X-XII ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті
1. Қалалар санының өсуі
2. Қалалар құрылымындағы өзгерістер
3. Тұрғын үй
4. Қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығының дамуы
а) Қыш.құмыра кәсіпшілігі
ә) Шыны жасау
б) Ұсталық кәсіп
в) Мыс кәсіпшілігі
г) Зергерлік кәсіп
ғ) Сүйек өңдеу мен ою кәсібінің дамуы
д) Тас өңдеу
е) Сауда және ақша айналымы
ж) Егіншілік
5. Сәулет өнері және құрылыс. Сәндік.қолданбалы өнер
6. Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Археологиялық зерттеулер мен материалдар қалалар санының көбейгенін айқын көрсетеді. Егер осының алдындағы кезенде Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны бар деп саналса, бүгінде олардың саны 37-ге жетіп отыр. Егер осының алдындағы кезеңнің жазбаша деректемелерінде 6 қала ғана аталса, қазір олар - 33. Мұның өзі бұл аудан туралы тарихи және географиялық әдебиетте мағлұматтын мол екенін ғана емес, сонымен қатар Шығыстың экономикалық және мәдени байланыстар жүйесіне кеңінен араласқан қалалар маңызының артқанын да білдіреді.
Деректемелерде тау етегіндегі белдеулерде жаңадан Жумишлагу және Манкент қалалары аталады, сол кезде Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникет болған Кенже округі құрылған. Фараб округінде орта ғасырлардағы авторлар Отырардан басқа, жаңа астана Кедерді, Весидж және Бұрық қалаларын атайды. Шауғарда Ясы және Шағылжан, Қарнақ, Қарашық және Шур (Сури) қалалары пайда болады. Сауран қаласы, Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Жент, Аснас, Баршыкент белгілі болады. Қаратаудың теріскей беткейінде — Балаж бен Берукет, Сырдарияның орта ағысында Сүткент қалалары орналасты. Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратаудың теріскей беткейлерінде қалалардың қалыптасу үрдісі мейлінше шапшандай түседі.
Қалалардың аумағы ұлғаяды. Отырар рабадының көлемі 170 гектарға дейін жетті, ал бұрын ол 5—7 гектардан аспаған еді. Әрине, бұл цифрларды кен көлемде қазу жұмыстары жүргізілгенге дейін түпкілікті деп санауға болмайды, бірақ рабадтардын аталған шекараларынын нак IX-XII ғасырларда қалыптасқаны даусыз. Егер бұрын қалалар жұрты көпшілігінің жоғарғы қабаттары VI—VIII ғасырларға жататындарын қоспағанда жалпы көлемі белгісіз болып келсе, қазір барлық дерлік ескерткіштердің көлемі туралы нақты деректер бар, олар Оңтүстік Қазакстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінін типологиясын жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші топка көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары кіреді. Бұлар - Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе (Қараспан), Құйрыктөбе, Сунақ-Ата, Сауран, Жанкент, Жанқала, Құмкент. Бірінші топтағы қала жұрттарын салыстыру мынадай көрініс береді: Сайрам қаласының жұрты Испиджабқа сәйкес келеді, Шортөбе (Қараспан-1) - Осбаникет, Отырартөбе — Отырар, Құйрыктөбе — Кедер, Шойтөбе — Шауғар, Жанқала - Жанкент, Сунак—Ата — Сығанақ, Сүткент - Сүткент деп саналады. Жазбаша деректемелердін мағлұматтарына қарағанда, бұл қалалардын бәрі, Сауран мен Сүткенгген басқалары округтердің астаналары, ал Испиджаб бүкіл Оңтүстік Қазақстаннын басты қаласы болған; Жанкент - ғұздардың астанасы, ал Жент пен Сығанақ ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтар иеліктерінің орталықтары болды.

1. Горячева В. Д. Городские центры и монументальная архитектура сре-дневековой Киргизии. Аптореф. дис. канд. ист. наук. — Фрунзе. 1976, 10— 14-б.
2. Кожемяко П. Н. Раннесредневековые города м поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959. 131-184-б.
3. Бернштам А. Н. Древний Отрар. Изв. АН КазССР, 1951, № 107, сер. археол., вып. 3, 100-103-б.
4. Винник Д. Ф. К исторической топографии средневековых поселений Иссык-Кульской котловины. // Древняя и раннесредневековая культура Киргизстана. Фрунзе, 1967, 101-110-б.
5. Толстов С. П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962, 267—282-б.
6. Маргулан А. X. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане./ /Археологические памятники Казахстана. А., 1978, 3—37-б.
7. История народов Узбекистана: с древнейших времен до начала XV в. Ташкент, 1950, т. 1. 245-б.
8. Большаков О. Г. Город в конце VIII - начале XIII вв. // Средневековый город Средней Азии. М., 1973, 299-300-б.
9. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі дейін. (4 томдық) Археол. Институты, Алматы, Атамұра, 1996ж. 454-485б.б.
10. Қазақстан жерінің тарихы. (Мұқанов Мұрат, Ата-мұра, 1994жыл) 95-145б.б.

Жоспар
1. Қалалар санының өсуі
2. Қалалар құрылымындағы өзгерістер
3. Тұрғын үй
4. Қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығының дамуы
а) Қыш-құмыра кәсіпшілігі
ә) Шыны жасау
б) Ұсталық кәсіп
в) Мыс кәсіпшілігі
г) Зергерлік кәсіп
ғ) Сүйек өңдеу мен ою кәсібінің дамуы
д) Тас өңдеу
е) Сауда және ақша айналымы
ж) Егіншілік
5. Сәулет өнері және құрылыс. Сәндік-қолданбалы өнер
6. Дін және мәдениет. Исламның таралуы
X-XII ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті
1. ҚАЛАЛАР САНЫНЫҢ ӨСУІ
Археологиялық зерттеулер мен материалдар қалалар санының көбейгенін айқын көрсетеді. Егер осының алдындағы кезенде Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны бар деп саналса, бүгінде олардың саны 37-ге жетіп отыр. Егер осының алдындағы кезеңнің жазбаша деректемелерінде 6 қала ғана аталса, қазір олар - 33. Мұның өзі бұл аудан туралы тарихи және географиялық әдебиетте мағлұматтын мол екенін ғана емес, сонымен қатар Шығыстың экономикалық және мәдени байланыстар жүйесіне кеңінен араласқан қалалар маңызының артқанын да білдіреді.
Деректемелерде тау етегіндегі белдеулерде жаңадан Жумишлагу және Манкент қалалары аталады, сол кезде Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникет болған Кенже округі құрылған. Фараб округінде орта ғасырлардағы авторлар Отырардан басқа, жаңа астана Кедерді, Весидж және Бұрық қалаларын атайды. Шауғарда Ясы және Шағылжан, Қарнақ, Қарашық және Шур (Сури) қалалары пайда болады. Сауран қаласы, Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Жент, Аснас, Баршыкент белгілі болады. Қаратаудың теріскей беткейінде — Балаж бен Берукет, Сырдарияның орта ағысында Сүткент қалалары орналасты. Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратаудың теріскей беткейлерінде қалалардың қалыптасу үрдісі мейлінше шапшандай түседі.
Қалалардың аумағы ұлғаяды. Отырар рабадының көлемі 170 гектарға дейін жетті, ал бұрын ол 5—7 гектардан аспаған еді. Әрине, бұл цифрларды кен көлемде қазу жұмыстары жүргізілгенге дейін түпкілікті деп санауға болмайды, бірақ рабадтардын аталған шекараларынын нак IX-XII ғасырларда қалыптасқаны даусыз. Егер бұрын қалалар жұрты көпшілігінің жоғарғы қабаттары VI—VIII ғасырларға жататындарын қоспағанда жалпы көлемі белгісіз болып келсе, қазір барлық дерлік ескерткіштердің көлемі туралы нақты деректер бар, олар Оңтүстік Қазакстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінін типологиясын жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші топка көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары кіреді. Бұлар - Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе (Қараспан), Құйрыктөбе, Сунақ-Ата, Сауран, Жанкент, Жанқала, Құмкент. Бірінші топтағы қала жұрттарын салыстыру мынадай көрініс береді: Сайрам қаласының жұрты Испиджабқа сәйкес келеді, Шортөбе (Қараспан-1) - Осбаникет, Отырартөбе — Отырар, Құйрыктөбе — Кедер, Шойтөбе — Шауғар, Жанқала - Жанкент, Сунак—Ата — Сығанақ, Сүткент - Сүткент деп саналады. Жазбаша деректемелердін мағлұматтарына қарағанда, бұл қалалардын бәрі, Сауран мен Сүткенгген басқалары округтердің астаналары, ал Испиджаб бүкіл Оңтүстік Қазақстаннын басты қаласы болған; Жанкент - ғұздардың астанасы, ал Жент пен Сығанақ ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтар иеліктерінің орталықтары болды. Бірінші топтағы қала жұрттары аймақтар, жеке иеліктер орталықтарының немесе жай ірі қалалардың орындары болып табылады.
Екінші топ ескерткіштерінің көлемі 15 гектардан 30 гектарға дейін жетеді. Олардың көпшілігі Испиджаб қалаларының тізіміне енетін қалалар деп саналады. Орта ғасырлардағы авторлардың бұл қалалар туралы сипаттамалары үстірт болып келеді, оларда мешіттер мен базарлардың болуы атап өтіледі. Бурух - үлкен қала, Хурлуг - күмбезді мешіті бар үлкен қала деп аталады. Жумишлагу да үлкен әрі көлемді қала делінеді. Олардың бәрінде де қаланың маңызды белгісі - күмбезді мешітгер болған. Оңтүстік Қазақстан қала жұрттарының екінші тобын көлемі орташа қалалардың қалдыктары деуге болады. Үшінші топтағы қала жұрттары мейлінше көп. Олардың бір белігі жазбаша деректемелердегі қалалармен: Шарапхана – Газгирд, Бұлақ-Қоғал - Манкент, Тамды - Берукет, Қазатлық - Будухкет деп салыстырылады. Ескерткіштердің бұл тобы - шағын қалалардың, қалашықтардың қалдыктары. Тамтаж, Абараж, Барысқауыптағы бекет сияқтыларды керуен-сарайлар деп санаған жөн тәрізді.
Оңтүстік-Батыс Жетісудағы деректемелерде белгілі болған қалалар саны 26-ға дейін көбейді. Қалалар саны Жікіл, Балу, Шелже, Тақабкет, Көл, Кенжек қалалары қалыптасқан Талас аңғары есебінен артты. Бірқатар көлемді төрткүлдер - 36 төрткүл табылды.
Калалардың орталық қираған жұртының көлемі бұрынғы күйінде қалған, онын есесіне ұзын дуалдар ішіндегі құрылыстар неғұрлым тығыз бола түседі, онда тұрғын үйлері бір-біріне қаратылып тұрғызылған және аулалары бар жүйелі түрде жоспарланған усадьбалы учаскелер қалыптасады. Бұлайша жоспарлау қазіргі құрылыс жұмыстары аз жүргізілген Ақтебе, Степнинское, Төлек және Сретинское қала жұрттарында сақталған.
Ертедегі орта ғасырларға арнап жасалған қала жұрттарының типологиясы бойынша Текабкет пен Сус (Талас Актебесі және Шалдобар қалаларының жұрттары), сондай-ақ Кеижек-Сеңгір (Шаруашылық) және Шелже орташа қалаларға жатады.
Шу аңғарында Баласағұн қаласы жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарады. Ол X—XII ғасырларда хан ордасы ретінде қалыптасады1. Алайда оның орнында неғұрлым ерте кездегі қала жұрты жатыр. Ескі қала жұртымен қатар мұнда қырық шақты төрткүлдер пайда болады, олар орда, бекініс және егіншілік қоныстар ретінде қабылданды2. Талас және Шу аңғарларында осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінін дамығанын көрсетеді.
Солтүстік-Шығыс Жетісуда ІХ-ХІП ғасырдың басында қала мәдениетінін жана ауданы қалыптасты. Егер ІХ-Х ғасырларда Солтүстік-Шығыс . Жетісудын бүкіл аумағында 10 қала ғана болса, XI—XIII ғасырдың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. X ғасырдағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала - Талхиз (Талхар) және Лабан қалалары туралы хабарласа, XI—XIII ғасырдың бас кезінде мұнда, орта ғасырлардағы авторлардың мәліметтеріне қарағанда, Екі-Оғыз, Қаялық, аймақ астанасы Несторианское селение, Ілебалық қалалары болған.
Солтүстік-Шығыс Жетісудағы барлық кала жұрттары төрткүл аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөнгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен бойында мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Әдетте дуалдардың ортасына орналасқан бір, екі, үш және төрт қақпасы болады. Төрткүлдер Солтүстік-Шығыс Жетісуда ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Жетісуда, Тянь-Шанда, Орталық Қазақстанда, Тува мен Монғолияда таралған. Осы үлгідегі, нақ осылайша немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төменгі ағысында, Азов теңізі манында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Тянь-Шандағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады3. Ыстықкөл қазаншұнқырының төрткүлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп есептеледі4. Сырдарияның төменгі ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен-жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады5.
Солтүстік-Шығыс Жетісудың төрткүлдері жөніндегі сан деректерге талдау жасау және бірінші кезекте, олардың көлемін салыстыру ескерткіштерді үш топка белуге мүмкіндік береді.
Біріншісіне Антоновское, Дүнгене, Шілік; екіншісіне Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; үшіншісіне Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан және басқаларының бәрі жатқызылған.
Бірінші топка көлемі 30 гектардан асатын қалалар енген. Бұлар — көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалындығы 2-3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қала жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновское — Қаялыққа, Дүнгене — Екі-Оғызға баланады. Олардын ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған Антоновское болды. Бірінші топты құрайтын төрткүлдер ірі қаалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың көлемі 10 гектардан 30 гектарға дейін жетеді. Мұнда қолөнер кәсібінің дамығаны анықталды, баска елдерден әкелінген бұйымдар табылды. Бұлар - көлемі орташа қалалар.
Үшінші топ қалаларының көлемі 10 гектарға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қаласының орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлердің дуалдарының жанына ішкі жағында орналасуы, ішкі ауланын болуы тән. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Олардың кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ бірнеше қалаларының жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұратындығымен ерекшеленеді. Олар орта ғасырлардағы сияқты жолдардың қиылысында орналасқан.
Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай ойысады. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болады. Мәселен, Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткүлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімшілік, қолөнер-сауда және ауыл шаруашылық сипатын көрсетеді6.
2. ҚАЛАЛАР ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Оңтүстік Қазақстанда қала орындары көпшілігіндегі қамалдардың салынуы уақыт өте келе өзгерістерге ұшыраған. Құйрыктебе камалын қазу мұнда IX ғасырдың бірінші жартысында өрт болып, соның салдарынан сарай кешені кирағаннан кейін бірсыпыра уақыт өткен соң толық қайта жоспарлау жүргізілгенін көрсетті. VII—IX ғасырдың бірінші жартысындағы құрылыс кешенінің іргелі дуалдары шегінде қарапайым кұрылыс махалласы салынады. XI—XIII ғасырдың басында нақ сол жерде қыш-құмырашылар махалласы қалыптасады.
Оқсустын, Отырар алқабындағы Бұзықтың қамалдарында, тау етегі еңіріндегі Бұлақ-Қоғал қаласында тұрғын үй құрылыстары пайда болады. Бірақ, мысалы, Баба-Ата сияқты кейбір қалаларда қамалдардағы сарай үлгісіндегі құрылыс IX—XIII ғасырдың басында да болған.
Қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, қала бұрынғысынша қаланың жалпы құрлысына қатынасы жөнінен сол баяғы тұйықталуы сақталған жекелеген тұрғын үй махаллаларынан тұрады және махалланын барлық үйлерінін кірер есіктері жалпы махалла ішіндегі кішкене көшеге қаратылатын жоспарлау үрдісімен сипатталады.
Құйрыктөбе қаласы жұртының шығыс белігіндегі IX ғасырдың екінші жартысы - X ғасырдың бірінші жартысындағы екі махаллаға ішінара қазба жұмыстары жүргізілді, ал бір махалла толық қазып аршылды. Ол бұрынғы камал алаңын түгел алып жатыр. Оның көлемі 35x30 м. Үйлер П тәрізді кішкене көшені бойлай тұрғызылған. Бес үй жақсы сақталған, орны айқын аңғарылады. Ал махаллада барлығы 12 үйден кем болмаған, олардың бір бөлігін су шайып кетсе, басқа біреулері кейінгі кездегі құрылыстардың астында қалған.
Құйрыктөбе қаласы жұртының оңтүстік жағында әрқайсысы 8-10 үйден тұратын Х-ХІ ғасырлардағы екі махалла ішінара аршылды. Құйрыктөбенің оңтүстік-шығыс жағында 3200 шаршы метр жерге толық қазба жұмыстары жүргізіліп, қалалық үш махалланың орны тазартылды, олардың мерзімі XI ғасырдың екінші жартысы - XII ғасырдын басы деп анықталып, шартты түрде Д, Е, Ж әріптерімен белгіленді. Д махалласы қала дуалына түйісіп жатыр. Оның құрамында үлкен көшеге шығатын 8 үй бар. Көшенің ұзындығы 52 м. Д махалласы алып жатқан жер көлемі 950 шаршы метр болады. Е махалласы ұзындығы 40 м де, ені 1,5-2 м болатын кішкене көшенің екі жағына орналасқан екі тұрғын үй кешенінен тұрады. Махалланың жалпы көлемі 704 шаршы метр болады. Махаллада 10 үй бар. Ж махалласы көлемі 1050 шаршы метр жерді алып жатыр. Алты үй махалла ішіндегі ұзындығы 32 м болатын кішкене көшені бойлай шоғырланған, ал махалланың түкпіріндегі үйлер ұзындығы 15 метрге дейін жететін тұйық көшелермен қосылады.
Қамалдағы қыш-құмырашылар махалласы да сол кезге жатады. Махаллада барлығы 7 үй бар, оларға тұрғын жайды шеберхана ету тән. Тұйықталу принципі сақталумен бірге махаллалар, ертедегі орта ғасырлардағы қала махаллаларымен салыстырғанда, көлемі мен үйлер саны женінен екі - екі жарым есе ұлғайган.
Қала махаллаларын, соның ішінде қыш-құмырашылар махалласын зерттеу махаллалардың қолөнерге мамандануы туралы мәселеге назар аударуға мәжбүр етеді. Бір зерттеушілер жазбаша деректемелерді негізге ала отырып, монғолдарға дейінгі кезеңде махалла мен колөнердін ұйымдастырылуы өзара сәйкес келген деп топшылайды7. Басқаларының пікіріне қарағанда, бұлардын сәйкес келуі сирек кездесетін жағдай. Жазбаша деректемелерде, — деп жазады олар, — айырбасшылар махалласы, ағаш ұсталары махалласы, былғарышылар көшесі, зергерлер көшесі, етікшілер базары, онадалапшылар қақпасы деген атаулар кездескенімен, бұл белгілі бір саладағы қолөнершілердің өзі аттас махаллада тұрғанына дәлел бола алмайды. Оның үстіне деректемелерде саудагерлер де, түрлі кәсіппен айналысатын қоленершілер де болатын махаллалар суреттеледі8. Құйрық-төбедегі қазба жұмыстарында колөнердің махаллалар бойынша шоғырлануы байқалған жоқ, тек бір жағдайда ғана қыш-құмырашылар махалласы туралы айтуға болады.
Махаллалардың әлеуметтік стратификациясы туралы мәселе қызықтырарлық. Топографиялык байқаулар мен жазбаша деректемелердің көрсетіп отырғанындай, бірқатар қалаларда махаллалардың тұрғындарынын атақ-даңқы мен байлық дережесі бойынша бөлінетіні байқалады9. Әзірше Қазақстан махаллаларына қарап, оларды көрінеу кедей немесе бай деп бөлуге болмайды. Олардың бәрі де әлеуметтік жағынан араласып кеткен.
Қарастырылып отырған кезендегі қала құрылысының құрылымында пайда болган жаңа элемент мешіт болып табылады. IX—XII ғасырлардағы жазбаша деректемелерде қалаларды сипаттаған кезде мешіт, оның қалада орналасуы - баяндаудың міндетті элементі болып табылады. Құйрықтөбе мен Өрнек қаласының жұртын қазған кезде мешіттердің орны табылды. Бұлар — Қазақстандағы ең ертедегі мешіттер.
Бұл кездегі құрылыс элементтерінің қатарына моншалар да қосылады. Отырар рабадын қазған кезде екі моншаның орны табылды. Құйрыктөбе махалларының біреуінен үйлерге жапсарластырыла салынған және кең есіктері үлкен көшеге шығатын шағын бөлме түріндегі сауда дүңгіршіктерінің қалдықтары табылды.
Қаланың әскери бекінісі жөнінде бірсыпыра деректер алынды. Аршылған учаскелерде XI—XII ғасырдың басындағы Отырар дуалы байқалған жоқ. Сірә, деректемелердегі Отырардың бекіністі дуалдарын монғолдар жермен-жексен етті деп хабарлануы шын болса керек. Отырар рабадының бүкіл дуалын көлденеңінен қазып қарағанда оның биіктігі 1 м болатын топырақтан үйілген алаңға салынғаны анықталды. Дуалдың ені 6,2 м болатын табаны үш қатар етіп шикі кірпіштен қаланған. Шикі кірпіштен тұрғызылған қабырға екі жағынан күйдірілген балшық блоктармен қаланып бекітілген. Блоктардың арасы құрылыс қалдыктарымен және топырақпен толтырылған. Дуалдың жоғарғы жағы жентектелген балшык кабаттарымен және шикі кірпішпен қаланып биіктетілген. Дуал Х-ХІІ ғасырларда тұрғызылған деп саналады, соңғы рет XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында жөндеу жүргізілген.
Басқа қала жұртарында жүргізілген қазба жұмыстары қала бекіністерінің сипаты туралы түсінік береді. Мәселен, X ғасырдағы Баба-Ата шахристанының дуалы екі қатар етіліп кірпішпен тұрғызылған. Бұрынғы жалпақ дуал мен кірпіш қабырға арасы құрылыс қоқыстарымен тығыздалып толтырылған. Дуалдың жиегіне кірпіштен жақтау жасалған. Баба-Ата мұнаралары сегіз қырлы құйма негіз үстіне шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұнаралардың біреуі толық аршылды. Оның биіктігі 5,1 м, жоғарғы диаметрі 3,4 м, төменгісі - 4,6 м. Мұнаранын ішінде бұрыштары дөңгелетілген үш бұрыш түрінде бөлме орналаскан. Бөлменің төбесі жалпақ етіп жабылған. Мұнараның төбесінде дуалдағы сияқты жақтауы бар. Ақтөбе I шахристаны бекіністі дуалының кесіндісі оның да ІХ-ХІ ғасырдың бірінші жартысында күйдірілген балшық блоктардан салынғанын көрсетті. Мұнаралардың түрі трапеция тәрізді етіп жоспарланған. Сыртқы қасбетінен қарағанда олар 3-3,5 м ілгері шығып тұрады,
Оңтүстік-Батыс Жетісуда да қамал құрылысында өзгерістер байқалды. Қызылөзен қаласы жұртының қамалында, VIII-ІХ ғасырдың бірінші жартысында мықты бекіністі сарай кешенінің теңірегінде қарапайым тұрғын үй салынған. Степнинскоенің Ақтөбе қала жұртының қамалында қалалық бай усадьба мен монша болды. Тараздың қамалынан да X—XI ғасырлардағы моншаның орны аршылды.
Солтүстік-Шығыс Жетісуда Талғар қаласының жұртын қазу жұмыстары оның құрылысында жекелеген махаллаларды анықтауға мүмкіндік берді. Көлемі 4000 шаршы метр болатын XI—XII ғасырдың басындағы махалла толық аршылды. Ол үлкен көшенің учаскесі біріктірген және қалған құрылыстан шеткі үйлердің бүйірдегі қасбетінің саңылаусыз қабырғаларымен оқшауланған үйлерден тұрған. Үйлердің шағын көшелерге шығатын есіктері бар, ал бұл учаскедегі ондай үйлердің саны 12—14.
Талғар махалласын Құйрықтөбенің уақыты жағынан сәйкес келетін махаллаларымен салыстырғанда алғашқысының көлемі үлкен екені аңғарылады. Махалладағы үйлер саны бірдей болғанымен, Талғардағы махалла алып жатқан учаске 4 еседей үлкен. Мұны Іле қалаларының ерекшеліктерімен түсіндіруге болады, олар жерге көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырыкшылануь: нәтижесінде пайда болған және олар өз құрылысында бұрынғы өмірініц көптеген белгілерін сақтап қалған, атап айтқанда, үйлердің қасында мал ұстайтын үлкен аулалар болған. Сірә, Талғар махаллалары да, жоғарыда Оңтүстік Қазақстан қаласына байланысты жазылғанындай, туысқандар үйлері тобының шоғырлануы сияқты қалыптасқан болса керек. Олар туыс және ортақ бір атадан шыққан әулеттердің үйлері болған.
Солтүстік-Шығыс Жетісу қалаларының бекіністерін зерттеу Талғар дуалының таспалау әдісімен саз балшықтан тұрғызылғанын көрсетті. Дуал табанының ені 7 м, сақталған биіктігі 4 метрге дейін жетеді. Дуалдың табанына қойтастар қаланған. Олардың арасы балшықпен толтырылған, ал дуалдың жоғарғы жағы қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жететін балшық қабатымен өсірілген. Балшық дуалдың екі жағынан да, бірақ негізінен сырт жағынан алынған, мұның өзі дуал салумен бір мезгілде ор қазуға мүмкіндік берген. Сүмбе қаласы жұртының дуалдарына да осындай құрылым тән.
Жалпы алғанда, IX ғасырдың орта шенінен XIII ғасырдың басына дейінгі кезеңде Қазақстан калаларының құрылысында елеулі өзгерістер болған, олар рабадтардың қалыптасуынан, махаллалар келемінің ұлғаюынан көрінеді. Сонымен бірге көптеген қалаларда қамалдар салудың сипаты өзгереді. Мешіттер мен қоғамдық моншалар қала құрылымындағы жаңа элементтер болды. Қорғаныс бекіністері неғұрлым мықты бола түседі.
3. ТҰРҒЫН ҮЙ
Қазба жұмыстарында анықталғанындай, Оңтүстік Қазақстанда IX ғасырдың екінші жартысы - X ғасырдағы тұрғын үйлерде оның алдындағы уақыттың дәстүрі жалғастырылады. Бұлар - кіре берісі тамбур тәрізді, тұрғын жайдын қабырғаларын бойлай Г және П түрінде сәкілер орнатылған, айналасында жақтаулары мен каминдері бар ашық үлгідегі ошақтармен жылытылатын, белағашты (өтпелі) етіп жоспарланған бір және екі белмелі үйлер. Төбесі бір бағанды және төрт бағанды етіп жайпақ жабылған. Тұрғын үйдің сипатталған үлгілерімен қатар тағы бір түрі — бүйірінде дәлізі бар екі белмелі үй пайда болады. Дәлізден үйдің алдыңғы бөлігінде орналасқан қойма мен тұрғын жайға кіретін есіктер шыққан. Тұрғын жай еденінің үлкен бөлігін сәкі алып жатыр, оған еденге тікбұрышты ошақ орнатылған. Үйдің орталық белағаш бөренесі үш ағаш діңгекпен тіреліп жабылған.
Құйрықтөбені қазғанда мәлім болған X—XI ғасырлардағы үйлер бір үлгіде: екі бөлмелі, тұрғын жай мен қоймадан тұрады. Үйге тамбур арқылы кіретін болған. Бөлмеде қабырғаларды бойлай, ені 1-1,5 м және биіктігі 0,3—0,4 м болатын П түрінде сәкі салынған. Ортасында, еденде жақтауы бар антропоморфтық алаңша түріндегі ошақ орналасқан. Оның көлемі 1,2x1,5 м, алдынғы жағы дөнгелек екі дөңеспен сәнделген, оған жақын жерде от жағатын шұңқыр тұр. Кіре беріске қарама-қарсы жақтаумен бөлінген шаруашылық орны бар, оған тас диірмен қойылып, еденін қазып, ыдыс көмілген. Сәкінің шетіне таман биіктігі 0,6 м жуан текше орнатылып, оған сыланған тандыр қойылған. Тандырдын қасында қабырғаға шаруашылық қуыстары жасалган. Үйдің төбесі жалпақ және төрт бағанмен тірелген, ол бағандардың едендегі шұнқырлары сақталып қалған. Басқа үйлердін ішкі көрінісі осыған ұқсас, тек болмашы айырмашылықтары байқалады.
Аталып өткеніндей, дәстүрлі жоспарлануының сақталуымен бірге бұл кездегі үйлер ішкі көрінісінде жаңа құрылымдардың болуымен сипатталады. Бұлар - қабырғадағы қуыстар, текше үстіндегі тандыр, антропоморфтык ошактар. Нан пісіруге арналған ошақ ретінде Оңтүстік Қазақстанда тандырлардың пайда болуы X ғасырдың екінші жартысына жатады. Бүршік түріндегі жапсырмалары бар антропоморфтық ошақтар неғұрлым ертеректегі жақтаулары бар тікбұрышты ошақтардың дамыған нұсқасы болып табылады. Төмпешіктері мен жапсырмалары бар ошақтар Орта Азияның солтүстік аудандарынан да кездестірілді. Мүмкін, ягнобтықтардың тандырларындағы екі бүрчига (кеуде) антропоморфтық ошақтардың жұрнақтары болар16.
XI—XII ғасырдың басындағы тұрғын үйлерде елеулі өзгерістер аңғарылады. Мұндай үйлер Құйрықтөбеде қазып аршылған. Ұзынынан тізбектеле орналасқан үш бөлмеден тұратын, тізбектеп (түзу, жалғастырыла) жоспарланған тұрғын үйлер сақталған.
Бөлмелері ұзынынан айқастырылып (крест тәрізді жоспарланған) орналастырылған үйлер жаңа үлгіге жатады. Ұзын жағы үлкен кешеге тігінен бір катарға қойылған белмелері бар тұрғын үй тағы бір үлгі болды. Үйдегі бөлмелер саны екеу немесе үшеу. Бұл үлгідегі үйдің айқын бағдары жоқ, жеке бөлмелерінің қандай мақсатқа арналғаны аңғарылмайды.
Бөлменің ішкі көрінісі өзгешелігімен ерекшеленеді. Сәкілер бөлменің жартысын, тіпті бүкіл көлемінің үлкен бөлігін алып тұрады, бұл орайда еден деңгейі тек өтер жерде немесе кіре беріс алдында ғана сақталады. Ашық ошақтардың айқын тікбұрышты бейнесі сақталмаған. Бұл ошақ шұңқырлары мейлінше алуан түрлі: сопакша, деңгелек, таға тәрізді болып келеді. Олардың бұрын айқын орныққан кіре беріске жақын жердегі орны езгереді. Енді ол сәкінін үстіне де, еденге де орналастырылады. Ашық ошақтармен қатар бұрынғысынша каминдер кездеседі, олар әдетте сәкілердің шетіне орнатылған. Үйдің көлемі ұлғайып, бірқатар жағдайларда 60 шаршы метрден асып түседі. Көлемі 30-дан 50 шаршы метрге дейін жететін үйлер мейлінше кең таралады. Шағын үйлердің көлемі 30 шаршы метрден азырақ болады.
Жаңа үлгідегі үйлердің ХІІ-ХIV ғасырлардағы Солтүстік-Батыс Хорезмде, Бөтентауға жақын қоныстарда тікелей ұқсастары ұшырасты. Хорезмде мұндай тұрғын үй дәстүрлі емес, оның мұнда пайда болуы Хорезм мен Сырдариядағы оғыз-қыпшақ тайпаларының мәдени және этникалық өзара әсерімен түсіндіріледі. Құйрықтөбеде тұрғын үйлердін жаңа үлгілерінің пайда болуы қалаларда көшпелі халықтың жаппай отырыкшыланып, үй құрылысына ішкі көріністің жаңа элементтерін, жоспарлау үлгілерін әкелгенін, сонымен бірге дәстүрлі құрылыс әдісі мен ұзынынан (жалғастыра) жоспарлауды мұраға алғанын көрсетеді.
Тұрғын үйлердің жаңа үлгілерімен катар XII ғасырда түзу жоспарлы дәстүрлі тұрғын үй дамытыла береді. Кіре берісі тамбур тәрізді және үш немесе төрт кабырғасын бойлай сәкі орнатылған ескі дәстүрлі үлгідегі үйлерде жаңа ошақтар пайда болады. Олар еденге орнатылған дөңгелек немесе тікбұрышты темір пештер. Темір пештер өсімдік тәрізді, геометриялық және сәулеттілік оюлармен әсем ернектелген. Темір пештер мен қазылған дөңгелек шұңкырлар этнографиялык материалдар бойынша жақсы белгілі сандалдар деп түсінілуі мүмкін. Әсем өрнектелген темір пештер мен Самарқанд ошақтарының ұқсастығы күмәнсіз. Соңғылары отқа табынумен байланыстырылады. Алайда, кішкене ошақтардың сандалдардың бір түрі ретіндегі пайдаланылуы да мүмкін. Тұрақты ошақтармен қатар, түпсіз қыш цилиндрлер түріндегі алып жүруге қолайлы ошақтардың сынықтары ұшырасты, олардың ішкі жақтары қалыптап, жапсырып және бедерлер салынған өрнектермен сәнді безендірілген. Таға тәрізді ошақтардың сынықтарыда кездеседі.
ХІІ ғасырда ташнау пайда болады. Бастапқыда ол жиектері және ұшы жерге жіберілген құбырға немесе ыдысқа қосылған шүмегі бар саз балшыктан жасалған тікбұрышты алаңша түрінде орнатылды. XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында ташнау әдетте күйдірілген кірпіш төселген алаңға ауыстырылады, олардың біреуі жерге қарата төңкерілген үлкен ыдыстың ойылған түбін жауып тұрады. Су төменге кірпіштегі тесік немесе саңылау арқылы ағап кетеді.
IX—XIII ғасырдың бас кезінде Оңтүстік-Батыс Жетісуда да тұрғын үйлердің жаңа үлгілері таралады. Олардың біріншісіне орталықтан жоспарлау тән, оныи негізі орталық зал немесе аула болып, тұрғын жайлар мен қора-қопсыларға сол арқылы кірген. Бұлайша жоспарлау бай үйлерге де, катардағы үйдерге де тән. Айырмашылық құрылыстың көлемі мен ішкі көріністіи сипатына ғана келіп саятын. Мұндай үйлер Қызылөзен қаласының қираган орталығының оңтүстік жағына орналасқан жинақы топ болып табылады20. Бұлар көлемі 200-400 шаршы метр болатын көптеген кұрылыстар тұрды. Салтанат жайларының қабырғалары оюлы алебастр тақталармен, оюланған сылақпен түрлі түстерге боялып безендірілген. Үйлер алып жүретін кішкене ошақтармен, сәкі арқылы өткізілген және қабырғадағы тік құдық арқылы сыртка шығарылған қысқа мұржасы бар тұрақты тандырлармен жылытылған.
Бұл тектес мекен-жайлар Степнинское қала жұртын қазу бойынша да мәлім. Жалпы көлемі 1 га болатын мекен-жай зерттелді. Ол үйден және қоршалған учаскеден тұрды. Үйдің орталық жайы төрт бұрышты, көлемі 3,3x3,3 м, ол жанжағындағы тұрғын жайлармен және шаруашылық мақсатындағы орындармен жалғасып жатыр.
Сипатталған құрылыстардың жоспарлануы мен түрлеріне Орта Азияда ұқсастары кездеседі. Еденге күйдірілген кірпіш қалау, салтанат жайларының ішкі көрінісінде оюлап және әшекейлеп сылауды пайдалану Ташкент алқабында, Түрікменстанда (Сұлтанқала, Чугундор, Мисриан) болғаны мәлім. Кейбір зерттеушілер балшықты ойып өрнектеу негізінен Соғдыда және Шу аңғарында пайдаланылған деп санайды.
Екінші үлгідегі үйлердің жоспарлану ерекшелігін барлық құрылыстары-ның орталықтағы ауланы айнала орналасуы деп санауға болады. Мұндай құрылыстар Орловскоедегі Актебе округінде жүргізілген қазба жұмыстарынан белгілі.
Орталықтағы кираған үйінділерден тыс жерлердегі сипатталған үйлердің бір бөлігі, сірә, ауқатты қала тұрғындарынын жазғы мекендері болса керек. Бұл касрлар — бекіністі мекенжайлар. Каср терминін - павильон, шағын сарай деп түсінген дұрыс".
Ұзын дуалдармеи қоршалған аумақтағы қала сыртына орналасқан бай құрылыстармен қатар олардың тағы бір түрі болды. Бұлар - ауылдық округтердің негізгі компоненті болған екі және үш бөлмелі үйлерден тұрды. Олар жалғыз, бестен жиырмаға дейін топталып орналасқан, кейде ішінде құрылыс салмаған учаскесі бар өзінше бір төрткілді құрайды.
Тегінде, мұндай үйлердін көпшілігі ауыл адамдарынікі болса керек, бірінші кезекте, кейбіреулері ұзын дуалдардың ішкі кеңістігінің шет жақтарына орналасқан. Басқалары қатардағы қала тұрғындарының жазғы тұрғын жайлары болуы мүмкін. Орта Азияның солтүстік аудандары мен Қазақстанның оңтүстігінде ертедегі орта ғасырлар кезенінің өзінде-ақ қала тұрғындарының жаздыгүні жаппай қала төңірегіне көшіп барып, онда қысқа арнап, ауыл шаруашылық өнімін дайындайтын болған.
Жалпы алғанда, Оңтүстік-Батыс Жетісудың аталған кезеңдегі қалалық тұрғын үйін сипатгай келіп, оның ерекшелігін және айрықша белгілерін атап өту қажет. Бұл кезеннің тұрғын үйлері - қыска мұржалы тандырлардың болуымен, әшекейлі бүйымдарды пайдалануы және кейбір үйлердің аулаларында киіз үйлердің тігілуімен ерекшеленеді.
Солтүстік-Шығыс Жетісуда Талғар қаласының жұртын қазған кезде тоғыз үйдің орны аршылды. Солардың біреуіне тоқталайық.
Мекен-жай тұрғын үй бөлігі мен ауладан тұрған. Мекен-жайға екі жақтан: оңтүстік және батыс қабырғадан кіретін есік болған. Батыс қабырғадағысы негізгі есік саналған, оңтүстігіндегісі - аулаға мал кіргізуге арналған кең қақпа. Мекен-жайдың тұрғын үйі 6 бөлмеден тұрады. Үйдің құрылысы жерге терендетіліп салынған, қабырғаларының арасы балшықпен бекітілген малтатастар мен кесек тастардан қаланған. Алты бөлменін үшеуі адам тұруға арналған, қалғандары қосалқы міндетгер атқарған: олар қоймалар мен қамбалар болған. Екі тұрғын бөлмеде сәкілер орналасқан, олардың үстіне сыланған тандырлар қойылған, біреуінде ашық жерошақ болғаны байқалды. Сәкілерде, тандырлардың қасында кішкене қойма жасалған.
Шаруашылық мақсаттағы төрт жайдың біреуі жоспарлануы жағынан мейлінше қызықты. Оның көлемі 32 шаршы метр. Онда астық сақтауға арналған 7 қамба бар.
Көшпелі тұрмыс салтынан отырықшылыққа көшетін халықтың еміріне этнографиялық байқау жүргізу көшпеліге тән тұрғын үй - киіз үйдің қысқы тұрақты тұрғын үймен қатар ұсталатынын көрсетеді. Сөйтіп, тұрақты тұрғын үйдің жанында киіз үйдің болуы көшпелі тұрмыс дәстүрлерінін сақталуын анғартады, осы тұрғыдан алғанда да Іле қалаларынын мекен-жайлары бір жағынан, жергілікті халық арасындағы отырықшылану үрдістерін, екінші жағынан - қала тұрғындары шаруашылығында мал өсірудің әлі де елеулі рел атқарғанын дәлелдейді. Бұған ауладағы киіз үй ғана емес, сонымен қатар малдың түрлі түліктеріне арнап салынған құрылыстары бар, бүкіл мекен-жайдың жартысын алып жатқан ауланың өзі де айғақ болады. Сонымен бірге тастан, күйдірілген балшық кесектерінен, шикі кірпіштен салынған көп бөлмелі тұрақты тұрғын үйлер қалаларды мекендеушілер тұрмысының орныкты болғанын, ал олардың өмірі бірінші кезекте колөнермен, сауда-мен және егіншілікпен байланысты екенін дәлелдейді.
4. ҚОЛӨНЕРДІҢ, САУДАНЫҢ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюі, қала халқының өсуі қолөнер мен сауданың одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Көбейе түскен қала халқын ауыл шаруашылық өнімімен жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін барған сайын артық өндіруді талап етті.
Қолөнер өнімін тұтынушылар құрамы өзгереді, егер бұрын, VII-VIII ғасырларда олар бай көпестер мен диқандар болса, енді қатардағы тұрғындар да өнімді негізгі тұтынушыларға айналады. Қала мен ауылдағы тоқыма ендірісінің жай-күйі туралы ешнәрсе белгілі емес деуге болады. Әл-Макдисидің Испиджабтан құлдармен бірге ақ маталар сыртқа шығарылатыны туралы ескертпесі ғана бар. Алайда, тоқыма өндірісінің дамығаны даусыз, мұны ұршықбастардың көп табылуы дәлелдейді.
Қыш-құмыра кәсіпшілігі Құйрықтөбедегі XI ғасырдағы қыш-құмырашылар махалласындағы пештер мен шеберханаларды қазу жұмыстары бойынша белгілі. Шеберхана екі бөліктен: ендірістік және тұрғын жайдан тұрады. Өндірістік бөлім де екі белмеге белінген. Көлемі 24 шаршы метр болатын біреуі саз балшық және басқа да өндіріс керек-жарағын сақтауға арналған үш бөліктен тұрады. Бөлменін оңтүстік жағы бос, еденінде керамикамен толтырылған қоқыс төгетін шұнқырлар бар. Қыш-құмыра пеші көлемі 22,5 шаршы метр болатын жабық орында орналасқан. Оның оттығы алмұрт бітімдес болып келеді, күйдіру қуысы сақталмаған. Оттық қабырғамен екіге бөлінген, қабырға күйдіру қуысының табанына тірек етілген. Шеберхананың адамдар тұратын жағы бүйірдегі дәлізбен қосылған үш бөлмеден тұрады. Шеберхананың бір өзі қолөнерді ұйымдастырудың сипаты және оның мамандандырылуы туралы қандай да болсын қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Ал мұның өзі өте маңызды нәрсе, өйткені ол қолөнердің даму дәрежесі мен онда болатын сапалық езгерістерді анықтайды. Әзірше Орта Азияның Мерв қаласындағы қыш-құмырашылар махаллаларын қазу жұмыстарына ғана жүгінуге болады, олар XI—XII ғасырлардың өзінде-ақ кемінде 10 адам жұмыс істеген шағын қолөнер шеберханаларының пайда болғаны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Афрасиаб қаласының жұртындағы X-XIII ғасырлардағы деп аныкталған қыш-құмырашылардың махаллалары мен жекелеген шеберханаларды қазу жұмыстарынын материалдарына сүйене отырып, зерттеушілер сол кездің өзінде-ақ шеберханалар бір салаға мамандандырылған, ал қыш-құмырашылар цехтық ұйымдарға біріктірілген деп санайды.
Қазақстан материалдары мамандандырылу туралы жанама материалдар негізінде ғана айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, қыш-құмырашылар махаллалары шұңқырларының ақаулы керамикалармен, ендіріс қалдықтарымен, сынған керамикамен толтырылғаны, белгілі бір ыдыстар жиынтығы бар екені аңғарылды. Бір жағдайда оларда ас пісіретін, басқа бір жағдайда ас ішетін керамика ыдыстар ғана болды. Егер шұңкырлар түрлі шеберлердікі болса, сол кездің езінде-ақ олар маманданған болып шығады. Тараздан табылған, тек үшкіл нәрселер ғана күйдірілген шағын пеш те соны дәледейді.
ІХ-Х ғасырлардағы керамика жапсырма және қалыпта жасалған топтарының өзгеруімен сипатталады; жапсырып жасалған ыдыстың үлесі 35-40 проценттен 15-20 процентке дейін азаяды. Жапсырып жасалған керамика үлгілері — қазандар, дастарқандар мен қақдақтар болып келеді, шағын ыдыстардың бірлі-жарым даналары ғана кездеседі. Қазандардың ернеулері сәл жалпақтау, кесіндісінен қарағанда үш бұрыш бітімдес жасалған. Құлақтары тұзактәрізді, бұрама түрінде, жапсырмалы, шығыңқы түрде болып келеді. Қазандардың түрі мен олардың бөлшектері өзгермейді.
Қакпақтар әдетте сфералық түрде, көлемі әр түрлі болып келеді, ортасыңда мүйізді, құс екені аңғарылатын зооморфтық мүсіншелер түрінде тұтқа орнатылған. Қақпақтардың сыртқы беті түгелдей өрнектермен безендірілген. Өрнектің салыну әдісі мейлінше әр түрлі: ойылып, қалыптап, жапсырып, саусакпен басып жасалған. Өрнектің элементтері де мейлінше алуан түрлі: бір нүктеде түйісетін жолақтар, қиылысқан жолактар және иректеп салынған, тарамдалған сызыктар, шырмауык тәріздес өрнектер немесе бір-бірімен бұрыштары түйісетін секторлар таралатын түрдегі әр түрлі гүлдер сияқты етіліп композициялық тұрғыдан байланыстырылмаған жекелеген стильдер, сызылған шеңберлерді және жүйесіз орналастырылған шұнқырларды ұштастыру, геометриялық етіп белінген өрнектері бар дөнгстеу етіп салынған гүл шоғы тұріндегі өсімдік тәрізді өрнек болып келеді. Дастаркандар геометриялық тұлғалар, сызыктар, өсімдік шырмауықтары, бұтактар мен бүрлер түрінде қалыппен басып безендірілген.
Қалыпта жасалған ыдыстар арасында көзелер мен саптыаяқтар, құмыра тәрізді ыдыстар мен тегенелер көбірек. Ас ішетін көзелердің бетін әдетте қызыл ангобпен бояп, жылтыратып тегістеген. Бүйірі дөңгелек, ұзын тар мойыны шүмек тәрізді болып келеді. Кезелердін сырты сына тәрізді таңбалармен, шабақты доңғалактар, шеңберлер мен түрлі сызықтар түсіріліп безендірілген. Бұрынғысынша, қызылмен бояп жылтыратылған, шүмегі бар әдемі көзелер, теріге бедерлі ернек салғандай етіп сәнделген оюлы көзелер дайындалған. Мұндай керамика Талас аңғарында көп кездеседі, сірә, оны өндіретін орталық сонда болуы мүмкін.
Кеспектер ұршықша шеңберінде жасалған. Әдетте ернеуі кесіндісінен қарағанда үтір сияқты немесе сәл қайырылып, жоғарғы жағы жалпактау етіп жасалады. Жасыл және сары ангоб алқызыл және қызыл ангобпен алмастырылып отырады. Бүйірі дөңгелек және тұтқасы ілмешек тәрізді саптыаяқтар таралған. Құмыралар өзеннің ірі топырағы араластырылған саз балшықтан жасалған. Ернеуі сыртына қарай қайырылған. Құмыралардың ілмешек тәрізді етіп жапсырылған екі тұтқасы болады, олардың бүйірге қосылған жері саусақпен басып сәнделген.
Кұйма керамика түбі дөңгелек тостағандар болып келеді. Мөлдір етіп жылтыратылып, ақ түсті сырмен боялған. Қоңыр, жасыл және қызыл түспен әшекей салынған. Ақ қызғылт немесе қара түске құйма жалатылған керамика басқа жақтан әкелінген ыдыстан, атап айтқанда, эпиграфиялық өрнектері бар тостағандар мен табақшалардан күрт ерекшеленеді.
XI—XIII ғасырлардағы керамиканың бәрі құмырашының ұршықшасында жасалған деуге болады. Қолдан жапсырылған бұйымдар ендіру азайған, олар негізінен балаларға арналған ыдыстар, шырағдандар болып келеді. Ыдыстардың жаңатүрлері: тостағандар, тегенелер, табақтар таралады, жапсырма дастарқандар мен қақпактар жасау қысқарады. Ою-өрнекте елеулі өзгерістер байқалады. Егер бұрын ою, жапсыру кең қолданылса, енді сурепер ықшам, біртектес, нақты сюжетке құрылған болып келеді. Қалыппен басып орнектеу кеңінен пайдаланылады. Жылтыратылған құйма керамика кең таралады. XI—XII ғасырларда жылтыр жағылмаған ыдыстың дені бұрынғысынша құмыра болып табылады. Оның бітімі де бір ізге түседі. Енді олар негізінен көлемі жағынан сараланады. Тегенелер, құмыралар саны көбейеді. Қазандар да қыш-құмыра ұршықшасында дайындала бастайды. ХІ-ХШ ғасырдың басындағы ыдыстардың мерзімін аныктайтын белгілер - кеспектер ернеуінің сыртына қарай қайырылған кесіндісінін үшбұрыш түрінде жасалуы, қалыпты пайдаланудың кеңінен таралуы болып табылады, қалып арқылы, ІХ-Х ғасырларда болғанындай, қызыл ангоб жалатылған құмыралар ғана емес, сонымен қатар кеспектердің, құмыралардың, тостағандардың бүйірлері, ернеулері безендірілген; қызғылт және сұр ангоб пайда болады; қазандар құлағының түрі өзгереді. Құмыралар, бұрынғысы сияқты, ас ішетін және су таситын болып бөлінеді. Иіліп келген тұтқасы мойыны мен иінін байланыстырады. Кеспек құмыраларға қызғылт-сары бояу жағылады, ернеуінің бітімі өзгеріп, олар кебіне үшбұрышталып шығарылады. Ернеуі сыртына қарай жайпақтала қайырылған кеспек-құмыралар көбейеді, кейде осы жайпақ ернеуге қалыппен басылып өрнек сағынады. Құмыралардың көпшілігі өте қарапайым: айқыштап ойып салынған бірнеше жолақпен немесе бірқалыпты толқынды сызықпен безендірілген. Құмыралардың түрі де, ернектелуі де базарда сату үшін өндірілетін бұйымдардың белгіленген қалыпқа түсірілгендігін атап өткен жөн. Онтүстік-Батыс Жетісуда минералдық сырмен боялған құмыралар сирек кездеседі.
Саптыаяқтардың пішіні неғұрлым бір сипатта бола түседі. Әдетте бұл ыдыстардың бүйірлері кең, түбі орнықты, тұтқалары ілмешек тәрізді, кесіндісінен қарағанда жалпақ болып келеді. Қазандардың, бітімі сфера тәрізді жайпақ, түбі дөңгелек және ернеуі сәл қайырылған болады. Құлақтары жапсырылып, ілмешек тәрізді немесе деңес доға етіліп жасалған. Арқа бітімдес жапсырмалармен сәнделіп, олардың, түйіскен жерлеріне шығыңқы ілмек жапсырылып жасалған қазандар пайда болады. Тостағандардың түбі дөңгелек бітімді келеді. Сыртқы және ішкі жағына сары бояу жағылады. Құйма ыдыстың ең көп таралған түрі - түбі дөңгелек тостағандар мен табақтар. Шырақтар, кұтылар, кеспектерге де жылтыр жалатылған.
Құю үлгілері мен әшекей салу мәнері әр түрлі. Ақ, алқызыл немесе сары бояудың үстінен мелдір қабықша жалатылған керамика кездеседі. Қабықша астындағы сурет қоңыр, жасыл және сары бояулармен салынған. Әдетте, бояулы құймалардың бедерленген ою-өрнекпен ұштасқан түрлері де ұшырасады. Қалақшалап салынған сурет, көп шұғылалы жұлдыз, стильді гүл немесе ірі нүктелер, желбіреген жапырақтар түрінде өрнектеу кең таралған. Ыдыс ернеулеріне қиғаш немесе Г тәрізді бояу қатарлап жағылады. Кейде бос ыдыстың беті стильдендірілген гүл шоқтарымен және қауырсын сияқты ірі жапырақтармен өрнектеледі. Жетісу ыдысында антропоморфтық және зооморфтық бейнелер сирек кездеседі. Жалтырап тұратын жасыл бояу жағылған, кейде сарғыш сәуле шашып тұратын керамика таралған.
Қазақстанның жылтыратылған құйма керамикасына Орта Азия қалал-арының ыдыстары кешенінде ұқсастары ұшырасады. Шалғай аумақтардағы жылтыратылған керамиканын ұқсас болып келуі экономикалык және мәдени тығыз байланыстар, жетекші мәдениет орталықтарының өлшемдеріне бағдар алған қала тұрғындары талғамдарының бір болғанын дәлелдейді. Қазақстан ыдысы Шаш пен Ферғана керамикасына мейлінше жақын. Жалпы алғанда, Қазақстан қалаларындағы IX ғасырдың екінші жартысы - XIII ғасырдың басындағы керамиканың ерекшелігі осында VI—VIII ғасырларда болған түрлерден өтуі болып табылады; бай безендірілген қақпақтар мен дастарқандардың көпшілігі солярлық белгілермен безендірілген көзелермен, алып жүруге ыңғайлы және тұрақты ошақтармен бірге алғанда біртүтас керамикалық кешен болып табылады. Бұл керамика мұнда, сірә, Орта Азия қалаларының қалыптанып шыққан көп ыдысын алмастырған болса керек.
Алдындағы кезеңнің қыш-құмыра енімімен салыстырғанда Орта Азияның қала орталықтарынан алынған құйма ыдыстың пайда болуы мен кен таралуы сияқты маңызды жаңалықты атап өту керек. Сонымен бірге, Қазақстан мен Орта Азияның қалалары арасында жалпы сән-салтанаттың дамуындағы бағытты бейнелейтін жылтыратылған керамикамен қатар қалыппен ойып, сызып және жапсырып өрнектелген керамика (сандалдар, алып жүретін ошактар, қақпактар, дастарқандар) таралады. Қыш-құмыралар қайталанбас бірегей өнер туындысы саналады және керамика өндірісі дамуынын ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың талғамдары, талаптілектері мен қажеттері туралы түсінік береді. Ойып және сызып өрнектелген ас пісіретін және ас ішетін ыдыстар (құмыралар, көзелер, құты тәрізді ыдыстар) тобы ерекшеленеді, олар қалалардағы отырықшыланған көшпелілермен байланыстырылады. Жалпы алғанда, сол кездің керамикасындағы жаңалыктар едәуір: оларға керамиканың жана түрлері мен топтарының пайда болуы, қолдан жапсырып жасалған ыдыстың өндірістен ығыстырып шығарылуы, едәуір дәрежеде қолөнердің ұйымдастыруы барысында бұйымдардың бір ізге түсірілуі жатады.
Шыны жасау. Қазақстан қалаларынан көп табылған шыны бұйымдары X ғасырға жатады. Сол кезден XIII ғасырдың басына дейін шыны бұйымдарының түрлері, үлгілері және жиынтығы өзгермейтіні байқалды. Қазақстанның түрлі қалаларынан табылған шынының жақын ұксастығы аңғарылады.
Шыны ыдыстардың дені үрлеу әдісімен, енді біразы қалыпка құю арқылы жасалған. Қалып ретінде пайдаланылған ыдыстың қабырғалары мен түптерінде ара ұясы, шеңберлес сызықтар, розеткалар түріндегі ою-өрнектер болады. Үрлеп жасалған ыдыс сыртынан жапсырылған қайырмалармен, шыны тіндерімен жөне жолақтарымен өрнектеледі, кейде түрлі-түсті жапсырмалары бар өрнектермен безендіріледі. Шынылардың көп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz