Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен аудиті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Коммерциялық банктерде несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
1.1. Несиелік процесстің кезеңдері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Тұтыну несиесінің жіктелімдері және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Тұтынушыларға несие беру және алған несиені қайтару тәртібі ... ... ... 16

ІІ «АЛЬЯНС БАНК» АҚ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 «Альянс банк» АҚ экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ...23
2.2 Банк несие беру және қайтару есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Банк несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі ... ... ... ... ... ...39


ІІІ БАНК НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.2 Банк несиелер есебінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
3.3 Халықты несиелендіру жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
Банк дегеніміз – ақша құралдарын таратуға және қайтарылымдылық, төлемділік, жеделділік шартымен тарату үлесін жүзеге асыру үшін құрылған мекеме болып табылады. Банктер ақша салымдарын қабылдап, таратады, несиені беріп, кассалық қызметпен қатар, әртүрлі қызмет көрсетеді. Бұл операциялар теңгемен де, шетел валютасымен де жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар банктер материалдық құндылықтар мен сауда жасап оны өндіру қызметіне тыйым салады. Қазақстан Республикасының банк жүйесі соңғы жылдары қайта құру үрдісінде банк қызметіндегі халықаралық стандартқа көшті. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банктер өз клиенттері есебінен кассалық қызмет, несиелеу, түрлі халықаралық операция, бағалы қағаздар келісімі, депозиттерді тарату, құжаттарды сейфте сақтау және тағы басқа қызметтер көрсетеді.
Бүгінгі таңда бұл диплом жұмысының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Оның өзектілігі, ең біріншіден, мемлекет экономикасының қарқынды дамуы. Ол өз орнымен банк саласының ролі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп – шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Ал тұтынушылар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін несиелер. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз – біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, несиелік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен
Елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісінің дамуына жаңа кезең ашып отыр. Нарыққа көшу жағдайында ерекше өзекті мәселе банк дамуының перспективтік мәселелеріне аударылып отыр. Алға қойған міндеттердің шешімі Қазақстан Республикасының және басқа да шетел банктерінің құрылымының тәжірибелік негізін зерттеу, сонымен қатар тәжірибеде тиімді, прогрессивті нысандар мен әдістерді ендіру болып табылады. Бұл зерттеліп отырған жұмыстың көкейкесті мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары қаржы нарығының құрылымының қарқынды даму үрдісі жүрілуде – яғни, ақша нарығы және капитал нарығы. Соңғысының дамуы өзара байланысты жинақ мобилизациясы мен құралдарды инвестициялау үрдісін жетілдірусіз мүмкін емес. Жинақ-табыс пен тұтылу арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және жеке бөлім).
2. «Салық және басқа да бюжетке төленетін міндетті төлемдер туралы»
№ 2235 2010 ж.
3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңы 19 шілде, 2010 ж.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 10.06.98 ж. №415-2 13.05.2010ж.
5.«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-сының заңы. №276 24.12.2004ж. (толықтырулар мен өзгертулер)
6. «Ұлттық банк туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 30 наурыздағы № 2155 (толықтырулар мен өзгертулер) 2010ж
7. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, № 2444 01.12.2005ж. (толықтырулар мен өзгертулер) 2010ж
8. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.02ж. (толықтырулар мен өзгертулер) 2010ж
9. Правила предоставления займов физическим лицам в АО «Народный банк Казахстана» №389 15.09.2005 г. 13.01.2006 г.
10. Положение об отделе – Центр Персонального Сервиса Алматинского Областного Филиала АО «Альянс банк» (толықтырулар мен өзгертулер) 2010ж
11. Должностная инструкция менеджера Отдела – Центр персонального сервиса Алматинского Областного Филиала АО «Альянс Банк»
12. Банковское дело/ подред. д.э.н., профессор Г.Г.Коробовой, Москва, "Экономист", 2009.
13. Банковсое дело / Колесникова В.И. – М.: Финансы и статистика, 2010.
14. Банковсое дело / Лаврушин О.И. – М.: Финансы и статистика, 2008.
15. Банковсое дело / Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2009.
16.Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане //Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2001.
17. Калиев Г.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2000.
18. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюталық қатынастар. – Алматы: Экономика, 2000.
19. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2009.
20. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Экономика және қаржы» – Алматы, "Мектеп" 2009ж.
21. Большой экономический русско – казахский словарь. Қалдыбай Бектаев – Алтын Қазына: Сөздік Словарь, 2008ж.
22. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.
23. Банки Казахстана: Справочно – аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 1999.
24. Дюсембаев Н.М. Перспективы развития ипотечного кредитования в Казахстане /Банки Казахстана: Справочно-аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 2010. – № 1.
25. Рамазанов С. Скоринговое кредитование в Казахстане. // Банки Казахстана, № 5, 2010.
26. Елубаев Ж. Как защитить кредитные средства. – Алматы, 2010. – № 1.
27. Блинова К.В. Микрокредиотование и развитие микрокредитных организаций в Казахстане /Банки Казахстана: Справочно – аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 2011 – № 1.
28. Кредитная политика АО «Альянс Банк »

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қорғауға жіберілді
Аудит және қаржылық есептілік
кафедрасының меңгерушісі:
э,ғ.к., доцент Нургазиева Л.А.
№_____ хаттама ______ ____2011ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен
аудиті

5В050800 - Есеп және аудит мамандығы

Орындаған:
2 курс, 202топ
студенті _____________
Желдибаева Жанар
студенттің қолы
студенттің аты-жөні

Ғылыми жетекші: _______________ Цагаанхуу К.

аға оқытушы жетекшінің қолы
жетекшінің аты-жөні

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Коммерциялық банктерде несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері
мен ерекшеліктері
1.1. Несиелік процесстің кезеңдері мен мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Тұтыну несиесінің жіктелімдері және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Тұтынушыларға несие беру және алған несиені қайтару тәртібі
... ... ... 16

ІІ АЛЬЯНС БАНК АҚ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1 Альянс банк АҚ экономикалық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ...23
2.2 Банк несие беру және қайтару
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .28
2.3 Банк несие бойынша пайыздарды есептеу және алу
есебі ... ... ... ... ... ...39

ІІІ БАНК НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қарыз алушының несие қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 48
3.2 Банк несиелер есебінің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.65
3.3 Халықты несиелендіру
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 80

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..82

К І Р І С П Е

Банк дегеніміз – ақша құралдарын таратуға және қайтарылымдылық,
төлемділік, жеделділік шартымен тарату үлесін жүзеге асыру үшін құрылған
мекеме болып табылады. Банктер ақша салымдарын қабылдап, таратады, несиені
беріп, кассалық қызметпен қатар, әртүрлі қызмет көрсетеді. Бұл
операциялар теңгемен де, шетел валютасымен де жүргізілуі мүмкін. Сонымен
қатар банктер материалдық құндылықтар мен сауда жасап оны өндіру қызметіне
тыйым салады. Қазақстан Республикасының банк жүйесі соңғы жылдары қайта
құру үрдісінде банк қызметіндегі халықаралық стандартқа көшті. Қазіргі
кезде Қазақстан Республикасының банктер өз клиенттері есебінен кассалық
қызмет, несиелеу, түрлі халықаралық операция, бағалы қағаздар келісімі,
депозиттерді тарату, құжаттарды сейфте сақтау және тағы басқа қызметтер
көрсетеді.
Бүгінгі таңда бұл диплом жұмысының тақырыбы өзекті мәселелердің бірі
болып саналады. Оның өзектілігі, ең біріншіден, мемлекет экономикасының
қарқынды дамуы. Ол өз орнымен банк саласының ролі болып табылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп –
шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген
кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру
үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Ал тұтынушылар үшін тұтыну
тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық
(бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарларды
сатып алу) және банктік тұтыну (мақсатына қарыздар) формада берілетін
несиелер. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы
қажет, яғни ол дегеніміз – біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы
несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен
бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, несиелік процесті
ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен
Елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісінің дамуына жаңа
кезең ашып отыр. Нарыққа көшу жағдайында ерекше өзекті мәселе банк дамуының
перспективтік мәселелеріне аударылып отыр. Алға қойған міндеттердің шешімі
Қазақстан Республикасының және басқа да шетел банктерінің құрылымының
тәжірибелік негізін зерттеу, сонымен қатар тәжірибеде тиімді, прогрессивті
нысандар мен әдістерді ендіру болып табылады. Бұл зерттеліп отырған
жұмыстың көкейкесті мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары қаржы нарығының
құрылымының қарқынды даму үрдісі жүрілуде – яғни, ақша нарығы және капитал
нарығы. Соңғысының дамуы өзара байланысты жинақ мобилизациясы мен
құралдарды инвестициялау үрдісін жетілдірусіз мүмкін емес. Жинақ-табыс пен
тұтылу арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Зерттеу пәні банктік несие және қарыз қаражатының теориялық,
әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.
Жұмыс тақырыбы бойынша қолданылған зерттеу әдістерін ашуда несие және
қарыз қаражаттар есебі бухгалтерлік есептің нормативті құқықтық реттелуінің
деңгейінің бірі болып табылатындығымен және де несие есебін тиімді
жүргізуде талап етіледі. Бұл жерде жеке зерттеуі бойынша қорытынды және
ұсыныстары көрсетілген.
Ғылыми жаналық– бұл банктің тек бір ғана мақсаты емес, сонымен қатар
банктер қаржы ресурстарының табыстылығы мен леквидиттілігінің көкейкесті
жарасымдылығы, банктер репутациясын қолдау және құруды мақсаттайды. Өз
кезегінде банк танымалдылығының жақсы репутациясы клиенттер санына әсер
етеді. Клиентурамен қарым- қатынас банк өнімдері сату-сатып алу үрдісінде
пайда болды. Оларға – несиені ұсыну, депозиттік шоттардың ашылуы, шығарылым
операциясы, бағалы қағаздарды сату – сатып алу, валюталық қатынастар,
есептеу операциясы, және сонымен қатар трасстік қызметтер бағалы заттарды
сақтау және тағы басқа жатады. Кең клиентурамен банк операцияларын жасау
әлемдегі барлық елдегі дамыған несие жүйесін иеленген қазіргі банк
қызметінің маңызды ерекшелігі болып табылады.
Дипломдық жұмыс бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының алдағы
коммерциялық банктер рентабильдігін көтеру үшін бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін, табыс базасын кеңейту үшін клиенттерге қызметтер мен кең
операциялар орындауға ұмтылады. Банк операцияларының тиімді екенділігі ішкі
жинақтарды мобилизациялауға ықпал етуі керек. Банк қызметтеріндегі
бәсекелік жағдай банк қызметінің сандық және сапалық сипатына әсер етеді.
Қарқынды дамып жатқан ақпараттық технология ғасырында классикалық банк
концепциясын пайдалану және жаңа технологияларға назар аудармау
банкроттыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық банктер жаңа қызметтерді
еңгізіп ескі технологияларды жаңартуға көп назар аударып отыр. Жаңа
қызметтерге пластикалық қызметтер, банкаралық электрондық есептер қаржы
нарығын әлемдік интернет тармағында жетілдіру және тағы басқа.
Халыққа дәстүрлі банк қызметін ұсынумен қатар, қазіргі банк
институттары біздің елде электрондық қызметтер көрсетілуде. Оған
пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есептеулер, қаржы нарығын
әлемдік интернет тармағында жетілдіру жатады. Клиенттер тапсырысы бойынша
маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, трасттік ақпараттық –
анықтамалық, консультациялық, қор және тағы басқа қызметтер жүргізеді.
Халыққа қызмет ететін банк рөлін белсендіру маңыздылығы аз шығындар мен
максималды тиімділікке жету банк қызметінде клиенттер қажеттілігін
қанағаттандыру жеке тұлғалардың сапасын жақсарту, банк қызмет спекторын
кеңейту және өзіндік құнды төмендету болып табылады.
Жоғарыда айтылғандар нарық жағдайына көшудегі менің дипломдық
жұмысынның мәселесі болып табылады. Бұл жұмыстың теоретикалық және
тәжірибелік негізі біздің елдегі және шетелдегі экономистер зерттеулерінің
материалдары, Қазақстан Республикасының және батыс елдеріндегі коммерциялық
банктердің жұмыстарындағы талдау үрдісіндегі материалдар, статистикалық
және кезеңдік басылымдардан алынған материалдар жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстық мақсаты Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық банктердің несие, қарыз қаражаттар есебі
болып табылады. Диплом жұмысының мақсаты – банктің несие процесінің
жетілдіру жолдарын анықтап, банк жұмысының нәтижесін жоғарылату. Сонымен
қатар халыққа неғұрылым оңай жолдармен түрлі мақсаттарға несие беру.
Клиенттердің несиеге қабілеттілігі банктердегі автоматтандырылған
үрдістерді талдау. Банк қызметтерінің нарығында пайда болатын мәселелерді
шешу жолдары қарастырылған. Сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
- коммерциялық банктер қызметіндегі теоретикалық аспектілерімен
танысу;
- коммерциялық банктер несие есебінің тәжірибесіне талдау жасау және
бағалау;
- банк қызмет нарығындағы несие операциялардың даму бағытының негізін
анықтау;
- банк қызмет нарығында пайда болған несие мәселелерді қарастыру және
оны шешу жолдарын анықтау.
Жұмыстың методологиялық негізіне Қазақстан Республикасының Үкіметінің
заңдық және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
заңдарының нормативтік актілері, Қазақстан Республикасының Статистика
Агенттігінің статистикалық материалдары кіреді. Жұмыс үрдісінде жалпы
ғылыми, статистикалық және экономикалық математикалық әдістер қолданылды.
Сонымен қатар, банктер түрлі жолдармен потенциалды клиенттерді тарту
мақсатымен, яғни несие бағдарламалардың түрлерін алмастырып, бірінші салым
сомасын төмендету, несие мерзімін ұзартып, пайыздық мөлшерлемелерді
төмендету. Банктер жеке тәуекелдеріне қарамай, өтінішті қарастыру
процедурасы мен клиенттерге жеңілдіктер жасауда. Осыған орай, соңғы
жылдарда банктің өнімдерін басқару қаржылық нарықта жетекші орын алады.
Банк жүйесі нарық экономикасында келесі міндеттемелерді орындайды:
1.Төлем жүйесін басқару: коммерциялық келісімдердің көбісі, нарық
экономикадағы субъектілердің қаржыларын қайта бөлу жолымен іске асырылады;
2.Халықтық жинақтарын тек оптималды пайдаланылатын несие алушыларға
береді: банк жүйесінің бұл процедурасын дұрыс жүзеге асыру – инвестициялық
процесінің тиімділігін анықтайды.
3.Банк айналымындағы ақша мөлшерін реттейді. Ол Ұлттық Банктің ақша –
несие саясатының сәйкесінше жүзеге асырылады.
Диплом жобасының зерттеу объектісі – Альянс банк Акционерлік
қоғамы.

І Коммерциялық банктерде несиелеуді ұйымдастырудың теориялық
негіздері мен ерекшеліктері

1.1. Несиелік процесстің кезеңдері мен мазмұны

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінен банкті ашу
туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда
ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, Қазақстан Республикасында
банктер және банктік қызмет туралы.
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына,
қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен
қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол
бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның
тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми – техникалық
деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа
түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы –
материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін
берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын,
сауда қарым – қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды
жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі
қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк
қарыз алушымен келісім – шарт жасасады. Бұл келісім – шартта несие процесі
туралы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы,
сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі. Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық,
төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі.
Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі
элементтерді қарастырады:
– несиелеу объектілері;
– несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
– қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің
жақсаруына үлесі;
– қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
– қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл,
кепіл зат, өкілділік және т.б.);
– несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға
ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
– несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған
жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді
несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісімшарт жасасу;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Ал, енді сол кезеңдерге жеке – жеке мағынасын ашып, тоқталып өтелік:
1 кезең: Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі
топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі
құжаттар пакетінің құрамына кіретіндер:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді
пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және
клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың ретабельділік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық – экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатыға арналған шарттар,
тауарлы – материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с.);
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжат;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін
есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты – жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен –
жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері;
негізгі құрылтайшылары: ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі;
соңғы есептік күнге берілетін баланс құрылымы және басқа да көрсетіледі.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық – экономикалық есеп негізінде жасалады.
2 кезең: Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді [ 18, 19 ].
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:
1) несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын
Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиісті;
2) қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сонымен
қатар, келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы
түсіндіріледі;
3) табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3 кезең: Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу
Қазіргі несиелеудің басты ерекшеліктері бойынша банк қарыз алушының
несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін
несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық
сұрақтарды банк пен қарыз алушы арасындағы келісімшарт шешеді.
Несиелік келісімшарт екі контрагенттің өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
– несиелеу мақсаты және объектісі;
– несиенің мөлшері;
– несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
– несиені қамтамасыз ету формасы;
– несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
– несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау
үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
– несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың
орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл
затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар
жатады.
4 кезең: Несие беру кезеңі
Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша
құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді
ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші –
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады (мысалы, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
5 кезең: Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі
Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану
ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары
болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақтауының және несиеге деген есеп
айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды Мерзімі өткен несиелер шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы кейінірек төменгі бөлімдерде
тоқталамын.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша
үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің
шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және
ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары
арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім – ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды
және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай – ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Пайызды есептеу барысында әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының 3
түрлі моделінің бірі қолданылады. Қазақстан Республикасында Халықаралық
Валюталық Қордың ұсынысы бойынша уақыт базасының англо – саксон моделі
қолданылады (уақыт базасы 365 күнге тең, ал әрбір айдағы күндердің саны
нақты күнтізбе бойынша есептеледі).
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені
пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз
алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет
болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп ейырысу құжаттарын,
бухгалтарлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз
алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар,
сондай – ақ басқа да көздер пайдаланылады. әрбір банктің өзінің клиенттің
несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз
алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы
ескерту жасауға; несиелік шартында қарсатырылғандай беруді тоқтатуға құқығы
бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған
жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін
мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. өйткені банктің несиелік
портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы
тәуекел көзі болып табылады.

1.2. Тұтыну несиесінің жіктелімдері және оның түрлері

Тұтыну несиесі – халыққа тұрғын үй, көлік құралдырын сатып алу,
жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т.б. үшін
берілетін несие.
Біздің елімізде халыққа ұсынатын ссуданы тұтыну ссудасы деп атайды.
Ұсынылатын ссуданың яғни несиелеу объектісінің мақсатына қарай тұтынудың
сипаты анықталады. Тұтыну ссудасына кез келген халыққа ұсынылатын ссуда
түрлері, соның ішінде ұзақ мерзімге қолданылатын тұтыну тауарлары
ипотекалық ссуда, өте қажетті жағдайларда алынатын ссудаларды жатқызуға
болады.
Тұтыну несиесі несиелік мәміленің субъектісіне, мақсатты
бағыттылығына, қамтамасыз етілу түрлеріне, ұсынылу әдісіне, өтелу
мерзімінің тәсіліне және мерзіміне қарай классификацияланады.
1. Несиелік мәміленің субъектісіне қарай (кредитордың түріне қарай)
1. банктік несиелік ссуда;
2. сауда ұйымдарымен жеке тұлғаларға ұсынылатын ссудалар;
3. банктік емес несиелік мекемелердің тұтыну несиелері олар: ломбарттар,
прокатқа беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары,
зейнетақы қорлары және т.б.
4. жеке тұлғалармен жеке тұтыну ссудасы;
5. жұмыс істейтін кәсіпорын немесе ұйыммен берілетін тұтыну ссудасы;
2. Несиені алушылардың түріне қарай
2.1.халықтың жіктелуіне қарай;
2.2.әр түрлі әлеуметтік топтарға берілуіне қарай;
2.3.төлеу қабілеттілігі және табыс деңгейіне қарай;
2.4.студенттерге және т.б.
3. Мақсатты бағыттылығына қарай ссудалар білімге несие, бағалы қағаздар
кепілге қою арқылы несие, ипотекалық несие және мақсатсыз ссудалар;
овердрафт, өте қажетті игіліктерге берілетін ссудалар.
4. Қамтамасыз етілуіне қарай
4.1.қамтамасыз етілген;
4.2.қамтамасыз етілмеген.
Қамтамасыз етілуге кепіл, кепілдік, кепіл болушылық, сақтандыру полисі
жатқызылады. Тұтыну несиесіне көбінесе банктер кепіл және кепіл болушылықты
артық көреді. Кепілге: әр түрлі активтердің түрлері, соның ішінде тауарлы
материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлік жатады. Бұл
несиенің төлем қабілеттілігін бағалай отырып ссуданы уақытында өтей
алмаушылыққа деген тәуекелді төмендетеді.
5. Ссуданың ұсынылуына қарай
5.1.біртекті;
5.2.қайта қалпына келтіруге болатын.
Қайта қалпына келтіруге болатын несиелерге несиелік карта бойынша
берілетін несие немесе овердрафт формасында активті – пассивті шоттар
бойынша берілетін несиелер жатады.
6. Тұтыну ссудасын мерзімдік несиелеуіне қарай
6. 1.қысқа уақыт мерзімді 1жылға дейін;
6.2.орта уақыт мерзімді 3 – 5 жыл аралығында;
6.3.ұзақ уақыт мерзімді 3 – 5 жылдан жоғары;
7. Ссуданың өтелу әдісіне қарай
7.1.бөліп төлеуге берілетін несиелер;
7.2.бөліп төлеуге берілмейтін несиелер;

Қарыз алушының типтеріне байланысты:
- өндірістік кәсіпорынға берілетін несиелер;
- ауылшаруашылық кәсіпорындарға берілетін несиелер;
- қаржы секторының құрылымына берілетін несиелер;
- жеке азаматтарға берілетін несие;
- үкімет органдарына берілетін несие;
- сауда-саттық кәсіпорындарына берілетін несие және т.с.с.
Қамтамасыз ету нысанына байланысты:
- қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілмеген;
Мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін )
- ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
Несиені беру тәртібіне байланысты:
- клиенттің арызы негізінде;
- несиелік желі шеңберінде;
Несиені қайтару тәртібіне байланысты:
- бір уақытта тұтас өтілетін несие;
- өтелуін кейінге қалдыру арқылы несиені өтеу;
Несиенің валютасына байланысты:
- ұлттық валютада берілетін;
- басқадай валютада берілетін;
- бірнеше валютада берілетін;
Несиелік пайыздық ставкасының түріне байланысты:
- тұрақты пайыздық ставка;
- өзгермелі пайыздық ставка;
Несие берушілердің санына байланысты:
- бір банктен берілетін несиелер;
- параллельді несиелер
Несиенің мөлшеріне байланысты:
- ірі несиелер;
- кіші (шағын) несиелер болып жіктеледі.
Міне әлемдік банктік тәжірибеде несиелерді осындай белгілері бойынша
жіктейді.
Несиенің осындай белгілері арқылы жіктелуі оны жан-жақты қарастырып,
оның мазмұнын толық ашуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй құрылысы саласында ипотекалық несиелеуді жандандыру
мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында ұзақ
мерзімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және ипотекалық несиелеу жүйесін
дамыту тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Қазақстан ипотекалық компаниясы
құрылды, оның негізгі міндеті ипотекалық облигацияларды қайталама нарыққа
шығару және орналастыру жолымен екінші деңгейдегі банктерді қайта
қаржыландыру болады.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелерін
экономика салалары бойынша келесі кестеден көруге болады:

1- Кесте - 2010 жылдың 1- қаңтарына екінші дейгейдегі банктердің
экономика салалары бойынша берілген несиелер
Экономика 2008жыл 2009жыл 2010жыл
салалары
Сома, Үлес Сома, Үлес Сома, Үлес
млн.тенге салмағы млн.тенге салмағы млн.тенге салмағы
Экономиканың 672407 100 978128 100 1 484 294 100
барлық салалары
бойынша,
барлығы
соның ішінде
Өнеркәсіп 230786 34,3 273486 28,0 289 602 19,5
Ауыл 76717 11,4 117354 12,0 125 207 8,4
шаруашылығы
Құрылыс 42700 6,5 75178 7,7 158 984 10.7
Көлік 20262 3,0 31453 3,2 56 229 3,8
Байланыс 12777 1,9 7730 0,8 19 670 1,3
Сауда 197846 29,4 276892 28,3 398 695 26,9
Басқалар 91318 13,5 196035 20,0 435 907 29,4
Ескерту – статистикалық мәліметтері негізінде автормен бірге құрастырылған

Кестеден көрінгендей, екінші деңгейдегі банктерде экономика
салалары бойынша негізгі үлесті сауда құрайды (26,9%), екінші орында
өнеркәсіп саласы (19,5%). Жалпы берілген несиелер көлемі соңғы үш
жылда тек қана өсу жағына қарай өзгеріп отырғанын көреміз. Мысалы,
өнеркәспке берілген несиелер сомасы 2009 жылы 2008 жылмен қарағанда
1,4 есе өсіп, 672407 млн.теңгеден 978128 млн теңгеге дейін өсті, ал
2010 жылы 2009 жылмен салыстарғанда 1,5 есе өсіп 1484294
млн.теңгеге жетті.
Несие алушылар банк несиелерінің көп бөлігін айналым капиталын
толықтыру үшін пайдаланады. Банктердің несие беру объектілері бойынша
несиелер көлемдерін 1-қосымшадан көруге болады.
2010 жылы несие алушылар айналым қаражаттарын сатып алуға
экономикаға барлық банктік несиелердің 40,7 %-ін жұмсады, ал негізгі құрал-
жабдық сатып алуға 12,4 %-ін ғана жұмсады (2008 жылы 11,9 %). Банктердің
портфеліндегі жаңа құрылыс және объектілерді жаңартуға арналған
несиелердің үлесі көп емес (10,3%). Ұзақ мерзімді инвестициялау негізінен
банктердегі ұзақ мерзімді ресурстардың жетіспеуінен де несиелеудің жоғары
тәуекелінен де бөгеліп отыр.
Ел экономикасының қалыпты дамуы, теңге бағамының тұрақтануы және
инфляцияның төмен болуы, сондай-ақ индикативтік көрсеткіштіктің төмендеуі
жағдайында банктік несиелер бойынша қайта қаржыландыру, нарықтық ставкалар
біртіндеп төмендетті. Жылдың бас кезімен салыстарғанда желтоқсанда заңды
тұлғаларға берілген теңгелік несиелер бойынша орташа өлшемді сыйақы
ставканы жылдық 18,1%-тен 16,2%-ке дейін, валюталық несиелер бойынша жылдың
217,4 %-тен 15,7%-ке дейін төмендеді.
Негізінен қарыз алушыға несие белгілі бір несиелік процесс жүзеге
асырылғанда ғана беріледі. Несиелік процесс дегеніміз- банкпен қабылданған
және белгілі бір тәртіпте орналасқан несиелік қатынастарда жүзеге асырудың
әдістері мен тәсілдері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу процесі
арқылы елдің қаржы яғни несиелік проект бойынша барлық аналитикалық
жұмыстарды жүзеге асырады.
Ірі несиелер әдетте несиелік комитетпен қарастырылады. Оны жиналыста
немесе отырыста экономикалық және заң мәселелері жасалынады, қарастырылатын
сұрақтар бойынша ақырғы шешім қабылданады, несиелеудің нақты шарттары
жасалады.
Несиелеу процесі келесі сатыдан тұрады:
- Несие беру жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізу және құжаттар ұсыну;
- Несиелік қабілетті анықтау;
- Несиелік келісім шарт;
- Несиені беру және қайтару;
- Несиенің мақсаттылығын және өтелуін бақылау.
Бірінші саты. Несие беру жөнінде келісім сөздер нақты шешім
қабылданғанға дейін жүргізіледі. Бірақ бұл жерде әртүрлі жағдайлар болуы
мүмкін. Дамыған нарықты қатынастар үшін нақты жағдай- бұл банк клиенті өз
өнімін ұсыну үшін іздейді. Банктік қызметтер нарығын, потенциалды
клиенттерді зерттеу, оларға қарым қатынас жөнінде ұсыныстар жасаған кезде
болатын жағдай бұның барлығы несие туралы нақты ұсынысқа дейін
қарастырылады. Басқа жағдай - отандық тәжірибе. Бұнда несие кәсіпкерлерден
бастап өкімет органдарына дейін керек, банк клиентті іздемейді, керісінше,
клиент өзін құтқаратын несиені алу үшін банкті іздейді. Бұл дайындық
сатының процесі, одан кейін оның екінші бөлігі клиенттер банкке несие алу
үшін қажетті құжаттарды өтінішімен қоса тапсырады. Несиені алу үшін қарыз
алушы банкке жазбаша түрдегі арыз ұсынады. Онда мыналар көрсетіледі:
несиенің мақсаты, сомасы, өтелу мерзімі және несиеленетін объектінің
қысқаша сипаттамасы.
Несиелік қарыз алушы мына құжаттарды ұсынғанда жүзеге асырылады:
Несиеленетін кәсіпорынның техникалық негізделуі, ол мынаны жағдайды
есепке алу керек:
- арыз берушінің қызметінің және ол өндіретін өнімнің сипаттамасы;
- несие есебінен өндірілетін өнімнің (қызметтің) тізімі, оның
экспорттың мүмкіндіктері, жергілікті және дүниежүзілік нарықта
шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;
- экспортталуы мүмкін өнімнің өткізу нарығын, оған ұқсас өнімге
сұранысты, бәсекелестікті, халықаралық нарыққа шығу стратегиясын талдау,
өнімді экспорт тау жөнінде шетел формаларымен келісім шарттардың
болуы;
- түсетін түсімі несиелік қарызды өтеуге жұмсалатын қарыз алушының
өнімді экспорттауға меншік құқын растайтын құжаттар;
- экспортқа өнім өткізуге лицензиясының болуы;
- жобаның жүзеге асырылу мерзімі;
- өтелу есебі, импорттық төлемдер балансы мен экспорттан түсімдерді
қоса;
- қажет уақытында жоғарыда аталған мәліметтерді растайтын басқа
органдардан мәліметтер.
- Контракттың, келісім-шарттың оларға қосымшаларымен қоса көшірмелері
(сыртқы сауда контрактісі орыс тілінде аудармасымен бірге);
- Бухгалтерлік есеп беру, кірісі және шығысы туралы есеп, табыс
декларациясы және тағы басқа белгісі бір мерзім арасында қарыз алушының
несиелік қабілетін және қаржылық жағдайын анықтау үшін мәмілеттер;
- Белгіленген тәртіпте толтырылған несиені беру жөнінде арыз;
- Қарыз алушы жөнінде мәлімет, анкета;
- Тауарлы материалды құндылықтардың қозғалысы жөнінде мәлімет;
- Шұғыл міндеттеме;
- Несиелік келісім – шарт;
- Қамтамасыз ету жөнінде мәлімет;
- Бизнес жоспар.
Қазақстанда қазіргі кезде тұтыну несиесі сауда ұйымдары арқылы
несиелеу өте қарқынды дамуда. Тұтынушылар электро тауарларды, жиһаздарды,
құрылыс заттарын, әр түрлі қызмет көрсетулерді және т.б. керекті заттар мен
игіліктерді бөліп төлеуге алады.
Қазақстан Республикасының Банктік қызметі туралы Заңына сәйекес,
тұтыну несиесі – қарыз операциялардың бір түрі, мерзімділік,
қайтарылымдылық қағидасын жүзеге асыратын несие, кеңес директорлары мен
акционерлік қоғам бекітеді.
Несие тура және жанама бойынша бөлінуі. Коммерциялық банктер тұтыну
несиесін сұраған қарыз алушыға береді (тура) немесе бөлшек саудада
тұтынушылардың міндеттемелерін алады. Коммерциялық банктер міндеттемелерді
автокөлікті, жиһазды, тоңазытқышты, кір жуғыш машинаны және т.б.
диллерлерден сатып алады. Мұндай міндеттемелер құжаттары диллерлік қаржылық
келісімдермен жүзеге асырылады.
Жанама тұтыну несиесі операциондық шығындарды жүзеге асырмай – ақ,
несие портфелінің көлемін банк өкілділігі жоғарлатады. Тұтыну несиесіне
қарағанда, диллерлік қаржылық келісімдерді Коммерциялық банктерден сатып
алу арзанырақ түседі.
Берілген тұтыну қызметінің дамыту категориясына және несиелік тәуекелі
бойынша банк партнерларының құрылымына байланысты жүзеге асырылады.

1.3. Тұтынушыларға несие беру және алған несиені қайтару тәртібі

Несие беру туралы коммерциялық банк Несиелік комитетінің шешімі
негізінде несиелік департамент заң департаментімен бірігіп несиелік
келісім-шарт және кепіл келісім –шартын дайындайды. Несиелік департамент
тиісті уәкілділігі бар адамдардың қажетті қолдарын жинақтап, оны банк
мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім-шарт, кепіл келісім –шарты және басқа да құжаттар
толығымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге
алу үшін немесе ҚР ҰБ – нің және Қаржылық қадағалау агенттігінің
талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе
несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу
үшін заң департаментіне беріледі.
Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын
қамтамасыз ету құжаты бойынша несиелік департамент бэк-офиске
несиені аудару туралы жарлық береді, яғни оған Банк басқармасы
төрағасының және несие департаменті басшысының қолы қойылуы керек.
Заңды тұлғалар үшін мерзімдік (шұғыл) міндеттемелер рәсімделуі талап
етіледі.
Бэк-офис несиені жоғарыда көрсетілген жарлық негізінде аударады
және мерзімді (шұғыл) міндеттемелердің бизнес жоспары мен келісім
–шартқа келген тапсырмаға сай екенін тексеру үшін несие департаментімен
куәландырылған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.
Берілген несиелердің синтетикалық есебі бухгалтерлік есеп
шоттар жоспарының бірінші классында қарастылған және банк
баласында оның активінде есептеледі.
Аналитикалық есеп тиісті шоттар бойынша шот иесіне, мерзіміне,
проценттік ставка мөлшеріне байланысты арнайы беттік шоттар ашу
арқылы жүзеге асырылады .
Коммерциялық банктер және олардың клиентттері өз алдарына келісе
отырып несиелеу варианттарын таңдайды.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу фронт-офистің
бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе
бөлшектеп берілуі мүмкін:
- несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем
құжаттарын төлеу;
- бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекен-жайына байланысты
төленеді (төлем тек бағалы заттарды тиеуге болады деген шартқа
сәйкес құжатты банкке көрсеткеннен кейін орындалады);
- аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына
қаражаттарды аудару;
- қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
- қарыз алушыға қолма-қол ақша беру немесе карточкалық шотқа аудару;
- қарыз алушының, егер оған басқа банкте қызмет көрсетілсе
жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
- басқа да жолдармен.
Коммерциялық банктер нарықтық қатынастың субъектісі ретінде
өзінің акционерлері сияқты айналымға салынған капиталдары бойынша
пайда алуды көздейді. Ссудалық капиталдар нарығында өз әрекеттері
үшін банктер тек қана пайдалары үшін ғана емес, сонымен қатар
меншік капиталдары үшінде жауапкершілікте болады.
Қазіргі несиелік жүйенің ерекшеліктеріне келесілер жатады:
- Клиенттер банктер бекітілмейді, олар өзіне қызмет көрсететін,
талаптары сәйкес келетін банкті өздері таңдайды;
- Клиенттер бірнеше банкте ссудалық шоттар аша алады, бұның өзі
банкаралық бәсекелестіктің дамуына өте жақсы әсерін тигізеді;
- Несиелеу біріктілген объектілер мен қатар әртүрлі жеке
жағдайларға, төлем айналымындағы уақытша айырмашылықтарды жабуға
бірреттік несиелер де беріледі;
- Банк беретін несиелердің көлемі көбіне сырттан тартылған
қаражаттардың көлеміне байланысты, бұдан ақыр соңығы банктің
пайдалылығы байланысты;
- Ресурстарды сату фактісі жаңа нарықтық қатыныстарға өту
кезінде банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде мәнін ашады.
Несиелеудің жаңа түрі клиенттерге несиелік желілердің ашылуы
болып табылады. Бұл кезде кәсіпорындарға ссудалық шот ашылады да
оларға неселеу шегі белгіленеді.
Клиенттер есеп-айырысу шоттарында қаражаттар болмаған уақытта
берілген шектік көлемінде өздерінің есеп құжаттарын төлеуге автоматы
турде төлеп отырады. Бұның өзі төленетін құжаттың несиелік келісім-
шартта көрсетілген мақсатқа сәйкес келгендігінде ғана жүзеге
асырылады.
Кейбір жағдайларда несие мөлшері жоғарылатылуы да мүмкін,
бірақта бұл кезде несие бойынша жоғары сый-ақы қолданылады.
Несеиелер берілген кезде қарыздардың екі түрін есепке алады:
- Мерзімді;
- Мерзімі кешіктірілген.
Клиенттерге берілген несиелер мерзімді қарыздар болып несиелік
келісім-шарт мерзімі ішінде есептелінеді.
Несиелер бойынша қарыздар келесі баланстық шоттарда есептеледі:
1411 - Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 - Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Мерзімі кешіктірілген қарыздар несиелердің өтеу мерзімі келген
уақытта клиенттерде қаражаттардың болмауымен байланысты пайда
болады.
Мерзімі кешіктірілген несиелер келесі шотта есептеледі:
1424 Клиенттердің мерзімі кешіктірілген несиесі.
Бұл шотта қарыз 180 күн ішінде есептеледі, осы уақыт ішінде
өтелмесе банкте құрылған провизия есебінен жабылады.
Несие берумен байланысты құжаттардың бәрі неселік Департаменте
қалдырылады да, операциондық басқармаға несие беру, ссудалық шот
ашу туралы жарлық жіберіледі.Сонымен қатар Операциондық басқармаға
клиенттер шұғыл міндеттеме тапсырады.
Операциондық басқармаға осымен бірге несие, несие бойынша
проценттер сомасын жабатын кепіл заттарын есепке алу туралы жарлық
беріледі.
Шұғыл міндеттеменің алынуы негізінде банктер үшін міндетті
емес. Бұл тәртіп Ұлттық банк тарапынан алынып тасталмағандықтан
дипломдық жұмыста шұғыл міндеттеменің алыну тәртібі қарастырылған.
Шұғыл міндеттеме - банкке несиені өтеу мерзімі келген уақытта,
егерде клиенттің есеп-айырысу шотына ешқандай талаптар болмаса, оның
шотынан несиені жабуға қаражаттарды аударуға құқық беретін құжат.
Шұғыл міндеттеме қатаң есептегі бланкілер қатарына жататындықтан
есебі баланстан тыс 7339 – шы Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар
шотында жүргізіледі.
Банкте несиелер берілген уақытта келесі бухгалтерлік проводкалар
жасалады:
- Егерде несие алып отырған клиентке осы банкте қызмет көрсетілетін
болса берілетін несие оның есеп-айырысу шотына аударылады:
Дт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Кт 2203 Клиенттің есеп-айырысу шоты
Осымен бірге шұғыл міндеттеме 7339 – шы баланстан тыс шотқа
кірістеледі.
- Егерде несие алып отырған клиентке басқа банкте қызмет
көрсетілетін болса берілетін несие корреспонденттік шоттар арқылы
жүзеге асырылады:
Дт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Кт 1050 Банктің корреспонденттік шоттары
Кіріс – 7339 Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар
- Егерде несие клиенттерге қолма-қол ақша түрінде берілетін болса:
Дт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақшалар
Кіріс – 7339 Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар
Енді ары қарай берілген несиелердің өтелу тәртібін
қарастырайық..
Берілген несиелер несиелік келісім-шартқа сай өтеледі. Несиелердің
өтелуі арнайы клиент берген құжаттар арқылы да немесе арнайы
құжаттарсыз да жүзеге асырылады. Егерде клиент несиені өтеуге төлем
тапсырмасын бермесе шот менеджері шұғыл міндеттеме бойынша төлем
ордері арқылы несиені жабады.
Несиенің өтелуі келесі шоттар корреспонденциясы бойынша :
- Берілген несие осы банкте қызмет көрсетілетін клиентпен, оның
есеп - айырысу шотынан қолма-қолсыз ақша түрінде аударылып өтелетін
болса:
Дт 2203 Клиенттің есеп-айырысу шоты
Кт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Шығыс–7339 Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар.
- Клиент алған несиесін қолма-қол ақша түрінде банк кассасы
арқылы өтейтін болса:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақшалар
Кт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Шығыс – 7339 Әртүрлі құндылықтар мен құжаттар.
- Берілген несие басқа банкте қызмет көрсетілетін клиенттермен
жабылатын болса, ол банктің корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге
асырылады:
Дт 1050 Банктің корреспонденттік шоттары
Кт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Шығыс – 7339 Әртүрлі қндылықтар мен құжаттар.
Айта кету керек, шұғыл міндеттеме клиент алған несиесін
ішінара өтеген кезде баланстан тыс 7339 – шы Әртүрлі құндылықтар
мен құжаттар шотынан шығысталмайды..
Егерде берілген несие уақытысында өтелмесе, онда қарыз мерзімі
кешіктірілген несие қатарына жатқызылады және келесі проводка
жасалынады:
Дт 1424 Клиенттердің мерзімі кешіктірілген несиесі.
Кт. 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді несиелер
Ары қарай егер мерзімі ұзартылған несие 180 күн ішінде
өтелмесе, онда қарыз банкте пайда есебінен құралған провизия
(резервтер) есебінен жабылады.
Провизиялардың (резервтердің) құрылу және пайдалану тәртібі осы
бөлімнің үшінші параграфында қарастырылған.
Фронт-офис несиелік келісім-шарт әрекет ету мерзімі бойынша банк
қарыз алушымен тығыз қатынасты сақтап, оның қаржылық жағдайын
бақылайды, несиенің мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуіне
кепілге терілген мүліктің сақталу жағдайын тексереді, яғни несиелік
мониторинг жүргізеді. Несиелік мониторинг дегеніміз несиені берген
мезгілден бастап өтелуін және негізгі қарыздың толығымен қайтарылуын
және қарыз алушының қызметіне әрдайым талдау жүргізу жолымен сый-
ақы, несиенің сапасының төмендеуі жағдайында қарыз алушыға адекватлық
шамаларының әсерін қабылдау және келісілген келісім-шарттың барлық
талаптарын қадағалау үшін бақылау (несиелік және кепіл келісім
-шартына).
Мониторинг жүргізу үшін несие алушының несиелік ісіндегі
мәліметтер мен қатар соңғы ақпараттарда пайдаланылуы мүмкін).
Мониторинг жүзеге асыруда толығымен алынған мәліметтер екі түрге
бөлінеді: үстіртін және терең)
Қазақстан банктік жүйесінің тұрақты, дұрыс жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк тарапынан 16 қараша 2002 жылы 465-
ші нөмерімен бекітілген Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі
банктерде активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу, оларға қарсы
резервтер (провизиялар) құру туралы және оларды күмәнді, үмітсіз
несиелер қатарына жатқызу туралы ереже қабылданды. Осы Ережеге
сәйкес барлық коммерциялық банктер берген несиелері бойынша болатын
шығындарын жабуға міндетті түрде берген несиелері үшін өз пайдалары
есебінен прозизия (резерв) құрулары тиіс.
Несиелік портфелді жіктеу банкте берілген барлық несиелер үшін:
несиелер, лизингтер, сонымен қатар овердрафта түрінде берілген
несиелер, факторинг, форфейтинг, векселдерді есепке алу түрінде және
басқа да қарыздық міндеттемелер, аккредитив қоюлар, басқа да
несиелеу түрлері, қорыта айтқанда жіктеу уақытында өтелмеген барлық
қарыздар.
Банктерден берілетін несиелер қарыз алушының несие бойынша
төлемді дұрыс орындағанына байланысты сапасы, қарыз алушының
қаржылық жағдайы, банк пен несие алушының өзара қатынасы, несиенің
тарихы, несиенің қамтамасыз етілуіне және тұрақтылық, өтімділік
дәрежесіне қарай келесі топтарға бөлінеді:
- стандартты несие;
- күмәнді несие: 1-дәрежелі күмәнді; 2-дәрежелі күмәнді; 3-дәрежелі
күмәнді; 4-дәрежелі күмәнді; 5-дәрежелі күмәнді;
- үмітсіз несие.
Берілген несиелердің сапасын дұрыс анықтау әрбір коммерциялық
банк үшін өте маңызды, себебі ол жалпы банк несиелік портфелінің
сапасына және несиелер бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылатын провизия (резерв) сомасын керекті мөлшерде анықтауға
мүмкін береді.
Активтердің категорияларға жіктелуі ол активтің тиісті
категориялар бойынша бағалануы нәтижесінде жүзеге асырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
Ақша-қаражатының аудиті және талдауы
Дебиторлық және кредиторлық берешек
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Ақша қаражаттары аудиті
Ағымдағы міндеттемелер аудиті
Салық салынатын табыс
Пәндер