Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында (2003ж) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын. Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы - ана тілі. Б. Момышұлы “ . . . анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту, ” - деп жазған.
Тіл мен ұлт мәдениеті, ұлттық сана, салт-дәстүр - біртұтас ұғым. Олар этностың ең негізгі көрсеткіштері. Сондықтан халықтың өткен жолын, даму кезеңдерін сол этноспен бірге дамып келе жатқан тілінің деректері арқылы да анықтауға болады. Өйткені, академик Ә. Қайдардың сөзімен айтар болсақ: “тіл - тұла бойы тұнып тұрған тарих”. Тіл деректері деп отырғанымыз - сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер. Біздің мақсатымыз - осы тіл деректері арқылы қазақ халқының халықтық медицинасына қатысты салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін ашып көрсету.
Осы ретте соңғы кезде қанатын кең жайып, дамып келе жатқан этнолингвистиканың мәні де, маңызы да ерекше. Себебі, ол тілді халықтың менталитетімен, ұлттық дүниетанымымен тығыз байланыста зерттейді. Тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамырын сол тілде сөйлеуші этностың өткен тарихымен, рухани мұраларымен ұштастыра зерттеген жөн.
Ғ. Мүсіреповтің сөзімен айтар болсақ: “Қазақ халқы бар тарихын көше жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шабындыға шалдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге де қымбатты мұра, бай қазына”. Осындай бай қазынаны жас ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықтық медицина терминдері қазақ тіл білімінде шағын мақалалар мен азын-аулақ лингвистикалық зерттеулер болмаса, толықтай зерттеу нысанына айналды деп айту қиын. Осыған орай, халықтық медицина терминдерін ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, олардың этнолингвистикалық қырларын тілдің қалыптасқан заңдылықтары аясында саралап, күллі халықтың игілігіне айналдыру тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Ұлттық сипатты танытуда халықтық медицина терминдерінің этномәдени коннотациясы ерекше тілдік бірлік екендігін көрсету.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
Зерттеу мақсаты - ұлттық мәдениетіміздің елеулі саласына жататын халықтық медицинаның материалдық негізі - халықтық медицина атауларының және оларға қатысты ұғымдардың этнолингвистикалық табиғатын айқындап, олардың ұлт дүниетанымындағы, тілдік жүйедегі орнын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер көзделеді:
- халық медицинасында қолданылған терминдерді халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі сөздіктерден, ғылыми зерттеулерден, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мақалалар мен материалдардан жинастырып, жүйелеп, тақырыптық жағынан топтастырып, әрбір атауға сипаттама беру, халықтың өткен өмірінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен мол мәлімет беретін лингвистикалық және экстралингвистикалық құнды деректер табу;
- халықтық медицина атауларының этнолингвистикалық табиғатын этномәдени және этнопсихологиялық факторлар арқылы айқындай отырып, этнолингвистикалық мағынасын ашу;
- халықтық медицина атауларының қазіргі таңдағы медицина терминдерінің қалыптасуына ықпал еткендігін көрсету;
- қазақ тіліндегі халықтық медицицна атауларының уәжділік жүйесіне сипаттама жасау;
- халықтық медицина атауларының фразеологизмдердегі, мақал-мәтелдердегі, көркем әдебиеттегі, эвфемизм мен дисфемизмдегі, диалектілердегі көрінісін айқындау;
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдерінің этномәдени коннотациясы.
Зерттеудің әдістері. Зерттеуге қатысты негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері, этимологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Халықтық медицина терминдерінің этнолингвистикалық табиғатын жан-жақты зерттеу негізінде осы тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мақалалар, лексикографиялық еңбектер мен ғалымдар зерттеулері дереккөздер ретінде алынды. Сонымен қатар зерттеу жұмысымызда өз тарапымыздан жинақталған материалдар да кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста бұрын арнайы зерттелмеген қазақ тілінің лексикология саласындағы тіл бірліктері - халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттама жасалынды. Қазақ тіліндегі халықтық медицина атаулары жинастырылып, бірінші рет тақырыптық топтарға қарай бөлініп, лексикалық құрамына қарай анықталды. Мәдени тіл бірліктеріндегі көрінісі сипатталды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Халықтық медицина терминдерінің қазақ тіліндегі көрінісін эстетикалық таным тұрғысынан зерттеу ұлттық болмыстың құндылықтарын қарастыруға жол ашады. Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер қазақ лингвоелтану, қазақ лингвомәдениеттану, этнолингвистика, т. б. тәрізді арнайы курс, семинарларда қолдану диссертацияның практикалық мәнін айқындайды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНА ТЕРМИНДЕРІНЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Тілдің табиғатын тілдің өзіндік заңдылықтары негізінде зерттеу тілдің қалыптасу, даму, өзгеру эволюциясын өз дәрежесінде таныта алмайды. Сондықтан болар қазақ тіл білімінде соңғы кездері тілдік құбылыстардың табиғатын тану жолында кешенді, жүйелі түрде зерттеу жұмыстары орын алуда. Яғни, бұл бағыттар тіл мен сол тілде сөйлеуші халықтың өзара байланыстылығын, тіл мен таным сабақтастығын, тіл мен тарих біртұтастығын негізге алды. Ал бұл үрдіс түркітануда жаңа қалыптасып келе жатқан тілдің саласы этнолингвистикамен тікелей байланысты. Академик А. Н. Толстой оған төмендегідей анықтама береді: “ . . . направление в языкознании, ориентирующее исследователя на рассмотрение соотношения и связи языка и духовной культуры, языка и народного менталитета, языка и народного творчества, их взаимозависимости и разных видов их корреспонденции” [1] .
Этнолингвистика (гректің “этнос” - тайпа, халық, француздың “лингвистика”) деген сөздерінен тұрады. Этнолингвистиканың негізін И. Г. Гердер, В. фон. Гумбольдт қалаған. Славян тіл білімінде этнолингвистикаға Н. И. Толстой, А. Ф. Журавлев, В. В. Иванов, ал қазақ тіл білімінде А. Т. Қайдаров, Е. Жанпеисов, Ж. Манкеева және тағы басқа ғалымдардың еңбектері арналған.
Этнолингвистиканың зерттеу нысаны этнографизмдер, яғни, этностың болмысын танытатын “тілдік деректер”. Ал тіл деректері, әсіресе, салт-дәстүр, наным-сенім, әдет-ғұрыптарда кең көрініс тапқан. Сонымен қатар әр халықтың дүниетанымы, дәстүрлі көзқарасы өзгеше болып келеді. Бұл жерде А. А. Леонтьевтің “ . . . В основе мировидения и миропонимания каждого народа лежит своя система предметных значений социальных стереотипов, когнитивных схем, поэтому сознание человека всегда этнически обусловлено” деген пікірін келтіруді жөн көрдік [2] .
Этнолингвистиканың бір міндеті - сан алуан бұлақтардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиеті үлгілерінен, лексикографиялық еңбектерден, көркем шығарма жанрларынан, шежірелерден т. б) этнос болмысына қатысты фактілерді тірнектеп жинау болса, екінші міндеті - оларды саралап жүйеге салу, олардың мазмұнын айқындау, түсіндіру, қорыту, яғни оларды этностың өзі туралы “сөйлете білу” [3] . Бір сөзбен айтқанда: “ . . . на истории языка очень прозрачно отражается история народа, который на нем говорит” [4; 17] .
Осы ретте қазақ тіл білімінде халықтық медицина атауларының этнолингвистикалық табиғаты аса назар аудартады, өйткені бұл тақырыптық топ ұлт, халық тіршілік-тынысының негізгі көрсеткіші және де бұл сөз үйірлерінде ұлттық әдет-ғұрып, наным-сенімдер мол сақталған.
1. 1 Медицина лексикасы мен терминдерінің зерттелуіне шолу
Халқымыздың даналығында « Тарихты елемей тұрып, қазіргінің қадіріне жету және болашақты болжау қиын » делінген. Бұл тұрғыдан алсақ, жалпы халықтар медицинасы тәрізді, қазақтың халық емінің де тамыры көне дәуірден ғасырлар бойы тарихи тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық мұрасы. Шынтуайтында, халық емі жоқ ұлттың бүгінге дейінгі өмірі де, болашағы да болмас еді. Қазіргі медицинаның негізі мен іргетасын қалаған да сол халық емі, яғни халықтық медицина екенін кім жоққа шығара алар.
Демек, қазақтың халық емі де сол үлкен арнаның ықылым дәуірден бері жалғасып келе жатқан өзекті бір саласы. Зерделей үңілсек, халықтардың игілікті істері, дәстүрлері мен өнері тәрізді, шипалы емдік қасиеттері де бір-бірімен тығыз ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырған. Айталық, Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Орта Азия жерінен шыққан, есімдері әлемге әйгілі ғұлама ғалымдар Әл-Бируни, Әл-Ризани, Әл-Фараби, Әбу Әли ибн-Сина сияқты бабаларымызды бүгінгі ұрпақтары айрықша мақтаныш тұтады. Соның ішінде қазақ топырағынан шыққан алғашқы орта ғасырлық дәуірдің ұлы ойшылы, Шығыстың Аристотелі атанған энциклопедист ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби бір ғана медицина саласында «Адам ағзалары жайлы», «Жануарлар ағзалары жайлы» т. б. көптеген еңбектер жазған. Ал тек мұсылман жұрттың ғана емес, дүние жүзі халықтарының мақтанышына айналған ғұлама ғалым әрі дәрігер Әбу Әли ибн-Синаның медицина ғылымының тарихына қосқан үлесін тамсанбай айта алмаймыз.
Біздің кең байтақ елімізде әр ғасырда дарынды ақындарымыз өлең жолдарын денсаулыққа арнағандары белгілі. Мысалы, Шал ақын адамдардың денсаулығы психологиялық көңіл-күйге байланысты екенін былай сипаттаған:
«Ашу - дұшпан болғанда, нәпсі жауың
Ақыл - тұрған алдыңда асқар тауың.
Жүрекке ашу келіп, толған шақта,
Дененің біле алмассың ауру-сауын» - деген.
Тарихқа үңілсек, Орта Азия ғылымға және мәдени өмірге өз үлесін қосқан. Соның бірі медицина саласы. Қазақ медицинасына өз әсерін тигізген, өз заманында емші, дәрігер, оташы (хирург) болған Әбу Насыр Әл-Фараби оташылдықпен айналысқан. Оның еңбектері шығыстың атақты дәрігері Әбу Әли ибн Синаға үлкен әсер берді. Ибн Синаның 274 еңбегінің 50 шақтысы медицина бойынша зерттеліп жазылған [5; 1140-1143с. ] . Оның «Медицина ережелері», « Медицина ғылымының заңдары », « Медициналық терминдердің сөздігі » атты бес томнан тұратын еңбегі, «Медицина канондары» деген бес кітаптан тұратын медициналық энциклопедиясының алатын орны ерекше.
Медицина саласында мол мұра қалдырған екінші бір дәрігер - Исмаил әл-Жүргини. Оның «Медицина жайында ескертпелер», «Патша медицинасы», «Адам ағзалары» сияқты еңбектері бар. Ғалым адам денесінде құрттан болатын (туберкулез) аурудың өте жұқпалы екенін ғылыми түрде дәлелдеген.
Иран ғалымы Рашид ад-дин «Жамиғ ат-тауарих» атты еңбегінде таза медициналық тақырыпқа арналған трактат жазған. Шешек ауруының болу себептерін, жоғарғы температураның болу себептерін көрсеткен.
Ал қазақ медицина терминдік лексикасының қалыптасу тарихы өте ертеден басталады. Бұған дәлел бұдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өз тәжірибесінен 1467 жылы медицина туралы жазған «Шипагерлік баян» [6] атты еңбегі. Бұл еңбек 1994 жылы араб графикасымен Үрімші қаласында, кейін 1996 жылы белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің бастамасымен Алматыда «Жалын» баспасынан қайта шығарылған.
Қазақтың дәстүрлі қоғамында қалыптасқан халық медицинасының негізі деуге тұрарлық бұл «Шипагерлік баянның» мазмұндық құрылымы «Тұрлаулар» деген кіріспеден, «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдалғы» деген үш тараудан тұрады. Оның ішінде Түптеме, Жіктеме, Аңғарымдама, Нақтама, Дарым зәруаты, Айықтырым дарымдылығы деп аталынған алты бөлімде халық медицинасының негізгі функцияларын атап көрсетеді. Оның «Қанықталғы» тарауында ауру түрлеріне анықтама береді, ал келесі тарау «Нарықталғыда» адам ауруларын анықтаудың нақтылы ілімдік әдістеріне тоқталады, үшінші тарау «Дарымдалғыда» сырқаттардың ауруын емдеп жазудың әдіс-тәсілдеріне тоқталады. «Шипагерлік баянда» аурулардың жекелеген атауларының этимологиясы келтірілген.
«Шипагерлік баян» еңбегі Жәнібек ханның жарлығымен Ақордада жазылған. Еңбектің «Сарапшыдан» деген бөлімінде өсімдіктен алынған жеті жүз жиырма сегіз түрлі, жан-жануардан алынған үш жүз он сегіз түрлі, метал-металлоидтардан алынған алпыс түрлі, яғни жиыны бір мың бір жүз сегіз түрлі шипалық қасиеті бар өсімдік дәрілер берілгендігі көрсетілген. Шипагер науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа, ем аты және 4577 шипалық дәрілік рецепт ұсынып, 430-дан аса адамның сыртқы және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдыруы мен тұжырымдары ғұлама шипагердің өзіне дейінгі және бүгінгі шипагерлік ғылымнан алшақтығы жоқтығын айқындауда.
Ө. Тілеуқабылұлы шипагерлер тобын: теңдессіз шипагер, нағыз шипагер, қараүзген шипагер, шипагер, емші, емкөс, жарғышы, қара емші, қаншы, тамыршы, сынықшы, оташы, іш сипағыш, көзқарақшы, ішірткіші, бақсы, жауырыншы, балгер, құмалақшы, болжағыш, аяншы, құшнаш, әулие, әнбие деп 24 түрге бөліп, оларға жеке-жеке анықтама беріп талдайды.
Таза қазақ тіліндегі медициналық ғылыми атаулардың өзі халқымыздың ауру-науқастарды танып-біліп емдеу, дәрі-дәрмектердің қасиетін танып істетуінің өзі де өте ертеден басталғандығын әңгімелейді. Осында кейбір науқас-ауруды қалай атарымызды білмей, қытайша немесе халықаралық атауымен атап, біздің тілімізде осы атауларды дәл атайтын атау неге жоқ деп қынжылатынбыз. Мысалы, лыпыма тамыр (артерия), жылпыма тамыр (вена), алқым ұрысы (боғақ), сор буын, қор буын, шор буын (ревматизм), кекжиме (минингит), шалқалатпа (сіреспе), қатпа қадақ (өкпедегі туберкулез беріштері), мерез, құлғана, т. б; қазақша қарғыс болып кеткен ауру аттары: көктүйнек, қарақұрт, ұйықтама, қарашешек, шелей, қағынды, шемен сияқтылар.
«Шипагерлік баян» еңбегінде бас, төбе, шекелік төбе, маңдайлық төбе, шүйделік төбе, құлақшеке, құлақ, көз, қарашық, мұрын, ұрт, езу, үстіңгі ерін, астыңғы ерін, ауыз, тіс, қызылиек, таңдай, көмекей, тамақ, алқым, жұтқыншақ, асқазан, қарын, аш ішек, тоқ ішек, қуық, ұйқы безі, шажырқай, бүйрекмай, несеп, т. б. осы сияқты қазақы төл атаулар кеңінен пайдаланылған және бүгінгі күні сол мағынада пайдаланылып келеді. Бас деген атау қақбас деп аталынған. Бет томпағындағы қызаратын орынды ұят деген. Адамның сыртқы құлағын қалқанқұлақ деп берген. Ақыл тісті өккім тіс деп атаған. Бронх атауының ұлттық баламасы ретінде ашакеңірдек сөзін алған. Ақтарманы қарын орнына алған [7; 85. ]
«Шипагерлік баян» кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады.
Медицина саласында арнайы зерттеу ісі нашар болғандықтан, орыс тілінен қазақ тіліне аудару арқылы болса да септігін тигізуге тырысты. Аударылып, басылған әдебиеттердің қатарынан мына кітаптар табылды: « Қышыма турасында», Орынбор, 1900; «Мерез ауруы жайында», Орынбор, 1903; «Оба жайында қазақша әңгіме», Қазан, 1905; «Құрт ауруы турасында», Орынбор, 1906; «Арақ у яки арақтың захары», Қазан, 1907; «Адам обасы турасында», Орынбор, 1911.
Қазақ терминологиясының дамуының басталғаны 1920-1930 жылдар болса, салалық медицина терминологиясы да осы кездерде дамыды. Медициналық кітаптар мен кітапшалардың авторлары көптеп таралған аурулардың себебін айқындап көрсетіп, емдеу тәсілдері мен сол ауруларға қарсы дәрі-дәрмектердің қолданылуын түсіндіру үшін мәні әлі де айқындалмаған халықтық лексикаға сүйенуге мәжбүр болды. Тап осы еңбектер қазақтың ғылыми медициналық терминологиясының қалыптасуына қызмет етті.
Ал этнолингвистикалық тұрғыдан халықтық медицина терминдері қазақ тіл білімінде толық зерттелді деп айтуға болмайды. Бұл зерттеулердің қатарында Г. Танабаеваның «Қазақ тіліндегі адамға қатысты ауру атауларының уәжділігі» атты кандидаттық диссертациясы [8], К. Аяпбергенованың «Қазақ тілі сабағында медицина лексикасын мамандыққа сәйкес оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты докторлық зерттеуін [9], Д. Мурзанованың «Адам анатомиясындағы ішкі ағза атауларының ұлттық сипаты» атты кандидаттық еңбегін [10] атап кетуімізге болады. Халықтық медицина терминдері этнолингвистикалық тұрғыдан басқа шет ел ғалымдарының еңбектерінде толық тұрғыда зерттелген деп айта аламыз. Бұл еңбектердің қатарында П. Абдулхамидованың «Лексика народной медицины шунганского языка» атты зерттеуін [11], В. С. Терехованың «Лексика народной медицины (по материалам лечебников XVII-XVIIIвв) » кандидаттық диссертациясын [12] көрсетуімізге болады. Автор халықтық медицина терминдерін зерттеудің маңызын былайша көрсетеді: «Термин народная медицина широко употребителен как в научном языке (история медицины, этнографии), так и в языке художественной литературы.
Анализ народно-медицинских названий имеет большое научное значение. Во-первых, он позволит говорить о богатстве и семантическом разнообразии народно-медицинской лексики, о ее глубокой древности, различных источниках, из которых она формируется. Во-вторых, анализ народно-медицинской лексики даст возможность отметить ряд основных характерных особенностей медицинской народной терминологии: употребление в качестве терминов слов общеразговорного языка, использование в роли специальных терминов метафорически переосмысленных словосочетаний, наличие многозначных терминов, обилие синонимов в составе народно-медицинской лексики, заимствование иноязычных слов, вошедших в состав народной медицинской терминологии. В-третьих, анализ лексики народной медицины позволит определить место и значение этой лексики в процессе развития и становления научной медицинской терминологии». Біз де өз зерттеуімізде ғалымның осы айтылған пікірлерін басшылыққа аламыз.
1. 2 Халықтық медицина атауларын тақырыптық жағынан топтастыру
Біз тек халықтық медицина атауларын қарастыруды мақсат етіп отырғандықтан, медицина ғылымының дамуына байланысты тілімізде қосылып жатқан мыңдаған ғылыми терминдік атауларды саналы түрде зерттеу объектімізге қоспай отырмыз.
Аурудың халықтық атауы - бұл қарапайым халық тілі негізінде көрінетін және ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын атау. Олар халықтық сипат алады. Сондықтан, олар түсінікті болып келеді. Оларға формасының қарапайымдылығы, сөздің фонетикалық жамылғысының дәстүрлілігі, табиғилық, образдылық, номинация уәжінің анықтылығы тән. Халықтық атауларға тән сипаттың бірі - олардың вариативтілігі, сондай-ақ, лексикалық қатарлары - синоним, омонимдерінің болуы. Халықтық атаулардың семантикалық және стилистикалық айырмашылыққа ие лексикалық қатарлары қызықты, қазақ тілінде лексикалық варианттардың, синоним, омонимдерінің көрінуіне негізделеді, бұл оның халықтылығының айырым белгісі.
Халықтық ауру атауларының басты критерийлері төмендегідей:
- жасалуы жағынан халықтық сипатта;
- анықтылық, образдылық, экспрессивтілік тән;
- ғылыми баламаға қатысы бар;
- сөйлеу тілі аясында қолданылуы;
- түрленуі (лексикалық, морфологиялық) .
Жалпыхалықтық ауру атауларының пайда болуы мен аталу себептері
халықтық наным-сенімдерден де көрініс тауып отырады.
Сонымен, тіліміздегі халықтық медицина атауларын жүйелеп, саралап, сыр-сипатын ашу үшін оларды іштей топ-топқа бөле отырып, тақырыптық жағынан топтастыруымыз керек. Сонда ғана бұл атаулардың тіліміздің лексикасындағы орнын, қолдану ерекшеліктерін айқындай аламыз.
Сөздерді тақырып жағынан топтастыруда көбінесе тілден тысқары қағидаларға сүйенуге тура келеді. Себебі сөздердің топтастырылуы белгілі бір логикалық ұғымдарға негізделеді. Халықтық медицина атауларын топтастыруда медицина ғылымындағы жүйелеудің, бөлудің қалыптасқан принциптерін пайдаланамыз. Сонымен, қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдерін Ә. Қайдардың еңбегіне сүйене отырып [13], мынадай тақырыптық топтарға бөлдік: 1. Халықтық дәрі-дәрмектер және оларды қолдану жолдары. 2. Халықтық медицинада қолданылған емдеу тәсілдері. 3. Емшілік және оған қатысты атаулар. 4. Адамның дене мүшелері мен ағзалары. Адам денесінен өсіп шығатын және одан бөлінетін заттардың атаулары. 5. Ауру атаулары. 6. Ауру процесіне қатысты ұғымдар. 7. Демалыс ұғымы.
1. 2. 1. Халықтық дәрі-дәрмектер және оларды қолдану жолдары
Тұрмыс-тіршілігін табиғатпен қоян-қолтық бірлікте өткерген халқымыз
өміріне, күнделікті тұрмысына қажетті дүниені табиғаттан алған. Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулар мен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектерінің қайнар көзі - ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер. Бұлар үш топқа бөлінеді:
- Өсімдіктер; 2. Хайуанаттар мен жәндіктер; 3. Минералды заттар;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz