Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
(6N0506-Экономика)
Орындаған
1 курс магистранты “”2010ж
(қолы)
Ғылыми жетекші “”2010ж
т. ғ. к., доцент (қолы)
Кафедра меңгерушісімен
қорғауға жіберілді “”2010ж
э. ғ. д., профессор (қолы)
Алматы, 2010
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің ерекшеліктері 5
1. 2 Қазақстан Республикасының экономикасындағы шағын бизнестің рөлі 8
1. 3 Шет елдердің шағын бизнесті дамытудағы тәжірибесі 11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестін дамуы мен қалыптасуы 19
2. 2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуын талдау 23
2. 3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қаржыландыруын талдау 32
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі 41
3. 2 Қазақстан Республикасының шағын бизнесті дамытудағы негізгі
бағыттары 48
3. 3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті инфрақұрылымды қолдау 61
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 74
КІРІСПЕ
Диcсертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр.
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Президенттің Жолдауында «Қазақстан азаматтарының молшылығының өсу шегі - мемлекеттік саясатының басты мақсаты» болып табылады, «Кәсіпкерлік секторын дамыту - бұл әрбір елдің экономикалық негізі» деген және шағын бизнес қалыптастыру мен дамыту әрбір мемлекеттің экономика саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл да әсіресе актуальды деңгейде, жай ғана шағын бизнес әлеуметтік функциясы туралы сөйлесу ғана емес, сонымен қатар оның қозғалтқыштың өзгеруі экономиканың дамуына және елдің экономикасын диверсификациялауға әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Жолдауында «2030 - Қазақстан стратегиясын дамыту» 11 қарашадан 1997 жылы белгілеп қойған. «Алғашқыда, 2010 жылдан, бізге қажет көп еңбек сіңіруді керек ететін саланы шоғырландыру, келешекте оның мүмкіндіктері мен бәсекелестікте орын алды. Бұл, реттік басымдылығы, ауыл шаруашылығы, орман және орман өндіру өнеркәсібі, жеңіл және азық - түлік өнеркәсібі, туризм, тұрмыстық-құрылыстың және инфрақұрылымды жасау. Осы салаларды дамыту, біз экономиканың құрылымды сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар тартымдылығын және кедейшілік сұрақтарын шешуде, қазіргі таңда өте маңызды». Елдің экономикасын дамыту үшін басты рөлді атқаратын шағын және орта бизнес болып табылады.
Бизнесті дамыту экономикамыздың өте маңызды рөлін атқарады, жоғары өсу қарқынды өнеркәсіп өнімді дамытады. Ол экономиканың негізгі инновациялық дамуын сипаттайды.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Диcсертациялық жұмысының мақсаты. Негізгі нақты оқып білу теория негізінде және іс-тәжірибе тәсілін басқару ҚР -ның шағын бизнестін мәнін ашып білу, оның негізгі келешек жолын тиімді дамыту болып табылады. Шағын бизнес кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолын зерттеу және бар ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР-дағы шағын бизнес секторының субъектілері мен олардың қызмет ету жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай - ақ осы
сектордың дамуындағы проблемаларды анықтау.
Диcсертациялық жұмысының міндеттері:
- Шағын бизнесті басқарудың негізгі теориялық тәсілінің мәнін жинақтап қорыту;
- Қалыптастыру кезеңін оқып білу негізінде республикадағы бизнестің қызметін және шетел тәжірибесінің негізінде шағын бизнесті қолдау жүйесі, ҚР-да оның даму мүмкіншілігін анықтау;
- Талдау нәтижесінде Қазақстанда бизнесті дамыту, оның жолдарын іздестіру проблемаларын шешу;
- Талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зерттеу арқылы ҚР-дағы шағын бизнес субъектілерін дамыту жолдарын, перспективаларын зерттеу.
- Қазақстанда бизнес құрылымын дамыту, оның негізгі жолдарының жетілдіруін анықтау;
- Ішкі резервтерін айқындау және шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдау.
Диcсертациялық жұмысының маңыздылығы . Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай - ақ бұл бітіру жұмысында тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша ұсыныстар ұсынумен анықталады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының шағын бизнестері, ал субъектісі кәсіпкерлік қызмет болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Диcсертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диcсертациялық жұмыстың көлемі 76 бет, 17 кестеден, формуладан, 16 суреттен тұрады.
Кіріспеде тақырыпқа сай өзекті мәселелер анықталуда, алдарына мақсаттар мен қалыптасу міндеттер қойылуда, объект және субъект зерттеулері, сонымен қатар теориялық және әдістемелік бағыттар зерттелді.
Бірінші бөлімде бизнестің қалыптасуы және дамуы зерттелді, экономикалық маңызы анықталды және бизнестің мазмұны, жұмыс істеу барысы, шетел тәжірибесі жан-жақты қарастырылды.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің жағдайына талдау, бағалау жүргізілді және экономикада шағын бизнесті инфрақұрылымдық қолдау мәселелері зерттелді.
Үшінші бөлімде Қазақстанда шағын бизнесті дамытудың ұйымдастыру-экономикалық бағыттары ұсынылды, мемлекеттік қолдау қажеттілігі айқындалды.
Қорытындыда нәтижені шығару және зерттеу жұмысы бойынша ұсыныстар берілді.
1 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Қазақстан Республикасында шағын бизнес түсінігі мен ерекшеліктері
Шағын бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «кәсіп» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған. Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеоф Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпорынның анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын кәсіпорын, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер-өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес-бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : «кәсіпкерлік-азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».
Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін-бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бір-біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987) мәліметтері бойынша шағын кәсіпорындарда қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп [18] .
Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыса алу мүмкіндігі.
Шағын бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын бизнес қызметіне жатады.
Шағын бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
- Қазақстан Республикасының экономикасындағы шағын бизнестің рөлі
Әлемдік тәжірибе шағын бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын бизнес субъектілері маңызды рөлі ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді [15] :
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету, шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы, шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- жалға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату.
Осы барлық аталған және басқа да шағын бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын бизнестің рөлін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды [14] .
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы) .
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал-жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан әрі кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік-ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар әрі қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдау аясын кеңейтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру[16] . .
1992 - 1996 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы - 5, 2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 - шағын кәсіпорындар, және 59244 - қызмет етуші кәсіпорындар болды.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz