Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда аудармашылық трансформацияларының негізгі типтері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет
Магистратура және PhD докторантура институты
ОЛЖАБАЕВА АҚБОТА САБИТОВНА
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда аудармашылық трансформацияларының негізгі типтері
6М020700 - Аударма ісі
Филология ғылымдарының магистранты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
ғылыми жетекші: ф. ғ. д., профессор Жұмабекова А. Қ.
Қорғауға жіберілді
хаттама № «__» 2013ж.
кафедраның ғылыми семинары « »
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. д., профессор Шаханова Р. А.
Ғылыми семинар төрағасы, профессор Жұмабекова А. Қ.
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТРАНСФОРМАЦИЯ ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Н. Хомский «Трансформациялық грамматика» теориясының маңызы . . . 7
1. 2 Аударматануда “трансформация” ұғымының маңызы . . . 11
1. 3 Трансформация және тіларалық ассимметрия . . . 16
1. 4 Трансформациялардың классификациясы . . . 23
2 КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАДАН АУДАРМАШЫЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 33
2. 1 Лексикалық трансформациялар . . . 35
2. 2 Грамматикалық трансформациялар . . . 45
2. 3 Лексика-грамматикалық трансформациялар . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Аударматану ғылымында аудармашылық трансформациялар өте маңызды орын алады және оның теориясын практикада дұрыс қолданудың маңыздылығы өте жоғары. Себебі аударматану теориясын зерттегенде тілді әр түрлі қырынан, яғни оның грамматикалық, морфологиялық, семантикалық жағын да қарастырады. Ал аудармашылық трансформацияларды зерттеу, ағылшыннан қазақ тіліне аударма жасаудағы негізгі типтерін анықтау, толығырақ айтқанда, қазақ және ағылшын тілдерінің заңдылықтарын саралап, салыстырып, қысқаша ғана осы тақырып бойынша қорытынды шығару қажет. Аударматану ғылымы өзі әлі жас ғылымдардың бірі деп айтсақ болады, ол ғылыми түрде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан негізделе бастады деп айта аламыз. Қазіргі күнге дейін шетел, орыс және отандық аударматанудың негізін қалаушылар аудармашылық трансформацияларға анықтама беруде, олардың негізгі түрлерін жіктеуге байланысты бір шешімге келе алмай отыр деуге болады. Трансформация тақырыбына байланысты көптеген теориялар талқылаудан, зерттеуден өтеді.
Аударматану ғылымы отанымыздың тәуелсіздік алғаннан бері аз да болса, дамып келе жатыр деп айта аламыз. Бұл сала бойынша қазір елімізде З. Қ. Ахметжанова, А. С. Ермағамбетова, А. Қ. Жұмабекова, Ә. С. Тарақов, А. М. Алдашева, Ж. А. Жақыпов, Р. М. Рсалиева сынды зерттеушілеріміз аударма саласында еңбек етуде. Бірақ біз аударманың қазақ жерінде ерте кездерден-ақ, сонау Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов сынды дана ғалымдарымыздың жасаған еңбектерінен басталғанын есте сақтауымыз керек. Аударма саласына кеңестік дәуірінде В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, Л. С. Бархударов, И. И. Ревзин, Р. К. Миньяр-Белоручев, Л. К. Латышев, И. Н. Гарбовский, А. Д. Швейцер, Е. В. Бреус, Л. К. Латышев, А. И. Федоров Н. В. Балкина және З. С. Сироткина, В. Е. Щетинкин, Ю. В. Пиввуева және Е. В. Двойнина, В. С. Слепович, М. Д. Гутнер, С. П. Романова және А. Л. Коралова, және т. б. секілді ресейлік ғалымдар өшпес із қалдырса, ал ағылшын аударматануында жалпы еңбек еткен ғалымдар саны өте көп, бірақ біздің зерттеген тақырыпқа байланысты еңбектер жасаған Н. Хомский, Ю. Найда, француз ғалымдар Ж. Поль-Вине, Ж. Дарбельне сынды атақты ғалымдарды атап кетуімізге болады.
Қазақ аударматану саласында жалпы трансформацияға байланысты зерттеу жүргізілмеген, бірақ трансформацияның жеке бағыттарына Ф. Т. Ереханованың [1] және Р. М. Рсалиеваның [2] диссертациялық жұмыс-тары қорғалды. Біздің жұмысымыз осы тақырыпқа зерттеу жүргізуге алғышарттар жасаудамыз.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күнде қазақ аударматану саласында трансформацияларға байланысты барлық материалдарды саралап қарастыру болып табылады. Аударматану теориясының қаланғаннан бастап осы күнге дейін трансформацияларға байланысты отандық, яғни аударматану ғылымымен айналысатын зерттеуші ғалымдардың еңбектері санаулы болып табылады.
Қазақ аударматануында трансформациялардың зерттелмеуі оның дамуын тежеп отыр.
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы трансформациялардың типтерін анықтау және салыстырып-салғастырып, ағылшыннан қазақшаға тәржімалауда қандай өзгерістер болатынын, трансформацияның қай түрі көбірек қолданатынын айқындап, қорытынды жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері ол ағылшын тілінде жазылған көркем әдебиеттер материалы негізінде қазақ тіліне тәржімелеуде аудармашылық трансформациялардың қолдану ерекшелік-терін анықтау болды.
Осы мақсатқа жетуге төмендегідей міндеттер атқарылады :
- аударматануда трансформация терминінің мағынасы мен теориясының маңыздылығын анықтау;
- аударматануда трансформацияға берілген анықтамаларды салыс-тырып, талдау жасау;
- аударматануда трансформациялық үлгінің атқаратын қызметін анықтау;
- көркем әдебиеттерден ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған мысалдардан трансформацияның түрлерін анықтау.
Зерттеу нысаны ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы аударма-шылық трансформациялардың типтері.
Зерттеу пәні ағылшыннан қазақ тіліне аудару барысында тілдік заңдылықтарында, жүйесінде болатын ерекшеліктер мен өзгерістер.
Зерттеу жұмысының дереккөздері . Зерттеу жұмысының дерек көздері ретінде отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген туындылар мен аудармалар.
Зерттеу жұмысының жүргізілу әдістері трансформациялық талдау мен контексттік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері . Аудармашылық трансформацияның түрлері алғашқы рет зерттеледі. Шетелдік көркем әдебиетті аударуда трансформацияның қолданатын негізгі типтері анықталады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар :
- аударматануда трансформация терминінің беретін негізгі мағынасықайта құруменаударуекені анықталды және теориясының маңыздылығы аударма барысында түпнұсқаның мазмұнын жеткізетін бірден-бір құрал екені көрсетілді;
- аударматануда әртүрлі ғалымдар трансформация терминіне анықтама береді және оларды салыстырып, үштен онға дейінгі анықтамаларға талдау жасалынды, біз жұмысымызда осындай анықтама пайдаланамыз: «трансформация - түпнұсқа бірлігінен аударма бірлігіне өтуді жүзеге асыруға көмектесетін қайта құрулар ».
аударматануда үлгілердің: жағдаяттық, трансформациялық, семанти-калық түрлері кездесетіні анықталды және солардың ішінде біздің тақырыпқа сәйкес трансформациялық үлгінің тқмендегідей артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Артықшылықтары:
- Әр тілдің формаларын салыстырып зерттеу арқылы аударманың транс-формациялық теориясы сәйкестіктерді анықтап, нақты екі тіл арасында аударма жасаудың теориялық базасын құрайды.
- Аударманың трансформациялық үлгісі көмегімен аудармадағы трансформациялық үрдістердің түрлері анықталады.
Кемшілігі:
- Аударманың трансформациялық үлгісі синтез сатысында қандай талаптар бойынша бірнеше трансформалар ішінен біреуі таңдалып алынатынын көрсетпейді.
- Э. По мен О. Уайльд шығармаларының негізінде (ағылшыннан қазақшаға жанама, тура аударма арқылы аударылған) жиналған мысалдардан трансформациялардың мынандай түрлері айқындалды:
- транскрипция, транслитерация, калькалау, антонимдік аударма, генерализация, конкретизация, модуляция, экспликация.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы жалпы аударматану теориясында аудармашылық трансформация терминінің толыққанды беретін анықтамасын талдап көрсетуге және трансформацияларды қандай ғалымдар қалай жіктегенін зерттеп, саралап, олардың теориялық принциптерін негіздеуге көмектесе отырып, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма жасағанда аудармашылық трансформациялардың қандай типтері қолданатынын анықтауға мүмкіндік пайда болды.
Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жалпы аударматану теориясы, ағылшын және қазақ тіл білімі мәселелерін жан-жақты зерттеп, салыстыра отырып, жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына әсерін тигізеді деген үміттеміз. Диссертацияда ұсынылған теориялар мен ғылыми талдаулар аударматанудың теориялық мәселелеріне маңызды тұжырымдар әкеліп, теориясын дамытуға себепкер бола алады деп ойлаймыз.
Зерттеудің жарияланымы мен талдануы. Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми мақалаларда жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері нақты және айтарлықтай мөлшерде көрініс тапқан. Жалпы саны үш ғылыми мақала төмендегідей жинақтарда жарияланған:
- «Жаһандану және мәдениеттер тоғысы жайында шетел тілдерін оқытудағы инновациялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында “Аудармашылық трансформациялардың классификациясы ” атты мақала жарияланды.
- «Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жинағында “Мәдениетаралық қарым-қатынастағы лексикалық трансформациялар” атты мақала жарияланды.
- «Аударманың және әдеби компаративистиканың маңызды мәселелері » атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жинағында “Аударматану теориясында трансформацияның алатын орны” атты мақала жарыққа шықты.
- «Қазіргі замандағы филологиялық ғылымдар» атты халықаралық ғылымитеориялық конференция жинағында “Аудармашылық трансформацияның мәні мен маңызы” тақырыбымен мақала жарияланды.
Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтының филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін аударма саласымен байланысы бар сабақтарда қолдануға болады. Диссертациялық жұмыста жазылған пікірлер қазақ аударматану саласының дамуына септігін тигізіп, жасалған тұжырымдар мен анықтамалар жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауға және арнайы курстар мен семинарлар жүргізуге жан-жақты пайдалануға септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе мен екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 “ТРАНСФОРМАЦИЯ” ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Н. Хомский «Трансформациялық грамматика» теориясының мағыздылығы
Психолингвистика психология және лингвистика салалары секілді тілді меңгеру және қолдану негізінде ойлау процесстерін зерттеуде теориялық және эмпирикалық тәсілдерді қолданады. Лингвисттерді адамдардың білімін, яғни тілдік құрылымды құрылысына қарай сипаттау жағы қызықтырады. Тілдік құрылымға сөздің айтылуы мен мағынасы және осы дыбыс пен мағынаны байланыстыратын құрмалас грамматикалық жүйе де кіреді. Психологтар кішкентай балалар осындай жүйені қалай меңгеретінін және қарым-қатынас барысында адамдар сөз айтқанда және сөйлемдердің мағынасын түсінгенде осы жүйелер қалай іске асатыны жайлы білгілері келеді. Қысқасы, психолингвистика ғылымы адамдардың тілді меңгеруде және кейін соны қолдануда қандай терең білім мен қабілеттілікке ие екенін зерттейді.
Н. Хомскийдің жасаған зерттеу жұмысы лингвистикаға жаңалық әкелді [3] . Трансформациялық грамматиканың туындауына ТҚ грамматика-сының (тікелей құрамдас бөліктер грамматикасы) кемшіліктері ықпал етті. Трансформациялық грамматика ТҚ грамматикасын сипаттауда қосымша бір деңгей ретінде қолданады. Н. Хомский ұсынған деңгейі элементтердің қайта құрылу, бөліну ережелеріне негізделген [4] . Мысалы :
(1) The girl hit the doll.
(2) What did the girl hit?
Осы екі сөйлемдер бір-бірімен байланысты, бірақ тқ грамматикасы бұл байланысты түсіндіре алмайды. Болымды сөйлем мен сұраулы сөйлем арасында қандай байланыс болуы мүмкін. 2-ші сөйлемдегі what сұраулы сөзі hit етістігінің объектісіне сұрақ қояды. 1-ші сөйлемде hit етістігінің объектісі the doll . 2-ші сөйлемде объект жоқ, оның орнында сөйлемнің басында what сөзі тұр. Мүмкін the doll және what сөздері 1 және 2-ші сөйлемдерде етістікке қатысты қызмет атқарады. Атаулы сөз объектісіне сәйкес сұраулы сөзбен ауыстыру арқылы және сол сұраулы сөздің сөйлемнің басына орналастыру арқылы трансформациялық грамматикада сұрақ қою мәселері құрастырылады.
Болымды сөйлемнің сұраулы сөйлемге айналу амалдарын талдап көрейік.
The girl hit the doll.
The girl what hit?
What the girl hit? секілді сөйлемдер жасадық. Ең соңғы сөйлемнің алдында келтірілген 2-ші сөйлеммен сәйкес келмейтінін байқауға болады. 2-ші сөйлемде did сөзі кездеседі. Ол қайдан пайда болды? Төмендегі сөйлемдерді қарастырайық:
(3) The girl had hit the doll.
(4) What had the girl hit?
Бұл сөйлемдердің алдыңғы екі сөйлемнен қандай айырмашылығы бар? Екі сұраулы сөйлемдерде де 2 және 4-шіде сөздердің орын тәртібі бір: сұраулы сөз - көмекші етістік өткен шақта- зат есім- етістік. 4-ші сөйлемдегі өткен шақта берілген көмекші етістік болымды сөйлемде де бар. Бұл жағдайда төмендегідей амалдар орындалады:
The girl had hit the doll.
The girl had hit what?
What the girl had hit?
What had the girl hit?
Мұнда жоғарыда келтірілген екі сөйлемде жоқ тағы бір тәсілдің қолданғанын байқауға болады. Сұраулы сөзді сөйлемнің басына орналастырғаннан кейін зат есім мен көмекші етістіктің орындарын ауыстыру қажет : the girl had - had the girl . Сұраулы сөйлемнің құрылуына ең кем дегенде үш қайта құру амалдарын орындау қажет: 1) зат есімді what сөзімен алмастыру, 2) what сөзін сөйлемнің басына орналастыру, 3) зат есім мен көмекші етістіктің орнын ауыстыру.
Енді қайтадан 2-ші мысалда берілген did сөзінің қайдан пайда болғанына оралсақ. Жоғарыда біз What the girl hit деген сөйлем қарастырдық. Бұ жерде зат есім мен көмекші етістіктің орнын ауыстыру қажет, бірақ бұл сөйлемде көмекші етістік жоқ. Сондықтан мұндай жағдайда көмекші етістік енгізу керек, яғни do етістігін. Бұл көмекші етістік өзінің орнына зат есім алдына тұрады және 2-ші мысалдағыдай өткен шақтада орнын ауыстырмайды.
Бұл келтірілген мысалдардан қайта құру амалдарының күрделі екенін байқауға болады, дегенмен бұл тек қайта құрудың оғайлатылған түрі болып табылады. 2-ші мысалда берілген did сөзінің пайда болуын түсіндірдік. Енді төменде келтірілген сөйлемдерде do көмекші етістігінің қайдан пайда болғанын қалай түсіндіруге болады?
(5) The girl didn’t hit the doll.
(6) What didn’t the girl hit?
(7) Did the girl hit the doll?
(8) Didn’t the girl hit the doll?
(9) The girl did hit the doll.
Осы сөйлемдерге жасалған анализ арқылы бізге грамматикалық қайта құрудың негізгі аспектілерін көрсетуге мүмкіндік береді: қайта құру - ол бір құрылымды екінші құрылымға айналдыру операциясы. Ол қарапайым операциялар көмегімен іске асады: алмастыру ( doll сөзінің орнына what сөзі), орналастыру ( what сөзі сөйлемнің басына), орын ауыстыру (зат есім мен көмекші етістк орындарын) және т. б. Бұл операциялар барлық тілге тән лингвистикалық универсалиялар болып табылады.
2-ші мысалға анализ жасай келе, біз трансформациялық грамматиканың тағы бір негізгі қырын ашады. Алайда бұл сөйлемде көмекші етістік жоқ болса да, бұл сөйлемнің терең құрылымында әлдебір абстрактылы көмекші етістік болу керек, себебі сол көмекші етістік сәйкесінше болымсыз және сұраулы сөйлемдерде кездеседі. Сөйтіп, сөйлемдерде берілген сөздер тіркесінің барлығын дұрыс білеміз деп айта алмаймыз.
Лингвистикалық құрылымдарда кездесетін жасырын және айқын немесе терең және үстіртін айырмашылығын анықтау трансформациялық грамматиканың лингвистика және психология саласына қосқан ең негізгі үлесі болып келеді. Бұл негізгі айырмашылықты көрсетуде тағы бірнеше мысалдар талдаймыз.
Police monitor ruffians.
Ruffians are monitored by police.
Бұл мысалдардан сөздердің орын тәртібі әрқалай болса да, етістіктің объектісін және субъектісін табуға болады. Екі сөйлемде әр түрлі үстіртін құрылым болғанымен де, терең құрылымдары бір.
They were arrested by police.
They were arrested by force .
ТҚ грамматикасы бойынша бұл екі сөйлемде еш айырмашылық жоқ. Бұл грамматика бойынша берілген сөйлемдердің құрылымдары бірдей. Бірақ бірақ бұл құрылымдардың әр қалай түсіндірілетінін білеміз және грамматика осыны түсіндіріп беру керек. Police - бірінші сөйлемде берілген іс-әрекеттің субъектісі, екінші сөйлемде берілген force сөзі бірінші сөйлемдегідей синтаксистік қызмет атқармайды. Ағылшын тілін меңгерген адам, екінші сөйлемде іс-әрекеттің субъектісі берілмесе де, қандай да бір күш арқылы іске асқанын байқайды. Сондықтан да осы екі сөйлемді әртүрлі перефразалармен байланыстыруға болады: Police arrested them. Somebody arrested them by force . Бұл сөйлемдердің трансформациялық құрылымы әртүрлі болғандықтан беретін мағынасы да әртүрлі. Сырт көзге сөйлемдердің құрылымы бірдей болып көрінеді, бірақ бұлар әртүрлі жасырын немесе терең құрылымдардан туындаған.
Трансформациялық грамматиканың ең негізгі міндеті осы екі сөйлемде берілген екі түрлі құрылымды айқындау. Осы сияқты көптеген мысалдарды талдауға болады. Трансформациялық грамматиканың қолдаушылары жоғарыда келтірілген сөйлемдерде кездесетін айырмашылықтарды айқындауда ерекше мұқияттылықпен қарайды.
Н. Хомский осы сөйлемдерге анализ жасалғаннан кейін мынадай тұжырымдама жасады: «Үстіртін құрылымдардың көп жағдайда берқарар болып келетінін байқауға болады және үстіртін құрылымда анық көрсетілмеген заттарды біз тіл туралы біліміміз және табиғаттан берілген қосымша білім қасиеттері арқылы ұғынамыз» [3, 121] .
Трансформациялық грамматиканың қарастыратын тағы екі компоненті бар. Олар біріншісі, фонологиялық компонент, яғни үстіртін құрылымдарды дыбыстық формаға айналдырады; екіншісі семантикалық компонент, терең құрылымдар мен мағыналар арақатыстығын белгілейді.
«Трансформациялық грамматиканың дамуын зерттеу біраз қиындықтарды тудырады және зерттеудің нәтижесін толық түсіндіріп жазуда оңай жұмыс емес», - дейді Н. Хомский [3, 129] .
Трансформациялық грамматиканы түсіндіруде Н. Хомский [4] кішкентай балалардың айтатын сөздерін негізге алады, яғни олар сөйлеген кезде сөйлемдерді қалай құрастырады және қалай қолданады деген сұрақтар авторды толғандырады .
Кішкентай сәби басында трансформациялық жүйені қажет етпейді, себебі оның сөйлемдері қарапайым және қысқа болып келеді. Бала дами келе, күрделі сөйлемдерді айтқысы келеді және оны қалай әске асыру керектігін анықтауы керек. Басында дұрыс болмайды және соның салдарынан кішкентай баланың сөйлеген сөздері де бұрыс болып жатады. Осы бұрыс сөйлемдер бара-бара жарамсыз болады да, бала өз ойын жеткізу үшін трансформациялық грамматика сынды операция құрастырады.
Беллуджи-Клима [5] өзінің зерттеуінде кішкентай балалардың сөйлеген сөздерінде жеке трансформациялық грамматика болатынын айтып кетеді. Біз сол туралы қысқаша айтып кетсек. What the girl hit? Жоғарыда айтылып кеткен мысалдан көруге болады, осылай кішкентай балалар сұрақ қояды. Бұл сұраулы сөйлемде бала сұраулы сөздің сөйлемнің басына дұрыс қойғанын көріп тұрмыз. Сонымен қатар ол екінші операцияны дұрыс орындай алмағанын байқаймыз, яғни көмекші етістікті бастауыштың алдына қою. Баланың жасаған қателігінен трансформациялық грамматиканың қолданғанын көруге болады. Егер балалар сұраулы сөздердің көмегі арқылы сөйлемдер құрастыра алса, онда олар сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып сұрақ қоюды да біледі деген сөз. Демек, бала инверсия операциясын білсе, онда препозиция және транспозиция операцияларын да біледі деп айтуға болады. Әр бала осы операцияларды жеке орындай алады екен, дегенмен сәбилердің дамуына байланысты бұл амалдар бір уақытта орындалынбайды.
Балаларға үлкен адамдардың дұрыс сөйлемдерін қайтала дегенде, олар сөйлемдерді өзінің санасында грамматикалық жүйеден өткізеді екен. Мысалға :
Ересек : менен кейін қайтала : Where can I find them?
Бала : Where I can find them?
Беллуджи-Климаның айтуынша, балалар өзінің даму деңгейіне байланысты операцияларды орындайды дейді, яғни жоғарыда айтқанымыздай препозиция және транспозиция операцияларын бір уақытта орындай алмайды.
Дамудың келесі сатысында, балалар сөйлем құрастыруда екі операцияны да орындай алады, сонымен бірге нормативті дұрыс сөйлем құрастыра алады. Осы талдаулардан балалардың әр даму сатысында қиындықтардың мүмкін болатын көлемінің кездесетінін анық байқаймыз.
1. 2 Аударматануда «трансформация» ұғымының маңызы
Аударма барысында жасалатын барлық қайта құрылу үдерісі трансформациялар немесе деформациялар деп анықталуы мүмкін. Енді ең алдымен осы сөздердің аудармаға қатыстырмай-ақ, дәлірек айтқанда жалпы ғылыми термин сөздер ретінде мағынасын анықтау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz