Ақтөбе – Астрахан күмбезі


КІРІСПЕ

Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қата- рына жатады. Өлкеміздің басқа мұнайлы - газды алаптарымен қатар, Кас- пий маңы ойпатының территориясындағы мұнай мен табиғи газдың геоло- гиялық барлау жұмыстарын жеделдету мақсаты алға қойылған. Оның не- гізгі перспективасы тұзүсті палеозой және мезозой кешендерімен байла- нысты және бұл кешенге мұнай қорының айтарлықтай үлесі тиеді. Үшбұ- лақ құрылымы осы тұзүсті кешенінде орналасқан.

Тұрлан геофизикалық экспедициясы Каспий маңы ойпатының шы- ғыс ернеумаңы бөлігі, әсіресе Ақтөбе - Астрахан күмбезінің іргетасында 1987 ж бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейс- микалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудыр- ған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ-5150-ді пайдаланған. Диплом жобасы сейсмикалық материалдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудыр- ған.

Әкімшілік тұрғыда жобаланып отырған алаң Темір ауданы, Ақтөбе облысында орналасқан. Бұл диплом жобасын құрастыруға ертеректе жүргі- зілген іздеу жұмыстары негіз болды. Осы процесте тұзастындағы Жақсы- май, Шелекті және тұзүстіндегі Кенжалы, Үшбұлақ, Жаманағаш локальді антиклинді кұрылымдары мұнай мен газ шоғырларын іздеуде тәжірибелік қызығушылық тудырды.

Шелекті с/п 7/91-92 жобасы бойынша МОГТ сейсмобарлау жұмыста- ры вибросейсмикалық әдіс негізінде жүрген. Осы жұмыстардың негізгі мақсаты локальді Шелекті мен Жақсымай тұзасты құрылымдарының ша-ғылу горизонттарын анықтау және терең мұнайгазды іздеу, бұрғылау жұ- мыстарына беру. Шұбарқұдық с/п 7/90-92 жобасы бойынша сейсмикалық МОГТ жұмыстар 25 қадаммен шпурлы зарядтарды қолданумен жүргізді. Тұзүсті түзілімдерінің құрылысын анықтауға бақылаудың осындай әдісі осы ауданда ТГФЭ бірінші рет қолданған. Осы жоба бойынша далалық бай- қаулардың нәтижелерінде есеп берудің профильдерін өңдеу жоба тапсырмаларына тура сәйкес келеді.

Шұбарқұдық с/п 7/90-92 жобасы кешеннің геологиялық құрылысын, ондағы мұнайгаз болашағы бар объектілердің ашылуын, детализациясы- мен терең мұнайгаз іздеу бұрғылау жұмыстарын анықтауға бағытталған.

Сонымен бірге қосымша пермь - триас түзілімдерін сипаттайтын “D” шағылу горизонтының құрылымдық картасы, VI - тұздың таралу картасы тұрғызылған. Алаңның перспективтілігі түзілімдердің тұзүсті кешенімен, юра түзілімдерімен байланысты.

Бұл дипломдық жобада 1200 м-ден 1700 м-ге дейінгі 4 ұңғымаларын бұрғылау көзделіп отыр.

Бұрғылаудың мақсаты - юра шөгінділеріндегі мұнай мен газ шоғыр-ларын анықтау, осы ашылған қимадағы мұнай мен газдың перспективасын айқындау, литологиялық - стратиграфиялық қима және жыныстардың жи-науыш қасиетін зерттеу.

Бұл алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға көмектеседі және бұл аймақ бойынша жоспарланған мұнай мен газ қорларының өсуіне жол ашады.

Диплом жобасын құрастыруға диплом алдындағы өндірістік практи-када және геологиялық фондыдан жиналған мәліметтер негіз болды.

1. Геологиялық бөлім.

1. 1. Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайла-ры

Үшбұлақ кұрылымы Каспий маңы ойпатының шығыс ернеумаңында орналасқан. Жоғарыда айтылғандай, зерттелу алаңы администрациялық тұрғыда Ақтөбе облысы, Темір ауданында орналасқан ( 1-сурет) .

Құрылым әсіресе, өзендер мен сайлы жерлер кеңінен шөпті өсімдік- тер таралған далалық белдемге жатады.

Құрылымның гидрографиясы көп салаға салаланған Ойыл өзенімен сипатталады. Ойыл өзенінің салалары болып келетін Кенжалы, Киіл, Шие-лі өзендерінің ағындары және сайлы жерлердің көп болуы сейсмикалық профильдер түсіру жұмыстарына айтарлықтай күрделі кедергі етеді.

Ауданның абсолютті белгілері + 170 м-ден + 270 м-ге дейін ауытқи- ды. Аудан климаты өте континентальды, жазы ыстық және қысы суық бо- лып келеді. Температура жазда + 40°С, қыста - 38°С. Аудан климатының тағы ерекшеліктерінің бірі - солтүстік шығысқа бағытталған катты желдер. Жылдық орташа жауын - шашын мөлшері 120-200 мм-ден аспайды. Жа- уын - шашын негізінен күзгі және қысқы мезгілдерде түседі. Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі егіншілік пен мал шаруашылығы. Жерлердің басым көпшілігі ауыл шаруашылығы кәсібінің үлесінде.

Зерттеліп отырған учаскенің территориясында орналаскан ірі тұрғын пункттері - Шұбарқұдық, Қандыағаш, Перелюбовка, Байғанин, Алтықара-су, Қаратөбе кенттері. Олар бір - бірімен асфальтты тас жолдар мен және грунтты жолдармен байланысып жатыр. Зерттелу учаскесінің Қандыағаш - Атырау, Қандыағаш - Қызылорда темір жолдары кесіп өтеді. Бұл екі темір- жол бағыттары Қандыағаш станциясында қилысады. Шұбарқұдық темір- жол станциясы 15 км жерде орналасқан.

АЛАҢНЫҢ ШОЛУ КАРТАСЫ

1. 2. Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы

Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігі аймақтың геолого - геофизи- калық зерттеулердің әртүрлі сатысы бойынша зерттелген тіректік, параме- трлік және тереңдік, құрылымдық іздеу, бұрғылау жұмыстары мен геоло- гиялық түсірулер, масштабы 1: 5, 1: 2, 1: 1 және 1:5 болатын аэромагниттік түсірулер, сейсмобарлау МОВ, КМПЗ, МРНП, Г03 және МОГТ, соңғы кезде ғарыштық түсірулер де жүргізілген.

Геологиялық түсірулер, зерттеулер.

Бұрғылау жұмыстары

Каспий маңы ойпатының шығыс ернеуі аймағында, яғни Ақтөбе об-лысында мұнай мен газға геологиялық іздеу, барлау жұмыстары 1930 ж бе-рі жүргізілуде. 1947 ж дейін бұл жұмыстар негізінен тұз күмбездеріне жүр-гізілген, ал 1947 ж бастап жұмыс бағыты Ақтөбелік Арал маңына ауысқан болатын.

Кейінгі кезеңде екі мұнай кенорындары ашылған: Шұбарқұдық және Жақсымай. 1959 ж Батыс Мұғалжар маңы және Оңтүстік - Ембі көмпи- мелеріне жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде келесі мұнай кенорындары ашылды: Кенқияқ тұзүсті және Боранкөл, ал 1960 ж Прорва кенорны. Бұдан басқа Оңтүстік - Ембі көмпимесінің орталық бөлігінде ор-наласқан Жаңасу алаңындағы бір ұңғымадан Каспий маңы ойпатындағы жоғарғы девон жасты алғашқы екі ауыр мұнай горизонттары ашылды.

1961 - 1965 жж аралығындағы кезеңде параметрлік бұрғылау жұ-мыстары үлкен көлемде жүргізілді. Алғашқы ұңғымалар XXI аймақтық сейсмопрофильге қойылды:П-12, Г-88, П-89 Кенқияқ, П-17 Мортук, П-11 Шингельший, П-13 Әлібекмола, П-14 Солтүстік Кендісай және басқалар. Параметрлік бұрғылау жұмыстары ауданның тереңдік құрылысын анық-тауда көптеген мәліметтер берді. Осы жұмыстар нәтижесі бойынша кун- гурге дейінгі палеозойдың жоғарғы бөлігінде эрозионды және батысқа қарай моноклинальды төмендеу байқалады. П-13 Әлібекмола ұңғымасы- ның ашқан ең көне жыныстары ортаңғы таскөмірдің терригенді - карбо- натты түзілімдері болып табылыды, ал П-89 үңғымасында төменгі таскө- мірдің карбонатты түзілімдері ашылды.

1970 - 1980 жж "" 27 алаң бойынша құры-лымдық бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Олар: Кенқияқ, Қаратөбе, Қожа-сай, Самбай, Жаңажол, Төрткөл, Шұбарқұдық және басқалар. Олардың жо-балық тереңдіктері 4500-5500 м. Бұрғылау нәтижесінде келесі алғашқы тұзасты кешенінің мұнай кенорындары ашылды: Кенқияқ П-88, Қаратөбе П-25. Осыдан кейін кеңінен жүргізілген мұнай іздеу - барлау жұмыстары-ның нәтижесінде ірі мұнайгаз - конденсатты Жаңажол кенорнының ашы-луына әкеп соқты. Соңынан Урихтау, Қожасай кенорындары ашылды. Қа-зіргі таңда іздеу - бұрғылау жұмыстары негізінен таскөмір жасты ұсақ су- лы карбонатты түзілімдер аумағында жүргізілуде: Жаңажол - Төрткөл, Ақ- құм - Аққұдық, Қобыланды - Тамды, Кенқияқ - Бозаба белдемдерінде ұң- ғымалардың жобалық тереңдігі 4500-5500 м таскөмірдің карбонатты түзі- лімдерінен өтуге негізделген. Ал 7000 м Қожасай ұңғымасымен шөгінді тысты толық өтуге жобаланған. Жүргізілген бұрғылау жұмыстарының нә- тижесінде Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінің геологиялық құрылы- сы туралы мәліметтер алынды. Таскөмір түзілімдерінде екі карбонатты ке- шен ашылды: КТ-І (жоғарғы таскөмір-гжел) және КТ-ІІ ( жоғарғы визе- башкир - төменгі москва) . КТ-I ең шеткі шығыс ернеуі белдемдерінде ор- наласқан. Ол солтүстігінде Жаңажолдан оңтүстігінде Шығыс Төрткөлге дейін созылған. Бұл КТ-І кешені Аққұдық, Аққұм, Арансай, Кенқияқ, Боза- ба, Қожасай, Жаңажол, Шығыс Төрткөл алаңдарында ашылған. Бұл кешен- нің түзілімдерінде барлық дерлік алаңдарда мұнай белгілері табылды. Із- деу, барлау учаскелерінен көптеген ұсақ кұрылымдық ұңғымаларда юра, бор триас түзілімдері табылған.

Геофизикалық зерттеулер Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде мұнай мен газ кенорындарын іздеу мақсатындағы геофизикалық іздеу, бар-лау жұмыстары 1930 ж басынан жүргізіліп келеді. Алғашқы кезеңде грави- метриялық, магнитобарлау, сейсмобарлау және электробарлау жұмыстары тек белгілі мұнай өндірістерінің қасында шектеулі аймақтарда ғана жүргі- зіліп келді. Жоспарлық геофизикалық зерттеулер 1960 ж бастау алды. Бұл жоспарлар ғылыми зерттеу және өндірістік мекемелердің негізінде жүзеге асырылды.

Магнитобарлау мен аэромагнитті түсірулер.

Жұмыс жүрген алаңның аумағында профильді және аудандық сипа- ты бар әркелкі масштабты жердегі түсірулер мен аэромагнитті түсірулер жүргізілген. Зерттеу барысында, аймақтық аномалия туғызатын, яғни маг- нит өрісіне әсер ететін іргетастың кристалды жыныстары ғана анықталған. Осыған байланысты бұл материалдар аумақты тектоникалық аудандасты- руға, тұз күмбездерінің жалпы айқындалуына, ірі тектоникалық элемент- тердің анықталуына ықпал етті. Магнит мәліметтері Каспий маңы ойпаты іргетасының жасын, оның заттық құрамын анықтауға мүмкіншілік берді. Магнит өрісі бойынша іргетастың көтерілімі оң мәндегі магнит өрісін, ал иіндіойыстар теріс мәнді көрсеткен. Сонымен қатар, аномалия негізді құ- рамды интрузивті жаралымдарға сәйкес келеді. Ал метаморфты жаралым- дар (гнейс, гранитті массивтер) магнит өрісі мәнінің төмендеуімен сипат- талады.

Электробарлау.

Электробарлау жұмыстары Каспий маңы ойпатында бірінші рет 1929 -1984 жж тұз күмбездерінің морфологиясын тұзүсті қабатындағы ысырма- ларды зерттеу үшін ВЭЗ әдісін қолдану арқылы жүрді.

50-ші жылдар соңында теллур тоғы (ТТ) және магниттеллурлы зонд-тау (МТЗ) әдістері енді. ТТ жіктемесін қолдану 1, 5-2, 0 км тереңдіктегі кун-гурдың галогенді шөгінділерінің жату бедерін сапалы түрде анықтауда ма-ңызы зор болды.

Сейсмобарлау.

Каспий маңы ойпатының шығыс ернеумаңында жүргізіліп келген бар сейсмобарлау жұмыстарын 3 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, яғни (1931-1969 жж) тек түз күмбездері құрылымдарының дөңбеккүмбездерінің маңында ғана жүргізіліп отырды. Ол кезде тұзүсті кешенінің төменгі бөлігі мен тұз-асты түзілімдер зерттелмей қалып отырды.

МОВ сейсмобарлау жұмыстарының геологиялық эффективтілігін тө-мендететін нәрселер - ол терең, әрі күрделі геологиялық құрылысы болып келеді: еңісті шекараларының тік бұрышты болуы, тұз күмбездерінің күр-делілігі, күмбездердің дөңбеккүмбездерінде көптеген жарылымдардың бо-луы. Осының бәрі күрделі интерференциялық сейсмикалық жазбалардың болуына себеп болды. Нәтижесінде ауданның тектоникалық құрылысын жалпылама зерттеген болатын.

1965 - 1969 жж МОВ - МРНП арқасында сейсмобарлаудың эффек- тивтілігі жоғарлай түсті. Сейсмобарлаудың бұл түрлерін қолдану Ақтөбелік - Аралмаңының күрделі тектоникалық құрылысын, оның терең геологиялық қимасын қолданылған 1964 ж МОВ, КМПВ, XXII аймақтық профильдері жасалды. 1965 ж Шұбаркұдықтың күмбездерінің қанаттарын- да МНРП жә-не МОВ сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді.

Сесмобарлаудың алғашқы объектісі болып күмбездердің оңтүстік -шығыс бөлігі ұсынылды. 1966 ж күмбездің оңтүстік - шығыс қанатында қосымша МРНП жұмыстары жүргізіліп, ол құрылымдарды біршама толық зерттеуге мүмкіндік берді және ол терең бұрғылау жұмыстарына ұсыныл-ды.

МОВ - МРНП іздеу жұмыстарымен қатар 1957 ж КМПВ, МОВ, МРНП аймақтық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде тұзасты түзі-лімдері және кристалды іргетастың жоғарғы бөлігінің құрылысы туралы мәліметтер алынды (Пилифосов В. М., Мироненко В. Ф., Огай Б. А., Жалы-бин Б. А., т. б. ) . КМПВ аймақтық жұмыстарын МинГеоКаз ССР-дің ИГФЭ, ТГФЭ, "Спецгеофизика" трестімен, ВНИИ геофизика мекемелері жүргізді. КМПВ толқындық өрістерінің күрделілігі әртүрлі мекемелерде жүргізілген мәліметтерді интерпретациялау нәтижелерінің бірдей болмауына әкеп соқ- ты. Мәліметтер бойынша горизонттардың әртүрлі болуы іргетастың жоғар- ғы бөлігінің әртүрлі болуы, т. б. Әдетте КМПВ сейсмобарлау жұмыстары ПСЛ-І-КМПВ немесе ГШИСК-I-48 КМПВ сияқты екі сейсмостанцияларда жасалатын. ұзындығы 12 км және 9 км. Сесмо- қабылдағыштар қадамы 100 м, жарылыс интервалы 6-12 км және 9-18 км болды. Кейбір бөлек профильдерде годогроф ұзындығы 144 км-ге дейін жетті. КМПВ, МОВ, МОП жұмыс нәтижелерінің әртүрлі жылдары жасал- ған мәліметтерінің жиналуы оларды ортақ бір әдіспен интерпретациялауға мүмкіндік берді (Жалыбин Ф. Н. 1969 ж, Комаров В. П., Чистяков В. Т. және т. б. 1976 ж, Юров Ю. Г., Деменьтев Н. Г. және т. б. 1976 ж, 1978 ж, 1980 ж Сапожников Р. Б., Быкайдаров Б. А. ) . Осы жұмыстар нәтижесінде іргетас бедерінің схемалары, оның құрылысы туралы мәлімет беретін шағылу нұс- қалары тұрғызылды. Осы мәліметтер бойынша іргетас дифференцияланған бедері мен тектоникалық бұзылыстардың кеңінен таралуымен ерекше-ленеді. Іргетас орналасуының тереңдігі 7-25 км аралығында өзгеріп отыра-ды.

Екінші кезең (1970 - 1980 жж) сейсмобарлау жұмыстарының сапалы жаңа кезеңін сипаттайды. Мұнда «Поиск» деп аталатын магнит жазуы бар және далалық мәліметтерді аналогты қондырғыларда қайта жөндейтін ма-шиналық әдістері қолданды (ПСЗ-2, ПСЗ-4) . 1973 - 1974 ж бастап сейсмо-барлаудың жаңа әдістері (МОГТ; ВСП) қолданыла бастады. Бұл әдістер- жарылмайтын қоздырғыш көздері. Дала мәліметтеріне сандық есептеу ма-шиналарында талдау жасады. Күрделі зерттеулердің нәтижесінде - қайта профильдер түсіру, қоздырғыш көздерін біріктіру т. б. ауданның тереңдік құрылысын толық зерттеуге мүмкіндік берді. Көптеген тұзасты кешенінің локальды көмпимелері анықталды.

Үшінші кезең 1980 ж. басталған сейсмобарлау жұмыстарына жаңа әдістемелік және аппаратты игерулердің интенсивті түрде енгізілуімен си-патталады. «Прогресс» пен «ССЦ-3» сейсмостанцияларының қолданылуы МОГТ мәліметтерін ЭВМ-де талдау жасауға мүмкіндік берді. 1985 ж бас-тап Каспий маңы ойпатының шығыс және онтүстік шығыс ернеуінде та-ралған карбонатты түзілімдердің таралу шекарасын анықтау мақсатында сейсмобарлау жұмыстарының біріккен тереңдік әдістерін қолдана бастады. Тұзасты мұнай және газ кенорындарын іздеудің эффективті шешімі аймақ-тың тереңдік құрылысын жан-жақты зерттелгендігін талап етеді. Сондық-тан бұрыннан жиналған Каспий маңы ойпатының шығыс және оңтүстік шығыс ернеу бойының геофизикалық мәліметтерінен басқа да әдістер бо-йынша интерпретациялар жүргізіліп отырды (Гущин Е. С. 1984 ж, Огай Б. А. 1988 ж, Жуйков С. А. 1985 ж, Боранаев В. А. 1981 ж, Волож Ю. А. 1986 ж, Курмашев Е. К . 1984 ж) .

1987 ж бастап Каспий маңы ойпатының ернеу маңы белдемінің терең сулы жағдайындағы Темір карбонатты массивіне Тұрлан геофизикалық экспедициясы МОГТ іздеу, сейсмобарлау жұмыстарын жүргізіп келеді. Ұсынылған жоба 1987 - 1992 жж өткізілген сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Геофизикалық зерттеулер

1. 1- кесте

Жұмыс уақы-ты, авторы: Жұмыс уақы-ты, авторы
Жүргізілген жұмыстар: Жүргізілген жұмыстар
Жұмыстар нәтижесі: Жұмыстар нәтижесі
Жұмыс уақы-ты, авторы:

Актөбенефтегаз геология

1970-1980 жж

Жүргізілген жұмыстар:

27 алаң бойынша 4500-5000 м жобалау тереңдікте терең құрылымдық бұрғы-лау жұмыстары (Кенқияқ,

Қаратөбе, Қожасай, Сам-бай, Жаңажол, Төрткөл, Шұбарқұдық, т. б. )

Жұмыстар нәтижесі: Алғаш рет тұзасты кен-орындары ашылды. Олар: Кенқияқ (П-88), Қаратөбе (П-25), Жаңажол. Жүргізіл-ген бұрғылау жұмыстар нәтижесінде Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінің геологиялық құрылысы ту-ралы жаңа мәліметтер алын-ды. Таскөмір түзілімдерінде екі карбонатты кешен ашыл-ды: КТ-1 және КТ-ІІ. Барлық алаңдардағы осы ке-шендер түзілімдерінде мұ-най белгілері табылған. (Аққұм, Кенқияқ, Жаңажол, Аққұдық, Қожасай, Бозаба, Арансай, Шығыс Төрткөл ) .
Жұмыс уақы-ты, авторы: 1929-1984 жж
Жүргізілген жұмыстар:

Электробарлау жұмыстары

Тұз күмбездерінің морфо- логиясын зерттеу мақса- ты, сырғымалардың тұзүс- ті қабаттарында болуын зерттеу мақсатында ВЭЗ,

Жұмыстар нәтижесі: Жүргізілген жұмыстар нәти- жесінде мұнай және газ кон- турының үстінен поляриза- циялану аномалиялары алынған. Бұл мұнай мен газ-
Жұмыс уақы-ты, авторы: 1. 1-кестенің жалғасы
Жұмыс уақы-ты, авторы:

Жұмыс уақыты,

Авторы

Жүргізілген жұмыстар: Жүргізілген жұмыстар
Жұмыстар нәтижесі: Жұмыстар нәтижесі
Жұмыс уақы-ты, авторы:
Жүргізілген жұмыстар: МТЗ, ТТ әдістерін қолда- ну жұмыстары.
Жұмыстар нәтижесі: ды іздеуде осы әдістің эф- фективтілігін көрсетті.
Жұмыс уақы-ты, авторы:

1930 ж, 1952 ж

Тумканов А.

Жүргізілген жұмыстар:

Гравибарлау

Мортық алаңы 4 мгл гра-виметриялық түсіру жұ- Масштабы 1:2 жұ-мыстар Каспий маңы ойпа-тының территориясында қамтыды.

Жұмыстар нәтижесі: Жұмыстар нәтижесінде тұз күмбезді көтерілімдерге тән ауырлық күшінің минимум-ды мөлшерлері алынды.
Жұмыс уақы-ты, авторы:
Жүргізілген жұмыстар: Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігіндегі 2 мгл түсірулер.
Жұмыстар нәтижесі: Жұмыстар нәтижесінің мә- ліметтері бойынша Каспий маңы ойпатының шығыс бө-лігінің гравитациялық өрісі магниттік өрісіне қарағанда күрделі дифференциясымен ерекшеленеді.
Жұмыс уақы-ты, авторы:

І кезең

1931-1969 жж

Жүргізілген жұмыстар:

Сейсмобарлау жұмыстары

МОВ-МРНП сейсмобар-лау жұмыстары.

Жұмыстар нәтижесі: Каспий маңы ойпатының территориясының тектони- калық құрылысы жалпыла-ма зерттеліп қана қойылды.

1. 1- кестенің жалғасы

Жұмыс уақыты,

авторы

Жүргізілген жұмыстар
Жұмыстар нәтижесі
Жұмыс уақыты,авторы:

1957-1964 жж

Пилифосов В.,

Минеренко В.

Жүргізілген жұмыстар: МОВ-МРНП сейсмобарлау жұмыстары. ХХІІ, МОВ және КМПВ аймақтық те -рең геологиялық профиль-дері жүргізілді.
Жұмыстар нәтижесі: Кристалды іргетасқа толы- мен зерттеулер жүргізді.
Жұмыс уақыты,авторы: 1965 ж
Жүргізілген жұмыстар: Шұбарқұдық күмбезінің қа- наттарында МНРП және МОВ сейсмикалық жұмыс -тары жүргізілген.
Жұмыстар нәтижесі: Шұбарқұдық күмбезінің қа-наттарының геологиялық құрылысы анықталды.
Жұмыс уақыты,авторы: 1967 ж
Жүргізілген жұмыстар:

МРНП қосымша сейсмо-барлау жұмыстары жүргі- зілді.

КМПВ, МОВ, МРНП ай-мақтық жұмыстары. Бұл жұмыстар МОВ-МРНП із-деу-барлаутүсірулерімен қатар жүргізілді.

Жұмыстар нәтижесі: Тұзасты түзілімдеріне то- лығымен зерттеу жүргізді.
Жұмыс уақыты,авторы:

Жалыбин Ф. Н. 1969 ж,

Комаров В. П., Чистяков В.

1976 ж

Жүргізілген жұмыстар: МОГТ, КМПВ, МОВ сейс- мобарлау жұмыстарын ор-тақ бір әдіс бойынша интер-претация жұмыстары.
Жұмыстар нәтижесі: Осы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде іргетас релье- фінің схемалары құрылды.

1. 1-кестенің жалғасы

Жұмыс уақыты,

авторы

Жүргізілген жұмыстар
Жұмыстар нәтижесі
Жұмыс уақыты,авторы:

ІІ-кезең

1970-1980 жж

1973-1974 жж

Жүргізілген жұмыстар: МОГТ, ВСП және басқа сейсмобарлау жұмыстарын жарылмайтын қоздырғыш көздерi арқылы жүргiзу.
Жұмыстар нәтижесі: Аймақтың тереңдiк құры- лымы нақты анықталды. Бiр қатар тұзасты локальды құрылымдары ашылды.
Жұмыс уақыты,авторы: 1973-1974 жж
Жүргізілген жұмыстар: МОГТ материалдарын ССЦ - 3, ПРОГРЕСС сейс- мостанцияларында талдау жүргiзу.
Жұмыстар нәтижесі: Бұл талдау жұмыстары нақ- ты геологиялық тапсырма- ларды шешудегi сейсмобар- лаудың эффективтiлiгiн бiршама жоғарылатты.
Жұмыс уақыты,авторы:

III - кезең

1980 ж

Жүргізілген жұмыстар: Каспий маңы ойпатының шығыс және оңтүстiк ернеуiндегi карбонатты тү- зiлiмдердiң таралу шекара- сын анықтау мақсатында МОГТ сейсмобарлауының аналогы ОГП - МПВ сейс- мобарлау жұмыстарының әдiстерi қолданылды
Жұмыстар нәтижесі: Карбонатты массивтер ше- каралары анықталды.
Жұмыс уақыты,авторы:

1985 ж

Гущин Е. С

Жүргізілген жұмыстар: МОГТ сейсмобарлау жұ- мыстары Темiр карбонатты массивiнiң батысындағы
Жұмыстар нәтижесі: Бұл жұмыстар нәтижесiнде болашағы зор бiрнеше құ- рылымдар ашылған.

1. 1- кестенің жалғасы

Жұмыс уақыты,

авторы

Жүргізілген жұмыстар
Жұмыстар нәтижесі
Жұмыс уақыты,авторы: Тұрлан геофи- зикалық экспе- дициясы
Жүргізілген жұмыстар: Каспий маңы ойпатының терең сулы бөлiгiн зерттеу мақсаты.
Жұмыстар нәтижесі: Көптеген құрылымдардың ашылуына әкелді.

1. 3. Литологиялық, стратиграфиялық қимасы

Литологиялық және стратиграфиялық сипаттама құрылымдық, пара-метрлік, іздестіру ұңғымаларды бұрғылау нәтижелері мен осы ауданға қа- тысты материалдарды жан - жақты зерттеу негізінде дайындалған.

Шығыс Еуропа платформасының құрылымдық ерекшелігі оның блокты құрылысы. Мұндағы күмбезді көтерілімдер мен грабендер тәрізді иілімдер негізгі құрылымдар болып табылады. Рифей түзілімдері құмтас- тар, алевролиттер мен аргиллиттерден тұрады. Қиманың төменгі жағында әдетте конгломераттар мен жентектастар кездеседі. Бұл көне түзілімдер- дің қалыңдығы 1500-3000 м.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлібекмола кенорын туралы жалпы мәліметтер
Мұнай кен орнының геологиялық бейіні
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Тұз асты түзілімдері
Кеніш ауданның оңтүстік аумағының мұнайғақанығу қалыңдығы
Әлібекмола кен орыны
Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz