Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Орталық Азиядағы жер көлемі жағынан алып мемлекеттердің бірі өзінің тәуелсіздігін алған соң, туризм саласының дамуында өз алдына үлкен міндеттер мен мақсаттар қойды. Туристік инфрақұрылымның толық жетілмеуі және республикадағы қазіргі жарнама нарығы көптеген туристік фирмалардың өз отандастарымыздың шетелге рекреациялық және коммерциялық сапарларды ұйымдастыруға еріксіз итермелейді. Соның нәтижесінде өзіміздегі бай туристік-рекреациялық ресурстар әлі де қолданылмай келеді.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде - Алматы облысының аумағындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы мен Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан Алакөл көлін алып отырмыз.

Жұмыстың мақсаты: Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліндегі табиғи- рекреациялық ресурстарды игілікті істерге пайдалану арқылы отандық туризмдегі олардың алатын орнын анықтап, соған экономикалық баға беру арқылы туристік нысандарды сақтау мен қорғау.

Жұмыстың міндеті: Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көлінің қазіргі жағдайына баға бере отырып, оның даму жолдарындағы қаржы мәселесін, қызмет көрсету саласын және де соларды іске асыруға тікелей қатысты мекемелерді тарту және олардың оң мақсаттарға шешудің оңтайлы тәсілдерін ұсыну.

Мәселенің қаржылық жағдайын шешу үшін мемлекет тарапынан бизнес класстарға акция ретінде жаңа жобалар құруға және оны іске асыру үшін ынталандырушы фактор ретінде салық мөлшерін төмендету сияқты қолдаулар көрсетуге көмек беруін ұсыну.

Ұлы Жібек Жолының атмосферасы - көне және қазіргі заман қосылуы мен өзінің әдемілігімен таңқалдыратын бұзылмаған табиғат кез- келген Алакөлге барушыға ұмытылмас әсер қалдырады. Мыңдаған жылдар мыңдаған адамдар керуен жолдарымен өтті. Енді міне, бірнеше ғасыр өткен соң, сіздер осы жердің бай тарихымен, табиғат мұраларымен таныса аласыздар.

Алакөл өзін шексіз дала, шөл, қол-жетпес тау шыңдары, алқынып аққан су ағындары жерді игеруімен ұсына алады. Алакөл тұзды, түбі мөлдір, сопақ тәрізде тұйық көлдердің бірі. Қазіргі таңда толығымен Алакөл басқан Көктұма ауылының орнында қалашық орны табылған. Бұл Көктұманың ірі сауда-қолөнер және мәдени орталық болғандығын дәлелдейді. Қалашықтағы табылған заттар құйылған керамика, әйнек, күйдірілген кірпіштер, оның бірінде арыстан фигурасы салынған. Бұл деген сөз қаланың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Бұл аймақ табиғаты бұрыннан саяхатшылар жағынан қызығушылық тудырған. Міне бұл тарихтың бір үздігі ғана, жұмыс барысында Алакөл көліне толық әрі дәлірек сипаттама беріледі.

Келесі тарауларда Алакөлде бүгінгі таңда атқарылып жатқан туристік -рекреациялық потенциал деңгейіне шолу жасалады. Көлдегі бар табиғи ресурстарды халық игілігіне орынды жұмсау және қазіргі күні қалыптасқан сервис халі айтылады. Көл экологиясы ондағы Алакөл қорығының алатын орны, жалпы көлдегі аз дамыған инфрақұрылым айтылады. Бұл аймақта ұйымдастыруға болатын бірнеше маршруттар мен экскурсиялар ұсынылады. Соңғы тарауда Алакөл көлінің қазіргі жағдайы мен болашағы қарастырылады. Бүгінгі күні жұмыс істеп отырған көл жағалауындағы демалыс орындары мен санаторий келешегін қалай жоспарлауға болатындығы, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керектігі сөз болады. Сонымен бірге, бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған салыстыру есебінде Ыстықкөл алынды. Екі көлді салыстыра отырып, Алакөл деңгейін көруге болады. Жалпы мамандардың айтуынша, Ыстықкөл көлі орнына отандық туризмнің дамуында Алакөл маңызды орын алады, міне, көл болашағын және келешекте нені ең алдымен басты орынға қою керек, негізгі ұсыныстарды қарадық.

  1. ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫ МЕН АЛАКӨЛ КӨЛІНЕ СИПАТТАМАҚапшағай су қоймасы мен Алакөл көлінің мен зерттелу тарихы

1253-1255 жылдары француз монахы Гильом де Ребрук Людовик ІХ -ның жеке тапсырмасымен Моңғолияға христиандық миссиялық сапар жасайды. Өзінің жүріп өткен жерлері туралы жазбаларында қазіргі Қапшағай су қоймасының орны туралы былай деп суреттейді: «Осы жерден үлкен өзенге тап болдық та, одан қайық арқылы өтуге тура келді» [1] .

1858 жылы қазақтың атақты ғалымы, саяхатшы-географ Шоқан Уалиханов Қапшағай су қоймасының орны туралы «бұл жерді өзеннен кесіп өту үшін албан руының қазақтары кең қайықтармен өзеннен әрі-бері өткізіп тұрады» деп суреттеп кеткен болатын [2] . Ал 1871 жылы Верныйдан келген инженер-құрылысшы В. А. Фишер қайықпен ескі Құлжадан Іле ауылына дейін саяхат жасап шығады. Кейін оның ерлігін әріптесі, Жетісуды көркейтуге атсалысқан Иван Козелло-Покровский қайталайды [3] .

1853 жылы топограф Сонин Іледен өтуге ыңғайлы жерді осы Қапшағайдың тұсынан тауып, оны қорғау мен адамдарды өткізіп тұруға арнайы 40 солдат пен хорунжий Лаптев бастаған казактар отрядын осы жерге қалдырып кетеді. Олар қазіргі Қапшағай қаласының орнында келешекті ауылдың іргесінің қалануына негіз болған шіркеудің іргетасын қалайды. Бұл жерде кейін казактардың ауылы қаланып, оның аты Іле поселогы деп аталып кетеді.

Іле өзенінде гидростанцияның құрылысын салудың ұсынысын көптеген ғалымдар білдіреді. Бірақ оны ең бірінші негіздеп өз кітабында 1942 жылы атақты қазақстандық энергетик-ғалым, Қазақстанның Ғылым Академиясының президенті болған академик Ш. Ш. Шокин өзінің «Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-ін салудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері» деген кітабында білдіріп, осы жердің табиғатының толық сипаттамасын беріп кетеді [4] .

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Бүкілодақтық «Гидропроект» жобалау институтының Қазақстандық филиалына Қапшағай СЭС-ін салу мақсатында оның жобалық құжаттарын дайындауға тапсырмалар берілді. Олар осы тапсырмалардың негізінде Қапшағай су қоймасының аумағының табиғат ерекшеліктері мен жағдайларын толықтай зерделеп шықты.

1963 жылы көктемде Іле ауылынан 12 шақырым жерде құрылысшылардың алғашқы легі келіп орналасады. Олардан сол уақытта Ертіс өзеніндегі Бұқтырма СЭС-нің құрылысын аяқтап, осы жерге келген болатын.

Осы үлкен құрылыстың жылнамасында екі ерекше күндер айқындалып тұрады:

- 1969 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 4-тен 15 минут кеткен уақытта Іле өзені толықтай бекітіліп, жабылып тасталынады.
- осы жылдың 26 желтоқсанында Қапшағай су қоймасының суға толтырылуының бірінші кезеңі басталады.

1969 жылдың 29 шілдесінде салынып жатқан СЭС-нің алғашқы куб метрлік бетонының құйылуына байланысты мерекелік іс-шара болып өтеді. Д. А. Қонаев СЭС-тің іргетасының астына ерекше символикалық асыл металмен жазылған жазуы бар плитаны өз қолымен қояды. Рекордты өте қысқа уақытта, 1970 жылдың 22 желтоқсанында су электр станциясының бірінші агрегаты іске қосылып, ол алғашқы өнеркәсіптік электр тогын береді. Осы жылдың көктемінде тарихы Іле ауылы жасанды Қапшағай су қоймасының астында толығымен су басып қалып, оның 5 мың тұрғыны жаңадан салынған Новоилийск атты ауылға көшіріледі.

1970 жылдың шілде айында Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Президентінің Жарлығымен, Алматы облысы Іле ауданына қарасты Новоилийск ауылы облыстық маңызы бар қалалар санатына жатқызылып, оған жаңа Қапшағай қаласы деген ат беріледі. Қапшағай сөзі көне түркі тілінен аударғанда, «тасты шатқал» дегенді білдіреді.

Бұл атаудың шығу тегі туралы тағы бірнеше нұсқалары бар. Солардың бірінде, ол жоңғарлар заманына қалған делінеді. Жоңғарлар шапқыншылық жасаған уақытта, қазақтың Қаптағай атты батыры Іле өзенінен осы жерде жүзіп өтіп, өзенді құм толтырылған қаптармен бөгеп, артынан жоңғарларды суға ағызып жіберген делінеді [5] .

Мінекей, осындай қысқа ғана 40 жылдан астам тарихы бар Қапшағай су қоймасы мен Қапшағай қаласының тарихы осындай. Енді Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан Алакөл көлінің тарихына үңіліп кетейік.

Күллі Шығыс Қазақстандықтар, Республика мен Ресейді, Украинаны, Балтық жағалауларын мекендеуші елдер тұрғындары Алакөлді жақсы біледі. Олар жаз айларында көлдің суына шомылып, қасындағы санаторийлердің шипалы суын дертіне ем етіп қайтып, біразы ғана болмаса, олардың көбі көлдің қызықты тарихы бар екенін біле бермейді.

Алакөлге Шәуешек қаласынан шыққан керуен жолы барады. Ол көл үстіндегі түсі әртүрлі үлкен үш жартасқа байланысты осылай аталған сияқты. Көл жолдың сол жағында жатыр, оның батыс жағында екінші көл бар. Ол- Алатау-көлі деп аталады. Оның үстінде Алакөлден шығып тұрған жартастардан өлсеусі биік қар секілді аппақ тау көрінеді. Бұл ұғым үш сөзден құралған: ала, тау, көл, яғни ала таулы көл дегенді білдіреді [6] .

Алакөлден өткен соң, екі тау кездеседі: оң жағында - Көк тау, сол жағында - Барлық тауы. Керуен жолы осы екеуінің арасымен өтеді. Сол таулардан бірнеше жерде Ебі деген атаумен елге мәлім орасан үлкен жерасты үңгірі бар. Ол кей кезде, көбінесе қыс айларында екі тәулік бойына қатты дауыл тұрғызады. Тереңдігі қандай екендігі жан адамға белгісіз. Керуеншілер бұл жерден өткенде барымташылардан бетер қорқатындығы.

Ебіден соққан дауылдың күштілігі соншалық жолында тұрғанның бәрін ұшырып көлге лақтырады. Көк таудың етегінде екі су көзі бар: бірі - салқын, екіншісі - жылы. Соның соңғысына қазақ пен қалмақтар барлық дерлік ауру- дерттен жазатын шипалы су деп табынады, құрбандық шалады.

Көл құпиясы жүздеген жылдар бойы ашылмады. Саяхатшы Александр Гумбольдт 1829 жылы Семейге келген сапарында бір қарияның аузынан жазып алған бұл аңыз ауыздан - ауызға тарап кетеді. Тек XIX ғасырдың орта шенінде А. Шренк, Г. Семенов-Тяньшанский, А. Голубев және басқа да ғалымдар мен саяхатшылардың келуімен көл құпиясы ашылып, ғылыми түсінік берілді. Мәселен, А. Шренк Алакөлдің ортасындағы Аралтөбе аралының жанартауға еш қатысы жоқ екендігін дәлелдеп беріп, белгілі ғалым А. Гумьбольдттің «Жоңғарияда жанартаулардың бар екендігі туралы теориясын теріске шығарды».

Шығыс жақтағы ең шеткісі және үлкені Алакөлге жапсарлас тағы екі көл бар: ортадағы Ұялы (қазіргі Қошқаркөл), ал батыс жағындағы тұсы-Сасықкөл аталады. Қытайдың ертедегі карталарында Алакөл қалмақша атауымен Алаң- тұғылнор (тарғыл бұқа көлі) деп жазылыпты. Бәлкім, оларда көл ортасындағы жартасты аралдар мүйіз сияқты көрінген болар. Ал тіпті, көне заманда жоғарыда аталған Күрке- нор (көпірлі көл) аталған көрінеді. Бұл мына бір жайтқа байланысты сияқты. Көне карталардың бірінде көлге ұзыннан бойлай кірген көптеген жіңішке мүйістерді байқауға болады, көл суы төмен түскен кезде олардың кейбіреулері қарсы жағаға жетіп, өткелге айналған. Оның бірі XIX ғасырдың ортасына дейін сақталған, кейіннен су астында қалған.

1862 жылы көлге келген орыс ғалымы А. Голубев астрономиялық бақылау құралдары арқылы жоғарыды аталған үш көлдің тұтас болғанын анықтаған. Оның үстіне қытайлық көне карталардың барлығында бұлардың бір ғана көл болып көрсетілген.

Көлдер суларын төңіректегі таулардан аққан өзендер толықтырып тұрады. Өзендердің барлығы көктемде қатты тасып, тастарды атып, ағаштарды тамырымен жұлып әкетеді. Тартылған кезде ойдым- ойдым көлшіктер қалып, сол жерлерге қалың қамыс өседі. Оның арасында іркіліп қалған су жазда иістенеді. Екінші көлдің Сасықкөл атануы да осыдан. Алакөлдің түстік жағындағы қамысқа іркілген ұсақ көлдер Жалаңашкөлге жеткізіледі. Бір кезде ол да басқалармен қосылып біртұтас болған [7] .

Енді оның соңғы «құпиясын» сөз етейік. Гумбольдт өзінің жол жазбаларында былай дейді:

«Көлдің ортасынан шыққан шағын арал сияқты тау әлі күнге керуендерге ажал болып тиетін алай-дүлей дауылын туғызады».

Жоғарыда біз Аралтөбенің бұған ешқандай қатысы жоқтығын, үрлеп тұрған ешқандай үңгірдің жоқ екенін айттық. Сонда бұл қандай құбылыс?

Рас, Алакөл жазығында қоңыр күзден бастап сәуірге дейін солтүстік- шығыс жақтан Ебі деп аталатын жел соғып тұрады. Ол Алатауды Барлық жотасынан бөліп тұрған Жоңғар қақпасы дейтін тар сайдан қысылып шыққан ауа. Оның қаттылығы соншалық Алакөлге дейінгі жазықта қыста қар қалдырмайды. Кейде тіпті орасан қатты дауылға айналып қатынасты толық жауып тастайды.

Алакөлді айтқанда шипалы суы бар Барлық-Арасанға тоқталмай кетуге болмайды. Су көзінің емдік қасиетін қалмақтар ертеден біліп, ол барлық ауруды жазып жібереді деп иланған. Қалмақ ханы Қалден мұнда сопыларға арнап бес үй тұрғызып, ыстық сумен жуыну үшін тастан хауыздар жасатқан.

Қазақтар күкірт дәмі бар ыстық сумен бірге соның нақ қасынан шығатын суық бұлақ суын да емге пайдалана білген. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары шекара шебін құрған орыс офицерлері мен казактар да оны пайдалануға кіріскен.

1886 жылдан бастап бұл су көздері Қызыл Крестің Жетісу бөлімшесінің қармағына беріледі. Сол кезден курорттық сипат алады, шеттен келушілер көбейеді. Ағаштан және кірпіштен жасалған алты ванна науқастарды толасссыз қабылдайды [3] .

Міне, Алакөлдің құпия сырлары осылай ашылды. Оның даңқы жер-жерге жетті. Әрне, бұл қазір өзінше бір тарих. Бірақ, оны ары қарай осы сала мамандары халыққа жекізсе, өз жеріміздегі барымызды түгендеп, шетке де мақтан тұтып ұсына аламыз ғой.

Мұнда ойға түйетін нәрсе, осындай қызықты деректерді өзіміздің гид- экскурсоводтарымыз айтса, туристер одан сайын көбеймейме. Әзірше ол көлге шомылумен ғана шектеліп отыр. Бұл да бір қызмет көрсету түрі емес пе? Сондықтан, барымызды қолданып, өз игілігімізге жаратайық!.

  1. Қапшағай су қоймасының және Алакөл көлінің физикалық-географиялық ерекшеліктері

Қапшағай су қоймасы 1970 жылы Қапшағай тар шатқалында Іле өзенін бөгеу арқылы пайда болғанын айтып кеткен болатынбыз. Қапшағай су қоймасының түбінде Іле өзенінің бұрынғы арнасы мен жайылмалары, өзеннің бұрынғы оң жақ жайылмасынын Шарын өзенінің сағасына дейінгі жерлер жатыр. Қапшағай су қоймасының сол жақ бөлігінен Іле өзенінің салалары Шарын, Шелек, Түрген, Талғар, Есік және Қаскелең өзендері келіп құяды.
Су қойманың ұзындығы 110 шақырым, ең енді жері 25 шақырым. Тереңдігі 42 метрді құрайды. Оның оң жақ жағалауы кейін пайда болса, сол жақ жағалауы жайылмалық табиғи болып саналады.

Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауын бойлай Шеңгелді қонысының ландшафттары алып жатыр. Әрі қарай Кербұлақ станциясы, одан кейін 80-ші шақырымда бұрынғы Қапшағай кеңшары, 80-ші шақырымнан 157-ші шақырымға дейін Алтынемел ұлттық табиғат саябағы орналасқан. Сол жақ жағалауы толықтай жайылмалық, сондықтан бұталар мен ағаштар көптеп өседі. Ірі елді-мекендерден Нұрлы, Куликовка, Шелек, Қаражота ауылдары орналасқан.
«Қапшағай көлі» өте ірі көрінгенімен, әртүрлі жағалауларына қарамастан ірі көлге ұқсайды. Мұнда әрдайым кішігірім желдер соғып тұрады. Сондықтан, ұсақ тастардан құралған жағалауларына көбіктенген толқындар жиі соғып тұрады.

Су қойманың жағалауларында 30 жылдан астам уақыт өтсе де, сол бұрынғы ағаш бұталары ғана өсіп тұр. Ал жаңа өскіндердің өсіп шығуына суқойманың жағасының су деңгейінің жиі өзгеріп тұруы кедергі келтіреді.
Жағалауға жақын бөліктерде күміс тектес шағалалар жиі қонақтайды. Теректі шатқалында жайрандар, ақбөкендер тіршілік етеді Су қоймасының толғанынан кейін көптеген жылдардың өтуімен байланысты, оның шөлді жағалауларында жыңғылдар, қамыстар мен қоғалар, тағы басқа шөптесін өсімдіктер қаулап өсе бастады. Көлдің жағалауына үйректер мен қаздар, жағалаулық қарлығаштар, тағы басқа су құстары мекен ете бастады.
Қапшағайдың оң жақ жағалауында эолдық жазықтықтың ландшафттары таралған. Эолды пішінді құм төбелерінің таралуынан оны айқын байқауға болады [6, 32] .

Алакөл Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Ол XII-XIX ғасырларда монгол тілінен аударғанда "гурге нор" "көпірлер көлі" деген мағынаны білдіреді. Одан кейін Алатагол, Алатеңіз деп те аталған. Көл тұзды, ағынсыз солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа қарай созылып жатыр.

Алакөл теңіз деңгейінен 247, 3 абсолюттік биіктікте орналасқан. Көл аумағы (аралдарымен бірге есептегенде) 2696 шаршы шақырым, ұзындығы 104 шақырым, ені (ең кең жері) - 52 шақырым, жағалауларының ұзындығы - 384 шақырым, орташа тереңдігі - 22, 1 метр (ең терең жері - 54 метр), көлдің су қоры -58, 56 млрд. текше метр, судың жиналатын алабы - 4859 шаршы шақырым .

Алакөл түбінің бедері әр түрлі, мұнда көптеген аралдар, шығанақтар кездеседі. Көлді лайының түріне қарай төмендегідей биотоптарға бөлуге болады: сұр биотопты лай, ол ең тереңде кездеседі, оның аумағы көл түбінің 54% құрайды; қара лай биотобы (7%) енсіз, бірақ ұзыннан-ұзақ солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалауларын қамтиды; құмды биотоп (4%) ішінара, әсіресе, аралдардың солтүстігінде және Сарытүбек мүйісінде кездеседі; тасты құмайт биотоп - оңтүстік және батыс жағалауларын алып жатыр.

Ең ірі шығанақ - Кіші Алакөл шығанағы, ол көлдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Алакөлдің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағалауларын су баспайды, ол қалған жағалауларын әр түрлі аумақта су басып кетеді.

Алакөл жағалаулары төрттік дәуірдегі әртүрлі топырақтан - балшық, құмды, топырақтан және құмтастардан, ал солтүстік-шығыс жағалаулары күлді - құмнан құралған. Топырақтың негізгі жыныстары тек аралда ғана кездеседі. Көлдің жағалаулары бірнеше ауданға бөлінген.

Гидрографиясы мен су режимі. Алакөлге 15-тен астам өзен құяды, ал олардың негізгілері алтау. Атап айтқанда, солтүстіктен және солтүстік шығыстан құятын - Үржар, Хатынсу, Емел, оңтүстік- шығыстан құятын- Жаманөткел, Ырғайты, Жаманты өзендері құяды (кесте 1) .

Жер мен су бетіндегі орташа температура мамыр айында 4, 9 градус, қарашада 8, 1 градус. Ал су бетіне түсетін ылғал жердегіден артығырақ. Судың ең жылы болатын кезі қыркүйек айының орта шені. Көлдің терең жеріндегі судың жылылығы 24- 26 градус болса, тайыз жерінде (солтүстігінде) ол 30 градусқа жетеді. Мамыр, маусым айларына дейін көлдің терең жерінде судың минералдануы жоғары болғандықтан су салқын болады.

Кесте 1

Алакөлге келіп құятын өзендердің орташа ағыны [33] .

Құятын өзендер: Құятын өзендер
м³/сек: м³/сек
%: %
Құятын өзендер:

Үржар (соның ішінде Ұялы)

Емел

Хатынсу

Жаманты

Жаманөткел мойыны

м³/сек:

25. 5

14. 2

4. 6

4. 6

2. 6

%:

50

27. 4

8. 8

8. 8

5

Құятын өзендер: Барлығы
м³/сек: 51. 9
%: 100

Көлдегі жел режимі өте құбылмалы және әртүрлі. Желдің су бетіндегі жылдамдығы жер бетіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Желдің ең күшті жері көлдің солтүстік- батысы мен солтүстігінде. Мұнда жел секундына- 40-50 метр, ал солтүстік-шығыс пен орталықта 50-60 метр жылдамдықпен соғады. Жел күз бен қыс айларында жиі болады. Алакөл жерінің ерекшелігіне байланысты көл толқындары әртүрлі сипатта болады. Шығыстан соққан желдің әсерінен толқын 2-2, 5 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай көбіне қазан- желтоқсан айларында болады. Кей жылдары ұйытқи соққан дауыл 4-5 тәулікке созылады, толқынның биіктігі - 6-7 метрге жеткен кездері де болған.

Алакөлге тән жоғарыда аталған ерекшеліктер күрделі де ұзақ процестің нәтижесі. Ал көл суының қату процесі де әртүрлі сипатта. Мұз жалпы екі айға дейін жатады, кейде бір ай болады. Мұздың орташа ұзақтығы Көктұма ауылының тұсында тоқсан бір күн, солтүстік- батыста алпыс күн. Алакөл бетінің мұзы мамыр айында толық еріп кетеді.

Су балансы және деңгейі. Алакөлге бірнеше өзен құяды. Мұнда жерасты суының да елеулі орны бар. Көлге қосылатын жауын- шашын суы жылына 306 миллиметр, ал салқын уақытта - 137 миллиметр суы буға айналады. Су балансының циклдік өзгеруі көл суының барлық компоненттерінің де өзгеріп отыруына әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Алматы облысының гидрологиясы
Балқашта балық шаруашылығы ғыл
Алматы облысының физикалық - географиялық сипаттамасы географиялық орны
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Балқаш көлі алабының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz