д. А. Қонаевтың заманхаттарының ерекшелігі және маңыздылығы олардың Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін жазылғандығында. Уақыт өте бұл естеліктер теңдесі жоқ құнды деректердің біріне айналатыны сөзсіз. Демек, «Өтті дәурен осылайң және «Ақиқаттан аттауға болмайдың атты заманхаттар арқылы жеткен деректер кезінде қоғамдағы болған объективті құбылыстардың субъективті бейнелеуінің диалектикалық жемісі деп айта аламыз. Нақтырақ айтсақ бұл еңбектер Қонаевтың өмір сүрген уақыты мен ортасы туралы объективті мәліметтер көзі болып табылады. Сонымен бірге заманхаттардың дерек ретіндегі субъективті сипатын да ескеруіміз керек.
Қорыта айтқанда тақырып бойынша аталған еңбектер барысы естелік-эссе, публицистикалық шығармалардан тұрады. Тарихи, саяси, хронологиялық дәйектілікпен жазылған арнайы зерттеу жүргізілмеген. Бітіру жұмысымызда тарихи тұрғыдан зерттелетін еңбектер қатарын толтыруға өз үлесімізді қосуға талпыныс жасадық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысының мақсаты бірқатар міндеттерге сүйенеді. Ол міндеттер объективті мәселелердің негізін ашу барысында туындалып отыр. Бұл міндеттер:
-Д. А. Қонаевтың балалық шағы мен өскен ортасы жөнінде деректік негізге сүйене отырып хабарлар келтіру;
-1936 жылы Д. А. Қонаевтың Мәскеу түрлі-түсті металдар мен алтын институын бітіріп Қоңырат-Балқаш құрылысына орналасып, еңбек жолы басталған, яғни мемлекет қайтаркері ретіндегі қалыптасқан кезеңіне шолу жасау;
-1960-1980 жылдардағы республикада қалыптасқан жағдайға объективті баға беру және Д. А. Қонаевтың осы кезеңдегі атқарған мемлекеттік саяси қызметін талдау;
-60-80 жылдардағы қоғамдық өмірдегі түрлі саладағы: әлеуметтік, экономикалық, мәдени жетістіктерден нақты мысалдар келтіру және Д. А. Қонаевтың оған қосқан үлесін, еңбегін шынайы бағалау.
Бітіру жұмысының бірінші тарауында ел басы Д. А. Қонаевтың өскен ортасы мен саяси қайраткер ретінде қалыптасқан өмірі жайында тоқталдық.
Екінші тарауда, 60-80 ж. ж. мемлекеттегі саяси және қоғамдық өмірде атқарған қызметі баяндалады.
І-ТАРАУ. Д. А. ҚОНАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
- 1. 1 Д. А. Қонаевтың балалық шағы мен өскен ортасы
Д. А. Қонаевтың кіндік қаны тамған жері бұрынғы Верный, осы күнгі Алматы. Ұлы Тұран перзенті Д. А. Қонаев Алматы қаласында 1912 жылдың 12 қаңтарында дүниеге келді. Балдәурен балалық шағы, қайран жастық дәурені өткен осынау әсем қала ол үшін оттай ыстық. Әрине, балалықтың да, жастықтың да өз белгілері бар, қызығынан қиындығы басым сол бір кезеңнің біреу біліп, біреу білмес, бірақ өзіне аян өмір жолы қандай болса, өзімен бірге жасасқандай сезінетін бүл шаһардың да аса бай тарихы бар.
Бұл тарауда қаралатын мәселе Д. А. Қонаевтың балалық шағы мен өскен ортасы жөнінде болғандықтан біз Қонаевтың өз естелігінде айтылатын деректерге сүйене отырып баяндаймыз. Ол өз балалық шағы жөнінде былай деп еске алған еді: “Балдәурен балалық шағым қайран жастық дәуренім өткен әсем қала Алматы мен үшін оттай ыстық. Әрине балалықтың да жастықтың да өз белгілері бар, қызығынан қиындығы басым сол бір кезеңнің біреу біліп біреу білмес, бірақ өзіме аян өмір жолы қандай болса, өзіммен бірге жасасқандай сезінетін бұл шахардың да аса бай тарихы бар” /7. 14/
Анасы Зәуре Байырқызы қазігі Шелек ауданының орталығында кедей отбасынан шыққан. Өскен ортасы жөнінде айтар болсақ ол Старокладбищенск (қазір бұл жерде екінші Алматы вокзалы тұр) көшесі 39, үйде тұрған. Әкесі өздері тұрған жердегі мешітте жұма намазын қалдырмай барып тұрған екен. Бала Дінмұхаммед әкесінің жанында мешітке барып жүрген. Айт күндері өзге де діни мейрамдарда әкесінің қасында өткізгенін және сол күндердің ерекше ыстық болатынын өз естелігінде айтып өтеді /7. 16/
Академик В. В. Бартольд сонау XIX ғасырдың өзінде-ақ көріпкелдік танытып, Іле Алатауының солтүстік етегінен қазақтың көне қаласының ескі жұртын жазбай таныпты. Ол қала осы күнгі Алматы. 1854 жылы сол жерге Іле қорғаны тұрғызылған, кейінірек оны Верный деп атаған.
Патшаның дегені екі етілмейтін және оның көзі түскен жерге "ен салынып, қада қағылмай" қалмайтын заман. Майор М. Д. Перемышльский жұмақтан бетер жерге қызыққаны сонша, қорған іргесін қалыңдатып, ауқымын ат шаптырым етіпті. Содан араға он үш жыл салып, 1867 жылы қала мәртебесін беріпті. Сол жылдан бастап Верный қаласы Жетісу губерниясының орталығына айналады.
Қала сол кездегі зиялы қауымнын назарына тез іліккен. Ғылыми сапарлар бірінің соңынан бірі жалғасқан. Шоқан Уәлиханов бастаған ұлы көшті түгендеп шығу қиын. Солардың ішінен ел мойындаған ғалымдар П. П. Семенов-Тянь-Шанский мен Н. М. Пржевальскийді, этнограф Г, Н. Потанинді, астроном К. В. Струвені, палеонтолог И. В. Мушкетовті, суретші В. В. Верещагинді бөлежарып айтуға болады.
Әсемдік әлемі баршаға ортақ игілік. Верныйдың жасыл желек жамылуына, сәнді үйлер салынуына, сәулет сарайларының тұрғызылуына әскери инженер А. П. Зен-ковтың, ғалым-бағбан Э. О. Баумның есімдері қала тарихы сөз болған жерде назардан тыс қалмаса керек. Бұл орайда Ораз Жандосовты ерекше еске алар едік. Қазан төңкерісінен кейін 1921 жылы көрнекті партия және мемлекет қайраткерінің ұсынысы бойынша өзінің байырғы аты - Алматыға ие болды, 1924 жылы Жетісудың орталығы деп саналды. Атақты Түрксібті салған тұста Қазақстанның астанасы бұрынғы Ақмешіт - қазіргі Қызылордадан Алматыға көшірілді. Алатаудың баурайы, оның қайталанбас ғажайып табиғаты, осы жерде туып, осы жерде өсіп-өнген әрбір адамды ғана мақтаныш сезімге бөлеп қоймайды, тіпті бір келіп кеткен қонақтың өзін еріксіз елітеді. Қазақстан астанасын елімізде ең сұлу қала деп бағалайды. Баққа оранған қалада 1981 жылы 8-желтоқсанда өзінің миллионыншы тұрғыны - Бауыржан есімді перзент дүниеге келеді.
Қазақта: "Түбін білмеген - түгін білмейді" деген сөз бар. Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айрықша қасиеті де осында. Қаны таза кісінің дені де, діні де, тілі де сау. Өңін бермесе, ізгілік жолын сақтаса, сөзі ортақ болса, одан озар байлық бар ма! Міне, сондықтан да қазақ шыққан тегін зерделеп, өсер ұрпағының ертеңіне ерекше мән берген. Халық үшін қашанда әкесінен ұлының тәуір болғаны жақсы. Жеті ата толмай қыз алып, қыз беріспей шыбық қиып, ант етіскен ата-баба заңы осыдан.
Егер бағбан атамыздың арғы тегіне барлау жасасақ, есі-мізге ел мойындаған ақын Мұқағали Мақатаевтың мына жолдары оралады:
Мен - үйсінмін! Ұлы жүзбін - ұлымын!
"Ұлымын!" деп ұлылыққа бармағам.
Ортадан да, кішіден де кішімін,
"Ұлымын!" деп көрсетпеген қысымын.
Ел басына екіталай күн туса
Екі інімнің найзасының ұшымын . . .
Кісіліктің, кішіліктің құлымын.
Н. Аристовтың деректеріне сүйенсек, Үйсіннен Ақсақал (Абақ), одан Қараша би, одан Бәйдібек туады. Ата-бабасы сол Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен туған Жалмамбеттің Ысты деген бел баласынан тарайды. Ал, енді атамызға дейінгі жеті атасын қуалап айтсақ былай:
Жалын
Нұрмамбет
Азынабай Қонай
Жетібай - Жұмабай
Меңліахмед Дінмұхамед
Ата-бабасы тегіне тартып, мал бағып, қауға ұстаған кісілер екен. Шаруа баққанмен қара басының қасиетін қадірлей білген. Кісі есігін сағаламай, еңбегін емген. Олар осы күнгі Қапшағай өңірінен Күрті өзенінің оң жақ жағалауын, негізінен Іленің сол қанатынан мына Құйғанға дейінгі жерді қоныс етіпті. Ертеректе бұл жерлер Төменгі Іле болысы, Верный оязы Жетісу губерниясы атанған. Қазір осы бір түгін тартса майы шығатын өңірді Алматы облысына қарасты Балқаш, Күрті аудандары жайлап жатыр.
Ата қонысын бұл өңірмен шектеуге болмайды. Тылсым тарих қойнауына үңілген сайын не бір жұмбақ шежірелер алдымыздан шығып жатқан заман ғой. Жан қадірін мал аяғынан іздеген халықпыз, бабаларының ата жұртының аясы Шу бойымен өрлеп, Талас өзенінің төменгі тұсына дейінгі жерді алып жатыр. Жамбыл облысының Талас және Мойынқұм аудандарын қамтып жатқан ұлан-ғайыр жер Димаш атаға сондай ыстық.
Бабасы Азынабайдан төрт ұл туады. Әулеті, неге екенін белгісіз, аңыз әңгімеге зер сала қойсақ, Азынабай бабасы ағайынмен не үшін араздасқанынан бейхабар. Және, ол қара қазақ үшін жат мінез емес. Әйтеуір, бір түнде бүтін бір ауылды өре тұрғызыпты да, үдере көше жөнеліпті. Асау Іледен өтіп, Балқаштың оңтүстік күнгей бетін жағалай жүріп Аягөзге жетсе керек. Одан әрі Тобықты жеріне қоныс аударыпты. Кісі еліне сіңісе қою қиын болғандықтан, жоқ бауыр басудың жолы солай ма, тегінде қыз айттыруға шамасы келмес, жөні құда түскен болар, екінші ұлы Қонайды Тобықтының қызына үйлендіреді. Бұған дейін ол кісі екі рет төсек жаңғыртыпты, соның біріншісінен Жетібай деген ұл қалады. Ал кейінгі шешесінен бір ұл, бір қыз - Жұмабай мен Бұлантай туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz