Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Диплом жұмысы

Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы

Орындаған 4 курс студенті Досан Г. Н.

Ғылым жетекші Махмеджанова Л. Н.

Э. ғ. к., доцент

Нормо контролер Абдилова А. Ч.

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі Төлегенова М. C.

э. ғ. д., профессор

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . 3

1 ЖАҺАНДАНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БОЛОН ҮДЕРІСІН ҚОЛДАНУ

1. 1 Болон үдерісінің мәні мен мақсаттары . . . 6

1. 2 Болон үдерісі аясында жоғарғы оқу орындарының жаңа рөлі . . . 15

1. 3 Болон үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандырылуы . . . 27

2 БОЛОН ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

2. 1 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім

беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау . . . 38

2. 2 Болон үдерісіне сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық Университетіндегі оқу жүйесін оңтайландыру мәселелері . . . 45

2. 3 Еуропалық оқу әдістерін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

Университеті тәжірибесіне енгізу бағыттары . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72

КІРІСПЕ

Білім беру деңгейі - экономикалық ғылыми техниканың ең негізгі көрсеткіштерінің бірі екендігі белгілі. Білім беру мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының кепілі болып табылады. Білім беруде кідіріп қалу мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттық болашағына кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтанда білім беру және оны заманауи талаптарына сәйкес жүргізу қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелердің бірінен саналады. Осыған орай Елбасы Н. Назарбаев тәуелсіз мемлекетке «қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет» екенін атап көрсеткен болатын.

Жаһанданудың етек алуына байланысты әлемдегі өзгеруден, жаңа технологиялардан, білім берудегі соңғы тәсілдерден тысқары болудың мүмкін еместігін уақыттың өзі дәйектеп отыр. Оның үстіне бұрынғысынша білім беру экономиканы тежейтін тетіктердің бірі екендігіне көз жеткізіп келеміз. Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосылу екендігі баршаға мәлім. Дамыған елдердің қатарына қосылудың басты шарттарының әрі талаптарының бірі- бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау. Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында дамуымыздың тегершігі «парасатты экономика» негіздерін қалыптастыруды негіздей отырып, әуелі адами капиталымызды жасақтау қажеттілігін баса айтқан еді. «Бәсекеге қабілетті экономика бұл ең алдымен кадрлардың бәсекеге қабілеттігі» деген Президенттің тұжырымы осының дәлелі.

Терең білімді, жоғарғы білікті мамандар дайындауда бірқатар реформалар қажет екендігін республиканың қазіргі білім саласындағы деңгейі көрсетіп берді. Кеңестік кезеңнен қалған білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпей ары қарай даму екі талай екендігіне көз жеткізілді. Себебі кеңестік білім беру саласы батыстық білім әлеміндегі үдірістерден оқшау еді. Тіпті тоталитарлық биліктің темір құрсауы сыпырылып тасталғаннан кейін де өзге де ТМД елдері тәрізді постиндустриалды мемлекеттердің білім беру жүйесіне Қазақстан да бірден мән бере қоймады. Тек тоқсаныншы жылдардың соңына қарай білім берудегі сең болып сірескен консервативті әдіс-тәсілдердің орнына оқытудың жаңа технологиялары келе бастады. Германия «2000 жылға дейін білім», АҚШ «ХХІ ғасырдағы американдықтар білімі», Франция «ХХІ ғасырдағы білім моделіне ізденіс» тәрізді реформаларға қол созған уақытта Қазақстан дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім саласына назар аударып, бірқатар реформалар жүргізді. Солардың арасында «еурапаға ашырған терезе» арқылы Болон декларациясына қол қойды. Сол кезде осы шараны жақтаушылардан даттаушылар басым болған еді. Олар оқытудың кредитті жүйесіне енуді еуропалық түрдегі білімге бой ұру, ұлттық нышандардан жұрдай болу, дәстүрлі тәсілдерден бас тарту, жаһанданудың жағымсыз тұстарына жол ашу деп түсінді, осындай пікірді насихаттауға тырысты.

Бұл тарихи шындық. Алайда әлемдегі алпауыт елдермен терезесі тең, «Орталық Азияның барысына айналу» үшін Болон процесіне енудің қажеттілігі айқын көрінді. Оның үстіне Елбасының Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылы үкіметке «Еуропаға жол» арнайы бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берілген. Сонымен қатар Қазақсран 2010 жылы беделді еуропалық ұйым ОБСЕ-ге төрағалық етеді. Мұның өзі республика Еуроодақпен тығыз қарым-қатынас жасау дегенді білдіреді, яғни онымен тауарайналымын жақсартады, және сыртқы экономикалық байланыс орнатады. Ал мұндай байланыстар жоғары білімді, білікті мамандар арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Қазақстан азаматтарының білімдері сапалы, терең әрі заманауи талаптарына сәйкес келсе, онда мұндай қарым-қатынастарды жасауға Еуропа елдерінің алдында беделді мемлекет ретінде өзін көрсету қиынға түспейтіндігіне көз жеткізілді.

Болон процесінің өзі Еуропа елдеріне аса қажеттіліктен дүниеге келді, себебі соңғы жылдары Еуропа біртұтас экономикалық кеңістік құруға бет алып, айтарлықтай нәтижелерге жетіп келеді. Білім жүйелерінің ала-құлалығы, шашыраңқылығы экономикадағы біртұтастықты толыққанды етуге кедергі келтіруде, сондықтан да осы салада да интеграцияға қол жеткізу процестің басты міндеттерінің бірінен саналады. Болон процесінің мақсаты-еуропалық жоғары мектептің бәсекелестігін өсіру және азаматтардың жинақтылығын жоғарлату, оқу бітірушілердің жұмысқа тұру қабілеттігін арттыру бағытында 2010 жылға еуропалық кеңістігін құру. Болон процесі негізінде жоғары білімнің бірыңғай еуропалық жүйесі құрыла бастады. Соның ішінде еуропалық білімнің баулуын және бәсекелестігін көрсетуге, жоғарғы білімнің көпдеңгейлігін енгізуге, академиялық кредиттер жүйесін енгізуге, білім сапасын бақылауға студенттер мен оқытушылардың жинақтылығын кеңейтуге, студенттерді ортақтастырып оқытуға бағыттау қол жеткізілуде. Болон процесі Еуропа аймағындағы ғылыми зерттеудің деңгейін өсіру шараларына ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар қоғамдық жетістікте жоғары білімнің орнын куәландырады, сапаға жіті мән береді.

Болон процесі ерікті түрде құрылады және өзінің қатысушыларынан ештеңе қажет етпейді. Ол білім беру жүйесіндегі ашықтықты, сәйкестікті, түсініктілікті, бір жүйеден екінші жүйеге көшуді оңайлатып, білім алушыға мол мүмкіндіктер береді.

Болон процесіне ену Қазақстан үшін кездейсоқ оқиға болмады. Республиканың білім беру саласында біақатар алғышарттар жасалды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес және білімді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоғары білімнің үш сатылы жүйесі қарастырылған. Жоғары білім беруді бакалавриат, магистратура және PhD докторантура арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі кезде осындай көпсатылы білім беру еліміздің ұлттық сипаттағы жоғары оқу орындарында жүргізілуде. Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік технология бастапқы сатыда эксперимент түрінде енгізілсе, 2008-2009 оқу жылынан бастап академиялық кредит жүйесіне барлық университеттер мен институттар көшірілді.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министірлігі Республиканың Білім және ғылым министірлігмен бірге бакалавр біліктігі жеткілікті болатын қызметкер шеңберін анықтайтын номенклатуралық тізбе белгілеу жұмыстарын жүргізді.

Білім берудегі үш сатылы жүйені әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті де тәжірибенің аздығына қарамастан ендірді. «Көш жүре түзеледі» демекші алғашында көптеген қиындықтар мен түсінбеушіліктерді бастан кешірген оқу орны бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау ісінде жүктің ауыр жағы өзіне түсетіндігін түсініп, үш сатылы білім берудің оңтайлы әрі тиімді тұстарын меңгеруді қолға алды. «Әркімді заман сүйремек, заманды қай жан билемек»- деп ұлы Абай айтқандай заманауи талаптары университетте кредитті технологияның қыр-сырын ұғынып, шаш етектен келер түйіткілерді шешуге итермеледі. Шындығын айту керек, осындай күрделі мәселені шешуде университет құр алақан қалмады, әсіресе соңғы уақыттардағы нәтижелері қомақты. ҚазҰУ-дың Қазақстан және Орта Азия елдері бойынша танымал жоғарғы оқу орнына айналу- осының айғағы. Ендігі кезекте білімнің қара шаңырағы білім беруде халықаралық деңгейге көтерілуді көздеуде. Осындай мәреге жетуде басқарудың жаңа тәсілдері мен оқытудың қазіргі заманға сәйкес технологиялары кеңінен пайдаланылуда. Басқаларды айтпағанның өзінде консервативті ғылым саласы ретінде саналатын тарихнаманы оқытуда соны технологияларды, тың тәсілдерді қолдануға мән берілуде. Уақыт өткен сайын әрі кредитті технология жағдайында дәстүрлі сипатта дәрістер оқып, семинар сабақтарын жүргізудің салдары жоғары білікті маман даярлауға кері әсерін тигізетіні байқалды.

Болон процесінің қағидаларының бірі білімнің сапасын арттыру болып табылады. Осы бағытта университетті білім мен ғылымды ұштастыру шараларына ерекше назар аударылған. Бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау ісінде жүктің ауыр жағы өзіне түсетінін байқаған ҚазҰУ ғылыми зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін терең ұғынуда. Мамандардың кәсіби біліктілігі мен ғылымды дамыту үшін жалпы білім беру жүйесінде атқарылар қыруар жұмыстың басы жоғары оқу орындарында түйіседі. Сондықтан да жаңа технологияларды меңгеру тек сапалы білім берумен шектелмеуі тиіс. Университеттер, әсіресе ұлттық жоғарғы оқу орындары әртүрлі деңгейдегі ғылыми зерттеу орталықтарына айналуын еліміздегі экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдай талап етіп отыр. Бұл жайында Елбасы өз жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде талай рет айтып өткен болатын. Университеттерде ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханалары көп болған сайын олардың жұмыс нәтижелері сапалы білім беруге, бәсекелестікке қабілетті маман дайындаудың деңгейіне де ықпал етері сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде ҚазҰУ-да ғылыми орталықтардың қатарын көбейту қолға алынуда. Мұндай мәселелер Университеттің 2011 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарынан көрініс тапқан.

Қорыта келе, Болон процесіне ену бүкілеуропалық білім кеңістігіне кіру болып табылатындығын баса айтпақшымыз. Мұндай кеңістікке кіруден гөрі ұлттық білім беру үлгісін жасау қажет дейтін пікірлер де айтылуы ғажап емес. Ұлттық білім беру үлгісін қалыптастырудың қажеттілігіне уақыт өткен сайын көз жеткізіп келеміз, дегенмен жаһандану үрдістері етек алған тұста әрі білім берудің халықаралық деңгейіне жетуді мақсат еткен кезде Болон процесінде қарым-қатынас жасап, жұмыс істеу мәселесі көкейкесті бола туседі. Білім саласын заманауи талаптарына сәйкес жетілдіруде оқытудың иновациялық тәсілдерін ұстанудың маңызы арта түседі. Соны әдіс-тәсілдер білім сапасын арттыру бағытындағы тиімді жолдардың бірінен саналады. Сондықтан да әлемнің дамыған елдерінің қатарында қадам басу үшін озық тәжірибелерді дер кезінде енгізу қажет. Университеттердің Ұлы Болон хартиясында «Университет әртүрлі геогрфиялық және тарихи жағдайлардың нәтижесінде пайда болған, дербес ұйымдық құрылымы бар қоғамдарда қызмет атқарады және адамзат мәдениетін зерттеу мен оқытуды сыни көзқараспен қорытындылап, насихаттатып институт ретінде қалыптасады. Қазіргі әлемдік талаптарға сай болуы үшін өзінің зерттеу және білім беру қызметінде ол саяси және экономикалық биліктер рухани және ғылыми тұрғыда тәуелсіз болуы тиіс деп көрсетілген.

Олай болса біз өзіміздің бітіру жұмысымызда Болон үдерісі аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУдің әлемдік білім беру жүйесіне интегрциялану мәселелерін қарастырдық.

Бітіру жұмысы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімін Болон үдерісінің мәні мен мақсаттарына, осы үдеріс аясында жоғарғы оқу орындарының жаңа рөліне, Болон үдерісінің әдістемесін қамтамасыз етілуіне арналады.

Екінші бөлімде ҚазҰУ-дің білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын сараптау, Болон үдерісіне сәйкес ҚазҰУ-дегі оқу жүйесін оңтайландыру, батыстық оқу әдістерін ҚазҰУ тәжірибесіне енгізу мәселелері қарастырылады.

Бітіру жұмысының мақсаты-Болон үдерісі аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне қосылу мәселелерін жіктеп, сараптап, қажетті ұсыныстар әзірлеу.

Бітіру жұмысының міндеттері:

- Болон үдерісінің мәні мен мақсатын анықтау;

- Болон үдерісі жағдайындағы Университеттің жаңа рөлін көрсету;

- Болон үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін айқындау;

- Болон үдерісі аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу жүйесін талдау;

- Болон үдерісіне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу-әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттарын талдап жасауға ұсыныстар енгізу.


1 ЖАҺАНДАНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БОЛОН ҮДЕРІСІН ҚОЛДАНУ

  1. Болон үдерісінің мәні мен мақсаттары

Болон үдерісі Еуропалық елдердің білім министірлерінің 19 маусым 1999 жылы Болонда (Италия) қолы қойылған жоғарғы білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша декларация. Бұл декларацияда Еурапа елдерінің жоғарғы білім беру ұлттық білім жүйелерінің салыстырмалылығы мен үйлесімділігіне әкелетін негігі мақсаттар түзілді. Университеттердің Хартиясының штаб-пәтері ретінде Болон университетінің таңдалуы да кездейсоқ емес. Бұл- Еуропада 9 ғасырдан астам уақыт бұрын құрылған ежелгі университет, ол Италияда ғана емес, алыс шетелдерде де беделге ие. Болон университеті өзінің осындай салмақты атағына бай тарихи мұраларына ғана емес, сондай-ақ дана да, көреген философиясына байланысты қол

жеткізе алды. Болон туралы айтылғанда, оның еуропалық жоғары білім стандарттарын жасауға бағытталған халықаралық процеске атау берген символдары еске түседі. 1988 жылы университеттің 900 жылдығын мерекелеу күндері мұнда Еуропа жоғары оқу орындарының 388 ректоры бас қосып, алғаш рет университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Нақ осы құжат Болон процесіне негіз болды. Келесі, 1989 жылы әлемнің 29 елінің білім министірлері Еуропадағы жоғары білімнің бірыңғай аймағын құру туралы Болон Декларациясына қол қойды. Алғашында Болон Декларациясы ресми турде Еуропа Университеттерінің Ұлы Хартиясы ретінде танылғанмен, ол (Декларация) тез арада АҚШ, Латын Америкасы, Австралия мен Азияның көптеген беделді университеттерінен қолдау тапты. Содан бері интеграциялық процестің идеялары мен принциптері Еуропа шегінен асып, ғаламдық білім кеңістіктеріне тарап кетті.

Болон процесінің келесі қадамы - 1997 жылы қол қойылған «Еуропа аймағындағы жоғары білімге жататын біліктілікті(квалификция) мойындау туралы» Лиссабон конвенциясы болды. Конвеция мәдени, әлеуметтік, саяси, философиялық, діни және экономикалық алуантүрлілікті көрсететін Еуропадағы білім беру жүйесін бүкіл Еуропаның байлығы ретінде таныды. Сөйтіп, шетелдік дипломдар мен біліктілікті мойындау мәселелері бойынша университеттер құқықтарын, шеңберін кеңейтті.

Осы Конвенциясының арқасында білім беру саласындағы интеграция үдерісі жалпы еуропалық білім беру кеңістігінің қалыптасуына көшті. Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Конвенцияны жүзеге асыру құралы ретінде 1994 жылы ұлттық ақпарыттың орталық жүйесі-ENIC (European Network of National Information Centers on Academic Mobility and Recognition) бекітілді.

1998 жылдың 25 мамырында Сорбоннада Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания білім министрлері еуропалық жағары білім беру жүйесінің үйлесімділігі туралы Сорбон Декларациясын қабылдады. Декларацияда университеттерге континентті дамытуда негізгі рөлі жүктеліп, Еуропадағы жоғары білім беру кеңістігінің бірлігін жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Декларацияда үйлесімділіктің мысалы ретінде бірлескен дипломдар келтірілген. Министрлер Еуропа Одағына қатысушы мемлекеттерді және басқа да еуропалық елдері осы кеңістікке қосылуға шақырды.

Мұндай бірігу 1999 жылы 19 маусымда Болонья қаласында орын алды. Онда Еуропаның 29 елі Болон Декларациясына қол қойды. Бұл құжат Болон процесінің басталуы болды. Онда «Білім Еуропасы» (Европа знаний) континент өмірінің мойындалған әрі ажырамас факторы деп аталды.

Прага қаласында 2001 жылы 32 елдің білім министрлері қабылдаған Бірлескен бас қосуда 2010 жылға қарай Еуропада білім берудің бірыңғай кеңістігін құру жөніндегі міндеттемелер расталды. Осы бас қосуда жоғары білім берудің екі сатылы жүйесін енгізудің жағымды жақтыры да айтылған болатын. Оның 1-дәрежесі «бакалавр» (ағылшынша «bachelor»), 2-дәрежесі «магистр» (ағылшынша «master») деп аталады.

2003 жылы Берлинде Болон процесіне қатысушылардың саны 40-қа жетті, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы да бар. 2003 жылдың 18 қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ресми түрде Болон процесіне қатысушы елдердің қатарына енді. Бұл құжатқа сол кездегі университеттің ректоры қол қойған болатын.

Процестің 2010 жылға дейін жетуі қажет мақсаттары төмендегідей:

  1. ж жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты азаматтардың жинақтылығын(мобильность) дамытудың нақты бағыттары ретінде жоғары білім берудің еуропалық аймағын құру;
  1. ж Еуропаның зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру әрі нығайту;
  1. ж Еуропалық жоғары мектептің әлемдегі абыройын көтеру;
  1. ж Еуропалық мәдени құндылықтарды дамытуда университеттердің басты рөлін арттыру, өйткені, университеттерді еуропалық сананы алып жүруші ретінде қарастырады.

Мемлекеттер Болон Декларациясына өз еріктерімен қосылуда. Олар Декларацияға қол қойып, белгілі бір міндеттемелерді қабылдайды. Олардың бірқатарының мерзімі шектеулі.

  1. -2005 жылдан бастап Болон процесіне қатысушы- елдердің жоғары оқу орындарының барлық түлектеріне бакалавр мен магистр дипломдарына бірыңғай үлгідегі еуропалық қосымшаны тегін беруді бастау;
  1. -2010 жылға дейін Болон процесінің негізгі талаптарына сәйкес білім берудің ұлттық жүйесін реформалау.

Болон процесінің негізгі өлшемдері төмендегідей:

- жоғары білім берудің 3 сатылы жүйесі;

- ЕCTS-тің академиялық кредиті;

- ЖОО студенттерінің, оқытушыларының және әкімшілік персоналының

академиялық жинақылығы (мобильность) ;

Сонымен, Болон процесінің негізгі құжаттары мыналар:

- Университеттердің Ұлы хартиясы (Болонья, 1988 жыл) ;

- Лиссабон конвенциясы (1997 жыл) ;

- Болон декларациясы (1999 жыл) .

Осы және басқада жоғары білім берудің бірыңғай еуропалық кеңістігін құру туралы мәтіндердің ағылшын және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасын интернет желісінен табуға болады.

Процестің негізгі мақсаты - 2010 жылға дейін Еуропа елдеріндегі жоғары білімнің ұлттық білім бері жүйесін үйлесімге келтіру болып табылады.

Болон процесіне қатысу қажеттілігінің негізгі екі себебі бар. Олар:

1) соңғы он жылдықта жаппай жоғары білім алу- өте пайдалы табыс көзіне айналып отыр. Бірақ еуропалық жоғары оқу орындары АҚШ-тан қалып қойды, сөйтіп біраз шығынға ұшырады;

2) Еуропа Одағы асықпай, бірақ нық қадаммен бірыңғай мемлекет болу жолымен келе жатыр. Ортақ әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымдар бірыңғай еңбек рыногының дұрыс жұмыс істеуі үшін біртұтас білім беру жүйесінің болуын қалайды.

Бакалавр- кең профильді маман. Білім берудің бұл алғашқы сатысы- Болон процесінің басты эксперименттерінің бірі болды. Бұл эксперимент халыққа жаңа мамандық беріп, жаппай жоғары білім алуды арзандатуға бағытталған. Болон процесінің құжаттарында жұмыс беруші бакалаврды жоғары білімі бар тұлға ретінде жұмысқа алуға міндетті деп көрсетілген. Бірақ қазіргі уақытта бакалавр дәрежесі бар мамандарға жай ғана жоғары білім алудың бірінші сатысын аяқтаған тұлға ретінде қарау белең алып келеді.

Бакалаврдан кейінгі дәреже магистр деп аталады. Лиссабон конвенциясы мен Болон декларациясында студент бұл деңгейде білім алу үшін бакалавр біліктілігіне ие болуы керек деп жазылған. Бірақ магистрант дәрежесіне ие болу тәсілі ұлттық деңгейде анықталады.

Негізінен Болон процесі қатысушы- елдердің жоғары оқу орындарын тиісті салалар бойынша белгілі бір деңгейді қамтамасыз етуге міндеттейді. Сонымен бірге, Болон процесі тараған барлық жерлерде дипломдарды өзара мойындау міндетті емес. Лиссабон конвециясының ІІІ тарауына сәйкес кейбір елдердің біріне берілген дипломдарды міндетті түрде бағалау жүктеледі.

Процестің жетістігі- біліктілік иегері өз білімін тегін бағалауды талап ете алады, бірақ одан босатылмайды. Бағалау рәсімін қолайлы ету үшін «кредит жүйесі» (кредит-өтілген сынақтың бірліктері) және диплом қосымшаның бірыңғай формасы енгізіледі. Сонымен қатар Болон процесі студенттердің білім алуға жұмылуын да қамтамасыз етуін қарастырады, яғни курстың бір жартысы студент бір жоғары оқу орнында тыңдап, басқа жоғары оқу орнында сынақтан ешқандай шығынсыз өте алады. Сондай-ақ Болон жүйесінде бірнеше жоғары оқу орындарымен талқыланып жүзеге асырылған бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуда ұсынылады. Мысалы, бірқатар курстарды ғылыми дәстүрлерінің немесе жақсы материалдар базасының болуына байланысты басқа ЖОО жоғары сапада оқып-үйренуге болады.

Болон процесі білім сапасын тексерудің белгілі бір жүйесін ұсынады. Ол осы жоғары оқу орнында қажетті білімді алуға болады дегенді көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болон декларациясы контексі аумағында жоғары білімді реформалаудың негізгі құрылымдық элементтері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Қазақстанның Болон жүйесіне қосылуы
Қазақстандағы білім беру жүйесіне сипаттама
Туризм саласындағы мамандарды даярлау
Қазақстанның жоғары білім беру саласы және оны мемлекеттік реттеу жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz