12-қабатты және екі қабатты авто паркингті тұрғын үй комплексі


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

К. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

«Құрылыс және сәулет» кафедрасы

Қорғауға жіберілді

«Құрылыс және сәулет»

кафедр. меңгерушісі

Азимов И. М.

«___» 2008 ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы

Бөлімдер кеңесшілері: Жетекші:

Сәулеттік - құрылыстық Исақов О. А.

д. т. н., проф . Исақов О. А.

Есептік - конструктивтік Студент:

к. т. н., доц Багитова С. Ж.

Құрылыс өндірісінің

технологиясы мамандығы:

стар. преп. Калиев М. М. 050729 - Құрылыс.

Құрылыс экономикасы тобы:

к. т. н., доц. Амренов Р. М.

Еңбек қауіпсіздігі және экология

д. т. н., проф. Жараспаев М. Т.

Мөлшерлік бақылаушы

к. т. н., проф. Бакиров К. К.

Алматы, 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

К. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

«Құрылыс және сәулет»

Мамандығы: 050729- «Құрылыс»

«Бекітемін»

«Құрылыс және сәулет»

кафедр. меңгерушісі

Азимов И. М.

«___» 2008 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

Студент

(аты-жөні, тобы)

Жұмыстың тақырыбы

Университет бойынша 2008 ж. № бұйрықпен бекітілген

Дипломдық жұмысты тапсыру уақыты2008 ж.

Қажетті мәліметтер:

Дипломдық жұмысты дайындауда қаралатын сұрақтар:

Сызбалық материалдар тізбесі

Андатпа

Алматы қаласы Бөгенбай батыр-Қожамқұлов көшесі бойындағы 12-қабатты және екі қабатты авто паркингті тұрғын үй комплексі. Қаңқалары құйылмалы темірбетоннан жасалған. Қатаң блокпен және ұстындармен қамтамассыз етілген, сонымен қатар шеткі секциялардағы остер тік және көлденең арқалықпен ұстындармен құралған.

Аннотация

12-ти этажный жилой комплекс с двух этажным паркингом по адресу ул. Богенбай батыра -Кожамкулова г. Алматы. Каркасы блоков выполнены в стальных конструкциях: Жесткость каркасов секций обеспечивается устройством защемлением их колоннах, кроме того поперечные ригеля, так же защемлены в колоннах, секции по крайним осям имеют вертикальные связи.

THE SUMMARY

A twelve floor inhabited complex with two floor parking is situated to the address of street Bogenbaj Batyr- Kozhamkulova in Almaty. Skeletons of blocks are executed in steel designs: Rigidity of skeletons is provided with the device a jamming their columns, except for that cross-section a crossbar as are jammed in columns, section on extreme axes have vertical communications.

Мазмұны

Кіріспе 6

1. Сәулет-құрылыс бөлімі 8

1. 1. Бастапқы белгілер 9

1. 2. Құрылыс объектісінің бас жоспары 9

1. 2. 1. Ауданның климаттық мінездемесі 10

1. 3. Көлемдік жоспарлық шешімдер 12

1. 3. 1. Тұрғын үйдің қоршағыш конструкциясының жылу

техникалық есебі 13

1. 3. 2. Сыртқы қабырғаның конструкциясының материалдарын таңдау 14

1. 3. 3. Төбе жабынның жылытқыш қабатының қалыңдығын анықтау 16

1. 3. 4. Технико-экономикалық көрсеткіштер 17

1. 3. 5. Есік, терезе және витраждың спецификациясы 17

1. 4 Ғимараттың конструктивті шешімдері 19

1. 5. Ғимараттың сыртқы әрлеуі 20

1. 5. 1. Ғимараттың ішкі әрлеуі 21

1. 6. Инженерлік жүйелер 21

1. 6. 1. Жылу-механикалық бөлім 23

1. 6. 2. Су құбырлары мен су әкету құбырлары 24

1. 6. 3Су құбырлары мен су әкету құбырларының негізгі көрсеткіштері 25

1. 6. 4. Қорғаныс шаралары 26

1. 6. 5. Өртке қарсы шаралар 27

2. Есептік-конструктивтік бөлім 28

2. 1. Есептік шешеімдер 29

2. 1. 1. Контур бойынша жасақталған монолиттік төбе

жабынның тақталар есебі және конструкциясы 31

2. 1. 2. Жабын тақтасының есебі 31

2. 1. 3. Адымдардың есептік анықтамасы және тақтадағы иілгіш

моменті 32

2. 1. 4. Тақтаның қалыпты кескінінің қатаңдық есебі және оның

дәнекерлі тормен арматуралануы 33

2. 2. Ұстындар есебі 35

3. Құрылыстың технологиясы және ұйымдастыру бөлімі 38

3. 1. Құрылыстың өндірістік технологиясы 39

3. 1. 1. Ғимаратқа мінездеме 39

3. 1. 2. Көлемдік жұмыстарды анықтау 40

3. 1. 3. Технико-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес

эксковатор таңдау 41

3. 1. 4. Пайдалану кезіндегі эксковатордың өнімділігі 43

3. 1. 5. Автокомплекстің санын анықтау 44

3. 1. 6. Бульдозер таңдау 45

3. 1. 7. Топырақты механикалық түрде тығыздау үшін көлік таңдау 46

3. 1. 8. Іргетасты бетондау 46

3. 1. 9. Құйылмалы іргетас пен құйылмалы паркингтің құрылымдары 47

3. 1. 10. Жұмыс өнімінің түрлерін таңдау 47

3. 1. 11. Теңестірілетін нұсқаулар бойынша қалыпты жұмыстары 48

3. 1. 12. Әр нұсқа бойынша келтірілген шығындар саны 48

3. 1. 13. Бетонды, арматуралы және қалыпты жұмыстарды технико

қауіпсіздігімен сапасын қадағалау 50

3. 1. 14. Бетонды және темір бетон жұмыстарының сапасын бақылау 51

3. 1. 15. Жер асты жұмыстарының калкуляциясы 52

3. 2. Жер үсті бөлімі 55

3. 2. 1. Қабырғалар мен бағаналарды бетондау 55

3. 2. 2. Технико қауіпсіздік ережелері 56

3. 2. 3. Бетонды күту 58

3. 2. 4. Құрылымның мінездемесі және өндірістік жұмыстар 58

3. 2. 5. Қалыптардың конструкциясының таңдауы 59

3. 2. 6. Ұсақ қорғанды құрамалы-ауыстырмалы қалыптар 59

3. 2. 7. Конструкцияның арматуралау әдісін таңдау 60

3. 2. 8. Жерүсті конструкциясын бетондау 61

3. 2. 9. Кран есебі 61

3. 2. 10. Кран мен бетонсорғыштың технико-экономикалық

көрсеткіштері 63

3. 2. 11. Обьектідегі кранның жұмысты орындау ұзақтылығы 65

3. 2. 12. Өнімділігін, жылдық өндіруін, әр жұмыстың механизациясына

келтірілген шығынды және капиталды салымды есептеу 66

3. 3. Құрылыстың бас жоспары 68

3. 3. 1. Құрылыстың бас жобасын жобалау кезінде қабылданған

шешімдерді негіздеу 69

3. 3. 2. Жұмыс өнімділігінің күнтізбелік жоспарын құру 75

3. 3. 3. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар 76

3. 3. 4. Еңбекті қорғау 78

3. 3. 5. Салынып жатқан ғимараттың қауіпті аймағын қоршау 80

3. 3. 6. Өртке қарсы шаралар 80

3. 3. 7. Жерүсті жұмыстарының калькуляциясы 82

4. Құрылыстың экономикалық бөлімі 84

4. 1. Түсіндірілмелі қағаз 85

5. Еңбек қауіпсіздігі және экологиялық бөлімі 103

5. 1. Қоршаған ортаны қорғау 104

5. 1. 1. Азонды қабатты қирату 104

5. 1. 2. Ғимарат пен ғимараттарды салу кезіндегі табиғатты қорғау

Шаралары 105

Қорытынды 109

Пайдаланылған әдебиеттер 110

«SCAD Group» бағдарламалы комплекстегі кеңістіктік

арқалығының статистикалық есебі 112

Кіріспе

«Қазақстан 2030» мемлекеттік бағдарламасы арқасында Республикамыздың экономикасы, осған байланысты халқымыздың жағдайының өсуі байқалып отыр. «Қазақстан 2030» мемлекеттік стратегиясының дұрыс әрі нақты орындалуы мемлекеттің әрі қарай қадам жасауына жол ашып отыр. Бұл үшін Қазақстанның жылдам, сонымен қатар әржақты жаңарту жолын таңдап отыр. Республиканың экономикасының структуасының өзгеруі нәтижесінде Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама мемлекетте 2005-2007 жылдар аралығында өтуі қажет болды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі алға қойған мақсаттарының ішіндегі ең қиын тапсырмаларының бірі бола тұрып, Қазақстан халқының және біздің қоғамның алдында ынталы әрі жоспарлы жұмыс тұр.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басты бағыты болып мемлекеттегі тұрғын үй құрылыс қарқынының бірқалыпты өсуі, әрі осы құрылыстарға халықтың қолы жететіндей етіп, оның бағасының арзан болуы қажет. Осыған байланысты несиелерді өтеу мерзімінің ұзаруы және тұрғын үй несие пайыздарының төмендеуі қажет.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін құрылыс істері бойынша комитетінің (МИТ ҚР) алға қойған жоспарлары бар. Бұл жоспар Қазақстан Республикасының үкіметі шешімімен бекітіліп қойған болатын.

Тұрғын үй құрылысы дамуы арқасында жеке әрі сапалы жоспарланған шаралар анықталып отыр. Ол жерде құрылысты жүргізетін мекеме және құрылысты іске асыру уақыты, өндіріс секторының дамуы, сонымен қатар шамаланған жұмыс көлемі және қаржыландыру көздері қарастырылып отыр.

Жоспардың орындалуы Қазақстан Республикасындағы барлық құрылыс бағытындағы орталықтағы және жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерінің максималды координациялығын қамтамасыз етеді және мүмкіндіктердің топталуына жол ашады.

Мемлекеттегі барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылуын мемлекет басшылары бағалап отырады.

Ұйымдастыру шараларының жиынтығына келесілер жатады:

  • тұрғын құрылысының дамуының аймақтық дайындық бағдарламасы;
  • өндірістің қайта қалпына келуі арқасында тұрғын секторының дамуы;
  • өңдеу жұмыстарының аяқталуы және облыстағы қала бас жоспарының бекітілуі;
  • облыс орталықтары Алматы және Астана қалаларындағы ұсынылған құрылыстардың жобаларын өңдеу және қарастыру;
  • тұрғын үй және инженерлік тораптардың құрылысына қажет сметалық құжаттамаларын жасау, экспертиза және бекіту;
  • тұрғын құрылысын жүргізуге конкурстар өткізу;
  • үйлер мен ғимараттар құрылысы комитетімен салынатын үйлерді жобалау туралы сұрақтарды шешу;
  • мемлекет тарапынан тұрғын үйлердің қалада орналасу орны, конструктивтік және инженерлік шаралары, рационалды көлемді-жоспарлық шешімдер дайындалуы тиіс.

Инвистициялардың жұмылдырылуының арқасында Ақтөбе облысында жылына 27 млн. шаршы метр листтік әйнек (шыны) өндіретін өндіріс орны қайта іске қосылу жоспарланып отыр. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылына 157 млн. дана керамикалық кірпіш өндіретін зауыттар салынуы көзделіп отыр.

Семей қаласында несиелік қаржылардың тартылуы арқасында жылына 500 тонна эмальды бояу зауыты жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстан облысында жылына 500 мың тоннаға дейін цемент өндіру зауыты құрылысын ұймдастыру қажет болып отыр.

Қарағанды облысында несие қаржыларының тартылуы арқасында жылына 4 млн. шаршы метр линолеум өндіретін өндіріс орнының құрылысы ұймдастырылып отыр.

Қостанай облысында инвестицияның жұмсалуы арқасында минералды мақта өндіретін өндіріс орны ұйымдастырылуда. Оның жылдық өнім шығару қуаты 160 мың кубометр өнім өндіру болып табылады.

Павлодар облысында ЖШС «Кастинг» мекемесі жылына 600 мың тонна металлопрокат өндіру үшін үлкен инвистициялардың жұмсалуы қажет болып отыр және Теміртау қаласындағы ЖШС «Втормединдустрия» өндіріс орны жылына 300 мың тонна өнім өндіру көздеп отыр.

Мемлекеттің тұрғын үй құрылысы бағдарламасы орындалуы барысында түрлі сұрақтар туындауы мүмкін, сондықтан түсіндірме жұмыстарын баспа түрінде және теледидарда хабарлау қажет.

1 Сәулет-құрылыс бөлімі

1. 1 Бастапқы белгілер

Құрылыстағы табиғи-климаттық жағдайлар

1. Климаттық аймақ -Алматы қаласы.

2. Қар жабынының салмағы (ҚР ҚНжЕ 2. 01. 07-85) сәйкесінше -70кг/м²

(2-ші қарлы аймақ)

3. Желдің соғу жылдамдығы -38кг/м² (3-ші желді аймақ)

4. Бас жобадағы 789, 65 белгі бойынша 1-ші қабат деңгейі +0, 000 етіп алынған.

5. Құрылыстағы климаттық аудан III В (ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001) .

-Қысқы ауадағы сыртқы ауаның корсеткіші

-Бес күндіктегі орташа салқындығы -25ºС (ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001)

-Тәуліктегі орташа салқындығы -28ºС (ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001)

-Топырақтың қату тереңдігі -1, 32м

6. Өртке төзімділік деңгейі II (ҚР ҚНжЕ 2. 02-05-2002)

7. Құрылыс ауданының сейсмикалығы 9 балл (ҚР ҚНжЕ 2. 03-30-2006)

-Ғимараттың сейсма тұрақтылық көрсеткіші 9 балл (ҚР ҚНжЕ 2. 03-30-2006)

8. Жауаптылық дәрежесі бойынша ғимарат класы II

9. Жұмыс жобалары ҚР ҚНжЕ 2. 03. -04-2001 «Сейсмикалы аймақтағы құрылыс» сәйкесінше жасалған.

1. 2 Құрылыс объектісінің бас жоспары.

Тұрғын үйдің биіктігін өлшеу деңгейі 0, 00 биіктігі 1 қабат еденінен басталады,

ол топосъемкадағы 789, 65 белгісімен теңескен. Биіктік жүйесі Балтық координат жүйесй -қалалық. .

Вертикальді жүйесі жергілікті көшелерге және жақын маңындағылардың биіктігінің есебімен жасалады. Жауынды ағынды суды ашық суаққыш арқылы жүргізу қарастырылған.

Аймақтың жайлылығы көшелердің асфальтобетонды және плиталы жабындысы бар тұрақтардың, тротуарлардын, плиталы алаңшалардың болуы қарастырылған. Балалар ойын алаңшаларында кіші архитектуралық қалыптар(ойыр орындықтар, урналар, әткеншектер, құмдықтар, т. б. ) Көшірмелі төсемелерде гүлдер газондары орналастырылады. Жақын жатқан аймақтарды көгалдандыру үшін декоративті ағаштар, газонды гүлдерді отырғызу қарастырылған.

Жердің бас жобасы ПДП, кварталдың тарнспорттық және жаяу жүру байланыстары, қызыл сызықтары ескеріліп жобаланған. Бас жобаланың схемасы қала ішіндегі құрылыс жағдайлары, көшелердің үлкеюі есептері ескеріліп толықтырылған.

Құрылыс жерінің бас жобасы және жобаланатын объектінің орналасуы жер массасының ауысуы бойынша аз көлемді жұмыс болуы ескеріліп жобаланған.

Территория көгалдандырылған және ауданды жарықтандыру үшін шамдармен жабдықталған.

Ауданды көгалдандыруда гүл күшеттері және газондар қолданылады. Территориядағы жүретін бөліктегі беткі суды ағызу қалалық арықтық жүйе бойынша жүзеге асады. Құрылыстан және асфальттық жабындыдан бос аудан территориясы жасыл желектермен және газондармен толтырылған. Бар жасыл желектер барынша сақталады. Берілген территорияны мүмкіндігінше көгалдандыру және жақсарту қарастырылады. Негізінен көгалдандыру барысында жапырақты ағаштар түрі көрсетілген. Олар жол бойында - жолдар арасында және жаяу жүру орындарында орналастырылған. Қылқан ағаш түрлері - шыршалар ғимарраттың басты есігіне тірелетін бөліктерде орналастырылған. Газон шөптері территорияны асфальтты жолдан және жаяу жүру жолынан бос жерлерді алады. Жобаны барлық жағынан ағаштармен, газон шөптерімен және басқа да экзотикалық өсімдіктермен көгалдандыру қарастырылған. Бұл территорияны толығымен сәнде көрсетеді.

1. 2. 1. Ауданның климаттық мінездемесі.

2. 04-01-2001 ҚР ҚНжЕ мәлімет бойынша ауданның климаттық мінездемесі

көрсетілген.

2. 04-01-2001 ҚР ҚНжЕ бойынша ізденіс ауданы III климаттық ауданынада орналасқан. 29

Ай бойынша сыртқы ауаның темперетурасы 2 кесте

2 кесте

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
I: -6, 5
II: -5, 1
III: 2, 0
IV: 10, 8
V: 16, 2
VI: 20, 7
VII: 23, 5
VIII: 22, 3
IX: 17, 0
X: 9, 5
XI: 0, 9
XII: -4, 5
жыл: 8, 9

Тәуліктің ең суық температурасы -(-28ºС)

Бес күннің ең суық температурасы- (-25 ºС)

Жылы кездегі ауа температурасыы-(+29, 2 ºС)

Жылы айдың ауаның орташа температурасы -(+29, 7 ºС)

Ауаның абсолютті минемалды температура-(-43 ºС)

Жылы кездегі ауаның абсолютті максимал температурасы-(+43 ºС)

Ең суық айдағы ауаның орташа тәуліктегі амплитуда температурасы-(-9, 8 ºС)

Ең жылы айдағы ауаның орташа тәуліктегі амплитуда температурасы-(+12, 1 ºС)

Тураланған темпераураның кезең ұзақтылығы <0 ºС 111 тәулікті құрайды.

Осы кезеңнің орташа температурасы-(-4, 6 ºС)

Орташа айдың ауа ылғалдылығы:

Ең суық ай-75 ٪

Ең жылы ай-45 ٪

15сағаттағы орташа айдық ауаның ылғалдылығы.

Ең суық ай-75 ٪

Ең жылы ай-38 ٪

Осадкінің көлемі:

Қараша-наурыз-213мм

Сәуір-қазан-403мм

Желдің бағыты.

3 кесте

Мезгіл
с
сш
ш
ош
о
об
б
Сб
Мезгіл: Қаңтар
с: 1, 4
сш: 1, 5
ш: 1, 4
ош: 1, 8
о: 1, 8
об: 1, 9
б: 1, 7
Сб: 1, 3
Мезгіл: Шілде
с: 1, 9
сш: 2, 0
ш: 1, 6
ош: 2, 8
о: 2, 8
об: 2, 4
б: 2, 2
Сб: 1, 9

Жел бағыты.

Қаңтарда- оң түстік батыстан

Шілдеде-оң түстік шығыстан, оң түстік

Қаңтардағы румб бойынша желдің орташа жылдамдығы ішіндегі максималы-1, 9м/сек, минемалы-1, 3м/сек. Шілдедегі румб бойынша желдің орташа жылдамдығы ішіндегі максималы -2, 8м/сек, минемалы-1, 6м/сек.

Жылдар ішінде мүмкін болатын желдің жылдамдығы 4 кестеде көрсетілген.

4 кесте

1
5
10
20
1: 14, 0
5: 18, 0
10: 20, 0
20: 23, 0

Желден келетін жүктеме-38кг/м² (3 желді аймақ)

Қардан келетін жүктеме-70кг/м² (2 қарлы аймақ)

Жердің нормативті қату тереңдігін ҚР ҚНжЕ 2. 01-11-2001 бойынша құрайды:

1, 36м-ірітүйіршікті топырақ үшін.

0, 92м-саздақ топырақ үшін.

Қар жоқ жердің максималды қату тереңдігі-1, 7м

1. 3. Көлемдік жоспарлық шешімдер.

1. 47, 600х26, 700 осі бойынша бірінші қабатында кеңсе орналастыру жобасындағы 12 қабатты тұрғын үй. Ғимарат КОНКРИТ ПРОДАКТС фирмасының жылу блогымен толтырылған моналитті каркас.

Сыртқы қабырғалары δ=400; 300мм монолитті темірбетонды γ=600кг/м³

қалыңдығы 300мм жылу блоктары 120х50х3мм иілген швелермен жасалады.

Ұстын, арқалық және құйылмалы темірбетонды қабырғалардың сартқы жылытылуы ISOVER OL-E δ=100мм тақтамен қарталады.

2. Ішкі бөлме аралық қабырғалар 100х50х3мм; 70х50х3мм иілген швелер салынған қалыңдығы 100-200мм γ=600кг/м³ жылу блогынан жасалады.

Ылғалды бөлмелердің бөлме аралық қабырғалары М50 маркалы құмды цементте М7, 5 маркалы топырақты кірпіштен қалыңдығы 120мм болады.

3. Терезе блоктарымен витраждары бір камералы шынықаптармен толтырылған металлды пластик.

4. Барлық ағаш элементтері металды бетонмен, кірпішпен және жылу блоктармен жанасатын беттері ҚР ҚНжЕ (3. 04. 01-87) сәйкес антисептикаланады.

5. Төсеме тегіс, орамалы, ішкі су ағысты. Төсеме жылытқышы - ПТЭ - 175 (ТУ 5761-001-00126238-00) δ=160мм жылу оқшаулағыш тақталар.

6. Ғимарат айналасына ені 1, 0м ұсақ асфальт-бетон қалыңдығы 30мм отмостка орнатылады. Шағыл қалыңдығы 120мм, топыраққа нығыздалады, отмостка ылдыйлығы -0, 15; отмостканың жоғарғы деңгейі - 0, 300.

7. Қабырғаның горизонтальді гидрооқшаулығы -0, 030 белгісі 1:2 құрамды құмды - цементті сұйықтықтан қалыңдығы 30мм болады.

8. Едендер мен төсемелер, оқшаулағыш және құрылысты жұмыстары 2-6-3-2000 ҚР ҚНжЕ сәйкес жасалады.

9. Пәтерлер арасында пәтераралық есіктер болмайды.

10. SIGMA фирамсының лифтерінің жүккөтергіші 630 және 400кг болады.

11. Өндіріс жұмыстары сыртқы ауаның оң температурасында, теріс температурада ҚНжЕ сәйкес орындалады.

Жобаланған ғимаратта 108 пәтер олар: бір бөлмеліден төрт бөлмеліге дейінгі пәтерлер қабылданған. Пәтердің көлемімен саны 1 кестеде көрсетілген:

Кесте 1

Пәтер
Саны
Өлшем бір
Жалпы көлемі
№: 1
Пәтер: 1 бөлмелі
Саны: 18
Өлшем бір: м²
Жалпы көлемі: 1120, 02
№: 2
Пәтер: 2 бөлмелі
Саны: 46
Өлшем бір: м²
Жалпы көлемі: 3646, 20
№: 3
Пәтер: 3 бөлмелі
Саны: 40
Өлшем бір: м²
Жалпы көлемі: 4794, 46
№: 4
Пәтер: 4 бөлмелі
Саны: 4
Өлшем бір: м²
Жалпы көлемі: 544, 56

1. 3. 1. Тұрғын үйдің қоршағыш конструкциясының жылутехникалық есебі.

1. Сырқы қабырғаның қалыңдығын тексеру және анықтау.

Құрылыстың жылутехникасы ғимараттың пайдалану кездегі қоршағыш бөлігінің жылулық және дымқылдық режимін зерттейді. Сыртқы қабырғаның, төбе жабынның және басқа қоршаудың пайдалану сапасы таңдалынған материалға және конструкцияға тікелей байланысты, сонымен қатар ішкі және сыртқы ауа режимінің температуралық ылғалдылығына байланысты. Сыртқы қоршаулар келесі жылутехникалық талаптарды қанағаттандыру қажет:

а) аудан жеткілікті жылуқоршағыш қасиеттерімен, ол дегеніміз жылуды жоғалтпау және жазда күн сәулесінің қызуы бөлмеге өтпеуі қажет.

б) бөлменің және қоршағыштың ішкі беттерінің ауа температурасының әртүрлілігі нормативті мәндерден жоғары болмау қажет. Талаптың бұзылуы адамның денесін суытады, осы беттерге жылу түсуін және қорғанышқа ішкі ауаның ылғалының конденсатына әкеліп соғады.

в) жылу ағынының өзгеруі кезінде ішкі қоршаудың бетінің температурасының өзгеріп тұруы аз болуы қажет; қоршаудың бұл қасиетін жылутұрақтылығы деп атайды.

г) қоршаудың ауа өткізгіштігі оның жылуқорғаныш қасиетін нашарлатпау қажет жәнеде бөлменің қатты суып кетпеуіне әкелмеуі қажет.

д) қоршаудың ылғалды режимі орташа болуы қажет. Қоршаудың ылғалданып кетуі жылу жоғалтуын жоғарлатады, жұмыс істеу ұазқтылығын азайтады жәнеде бөлме ішінде ылғалдылық пайда болады.

Жоғарыда аталып кеткен талаптарға қоршау сай келу үшін, жылуөткізгіштігін емес, жылутұрақтылығын, ауаөткігіштігін, буөткізгішітігін және ылғалөткізгіштігін ҚР 3. 02. 03-2003 нормалары бойынша есептейді.

Жылуөткізгіштігі λ. Вт / (м·К) немесе Вт / (м·сағ·ºС) жылу көлемі, қалыңдығы 1м сынайтын материалдан ішінен өтетін, ауданы 1м² бір сағат ішінде материалдың 1ºС екі жағынанда температураның әртүрлілігі.

Жылусыйымдылықты С (Дж/К, Дж/сағ·ºС) - материалдың бөлмені жылытқан кезде жылуды сіңіру немесе суыған кезде оны беру қаблеті. Қоршауыш конструкцияға жылутехникалық есепті қысқы жағдайдағы бөлмені жылытуға орындалады. Сыртқы қоршау жазық қабырға сияқты есептеледі, әртүрлі температура мен ауа кеңістігін бөлетін.

Қоршауыш конструкцияның жылубергіш қарсылығы R о талап ететін жылубегіш қарсылығынан аз болмау қажет.

R о ≥ R о тр (1, 1)

Мұндағы R о тр-жылубергіштің талап ететін қарсылығы, м²·ºС/Вт (м²·сағ·ºС) /ккал.

Сыртқы темірбетон қабырғаның δқаб берілген қалыңдығының жеткіліктігін анықтаймыз, көлемдік салмағы γ=2575кг/м³, жылу сақтағыш материал минералдымақта қатты мақта δмт көлемдік салмағы γ=420кг/м³ және сыртқы әшекей қабаты қалыңдығы 0, 03м.

  1. Сыртқы қабырға конструкциясының материалдарын таңдау.

Құйылмалы темірбетон.

5 кесте

Материал

δ

м

λ, Вт / (м·сағ·ºС)

S

Вт/м 2 ∙°С

№: 1
Материал: Сылақ
δм: 0, 03
λ, Вт / (м·сағ·ºС): 0, 75
SВт/м2∙°С: 8, 9
№: 2
Материал: Минералды мақта
δм: 0, 1
λ, Вт / (м·сағ·ºС): 0, 075
SВт/м2∙°С: 1, 46
№: 3
Материал: Темірбетон
δм: 0, 3
λ, Вт / (м·сағ·ºС): 1, 75
SВт/м2∙°С: 14

Еңбірінші қоршауыш конструкцияның талап ететін жылубергіш қарсыластығын 2 кесте, 9, 5 бөлімі немесе мына формула бойынша анықтаймыз.

R о тр=n(tв-tн) /Δtн·αв (1, 2)

мұндағы:

Δtн- ішкі беттің температурасы мен ішкі ауа температурасының арасындағы нормативті температуралық түсу 2 кесте, 9, 2 придожениесі бойынша қабылданады.

αв- қоршауыш конструкцияның ішкі бетінің жылубергіш коэффиценті 3 кесте, 9, 2 приложениесі бойынша қабылданады.

αв=7, 5ккал/м²·сағ·ºС

n- қоршауыш конструкцияның сыртқы бетінің орналасуынан сыртқы ауаға қатынасына байланысты қабылданатын коэффицент, n=1 1 кесте, 9, 2-бөлімі бойынша қабылданады.

tв- ішкі ауаның есептік температурасы °С, ГОСТ 12. 1. 005-76 және тұрған ғимаратты және имаратты жобалау нормалары немесе 1 кесте, 9, 5 бөлімі бойынша қабылданады.

tн- ыртқы ауаның есептік қысқы температурасы, ºС, 9, 3 придожениесі бойынша қабылданады.

Есептік қысқы температура tн қоршағыштың массивтігін ескере отырып, келесі қоршағыштың жылулық инерциясымен (Д) мінезделеді.

R о тр=1·(18+25) /6·7, 5=0, 96(м²·сағ·ºС) /ккал (1, 3)

Жылу инерция (Д) - конструкцияның оның қалыңдығындағы температурасын сақтауға немесе ақырын өзгертуіне қабілеті.

Сыртқы қоршағыш жеңіл деп саналады егер жылулық инерция Д≤1, 5, аз массивті 1, 5<Д≤4, орташа массивті 4<Д≤7, массивті Д 7-ден үлкен болғанда саналады.

Сыртқы қабырғаның массивтігіне жылулық инерциясын Д бағалау үшін, келесі формуламен анықтаймыз.

Д=R1·S1+R2·S2+R3·S3 (1, 4)

Мұндағы:

S1, S2, S3-материалдың жылуқабылдағыш есептік коэффиценті, 24сағаттағы әр қабатқа бөлек, 9, 4 бөлімінен алынады.

R1, R2, R3-қоршаудың әр қабатының жылуөткізгіштігінің қарсыластығы келесі формуламен қабылдаймыз.

R1, 2, 3= (1, 5)

Мұндағы:

δ- қабаттың қалыңдығы

λ-материалдың жылуөткізгіштігінің есептік коэффиценті ккал/м²·сағ·ºС, 9, 4 бөлімінен алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығы қызметінің өрлеу әдістері
Көп қабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі
Қонақ үйде кір жуу бөлімінде қызмет көрсету
Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Аражабын және жабын
Үйлер мен ғимараттар конструкциясы
Компьютерлік сынып бөлмесі
Қонақ үй
Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес-жоспардың құрылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz