Несие операцияларының есебі және талдауын жүргізу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
1 Несиенің есебі және талдауының экономикалық маңызы
1.1 Несиенің мәні, принциптері мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.23
1.2 Несие есебі мен талдауының экономикалық ұғымы және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.29
1.3 АҚ «Альянс Банк» экономикалық көрсеткіштері мен
есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.36
2 Несие есебінің ұйымдастырылуы мен әдістемелері
2.1 Несие беру және қайтару есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37.47
2.2 Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі ... ... ... ... ... ... ... .48.54
2.3 Несие бойынша шығындар және сақтандыру операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55.61
3 Несие операцияларының талдауы
3.1 Несие талдауының мақсаты, әдістері мен ақпараттық көздері ... ... ... .62.65
3.2 Несие операцияларының талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66.69
3.3 Несие қабілеттілігі және тиімділігі көрсеткіштеріне талдау жүргізу ... 70.80
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81.83
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшіп, осы жолда дамуына байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. 2007 жылдың 28 ақпанында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік беру» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл еліміздегі бухгалтерлік есептің дамуының тағы да бір сатысы.
Кез келген ұйымдар өз қызметін тиімді бағытта үздіксіз дамытып отыру үшін, материалдық және еңбек ресурстарын, басқа да сырттан көрсетілген қаржылық қызметтерді, ғимараттар мен жабдықтарды т.с.с. пайдаланады. Ресурстардың барлығын да қаржыландыру керек. Яғни қаржы көздерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Қаржыландыру көздері мен олардың орналастырылуы, ресурстардың көлемі мен қозғалысы жөніндегі мәліметтер де бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, басқару өрісіндегі шешімдер қабылданады және мұндай ақпараттар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиелендірушілер, қарыз берушілер мен үлес қосушылар т.б.) үшін де өте қажет.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.
1) ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы. 28 ақпан 2007ж. № 234-ІІІ
2) «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әлеуметтік ұсыныстар» ҚР бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комитеті бекіткен 13.11.1996 ж. №3, өзгертулер мен толықтырулар.
3) Международные стандарты финансовой отчетности.М: АССА 2006
4) Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. Алматы. Экономика, 2006ж.
5) Баймұханова С.Б. бухгалтерлік есеп. Алматы. ИздатМаркет.2005ж.
6) Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие нарығын салыстырмалы талдау. Алматы, Экономика 2004
7) Дробозина Л.А. Финансы. Денежное обращение. Кредит. М: ЮНИТИ «Финансы» 1997
8) Дүйсенбаев К.Ш.,Төлегенов Ә.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы.,Экономика, 2001 ж.
9) Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы., Экономика 2003 ж.
10) Қалығұлова Р.Ж., Ғұмар Н.Ә. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы. Арыс. 2000ж.
11) Лаврушин О. А. Банковское дело. М: Финансы и статистика, 1999
12) Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, ИздатМарткет 2004.
13) Мақыш С.Б. Ілияс А. Ә. Банк ісі. Алматы, Қаржы университеті 2004
14) Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы, ИздатМаркет 2004
15) Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. Алматы, Экономика 2004
16) Розақов Н. Екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибесі және даму ағымы. Алматы, Экономика 2003
17) Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы 2001
18) Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, Экономика 2005.
19) Соколинская Н.Э. Учет и анализ краткосрочных и долгосрочных кредитов. М: Консалтбанкир, 1997
20) Шыныбеков Н.С. Қазақстандағы тұрғын үйді несиелендіруді жетілдіру жолдары. Алматы, 1999
21) Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы, Экономика 2006
22) Бухгалтер бюллетені 2005 қаңтар №3-4
23) Бралина А.Г. Коммерциялық банктердегі проблемалық несиелерді басқару. ҚазҰУ хабаршысы. 2005 №2
24) Қауымбетов Н.Ипотекалық несиелеу. КазЭу хабаршысы. 2004 жыл №3.
25) Жеңісбаева. К.М. Ипотекалық несиелудің КазЭУ хабаршысы 2005 №2 тиімділіктері мен оны жетілдіру жолдары.
26) Хамитова. К.Н. Оценка уровня развития банковского сектора в регионах Казахстана.КазЭУ хабаршысы. 2005№2
27) Статистикалық бюллетень ҚР Ұлттық банк 2003, №6
28) Статистикалық бюллетень ҚР Ұлттық банк 2004, №7
29) Статистикалық бюллетень ҚР Ұлттық банк 2005, №2
30) Шаяхметова К.О., Кикбаева Г.Ж. Несиелік тәуекелді басқару мен бағалау.ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. 2005 №3 87-91 бет.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Дипломдық жұмыс

Несие операцияларының есебі және талдауын жүргізу.

______________________ факультеті

______________________ кафедрасы

Орындады:

________ курс студенті

Күндізгі (сырттай, 2ж.,3ж.) бөлім

Мамандығы_____________________

Шифр
__________________________

_________________________________

(аты-жөні)
Ғылыми
жетекшісі:

___________________________ қолы

Рецензент:

___________________________ қолы

(аты-жөні)
Жұмыс
қорғалуына рұқсат беріледі:

Кафедра меңгерушісі

_____________________________ қолы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
1 Несиенің есебі және талдауының экономикалық маңызы
1.1 Несиенің мәні, принциптері мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-23
1.2 Несие есебі мен талдауының экономикалық ұғымы және

мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24 -29
1.3 АҚ Альянс Банк экономикалық көрсеткіштері мен
есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..30-36
2 Несие есебінің ұйымдастырылуы мен әдістемелері
2.1 Несие беру және қайтару
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37-47
2.2 Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .4 8-54
2.3 Несие бойынша шығындар және сақтандыру операцияларының

есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55-61
3 Несие операцияларының талдауы
3.1 Несие талдауының мақсаты, әдістері мен ақпараттық
көздері ... ... ... .62-65
3.2 Несие операцияларының
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66- 69
3.3 Несие қабілеттілігі және тиімділігі көрсеткіштеріне талдау
жүргізу ... 70-80

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8 1-83
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және
қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде өзінің
ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген
жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан
ғылым болып табылады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшіп, осы жолда дамуына
байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес
бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік
есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп
отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру
талаптарына сай орындалады. 2007 жылдың 28 ақпанында Бухгалтерлік есеп
және қаржылық есептілік беру ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді. Бұл еліміздегі бухгалтерлік есептің дамуының тағы да бір сатысы.
Кез келген ұйымдар өз қызметін тиімді бағытта үздіксіз дамытып отыру
үшін, материалдық және еңбек ресурстарын, басқа да сырттан көрсетілген
қаржылық қызметтерді, ғимараттар мен жабдықтарды т.с.с. пайдаланады.
Ресурстардың барлығын да қаржыландыру керек. Яғни қаржы көздерін
қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Қаржыландыру көздері мен олардың
орналастырылуы, ресурстардың көлемі мен қозғалысы жөніндегі мәліметтер де
бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі
мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, басқару өрісіндегі шешімдер
қабылданады және мұндай ақпараттар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар,
несиелендірушілер, қарыз берушілер мен үлес қосушылар т.б.) үшін де өте
қажет.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген
және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін
оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде
ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға
бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар
беруге болады.
Елімізде нарық қатынастарының дамып, әр түрлі меншік формасындағы
кәсіпорындардың (жеке, мемлекеттік, аралас) пайда болуымен, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын субьектілердің қаржы-несие қатынастарының құқықтық
бақылау мәселелері туындап, оларды шешу жолдары іздестіріліп, өз шешімін
табуда.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы
шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап
айтқанда ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-
несие қарым-қатынасының мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-
несие институттарының, екі деңгейлі банк жүйесінің нарықтық экономикаға
барабар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік
банк құрылымының және несие мекемелерінің жоғары монополияландырылған
түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің
жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге
көшуі жүріп жатыр.
Барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда өз қызметін жүргізіп, пайда
табу үшін қарыз құралдарын тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Яғни,
кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті
капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да
қолданады. Осындай қажеттіліктерді қанағаттандырудың басты жолы несие алу
болып табылады.
Нарықтық жағдайда ақша үздіксіз қозғалыста, яғни, үнемі айналыста болуы
керек.Уақытша бос ақша қаражаттар тез арада қарыз капиталы нарығына еніп,
қаржы-несие мекемелерінде жинақталады. Осыдан кейін капитал салымын қажет
етіп тұрған экономика саласының қаржы айналымына енуі қажет.
Тақырыптың таңдалуы: несие экономиканың кез-келген саласында қолданылады
және ұлттық, әлемдік экономиканың дамуында маңызды орын алады. Несие
қазіргі уақытағы талаптарға сай болып, экономиканың өрлеуіне өз әсерін
тигізуі керек. Бұрынырақ, яғни Қазақстанға несие жаңадан енгенде халық оны
түсінбей, несиені алуға қорқатын. Қазіргі уақыттағы елімізде халық көптеп
несие алуда. Мұның басты себебі қажеттілікті қанағаттандыру болып
есептеледі. Несие – халықтың әл-ауқатын, қаржылық жағдайын көтерудің
мүмкіндігі болып кетті. Сонда да несие алу туралы көптеген
келіспеушіліктер, мәселелер туындайды.
Жұмыстың мақсаты:
– несие операциялары бойынша есепті толық ашып көрсету;
– несие операцияларына талдау жүргізу
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
– несие және несие түрлерін, ұйымдастырылу принциптерін оқып, зерттеу;
– несие берудің жолдары мен шарттарын танып, оны беруді жетілдіру жолын
іздестіру;
– несие алудағы қиыншылықтарды зерттеп, оны оңайлату жолын іздестіру;
– несие есебінің ерекшеліктері мен қиыншылықтарын зерттеп ашу;
– несие есебіне талдау жүргізу;
– еліміздегі несие және несие қатынастарының даму жолдарының теориялық
және тәжірибелік жолдарын зерттеу.
Жұмыстың ақпараттық талдау көздері ретінде АҚ Альянс Банк мәліметтері
қаралады. Бұл банктің ұйымдастырылу нысаны – акционерлік қоғам болып
табылады. Ол тікелей несие беру операцияларын жүргізіп, ақша салымдарын,
бағалы қағаздармен және т.б. қаржылық операцияларды жүргізеді.

1 Несиенің есебі және талдауының экономикалық маңызы
1.1 Несиенің мәні және жіктелуі.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Ал, қазіргі нарық кезеңінде
несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені,
нарық кезеңінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді,
сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі тәжірибелік және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында:
бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары
сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал,
еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар
мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Ең алдымен несие сөзінің мағынасын ашып алайық. Несие-ақша сияқты тарихи
экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз, несие
деген kredo- сенемін деген мағына беретін латынша kreditum деген сөзден
шығады.[1] Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке
адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу
үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге
байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады
- деп жазған бір автор.[2] Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды
натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен
уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық
қатынастардың сомасын білдіреді –деп жазған Баймұханова С.Б. [3]
___________________________________ ________________
[1]- Сейтқасымов Ақша, несие, банктер.
[2]- Кеулімжаев Қ.К, Н.А. Құдайбергенов және т.б. Бухгалтерлік есеп
теориясы және негіздері. Алматы, Экономика 2006 жыл 254-ші бет
[3]- Баймұханова С.Б. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі
241-ші бет
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие – бұл несие
капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен
төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал өз-
өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы – несие капиталының
өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере
алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие – кеңейтілген қайта
өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны
бөлу және халықтың, экономиканың бос ақша қаражаттардың жұмылдырылуын
қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты
көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік қолма-
қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Несиенің
қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие
берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол белгілі бір
мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді. Несиенің
төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және
одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы
да ынталы болады. Несиенің жеделділік принципі қарыз алушыға кез келген
тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару
қажеттігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп
алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын
өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып
табылады.
Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз
мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің
мүліктік мүддесін қозғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл
принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып
табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай
пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде
берілген несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл
талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір
уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі
бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық
категория сияқты өзіне тән қасиеттер жоғалады. Принциптермен қоса несиенің
мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір- бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субьектілері- бұл субьектілерге несие беруші мен қарызға
алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды
бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк және
несие мекемелері болып табылады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте алған несиені тек қарызға
алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға,
халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада
несие берген мекеме бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда –
қарыз алушы болып көрінеді.
Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін.
Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп
және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен
қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі сипатын
көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы
жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары
пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндегінше арзан несие алып,
қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие нысаны – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол
несие қатынасының формасы мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие
қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан
біртұтас болады. Несие қатынасының нысаны оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі
керек. Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды
нысанын бөліп көрсетуге болады:
– қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
– несие мәмілесінің обьектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
– несие қатынасының субьектісіне қарай – банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық нысаны тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
нысанынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне
өсім алумен қарызға берген.
Несие нысандарының көрінісі. (сурет-1)

Несиенің тауарлық нысаны осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін
ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар,
саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер
мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде
берілетін бұл несиені фермер мен қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін
қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы нысанының негізінде ақшалай несие нысаны пайда болып,
дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік
нысан болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің
жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл нысаны
ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.
Несиенің тауарлық және ақшалай нысандарымен қатар олардың аралас нысаны да
қолданылады.
Қарастырылған несие нысандарының көптеген түрлері болады. Несие түрлері
– бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланылатын, экономикалық-
ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс-тәжірибеде нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері бойынша жіктеледі: несиелеу обьектінің
экономикалық белгілері бойынша:
– айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
– негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
– тауарлық материалдық қорлар аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ,
нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
– өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
– жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін
несие; аккредитивтер;
– төлем несиелері.
ә) қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша бойынша:
– жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, тауарлы материалдық
құндылықтармен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық
қамтамасыз етілген;
– ішінара қамтамасыз етілген;
– қамтамасыз етілуі болмайтын: бланкілік (сенімділік).
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
– қысқа мерзімді:
– орта мерзімді;
– ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
– бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);
– бір жолғы өтеу;
– кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
– субстандартты;
– стандартты;
– күмәнді;
– сенімді;
– сенімсіз;
– ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
– қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
– жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
– төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
– пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
– сауда-саттық несиесі;
– өнеркәсіп несиесі;
– ауыл шаруашылық несиесі;
– құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
– жай ссудалық шот бойынша несие;
– арнайы ссуда шоты бойынша несие;
– контокоренттік шот бойынша несие;
– овердрафт бойынша несие;
– несие желісі бойынша несие.
Несиенің басқа нысандарына қарағанда коммерциялық несие
олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субьект екіншісіне
сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен
береді. Осы несие нысанының обьектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының
бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие
тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық
формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері
шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субьекті коммерциялық
несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық
несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель – бұл сатып алушы-
қарызгердің жабдықтаушының алдыңғы заңмен қатаң белгіленген борыштық
міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі
мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана
емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін
жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің
ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық-түлік
корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағар май
материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын
құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес
коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың,
жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген
тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы
алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл вексель
банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы)
мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға
болады.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен
әрдайым аралас болады.
Нарықтық экономикада несиенің негізгі нысаны банк несиесі. Бұл жағдайда
несие қатынасының обьектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру процесі
жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-
несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға,
ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі. Қазақстан банктерінің несие
ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18 – 20 %
құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз
ақшалар).
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе
несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты:
негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру,
вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы,
мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға
беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге
бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және
маусымдық тауарлы материалдық қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне
және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімгі беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы
өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды
құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды
қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық
төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде,
жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға,
еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған
мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық
қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда
және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының
шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.
Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп
қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері
де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. береді.
Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай-ақ, қарыз
алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан,
фирмалардан және халықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті
органдар да және т.б. алады.
Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана
болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан,
халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге
банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша
жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та
болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып
төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті
дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт
пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған
мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10-12 %-ын
тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем
дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне,
тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16-18 %-
ды құрайды.
Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін.
Тауарлық формада халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда
қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма
банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама
түрде беріледі.
Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымын
артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие
сұранысын арттырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса,
төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.
Несиелеу обьектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек
күттірмейтін қажеттілік (шұғыл мұқтаж) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын
үй сатып алу несиесіне, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға
арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге
бөлінеді.
Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың
өмір дейгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың
тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.
Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы
жарнамен төлем қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз
төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауардың
бағасы комиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан
жоғары көтеріледі.
Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол
мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік
және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.
Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік
белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну
несиесін алудың, атап айтқанда қолма-қол ақшамен төленетін тауар бағасын
арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті
шарттары енгізілді.
Инфляция жағдайында, керісінше, қолма-қол ақшамен төлеудің үлесі артады,
несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме
жоғарылайды.
Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі
олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.
Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі
ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер
сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу
нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай
ерекшеліктері бар:
– ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда.
Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік
сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол
себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде
саналады;
– ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол
тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу
үшін және жер учаскілерін игеру үшін пайдаланылады;
– ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.
Несие алдын-ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге
салынған мүлік нақты болуы керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының
обьектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы, яғни
кепілге салынған мүліктің ауыртпалығы үшінші тұлға оңай танитындай болуы
керек.
ҚР Ипотека туралы заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық
несиелеу қарқынды дамыды. Республиканың ірі банктері ипотекалық
бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.
2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын
Қазақстандық ипотека компаниясын құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап
несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты
жүргізіп келеді. 2005 жылы Қазақстан ипотека компаниясы толықтай ҚР Қаржы
министрлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық
мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын
тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді.
Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс-жинақ ақша
банкісінің құрылуына жағымды әсер етті.
Ипотекалық несиелеудің отаны – Германия: алғашқы мемлекеттік ипотекалық
банк 1770 жылы Силезияда аса ірі помещиктік шаруашылықтарға қаржылық қолдау
көрсету мақсатында құрылды.
Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай
қаражаттарының мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттары негізінде
мемлекет тарапынан жұмылдырылу себебі бойынша қатынастың жиынтығын
білдіреді.
Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы
мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады.
Бұл несие қатынасының субьектісіне, бірінші жағынан, қарыз алушы ретінде
мемлекет жататын болса, екінші жағынан – халық, кәсіпорындар, ұйымдар,
сондай-ақ, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекет.
Мемлекеттік несиені мемлекеттің өзіндік несиесіне және мемлекеттік
борышқа бөлу керек.
Бірінші жағдайда мемлекеттің несие институттары экономиканың әр түрлі
секторларын және халықты несиелейді. Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен
құрылған, жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын екі банк бар – Қазақстан даму
банкі және Мелекеттік тұрғын үй құрылысының жинақ ақша банкі. Екінші
жағдайда мемлекет уақытша бос ақша ресурстарын жұмылдыру үшін, мемлекеттің
бюджет тапшылығын және қоғамның өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
халықтан, банктерден және өзге де қаржы-несие мекемелерінен, кәсіпорындар
мен ұйымдардан, сондай-ақ, басқа мемлекеттерден (мемлекеттік құнды
қағаздарды қаржы нарығына орналастырумен) ақшалай қаражатты қарызға алады.
Уақытша бос ақшалай қаражат облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді
және мемлекеттің өзге де құнды қағаздарын шығару және өткізу арқылы
жұмылдырылады.
Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыратын маңызды арнаға банктердегі
халықтың салым ақшаларының бір бөлігін мемлекеттік займға айналдыру жатады,
ол облигациялық және облигациясыз болуы мүмкін. Облигациясыз займ мерзімсіз
болады, оны мемлекет құнды қағаздарды шығару бойынша рәсімдейді, сондай-ақ
тиісті мекемелердің шотындағы соманың тікелей есебі арқылы және мемлекеттік
борыш кітабында рәсімделеді. Мұндай займдарды өтеудің мерзімі айтылмайды,
алайда мемлекет займдарды шығарудың құқығын өзінде қалдырады, әрі оны
әрекет ету кезеңі ішінде пайыз төлеуге міндеттенеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда айналыста мыналар бар:
– 3,6 және 12 ай мерзімдеріне шығарылған мемлекеттік қысқа мерзімді
облигациялар;
– 5-7 жыл мерзімінде шығарылған мемлекеттік орта мерзімді облигациялар;
– 20 жылға дейінгі мерзімге шығарылған мемлекеттік ұзақ мерзімді
облигациялар.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді ҚР Қаржы министрлігі шығарады
және оған мемлекет кепілдік береді.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелермен қатар айналыста ҚР Ұлттық
банкноталары бар. Ол (нота) айналыстағы артық ақша массасын алу үшін
шығарылады, яғни мемлекеттік несие ақша айналысын реттеу үшін
пайдаланылады.
Мемлекеттік несиенің болуы төленуі тиіс есептелген пайыздардың барлық
сомасын білдіретін мемлекеттік борыштың қалыптасуына әкеледі. Мемлекеттік
борыш статистикалық есеп берулерде көрініс табатын мемлекеттік несие
қатынасының ең толық сандық сипаттамасы болып табылады. Мемлекеттік
борыштың шамасы қатынастың тек бір нәтижелі жағын ғана көрсетеді: кезең
ішінде пайда болған мемлекеттің берешегі, ұзақ мерзімді қарызды жұмыспен
өтеудің тиісті жылдарының саны, ағымдағы жылда келетін өтеу мерзімі.
Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға бөлінеді. Мемлекеттік
қарыз мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша, мемлекеттік займ
міндеттемелері бойынша берешектерден, сондай-ақ, жинақ ақша және сақтандыру
жүйелерімен жұмылдырылған қаражаттан тұрады.
Мемлекеттік қарызды басқару ұғымы несиелерге табыстарды төлеуді және
қарыздарды өтеуді, шығарылған займдардың шарттарын өзгертуді, эмиссия
шартын анықтауды, мемлекеттік қарызды басқару бойынша шығыстарды кемітуді
және т.б. қамтиды.
Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай
қаражаттарының есебінен қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудың қуатты
құралы болып табылады.
Ақшалай қаражатты жергілікті үкімет органдары да қайтару және ақылы
негізде жұмылдыра алады. Бұл жағдайда, әдетте, алынған қаражаттың нақты
мақсатты бағыты болады. Ол жол құрылысына, су бөгетін тұрғызуға, мектепті
салуға, қалалық және ауылдық аудандардың жасақталуына пайдалануы мүмкін.
Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке
және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас
саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдереді. Осылайша халықаралық
несие – қайтару, мерзімді және ақылы шарттарының негізінде елдер арасындағы
ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі
формалармен субьектілері бойынша біріктіретін үлкен ұғым. Халықаралық несие
жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Ол төлем балансының тапшылығын (экспорт пен импорттың
арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаушы (қорланудың)
қосымша көзіне айналады.
Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе,
қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымда
формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады,
өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалармен және банктермен ғана емес,
сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және
банктер халықаралық несиені жиі пайдаланылады. Бұл белгілі бір реттеуді
және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және
сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсетуі бойынша өсе түскен төлемдер
мемлекетің қаржылық-валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті,
үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі
мүмкін.
Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және
аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады,
яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз
алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін.
Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық (тауарлық) және банктік
несиелерге бөлінеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қайта құру және Даму банкі, Азия
даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт-импорт банкі және өзге де
халықаралық қаржы-валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.
Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтингісі игеруі несие бағасы
бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық
несиеге жол ашты.
Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету,
қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу
саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай-ақ, капиталдың және шоғырлануын
орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.
Қазақстан 2003-2015 жылдарынан арналған Индустриялдық-инновациялық
дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары
әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірісінің жаңа
машина, құрал-жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет.
Қазақстандағы компаниялар, фирмалар және банктер бір несие келісімі
аясында топтасқан банктердің несие беруін білдіретін бірлестірілген деп
аталатын несиені алады. Бұл арада банктердің біреуі бірлестірілген несиені
ұйымдастырушы ретінде алға шығып, несиелеуге қажетті қаражатты жинау үшін
өзге банктер мен қаржы институттарын тартады (біріктіреді), несие береді
әрі қарыз алушылардан қайтарылған несиелерді пайызымен банктерге бөліп
таратады. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі несие мүмкіндіктері мен
бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы
қайшылықты жоюға мүмкіндік береді
Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг
– бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға
белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу
құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі
бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша
инвестициялық қызметтің түрі.
Қызметтің бұл түрі ҚР Қаржылық лизинг туралы заңымен, Азаматтық,
Салықтық және Кедендік кодекстермен, Инвестицияны мемлекеттік қолдау
туралы және Инвестиция туралы заңдарымен реттеледі.
Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік
қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, үй-ғимараты, құрылғы,
көлік құралдары жатады.
Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі (жалға беруші) мен жалдаушының
арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік
компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру.
Осылайша, лизингілік мәмілеге лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы
(жабдықтаушы) қатысады. Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына
сәйкес келеді және мәні бойынша ссудаға ұқсас. Лизинг осы экономикалық
мағынада лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру
формасында берілетін (тауарлық несие) несиені білдіреді.
Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:
– мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті
болмайды;
– бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;
– лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады,
бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;
– жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.
Лизингілік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн,
трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шағын және
орта бизнестің субьектілері пайдаланылады.
Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық-техникалық
базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді.
Машиналар мен құрал-жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда
лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:
– лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз
ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
– өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;
– негізгі құрал-жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет
ететін барлық мерзімге бірдей (біркелкі) бөлінеді;
– қарыз капиталы тартылмайды және т.б.
Лизинг беруші-банктің лизингілік қызметінің артықшылығы:
– лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
– қосымша құн салығынан босатылады;
– лизингілік компаниялар компанияның несиелеуінен табыс және акциядан
дивиденттер алады.

1.2 Несие есебі мен талдауының экономикалық ұғымы және мазмұны
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық
Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер, несие беретін
мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорынға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін артыруға және
оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім
түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге,
халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға
беріледі. Олардың ішінде жете көңіл бөлетіндері өз міндеттемелерін дер
кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне
және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға
беріледі.
Несие беру банктердің немесе несие беретін мекемелердің өздерінде бар
несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Несие бұрындары берілген ссуда
бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі.
Несие беретін банк табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп
туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі
жан-жақты зерттеледі. (Қосымша-А)
Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және
субьект пен несие беретін банк арасындағы несие шартымен реттеледі. Онда
несиелеудің обьектілері, несие берудің шарттары мен тәртібі, оны өтеудің
мерзімдері, міндеттемелерді өзара қамтамасыз ету нысандары (кепіл),
пайыздық ставка, оларды төлеудің тәртібі, тараптардың құқығы мен
жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды тапсырудың мерзімділігі
және т.б.(Қосымша -Ә)
Нақты бір банкке қарыз үшін жүгінбес бұрын субьект:
1. Оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін ойластыруға;
2. Несие беру мерзімдері, пайыздық ставкалардың мөлшері және басқа
талаптар тұрғысынан әр түрлі несие беретін мекемелердің несие беруінің
және өтеуінің талаптарын бағалап алуға тиіс.
Несие беретін банк кәсіпорынның қарызды уақтылы қайтару және пайыздарын
төлеу мүмкіндіктерін бағалап, оның төлем қабілеті мен табыстылығына талдау
жасайды.
Ол үшін банк баланс пен басқа есептемелерді сұрап алуға, несиенің тиісті
тауарлы-материалды құндылықтармен қамтамасыз етілуі тексетуді жүзеге
асыруға, есеп беру құжаттарымен, есептік тіркемелермен танысуға құқылы.
Әдете қарыз (ссуда) шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған жерінде
ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке өтініш-міндеттемесін ұсынуы керек.
Сонымен қатар, несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын,
ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерін, жалға алу келісімдерін,
тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа
да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып
отырғанына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені
алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана
несиелендірілетін шараның техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін
түсімнің есебі, жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық
есептері, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылатын
шоттардың көшірмесі, қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігі және
қаражат жағдайын анықтайтын басқа да деректер, банк тәжірибесінде
қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін
мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.)
және басқа да құжаттарының көшірмесі ұсынылады. (Қосымша-Б)
Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға,
санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін
кәсіпорындарының құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы),
сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің
сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар
болса ғана несиелеу саясаты оң шешімін табуы мүмкін.
Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін
пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге
құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да
кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.
Қарыз алушының мүлкіне несие берген банк олардың арасында жасалған
келісім-шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу
міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде,
кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге
жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды
қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға
тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын
өнімге кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға
ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы
мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде
қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалды құндылықтарды басқа
құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта
өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол
қойылғаннан кейін, несие берген банкке сақталуға беріледі және несие толық
өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады.
Борышқор кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындаған
жағдайда кепілге салынған мүліктің құнынан несие беретін мекеменің
талабын қанағаттандыру соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Несие
беретін мекеме мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге
салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген
жағдайда, қарыз алушының есебінен оның сақталуын талап етуге құқылы.
Кепілге салынған мүлік жойылған (опат болған) жағдайда, егер ол
сақтандырылған болса, несие беретін мекеменің талабын сақтандыру өтемінен
қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Несие беретін банк
шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған, мүлігінің
құнынан несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.(Қосымша-В)
Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен
бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын
өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да,
оның пайызы да толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарыз алушының
банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен
бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған)
белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі,
ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз
алушыдан да талап етілуі мүмкін. (Қосымша-Г)
Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есептен шығару төлем-талап
тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының
өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру Сақтандыру жөніндегі
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз
алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен
өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра
алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені
үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген
сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы
мүмкін.
Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде
несиенің мақсаты, мөлшері мен мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке
ұсынылу мерзімділігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің мақсаты
Банктің қаржылық күйін талдаудың әдіснамасы
Коммерциялық банктің қаржылық есептері
Банктің актив операцияларына талдау
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
Ақша қаражаттарын басқару модельдері. Ақша ағымдарын басқарудың мәні
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Ақша қаражаттарының аудиті
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Пәндер