Тұтыну несиесі жайлы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді дамытудың болашығы ... ... ... ... ... 20

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТҰТЫНУ НЕСИЕЛЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

2.1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2 АТФ Банктің несиелік порфеліне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.3 «АТФ Банк» АҚ тұтыну несиесін беру процесін ұйымдастыру тәртібі
және несие қабілеттілігін талдаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
Президенттің 2011 жыл 28 қаңтар “Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз” Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, банктердің несие жүйесінің қалыптасу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады[1].
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің еліміздің банктік саласы – жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Банктік жүйе көпфункционалды – ол несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі қызметтерді ұсынады. Соның ішінде халыққа тұтыну несиесін және басқада несие түрлерін ұсынады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын.
Кез келген жеке тұлға өз табысын көрсете отыра банктен өз қажеттілігін қанағаттандыруға қарыз алады. Сондықтан тұтыну несиесінің дамуы тауарға деген сұранысты арттырып адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда үлкен орын алып отыр. Қазіргі банк секторында тұтыну несиесі үлкен орын алады және экономиканың дамуына үлкен үлес қосып отыр. Міне, осы жағдай маған осы тақырыпты таңдауға септігін тигізіп отыр.
Жалпы несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның даулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта түріне аусып тұрады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан, 2011ж 28 қаңтар.
2. «ҚР-ғы банктер мен банктік қызмет туралы ҚР заңы» 31 тамыз 1995 ж.
3. «Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп
айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық» Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретттеу мен кадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 Қаулысы
4. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР заңы.
5. «АТФ Банкі» АҚ-ның 2010 жылғы жылдық есебі
6.ҚР-ның кейбір заң актілеріне ипотекалық несиелеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның заңы: 2006ж. 3 маусым №427, Егемен Қазақстан 2006ж.
7. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары»// Алматы 2004.
8. Ғ.С. Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер. Алматы 2001 ж.
9. Сеиткасымов Г.С. «Банковское дело: Учебник»// Алматы 2001.
10. Садвакасов К.К. «Коммерческие банки» Управленческий анализ деятельности. Планирование и контроль. – Москва: Ось – 89 , 2002 г.
11. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане», Алматы 2001г.
12. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі. Алматы. Қазақ университеті. 2004ж.
13. Жарковская Е.Ф. «Банковское дело» // Москва, 2005.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жылдық есебі 2008-2010ж
15. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2005.
16.Положение об ипотечном кредитовании физических лиц. 2007г.
17.Процедура проведения оценки залогового имущества и методические рекомендации по определению стоимости объекта залога, 6 май 2000г.
18.«АТФ» АҚ-ның жылдық қаржылық есебі (2008-2009 ж.)
19. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» Оқулық Алматы: Издатмаркет баспасы, 2000 жыл.
20. Аникеева А.В. Ипотека в РК «Казахстан на пути к новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста» Алматы: Экономика, 2002г.
21. «Банки Казахстана», №5,2007. Конакбаева А.Г. «Кридитная система РК: современное состояние и проблемы развития».
22. «Банки Казахстана», № 2, 2010
23. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казакстане» Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2001 г.
24. Хамитов Н.Н. «Банк ісі» Лекциялар курсы. Алматы: Экономика баспасы 2006 жыл.
25. Исаев А. «Қазақстанның банк секторының күйі қандай» «Айқын» газеті – 2009 жыл.
26. «ҚазҰУ Хабаршысы» №3 (49) 2009ж
27. «Қаржы қаражат» №1 2009
28. Сауытбекова Ә. «Банк жүйесінің өзекті мәселелері» (мақала ) «Дала мен Қала» газеті – 2009ж.
29. Абдильманова Ш.Р. Некоторые аспекты системы кредитования в Казахстане, «Банки Казахстана» №1 2010 ж.
30. Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп беруі 2008-2010 ж..

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру
мәселелері және тұтынушылық несиелеуді дамытудың
болашығы ... ... ... ... ... 20

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТҰТЫНУ НЕСИЕЛЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

2.1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... 28
2.2 АТФ Банктің несиелік порфеліне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..38
2.3 АТФ Банк АҚ тұтыну несиесін беру процесін ұйымдастыру тәртібі
және несие қабілеттілігін талдаудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ
НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .70

КІРІСПЕ

Президенттің 2011 жыл 28 қаңтар “Болашақтың iргесiн бiрге
қалаймыз” Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы
экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
үшін мемлекет қазынагерлік, банктердің несие жүйесінің қалыптасу
саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік
реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген
сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады[1].

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде
дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде
реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн
дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс
iстеп жатыр.
Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің еліміздің банктік саласы –
жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып
табылады. Банктік жүйе көпфункционалды – ол несие саясатын жүргізеді,
тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге
көптеген дәстүрлі қызметтерді ұсынады. Соның ішінде халыққа тұтыну несиесін
және басқада несие түрлерін ұсынады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше
несиесіз жұмыс жасау қиын.
Кез келген жеке тұлға өз табысын көрсете отыра банктен өз
қажеттілігін қанағаттандыруға қарыз алады. Сондықтан тұтыну несиесінің
дамуы тауарға деген сұранысты арттырып адамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруда үлкен орын алып отыр. Қазіргі банк секторында тұтыну
несиесі үлкен орын алады және экономиканың дамуына үлкен үлес қосып отыр.
Міне, осы жағдай маған осы тақырыпты таңдауға септігін тигізіп отыр.
Жалпы несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып
табылады. Кредит деген сөз, қарыз, несие деген kredo- сенемін деген
мағына беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық
дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар
өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және
кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі
даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның даулетті
топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен
қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие
ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге
асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал
түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға,
тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта
түріне аусып тұрады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар
бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз
алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз
мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер
болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір
жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін
жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара
қызығушылық танытулар керек. Ф.Энгельс: Әрбір қоғамның экономика мүддесі,
ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек деп жазды.
Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан-оны
алуда нестелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негізбен (капиталдың бірдей болмауы) пайда
болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және
оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған
қарама- қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін
қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын
жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты
еместігімен түсіндіріледі.
Несие беруші мен қарызға алушының арсында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несиеге қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша экономикалық негіз бен пайда болу талаптарының жиынтығы
несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп
береді.
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның
ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну
тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну
несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен
сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген
сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын
тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қанаққан
сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және
оның эволюциясын түсіндіріп береді
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын
тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады.
Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді.
Дамыған елдердн несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі.
Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін.
Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар
көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер
салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және
кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол
тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға
ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар
қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын
тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін
соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі
болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – АТФ Банк АҚ-ң жеке
тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында
берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды
ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жүргізу.
Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну
несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу
тәртібімен танысу-жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау
үшін мынандай міндеттер алға тартылады:
- Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
- Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
- Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
- Шет елдік тәжірибелерді қарастыру.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемесі ретінде батыс елдерінің,
Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғылымдарының ғылыми
еңбектері қарастырылды. Сонымен бірге тұтыну несиесінін пайдаланудың
құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдары
мен заң актілеріне сүйендім.
Диплом жұмысымның құрлымы. Дипломдық жұмыс 68 бет көлемінен,
негізгі бөлімі кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар
қолданыған 30 әдебиеттер тізімінен, тұрады. Жұмыста 11 кесте және 10
суреттен тұрады.
Бірінші бөлімде тұтыну несиесінің мәні, құрылымы, қағидалары туралы, яғни
банктік несиелеудің теориялық аспектілері. Екінші бөлімде АҚ “АТФ Банктегі”
жеке тұлғаларды несиелендіру қызметін талдау, яғни жеке тұлғаларды
несиелеуді ұйымдастыру тәртібі қарастырылған. Үшінші бөлімде Қазақстанда
жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды
жасалған.

1 ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданылатын
түрін өзгертеді.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайлдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелеодің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да
тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да
қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық несие және банктік
несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы,процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие - тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан
тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік несие
жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей
тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық
капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен
сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
• дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты яғни
дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып коммерциялық
несиенің көлемі қысқарады;
• бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек –өндіріс құрал
жабдықтакрын шыңаратын салалар және оларды пайдаланатын салаларңа
береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін
комбайындарды несиеге алу шаруашылығына сатуына болады, ал
ауылшаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін
бере алмайды.
Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан
клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп,ақша түрінде берілетін несие.
Коммерциялық несие банктік несиенің бір-бірінен бір сыпыра айырмашылықтары
бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік
несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен
сатушылар бір біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік
несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде
беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Банктік
несиеде несие беруші-банк, қарыз алушы- кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің щектеулері банктік несие
берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық
несие тек тауар айналысына қызмет корсетсе, банктік несие халықтың барлық
топтарының уақытша бос ақщасын шоғырландырып ,оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі
емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндірумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін
банктік несиеге сұраныс кобейді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде
нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік
несиеге сұраныс ұлғаяады. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды:
қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өссіру үшін пайдаланса, онда
капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде
пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің мұндай шартты екі
түрге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты
болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы
қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер
қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қаоыздаодың капитал несиесін алғаны[7].
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін.
Несиенің негізгі екі формасының- коммерциялық және банктік
несиелер-әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге
бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі- бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу,тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу,
мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін
коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-халық, ал несие
беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін.
Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары
арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында
(яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар-
жиhаз,жеңіл машиналар,тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі.
Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу
фрмулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы мынандай түрде белгіленеді:
Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына тұтыну несиесін береді:
• ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы:
пәтер, автомобиль, жиhаз, телевизор, тоңазытқыш, және басқа да
техникалар сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу
процесінде банктер тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-
ын төлейді. Ал несиеге берілген тауар кепіл ролін атқарады.
Берілген несие сомасы қарыз алушымен несие келісім шартында
көрсетілген график бойынша өтелуі тиіс;
• кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды, тауарларды
жалға алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
• тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
• несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін
ұзартуға берілген несиелер, егер бұл жағдай несиелік карточканы
пайдалану келісім шартында қарастырылса;
• қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын
тауарларды сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз және оқу
үшін, емделгелі үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиесінің бір
түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей
байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын
сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі
тауарға деген несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе
қазір айқын көрінеді.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар
өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған
сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай
түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары
сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автакөлік сатып алу
мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол ақша арқылы сатып
алынады.
Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль
атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады.
Бұл реттеулерді екіге бөлуге болады: несиені беру деңгейіндегі
және тауарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі
реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды
көздейді. Яғни, банктердің,қаржы мекемелердің қызметтеріне несиелік
шектеулер қолданылады.
Экономикалық құлдырауы, сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің
саясаты - елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну
несиесіне деген жеңілдіктер, мысалы: қолма қол ақшамен сатып алынған
тауарлардың бағасын төмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту
шаралары қолданылады.
Ал, экономика ақша инфляциясының күшеюі кезінде алдағы айтылған
саясатқа қарама қарсы саясат жүргізіледі, яғни мемлекет несие мерзімдерін
азайтып, проценттік ставкаларды жоғарылатады.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады, тауарларға
деген сұранысты, олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады.
Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алды.
Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып
алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік
алады. Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның
даму деңгейі әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз. Соңғы зерттеулерге
сәйкес, көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін несиелердің ішінде ең
табысты түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең пір танымал – Ситикорп
оф Нью-Йорк өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша, үнемі өсіп отырған
ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе,несие карточкаларының
маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін несиелерге,
тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетулерге) бағыттап отырады, бірақ,
тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және тәуекелі
жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық жағдайы
әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға байланысты күрт
өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды жүзеге асыру мүмкін
жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс[8].
Сонымен, халыққа берілетін несиелер тұтыну несиесі деп аталады.
Тұтынушылық несиелендіру спектрі деп нені түсінеміз? Іс жүзінде осының бәрі
тұтынушыға бағытталған несиелендіру, атап айтқанда автомобильді, жиһазды,
тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған несиелер және тұрмысымызды
жақсартуға қажетті басқа да заттар. Бұған, мысалы, жеке үй
шаруашылықтарының көлемінде қаржыландыру - бұл білім беру, денсаулық
сақтау, үйлену және т.б. қызметтердің ақысын төлеу. Егер адамдар өздерінің
ішкі, отбасылық жобаларын жүзеге асыра алмаса немесе өздерінің жинаған
ақшасын жұмсағысы келмесе, нәтижесінде оларға қаржылай қаражат ұсынылады.
Бұл несиенің тұтыну сипаты несиені беру мақсатымен
( несиелеу объектісі ) анықталады.
Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез келген несиелерді
соның ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілетін несиелер,
ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берілген несиелерді
жатқызады.
Ал батыстағы банктік тәжірбиеде тұтыну несиелерінің мағынасы
Ресейде ерекшеленеді, яғни жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін
және сәйкес қызметтерге ақы төлеу үшін берілген несиелер.
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік
құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт
өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие уақытында
өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы
бар[8].
Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы
банкке несиелік қарыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің
соммасын, неиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк
өз тарапынаннесие алушының несие қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс
деңгейі мен олардың табыс деңгейін қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының
жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді
талап етеді. Егер осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының несиені
өтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе кепілдемені
талап етеді.

1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі

Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде
олардың саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелуінің мынандай нышандары бар:
қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың
мақсатты пайдалануы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы
басқа.
Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну
несиесі – кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге
ала отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын
үйлерді жөндеуге және оларды газ, су және тағы басқа жүйелерге қосылуына
берілетін несиелер деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын
азаматтарға жеке шаруашлығындағы жұмыстарды жүргізу үшін, шағын механизация
құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын
салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау - бақша өсірушілік
кооперативтеріне және серіктестеріне кіретін мүшелердің әртүрлі
мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокөліктер және ұзақ мерзімге
қолданылатын тауарлар сатып алуға, шаруашлықта қажет үй жануарларын сатып
алуға және тағы басқа қажеттіліктерге беріледі.
Тұтыну несиелерінің төмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз
алушы сипаты бойынша ):
• банктік тұтыну несилері;
• сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
• банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну
несиелері
• ( ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс
қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.);
• жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
• қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей
алынған тұтыну несиелері;
Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі: қысқа

мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдаланк
мерзіміне қарай бөлінуі:
• қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
• орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )
• ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары )
Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдық деп те атайды. Мұндай
несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап
етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақытта өтей алады.
Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз
(овердравт, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге ) деп бөлінеді.
Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген
(сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз
етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап
етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен
қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығымен қамтамасыз ету – жалпы
экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа
түрлеріне қарағанда жоғары тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең
негізгі қызметтерінің бірі – банктердің несиелік қызметі болғандықтан,
банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайды[7].
Несиелік тәуекел - қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен
жағдайларға сәйкес кредиторға өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы,
яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған
есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің
зиян шегуіне сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару - оны минимизациялау процесі болғандықтан
осы прцестің міндеттері:
• Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ақпаратының
бірі сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға
да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
• Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін
өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау
нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциялды шығындар
көлемін бағалауға көмектеседі.
• Несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан
кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл
процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескертуге және банктің
өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының
алдын алуға бағытталуы тиіс. Бақылау болжамданған көрсеткіштерден
тәуекелдің ауытқу себебін табуға және талдауға көмектеседі. Тәуекел
мөлшері және көлемі уақыт сайын өзгеріп отыратындықтан бақылау
несиелік қатынас кезеңіндегі клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын
және бағасын, кепілін анықтауға көмектеседі.
Несиелік тәуекелді басқару екі бағытта жүргізіледі:
• несиелік операция технологиясын басқару;
• несиелік тәуекелді басқару.
Несиелік операциялар технологиясын басқару несиелік саясатты ендіру
негізінде ұсыныстарды дайындау бойынша ұйымдық процесс, яғни банктің берген
әр несиесіне кезеңмен дайындалған басқару саясаты жүргізілуі тиіс.
Несиелік тәуекелді басқару мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді:-
ссудалық портфель сапасы;
• несиелік тәуекелді төмендету;
• тәуекелді алдын ала байқау, мөлшері мен салдарын анықтау;
• тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша
шараларды дайындау және өткізу.
Несиелік тәуекелді кезең бойынша басқару жүйесі:
• тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау;
• тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін
анықтау;
• тәуекелді өткізу ықтималдығын бағалау әдісін таңдау;
• тәуекелді сақтандыру әдісін дайындау және таңдау;
• тәуекелді басқару нәтижесін талдау.
Әр жүйе белгілі бір элементтер жиынтығынан тұратындықтан несиелік
тәуекелді басқару жүйесі де белгілі бір элементтен тұрады.
Осы аталған несиелік тәуекелді басқару элементтерінің маңыздылары
ақпараттық жүйе, клиенттің несиелік қабілеті, несиелендіру процесін және
саясатын анықтау, дұрыс құжаттама жасау.
Тәуекелді басқару кезінде әрбір несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі
тиіс:
• тәуекелді мөлшерлеу;
• тәуекел мөлшерін анықтау;
• тәуекелді бақылау;
• мониторинг.
Тәуекелді мөлшерлеу-лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз
стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл
лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Сондықтан несиелік
саясатта несиелік портфель несиелік несиелік саралаудан, несиеге баға
белгілеуден тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.
Басқару бақылауының (упрвленческий кантроль) элементі:
• несиелік аудит мамандандырылуы, несиелік шешім қабылдау тәуелсіз
жүргізілуі, жалпы несиелік портфелдің сапалы болуы;
• несиелік ақпараттық басқару жүйесі (НАБЖ) нақты несие бойынша
монитортнг жүргізуде және несие портфелінің сапасын басқару үшін
несиелік бөлім қызметкерлеріне нақты және оперативті ақпаратты беруі
тиіс;
қаражат қозғалысын бақылау, яғни барлық ресмилік орындалғанға
дейін, авторизация прцесі біткеннен кейін қарыз алушының ақшаны алуы.

Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және
ардайым бақылау мен бағалау. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы
аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алушының несиелік
қабілеттілігін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерлі қалпына
келтіру,қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайларды жүргізіледі.

Сурет 1. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері

Дерек көзі : ҚазҰУ Хабаршысы №3 (49) 2007

Тәуекелді бақылау менеджерлер міндеті болып табылады, яғни олар
оперативті басқаруды жүзеге асырады. Жалпы бақылаудың міндеті жоғары
дәрежелі мамандардың болуы, кадрлардың біліктілігі, осы мақсаттарды жүзеге
асыруда тиімді жұмыс уақытын белгілеу.
Несиелік шарттың негізіне несиенің мақсаты жату тиіс. Тәжірбиеде
несиені банк несиелейтін объектілермен қамтамасыз етеді.
Банктік несиені:
• меншікті кепілге алу арқылы;
• кепілдеме, кепілдік арқылы
• үшінші тұлғаға клиенттің дебиторлық шоттары мен талаптарын, келісім
шарттарын банк пайдасына қарай беру арқылы;
• бағалы қағаздармен, тауарлы және жолдық құжаттармен қамтамасыз етуге;
• вексельдермен қамтамасыз етуге;
• өмірді сақтандыру полюстерімен қамтамасыз етуге болады.
Өтеу әдісіне байланысты:
• бөліп қайтарылатын;
• мерзім соңында толық қайтарылатын болып бөлінеді.
Мерзім соңында толық қайтарылатыын несиенің ерекшелігі, негізгі
қарыз және ол бойынша қарыз бірге, бір уақытта төленеді. Оған мысал ретінде
ескі және жаңа үй құнының айырмасы соммасына жеке тұлғаларға жаңа үй сатып
алу үшін берілетін несие[7].
Бөліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты кезеңдер бойынша
өтеу (әр ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа); қарызды тұрақсыз
периодтар бойынша өтеу (қарызды өтеу барысындағы бөліктер белгілі бір
факторларға байланысты өзгеріп отырады (азаяды немесе көбейеді)). Бөліп
қайтарылатын несиелер мәмәленің жүзеге асу мерзімінде бөліктеп қарыздың
соммасын есептеп шығару принципі бойынша беріледі. Несиені бұл жолмен
қайтару клиент үшін мерзім соңында бірден қайтаруға қарағанда жеңіл болады.
Банк үшін де бұл жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы
банк несиелік ресурстарды босату арқылы банктің өтімділігін жоғарылатады.
Пайыздарды төлеу әдістеріне байланысты несиелер:
• несиені беру уақытында берілетін пайыздық несиелер;
• несиені өтеу уақытында берілетін пайыздық несиелер;
• несиені пайдалану мерзімі бойынща пайыздары бірдей бөліктер арқылы
(әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген
гоафик бойынша) төленетін несиелер;
Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:
• бір жолғы несиелер;
• жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бөлінеді. Ровольверлі
несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт
формасындағы активтік – пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер
жатады. Әлемдік тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі
шоттары бойынша несиелік желілер аз тараған, бірақ олар несиелік
карталар бойынша берілген несиелер сияқты қолданылады. Клиенттер
шотындағы қалдықтан көп қаражаттарға чек жазып бере алады (чектік
несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін пайыздар төлеуі тиіс.
Оған мысал ретінде АҚШ – тың тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ
банк жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:
• бөліп қайтарылатын несиелер;
• револьверлі несиелер;
• бөліп қайтарылмайтын несиелер деп бөлеміз.
Бөліп қайтарылатын несиелер шартты пайыздарды және қарызды
белгілі мерзім сайын төлеу. Әдетте, бұл несие қарыз алушы тауарларды сатып
алу үшін немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бөліктер
арқылы өтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша
берілген несиелерді де шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, себебі
бұлар бойынша да белгілі бір мерзім сайын өтеледі. Бірақ олардың өз
ерекшеліктері бар.
АҚШ – та бөліп қайтарылатын несиелерді өтеу мерзімі 2-5 жыл
аралығында болады. Ал несиеге берілетін соммалар мөлшері үлкен диапозонда
ауытқиды. Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне
автокөліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан көп тұратын
заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.
Револьверлі несиелерге қарағанда, бөліп қайтарылатын несиелердің
қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болады.
Бөліп қайтарылатын несиелер банктік несиенің тікелей және жанама
формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен қарыз алушы
арасында несиелік шарт жасалады. Ал, жанама несиелеу делдал арқылы
жүргізіледі, көбінесе делдал рөлін бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар
атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы және заңды тұлға арасында
жасалады да, осы заңды тұлға банктен несие алады. Жанама несиелеудің кең
тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокөлік сатып алуға берілетін
несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі.
Біздің елімізде сауда ұйымдары арқылы халықты несиелеу дамуда.
Сатып алушылар қымбат тауарларды (автокөліктерді, таңазытқыштарды, кір
жуғыш машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзімге қолданатын
тауарларды), көбінесе, бөліп қайтарылатын несие арқылы алуда.
Егер біз қазіргі уақытта экономикамыздың дамуына әсер ететін
күшті факторлардың бірі ретінде банк секторын атап өтетін болсақ
қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын
ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық банк үшін пайда табу
барысында активті операциялар, оның пайдалылығына байланысты, аса маңызды
болып табылады.
Банк пайдасының үлкен бөлігі несиелеумен байланысты. Бірақ
несиені қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені банкті банкротқа
ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген
несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей
байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне
итермелейді. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында банк өз
тарапынан қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық – банкінің несие бойынша
баратын тәуекелі болып табылады. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді
басқару, реттеу шараларымен уақытылы айналып отыруы тиісті. Осы ретте
проблемалық несие ұғымын анықтап алсақ. Проблемалық несие дегеніміз несие
келісім - шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген
қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен
қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компонияларының, кепілхаты
және кепілдеме берушінің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және
несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім – шартта көрсетілген
күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Банкінің өзінің несие саясатын жүргізу барысында проблемалық
несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік
келісім бойынша клинтпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады.
Оның басты мақсаты – ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін
уақытылы және тұрақты төлеуіе қамтамасыз ету. Әрине әрбір ссуда түрі
бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қаупінен өзінің тәуекелі болады.
Банк бұл тұрғыдан әр түрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана
абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатын жүргізуі
мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы
мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін
бұл өте қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан ен оптималды саясатсақтық пен
ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциялды мүмкіндіктерінің
максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып
табылады .
Несиені қайтармаудың макроэкономикалық себептеріне:
• инфляцияның деңгейінің секірмелі өзгергіштігі;
• валюта бағамдарының өзгерісі;
• нақты қызмет етуші заңнаманың болмауы және тағы басқа факторлар;
Микроэкономикалық деңгейдегі қарыздардың пайда болу себептері:
• кәсіпорындармен өз құрал – жабдықтарын тиімді пайдаланбауы;
• құрал – жабдықтарының моральды және физикалық жағынан қатты тозуы;
• басқарушы персоналды төмен білім деңгейі;
• мамандардың жүйелі түрде жалақысы төленбеуінен жоғалтуы және т.б.
Қазіргі нақты фискалдық ауыртпашылық жүктеумен және оған
байланысты жоғары айыппұлдармен сипатталатын салық жүйесі кезеңінде несиені
қайтармау тәуеклі өседі. Бұл ең алдымен мынаған байланысты, яғни қарыз
алушының несие бойынша төлеуге дайындап қойған ақша қаражаттары күтпеген
жерден бюджетке алынуы мүмкін. Қазіргі кезде проблемалық несиелердің несие
портфеліндегі нақты үлес салмағы шамамен 31,4% құрап отыр, бұл көрсеткіш
кейбір банкілерде және олардың филиалдарында 35%-ға дейін барады[9].
Несие ұйымының жоғары менеджментімен стратегиялық жоспарлауға
қарағанда тактикалық және басқарушылық жоспарлауды пайдалану көбіне
несиелік тәуекелдің көбеюіне әкеліп соғады. Мысалы, сала бойынша және аймақ
бойынша уақытылы емес, негізделмеген несие портфелін диверсификациялау
немесе несие қызметінің ұйымдастырушылық, функционалды және басқару
құрылымдарын уақытылы емес өзгерту.
Қазіргі кезде, несиелеу секторындағы коммерцмялық банктер
арасындағы бәсекелестік өзінің ең жоғарғы деңгейіне жеткен уақытта, банктер
несие алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, банктік қызметтер
спектрін, банктік қызмет көрсетуді жетілдіру арқылы клиенттерді тартуда.
Проблемалық несиелерге мыналар жатады:
• Несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
• Сақтандыру, кепіл - хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген
несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және
кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
• Несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген
күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
• Қарыз алушының қызметін қайта құру;
• Несиені қайтару кестесін өзгерту;
• Пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін төзгерту.
Отандық тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу
ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және
үмітсіз несиелер жатады.
Біздің елде дамымаған, бірақ шет ел банктерінде кеңінен
қолданылатын несиелер түрлеріне тоқталып кетсек:
• ағымдағы шот бойынша берілетін несиелер ( овердрафт );
• ағымдағы шоттың несиелік зонасы;
• есептік несие;
• тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға берілетін персоналды несиелер;
• ипотекалық несие;
• балалар оқуына және студенттерге берілетін несие;
Бұл несие түрлерінің Батыс елдердегі ерекшеліктеріне келетін
болсақ:
1) ағымдағы шот бойынша берілетін несиелер Ұлыбритания, Канада,
Германия сияқты бірқатар дамыған елдерде овердрафт несиесін қолдану
құқығына тек сенімді клиенттер ғана ие. Ал, АҚШ-та соңғы кезге дейін
ағымдағы шот бойынша берілетін несиелерге тыйым салынған болатын. Бірақ,
қазіргі заманға байланысты кейбір американдық банктер өз тәжірибесінде бұл
несие түрін қолдануда.
2) Ағымдағы шоттың несиелік зонасы. Ұлыбританияның ірі
коммерциялық банктері – клирингтік банктері - өз клиенттеріне ағымдағы шот
бойынша жаңа қызмет көрсетуде – қарыз алу қажеттілігін жабу үшін несиелі
зона қолданылады.
Ағымдағы шотта дебиторлық сальдо қалып, бірақ клиент белгілі бір
шектерге дейін онымен қолдана берген жағдайда ғана несиелік зона іске
асады.
3) Есептік несие. Бұл коммерциялық банктермен вексель ұсынушыға
вексель бойынша төлеу мерзімі келгенге дейін және пайыз сомасының айырмасы
негізінде берілген қысқа мерзімді несие.
Банк несие алушы ұсынған вексель бойынша дисконтталған жалпы
сомманы анықтайды. Бірақ, банктер кейбір жағдайларда анықталған сома
мөлшеріндегі вексельдерді сатып алудан бас тартуы мүмкін. Мысалы,
Германиядағы банктер, әдетте, тек айналымы 90 күннен аспайтын тауар
вексельдерін сатып алады. Себебі, бұл вексельдерді олар Бундес банкте қайта
дисконттауға мүмкіндігі бар.
Есепті несие клиентке белгілі бір артықшылықты береді. Ондай
артықшылықтарына вексельді негізге ала отырып, төлемді кейінге қалдыру
бойынша сатып алушыларға берілетін несиелерді өте жеңіл және төмен пайыз
мөлшерімен қайта қаржыландыру мүмеіндігі бар. Сонымен қатар, вексель
берудің қатаңдықтарына байланысты банктер қосымша қамтамасыз етуді талап
етпейді.
Бірақ, бұл несие түрінің артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де
бар.
Біріншіден, көптеген дамыған елдерде вексель үшін салық төлеу қажет.
Екіншіден, есепті тиімді ставкадан жоғары, себебі дисконт алдын ала төленуі
тиіс.
4) Тұтыну несиесі және жеке тұлғаларға берілетін персоналды
несиелер. Өткен уақытта барлық дерлік коммерциялық банктер жеке тұлғаларға
қарыз шоттарын ашпауға тырысқан. Олардың ойынша тұтыну несиелерінің негізгі
мөлшері төмен және несие алушылар несие келісім шарттарын орындамау
тәуекелі жоғары болғандықтан, бұл қызмет түрі рентабельді емес болады.
Бірақ депозиттер және кәсіпорындарды несиелеу үшін бәсекенің өсуіне
байланысты өз саясатын, стратегиясын өзгертуге тура келеді. ХХ – ғасырдың
басында АҚШ – тың ірі банктерінен тұратын бір топ банктер (олардың ішінде
өте белгілі Нью – Йорк банктері: Сити – корп, Bank of America) кірген
тұтыну несие бөлімдерін құрған. Екінші дүниежүзілік сағыстан кейін тұтыну
несие секторы банктік нарықтағы ең тез дамыған сегменттердің бірі болды.
Германияда тұтыну несиесін қолма – қол ақша түрінде беру кең етек
жаюда. Себебі, бұл несие алушыға тиімді. Егер, тауарлар үшін төлемдер қолма-
қол ақша түрінде жасалатын болса, сауда ұйымдары сатып алынатын тауарға 5%
жеңілдік береді. Бұл несие түрін қолданғаны үшін банк несиелік келісім
шартта көрсетілген несиенің мерзіміне тұрақты пайыз мөлшерін белгілейді.
Ұлыбританияда тұтыну несиесі кез – келген тұтыну тауарын сатып
алуға немесе қызметтер үшін төлемдерге беріле береді.
Несие беруді рәсімдеу үшін несие алушы апликациялық форманы
(application – заявление, заявка) толтырады. Клиенттің берген мәліметтеріне
сараптама жасалғаннан кейін, банк несие беру немесе бермеу жағдайларын
түсіндіре отырып , шешім қабылдайды.
АҚШ – та коммерциялық банктермен берілетін барлық несиелердің 20
пайызы тұтыну несиелері. Сонымен бірге, жалпы АҚШ экономикасында берілетін
тұтыну несиелерінің ішінде коммерциялық банктермен берілетін мөлшері тек 44
пайызды құрайды. Тұтыну несиелерін беретін американдық қаржылық
институттардың үлесі: қаржылық компаниялар –25%, несиелік бірлестіктер
–14%, жинақтаушы мекемелер –10%, бөлшек сауда ұйымдары –7%т құрайды.
Бәсекелестікке қарамастан, жоғарыда көрсетілген несиелердің
барлығы Кроутер комитетімен дайындалған және Тұтыну несиесі туралы Заңға
сәйкес іске асуда[10].
Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен рөль
атқаратындықтан, мемлекеттік органдар жағынан реттеліп отырады.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға
деген сұранасты, олардың өндірісін көбейтуге және сатуға ынталандырады.
Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады.
Жеке тұлғаларға ұзақ мерзім қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған
тиімсіз, қымбатырақ болады. Бірақ тұтыну несиесінің ерекшелігі төленетін
сомалар тауарды сатып алғанда бірден төленбейді.

1.3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру
мәселелері және тұтынушылық несиені берудің болашағы

Төлемді кешіктіріп беретін несиелер тікелей немесе жанама
банкілік несие нысанын қабылдауы мүмкін. Тікелей банкілік несие берілгенде
банк пен несие алушы алушы арасында несие келісімі жасалады. Жанама
банкілік несие берілгенде банк пен несие алушы арасында несиелік
қатынастарды делдал болуын айтады. Мұндай делдал болып көбіне бөлшек сауда
кәсіпорындары болады. Осы жағдайда несиелік келісім дүкен мен клиент
арасында жасалып, ары қарай келісілген тәртіпте банктен ссуда алады. Мұның
көп таралғандыған, мысал келтірсек, қазіргі қазіргі уақытта
қазақстандықтарға автомобиль сатып алуға берілетін 70% - дан астам ссуда
жанама несие түрінде беріледі.
Тікелей және жанама тұтыну несиесі өзінің кемшіліктері мен
артықшылықтарына ие. Біріншісі, ол банктік несиені жанамадан
ерекшелейтін–бұл несиелендіру объектісін дәл бағалауға мүмкіндік беретін
несиелендіру процессін ұйымдастырудың қарапайымдылығы. Мұның бәрі, әрине
банк пен қарыз алушының арасында несие қатынастарының ұйымдастырылуында
жақын орын алады.
Екінші жағынан, келесі банктік несиелендіруге байланысты банк
көзқарасы бойынша жағымсыз факторларға жанама банктік несиелендіруге
қарағанда тәуекел деңгейінің жоғарылығы. Бұл шешім немен негізделген?
Біріншіден қазіргі несиелендіру тәжірбиесі бірқатар күрделілікке
ие: а) жеке клиенттерлің несие төлей алу мүмкіндігін ссуда беру сатысында
көп банкілердің жүргізбеуі; б) несие төлей алу мүмкіндігі анализі
әдістемесінің тәжірибеге сай келе бермеуі; в) ссуда бойынша
қамтамасыздандырудың тек формалды сипатта болуы.
Екіншіден, елдегі макроэкономикалық жағдай да банктің жеке
клиенттерінің несиелендіруін ұйымдастырғанда негативті болады.
Біздің елімізде тұтыну несиесінің кең таралуына негізгі кедергі -
бұл не кепілдің болмауы, не клиенттің төлеу мүмкіндігінің төмендігі. Көбіне
клиент өзінің жалақысы есебінен несиені өтей алатнын дәлелдей алмауы. Банк
кепілді алатынын біле тұра несиені бере алмайды.
Несиені алу кезінде негізгі мәселе - банкке кепіл. Айтарлықтай
ірі несиені алуға құжат дайындауда, несие алушы кепіл мәселесімен сөзсіз
кездеседі. Кепіл болып үй, автомобиль, асыл бұйымдар, қымбат тұрмыс
техникасы болуы керек. Мұнда мәселе алынатын соммаға эквивалентті
құныдылықта емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің активтік операциялары
Жалпы несие туралы түсінік және оның формалары
Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары
Қарыз алушыны оның ссудалық карыздарының жағдайымен ақпараттандыру
Қазақстан банк ісі
Несие, оның мәні мен қызметі
Қорлар бойынша синтетикалық шоттар
Банк актив операцияларын басқару
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Банктік тұтыну несиелері
Пәндер