Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары


М АЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
1. 1 Физикалық-географиялық жағдайы . . . 5
1. 2 Егін шаруашылығына сипаттама . . . 6
1. 3 Мал шаруашылығына сипаттама . . . 12
2 ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ КАРТА ҚҰРАСТЫРУ ПРОЦЕСІ ( ARCGIS БАҒДАРЛАМАСЫНДА)
2. 1 ГАЖ-дың карта құрастырудағы ролі . . . 19
2. 2 Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру . . . 23
3 Ауыл шаруашылық картасын құрастыру ерекшеліктері
3. 1 Егін шаруашылық карталар түрлері . . . 33
3. 1. 1 Жер құрылымы . . . 49
3. 1. 2 Жеміс-жидек екпелері . . . 54
3. 1. 3 Жүзім өсіру шаруашылығы . . . 60
3. 1. 4 Органикалық және минералдық тыңайтқыштар . . . 65
3. 2 Мал шаруашылық карталар түрлері . . . 67
3. 2. 1 Өңірлер бойынша мал саны . . . 69
3. 2. 2 Картографиялық белгілер . . . 79
Қорытынды . . . 80
Пайдаланылған Әдебиеттер . . . 82
ҚОСЫМШАЛАР . . . 83
Кіріспе
Бірінші тарауда Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторларына талдау жасалған, яғни осы аймаққа, оның егін және мал шаруашылығына сипаттама бердім.
Екінші тарауда жаңа картографиялық әдіс бойынша егін және мал шаруашылық картасын құрастырып, ARCGIS бағдарламасында жасаған болатынмын.
Үшінші тарауда аймақтың ауыл шаруашылық картасының құрастыру ерекшелегін
Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының І кезеңінің мәліметтері бойынша 2008 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан аймағының территориясына 430055 ауыл шаруашылық тауар өндіруші санаққа алынды, соның ішінде: 2912 бірлігі (барлық санының 0, 7%) ауыл шаруашылық өнімін өндірумен, өңдеумен, сақтаумен айналысатын және ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуші кәсіпорындар 70761 (16, 4%) - шаруа қожалықтары, 341440 (79, 4%) - үй шаруашылығы және 14942 (3, 5%) - саяжай телімдеріне берілді.
Егістік алқап 701, 6 мың га құрайды, оның ішінде 32, 1% немесе 225, 0 мың га өндіріске және 62, 4% немесе 437, 6 мың га шаруа қожалықтарына және 5, 5% немесе 38, 9 мың га халық шаруашылығына пайдаланады [1] .
2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қолданыстағы бағада 113, 7 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3, 4%-ға артық. Ауыл шаруашылық өнімінің аймақ бойынша жалпы көлемінің - 18%, немесе 20423 млн. теңгесі - Сарыағаш ауданының тауар өндірушілеріне, Мақтаарал ауданының - 17, 8%, немесе 20195 млн. теңге, Сайрам ауданының тауар өндірушілеріне - 12%, немесе 13679, 1 млн. теңгесі тиесілі. Бәйдібек ауданында ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсімі - 14, 2%, Сайрам ауданында - 12, 4% құрағанын атап кету қажет.
Алайда, өнім көлемінің Кентау қаласында - 32, 8%-ға, Шымкент қаласында - 26, 9%-ға, Қазығұрт ауданында - 4, 6%, Арыс қаласында - 2, 1%-ға кемуі орын алды. 2007 жылы 367, 8 мың тонна дәнді дақылдар жиналған немесе 2006 жылдың деңгейіне - 101, 9%, майлы дақылдар - 37, 2 мың тонна немесе 91, 2%, мақта - 438, 7 мың тонна немесе 100, 8%, картоп - 150, 8 мың тонна немесе 122, 9%, көкөністер - 494 мың тонна немесе 103, 6%, бақша өнімдері - 276, 9 мың тонна, немесе 84, 4%, жеміс-жидектер - 48, 4 мың тонна, немесе 81, 2%, жүзім - 30 мың тонна немесе 100, 3% жиналған. 2007 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 145, 6 мың тонна - ет (тірідей салмақта), 566, 6 мың тонна - сүт, 238, 8 млн. дана - жұмыртқа өндірілді [2] .
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, аймақтағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны - 689, 5 мың басты немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне - 107, 4%, қой мен ешкі - 3305, 3 мың бас немесе 105, 9%, жылқы - 133, 9 мың бас немесе 104, 2%, түйе - 15, 6 мың бас немесе 101, 2%, шошқа - 34, 7 мың бас немесе 112, 4%.
2007 жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 763, 2 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің орташа жылдық даму деңгейі 2003-2005 жж. 1995-1998 жж. қарағанда 15, 7 пайыздық деңгейге өсті.
Ауыл шаруашылық алқаптарының құрылымында 2008 жылдың статистикалық көрсеткіші бойынша егін 10, 4%, көп жылдық егістер - 0, 1%, шабындықтар - 2, 3%, жайылымдықтар - 84, 8% жетті.
Осыған байланысты елдегі аграрлық сферада экономикалық мақсатты қамтамасыз ететін 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік ауыл шаруашылық бағдарлама қабылданды. Агроөнеркәсіптің дамуы біршама тұрақтанды, ол ауыл шаруашылық өнімдерді өндірудің және өнімдерді өңдеудің өсуі, азық-түлік импорты деңгейінің төмендеуі, жергілікті халықтың жағдайы жақсарудан көрінді. Болашақта осы мақсатты одан әрі дамытуда 2006 жылы 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсібінің тұрақты даму концепциясы қабылданды және 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектілік бағдарлама қайта жасалынды [1] .
Мен Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық карталарын 2007-2008 жылғы статистикалық мәліметтерді жинап, жаңа үлгіде карта жасауды мақсат еттім.
1 Оңтүстік Қазақстан АЙМАҒЫНЫң ауыл шаруашылық факторына талдау жасау
- Физикалық-географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан аймағы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде әкімшілік аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2, 18 млн. адам (2004 ж) . Орталығы - Шымкент қаласы. Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Аймақ құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Оңтүстік Қазақстанның жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200-500м) . Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төмен ағысы және мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан.
Аймақтың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9ºС, оңтүстігінде - 2 - 4ºС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29ºС. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм, тау алдында 300-500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Өзендері бұл аймақта біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан аймағы жерінің оңтүстігінен солтүстік батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендері. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай өзендер облыс орталығын қамтамасыз етеді. Шу өзенінің төмен ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген ( су көлемі 377 млн. м³), Бадам ( су көлемі 61, 5 млн. м³ ) бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартырылған. Облыс көлдері негізінен саяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақ-жайқын (48, 2 км²), Қызылкөл (17, 5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, тағы да басқа ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол. Саяз және жер асты суларын негізінде ластаушылар болып, түсті металлургия, мұнай химиясы, жеңіл химия, тамақ өнеркәсіптері табылады.
Аймақтың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сор, бозғылт, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған.
Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, тал; тау етегінде бетегелі жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, алша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу - Жабағылы қорығы (1926 жылы) ұйымдастырылған.
Бұл аймақта республика халқының 14, 5%-ы тұрады. (2004 жылы) . Тұрғындарының орташа тығыздығы 1км²-ге 18, 6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22, 6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсімінің ең жоғарғы шамасына (32, 5 мың адамнан астам) жетті. Аймақ халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17, 1%), орыс (7, 2%), татар (1, 2%), әзербайжан, тәжік, түрік, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Оңтүстік Қазақстан аймағының тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады [2] .
1. 2 Егін шаруашылығына сипаттама
Егіншілік - ауыл шаруашылығы дамуының негізі. Өсімдік шаруашылығы дақыл түріне қарай дәнді, техникалық, жемшөпті, бақшалық, бақ өсіру, жүзім шаруашылығы болып бөлінеді.
Санақтың мәліметтері бойынша облыста жалпы егістіктің 701, 6 мың гектарында немесе 73, 1% ауыл шаруашылық дақылдары егілген егіс алқабы алып жатыр.
Оңтүстіктің климаттық жағдайы бидай, арпа, жүгері, күріш, темекі, мақта, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім тағы басқа да дақылдарды өсіруге мүмкіншілік береді. Бірақ, егіс алқабының едәуір бөлігін дәнді және дәнді бұршақты (36, 9%), техникалық (36, 2%), мал азықтық дақылдар (20, 8%), шамалы бөлігін (6, 1%) - картоп, көкөніс, бақша дақылдары алды (1-кесте) .
Аймақта қалыптасқан көпсалалық экономика шаруашылық санаттары арасында егілген егістің құрылымын түбірімен өзгертті. Егер 90-шы жылдары барлық дәнді және дәнді бұршақты және техникалық дақылдар ауыл шаруашылық кәсіпорындарда шоғырланған болса, санақтың мәліметтері бойынша олар кәсіпорындар (54, 6% бен 16, 0%) мен шаруа (фермер) қожалықтары (42, 7% бен 83, 0%) арасында бөлінген. Картоп және көкөніс өсіру әсіресе кіші құрылымдарға - жұртшылық шаруашылықтарына ауысты. Заңды тұлғалардың санаққа алынған бір субъектісіне егістік алқабын орташа есептегенде - 79, 5 га, шаруа (фермер) қожалығына - 6, 2 га, үй шаруашылығына - 0, 11 га және саяжай учаскелеріне - 0, 01 гектардан келеді [3] .
Егістік жердің құрылымында оның 70%-ын дәнді дақылдар алады және олар егіншілік өнімдері құнының 60% -дан астамы береді. Сондықтан егіншілікте астық шаруашылығы негізгі орын алады. Астық халықты нан, ұн және басқа азық-түлік заттарымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады [1] .
Суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен мынадай, шараларды жүзеге асыру керек:
- коллекторлық дренаж жүйелерін салу арқылы суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын жақсарту;
- ескі гидротехникалық құрылыстарды қайта құрып жаңаларын салу;
- өндіріске жыл сайынғы шығындарды 20 - 30% кемітуге мүмкіндік беретін жаңа мелиорациялық техниканы енгізу;
- топырақтағы тұз мөлшерінің артуына жол бермейтін вертикалдық дренажды қолдану.
Жерді мелиорациялау дегеніміз - құрғақ аудандарды суарып, батпақты жерлерді құрғату, жалпы жерді жақсарту. Қазақстанда батпақты жерлер жоқтың қасы, мұнда тек суару мелиорциясы орын алады. Осы мелиорцияны кең көлемде дамыту әр елдің техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Өңірлер бөлісіндегі жер алаңы Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша барлығы 3224931, 4 га, үлес салмағы пайызбен есептегенде 100-ге тең (2-кесте) .
Соңғы кездерде оңтүстіктің кейбір аймақтарында суармалы жер көлемінің көп төмендеуі байқалады. Мысалы, Шардарада 48 мың. га күріш, 15мың. га мақта және 28 мың. га мал азығына арналған өсімдіктер (жоңышқа, жүгері) өсірілсе, 1997 жылдан бастап, халық нарықтық заманына өткеннен бастап, өзін-өзін ақтайтын “ақ алтынды” егу шаруашылығына көшті. Сонымен қатар тағы айтылатын мәселе ол егіндік жерлердің біразы қысқарып кетуі. 2005 жылы Шардарада 63 мың. га жерге егін егілсе, 2005-2007 жылдары егін алқаптары 33 мыңға дейін қысқарып кетті. Қазіргі кезде 51 мың. га жерде дихандар жұмыс жасаса, оның 28 мың. га негізгі шаруашылығы мақта болып табылады. Бұрынғы көрсеткішке жету үшін әлі 12 мың. га бар. Оның себептері әр түрлі. Кейбір жерлерді су басып сорланып кетті. Бірақ, басты себеп бұл емес, Шардарада алқаптарының құрылысы бейімделген дақылдан халықаралық базар сұранысына ие мақта дақылына өтуде болып тұр. Мысалы, бүкіл әлемде күріш егу үшін мелиоративтік суару жүйесі қалыптасқан. Мұндай жүйе Шардарада бар. Мақта егуге өту үшін тек өндірісті өзгерте салу тек дұрыс шешім емес. Саланы түбегейлі өзгерту керек. Мысалы, күріш алқабы 3 га болады. Ал мақта егетін жер кемінде 50 га болуы керек және ол жер еңістеу болғанын қалайды.
Егіншіліктің жылжымалы жүйесі, яғни бір жер сорланып істен шықса, оны тастап екінші жерге егін егу практикасы көбірек орын алып келеді. Мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарды игеру үшін коллекторлы-керізді жүйелерді салу каналдар салу жобасында көрсетілуі тиіс. Сонда ғана біз суармалы жерлердің мезгілсіз сорлануына, батпақтануына жол бермей, ондай жерлерді баптап, қымбат бағалы дақылдарды егіп жақсы өнім ала аламыз [2] .
Аймақта суармалы егістікке жарамды жерлерді органикалық тыңайтқыштармен, соның бір түрі жасыл бактериялы тыңайтқыштарды қолдану арқылы алынатын өнімнің сапасын жоғары дәрежеге жеткізуге мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар (малдың көңі, құс саңырығы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер) кешенді тыңайтқыштар болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да кездеседі. Сондықтан олардың пайдасы екі жақты болып келеді. Республикамыздың оңтүстік аймағында егістік жерлерді қоректендіруде аммиак селитрасын беріп келеді. Сол кезде жер асты суларында едәуір мөлшерде нитрат болады. Азот тыңайтқышының осы түрін суға шашқанда егістерге оның құрамындағы нитрат бөлігі пайдасыз жоғалып, қоршаған ортаны ластайды (3-кесте) .
Егістігі бар шаруашылық санаттарының саны Оңтүстік Қазақстан аймағының кәсіпорындардың саны барлығы 2297, шаруа (фермер) қожалықтары 70705, жұртшылық шаруашылықтары 355127 (4-кесте) .
Суармалы жерлердегі егістіктің құрылымын жетілдіруде негізгі алға қоятын міндет - өнімділігі өте жоғары және суармалы егіншілікті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете алатын дақылдарды анықтап, таңдап ала білу керек. Суармалы егіншіліктің өнімін арттыру үшін дақылды өсіру технологиясымен сорттардың биологиясы және морфофизиологиясымен сәйкестендіру арқылы агротехникалық шаралар жетілдіріп өндіріске енгізілуі тиіс
Егіншіліктің мал шаруашылығынан басты айырмашылығы, ол отырықшылдыққа әкелді, тұрақты тұрғын үй салдырды өндірістің дербес саласы ретінде қол өнерді өркендетті. Егіншіліктің даму арқасында одан қолөнер бөлініп, өнеркәсіптің тікелей атасына айналды. Отырықшы егіншілік жағдайында жердің барлық құнды қасиеттерін қалпына келтірмейінше, адам еңбегін адам еңбегін жұмсамайынша нақты нәтиже бермейді. Алайда егіншілік қаншама қарабайыр болса да қоғамдық материалдық өндіріс мәніне ие бола алды. Егіншілік адам мен табиғат арасында жаңа қатынастарды орнықтырады. Ол жерден алғашқы сәттерде жасырынып жатқан материалдық игіліктердің көздерін табуға тиіс болды [3] .
1-кесте
Өңірлер бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқабының құрылымы
дәнді
және дәнді бұршакты
көкөніс
және
бақшалық
Оңтүстік Қазақстан
облысы
Картада дәнді және дәнді бұршақты дақылдар қызыл, техникалық дақылдар көк, картоп сары, көкөніс және бақшалық қызғылт, азықтық жасыл түспен бейнеленіп, диаграмма әдісімен көрсетілген.
2-кесте
Өңірлер бөлінісіндегі жер алаңы
Аудан бойынша бөлгенде жер алаңы ең үлкен Бәйдібек ауданында, Отырар ауданы, Сарыағаш ауданы, ең аз жер бөлігі Кентау қаласында. Пайызбен есептегенде Бәйдібек ауданында 13, 9 %, Отырар ауданында 13, 2%, Сарыағаш 10, 7%, Кентау қаласында 0, 4%.
3-кесте
Өңірлер бойынша егістік алаңы
бірлік
егістік
алаңы
барлық егістік алаңына
%-бен
Ордабасы
ауданы
Кәсіпорындар бойынша егістік алаңы пайызбен Шымкент қаласы 82, 9 пайызбен бірінші орында, екінші орында 60, 1 пайыз, егістік алаңының аз бөлігі 3, 2 пайыз Түркістан қаласында.
4-кесте
Егістігі бар шаруашылық санаттарының саны
барлы
ғы
одан егіс
тік
тері бар
лар
бар
лық ауыл шаруа шылы
ғы кәсіп
орын
дары
на
%-бен
барлы
ғы
одан егіс
тік
тері бар
лар
барлық шаруа (фер
мер) қожа
лық
тары
на %-бен
барлы
ғы
одан егістік
тері бар
лар
барлық жұртшы
лық
шаруа
шылығына %-бен
Оңтүстік Қазақстан
облысы
бірлік
Барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары %-бен Түлкібас ауданында 94, 8 Созақ ауданы 92, 9 пайыз, шаруа (фермер) қожалықтары Мақтаарал ауданында 100, 0 пайыз, жұртшылық шаруашылықтары Сайрам ауданында 97, 9 пайыз, Шымкент қаласында 20, 4 пайыз, яғни егістік жері аз.
1. 3 Мал шаруашылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz